Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары


Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Гуманитарлық - Әлеуметтік ғылымдар
факультеті
Филология және Журналистика
кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
Тәуелсіз қазақ әдебиеті
пәні бойынша
Тақырыбы: Қ. Мырза Әли поэзиясының тақырып ауқымы мен көркемдік кестесі
Білімгер Тобы
/аты-жөні/ /қолы/
Жетекші
/қызметі/ /аты-жөні/
Қорғауға жіберілді «»20ж.
/қолы/
Жұмыс қорғалды «»20__ж. бағасы
/жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/аты-жөні/ /қолы/
/аты-жөні/ /қолы/
Тараз 20___
МАЗМҰНЫ
І. Кiрiспе . . . 3
ІІ. Қадыр Мырза Әли - қазақ поэзиясының ойшыл ақынға жалпы шолу
2. 1. Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы . . . 6
2. 2. Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары . . . 9
ІІІ. Қадыр Эссеист
3. 1. Қадыр Мырза Әли өнермен шығармашылығының дамуын сабақтастыра
жүргізген білгір эссеист-жазушы . . . 13
3. 2. Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы адами - құндылықтары мен нақыштар . . . 16
Қорытынды . . . 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 21
Кiрiспе
Халқымыздың ардақты азаматы, қазақ поэзиясының ойшыл ақыны Қадыр Мырза Әлі шығармаларының шоқтығы биік. Ол ғажап теңеулер келтіріп, философиялық ойлармен түйін түю арқылы қазақтың қара өлеңін заңғар шыңға шығарғандардың бірі болды.
200-ден аса әнге сөз жазған Қадыр ағаның өлеңдері қазір шын мәнінде халықтық хитке айналды. Бәрін айтпай-ақ, екінші әнұран деңгейіне көтерілген атақты «Атамекен» әні бүгінде әр қазақтың жүрегінде.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Қадыр Мырза Әлі- әдебиетімізде ең әуелі прозалық туындыларымен емес, бұлты жоқ күнде жарқ еткен найзағайдың жарығындай батыл да жарық, қуатты, әсерлі де әсем, мәнді де мазмұнды ұлы өлеңдерімен, поэмаларымен мәшһүр болған автор. Ол қазақ поэзиясына жаңа тақырыптар мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ, сондай-ақ оны интеллектуалдық тұрғыдан да байытты, оның поэтикалық өрісін кеңейтті, сөйтіп қазақ поэзиясының биік белеске көтерілуіне ат салысты. Сонымен қатар Қадыр Мырза Әли шығармашылығы сан алуан, сан қырлы. Ол ақындығымен қатар прозаның естелік-эссе, мысал әңгіме, әдеби сын, көркем аударма, публицистика салаларының барлығында дерлік қалам тартқан сөз зергері. Қадыр Мырза Әлі прозасын жүйелі түрде талдау арқылы, сыншылдық, жазушылық қырларының поэтикалық қуатын айқындау, сондай-ақ көркем туындыларының идеялық-көркемдік құндылықтарын, оның қолтаңбасын саралау - бүгінгі күн талабына жатады. Қадыр Мырза Әлінің көл-көсір қазынасы бір еңбектің еншісі емес екені екінің біріне белгілі, аудармашылық, драматургтік, сыншылық қырларының өзі жеке-жеке зерттеуді қажет етсе, оның прозалық шығармалары бір төбе. Қазақ әдебиетіндегі соңғы жылдар ішінде жазылған шағын прозалық шығармаларды, оның ішінде жанр жағынан толыққанды қалыптаса қоймаса да, өз ерекшелігімен пайда бола бастаған естелік-эссе немесе шағын әңгіме жанрлары туралы сөз қозғағанда осы Қадыр Мырза Әли шығармашылығына, оның дәл осы жанрларды тудыруда еткен еңбегіне соқпай өтуге болмайды. Сондықтан XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың алғашқы жылдары жазылып жарық көрген шағын прозалық шығармалардың табиғатын, олардың дамуын, көркемдік ізденіс жолын жүйелі түрде тану үшін Қадыр Мырза Әли прозасының жан-жақты қарастырылуы өте қажет.
Қаламгердің шығармашылық лабораториясына зер салу - оның замана шындығын қандай деңгейде көрсете алғандығын, сол жолдағы шеберлігін сараптауға жетелейді. Бұл қадам әдебиетіміздегі жаңаша жанрдың негізгі көркемдік ұстанымдарын белгілі бір дәрежеде нақ айқындауға да мүмкіндік береді. Көтеріліп отырған тақырып әдебиеттану ғылымы үшін осы жағынан да құнды болып табылады деп есептейміз. Жазушының проза саласындағы белестерінің бірі - бүгінгі әдебиет оқырмандары мойындаған Иірім, Жазмыш естелік-эссе кітаптары. Бұл еркін табиғатты туындылар оқырман қауымының назарын, ең әуелі, қоғам шындығын тайсалмай ашып беруімен аударса, екіншіден отты өлеңдерімен атағы жер жарған ұлы ақынның осындай прозалық шығармаларды да шебер жазуымен, жазушылық қырын тағы да паш етуімен елдің көңілін біршама серпілтті. Әр кезде айтылып, жазылған әдебиетке қатысты сын пікірлер, сөздері, мақалалары енген Сөз сиқыры әдеби-сын кітабы - Қадырдың жай ақын емес, сыншы ақын екендігін дәлелдейтін жинақ. Ал ақынның Ғибратнаме атты шағын мысал әңгімелер жинағы көркемдік ерекшелігі, жазушының сөз саптауы мен кейіпкерді бейнелеу тәсілі эстетикалық тұрғыдан қазақ әдебиетіндегі ерекше жүк көтеріп тұрған шығармалардың бірі болмағанымен, оның қара сөзге ден қойғанын аңғартатын дүние. Бұл мысал әңгімелері алғаш баспасөз беттерінде шығып, кейін осы Ғибратнаме атымен жарияланды. Ғибратнаме шағын болса да, шымыр, уақыт табы айқын бейнеленген. Мысал әңгімелердің әр қайсысының идеясы ширақ, оқиғасы тартымды. Жинақ жалаң үгіт, насихатқа еш мойын бұрмаған, шағын жанрдың нағыз көркем үлгісін көрсететін шығарма. Қадыр Мырза Әли өзінің жазушы ретіндегі суреткерлік шеберлігін осы жалпы көлемі үш кітап қана болатын аталмыш естелік-эссе, мысал әңгімелерімен-ақ көрсете білді. Қадыр Мырза Әли - публицистикада да өзіндік ерекшелігі бар қаламгер. Публицистка жанрының табиғаты тақырыпты терең зерттеп, деректер мен түрлі оқиғаларға қатысты, ойлы қорытындылар шығаруды талап ететін болса, Қадыр әсерлі де бай, бейнелі тілі арқылы өз оқырманына ой салып, қоғамдағы құбылыстың ара-жігін ажыратып, дәл және нақты ой-пікірін білдіре алған қаламгер. Бұған дәлел, Жазмыш, Иірім кітаптарына енген Жиырмасыншы ғасыр бізге не қалдырды?, Халің қалай, қайран орта - табиғат?, Хайуанаттар және хайуандық, Ұлт: Тіл және діл, Жаман әдет жұқпалы, Біреуі - өлген, біреуі - әлі тумаған, Мәңгіру және мәңгүрттену, Алтын ақшаның да екі беті бар, Өркениеттің іргетасы мен күмбезі, Ыстығы басылған, суып кетпесек болғаны, 37 жылдың ойраны, Кісілік атты публицистикалық-эссе мақалалары. Мақала-зерттеулерді автор публицистика тілімен шебер сөйлеткен.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жұмыстың негізгі нысанасы етіп алынып отырған Қадыр Мырза Әлидің поэзиялық прозалық шығармаларының, оның ішінде естелік-эсселерінің табиғатын, жалпы қарастырылып отырған туындының жанрының да табиғатын таразылап, саралау - сол шығармалар дүниеге келген кездегі әдеби процестің табиғатын түсінуге жол ашар игі қарекет. Жаңаша ізденістер мен рухани тың серпіліске толы сол жылдар прозамызға ерекше суреттер мен шынайы образдарды көптеп әкелді. Оқырман талғамына, танымына лайық, олар үшін қызық әсерлі оқылатын жанрлар пайда болды. Оларды мұқият талқылап-таразыламайынша, эссе, әсіресе естелік-эссе жанрларының тарихына үңілудің өзі мүмкін емес. Салыстырмалы түрде қарасақ, естелік-эссе жанрының жемісті кезеңі - өткен ғасырдың екінші жартысынан бері қарайғы уақыт секілді. Өйткені, дәл сол кезеңде З. Қабдоловтың атақты Менің Әуезовым, Құлбек Ергөбектің Баянғұмыр, Әбділда Тәжібаевтың Естеліктер, Есімдегілер, профессор Бейсембай Кенжебаевтың Замандастарым, жазушы Жүсіпбек Арыстановтың Естен кетпес есімдер секілді толымды, толғақты естелік-портреттері жарық көрді. Ал одан кейінгі кезеңде аталған еңбектер қатарын Қадырдың Жазмышы мен Иірімі толықтырды. Жазмыш та, Иірім де Қадыр Мырза Әлидің өмірден көрген- білгені мен түйгендерінің жинақталған топтамасы. Бұл - автор өмір сүрген орта мен қоғамның тарихи шындығының көрінісі. Ол орта қарапайым адамдардың құрамасы немесе тобы емес, әдебиетте орны бар, халыққа белгілі, елге елеулі тұлғалар мен үлкен азаматтардың ортасы. Қала берсе, Қадырды Қадыр еткен орта. Сондықтан да ондай адамдар жөніндегі естеліктер мен ойлар бір шығарма тудыратындай құнды деректер мен қызықты дәлелдерге толы болатыны сөзсіз. Шығармаларға арқау болған оқиғалар кейінгі ұрпаққа да әдебиет әлеміндегі бір тұңғиық шындықтың көзіндей болып қызмет ететіні де даусыз. Өйткені, бұл шығармалардың кейіпкерлері - жазушы қиялынан туған көркем бейнелер емес, өмірде болған адамдар, оқиғалары әсерін арттыру мақсатында қиыннан қиыстырылып қойылған көркем қимылдар емес, сол өмірде болған адамдардың адамдық әрекеттері мен өмір сүру жолдары.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қадыр Мырза Әлидің поэзиялық прозалық туындылары, оның ішінде Жазмыш, Иіріместелік-эсселері. Олардағы ойшылдық таным негіздерінің көрініс табуы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қадыр Мырза Әлидіңесімі әдебиетімізде, негізінен, оның отты өлеңдерімен белгілі екенін жоғарыда айттық. Сондықтан да авторға қатысты зерттеулердің басым көпшілігі оның ақындығына арналған. Ал Қадырдың прозасы жөнінде тек баспасөз беттерінде, әдеби жинақтарда жазылған замандастарының, оқырманының пікірі, бағасы, шағын зерттеуі, толғаныс ойлары, қала берсе сыны болмаса, нақты толық зерттеу еңбегі жарық көрген жоқ. Ақын шығармашылығынан қорғалған Ш. Жанаеваның 1960 - 80 ж. қазақ балалар поэзиясы және Қадыр Мырза Әли шығармашылығы деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясы, С. Нұрахметовтың Қадыр Мырзалиевтің ақындық шеберлігі деп аталатын диссертациялық жұмыстары бар.
Зерттеудің негізгі нысаны Қадыр Мырза Әлидің поэзиялық туындылары болғандықтан жұмысымызда аталмыш жанрдың табиғаты туралы зерттеу еңбектерді де қарастырдық. М. Сыдықназаровтың Қазіргі прозадағы эссе жанрының дәстүрі атты зерттеу жұмысы эссе жанрының қыр-сырын ашуға көмегін тигізді. Эссемен туыстас жанр ретінде шағын прозаның ішінде күнделік, очерк, мемуар, хатқа қатысты еңбектерден Құлбек Ергөбектің Баянғұмыр монографиялық еңбегі бар. Қ. Мырза Әлидің Жазмыш, Иірім эссе-повестерін жүйелі зерттеу кезінде жазушы эссеистикасының эволюциясы, идеялық, сезімділік, философиялық, стилистикалық, лексикалық-семантикалық ерекшеліктері анықталды. Идеялық-тақырыптық тұрғыдағы, көркемдік құрылымы деңгейіндегі, композициялық суреттеу формаларында қазіргі қазақ прозасында жаңа құрылымдық, мазмұндық элементтер пайда болуы көрсетілген.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты Қадыр Мырза Әлидің поэзилық туындылары жалпы әдеби процестегі алатын орнын, идеялық, эстетикалық ізденістерін, суреткерлік шеберлігін, қазақ әдебиетінде поэзия жанрының дамуындағы үлесін салмақтау. Сонымен бірге, ақынның шығармашылығында жанр дәстүрінің қандай орын алатынын және қалай үндесетіндігін айқындауды да мақсат етіп ала отырып, өзімізге мына төмендегідей міндеттер қойдық:
- Қадыр Мырза Әлидің сыншылық, публицистикалық қырына тоқталып өту;
- поэзия жанрының әдебиетімізде даму деңгейіне, идеялық-көркемдік ізденістеріне шолу жасау;
- Қ. Мырза Әли поэзиясынығң қайнар көзі мен проблематикасына жүйелі талдау жасау, ақын эссеистикасы материалдарының жанрлық дәстүрін зерттеу;
- жазушының ұлттық көркем ой жүйесін дамытудағы өзіндік ізденісін айқындау, шығармаларының ұлттық-көркемдік дәстүрге қосқан үлесін талдау;
- поэзияның прозаның басқа жанрларымен типологиялық ұқсастығы мен айырмашылығын көрсету;
- шығармаларының эстетикалық ерекшелігін мазмұн мен түрдің диалектикалық бірлігінде қарастыра отырып, жазушы шеберлігінің сырын ашу;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қадыр Мырза Әлидің ақындық қыры әдебиеттану ғылымында бірнеше зерттеу диссертацияларының нысаны болғаны мәлім. Ал автордың поэзиялары, сыни-публицистикалық мақалалары да қазіргі таңда белгілі бір әдебиет зерттеушісінің зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде қарастырылып, зерттелген емес. Автордың прозасына тән ерекшеліктерді барымызша нақтылы талдаулар негізінде көрсетуге тырыстық. Қадыр Мырза Әлидің әдеби-шығармашылық дәстүрді дамытушылығымен қатар, жаңғыртушылық, өркендетушілік шеберліктері ашылады. Оның эсселерін пайымдауда оларға бүгінгі күн тұрғысынан баға беріледі, суреткерлік танымы, жазушылық, шығармашылық ерекшеліктері айқындалады. Автор қолданған жанрдың, поэзияларының пайда болуы мен дамуы, оның табиғатына, поэтикасына талдау жасалынады. Осы жағдай қазақ эссеистикасының қазіргі жағдайын, оның келешектегі дамуына обьективті түрде мінездеме жасауға ықпал береді. Поэзия жанрының басқа жанрлармен ұқсастығы мен ерекшелігі анықталады.
Зерттеудің ғылыми-теориялық және практикалық мәні. Жұмыста қолданылып, талданған материалдардың теориялық қорытындылары мен тұжырымдарын Қадыр Мырза Әлидің және де басқа ақын-жазушылардың шығармаларын зерттеуде, қазақ әдебиеті курсын жасауда, әдебиет сыны, қазіргі қазақ прозасының жанрлық дамуы, стильдік ерекшелігін айқындауда, ақын шығармашылығына қатысты арнайы курстарды оқыту барысы мен оқу құралдарын жазу барысында пайдалануға болады.
Зерттеу әдістері. Салыстырмалы - типологиялық және мазмұндық құрылымдық жүйелі талдау. Алдымызға қойған мақсатты шешу үшін, біз біртұтастық талдау мен проблемалық интертекстуалдық әдістерді, теоретикалық типологиялық принциптерін пайдаландық.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ. Қадыр Мырза Әли - қазақ поэзиясының ойшыл ақынға жалпы шолу
2. 1. Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы
Жалпы сипаттамасы Қадыр Мырза Әлі- әдебиетімізде ең әуелі прозалық туындыларымен емес, бұлты жоқ күнде жарқ еткен найзағайдың жарығындай батыл да жарық, қуатты, әсерлі де әсем, мәнді де мазмұнды ұлы өлеңдерімен, поэмаларымен мәшһүр болған автор.
Ол қазақ поэзиясына жаңа тақырыптар мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ, сондай-ақ оны интеллектуалдық тұрғыдан да байытты, оның поэтикалық өрісін кеңейтті, сөйтіп қазақ поэзиясының биік белеске көтерілуіне ат салысты. Сонымен қатар Қадыр Мырза Әли шығармашылығы сан алуан, сан қырлы болып келеді.
Белгілі ақын, аудармашы, Қазақ халық жазушысы Қадыр Ғинатұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туылған. Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өскен. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырмаңы болған. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтіп жүретін. Қадыр Мырзалиевтің өз өмірінде көрген алғашқы кітабы «Қырық батыр» деп аталады. Бұл қарапайым халық оқитын ауылдағы ең сүйікті кітап болды. Онда қазақ халқының аңыздары мен қиссалары, эпостар мен ертегілер жазылған.
Қадыр алғаш рет өлең жазуды алтыншы сыныпта оқығанында, 11 жасында болатын. Бірде ол ауылдарына концерт қоюға келген Ақтөбелік әуесқой әртістер тобы орындаған «16 қыз» атты көңілді және әзіл әнді естіген. Ол әннің әрбір өлең жолында әр түрлі қыздар туралы айтылды. Он алты шумақта әр қыздың мінезі суреттелген. Сонда Қадыр сол секілді, бірақ сыныбындағы он алты ер бала туралы өлең жазуды ойлады. Сөйтіп, бес-алты шумақ өлең жазып, ары қарай қолы жүрмаген. Ертесі шығарған өлеңін мектепке әкеліп, сыныптастарын күлкіге қарық қылды. Қадырдың өлеңі сынып жетекшісіне де ұнады. Осылайша, бұл өлең болашақ ақынның алғашқы жағымды сыншысы болған. Бірақ, осы әзіл өлеңнен кейін шығармашылық дағдарыс орын алып, Қадыр үш жыл бойы ештеңе жазбады.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала Қадыр интернатқа жіберіледі. Онда ол достар туралы, олардың кемшіліктері туралы жаза бастады. 1954 жылы жас ақын өлеңдерін Республикалық «Пионер» журналында жариялап, біртіндеп таныла бастады. Сөйтіп өлең жазуды әдетке айналдырып, үлкен жинақ жинады. Бірақ, ол өлеңдерін болашақ ақынның жақын досы өртеп жібереді. Бұл оқиға Қадырдың шығармашылық жолындағы алғашқы кедергі болды. Дегенмен, Қадыр досының ол әрекетіне ренжіген жоқ. Ақын керісінше, жаман өлеңдерден құтылуыма көмектесті, бұл менің қолымнан келмес еді деп досына алғысын білдірді.
- 1958 жылы Қадыр Мырзалиев Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, екі жылдан кейін аспирантураны бітіріп шыққан. Оқудан кейін көп жылын журналистикаға арнады.
- Еңбек жолын, яғни 1958-1962 жылдары «Балдырған» балалар журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеуден бастады. 1962-1965 жылдары - поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы болған.
- 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасының поэзия редакциялық алқасының жетекшісі болып қызмет етті.
- 1973-1978 жылдары - Қазақстан Жазушылар Одағының поэзия бөлімінің меңгерушісі,
- 1992 жылы ҚР жоғарғы кеңесінің ұлттық саясат, мәдениет және тілдерді дамыту комитеті төрағасының орынбасары болды.
- 1994 жылы оны Қазақстан Республикасының халық депутаты ретінде таңдап алады.
Қадыр Мырза Әлі 50-ден астам поэзиялық жинақтардың, әдеби-сыни және балалар кітаптарының авторы. Қадыр Мырзалиевтің шығармашылық жолы «Екпенді құрылыс» өңірлік газетінде жарық көрген «Көктем» атты өлеңнен басталды. Бірақ өлеңнің төменгі жағында жазылған жас ақынның тегі дұрыс терілмей, достары ол өлеңнің Қадырдың жұмысы екеніне сенбеді. Сондықтан ақын үнемі ол жайлы сөз қозғамай және өзінің алғашқы өлеңінің 1954 жылы республикалық «Пионер» журналында жарияланғанын айтты. 1955 жылы Қазақстан жазушыларының 3-ші съезінде сөз сөйлеген журналдың редакторы Мұзафар Әлімбаев жас ақынның шығармашылығы туралы жағымды пікірлер айтып, Мырзалиевті мадақтады. Осылайша, ақын биіктен көріне бастады. 1959 жылы ақын «Көктем» атты алғашқы өлеңдер жинағын жариялады. Қадыр Мырза Әлі шығармаларын қазақ тілінде жазды. Оның кейбір өлеңдері орыс, неміс, эстон, қырғыз, татар және басқа тілдерге аударылды. Орыс тілінде 13 өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақынның мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған өлеңдерден тұратын кітаптары бар.
Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері қазақ ақындарының «Қазақ Совет поэзиясының антологиясы», «Республикалардың комсомолы 1969-1970 жылдардағы комсомол сыйлығының лауреаттарын ұсынады», «Қазақ балалар поэзиясының антологиясы» секілді ұжымдық жинақтарына енгізілген. Ақынның орыс тіліне аударылған «Инабат виноват» атты алғашқы балалар кітабы
- 1962 жылы Алматыда қазақ мемлекеттік көркем әдебиет басылымында жарық көрді.
- 1966 жылы ақын «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығымен марапатталған.
- 1967 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасында Сергей Киселевтің аудармасымен Қадыр Мырза Әлінің «Бессоница» өлеңдер жинағы шықты. Ақындық жинақтың тақырыбы Қазақстандағы өмірдің барлық аспектілерін қамтиды. Олардың ішінде «Алматыдағы жаңбыр», «Қазақстанның физикалық географиясы», «Күз, ауыл, түн» өлеңдері бар. Сондай-ақ, ақынның көрнекті тұлғаларға арналған, солардың арасында америкалық жазушы «Хемингуэй», «Испандық эмигрант ақын Рафаэль Альберти», «Біржан сал», «Құрманғазы» атты өлеңдері бар. Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерінде сұрапыл соғыс жылдары, жеңістің қандай жолмен келгені туралы айтылады.
- 1976 жылы Мәскеудегі «Балалар әдебиеті» баспасында жарияланған Владимир Коркиннің аудармасындағы «Твой дом» балалар өлеңдерінің кітабы дала дәмімен ерекшеленеді. Ақын баяу, асықпай, халықтық жолмен өзінің туған жері, табиғат сұлулығы, дала кеңістігі туралы әңгімелейді.
- 1979 жылы Алматыда «Жалын» баспасында Шегловтың аудармасында жарық көрген «Круг» жинағындағы өлеңдердің көпшілігінің негізі образды сөздердің түрлі көріністерінің үйлесімді түрде біріктірілуімен құрастырылған. Балалар кітабы композиция бойынша өте ерекше. Ол бастауыш мектептегі сабақ кестесінің негізінде жасалған. Бірінші болып «Алқашқы қоңырау» жинағы басталады, одан кейін «Тіл білімінің» бірінші сабақтары жалғасынтапқан. Жинаққа енген өлеңдердің мазмұны мен пішіні әртүрлі. Ақын жанр таңдауда да өнертапқыштықғын және шеберлігін дәлелдай алды.
- 1980 жылы Мырзаәлиев «Жерұйық» өлеңдер кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
- 1987 жылы «Жазушы» баспасы ақынның «Қызыл кітап» өлеңдер жинағын басып шығарды. 1990 жылы Мәскеудегі «Кеңес жазушысы» баспасында ақынның «Қорамсақ» өлеңдер жинағы жарияланды. Ондағы өлеңдерде ақын рухани соқырлық пен саңырау туралы қайғыра баяндап, мысалдар келтіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz