Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚОСТАНАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
Кіші мектеп оқушыларына ойын түрлерін қолдану білім білігін, дағдысын дамыту тақырыбына
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ак-31 тобының студенті
Кулжабаева Амина Аскаровна орындады
Жетекшісі:Султанбекова А.Ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Кіші мектеп оқушыларына ойын түрлерін қолдану білімін, білігін, дағдысын дамытудың теориялық негіздері 6
1.1 Ойын - оқушының білімін, білігін, дағдысын берік меңгерту
құралы 6
1.2 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың білім, білігін, дағдысын арттыру 10
2 Кіші мектеп оқушыларына ойын түрлерін қолдану білімін, білігін, дағдысын дамытуды тәжірибелік-эксперименттік зерттеу 16
2.1 Педагогикалық эксперимент дайындау және өткізу 16
2.2 Зерттеу нәтижелерін талдау 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
А ҚОСЫМШАСЫ 27
Б ҚОСЫМШАСЫ 30
В ҚОСЫМШАСЫ 31
Г ҚОСЫМШАСЫ 33
Д ҚОСЫМШАСЫ 40
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Балалардың ойлауын, қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.
Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып, отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.
Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан сол мемлекеттің стандартқа сай, жан - жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір - бірімен астасып жатыр. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ.
ҚР Білім беру парадигмасы тұлғалық-бағдарланған, адамгершілік-тұлғалық технологияларды Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негізін жариялайды. Баланың жеке басына немқұрайдылықпен сипатталатын дидактоцентрлік тәрбие философиясынан айырмашылығы, мұғалім мен оқушының субъективті-объектілік қарым-қатынасы, тәрбиеден оқытудың басымдығы, тұлғаға бағытталған технологиялар оқушының жеке басын бүкіл білім беру жүйесінің орталығына қояды. Оқушы тұлғасы осы технологияларға ғана емес, субъектісі, бірақ субъект басым; бұл жоғары нәтижелер мен пайыздарға жетудің құралы емес, білім беру жүйесінің мақсаты. Яғни, тұлғаға бағытталған технологиялар антропоцентризммен, гуманистік және психотерапиялық бағдармен сипатталады және оқушының жан-жақты, еркін және шығармашылық дамуына бағытталған.
Білім, білік және дағдылардың 3 тобы бар: ұйымдастырушылық, зияткерлік және коммуникативті. Якиманский И.С., Третьяков П. И., Шамова Т. И., Титаренко Н. Н., Зайцев В. Н. зерттеулері ББДның келесі мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді:
1. Ұйымдастырушылық біліктер:
А. Оқу іс-әрекетін жоспарлау дағдылары мен біліктері;
Б. Өзінің оқу қызметін ұйымдастырудың біліктері мен дағдылары;
В. Өз іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау және ұғыну біліктері мен дағдылары.
2. Зияткерлік:
А. Ақпаратты қабылдау біліктері мен дағдылары, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс. Компьютермен жұмыс біліктері және дағдылары ерекше топты құрайды,.
Б. Ақыл-ой әрекетінің біліктері мен дағдылары.
3. Коммуникативті:
А. Ұжымда танымдық біліктері жүргізе білу;
Б. Пікірталас жүргізу біліктері.
Алайда, дидактоцентрлік технологиядан бас тартқанына қарамастан, мұғалімдер дәстүрлі түрде пәндік білімге ерекше назар аударады. Барлық тексеру, Бақылау, қорытынды емтихандар пәндік білім мен дағдыларды тексеруге бағытталған. Мұғалімдер жұмыстың сапасы туралы оқушылардың өз пәні бойынша білімі қаншалықты терең және іргелі, олардың осы оқу пәніндегі дағдылары қаншалықты берік екендігі бойынша бағаланады. Көптеген оқу бағдарламалары сабақтың қымбат уақытын жалпы білім беру дағдыларын жетілдіруге арналған арнайы жаттығуларға жұмсауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан олар көбінесе оқу жұмысы кезінде өздігінен қалыптасады. Проблеманың жеткілікті әзірленбеуі, оның өзектілігі Кіші мектеп оқушыларына ойын түрлерін қолдану білімін, білігін, дағдысын дамыту курстық жұмыстың тақырыбын таңдауды айқындады.
Зерттеу нысаны: кіші мектеп оқушыларының білімін, білігін, дағдысын дамыту процесі.
Зерттеу пәні: ойын түрлері кіші мектеп оқушыларының білімін, білігін дағдыларын дамыту факторлары ретінде.
Курстық жұмыстың мақсаты: кіші мектеп оқушыларына ойын түрлерін қолдану білімін, білігін, дағдысын дамытуды зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. ойын - оқушының білімін, білігін, дағдысын берік меңгерту құралын зерттеу;
2. ойын технологиясы арқылы оқушылардың білім, білігін, дағдысын арттыруды сипаттау;
3. педагогикалық эксперимент дайындау және өткізу;
4. зерттеу нәтижелерін талдау.
Гипотеза: егер оқу процесінде ойын түрлері қолданса, бастауыш сынып оқушыларының білімі, білігі мен дағдысын дамыту процесі тиімдірек болады.
Осы мәселелерді шешу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды:
oo психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді шолу-аналитикалық зерттеу;
oo материалдарды зерттеу және жалпылау;
oo математикалық әдістер;
oo бақылау;
oo эксперимент.
Зерттеу базасы: Тобыл қаласының Н.Наушабаева атындағы орта мектебі.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Кіші мектеп оқушыларына ойын түрлерін қолдану білімін, білігін, дағдысын дамытудың теориялық негіздері
1.1 Ойын - оқушының білімін, білігін, дағдысын берік меңгерту құралы
Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез - келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.
Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізу керек. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі [1, 89 б.].
Қай сабақ болмасын, оқушыларды ізденіске шығармашылыққа баулуы керек. Бүгінгі күн талабы да мұғалімдерден осыны талап етуде. Оны жүзеге асырудың бірден - біржолы - сабақ процесінде ойын технологиясын тиімді пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштатастырып, ой - өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді. Ойын технологиясын бір жүйеде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізген дұрыс. Ойын технологиясының мақсаты - оқушыларға жаңа білім - білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын - оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны кесте арқылы көрсетуге болады:
Ойын әрекеті
Ойын әрекеті
Іс-әрекет
Іс-әрекет
Оқу әрекеті
Оқу әрекеті
Еңбек әрекеті
Еңбек әрекеті
Ойын ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады [2, 35 б.].
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты.
әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы.
ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар [3, 61 б.].
Ұлы Абайдың Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, т.б. көптеген қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу - білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас - бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді.
Я.А.Коменский Ұлы дидактика деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай, бастауыш сынып оқушылырының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ойынды айтуға болады.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады [4, 18 б.].
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісіне ойын түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
1.2 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың білім, білігін, дағдысын арттыру
Білім-бүгінгі уақыттың ең шынайы капиталы. Сондықтан да,қоғамымыздағы өзгерістер мен жаңа тұрпатты стратегиялық бағдарлар білім беру сапасына деген бұрынғы талап пен міндеттерге жаңашыл көзқараспен қарауды қажет етеді.
Ж.Аймауытов : Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек [5, 74 б.], - деген екен. Бүгінгі күнде сан түрлі технологияларды меңгеру жолындағы мұғалімдердің ізденістерін жазушы осылай бір-ақ тұжырыммен білдіргендей.
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштері-әдістеме салаларындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеріп,оларды өздерінің сабақтарында пайдалана білу.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-оқушылардың алатын білімін сапалы ету,оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.Осыған орай,соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып,мектеп өмірінеенгізілуде.
Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы,педагогикалық технология,білім беру технологиясы,тәрбие технологиясы,қарым - қатынас технологиясы,топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор технология дегеніміз не?-деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады.
Оқыту технологиясы- бұл оқытудың тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау,бағдарламасының жүйелі тәсілі [6, 130 б.].
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Еңбек,ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелген.Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен қызығушылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс.Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский,Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда,дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы рөлі туралы алғашқы пікірлерін айтқан - Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.
Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.
1. Әр ойынның тәрбиелік,білімділік,дамытушылық маңызын алдын ала жете түсініп,оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.
2. Ойын жүргізілетін орынның мүмкіндігі,ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы,алдын- ала әзірлеу.
3. Сыныптағы оқушылардың жас,психологиялық ерекшеліктеріне,білім деңгейлеріне,сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс,техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның,сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы [7, 43 б.].
Оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділік,кәсіптік шеберлік талап етілері сөзсіз.Осы талаптарға сай мұғалім оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып,әр түрлі әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отыруда жүзеге асады.Бала қоршаған орта туралы шындықты белсендік әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол-ойын.
Ойын арқылы оқушыны білім алуға,оқуға қызықтыра отырып,тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі,олардың пәнге қызығушылығын оятып,ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ұлы Абайдың Ойын ойнап,ән салмай өсер бала болама? деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып,білімді берік меңгерту болса,мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлерін пайдалана отырып,оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге ,ой белсенділігімен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгетуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім,білік және дағдыларды қалыптастыру,тиянақтау,бекіту немесе тексеру болып табылады.
Оқушылар ойынын зерттеуші О.С.Газман былай деп жазды: Табиғат балалар ойынын оларды өмірге жан-жақты бейімдеу үшін жаратқан. Сондықтан да, ойынның адам әрекетінің барлық түрлері мен генетикалық байланысы бар және танымның, еңбектің, қарым-қатынастың, өнердің, спорттың т.б. арнайы формасы болып табылады [8, 91 б.].
Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде Ойын түрлерін пайдалану,біріншіден,оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса,екіншіден ,балалардың сабаққа деген қызығушылығын,белсенділігін арттырып,білім сапасын көтеру болып табылады.
Ойынның түрлері
Ойынның түрлері
Дидактикалық
(танымдық)
Дидактикалық
(танымдық)
Ұлттық
ойындар
Ұлттық
ойындар
Логикалық (тапқырлық)
Логикалық (тапқырлық)
Рөлдік -сюжеттік
(ынталандыру)
Рөлдік -сюжеттік
(ынталандыру)
Ой жалғастыру, ізгілік пен әдептілікке баулиды

Оқушы зейінін жинақталып, ұлттық болмысы қалыптасады

Тапқырлыққа, дұрыс жауап беруге дағдыланады

Тілдік дағдылар мен шығармашылықты ұштайды

Құс керуені, Кедергілерден өту, Кім болам?, Вагондарды құрау, Кім жылдам?, Ойлан тап, Сөйлем қуаласпақ, Гүл теру, Шашылған сандар т.б

Асық ату, Садақ ату, Көкпар, Жігіт жарысы, Ханталапай, Теңге алу және т.б.

Кім шешен?, Орфографиялық лото, Бәйге, Есте сақтау қабілетіңіз қалай? т.б.

Дүкен, Шаштараз, Отбасы т.б.
Дүкен, Шаштараз, Отбасы т.б.
Сондай-ақ мұғалім ойын элементтерін оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып,үй тапсырмасын тексеру,қорытындылау кезінде,жаңа тақырыпты меңгерту барысында,жаңа материалды қорытындылау кезінде,білімді тиянақтау және тексеру кезінде,яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады [9, 18 б.].
Практика барысында жоғарыда атап өткен ойын түрлерін сабақтың тақырыбына сәйкестендіріп,сабақтың әр кезінде қолданып отырдым.
Тақырыбы
Ойынды қолданудың мақсаты
Өтілген материалды бекіту
а)үй тапсырмасын тексеру
ә)үй тапсырмасын
қорытындылау
Жаңа материалды меңгерту
а)жаңа тақырыпты хабарлау
ә)жаңа материалды түсіндіру
б)мәтінмен жұмыс
Жаңа материалды бекіту мен қорытындылауда
а)жаңа материалды бекітуде
ә)қорытындылауда
а)Құс керуені ойыны
ә) Табиғат көркі ойыны
Құрманғазы
а ) Гүл теру ойыны
ә) Ой түйіндеу
а) Шашылған сандар ойыны
ә) Кім тапқыр?, Ұшқыр ой ойыны
б) Кім жылдам? ойыны
Бала мен Абай
а) Бәйге ойыны
Мұхтар ә) Тез ойла ойыны
а) Математикалық кесте ойыны
ә) Пікірлер ағашы ойыны
б) Жалғасын тап ойыны
а) Орамал тастамақ ойыны
ә) Көңілді көктем ойыны
Сабақта қоданылған ойын элементтеері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теорияық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Кез келген ойын элементі сабақта екі түрі мақсатқа бағытталады. Оның біріншісі- оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі- оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін арттыру [10, 32 б.].
Ойын элементтерін тиімді қолдану бастауыш сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды біріңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.
2 Кіші мектеп оқушыларына ойын түрлерін қолдану білімін, білігін, дағдысын дамытуды тәжірибелік-эксперименттік зерттеу
2.1 Педагогикалық эксперимент дайындау және өткізу
Ойынның бастауыш мектептегі оқушылардың ББД-ның даму деңгейіне
әсерін зерттеу мақсатында Тобыл қаласының Н.Наушабаева атындағы орта мектебінің 4-сынып негізінде эксперимент жүргіздік.
Эксперименттің анықталған кезеңінде біз эксперименттік және бақылау сыныптарында мектеп оқушыларының ББД-ның даму деңгейіне диагностика жүргіздік. Ол үшін Точка ПСИ білім беруді психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері ұжымының әдістемесі қолданылды (Мәскеу қ.) (А қосымшасын қараңыз). Мектеп оқушыларының ББД дамыту нәтижелері 1-кестеде келтірілген. Зерттеу деректерін ББД-ның даму деңгейі шамамен бірдей және сәйкесінше: ұйымдастырушылық біліктер: 12 ұпай - эксперименттік сынып және 12,3-бақылау класы; зияткерлік біліктер: 17,5 және 17,3 ұпай; коммуникативтік біліктер: 17,2 және 17,1 ұпай. Бұл ретте алынған нәтижелер: ұйымдастырушылық біліктер: орта топ мәртебесіне (11-16 ұпай), зияткерлік біліктер - орта топ мәртебесіне (16-23 ұпай); коммуникативтік біліктер - сондай-ақ орта топ мәртебесіне (11-13 ұпай) сәйкес келеді (Кесте 2).
Диагностика жүргізу кезінде біз келесі критерийлерге сүйендік: ұйымдастырушылық біліктер мен дағдыларды диагностикалау критерийлері: әлсіз топ (6-10 ұпай). Оқу міндетін іс-әрекеттің мақсаты ретінде түсіну қиын. Жоспарсыз жұмысқа кіріседі; түсіндіруді қажет етсе де, нақтылайтын сұрақтар қоймайды; импульсивті, хаотикалық әрекет етеді. Егер жұмыс жоспарын мұғалім ұсынса, жұмыс барысында оны байқамай-ақ өрескел бұзады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін, ол көбінесе қате нәтижеге қанағаттанады. Сонымен қатар, нәтижені тексеру кезінде де ол қателіктерді көрмейді. Ол қажетті көмекке жүгіне алмайды, тіпті егер мұндай көмек көрсетілсе де, оны қалай қолдануды білмейді.
Орта топ (11-16 ұпай). Жалпы, кейбір жағдайларда ол оқу міндетін өз қызметінің мақсаты ретінде түсінуге қабілетті. Бұл ретте жоспарлау мен қажетті нақтылауды жұмыс барысында жүзеге асырады. Бірқатар жұмыс алгоритмдеріне ие бола отырып, ол әрқашан ең жақсысын таңдай алмайды. Жұмыс жоспарын жүзеге асыру кезінде ол әрекеттердің жалпы тізбегін сақтай отырып, одан егжей-тегжейлі шегінеді. Жұмысты аяқтай отырып, ол әрқашан жоспарланған нәтижеге қол жеткізе бермейді. Жұмыстың нәтижесі оның дұрыстығына алдын-ала сенімді болғандықтан немесе кез-келген нәтижеге қанағаттанғандықтан тексерілмейді. Қажет болса, ол көмек сұрай алады, бірақ оны әрдайым қолдана алмайды.
Мықты топ (17-22 ұпай). Оқу міндетін өз қызметінің мақсаты ретінде түсінуге қабілетті. Көп жағдайда жұмысқа кірісіп, өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлайды немесе бұрыннан қалыптасқан жұмыс алгоритмдерін сәтті қолданады. Қажет болған жағдайда жұмыс басталғанға дейін бөлшектерді нақтылайды. Жұмысты жүзеге асыра отырып, ол қолданыстағы жоспарды дәл ұстанады немесе іс-қимылдардың жалпы тізбегін сақтай отырып, жоспардан тек егжей-тегжейлі ауытқиды. Кеңесті қорытындылай келе, тапсырма, міндетті түрде жоспарланған нәтижеге қол жеткізеді. Жұмысты аяқтағаннан кейін оны тексереді, қателерді табады және түзетеді. Қажет болған жағдайда қажетті көмекке жүгінуге және оны пайдалануға қабілетті.
Зияткерлік біліктерді диагностикалау критерийлері:
Әлсіз топ (9-15 ұпай). Оқу ақпаратын қабылдай отырып, іс жүзінде өз бетінше әрекет ете алмайды; жазбаша (ауызша) нысанда ұсынылатын ақпарат ерекше қиындықтар туғызады. Ақпаратты интеллектуалды өңдеуде жаңа және басты нәрсені бөлуде айтарлықтай қиындықтар туындайды. Зияткерлік қызметтің қарқыны және оның тиімділігі төмендейді. Жұмыстың нәтижесі көбінесе жауапқа сәйкестендіру арқылы алынады және оны ұсыну қажеттілігі айтарлықтай қиындықтар туғызады, жауаптар, әдетте, созылуы керек. Ол өз жұмысын объективті бағалай алмайды, өйткені ол көбінесе өз қателіктерін көрмейді немесе олардың не істегенін түсінбейді, өйткені ішкі жоспарда жұмыс стандарты туралы түсінік қалыптаспаған. Мектеп бағдарламасын меңгеру айтарлықтай қиын.
Орта топ (16-23 ұпай) оқу ақпаратын (ауызша да, жазбаша да) қабылдай отырып, қосымша түсіндіруді қажет етеді. Ақпаратты интеллектуалды өңдеу кезінде кейбір (ынталандырушы, ұйымдастырушылық) көмек қажет. Зияткерлік қызметтің қарқыны орташа. Жұмыстың нәтижесі көбінесе мұғалім ұсынған алгоритмді көбейту арқылы алынады, бірақ кейде ол өздігінен иррационалды, ұзақ жолмен әрекет етеді. Дұрыс жауап бере отырып, ол әрқашан оны дәлелдей алмайды, өз көзқарасын дәлелдей алмайды. Ол әрқашан өз жұмысына объективті баға бере алмайды, дегенмен, әдетте, жіберілген қателіктерді көреді.
Мықты топ (24-31 ұпай). Алғашқы ұсынудан бастап оқу ақпаратын (ауызша да, жазбаша да) сәтті қабылдайды. Оқу материалын интеллектуалды өңдеуде жаңа және ең бастысы өзін-өзі оқшаулауға қабілетті. Зияткерлік қызмет қарқыны басқа оқушыларға қарағанда біршама жоғары. Ұсынылған алгоритмді сәтті көбейту арқылы жұмыс нәтижесі алынады, кейбір жағдайларда ол түпнұсқа, шығармашылық түрде әрекет ете алады. Толық жауап бере алады және оны негіздейді, өз ұстанымын дәлелдей алады. Көп жағдайда ол өз жұмысының нәтижесіне объективті баға бере алады, өйткені ол жіберілген қателіктердің мәнін түсінеді.
Коммуникативтік біліктер мен дағдыларды диагностикалау. Әлсіз топ (8-13 ұпай) өз ойларын басқаларға өз бетінше жеткізе алмайды және оған қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды, сондай-ақ сұхбаттасушыға сұрақтарды өз бетінше тұжырымдай алмайды. Талқылау барысында, әдетте, дұрыс емес. Ол өз ұстанымын дәлелдей алмайды және оны икемді түрде өзгерте алмайды, өйткені ол бұл қадамның қажеттілігін түсінбейді. Топта өзара іс-қимыл жасау кезінде топтың жалпы шешіміне бағынбайды. Әңгімелесушінің мәртебесін және қарым-қатынас жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасай алмайды.
Орта топ (14-18 ұпай). Өз ойларын білдіруде, толқуларға байланысты оған қойылған сұрақтарға жауаптарда (сөздік қоры шектеулі) және сұхбаттасушыға сұрақтарды өз бетінше тұжырымдауға тырысқанда кейбір қиындықтар туындайды. Әрқашан өз позициясын қорғауға немесе оны ақылмен өзгертуге, сондай-ақ ортақ істің сәттілігі үшін топтың шешіміне бағынуға қабілетті емес. Қарсыласына қарсылық білдіргенде қисынсыз болады. Қарым-қатынас барысында ол әлеуметтік қашықтықты бұзуы мүмкін.
Мықты топ (21-26 ұпай): өз ойларын анық және нақты жеткізе алады, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алады, сұхбаттасушыға сұрақтар қоя алады, сондай-ақ қарсыласына қарсылық білдіре алады. Өз ұстанымын дәлелдей алады немесе қажет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz