Білім сапасын арттырудағы жаңа оқыту технологиясының маңызы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Абдрахманова Айнұр Баратбаевна СКЖ-102-81

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Бастауыш білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

Мамандығы 5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы
мен әдістемесі

Шымкент, 2020

SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогикалық факультеті

БОПӘ кафедрасы

Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
п.ғ.к., Исманова Р.Ж.
2020 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
:Тақырыбы: Оқушыларды пәнге қызықтыруда көрнекіліктердің рөлі
5В010200 - БОПӘ мамандығы бойынша

Орындаған: Абдрахманова А.СКО-102-71
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Байжуманова Б.С. Бақылау нормасы: Ашимова М.А.

Шымкент, 2020

SILKWAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Факультеті Педагогикалық
Мамандығы 5В010200Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Кафедрасы БОПӘ
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі:
п.ғ.к. Р.Ж.Исманова
2019 ж.

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға
ТАПСЫРМА
Студентке Абдрахманова Айнұр БаратбаевнаСКО-102-71
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Бастауыш білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
ЖОО бойынша "" "" 2019 жылғы № бұйрығымен бекітілген.
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі "" "" 2020 ж.
Жоба бойынша қорытынды мәліметтер
Диплом жобасында (жұмысында) қарастырылуға тиісті сұрақтар немесе олардың қысқаша мазмұны:
1.Кіріспе
2.Әдебиеттерге шолу
3.Әдістемелік бөлім
4. Зерттеу бөлімі
5.Қорытынды
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы . Егемен Қазақстан, 2011 ж.
2. Бабаев С., Қазиева К. Педагогикалық инновациялар мен педагогикалық озат технологиялар -- талапшаң мұғалім еншісі.Бастауыш мектеп. -- 2011. -- № 4.
3.М.М Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы. Бауырластар баспа орталығы, 2002
4.Д.Б.Эльконин,В.В.Давыдов Дамыта оқыту технологиясы, М.П.1990.
5.Ә.Жүнісбеков Жаңа оқыту технологиясы. Алматы: Ана тілі, 1999.

Жұмыстың (жобаның) бөлімдері бойынша кеңес беруші және жұмыстың
дайындау кестесі

Тараулар, бөлімдер атауы, №
Ғылыми жетекші, кеңесші
Тапсырма
ны алған мерзім

Тапсырма берілді
(қолы)
Тапсыр
ма қабылданды (қолы)
Оқушылардың шығармашы -лық қабілеттерін арттыру мақсатында тиімді техноло- гияларды енгізу
п.ғ.к. Байжуманова Б.С.
қыркүйек,
2019

Бастауыш білім беру жүйесін дегі инновациялық техноло- гиялар
п.ғ.к. Байжуманова Б.С.
қазан,
2019

Білім сапасын арттырудағы жаңа оқыту технологияла- рының маңызы
п.ғ.к. Байжуманова Б.С.
қараша, 2019

Жаңа технологияны қолдана отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
п.ғ.к. Байжуманова Б.С.
желтоқсан,
201

Ойын - танымдық іс әрекетті қабылдау құралы
п.ғ.к. Байжуманова Б.С.
ақпан,наурыз
2020

Қорытынды
п.ғ.к. Байжуманова Б.С.
сәуір, 2020

Пайдаланылған әдебиеттер
п.ғ.к. Байжуманова Б.С.
сәуір,2020

8. Диплом жұмысын (жоба) орындау кестесі


Жұмыс кезеңдері
Жұмыстың кезеңдерін орындау мерзімі
Ескерту
1
Диплом жұмысының (жоба) тақырыбын бекіту
қыркүйек,
2019

2
Диплом жұмысының (жоба) дайындау үшін материалдар жинақтау
қазан,
2019

3
Диплом жұмысының (жоба) теориялық бөлімін дайындау (тарау 1)
қараша, желтоқсан, 2019

4
Диплом жұмысының (жоба) аналитикалық бөлімін дайындау (тарау 2)
қаңтар, ақпан,
2020
Практика кезінде
5
Диплом жұмысының (жоба) толық мәтінінің қолжазба нұсқасын аяқтау
сәуір, 2020

6
Диплом жұмысының (жоба) алдын ала қорғауға ұсыну
сәуір,2020
Практикадан кейін
7
Диплом жұмысының (жоба) рецензияға ұсыну
сәуір,2020

8
Диплом жұмысының (жоба) аяқталған нұсқасын (ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензия- сымен) ұсыну
сәуір,2020

9
Диплом жұмысының (жоба) қорғау
мамыр, 2020
МАК кестесіне сәйкес

Кафедра меңгерушісі ____________________ п.ғ.к. Исманова Р.Ж.
Жұмыстың (жобаның) жетекшісі__________ п.ғ.к. Байжуманова Б.С.
Тапсырма берілген күні _________________ 2019
Студент тапсырманы қабылдады __________ Абдурахманова А. Б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Әдебиеттерге шолу
1.1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында тиімді технология енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.2Бастауыш білім беру жүйесін дегі инновациялық технологиялар
2. Әдістемелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
2.1 Білім сапасын арттырудағы жаңа оқыту технологиясының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Педагогикалық шеберлік туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 25
3.Эксперимнттік бөлім
3.1Жаңа технологияны қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
3.2Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттыру жолдары.33
3.3Ойын - танымдық іс - әрекетті қалыптастыру құралы ... ... ... ... .. 35
3.4Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның рөлі ... ... 43

Кіріспе
Әбу Насыр әл - Фараби білім-ғылымның барлық салаларының нег ізін қамтитын ора-сан мол мүра қалдырды. Әлемнің негізгі тұрақтысы - адам. Адамның ақыл - ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дүрыс өсіп өркендей алады. Бақыгты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту бар- лығы да білімділікке байланысты. Шын мағынасындағы білімділік - үлкен адамгершілік сипаты. Оның оқу - білім, тәлім - тәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің қүятын үлкен бір арнасы адам атаулыны гуманистік ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. "Білімді болудеген сөз ол белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болудеген сөз... білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны аоқылы басқа белгісіз нәрселерді ез бетінше аша алады". Ол оқу, білім алу, ғылым адамы болу тәрбие мәсе-лелерімен тьныз байланысты деп көрсетеді. "Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет" - дейді ұлы ұстаз. Ұлы ұстаз адамдардан шындықты, әділдікті талап ететін көреміз.
Ал, түркі тілдес халықтарының аса көрнекті ақыны, ғалым Жүсіп Баласағұни оның ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбегі "Қүдатғу білік" ("Құтты білік") дастаны адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық саяси ережелер мен заңдарды әдет - ғұрыптар нормасын қамтыған:" Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Білімсіз адам - надан топас. Білімді босаға жақта отырғанмен біртіндеп төрге шығады". Нағыз білімділік адамгершілік, имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс, деп тұжырымдайды. Баласағұнның бұл ойлары қазіргі нарық экономикасы жағдайында өмір сүріп жатқан оқушыларға адамгершілік түрғыда парасатты болуды меңзейді.
Қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін жан - жақты зерттеп, ұлттық ағарту ісінің негіздеріне үлес қосқан ғалым, гео - графия қоғамының толық мүшесі Шоқан Уәлиханов халқымыздың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпын мәдени мұра етуді мақсат етті. Оған жетудің жолын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдениетті дамытудан іздеді. Әрине, бүгінгі күнде бастауыш сы - нып оқушыларының жаңа оқулықтарында Шоқан айтқан тәрбиелік - тәлімдік ойлар түгелдей қамтылып, зерделенсе дейміз.
Қазақ халқының ұлы педагогы, қәзақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білуі керек дей келе, "Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені білмей қалса, ол бала кінәлі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі. Ұстаз балаға сабырмен, салмақты қысқа сәйлеу керек, ол әрбір пәнді түсіндіргенде ықыласымен, қарапайым тілмен түсіндіруге тиіс", дейді. Сондықтан, бүгінгі мұғалімнің бойында жоғары білімділік, білгірлік, шыдамдылық, ізденімпаздық қасиеттері болса екен дейміз.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің қырык, үшінші қара сөзіиде: "Адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей...Адам баласы ана-дан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бүл - тәннің құштарлығы ... деп ой түйіндей келе, адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым, ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі..." деген қорытынды жасайды.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге.
Абай оқып - үйрену, білім алу үшін үш нәрсені білу керек дейді:
1.Ықылас қойып тыңдау
2.Тыңдағаныңды бірнеше рет ойда қайталау
З.Ой кеселдерінен сақ болу.
Мұнда оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, білім беру керектіпи айтады.Ақын, аудармашы, данышпан философ Шәкәрім Құдайбердіүлы езінің шығармаларында оқу, білім алу, тәлім - тәрбие туралы өнеге қалдырды. "Мұғалімнің өмірі" деген дастанында ол ой дамытып, данышпандыққа, білімін дамытып ғұламалыққа жету үшін әрбір адам емірге жауап-кершілікпен қарап, талпынып, талаптанып, өздіпнен білім алуға ұмтылу керек екенін баяңдайды. "Бар ғалымның атасы таза ақыл-мен ойлану" - деп білімді ой - санаға сіңіру үшін " таза ақыл" керек екенін түсіндіреді. Бүдан біз бүгінгі күндегі өркениет деңгейінде білім алуға ұмтылып жатқан оқушы-ларды, жастарды таза ақыл - оймен меңгерген білім ғана алға жетелей алады деген ой түжырымдаймыз
Жұмыстың актуальдылығы мен зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:Жаңа технологияны дәстүрлі технологиямен салыстыра отырып, бұрынғы технологияға қарағанда жаңа технологияның теориялық және практикалық маңызы өте жоғары екендігіне көзіміз жетті. Жаңа оқыту технологиясы Егемендік еліміздің жас ұрпағын жан - жақты дамыта отырып тәрбиелеудің, терең білім берудің, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Республикалық озат тәжірибелі педагог - ғалымдардың іс - тәжірибелері мен теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып, білім жүйесінің инновациялық әрекеттерін мектептерде қолданып, жас педагогтарды шығармашылық ізденістерге баулу. ХХI ғасыр лидерлерін дайындау, заман талабына сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейтін жаңа формациядағы ұстаз дайындау.
Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік - эксперименттер модульдық технологияны орта мектептерде, гимназияларда, лицей. колледждерде, жоғарғы оқу орындарында қолдануға болатынын көрсетті. Зерттеулер көрсеткендей, жоғарыда аталған мақсаттарға бағытталуы оқу процесін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын еләір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс 50 бетке жазылған, жаңа технология әдістерін қолданып өткізілген 5 сабақтың өткізу әдістемесі берілген. Пайдаланылған әдебиеттер саны-53

Әдебиеттерге шолу

1.1Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында тиімді технологияларды енгізу

Қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов қазақтың халық педаго- гикасын жан-жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады. "Қазақ" газетінде (1914ж.) жарияланған "Мектеп керектері" деген мақаласында "ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мүғалім. Екінші - оқу ісіне керек қүралдар қолайлы болуы. Қүралсыз іс істелмейді, қүралдар қандай болса, істеген Іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама", - деп оқытудың дидактикалық принциптерін белгілей отырып, оқушының ғылым-білімге үмтылуы, ең алдымен үстазға байланысты екендігін айтады.
А.Байтұрсыновтың ғылым мен мәдениетке, оқу ісіне сіңірген орасан зор еңбегінің тарихтан өшпес орын алатьінын бүгінгі демократиялық дәуірде өмірдің шындығы дәлелдеп отыр.
Ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, психолог, педагог Жүсіпбек Аймауытов 1924 жылы "Тәрбиеге жетекші" еңбегінде, "Мүғалім - үнемі қозғалып. өзгеріп, өсетін, өркечдейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі-жаңадан жаңаны табатын онер.Оқыту, білім беру әдісі үнемі ізденуден туатын Іс - әрекет" - деп атап етеді. Ж.Аймауытовтың бүп пікірін қазіргі қазақ мектептеріндегі оқытушының мазмұнын қайта құру жоніндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасында айтылған "педаго- гикалық процестің сапасын көтерудің" маңызды бағыты - сабақты өткізу тәсілдерін одан әрі жетілдіруде бәсты қағида етіп аламыз.
Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген ата - бабамыз асыл сөздің кестемесін сәби жүрегіне тербеп, ой - санасын адамгершілікке жетеледі. Сондықтан, атадән жас буынға жалғасып келген ар - үят сақтау, мейірімді, инабатты болуды отбасы мен мектептен қалыптастырған жөн. Оқу мен тәрбие егіз, бүлар бір - бірінен бөліп қарауға болмайтын үрдс.
Жоғарыдағы айтылған өнегелі осиеттен түйіндейтініміз, адамның жеке басының және оның бойындағы адамгершілік қунды-лықтардың дамып, жетілуіне білімнің әсері зор екендігі.
Қоғам дамуының жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындагы уақыт тудырған әлеуметтік өзгерістермен белгілі. Мектептің тәрбиелік жұмыстарында жаңа технологиялық негіздердің туындауы тәрбие процесіне жаңа ғылыми - педагоги кал ық кезқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі кезде баланың білім алуына бес түрлі жағдай елеулі әсерін тигізеді:
1. Отбасы (ата-анасы, өскен ортасы)
2. Мектеп (мұғалімдер.оқу-кернекі қүралдары,оқытудың техникалық қүралдары,мектеп жиһаздары мен шеберханалары т.б.)
3. Қоғам (еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдай)
4. Ақпарат құралдары (газет-журнал, теледидар, театр, кино т.б.)
5. Қоршаған орта қүндылықтары (табиғат,экологият.б.)
Бұл бес сала бір-бірімен тығыз байланысты. Ел президенті Н.Э.Назарбаев Рес - публика Білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде, еліміз егеменді және тәуелсіз ел болғанына және нарықтық эко - номика елі болып танылғанына талдау жасап, ғылым және білім саласында тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:
1. Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болғандықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды.
2.Қазақстанда жүріп жатқан аса ауқымцы өзгзрістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін қүру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби біліммен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және Отанын сүйе білу, адамгершілік қасиетін тәрбиелеуі керектігіне мән берді.
3.Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болаіын пробле-
ма - ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты.
"Білімнің негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Бастауыш мектеп - негіздердің негізі" деген қағидалық сөздерді жиі естиміз.
Бастауыш мектептердегі оқу үрдісінде халықтық педагогиканың салт-дәстүрлерін пайдалану мүмкіндігі мол. Мысалы, тілұстарту мақсатымен жаңылтпаштар, логикалық ойлауының мақсатында жұмбақтар, санау дағдыларын қалыптастыру мақсатында санамақтар, тәрбиелік мақсатта мақал-мәтелдер пайдалану. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нүрлырақ болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын күш - білім. Демек, қай елдің болсын өсіп-өркендеуі оның үлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты болмақ.
Оқу дегеніміз - ойлау мен ақыл-ойды дамыту. Оқуға үйреткенде бала оқи отырып, ойлай алатын болуы тиіс. Оқу бала үшін білімді меңгерудің нәзік қүралына және рухани өмірдін қайнар козіне айналуы тиіс.
Жас ұрпақ - біздің өміріміздің жалғастырушысы ғана емес, еліміздің болашағы. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас ұрпақтың ертең қандай адам болып шығатыны ата-аналар мен ұстаздар қауымына тікелей байланысты іс. Демек, бұл, білім мен тәрбиенің егіз екендігін көрсете-тіндігінің дәлелі екеңдігін айтқымыз келеді.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.Білім берудегі ескі әдістердің орнына жаңа әдістер келуде. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық ылуы.
Ғылымға мықтап енген педагогикалық технология ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген. В.П.Беспалько, В.М. Шепель, И.П.Волков, М.Чошанов еңбектерінде педагогикалық дәстүрлі әдістерге сипаттамалар берілген.2
Қазіргі таңда оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені мәлім. Кез келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді. үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
Бүгінгі таңда қолданылып жүрген педагогикалық технологиялардың элемент-терін сабақта пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлықтарын дамытып, ізденімпаздыққа, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасап, білім мен тәрбиені оқушылардың өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудемін.
Оқушыларға сапалы білім берудегі менің алға қойған негізгі мақсатым - оқу-шыға сапалы білім беру, алған білімдерін тәрбиемен ұштастыра білуге үйрету. Сөйтіп болашақта білім негізі қаланған шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:
1. Білім сапасын арттыру, дарынды, қабілетті балаларды анықтау, олардың да-муына жағдай жасау.
2. Әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие, оқыту процесінде ру-хани бай, шығармашылық үйлесімді терең ойлайтын дарын иесін тәрбиелеу.
3.Оқушының даралығын дамыту, психологиялық қолайлықты қамтамасыз ету.
4. Денсаулығын сақтау және қолдау. Осы міндеттерді орындау үшін төмен
дегідей педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді пайдаландым.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа пе-дагогикалық технологияның бірі - дамыта отырып оқыту әдістемесі.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды бір ерекшелігі - сынып оқушыларын "жақсы", "жаман" оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуге ойластырылған, ал қабілетті оқушылардың ізденуіне, зерттеушілігіне, өз бетінше жұмыс арқылы шығарма-шылық деңгейге көтерілуіне жол ашылған.
Осы орайда мен өз тәжірибеме сүйене отырып, "Оқушылардың шығармашылыққабілеттерін арттыру мақсатында тиімді технологияларды енгізу" атты өзекті мәселе бойынша жұмыс жасаудамын.
Шығармашыпық жұмыстың бастамасы -өз бетіндік жүмыс. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттері олардың өз бетіндік жұмыстарын сыз дамыту мүмкін емес.
Өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі -ағартушы ғалым А.Байтұрсынов "Қазақша оқу жайынан" атты еңбегінде "Бала білімді тәжірибе арқылы алуы керек. Мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жүмыстың түрін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беріп оты- руы керек", - деген. Бұдан біз А.Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В. Да - выдов, Л. Занковтың дамыта оқыту теориясына негіз болған өз бетіндік танымдық әрекеттің рөлін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағанын байқаймыз.
Өз бетіндік жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі 3 жұмыс түрлерін жатқыза аламыз:
1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ой-ындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма).
2.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.).
3.Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыт-тағы жұмыстар {өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).
Оқыту үрдісінде жүргізілетін өздік жұмыстардың мазмұны мына талаптарға сай өткізіледі:
- оқушының бұған дейін алған біліміне сай мазмұн құрылады;
- тапсырма түсінікті, мазмұны қызықты;
- орындалу тәртібі мен тапсырма мазмұны бірте-бірте күрделене түседі.
Сабақта өз бетіндік жұмыстарды темендегідей мақсаттарға байланысты жүргіземін:
- оқушылардың өздігінен білімдерін толықтыра. жетілдіре отырып, жаңа білім алады;
- оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдыланады;
- берілген білім пысықталады;
- оқушы білімін тексеру, пысықтау, бақылау;
- шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- сөздік қорын байыту, тілін дамыту.
Өз тәжірибемде "Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясының әдіс-тәсілдерін ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сабақтарында қолданамын.
"Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасының мақсаты - өз бетінше білім алып, көп пікірдің ішінен өзіне маңыздысын ала білетін, біреудің пікірін тыңдай білетін және одан өзіне керектісін алатын, еркін сөйлейтін, батыл өз пікірін қорғап шығатыи адам тәрбиелеу.
Мен өз тәжірибемде қолданған кейбір тәсілдерге тоқталып өтейін. Олар: еркін жазу, Венн диаграммасы. топтастыру, ойлану, жұпта талқылау, тірек сөздер, кейіпкерлерге хат әдістері, екі жақты күнделік т.б.
2. Бағдарлама 3 кезеңді қамтиды:
-қызығушылықты ояту;
-мағынаны ашу;
-ой толғаныс.
I.Қызығушылықты ояту кезеңі бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыру дан турады. Оқушы жаңа ұғымды, түсініктерді, өзінің брынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау", "Ойлану". "Жұпта талқылау'[1], "Болжау" әдістері.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - оқушы белсенділігін арттыру, Дүниетану, ана тілі сабақтарында осы әдістерді кеңінен қолданамын.
Дүниетану (3-сынып) "Адам - табиғат перзенті". "Топтау" әдісін осы кезеңде пайдаландым.
II.Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі - мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушының өз бетімен жұмыс жасап, белсеиділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу әдісінің бірі - ИНСЕРТ. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында Б - білемін, - білмеймін, + мен үшін жаңа ақпарат, ? - мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырады. ИНСЕРТ - оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Ана тілі, дүниетану сабақтарында осы әдісті сөздің мағынасын ашу кезеңінде қолданамын.
Дуниетану (3-сынып). "Туған - туыстардың атауы" тақырыбы бойынша осы әдісті қолдана отырып, жаңа сөздердің мағынасын аштық. Оқушылар мәтінді өз беттерімен оқып шығып, сызбаны толтырады.
Жаңа сөздердің мәнін ашып, түсіну мақсатында бір-бірінен сұрастырып, жұппен талқылайды. Ал жұпта шешімін таба алмай, түсініксіз қалған сұрақтарды, сөздерді өзім түсіндіремін.
III. Ой толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Осы кезеңде оқушы не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өздігінен үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, улкен әлемге енеді. Толғанысты дұрыс, тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең", "Венн"диаграммасының көрсетуі, "Еркін жазу", "Екі жақты күнделік" сияқты әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр, жеңілдігіне қарай лайықтап, қолдануға болады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Салыстыруға арналған тапсырмаларды Венн диаграммасына салып, қызыға толты - рады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. Ана тілі, дүниетану сабақтарында осы әдісті жиі колданамын, Дүниетану (3-сынып. Ауыл еңбегі.) Ой толғаныс кезінде ауыл, қала еңбегін Венн диаграммасын қолдана отырып салыстырдық. Ой толғаныс кезінде қолданып жүрген әдістердің бірі: "Екі түрлі түсініктеме қүнделігі". Оқушылар дәптердің бетін ор-тасына вертикаль сызықпен 2-ге бөледі. Мәтінді оқу барысында сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсірді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақтар бар, т.б. Бөліктін, оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділер жазылады. Ортасына ортақ қасиеттер немесе айырмашылықтар толтырылады.
Әр оқушы мәтінмен танысып күнделікті толтырып біткен соң, топта талқылау ұйымдастырылады. Жеке жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған, әзірлеп келген фронтальды сұрақтарын қойып, жауап алады. Бұл әдіс оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше мең-геруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды.
Ана тілі сабағында "Екі түрлі түсініктеме күнделігі" әдісін мәтінді талдау кезеңінде қолданамын. Мысалы: 3 сыныпта В.Сухомлинскийдің "Қатқан нан", М.Сәрсекеевтің "Рәсім" мәтіндерін өткенде осы әдісті пайдапандым.
"Рәсім" мәтіні бойынша:
Пікір: Маған Қаныштың ойлы да ақылды, тапқырлығы ұнайды. Ол жаяу Мұсаға әлі де саят құруға жарайтындығын айтып, көңілін көтеріп кетті. Ол әншінің жанындағы жалғыз асыл затты алып кеткенде, әнші қандай күйде болатынын сезе білді.
Үзінді: "- Аты менікі болып, заты сізде қалсын, әнші ата. Сауыққан соң менің қаршығамды алып жайлауға келіңіз. Бұйыртса саятты да сонда көрерміз, - деп әншіні риза етіп, оп-оңай құтылып кетті".
Ой толғаныс кезінде жүргізілетін тағы бір тиімді әдістердің бірі - "Еркін жазу әдісі". Мұғалім оқушыдан сабақ бойында құрастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарын ұжымда оқуға болады. Бұл әдісті Қазақ тілі, Ана тілі, Дүниетану сабақтарында қолданамын. Ана тілі пәні бойынша "Жақсы ай мен күндей" бөлімін қайталау сабағында осы әдісті қолдандым. Оқушылар сызбаны өз беттерінше толтырды.
1.Осы бөлімде нені үйрендім? - Ұлы ағартушылар: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихановтың өмірінен үзінділер окыдық. Сазгерлер, әншілер: жаяу Муса, Әміре Қашаубаев, Шәмші Қалдаяқов туралы оқыдық. Атақты күйшілер: Дина Нүрпейісова, Құрманғазы Сағырбаевтың күйлерімен таныстық. Әдептілік, достық, бірлік жайында әңгімелер оқыдық.
2. Нені оқып, білгім келеді? - Абай Құнанбаевтың қара сөздерімен танысып, оқығым келеді. Ыбырай Алтынсаринның еңбек жайында жазған шығармаларымен танысқым келеді.
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Осы жұмыстарды орындау барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіземін:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталып, ұжымда қарым-қатынас орнады;
- оқушылардың үлгерімі жоғарылады;
- өз беттерінше әртүрлі шешімдер қабылдайды, жауапкершіліктері артты;
- ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді;
- шығарма, төрт жол өлеңдер, эссе жазып, сипаттай алатын болды.
Білімді шыңдаудың басты бір жолы-кері есептерді шығару әдістерін пайдалану. Кері есептердіңөзіне тән бірнеше ерешеліктері бар;
А)"Бірдей сандар[1]', "фигуралар", "шамалар" ұғымдары әр қырынан талқыла- нып, түрлі әдістермен шығарылады;
Ә) Шамалар арасындағы өзара кері бай-ланыстар анықталады: есептіңтурамағынасында тауардыңқунын тапса, кері есеп жағдайында оның бағасы және тауардыңсаныанықталады;
Б)Кері есептерді шығару оқушыларды өз беттерімен есеп шығаруға дағдыландырады,
В) Оқушылар 2 - 3 амалды бір мезгілде орындайды. Логикалық ойлау қабілеті дамиды;
Г) Дұрыс және кері есептер құру - ма - тематика пәнін терең түсінуге көмектеседі. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өздігінен жұмыс жасай білуге ынталандырады.
1-4 сынып оқулықтарындағы "Қосу", "Азайту", "Көбейту", "Бөлу", "Жылдам-дық"."Уақыт", "Қашықтық" тақырыптары өзара кері есептер құруға бағытталған. "Кестеден тыс жазбаша қосу мен азайту" тақырыбына өткенде қосуға берілген мысал орындалып болған соң тексеру мақсатында азай - ту амалы орындалады. Нәтижесінде қосу - мен азайту амалдары "өзара кері амалдар" екендігі жайында тұжырым жасалып, есептеу тәсілдерінің ұқсастығы және айырмашылығы анықталады. 3 - сынып математика оқулығының "Мың көлеміндегі сандар" тарауындағы "Қосу мен азайту" тақырыбынан алынған (4 - бет) дұрыстығына көз жеткізу үшін№1 есеп былай талданады. Бірінші қосылғыш 300, екінші қосылғыш 200. ^Қосындының мәні 500. Есептің дүрыстығына коз жеткізу үшін қосу амалына кері амал азайту амалымен тексереміз. Бірінші қо-сылғышты табу үшін қосындының мәнінен екінші қосылғышты азайтамыз. Егер екінші қосылғыш белгісіз болса, онда қосындының мәнінен бірінші қосылғышты азайтамыз.
300 + 200; 500 - 200; 500 - 300.
Яғни, бұл дегеніміз - өзара бірдей үш санның арасында тығыз байланыстың бар екендігін көрсетеді. Көбейту мен белу амалдары женінде де осыны айтуға болады. Көбейту кестесін меңгерген бала белу амалына берілген есептерді қиналмай шығарады. Шамалар "үштігі" арасындағы байланысқа құрылған есептер де (заттың қуны, бағасы және саны, тік төртбүрыштың үзындығы, ені, ауданы) езара кері есептер.
Ойын - ойды өсіреді. Оқушы ойын оятып, қиялына қанат бітірер пәнаралық байланысқа қүрылған "Кім жылдам?", "Ғажайып шаршы" ойындары оң нәтижесін керсетті.
Кім жылдам?
Ғажайып шаршы (24)
Қайталау - оқу анасы. Оқушы білімін тексеру мақсатында төмендегіше тапсырма түрлерін ұсынуға болады:
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі әдістердің орнына жаңа әдістер келуде.
Қазіргі технологияны қолдану- оқушылар ой- өрісінің еркін дамуына, жан-жақты білім алуына шығармашылық жағдай жасау мақсатында сабақты түрлендіріп өткізу болып табылады. Жаңа технологияның төрт түрлі әдісі кеңінен қолданылады:
1.Репродуктивтік(бәріне бірдей берілетін тапсырмалар);
2.Алгоритмдік(ойландыру);
3.Эвристикалық(ізденіп, қосымша әдебиеттер пайдалану);
4.Шығармашылық(ізденіп шығармашылыққа ұмтылу).
Шығармашыл мұғалім оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды сабақта пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Я.А.Коменсқийдің, И.Гербарттың дәстүрлі обьект-субьектілі педагогика- сының орнын басқасы басып, балаға өзін- өзі танытуға дамушы тұлға ретінде бағытталған, бұл оқушы мен оқытушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім сипаттамасы 1-орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Жеке тұлға- бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
-адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы.
-өзіне және өзі мен өзінің, дүниеге және дүниемен қатыстарының жүйесі.
- айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін- өзі жете түсінуі;
- қажеттілік жүйесі;
- шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.(Г.К.Селевко).
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда.
В.П.Беспалько, В.М,Шепель, И.П.Волков,Г.К.Селевко т.б. технологиясымен қатар бүгінгі таңда П.М.Эрдниев,Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы,М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы,П.И. Третьяков, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және т.б. жаңа технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда[1].
Оқыту технологиясының М.М.Жанпейісова әзірлеген нұсқасының ерекшелігі -- оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін(есту, көру, қимыл және т.б.)ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру, өзін - өзі бекіту, қарым - қатынас, ойын, танымдық, шығарма-шылық қажеттіктерін қанағаттандыруғабелсенділік сөздік қорын(ауызша, жазбаша тілінде)дамытуға бағытталуы.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, сондай - ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасу және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын категория. Білім беру сапасын білім беру мекемелеріндегі жастар-ды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни, білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т. б. бойынша анықталады. Білім сапасы мұғалімдердің қызметінің сапасына тікелей байланысты.1
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі әдістердің орнына жаңа әдістер келуде.
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А. Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі обьект- субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде , өзін- өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін - өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл жағдайда педагогикалық үрдістің маңызды құрамы - оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Оқытудың жаңа технологиясы бірінші орынға оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.[2]
Жеке тұлға - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән.
- Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы, қажеттілік жүйесі;
- Айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін - өзі жете түсіну;
- Шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- Сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы т.б.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмт Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.Білім берудегі ескі әдістердің орнына жаңа әдістер келуде.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамытылуы.
Ғылымға мықтап енген педагогикалық технология ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген. В.П.Беспалько, В.М. Шепель, И.П.Волков,М.Чошанов еңбектерінде педагогикалық дәстүрлі әдістерге сипаттамалар берілген.2
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды .
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды .
Бүгінгі қоғам талабына сай білімді, шығармашыл, саналы тұлға гәрбиелеу білім беру жуйесініңбасты мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып - білім берудін, алғашқы сатысы. Бастауыш сыныпта оқу іс- әрекетін ұйымдастыру - жеке жәнө жас ерекшелігіне сәйкес оқушы тұлғасының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың алған білімдерін өздігінен орынды қолдана білуіне, шығармашылық қабілетін, логикалықойлау дағдысын арттыруда бастауыш сынып окушылары арасыңда апталық, онкүндік, кештер мен ертеңгіліктер ұйымдастырудың маңызы зор. Осы мақсатта бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде онкүндік өткізу жоспарланды. Онкүндіктің жоспары құрылып, мақсат, міңдеттері бекітіліп, сыныптарға тапсырмалар белгілеңді:
Дуйсенбі күні ата - аналар мен оқушылардың қатысуымен "Білім иегізі - бастауышта" тақырыбыңдағы онкүңцік салтанатты түрде ашылып, оқушылар жоспармен таныстырылды.
Сейсенбіде "Бояу таңдап аламын, әдемі сурет саламын" бейнелеу өнері пәні бойынша жас суретшілер сайысы өткізілсе, "Өлең сөздің патшасы" тақырыбында Абай мен Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп оқудан оқушылар сайысқа түсті.(3-4 сыныптар).
Сәрсенбі күні қазақ тілінен "Тіл - қазынам", математикадан "Ойлан, тап" такырыбын - да математикалық жұмбақ есептер, ойындар, сөз жұмбақ шешу, тест тапсырмаларын орындауда жүзден жуйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды.{3-4 сыныптар).
Бейсенбіде "Алтын қақпа", "Көңілді тапқырлар клубы" пәндік сайыстар ұйымдастырылды(4-сынып).
Жүма күні 4 - сыныптар арасында "XXI-ғасыр көшбасшысы" сайысы барысында сөзге шешен, тапқыр да алғыр оқушылар анықталып, лайықты бағасын алды.
Аптаның келесі күндері 4-сыныптар арасында жолда жүру ережесіне байланысты "Жол тәртібін білейік, Аман есен жүрейік" тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
Сонымен қатар, 3 - сыныптар арасында "1001 мақал,101 жұмбақ" сайысы және дүниетанудан"Еңбек түбі- зейнет" (4 - сынып), "Зат есімнің тәуелденуі " (3 сынып), математикадан " 10 санынан азайту" (2 - сынып), "Білімді тиянақтау" (2 -сынып), енбекке баулу пәнінен "Ұсақ моншақтардан жасалған гүл" (3-сынып), дуние танудан "Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы" (2 - сынып) тақырыбында өткізілген ашық сабақтарда жаңа акпараттық технологияны қолдана отырып, оқушының қызығушылығын арттыра білдік.
Онкүндік барысында мұғалімдердін іс - тәжірибесінен "Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы'[1], оқушылар шығармашылық жұмыстарынан " Өнерлінің- қолы алтын, Өлеңшінің - сөзі алтын", "Ойлан, тап" атты бұрыш ұйым- дастырылды.
Сондай - ақ "Ең үздік күнделік", "Көркем етіп жаза біл!" тақырыбында , оқушылардын кунделіктері мен дәптерлерінен көрме ұйымдастырылды. Онкүндік соңында дараланып, үздік көрсеткішке жеткен оқушылар анықталып, марапатталды.
Онкүндікті қорыту барысында бастауыш сыныпмұғалімдері мен мектеп психологының қатысуымен өткізілген "Үлгерім сыры неде?" атты дөңгелек үстелде әр түрлі тапсырмалар мен жағдаяттар қарастырылды.
Мұғалімдер мен оқушылар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты, оқушылар ашықтыққа, өз пікірлеріне сенімділікке үйренді.

1.2 Бастауыш білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

Оқытудың инновациялық технологияларын алдымен жете меңгерген, одан соң оны оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазір инновациялық педагогикалық технология ұғымы іс - тәжірбиемізде жиірек қолданылып, практикаға енгізілуде.Ал технология түсіндірмесін сөздікте- қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деп, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жегкізужолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жиынтығы деп түсінемін.Яғни педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.Ал педагогикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттігіөзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы инновациялық технологияны дамыту, практикада пайдалану керек. Ендеше қазіргізаман талабы қажет етіп отырғандай, бастауыш сыныпта жаңаша білім беруде бірінші орынға баланы "жеке тұлға" ретінде алып, оның білім алу арқылы дамуын қамтамасыз ету шарт болып отыр.
"Жеке тұлға" бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
- іс жүзінде асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;
- айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі; қажеттілік жүйесі;
- шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы"Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын тандауда көп нұсқалыққағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагоги- калық процесті кез - келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруғамүмкіндік береді.
Оқытудың тиімділігінарттыру мақсатында жаңа білім жүйесіне сүйене отырып, жаңа оқыту технологиясының өзіндік нұсқасы жасалынды.
Бұлар проблемалық модульді оқыту технологиясы деп аталынып, педагогтар тарапынан көп қолдау тапқан. Бұл технологияның құрылу қағидаларына ДжонБлок, Л.Андер - сен, Джон Керрал, Б.Блумның ғылыми мәпіметтеріне. соның ішінде оқушының психологиялық ерекшеліктеріне, оқушының қызығушылық аясын дамытуға, оқушының танымдық қурылымын дамыту ерекшеліктеріне, Ж.Пиаже, Э.Эриксон, А.Маслоу, Л.С.Выгот - ский, Л.М.Фридманиың еңбектеріне сүйене отырып жасалған. Бұл технологиялар
олардың тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің тууы болып табылады. Осы орайда бастауыш сыныпта оқытудың инновациялық технологияларының бірі - модульдік оқыту технологиясына токталайын.
Модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модулі қайга жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кірюпе, сөйлеу бөлімі, қорытынды бөлімінен турады.
Әр оқу бөліміне сәйкес жасалған модульде сагат саны эр түрлі болады. Бүл оку бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағатсанына байланысты.
Ок,у модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды болімдерге 1 -2 сағат беріледі. Барлық қалған уақьіт сөйлесу бөлімінің меншігіңде болады.
Кіріспе болімінде оқушылар оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат міндеттерімен танысады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оку материалын қысқаша(5-10 минут ішіңде) сызба, кестежәне т.б, сүйене отырып түсіңдіреді. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет кайта қолдануы сейлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) "өсу" бағытымен қарапайымнан - күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипатгағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Сөйлесу бөлімінде сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделірек деңгейде берілген оқу материалын тындау, жазу. көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп кұрылған. Бұл жерде адамның екі сигналдық жүйесін қолдану тұлғаның танымдық қабілеттерін де, танымдық процестерді де дамытуға мүмкіндік береді.Бастауыш сыныпта оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды(топтық, топтық-жеке, жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар} қолдану-оқытудын міндетінің шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оку материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру оқу мақсатында, кейіннен алынған білімді дәлелдеу, жинақтау және бағалау мақсатыңда оқытудың түрлі белсенді формалары қолданылады.
Инновациялық технологиялардың бірі - "Сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясы. "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясы бойынша оқытудағы- басты дамушы тұлға ретінде қарастырылады. Бұл технологиясымен өзім 2001 жылы танысып,2002 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
Математиканы оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы
Оқытуда көрнекілік әдістер
Жобалау әдісі педагогикалық инновацияларды енгізу мен өңдеу тәсілі
Ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттырудағы ақпараттық - коммуникативтік технологиясының рөлі
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Пәндер