Сиыр жасының сүт өнімділігіне әсері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
5
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
5: 6
Нормативтік сілтемелер: Белгілер мен қысқартулар
5: 7
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе
5: 8
Нормативтік сілтемелер: 1
5: Негізгі бөлім
10
Нормативтік сілтемелер: 1. 1
5: Қара-ала тұқымы сиырларының сүт өнімділік қасиеттері
10
Нормативтік сілтемелер: 1. 2
5: Қара-ала тұқымы сиырларының сүт құрамы және сапасы
16
Нормативтік сілтемелер: 1. 3
5: Сиыр жасының сүт өнімділігіне әсері
19
Нормативтік сілтемелер: 1. 4
5: Зерттеу жургізу әдістемесі мен материалдары
21
Нормативтік сілтемелер: 1. 4. 1
5: «Ижевский» ӨК-гі табиғи-климаттық жағдай және шаруашылық туралы сипаттама
21
Нормативтік сілтемелер: 1. 4. 2
5: Зерттеу әдістемесі
25
Нормативтік сілтемелер: 1. 5
5: Зерттеу нәтижелері
29
Нормативтік сілтемелер: 1. 5. 1
5: Ижевский қара-ала тұқымы сиырларының сүт өнімділік қасиеттері
29
Нормативтік сілтемелер: 1. 5. 2
5: Ижевский қара-ала тұқымы сиырларының сүт құрамы және сапасы
34
Нормативтік сілтемелер: 2
5: Ижевский» ӨК қара ала тұқымы сиырлардың сүт өнімділігі мен сүт құрамына жасының әсеріне байланысты экономикалық тиімділігі
42
Нормативтік сілтемелер: 3
5: Қоршаған ортаны қорғау
45
Нормативтік сілтемелер: 4
5: Еңбек қорғау
50
Нормативтік сілтемелер: Қорытындылар
5: 55
Нормативтік сілтемелер:
5:
Нормативтік сілтемелер:

Нормативтік сілттемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілттемелер қолданылған:

ҚР СТ 1324-2010 Ішуге арналған сүт. Жалпы техникалық шарттар.

ҚР СТ 1483-2005 Сиыр сүті. Сүт құрамы мен тығыздығы көрсеткіштерін анықтау бойынша сынау әдістері.

ҚР СТ 1733-2007. Сүт және сүт өнімдері.

ҚР СТ 2005-2010 Сүт және сүтті өңдеу өнімдері. Технологиялық нұсқаулықтар. Рәсімдеу, құрылымына және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

ҚР СТ 2019-2010 Сүт және сүтті өндеу өнімдері. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ ИСО 1736-2009 Сүт және сүт өнімдері. Майдың құрамын анықтау.

ҚР СТ ИСО 488-2009 Сүт. Құрамында майдың болуын анықтау.

ГОСТ 26809-86 Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережелері, әдістері.

ГОСТ 3622-68 Сүт және сүттен жасалатын өнімдер. Дәмін таңдау және оларды сынаққа дайындау.

ГОСТ 3623-73 Сүт және сүт қышқылды өнімдер. Пастеризацияны анықтау әдістері.

ГОСТ 3624-67 Сүт және сүт қышқылды өнімдер. Қышқылдылығын анықтау әдістері.

ГОСТ 3626-73 Сүт және сүт қышқылды өнімдері. Дымқыл және құрғақ заттарды анықтау әдісі.

ГОСТ 5867-90 Сүт және сүт өнімдері. Майлылығын анықтау әдістері; ГОСТ 9225-84 Сүт және сүт өнімдері. Микробиологиялық әдістері;

Анықтамалар

Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылған:

Сүт - сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін сұйық зат.

Сүт бездері - жануарларда сүт түзетін қос без.

Сүттілік - мал өнімділігінің бір түрі, малдың беретін сүтінің шамасы.

Сүт өнімділігі - сауым маусымында алынатын сүттің мөлшері.

Сүт құрамы - сүтте кездесетін минералды заттар жиындығы.

Сүт ақуызы - сүт сапасының маңызды көрсеткіші.

Сүт майлылығы - сүттің сапасын сипаттайтын, өнімділігінің басты көрсеткіші.

Соматикалық жасушалар - бұл сүт бездерінің ауру жұқтыру жағдайында сүтте көп мөлшерде көбейетін ақ қан түйіршіктері.

Сауу мауысымы - малдың желінінде сүт түзіліп, сауылатын мерзімі.

Селекция - адам үшін пайдалы қасиеттері бар жануарлардың жаңа тұқымдарын, өсімдіктер сорттарын, микроорганизмдер штаммдарын жасау және қолданыстағыларын жақсарту әдістері туралы ғылым.

Сүт безінің қабынуы - ол ауру тудыратын факторлардың әсеріне жауап беретін ағзаның күрделі реакциясы болып табылады.

Қызмет көрсету-сиырдың төлінен келесі ұрықтандыруға дейінгі кезең

Лактациялық қисық - бұл тәуліктік саууды және лактация айларын есепке ала отырып, сиырдан сүт алу динамикасының графикалық бейнесі

Тұқым - жалпы шығу тегі бар және ұрпағына берілетін ерекше экстерьерлік-конституционалды және шаруашылық жағынан пайдалы белгілері бар бір түрдегі үй жануарларының тұрақты тобы

Белгілер мен қысқартулар

Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылған:

г - грамм
кг - килограмм
л - литр
мл - миллилитр
мм - миллиметр
т. б. - тағы басқа
т. с. с. - тағы сол сияқты
а. ө-аз ықтық өлшем
см-сантиметр
млн. - миллион
ҚМСҚ- құрғақ майсыздандырылған сүт қалдығы

ӨК- өндірістік кооператив

УЗКМ-1 - устройство зоотехнического контроля молока

Кіріспе

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаев 2018 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында: Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек, - деп айтқан. Негізгі міндет - еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2, 5 есе көбейту керек деген. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет.

Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу арқылы және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды - тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек.

Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн деп айтқан [1] .

Еліміздің жер байлығы, табиғи-климаттық ерекшеліктері ірі қара шаруашылығын өркендетуге аса қолайлы, таптырмас орта.

Қазіргі уақытта ірі қара шаруашылығы саласында үлкенд-кішілі шаруа қожалықтары мен фермерлердің құрылып, жұмыс істеуі мен техникалық-материалдық жағдайларының жақсы деңгейде болуы, алынатын өнімдердің және сатып алу бағаларының қол жетімді және өзіндік құнның жоғары болуына байланысты бұл сала қарқынды дамуда. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен әлемдегі болып жатқан күрделі экономикалық дағдарыстар мен өзгерістерге байланысты агроөнеркәсіп кешенін дамыту және халықты азық түлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржылық дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, олардың ойдағыдай іске асуына алғы шарттар жасалып жатыр. Өткен жылдарда осы саланы дамытып, ет, сүт өнімін молайтып, сапаны жақсарту мақсатында шетелдерден жоғары өнімді және асыл тұқымды малдар әкелінді [2, 3] .

Еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде отандық сүтті мал шаруашылығы мемлекеттің азық - түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті болуы үшін жоғары өнімді мал басына негізделуі тиіс. Сүтті мал шаруашылығы адамдардың жоғары құнды тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда және тағамдық өнеркәсіпті малдан шығатын шикізатпен қамсыздандыруда маңызды рөл атқарады [4] .

Қазақстан Республикасының АӨК-де, оның ішінде сүтті мал шаруашылығында оң өзгерістер байқалады. Сиырлардың сүт өнімділігін жай ғана арттырып қоймай, сүт сапасын да жоғарылату қажет. Заманауи әдістер мен құрылғылар азықтардың химиялық құрамының көрсеткіштері бойынша малды азықтандырудағы және денсаулығындағы олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді [5] .

Мал шаруашылығының маңызды өнімдерінің бірі - сүт, ол тамақ құндылығы бойынша мал шаруашылығы өнімдері арасында бірінші орын алады [4] .

Жұмыстың мақсаты - қара-ала тұқымы сиырларының сүт өнімділігі мен сүт құрамына жасының әсерін зерттеу болып табылады.

Жұмысты орындау үшін келесі негізгі міндеттер қойылды:

- сиырлардың сүт өнімділігін анықтау;

- сүт құрамын (ақуыз, май мөлшері) зерттеу;

- сүт құрамындағы соматикалық жасушалар мөлшерін анықтау;

- сиырлардың сүт өнімділігі мен сүт құрамына жасының әсерін талдау;

- «Ижевский» ӨК қара ала тұқымы сиырлардың сүт өнімділігі мен сүт құрамына жасының әсеріне байланысты экономикалық тиімділігін есептеу.

1 Негізгі бөлім

  1. Қара-ала тұқымы сиырларының сүт өнімділік қасиеттері

Сүт - бұл ағза үшін қоректік және биологиялық құндылығы бойынша, сіңімділігі мен мән - маңызы бойынша бірегей өнім. Оның өнім ретіндегі құндылығы ақуыз бен оның фракцияларының мөлшерімен, сүт майының жоғарғы нәрлілігімен, дәрумендер мен минералды заттардың болуымен анықталады. Алайда сүт тұтынушы үшін қауіпсіз болған жағдайда, яғни қауіпті бактериялары жоқ, антибактериялық дәрмектерсіз болғанда сапалы болып есептеледі. Сүт шаруашылығының тиімділігі негізінен үш факторға байланысты: олар азықтандыру, технология және селекция. Бұл өзара байланысты факторлардың әрқайсысының әсер ету шектері бар [6] .

Сүт өнімділігі мал тұқымының шаруашылық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады.

Е. В. Щеглов, В. В. Попов [7] сүт өнімділігіне сиырлардың жасы айтарлықтай әсер етеді деп санаған. Біздің зерттеулерімізде құнажындардың сауымы толық жастағы сиырлардың сауымының 75 - 80%, екінші рет бұзаулаған сиырлардың 80 - 90% құрады, яғни жасы ұлғайған сайын сиырлардың сауымы бірте - бірте азайды. Сүттің майлылығы сиыр жасының ұлғайғанымен, орташа есеппен өзгеріссіз де, кейбір сиырларда өсіп, кейбір сиырларда төмендеді, біразында қандай да бір заңдылықсыз өзгеріп отырды, ал жекелеген сиырларда тұрақты болып қалды. Жалпы табынның және әрбір сиырдың сүт өнімділігі азықтандыру мен азық өнімдерінің сапасына, малды күту технологиясына, малдың тұқымы мен физиологиялық жағдайына тәуелді болды [4] .

Сиырлардың сүт өнімділігі - бұл сауым маусымында алынатын сүттің мөлшері мен сапасына байланысты. Сиырлардың сүт бездеріне қанмен түскен заттардан сүт пайда болады. Сүт өнімділік тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын факторлардың әсеріне тәуелді болып келеді. Оларға сиырлардың тұқымы, азықтандыру және бағу жағдайы, жасы және басқа факторлар жатады. І сауым маусымы бойынша сүт өнімділігі көбінесе сиыр ағзасының ұрықтануға қаншалықты дайын екендігіне байланысты. Егер жасы 16-18 айға толмаған, тірілей салмағы ересек сиыр салмағының 70% жетпеген қашарларды ұрықтандырсақ, төліміз әлсіз болып, сиырдың сүт өнімділігі төмен болады. І және ІІ сауым маусымы бойынша сүт өнімділік ересек сиырлардың көрсеткішінен төмен болады. Әдетте І сауым маусымы бойынша көрсеткіш сақа сиырлардың сауым маусымы бойынша сүт өнімділігінің -75% құрайды, ал ІІ сауым маусымы бойынша - 85% [8] .

Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Қара-ала тұқым сиырларының сүт ақуызы 3, 5-3, 5%, оның ішінде: Орта орыс бұтағы бойынша - 3, 4%, Сібір бұтағы бойынша - 1, 5%, Орал бұтағы бойынша - 3, 4%, Литва тұқымдық тобы - 3, 4%, Эстон тұқымдық тобы - 3, 3%, Львов тұқымдық тобы - 3, 4%. Тегене тәріздес не-месе тостаған тәріздес желін индексі 43-45%. Сақа сиырлардың тірілей сал-мағы 540-550 кг. Дене бітімі мықты, шоқтығының биіктігі 130-132 см, кеудесі-нің кеңдігі 45-47 см, тереңдігі 68-70 см, денесінің қиғаш ұзындығы 150-160 см, кеуде орамы 192-202 см, жіліншік орамы 19 см. Еттілігі жақсы. Бұқашығының тәуліктік қосымша салмағы 990-1000 г. Тұқыммал кітабына жазылған бір туған сиырлар 490-570 кг, екі туғаны 501-550 кг, үш туғаны 539-570 кг тартады. Ұлы Отан соғысының алдында Швециядан әкелінген белгілі аталық із бұқаларымен Эстонияның қара-ала сиырларын будандастырып, сүті майлы аталық із бұқалары шығарылды [9] .

Сүттің негізгі сапалы көрсеткіштері ретінде оның құрамындағы ақуызы, майы және құрғақ майысыздандырылған сүттің қалдыктары (ҚМСҚ) саналады.

Сүттің құрамында ақуыздың болуы малдың тұқымына, оның жеке ерекшеліктеріне, сондай-ақ бірқатар факторлар әсер етеді: сиырдың жасы, сауылым кезеңі, буаздылық, азықтану және күтілу жағдайы, сауылуы, беретін өнім деңгейі, бұзаулау мезгілі және т. б. әсер етеді. Осыдан барып осы ықпалдардың әсер етуі жағдайы сүттің майлылығына әсер ету жағдайымен ұқсас. Сүттегі май мен ақуыз арасындағы байланыстан 0, 3-тен 0, 7 дейін кері емес корреляция байқалады. Сиыр сүтіндегі ақуыз деңгейі орташа есеппен 3, 3%-ті, 2, 5-5% дейінгі ауытқуларды құрайды [10] .

Сүт өнімдері - бұл біздің күнделікті пайдаланатын тағам түрлерінің ішіндегі үйреншікті де, дағдылы, сонымен бірге аса құнды, тіпті теңдесі жоқ өнімдер деп айтуға болады. Сүт және кілегей, айран мен қатық, қаймақ және сүзбе, май мен ірімшік тағы басқа сүттен әзірленетін көптеген тағамдар біздің қорегіміздің ішінде маңызды орын алады [10] .

Сиырдың сүт өнімділігі - мал шаруашылығын әрі қарай өсіру және пайдалану үшін негізгі экономикалық және асыл тұқымды сипаттамасы.

Ірі қара малдардың ішінде қара-ала сиыры сүт өнімділігінің жоғары болуына байланысты әлемнің көптеген елдерінде кең таралған. Қара-ала тұқымы сүтті бағыттағы сиырлардың арасында малдың саны бойынша симментал тұқымы сиырларынан кейін екінші орын алады.

Қара және қара-ала тұқымды сиырлар климаттық жағдайларға жақсы бейімделіп, жақсы денсаулыққа ие. Көптеген жасыл жайылымдық жем шөпті, сүрлемді және де пішенді пайдаланады. Әр түрлі ауа-райы климатына тез бейімделеді.

Ресейде және біздің елімізде қара-ала тұқымы барлық өңірлерінде өсіріледі [11] .

Қара-ала - сүт бағытындағы тұқым. Голланд тұқымы мен одан тараған остфриз тұқымдарының бұқаларын жергілікті сиырмен ұзақ уақыт бойы өндіре будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1959 ж. бекітілді. Қазақстанға тың игеру жылдары әкелінді. Қара-ала сиыр - сүтті мол беретін тұқым болып саналады, әрі етінің сапасы да жақсы. Жергілікті жерге тез бейімделеді.

Қазан революциясына дейін қара ала тұқым тек Балтық бойы республикаларында және Саратов губернияларында өсірілген.

Қара ала тұқымының ірі қара ішіндегі орны үлкен. 1925 жылы қара ала тұқым Кеңес Одағында жоспарлы тұқым болып қабылданды. 1930 жылдан бастап Германиядан, Нидерландиядан, Эстониядан, Швециядан әкеліне бастады. Содан былай жыл сайын мал басы көбейіп, әсіресе будандарының саны өсті. Мысалы, 1935 жылы 35475 бас болса, 1936 жылы 316400, 1951 жылы 1182000, 1965 жылы 216709, ал 1974 жылы 1196000 басқа жетті. Немесе 1974 жылдың өзінде жоспардағы тұқым малы ішіндегі үлесі 19% шамасында болды [6] .

Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішінде Қазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Бұл Қазақстанда сүтті бағыттағы тұқымдар арасында төртінші орынды алады.
Алатау сиыры жергілікті қазақ және қырғыз ірі қарасын швиц, кастрома тұқымымен будандастыру жолымен шығарылған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүт және ет өнімділігі қатар ұштастырылған мол өнімді түқымдарға жатады деп есептеледі.

Қара ала ірі қарасы сүтті тұқымға жатқандықтан сүттілігі өте жоғары,
дене бітімі мықты, сырттан қарағанда әдемі және түсі қара - ала. Сиырларының
тірідей салмағы 550-650 кг, бұқаларының 850-950 кг, кейбір бұқалары 1100
кг жетеді, ұша шығымы 50-55%. Бұзауларының туғандағы тірідей салмағы үлкен (32-40 кг) . Төлдерінің өсіп-дамуы жақсы, орташа тәулік салмағы 800-1000 кг дейін өседі. 15-16 айлық тайыншалары 420-480 кг жетеді. Асыл тұқымды мал зауыттарында сиырларының орташа сүттілігі 5500-6700 кг болса, майлылығы 3, 8-4, 0% аралығында, ал сүтінің белогі 3, 15-3, 40%. Аса сүтті сиырлары Ленинград облысы Петров асыл тұқымды мал зауытында шоғырланған. Бұл шаруашылықта 1986 жылы орташа әрбір 1100 бас сиырдан 6861 кг-нан сүт сауылса, оның майлылығы 3, 92% жеткен.

Бұл тұқымның Волга ЕГП-339 атты сиырынан 305 күн ішінде 17517 кг
сүт сауып, оның майлылығы 4, 2% жеткен, ал осы шаруашылықтың Россиянка атты сиырынан 1987 жылы 19162 кг сүт сауылған болатын. Қара ала ірі қара малы Одағымыздың қандай аймағында болмасын жақсы жерсінеді, қазіргі уақытта Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қазақстан т. б. Республикаларда да шоғырланған.

Қара-ала тұқымды сиырлардың сүт өнімділік көрсеткіштері өте жақсы болып есептеленеді. Шығарылатын өнімнің сапасы жоғары деңгейде белгіленеді және көрсетілген сүттің мөлшері жеткілікті үлкен болғанына қарамастан, жоғалмайды [6] .

Митяшова О. зерттеулері бойынша сүтті бағыттағы сиыр өсірудегі басты мақсат барынша аса жоғары сапалы сүт сауу. Сиырдың сүттілігі 305 күнде сауылған және тәулігіне ең көп шыққан сүт мөлшеріне қарай анықталады. Сондықтан сиырдың сауылу мерзімі қысқа болса, ондай сиырдың пайдасы аз. Сиырды сүттілігіне қарай сұрыптағанда оның сауылу кезеңінде шығатын сүтінің өзгеруіне де көңіл аударылады. Мысалы, кейбір сиырдың тәулігіне шығатын ең көп сүті сауын маусымының екінші айында сауылса, содан кейінгі айларда тез арада төмендейді, ал енді біреулерінің көрсеткіші бұған керісінше бірте-бірте көтеріліп, ал сауын маусымының соңғы айларында ғана төмендей бастайды. Сауын маусымында осының соңғысынан ғана мол сүт саууға болады. Сиырдың сүттілігі оның тұқымына, азықтандыру жағдайына, күтіміне, жасына, қоңдылығына, тірілей салмағына, сауылған мерзіміне және уақтылы саууына байланысты болып келеді деп есептеледі [12] .

Ірі қара малдың голштин тұқымдары негізінен қара-ала түсте болады (60%) . Осы түске байланысты олардың өнімділік және конституциялық ерекшеліктері туралы ғалымдар мен мамандардың ойлары әр түрлі. Көптеген зерттеушілер, қара-ала сиырды сүтті бағыттағы деп ой кеседі де, ал салмағы ауырлау қызыл-ала сиырды аралас бағытқа жатқызады. Қара-ала сиырға мамандандырылған Краснодар аймағының «Прогресс» колхозында жүргізілген зерттеушілер бұл мал тобына сүтті бағыттағы малдардың қасиеттері тән және олардың сүт өнімділігі қызыл-ала сиырларға қарағанда жоғары әрі сауын кезеңі ұзақтау. Сүттің майлылығы мен ақуызының көрсеткішінен де қара-ала сиыр жоғары болып, экономикалық жағынан тиімділігін көрсетті. Селекцияда жергілікті қара-ала сиырлардың өнімділік және нәсілдік қасиеттерін жетілдіру мақсатында негізінде шет елдік голштин тұқымды бұқаларды кеңінен қолданылады [13] .

Б. Т. Тулебаев және Б. Т. Кадралиева Батыс Қазақстан облысының қара-ала тұқым сиырларымен жүргізілген зерттеулерінде, қара-ала тұқымының әр сиырынан 5363 сүт өндіріп, оның майлылығы 3, 63% құрағандығын атап өтіп болады, олардың генетикалық потенциалын толық іске асыру үшін күтіп-бағу мәселесіне көңіл бөлу керектігін атаған болатын [13] .

Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша сүт өнімділігінің жоғарылауы нәтижесінде сервис кезеңінің ұзару үрдісі байқалады. Басқа ғалымдардың зерттеулеріне назар аударсақ сиыр бұзаулап оны қайта ұрықтандырғаннан кейін сүт өнімділігі белгілі мерзімге ғана жоғарылайды да, шарықтау шегіне жеткеннен кейін күрт төмендейді [14] .

Сауын сиырдың сыртқы тұрқы созылыңқы, денесі сүйірлеу, бөксе жағы басым жетілген, желіндері үлкен, терілері жұқа болса сүті молдау болады. Мұндай сиырлардың басы кішілеу, нәзік, мойыны ұзын да жіңішке, арқасы түзу, си-рақтары жіңішке келеді. Oсыған орай сыртқы тұлғасының кемістіктерін де ескерген жөн. Ондай кемістіктердің ұрпақтарына да даруы мүмкін. Ол кемістіктерге малдың қайқы белдігі, тар бөкселік, тірсегінің кағысқаны, имек сирақтылығы, тобан аяқтығы, қисық желінділігі, теріс емшектігі және т. б. жатады [11] .

Әлемнің көптеген елдерінде мал шаруашылығы өсіңкілік түрде дамып ке-леді, мал басы артып, өнім өндірісі ұлғайып келеді, үдемелі өндіріс технологиялары игеріліп келеді.

Сонымен қатар әлемде, халықтың азық-түлікке деген қажеттілігі жылдан жылға өсіп келеді. Біздің еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде отандық сүтті мал шаруашылығы мемлекеттің азық-түліктік қажеттілігін қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті болуы үшін жоғары өнімді мал басына негізделгені жөн. Сүтті мал шаруашылығы адамдардың жоғары құнды тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда және тағамдық өнеркәсіпті малдан шығатын шикізатпен қамтамасыздандыруда маңызды рөл атқаратыны белгілі [15] .

1. 2 Қара-ала тұқымы сиырларының сүт құрамы және сапасы

Ұзақ уақыт бойы еліміздегі селекционерлер сиырдың сүт өнімділігін арттыруға және сүттің құрамында майдың мөлшерін арттыруға бағытталған. Сүттің басқа компоненттеріне, атап айтқанда, ақуыз, құрғақ заттар, СOMO, оларға тиісті көңіл бөлінген жоқ, дегенмен, бұл факторлар сүт өнімдерінің өнімділігі және сапасы мен азық құндылығына ықпал ететіні белгілі [13] .

Сүттегі ең құндысы май, ақуыз, сүт қанты, минералдар негізіндегі құрғақ зат болып табылады, сонымен қатар биологиялық белсенді заттар болып келетін витаминдер, пигменттер, гормондар, ферменттер және иммундық организмдер аса құнды болып табылады. Сүттің химиялық құрамын сипаттау үшін құрғақ сүт қалдықтары - СОМО және лактоза ескеріледі. Адам ағзасында лактоза қуат рөлін атқарады және пайдалы микрофлораның дамуына қолайлы орта жасайды [16] .

Жаңа сауылған сүттің дәмі жағымды, аздап тәтті, түсі ақшыл сары. Әрбір малдың сүтінің өзіне тән иісі бар. Оны жабық тұрған ыдысты ашқан уақытта сезуге болады. Консистенциясы бірқалыпты сұйық болады [17] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Сиыр жасының сүттің майлылығына тигізетін әсері
Ірі қараны нормалап азықтандыру. Буаз сиыр мен құнажынды азықтандыру
Шаруашылықтағы голштино - фриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштері
Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында өсірілетін меринос қойларының өнімділігіне әсер ететін экологиялық факторлар
Қоршаған ортада қалыптасқан экологиялық факторлардың қой шаруашылығы өнімділігіне және оның сапасына тигізетін әсері
«Суалған буаз сиырды азықтандыру»
Алиментарлық бедеулік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz