Графикалық файлдардың форматтары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Компьютерлік графика пәнінен зертханалық жұмыстардың электронды оқулық әзірлеу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ҰҒЫМЫ

1.1
Компьютерлік графика түрлері, компьютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері

1.2
Графикалық редакторлар. Графикалық кескіндерді сақтау форматтары

1.3
Қазіргі таңдағы компьютерлік графика бағдарламаларының мүмкіндіктері

2
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.

2.1
Электрондық оқулықтар туралы жалпы түсініктер

2.2
Электрондық оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар

2.3
Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері

3
ЭЛЕКТРОНЫ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

3.1
TurboSite бағдарламасын электрондық оқулық құруда қолдану

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Білім беру саласындағы жаңа мемлекеттік саясат информатика саласы мамандарын іргелі дайындау мәселесін шешуді ұсынады. Компьютерлік графика информатика ғылымы мен ақпараттық технологияның пәндік аумағы ретінде болашақ мамандарды, соның ішінде информатиктерді дайындауда маңызды рөл атқарады.
Компьютерлік графиканы оқыту мәселелерін зерттеу қазақстандық және ресейлік ғалымдардың жұмыстарында көрініс тапқан. Е.Ы. Бидайбеков пен А.Т. Аймукатов политехникалық колледжде геометриялық модельдеуді оқыту мәселелерін қарастырады, А.Е. Сағымбаева мен С.Н. Коневаның зерттеулері болашақ информатика мұғалімдерін компьютерлік графика бойынша дайындауға арналған.
КІРІСПЕ

Білім беруді ақпараттандыру - жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: бұл соңғы біліктілік жұмысы студенттерге Компьютерлік графика және модельдеу пәнін оқудың бастапқы кезеңінде графикалық бағдарламалармен жұмыс істеуге үйрету үшін электрондық оқулық құру қажеттілігіне байланысты.
қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90% уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен. Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір өрмекпен байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай. COREL DRAW векторлық графикалық редактор және ADOBE PHOTOSHOP бағдарламаларының мүмкіндіктерін практикада қолдану барысында компьютерлік графиканының алатын орны ерекше және бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты: Компьютерлік графика пәні бойынша зертханалық жұмыстардың электронды оқулық жасау
Дипломдық жұмыстың міндеті: компьютерлік графика бағдарламаларының мүмкіндіктері мен Scribus бағдарламасының принциптерін біліп әртүрлі жарнамалар дайындауды қарастыру.
Зерттеу объектісі: Компьютерлік графика пәнді оқу процесі
Теориялық және әдіснамалық негіздері компьютерлік графика мәселелерін қамтитын оқулықтар мен оқу әдістемелік нұсқаулар.
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: компьютерлік графика түрлерінің мүмкіндіктерін және қолданыстарын практикада іске асыру.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу информатиканы мектеп курсында оқытуда компьютерлік графиканың орта білім беру жүйесінде құжаттарда қолданылатын қарапайым графикалық редакторларды және кәсіптік графикалық редакторларды түсіндіру барысында, дипломдық жұмыста қарастырылған материалдарды электрондық оқулықты әдістемелік нұсқау ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 3 тараудан, электрондық оқулықтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ҰҒЫМЫ

1.1 Компьютерлік графика түрлері. Компьютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір өрмекпен байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады[1, 39 б.].
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика.Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар - графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

Сурет 1. Ғылыми графика сұлбасы

Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Іскерлік графика - қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Сурет 2. Іскерлік графика сұлбасы

Конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың (систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Сурет 3.Конструкторлық графика

Суреттеу графикасы(көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Сурет 4.Суреттеу графика

Жарнамалық графика - теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен қозғалатын суреттерді жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.

Сурет 5. Жарнамалық графика

Компьютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері
Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

Сурет 6. Компьютерлік анимация

Мультимедиадеп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
Компьютерлік графиканың түрлері
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Сурет 6. Растрлық кескін

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.

Сурет 7. Растрлық кескін

Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Сурет 8.Векторлық кескін
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады[2, 124 б.].
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

1 Кесте
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру кестесі
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Салыстыру критерийлері
Растрлық графика
Векторлық графика
Кескіндерді ұсыну әдісі
Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.
Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі
Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады.
Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі
Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.
Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері
Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.
Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

Сурет 9. Фракталды графика

Компьютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері
Суреттің көріну әсерін күшейту және ондағы ақпараттың көлемін жоғарлату құралы ретінде түс компьютерлік графикада өте маңызды. Сәулелі немесе бейнелейтін обьектілерден көзге түскен жарықты талдау нәтежесінде адамның миында түсті сезу қалыптасады. Түсті сезгіш жүйкелер, әр қайсысы бір ғана түсті қабылдайтын - қызыл, жасыл немесе көк, үш топқа бөлінеді деп есептелінеді. Қай топтың болсада жұмысының бұзылуы дальтонизм - түсті теріс қабылдау, пайда болуына әкеледі. Түстің тобы, үш таза түстердің (қызыл, жасыл, көк) және олардың туындыларының (ағылшын тілді әдебиетте RGB - Red, Green, Blue аббревиатурасын қолданады) сәулеленуі қалыптасады. RGB түстік моделі. RGB моделі түсінуде өте қарапайым. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Қандай болсын өң үшін негізгі компоненттен тұрады деп есептелінеді: қызылдан, жасылдан және көктен. CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын суреттерді жасау кезінде қолданады. Олар өтпелі емес бейнеленген жарықта көрінетіндігі мен ерекшеленеді. Қағазға бояу қаншалықты көп салынса, соншалықтыHSB түстік моделі.Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі - компьютерге, CMYK моделі - типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі - адамға ыңғайлы. Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар:түстің өңі, түстің қоюлығы, түстің ашықтығы.Бұл үш компонентті басқара отырып қалған екі моделмен жұмыс жасағандағыдай көп түс алуға болады. Түстік палитра - бұл түс қандай кодпен кодталғаны туралы ақпарат сақталатын деректер кестесі. Бұл кесте графикалық файлмен қатар жасалады және сақталады Компьютер үшін түстік кодтаудың ең ыңғайлы әдісі - 24 разрядты True Color. Бұл режімде түстік құрауыштарын R (Қызылды), G (Жасылды), B (Көкті) кодтауға бір байттан бөледі. Әр құрауыштың ашықтығы 0 - 255 ке дейінгі санмен анықталады және 16,5 миллион түстің қайсы бірі болсын компьютер 3 код бойынша шығарады. Бұл жағдайда түстік палитра қажет емес. Себебі 3 байттың ішінде пикселдің өңі туралы жеткілікті дерек сақталады. Түстерді сәйкестіру үшін компьютерлік графиканың жөндеу қадамдарында түстерді басқару жүйесі қолданылады. (Color Management System - CMS).Бұндай жүйелерде түстік деректермен алмасу кезінде барлық құрылғыларға қажетті обьективті параметрлер жиыны бар[3, 201б.].

1.2 Графикалық редакторлар. Графикалық кескіндерді сақтау форматтары

Компьютерлік графикада бейнені сақтау үшін үш ондық форматты файлдар қолданылады. Бірақ олардың жартысы ғана стандартты де - факто болады. Сонымен қатар сәйкес келмейтін форматтар растрлық, векторлық файлдардан, үш өлшемді бейнелерден тұрады, бірақ басқа кластағы мәліметтерді сақтай алатын басқа форматтар бар.
TIFF(Tagged Image File Format). Формат жоғарғы сападағы растрлық бейнені сақтауға арналған (файл кеңейтілуінің аты. TIF). Кеңінен таралғандардың қатарына кіреді және көптеген графикалық, дизайнерлік бағдарламалардың қолданысында. Монохромды ақ - қара түстен 32 разрядты CMYK түс бөліну моделіне дейінгі кең диапазонды қарастырады. 6.0 нұсқадан бастап TIFF форматында бейненің маскасы туралы мәлімет сақтауға болады. Формат көлемін кішірейту үшін LZW сығу алгоритмі қолданылады.
PSD (Photoshop Document). Adobe Photoshop бағдарламасының өзіндік форматы (файл кеңейтілуінің аты. PSD). Бірден - бір растрлық графиканың ақпаратын сақтауға арналған жақсы формат. Көптеген маскалар, қабаттар, канал параметрлерін есте сақтауға мүмкіндік береді. 48 - разрядты кодталған түстерді және әртүрлі түсті модельдерді қолдайды. Ең негізгі кемшілігі ақпаратты тиімді сығу алгоритімінің болмауы.
PCX. Формат Z - Soft фирмасының PC PaintBrush бағдарламасындағы растрлық мәліметтерді сақтау үшін пайда болған және бірден - бір кең таралған болып табылады (файл кеңейтілуінің аты. PCX). Көптүсті бейнелерді сақтау мүмкіндігінің болмауы, түс модельдерінің жетіспеуі және басқа да кемшіліктері форматтың кеңінен таралуына кедергі болды. Қазіргі уақытта ескірген болып табылады.
JPEG (Joint Photographic Experts Group). Формат растрлық бейнеледі сақтауға арналған (файл кеңейтілуінің аты. JPG). Файлдарды сығу дәрежелерінің арасындағы байланысын және бейненің сапасын реттеуге мүмкіндік береді. Қолданылатын сығу әдісі қажетсіз ақпараттарды жоюға негізделген, сондықтан форматты электронды жариялауларды қолдану үшін ұсынылған.
GIF (Graphics Interchange Format). 1987 жылы бекітілген (256) түсті сығылған бейнені сақтау құрылғысы ретінде стандартталған (файл кеңейтілуінің аты. GIF ). өзінің сығу дәрежесінің жоғарлығының нәтижесінде Интернеттен жақсы орын алады. Соңғы GIF 89а форматты версиясы мөлдір фонды сурет құруға мүмкіндік береді. Түстің шектелуінің нәтижесінде бұл формат электронды жариялауларда қолданыла алмайды.
PNG (Portable Network Graphics). Салыстырмалы түрде жаңа (1995 ж.) формат. Бейнелерді сақтауға, Интернетке жариялауға арналған (файл кеңейтілуінің аты. PNG). Үш типті бейнені қолдайды. Ақпаратты сығу жоғалтусыз өтеді. 254 альфа - канал дәрежесі қарастырылған.
WMP (Windows MetaFile). Windows опреациялық жүйесіндегі векторлы бейнені сақтауға арналған формат (файл кеңейтілуінің аты. WMP). Анықтауларға қарағанда осы жүйенің барлық қосымшаларын қолдайды. Бірақ стандартты түстер палитрасымен жұмыс істеу құрылғысының жоқтығы және басқа да кемшіліктері файлдың қолданысын шектейді.
EPS (Encapsulated PostSeript). Формат Adobe фирмасының PostSeript тіліндегі векторлық сияқты расторлық бейнелермен де жұмыс жасауға арналған (файл кеңейтілуінің аты. EPS). PostSeript тілі әмбебап болғандықтан, файлда векторлвқ және расторлық графика, әріптер, маскалар, түстік палитралар бір уақытта сақталады. Экран бетіне векторлық графикадағы мәліметтерді шығару үшін WMP форматы, ал расторлықта TIFF форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме тек жалпы жағдайда шынайы бейнені бейнелейді. Бұл EPS - тың кемшілігі болып табылады. Шындығында бейнені арнайы бағдарламалар көмегімен шығару құрылғысы арқылы ғана көруге болады.
PDF (Portable Document Format) Adobe фирмасымен жасалған құжаттарды өңдеу форматы (файл кеңейтілуінің аты. PDF). Бұл формат құжатты толығымен сақтауға арналған. Формат ақпараттық - тәуелсіз болып табылады, сондықтан экран мониторынан фотоэкспонирлік құрылғыға дейін бейнені кез келген құрылғыда шығара алады [4, 99 б.].

1.3 Қазіргі таңдағы компьютерлік графика бағдарламаларының мүмкіндіктері

ADOBE РHOTOSHOP графикалық редакторын қолдану.
Интерфейс бойынша Photoshop көптеген басқа да терзелерді еске түсіреді. Дегенмен, бұл мәтіннің ұйымдастырылуында Microsoft, Corel және де басқа бағдарламаларынан айырмашылығы басқа принциптің қолданылуы. Біз бағдарлама терезесінің жоғарғы бөлігінде тұратын әзірлеме командаларының таңба арқылы бейнеленген түрін таппаймыз. Сонымен біз бағдарламаны іске қостық.

Сурет 10.ADOBE РHOTOSHOP графикалық редакторының терезесі

Мұнда бағдарлама терезесінің кейбір элементтері санмен бөлінген және көрсетілген. Олар бесеу:
Негізгі әзірлеме. Windows бағдарламаларының көпшілігіне арналған стандартты элемент.
Өлшемдер тақтасы. Таңдалған құралдың кейбір ағымдағы құрылысы суреттеледі.
Аспаптар палитрасы. Бұдан қолданылатын аспаптардың көпшілігін табуға болады.
Қалып күй қатары. Әрекеттердің орындалуы мен бос емес жадының саны және т.б. кейбір белгілер көрсетіледі.
Палитра. Нақты қызметті атқаратын шағын терезелер.
Назар аударарлық нәрсе Photoshop-та палитра кез келген қатарда және санында орналаса алады. Әрбір жұмыс терезесінің құрылымын қысқаша суреттеп берейін.
Негізгі әзірлеме - бұл кез келген басқа гарфикалық бағдарлама әзірлемесіне 100% ұқсайтын Photoshop терезесінің ең негізгі бөлшегі (элементі). Сондықтан палитра әзірлемелері немесе клавиатуралық қысқартулармен жұмыс істегеннен гөрі бірінші кезеңде пайдаланушыға негізгі әзірлемеен жұмыс істеген едәуір оңай болып келеді.
Кез келген жанама меню ашайық. Көптеген командаларға қарсы клавиатуралық қысқартулар тұрады. Мысалы, Ctrl+C көшіру үшін (Copy). Егер команда клавиатура көмегі арқылы орындалатын болса және жұмыс уақытын үнемдеу үшін оларды есте сақтап, жаттап алу керек.
Негізгі меню келесі бөлімдерден тұрады:
oo File (Файл). Мұнда әдетте жұмысты бастайтын және аяқтайтын негізгі командалар орналасқан. Олар: ашу, құру, сақтау файлды баспаға шығару, т.б.
oo Edit (Түзету). Ең жиі қолданылатын меню. Оның көмегімен Cut (қиып алу), Copy (көшіру), Paste (қою) сияқты базалық операциялар орындалады.
oo Image (Сурет). Берілген жанама менюбелгіленгенғана емес, сонымен бірге барлық параметрлердің мөлшерінің, түсінің, көлемінің құрылуы үшін қолданылатын пункттерді құрайды.
oo Layer (Қабат). Photoshopпен жұмыс істеу барысында қабатты қолдану жасырын мағынаға ие болады. Сондықтан да онымен жасалатын көптеген операциялар жеке әзірлемеге ауыстырылған.
oo Select (Белгілеу). Атынан көріп отырғаныңыздай бұл жанама мәзіргебелгілеуге қатысы бар командалар кіреді. Олар үшін клавиатуралық қысқартуларды қолданған жөн. Олар көбіне қолданылады.
oo Filter (Сүзгі). Photoshop сүзгілері жинақталған әзірлеме. Сүзгі - бұл нақты қызметті атқаратын және тек бағдарлама иесінің басқаруымен жұмыс істейтін шағын бағдарлама.
oo View (Түр). Бұл жанама мәзір арқылы жұмыс аумағы құрылады.
oo Window (Терезе). Photoshop жұмыс терезесінің элементтерінің орналасуын құру. Көбіне қолданылатын қызмет болып бағдарлама палитраларын ашу және жабу мүмкіндіктері табылады.
oo Help (Көмек). Көмек көрсету және бірнеше қосалқы файлдар қызметін атқарады.
Өлшемдер тақтасында құрал әр түрлі түрге ие.
Нақ осы құралдар палитрасымен көп жұмыс істеуге тура келеді. Онда жеткілікті көп аспаптар бар және олардың көбін бірден көре алмайсыз. Олардың көбі топқа біріктірілген. Барлық аспаптар ашық түрде суреттен көрсетілген.
Аспаптардың сонымен қатар бір латын әріпінен тұратын өздерінің клавиатуралық қысқартулары бар. Қай перне қай аспапқа жауап беретінін білу үшін тышқанның нұсқаушысын соған апару қажет. Көп кешікпей сыбыр сөзі көрінеді. Бір топтың аспаптары бір әріппен белгіленеді. Бір аспапты екіншісіне ауыстыру үшін Shift + керекті пернені басу қажет. Gradient (Градиент) және Paint Bucket (Ведро) аспаптарын ауыстыру үшін Shift+G бассақ болғаны[6, 69б.].
Әр аспапқа соңынан қолдануға болатын орнатулар жинағышын құруға болады.
Бұл элемент ақпараттық мағынаға ие. Көптеген қолданушылар оны экраннан алып тастайды. Бұл мүлдем дұрыс емес. Өйткені қалып-күй қатарымен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді.
Бір қарағанда қалып-күй қатары көп ақпаратқа ие емес. Дегенмен де, бұл тек таудың шыңы ғана.
Қалып-күй қатарының негізгі мүмкіншіліктері құру барысында барынша ашылады.
Берілген элементтің мүмкіншіліктерін пункттер бойынша қарастырайық.
1. Бұл орында ашық бейненің көлемдену деңгейі көрсетіледі. Бұл терезешеде бейненің күйі ғана көрсетілмейді, сонымен қатар керек пайызды енгізу арқылы оның көмегімен бейнені көлемдендіруге, яғни үлкейтуге, болмаса кішірейтуге болады. Көлемді өзгертудің үш әдісі бар:
oo Zoom (лупа-ұлғайтқыш) аспабы арқылы;
oo Ctrl+(үлкейту) және Ctrl+(кішірейту) пернелерінің қосындысы арқылы;
oo Осы терезеге мәнді енгізу арқылы.
2. Ақпараттық қатар. Мұнда қолданушының қалауы бойынша ақпараттың көптеген түрлерінің бірі көрінеді. Қатардың оң жағындағы қара бағыттағышқа басса, әзірлеме ашылады.
oo Document Sizes (Құжат көлемі). Ашылған файлдардың көлемі туралы ақпараттар шығатын болады. Бұл көлем тегеріштегі (диск) файлдың көлемімен ортақ ештеңеге ие емес. Бұл қысылмаған және жазылмаған бейнелеу форматының көлемдері.
oo Document Profile (Құжат профилі). Берілген сурет қандай түсті профилмен жазылғанын бейнелейді.
oo Document Dimensions (Құжаттың геометриялық мөлшері). Ашылған файлдың ені мен биіктігі.
oo Scratch Sizes (Шайқалтқыш файлдың көлемі). Бұл нұсқаны таңдағаннан кейін бағдарлама уақытша файлдар тегеріштерде қанша орын алып тұрғанын шығарады.
oo Efficiency (Эффектілік). Компьютердің қаншалықты толтырылғандығын анықтауға мүмкіндік береді.
oo Timing (Уақыт есебі). Соңғы операцияны орындалуына қанша уақыт қажет болғанын көрсетеді.
oo Current Tool (Белсенді аспап). Қазір қандай аспап таңдалғанын көрсетеді.
3.Бір қарағанда бұл бос орын сияқты болып көрінуі мүмкін. Оған апарып тышқанды басқан кезде, басып шығарылатын парақ бетінде суреттің қалай көрінетіні туралы терезе пайда болады. Парақтың өлшемдерін бағдарлама өзі баспа құрылымдарынан алады. Егер Shift немесе Alt пернелерін басып тұрып шертсек, онда құжат көлемі туралы ақпарат пайда болады.
4. Осы жерде көрініп тұрады.
Photoshop-тың кейбір объектілері қосымша рольді ойнайды. Олар баспаға шықпайды және басқа бағдарламаға ауыспайды, бірақ суретті қайта өңдеуді жеңілдетеді. Мұндай қызмет объектілері View (Түр) әзірлемесінде жинақталған және Extras (Қосымша сызықтар) деген ортақ атауға ие:
oo белгілеу шекаралары;
oo жол нұсқасы;
oo тор;
oo бағыттағыштар;
oo пластиналардың шекаралары;
oo аңдатпа (аннотации).
Барлық бұл элементтерді Extras (Қосымша сызықтар) үлгісіне жатқызуға болады. Сондай-ақ олардың тек қана кейбірін алып қоюға болады. Ол үшін мына командаларды орындау керек: ViewShowShow Extras Options (ТүрКөрсетуҚосымша сызықтарды қалыпқа келтіруді көрсету) және пайда болған терезеде керек бөлімдерді (пункт) белгілеу қажет.
Дегенмен де жоғарыда аталған объекті типтерін көрсетуге және бөлек-бөлек сақтауға болады. Ол үшін әзірлеменің мына командаларын орындау керек: ViewShow (ТүрКөрсету).
oo Selection Edges (Белгілеу шекаралары). Бұл пунктті таңдау арқылы бағдарлама белгіленген аймақтың жиегін айнала суреттей алады. Оларды кейде жүгірген құмырсқалар деп те атайды.
oo Target Path (Жол кескіні). Path (Жолдар) палитрасында дәл қазір белсенді жолдардың кескінін суреттейді.
oo Grid (Тор). Тор - Photoshop-тағы нәтижелі жұмыстың ең маңызды бөлігі. Ол көмекші қызметті атқарды және жұмыс аймағында хабардар болуға көмектеседі.
oo Guides (Бағыттағыштар). Бір деңгейде болуы қажет, сурет салу немесе әртүрлі объектілердің орналасуын оңайлататын бағыттаушы - көмекші сызықтарды көрсетуге мүмкіндік береді. Guide көрініп тұрған бағдар ретінде ғана болмайды, сонымен қатар жұмысты барынша жеңілдететін аспаптарды өзіне тартады. Бағыттауышты өлшем сызғышынан керу арқылы немесе ViewNew Guide (ТүрЖаңа бағыттауыш) бұйрықтарын орындау арқылы құруға болады.
oo Slices (Пластиналар). Slice (Пластина) - бұл суретті бөліктерге бөлуге және оны әрі HTML-файлдар түрінде сақтауға арналған Photoshop аспабы.
oo Annotations (Аннотациялар). Аннотациялар - бұл Notes (Заметки) және Audio Annotation (Дыбысты түсінік) аспаптары арқылы құрылған түсініктер (жазбаша немесе дыбыс арқылы). Түсінікті құру үшін пайдаланушы түсінгісі келетін сурет бөлшегінің қасынан аспаптардың бірімен шертсе жетіп жатыр.
ViewRulers (ТүрСызғыш) бұйрықтарын орындағаннан кейін құжат терезесінің жақтауларында пайда болатын өлшем сызғыштары туралы ескерткен жөн болар еді. Сызғыштар - бұл ашылған суреттің жұмыс аймақтарының шекараларында орналасқан белгілері бар сызықтар. Олар өлшемдері нақ анықталған объектілер немесе суреттер керек болғанда таптырмайтын аспаптар[7, 25б.].
Графикалық файлдардың форматтары
Photoshop-та қазіргі заманғы растрлық графикалық форматтардың басым көпшілігі бар десек те болады. Бұл таңғаларлық жай емес, өйткені пайдаланушыға көбіне қор ретінде ең әр түрлі көздерін таңдауға тура келеді.
PSD (Photoshop Docuvent). Photoshop-тың меншікті форматы. Қабаттар, қосымша каналдар, түсініктер, жолдар және т.б. сияқты бағдарламада құруға болатын негізгі қасиетін сақтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жоғарыдағы файл форматы іс жүзінде растрлық кескіндеудің оңды бағдарламаларының бірі. Сондықтан да суретті осы форматта сақтау оларды басқа қосымшаларда болуына да мүмкіндік туғызады.
BMP (Windows Device Independent Bitmap). Windows операциялық жүйесінің меншікті форматы. Индекстелген (256 түстер) және RGB-түстер бар. Берілген формат Windows-пен жұмыс істейтін барлық графикалық редакторларды (және ол ғана емес) түсінеді. Осымен BMP-тың көптеген жетістіктері бітеді де, жетіспеушіліктері басталады.
oo BMP Интернетке мүлдем келмейді.
oo BMP - бұл келесі баспаға шығаруға сәтсіз таңдау.
oo BMP - аппараттық тәуелді формат.
oo ОлRLE-қысуды дөрекі қолданады.
oo Бұл формат көп орын алады.
GIF (CompuServe Graphies Interchange Format) Бүгінгі күні көбіне Интернетте қолданылатын атақты файлдық форматтарының бірі. Анимацияны, мөлдірлікті сүйеуі GIF-ті Әлемдік форматтар желісінде қолдануына көмектеседі. Оның ең басты кемшілігі - 256 түсті ғана кескіндеуі.
EPS (Encapsulated PostScript). Келесіде қайта баспаға шығаур мақсатымен ақпаратты сақтаудағы жақсы форматтардың бірі. Әдетте бұл формат егер келесіде ақпарат PostScript - принтерінде қайта басып шығарылатын болса ғана қолданылады.
JPEG (Joint Photographic Experts). JPEG-ті графикалық формат ретінде қарағанымызбен, ол ең алдымен қазіргі уақытқа кең етек алған сығу қағидасының бірі. JPEG-ті ең дұрысы суреттің жақтарында анықсыздық және майысушылық жіберуге болатын фотосуреттер және суреттер үшін қолдануға болады. Дегенмен де, кескіндемелер жоғары бағалауды басқа форматтармен берген дұрыс. Мысалы, PSD және TIFF форматтары.
PDF (Portable Document Format). Бұл формат әр түрлі типтегі ақпараттарды желілерден тез жіберу үшін өңделегн. Бүгінгі күні PDF-ға мыналар кіруі мүмкін: графика, мәтін, гиперссылка, дыбыс, бейнедыбыс және т.б.
PNG (Portable Network Graphics). Үшінші кит (Бірінші екеуі - JPEG және GIF), бұған Интернеттегі кескіндеме сақталады. Әлемдік желіні дамытудағы ең жобалы формат. PNG GIF-пен салыстырғанда кез келген түстің санын, тіпті 48-биттік түсті де қолдана алады.
PNG сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі мөлдірлікті де ұстай алады, яғни жартылай мөлдір (1-99%) пиксельдер сақталына алады. Бұл, әрине, вебдизайнның мүмкіндігін кеңейтеді және бұл форматты өте тартымды ете алады.
TIFF (Tagged-Image File Format). Бүгінгі күні баспа істерінде ең кең таралған графикалық формат. Оның негізгі құндылықтары:
oo Аппараттық тәуелсіз. Сондықтан да оны көбі PC-тан Macintosh-қа және керісінше суретті, бейнені ауыстырғанда әдейі пайдаланады.
oo Өте сенімді формат. Іс жүзінде барлық бағдарлама оны даусыз қабылдайды.
oo CMYK және PANTONE-ді қосқанда, барлық түстің модельдерін қабылдай алады.
oo Өзімен бірге қосымша ақпараттарды алып жүреді. Мысалы, кескіндер немесе альфаканалдар туралы.
oo Оны файлдарды сақтауда қабылдағыш ете алатын LZW-компрессияны қолдана алады.
Photoshop-ты қосып, FileNew (ФайлЖаңа) бұйрығын орындағанда жаңа файл ашылады. Жұмысты бірінші күнінен бастап клавиатура қысқартуларымен жасап үйренген ыңғайлы. Ол үшін Ctrl-f N пернелерін басу керек.
New (Жаңа) терезесінде пайдаланушы болашақ сурет үшін керек параметрлерді енгізеді[8, 67б.].

Сурет 11. New терезесі

1. Name (Файлдың аты). Бұл параметрлер өзгертілмеуі керек. Өйткені көбі дискіде келмейді және басқа жұмыстың аралығында болып қалады. Бірақ егер пайдаланушы бір уақытқа бірнеше жаңа жұмысты ашылған түрде ұстағысы келсе, онда оларды атаған дұрыс, әйтпесе шатасып қалу оңай.
2. Preset (Дайындықтар). Бұл пунктте алдын-ала енгізілген бет параметрлері жинағышының бірін таңдауға болады.
3. Width (Ені) және Height (Биіктігі). Бұл параметрлер әр түрлі бірлікпен өлшене алады, бәрімізге үйреншікті сантиметрден пики немесе колонкаға дейін.
4. Rezolution (Көлем, рұқсат). Болашақ файлға рұқсат. Жұмыстың басында көлемді дұрыс таңдаған өте маңызды.
5. Color Mode (Түстік тәртіп). Мұнда болашақ құжатттың түстік тәртібі анықталады.
6. Жоғарыда аталған сурет параметрлерінің ішінен қолданушының таңдағаны бойынша терезенің оң жақ бөлігінде құрылып жатқан файлдың өлшемдері көрсетіліп тұрады.
7. Background Contents (Фонды толтыру). Құжат фонының түсі.
oo White (Ақ). Басым көпшілігінде қолданылады.
oo Background Color (Фон түсі). Бағдарламаның алдыңғы жобасында таңдалған түс қолданылады.
oo Transparent (Мөлдір). Мөлдір фонды қолдану. Advanced (Қосымша) нүктесін басқанда терезенің төменгі бөлігінде тағы да екі параметр пайда болады.
8. Color Profile (Түстік профиль). Профилдер түсті баспада, монитор экранында және принтер беттерінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
9. Pixel Aspect Ratio (Пиксельдер пропорциясы). Photoshop түрлі формадағы пикселдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Егер қолданушы бейнедыбыстың кадрларын өңдемейтін болса, онда Sguare (Шаршы) пунктін тізімнен батыл таңдай алады.
New (Жаңа) бұйрығын орындаған уақытта терезе параметрлері анық мәнге ие болып тұр[9, 39 б.].

Corel Draw графикалық редактордың негізгі принциптері мен ерекшеліктері

Corel Draw редакторының негізгі түсінігі - объект болып табылады. Суреттің элементтері: түзу, шеңбер, тік бұрыш, қисық тұйық қисық, көпбұрыш т.с.с. элементтері деп аталады. Бірнеше объектінің комбинациясымен жаңа, сондай-ақ, одан әрі топты бір объект ретінде редактрлеуді топтық объектіні құруға болады.
Графика - шынайы немесе елестетілген объектінің дәстүрлі әдістермен сурет салу немесе көркем образдарды басып шығару әдістермен алыңған визуальды елестету нәтижесі болып табылады. Ал, компьютерлік графика - информатиканың арнайы саласы, ол программалық-аппараттық есептеу комплекстерінің көмегімен бейнелерді жасау және өңдеу әдістері мен жабдықтарын оқып - үйренумен айналысады.
Компьютерлік графикада жұмыстың орындалуы кейде оның графиктік берілуіне бөлінеді. Компьютерлік графиктік процесті аяқтаудың тәсілдерінің бірі виртуальды шығару. Яғни, файлды есте сақтау құрылғысына шығару. Файлға берілген мәліметтер кейіннен қалпына келіп, мәліметтерді графиктік беру үшін қолданылуы мүмкін.
Компьютерлік графика адам монитор экранында немесе сыртқы тасымалдаушыдағы көшірмесі ретінде қабылдай алатындай бейнені берудің барлық түрлері мен формаларын қамтиды. Компьютерлік графикасыз қазіргі кезде материалды әлемді елестету мүмкін емес. Мысалға, медицина компьютерлік томографияны қолданады; ғылыми зерттеулер - зат құрылысын, векторлық өрістерді тағы басқа мәліметтерді визуальдау; мата мен киімді модельдеу, тәжірибелік - конструкторлық жұмыстары да компьютерлік графиканы пайдаланады[10, 39 б.].
Машиналық графиканың қолданылу салалары:
oo компьютерлік модельдеу;
oo автоматты жобалау жүйелері;
oo компьютерлікойындар;
oo оқытушы программалар;
oo жарнамажәне дизайн;
oo мультимедиа презентациялар;
oo Internet.
Компьютерлік графика тек қана құрал, бірақ оның құрылымы мен әдістері математика, физика, химия, биолгия, статистика, программалау және басқа көптегенфундаментальды және қолданбалы ғылымдардың алдыңғы қатарлы жетістіктеріне негізделген. Компьютерлік графика информатиканың неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады.
Бейне (изображение) деп - шынайы объектінің қандай да бір механикалық электрондық фотографиялық процесс көмегімен адам бекітіп қойған визуальды бейнесі саналады. Компьютерлік графикада бейне болып шығару құрылғысы қабылданатын объект саналады.
Интеррактивті компьютерлік графика дегеніміз - компьютерлік жүйені графика жасап, сонымен бір уақытта қолданушымен диалог жүргізе алу қабілеті.
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (САПР - АЖЖ). САПР - машина жасау электроника сияқты өмірдің барлық аймағында қолданылады[11, 22б.].
Гео ақпараттық жүйе (геоинформационные система - ГИС) - компьютерлік графиканың бір түрі. Олар (жер - гео) объектілерді олардың жер бетіндегі орнына байланысты енгізіп, редактрлеуді орындайды.
Графиктік формат дегеніміз - бұл графиктік бейнені сипаттайтын мәліметтерді жазу тәсілі. Олар файлда графиктік мәліметтерді тиімді және логикалық ұйымдастыру үшін жасалған. Әрбір қолданбалы программа қандай да бір графиктік мәліметтерді жасайды және сақтайды.
Қазіргі уақытта көптеген программалар аралас форматты, ал бұл растрлық, векторлық, текстік мәліметтерді бір-біріне кіргізуге мүмкіндік береді.
Графиктік файлдар дегеніміз - ары қарай визуальдауға арналған графиктік мәліметтердің кез келген типі сақталатын файлдар. Мұндай файлдарды ұйымдастыру тәсілі - графиктік формат деп аталады. Файлға жазылғаннан кейін бейне бейне болудан қалады. Ол мәліметке айналады.
Электрондық кестелер және текстік файлдар форматы графиктік мәліметтрді сақтауға қолданылуы мүмкін, бірақ графиктік болып табылмайды.
Компьютерлік графикада графиктік объектілердің орнын көрсету үшін математикалық координаталар қолданылады. Бірақ бейнелеу құрылғысы физикалық объект болғандықтан физикалық және логикалық пикселдер арасында айырмашылық болады.
Физикалық пиксель дегеніміз - бұл шығару құрылғыларында бейнеленетін шынай нүктелер. Яғни, бұл бейненің ең кішкентай элементі. Физикалық пиксельдер қандай да бір ауданды алып жататындықтан екі көршілес пиксельдердің арасына шектеу қойылады.
Логикалық пиксельдер дегеніміз - бұл орыны болатын, бірақ физикалық кеңістік алмайтын математикалық координаталар. Сондықтан, логикалық пиксельдердің мәнінің физикалық пиксельдерге бейнеленуінде физикалық пиксельдердің шынайы орналасуы мен өлшемі есепке алынуы керек.
Кез келген объектіні алып, оның сыртқы пішініне бірнеше қатар баға беруге болады. Мысалы қарастырайық. Объектіні қарастырғанда оның нүктелері тура және қисық сызықты - сегментті болып келеді.
Координаттық нүктелері және сегменттердің параметрлері объектінің ішкі облысын бояуға немесе ою жасауға болады. Объект сегменті контур жасайды. Оның өзіндік түсі бар. Контурдың қалындығын өзгертуге болады.
Жалпы объектінің принциптері құру және редактрлеу келесідей орындалады. Алдымен, объект пішінін жуықтап құрап, одан соң, жаңа нүктені және сегменттердің қисықтарын жөндеу арқылы орнына қою, алып тастау пішінінді дұрыстайды. Қисық сегмент дегеніміз -траекторияның сүйір болу жиыны. Кез келген қисық сегмент түзу бойынша алынады. Және керісінше. Одан соң керекті объектінің пішіні құрылғаннан кейін құюшыға (заливкаға) және контурға түсі жеке алынады.
Редакторда құрылған кез келген сурет бір немесе бірнеше объектілерден тұрады. Сондықтан, олар жартылай және толығымен бір-бірімен жауып тұрады.
Ерекшеліктері: Графиктік редактор CorelDraw, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картографиялық дизайн
PowerPoint 2000
Электронды басылымдар
Графикалық функциялар
Мәліметтердің форматтары және оларды ұйымдастыру
Компьютерлік графиканың негізгі түрлері
SFX архивінде сығылған файылдарды архивтен шығару
Сығу утилиттері
Графикалық кескіндерді сақтау форматтары
Шығынмен ақпаратты қысу
Пәндер