Ауданды аналитикалық тәсілмен есептеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрлігі

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ

Министерство

образования и науки

Республики Казахстан

ВКГТУ им. Д. Серикбаева

БЕКІТЕМІН

ФНоЗ деканы

Тунгушбаева. З. К

« »2018 ж

ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДАСТРДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Пәнінен курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

ГЕОДЕЗИЧЕСКИЕ РАБОТЫ В ЗЕМЛЕУСТРОЙСТВЕ И КАДАСТРЕ

Методические указания для выполнения курсовых работ

Мамандықтар: 5B090300 «Жерге орналастыру», 5B090700 «Кадастр»

Оқу түрі: Барлық оқыту формасы

Өскемен

Усть-Каменогорск

2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1Дайындық жұмыстары
3: 5
Кіріспе: 1. 1 «Нұр Қожа» шаруа қожалығының жерінің сипаттамасы
3: 5
Кіріспе: 2 «Нұр Қожа» шаруа қожалығының жерінің ауданын анықтау
3: 6
Кіріспе: 2. 1 Ауданды аналитикалық тәсілмен есептеу
3: 6
Кіріспе: 2. 2 Магистральдың арғы жағында жатқан ауданды есептеу
3: 8
Кіріспе: 2. 3 Ауданды Савич әдісімен есептеу
3: 9
Кіріспе: 2. 4 Ауданды секцияларға бөліп есептеу
3: 11
Кіріспе: 2. 5 Контурлардың ауданын анықтау
3: 14
Кіріспе: 2. 6 Жер экспликациясы
3: 17
Кіріспе: 3 Жобаны жергілікті жерге орналастыру
3: 18
Кіріспе: 4 Қауіпсіздік техникасы
3: 20
Кіріспе: Қорытынды
3: 22
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 23
Кіріспе:
3:

Кіріспе

Геодезия (грекше - «жерді бөлу») - жердің пішіні мен мөлшерін анықтауда, оның бетін планға, картаға түсіруде, жердің қималарын (профиль) жасауда, инженерлік жұмыстарды жобалауда, жүргізуде және пайдалануда қолданылатын әр түрлі өлшеу тәсілдері туралы ғылым. Геодезия ғылымы инженерлік, жоғары геодезия, космостық, су асты, аэрофототопография сынды бөлімдерден тұрады. Бұлардың мақсаты мен міндеті ұқсас болғанымен әрқайсысының өз объектісі, теориясы, есептеу тәсілдері бар.

Жерге орналастыру - жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды, тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған, ҚР-ның жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру барлық жерлерде жүргізіледі. Жерге орналастыру жұмыстары жергілікті атқару органының шешімі бойынша немесе жер иесінің жер пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі.

Жерге орналастыру кезінде әртүрлі геодезиялық жұмыстар орындалады. Олар:

  1. Геодезиялық түсіріс негіздемесін құру. Олар үшбұрыштар тізбесі, полигонометриялық, теодолиттік, тахеометриялық, мензулалық, нивелирлік жүрістер және қималар түрінде болады.
  2. Түсірістер: аэрофототопографиялық, тахеометриялық, теодолиттік, нивелирлік, мензулалық, фототеодолиттік.
  3. План мен карталарды түзету - бұрыннан бар және ескі түсіріс материалдарын пайдалана отырып, план мен карталарды жаңа аэрофототүсіріс нәтижесі бойынша дайындау.
  4. Пландарды түзету - планға (картаға) жер бетінің жаңадан пайда болған объектілері мен контурларын салу және жоғалған объектілер мен контурларды жою.

Аталған геодезиялық жұмыстардың түрлері жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін жер учаскесінің сапалы планы мен картасы болмаған жағдайда орындалады.

  1. Орындалған түсірістер негізінде план мен карталарды дайындау.
  2. Жер учаскелерінің және алқаптардың аудандарын анықтау, экспликация толтыру.
  3. Жобалық пландарды (план мен карталардан жасалған көшірмелер) дайындау.
  4. Объектілерді алдын-ала жобалау.
  5. Объектілерді техникалық жобалау.

10) Жобаны жергілікті жерге көшіруге дайындау (кері геодезиялық есептеулер) .

11) Жобаны жергілікті жерге көшіру.

12) Орындаушы түсірістер. Олар жобаны жергілікті жерге көшірудің дұрыстығын бақылау мақсатында жүргізіледі.

13) Ғимараттардың деформациясын және отырымдылығын байқау. Ғимараттардың мүмкін болатын қиратылуларын ескертуге бағытталған.

Берілген курстық жұмыста әр түрлі жағдайларда учаскенің ауданын анықтаудың тәсілдерін тиімді қолдану, кері геодезиялық есепті шығару және сызбасын сызу, жобаны жергілікті жерге көшіру, жер экспликациясын толтыру, контурлар калькасын сызу, аралық белгілерді сақтауға берілетін актісін және шекараны көшіру (бекіту) актісін толтыру сынды жұмыстар жүргізілді.

1 Дайындық жұмыстары

Курстық жұмысты бастамас бұрын ең алдымен дайындық жұмыстары жүргізілді. Олардың құрамына мыналар кіреді:

а) жобалық жұмыс жүргізілетін шаруа қожалығының топографиялық планын дайындау;

б) жобаланатын жер учаскесін мемлекет меншігінен шығарып, жобаланатын «Нұр Қожа» шаруа қожалығының жерінің сипаттамасы жөнінде анықтамалар жинау;

в) жолдардың енін өлшеп алу;

г) пландық-картографиялық материалдарды толықтырып, жобаланатын ауданмен көрші шекаралас иеліктердің шекарасын белгілеу;

д) топографиялық пландағы жер учаскесінің жобаланатын бетке көшіріп, шекарасын қызыл бояумен басып белгілеу, яғни жұмыстық сызбаны дайындау.

Сурет 1. Шаруашылық жердің планы

1. 1 «Нұр Қожа» шаруа қожалығының жерінің сипаттамасы

Бұл курстық жұмыста «Нұр Қожа» шаруа қожалығының жер учаскесі берілген. Аталған шаруа қожалығы Түркістан облысы, Отырар ауданы Маяқұм ауылында орналасқан. Оның заңды иесі Шымкент қаласының тұрғыны Амангелді Арнұр Амангелдіұлы. Жер көлемі 1850 га

Қарастырылып отырған территорияның жер бедері жазық болып келеді. Территорияның көп бөлігін құмдауытты сұр топырақ алып жатқандықтан егін егуге аса қолайлы емес. Учаскенің көп бөлігін (50 %-дан астам) жайылым және шабындық жерлер (25 %) алып жатыр.

Климаты - шұғыл континентті. Қаңтар айының орташа айлық температурасы -13 0 С, ал шілде айының орташа айлық температурасы +15 0 С Жауын- шашынның жылдық орташа мөлшері 100-200 мм. Оңтүстік-батыстан жиі жел тұрады. Қыста түсетін қардың орташа қалындығы шамамен 10-20 см жетеді.

Гидрография. Берілген шаруа қожалығының территориясы арқылы Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдария өзені территорияның солтүстік бөлігін басып өтеді және батыстан шығысқа қарай ағып жатыр. Шаруа қожалығының территориясындағы ұзындығы 8259 м өзеннің орташа ағыс жылдамдығы 2-3 м/с, енінің орташа мәні 6 м және орташа тереңдігі 1, 7 м тең. Желтоқсан айының бас кезінде қата бастайды және наурыз айында толықтай ериді. «Нұр Қожа» шаруа қожалығына өзеннің 2100 м тиесілі. Орташа ені 2 м тең, тереңдігінің орташа мәні шамамен 0, 5 м құрайды. Ағыс жылдамдығы 1-1, 5 м/с. Аталған өзен суармалы мақсатта қолданылады, сондай-ақ Сырдария өзені ауыз су ретінде де пайдаланылады.

2 Нұр Қожа шаруа қожалағы жерінің ауданын анықтау

Көптеген инженерлік есептерді шешу үшін жер бетінің ауданын білу қажет болады. Учаскелердің өлшемдері мен пішіндеріне қарай аудандар графикалық, аналитикалық және механикалық әдістермен анықталады. Графикалық тәсілде бастапқы берілгендер план мен картадан алынып, аудан қарапайым геометриялық фигураларға (үшбұрыш, төртбұрыш, трапеция) бөліну арқылы анықталады. Механикалық тәсілде аудан арнайы құралдар (палетка) мен аспаптардың (планиметр, картометр) көмегімен анықталады. Бұл курстық жұмыста берілген шаруа қожалығының ауданын аналитикалық тәсілмен есептеу, магистральдың арғы жағындағы жатқан ауданды табу, ауданды Савич тәсілі арқылы есептеу, ауданды секцияларға бөлу арқылы есептеу және контурлар ауданын есептеу қарастырылады.

Ең алдымен шаруа қожалығының ауданы аналитикалық тәсілмен есептелінеді де анықталған аудан ведомоске енгізіледі. Екінші ретте магистральдің арғы жағында жатқан учаскелердің аудандары анықталып, оны аналитикалық ауданмен байланыстыру арқылы шаруа қожалығының жалпы ауданы табылады. Сосын аудан Савич тәсілімен есептелініп, учаскенің жалпы ауданымен байлыныстырылады. Содан кейін аудан жер учаскесін бірнеше секцияларға бөлу арқылы анықталады да, олардың қосындысы жалпы ауданмен салыстырылып, әрбір секцияның түзетілген ауданы есептеледі. Келесі ретте әрбір секциядағы контурлардың аудандары, сондай-ақ кірме контурлардың аудандары анықталып, алқаптардың аудардары есептелінеді де контурлар ведомосі толтырылады және контурлар калькасы сызылады. Ең соңында аталған контурлар ведомосі бойынша жер экспликациясы толтырылады.

2. 1 Ауданды аналитикалық тәсілмен есептеу

Ауданды аналитикалық тәсілмен анықтаған кезде аудан жергілікті жерден алынған өлшемдер арқылы (бұрыштар мен сызық өлшемдері) немесе олардың функциялары бойынша (фигураның координаталары) геометриялық, триганометриялық формулалар көмегімен анықталады.

Егерде өлшеу нәтижесінде тұйық көпбұрыштың төбелерінің координаталары анықталған болса, онда көпбұрыштың ауданын аналитикалық жолмен табуға болады. Ол үшін (1) және (2) формулалар қолданылады:

2Р=ΣX i (Y i+1 -Y i-1 ) (1)

2P=ΣY i (X i-1 -X i+1 ) (2)

мұндағы: Р - аудан, га;

X, Y - төбелердің координаталары, м.

Қарастырылып отырған «Нұр Қожа» шаруа қожалығының шекаралары біреуінен басқасының бәрі түзу сызықты болғандықтан және планда төбелерінің координаталары берілгендіктен, учаскенің ауданын аналитикалық тәсілмен анықтауға болады. Ал шекарасы өзен арқылы өтетін қабырғаның екі төбесі шартты түрде магистраль ретінде түзу сызықпен қосылады. Учаскенің 12 төбесінің координаталары ведомоське жазылып, олардың координаталарының айырмашылықтары есептелінді. Х координатасының айырмашылығы артқы нүктенің координатасынан алдыңғыны алғанға тең, яғни (X i-1 -X i+1 ) формуласымен анықталса, Y үшін керісінше болады: (Y i+1 -Y i-1 ) . Содан кейін (3) және (4) формулалар бойынша көбейтінділер есептелінді:

X i (Y i+1 -Y i-1 ) (3)

Y i (X i-1 -X i+1 ) (4)

Сосын барлық көбейтінділердің суммасы есептеліп, ведомоське енгізілді. Ереже бойынша екі формуламен анықталған көбейтінділердің қосындысы бір мәнді беруі тиіс. Формулада екі еселенген аудан болғандықтан, шыққан қосындылардың мәндері екіге бөлініп, ауданның шаршы метрдегі мәні табылады. Ол гектарға айналдырылып, ведомоське енгізіледі. Аналитикалық тәсілмен есептеудің нәтижесі бойынша «Нұр Қожа» шаруа қожалығының ауданы 13534600 м 2 м^{2} тең болды. Яғни, ауданның гектарға айналдырғандағы мәні 6767, 36 га.

«Нұр Қожа» шаруа қожалығының ауданын аналитикалық тәсілмен есептеу ведомосі кесте 1 көрсетілген.

Кесте 1

Ауданды аналитикалық тәсілмен есептеу ведомосі

Нүкте №: Нүкте №
Координаталар: Координаталар
Айырмашылықтары: Айырмашылықтары
Көбейтінділер: Көбейтінділер
Нүкте №: X
Координаталар: Y
Айырмашылықтары: (X i-1 - X i+1 )
Көбейтінділер: (Y i+1 -Y i-1 )
X i (Y i+1 -Y i-1 )
Y i (X i+1 -X i-1 )
Нүкте №: 1
Координаталар: 2
Айырмашылықтары: 3
Көбейтінділер: 4
5
6
7
Нүкте №: 8
Координаталар: 750
Айырмашылықтары: 500
Көбейтінділер:
Нүкте №:
Координаталар:
Айырмашылықтары:
Көбейтінділер:
Нүкте №: 1
Координаталар: 1525
Айырмашылықтары: 1725
Көбейтінділер: -2525
625
-770625
4101875
Нүкте №: 2
Координаталар: 4325
Айырмашылықтары: 5875
Көбейтінділер: -2800
4575
364
2625000
Нүкте №: 3
Координаталар: 4420
Айырмашылықтары: 1300
Көбейтінділер: 1550
-1125
-3642500
-1715625
Нүкте №: 4
Координаталар: 2750
Айырмашылықтары: 5500
Көбейтінділер: 1675
3150
4356625
-8347500
Нүкте №: 5
Координаталар: 2650
Айырмашылықтары: 5000
Көбейтінділер: 700
-875
385
-2318750
Нүкте №: 6
Координаталар: 1950
Айырмашылықтары: 4275
Көбейтінділер: 1175
-1225
5875000
2388750
Нүкте №: 7
Координаталар: 1475
Айырмашылықтары: 2350
Көбейтінділер: 450
-1325
1923750
1917500
Нүкте №:
Координаталар:
Айырмашылықтары:
Көбейтінділер:
Нүкте №:
Координаталар:
Айырмашылықтары:
Көбейтінділер:
Нүкте №:
Координаталар:
Айырмашылықтары:
Көбейтінділер:
Нүкте №:
Координаталар:
Айырмашылықтары:
Көбейтінділер:
Нүкте №: ∑(2Р)
Координаталар:
Айырмашылықтары:
Көбейтінділер:
15346250
1534250
Нүкте №: Р(м 2 )
Координаталар:
Айырмашылықтары:
Көбейтінділер:
7677125
7677125
Нүкте №: Р(га)
Координаталар:
Айырмашылықтары:
Көбейтінділер:
766, 31
766, 31

2. 2 Магистральдің арғы жағында жатқан ауданды есептеу

Аналитикалық тәсіл арқылы «Нұр Қожа» шаруа қожалығының ауданы толық анықталған жоқ. Өйткені өзен арқылы өтетін шекара шартты түрде сызықты магистраль ретінде қосылғандықтан, магистральдің арғы жағында жатқан учаскелердің аудандары анықталған жоқ. Олар палетка көмегімен анықталды. Ол үшін ең алдымен калькадан параллель палетка жасалынды. Параллель тұтас сызықтар әрбір 2, 5 мм сайын жүргізіліп, олардың ортасынан үзік сызықтар жүргізілді. Сосын учаскенің шеткі нүктелері аталған үзік сызықтарға келтіріліп, циркуль өлшеуішпен барлық тұтас сызықтардың ұзындықтары өлшеніп, ол палетка биіктігіне (62, 5 м) көбейтілді. Осылайша әрбір учаскенің ауданы екі рет анықталып, орташалары алынды.

Магистральдің арғы жағында жатқан учаскенің ауданын есептеу ведомосі кесте 2 көрсетілген. Келесі ретте аналитикалық тәсілмен анықталған ауданға шаруа қожалығының территориясына тиесілі учаскелердің ауданы қосылып, ал тиесілі емес учаскелердің ауданы алынып тасталынды. Осының нәтижесінде шыққан аудан берілген шаруа қожалығының жалпы ауданын береді.

«Нұр Қожа» шаруа қожалығының жер учаскесінің аналитикалық тәсілмен есептелген ауданы 7645, 55 га. Осы ауданға 1 және 3-учаскелердің аудандары қосылып, ал 2-учаскенің ауданы алынып тасталынды. Нәтижеде пайда болған 7527, 50 га аудан аталған шаруа қожалығының жалпы ауданы болып табылады. Магистральдің арғы жағында жатқан учаскенің сызбасы

2 сурет көрсетілген.

1:25 000

Сурет 2. Магистральдің арғы жағында

жатқан ауданның сызбасы

Кесте 2

Магистральдің арғы жағында жатқан учаскенің ауданын есептеу ведомосі

Учаскенің номері
Учаскенің ауданы, га
Учаскенің номері: 1
Учаскенің ауданы, га:

0, 104

Учаскенің номері: 2
Учаскенің ауданы, га:

0, 096

Учаскенің номері: 3
Учаскенің ауданы, га:

0, 012

2. 3 Ауданды Савич тәсілімен есептеу

Сурет 3. Савич тәсілінің сызбасы

Кесте 3 - Ауданды Савич тәсілімен есептеу ведомосі

Квадрат №: Квадрат №
Бос аудан: Бос аудан
Бос емес аудан: Бос емес аудан
Бос ауданның қиыспаушылығы: Бос ауданның қиыспаушылығы
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: Бос емес ауданның қиыспаушылығы
Түзетілген бос аудан: Түзетілген бос аудан
Түзетілген бос емес аудан: Түзетілген бос емес аудан
Толық квадрат: Толық квадрат
Квадрат №: Га
Квадрат №: Ро
Бос аудан: 0
Бос емес аудан: 700
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: 0
Түзетілген бос аудан: 0
Түзетілген бос емес аудан: 700
Толық квадрат: 700
Квадрат №: 1
Бос аудан: 87, 07
Бос емес аудан: 12, 61
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 27
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 05
Түзетілген бос аудан: 87, 34
Түзетілген бос емес аудан: 12, 66
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 2
Бос аудан: 29, 03
Бос емес аудан: 71, 51
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 80
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 25
Түзетілген бос аудан: 28, 23
Түзетілген бос емес аудан: 71, 76
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 3
Бос аудан: 44, 85
Бос емес аудан: 55, 3
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 35
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 20
Түзетілген бос аудан: 44, 50
Түзетілген бос емес аудан: 55, 50
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 4
Бос аудан: 93, 1
Бос емес аудан: 6, 46
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 42
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 02
Түзетілген бос аудан: 93, 52
Түзетілген бос емес аудан: 6, 48
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 5
Бос аудан: 17, 59
Бос емес аудан: 82, 14
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 03
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 30
Түзетілген бос аудан: 17, 56
Түзетілген бос емес аудан: 82, 44
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 6
Бос аудан: 86, 79
Бос емес аудан: 13, 9
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 74
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 05
Түзетілген бос аудан: 86, 05
Түзетілген бос емес аудан: 13, 95
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 7
Бос аудан: 81, 16
Бос емес аудан: 18, 42
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 35
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 07
Түзетілген бос аудан: 81, 51
Түзетілген бос емес аудан: 18, 49
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 8
Бос аудан: 76, 77
Бос емес аудан: 22, 57
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 58
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 08
Түзетілген бос аудан: 77, 35
Түзетілген бос емес аудан: 22, 65
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 9
Бос аудан: 77, 96
Бос емес аудан: 21, 52
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 44
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 08
Түзетілген бос аудан: 78, 40
Түзетілген бос емес аудан: 21, 60
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 10
Бос аудан: 90, 27
Бос емес аудан: 10, 27
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 58
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 04
Түзетілген бос аудан: 89, 69
Түзетілген бос емес аудан: 10, 31
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 11
Бос аудан: 40, 98
Бос емес аудан: 58, 89
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 09
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 22
Түзетілген бос аудан: 40, 89
Түзетілген бос емес аудан: 59, 11
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 12
Бос аудан: 98, 96
Бос емес аудан: 1, 65
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 62
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 01
Түзетілген бос аудан: 98, 34
Түзетілген бос емес аудан: 1, 66
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 13
Бос аудан: 28, 6
Бос емес аудан: 71, 03
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 11
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 26
Түзетілген бос аудан: 28, 71
Түзетілген бос емес аудан: 71, 29
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 14
Бос аудан: 99, 31
Бос емес аудан: 0, 41
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 28
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 01
Түзетілген бос аудан: 99, 59
Түзетілген бос емес аудан: 0, 42
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 15
Бос аудан: 74, 48
Бос емес аудан: 26, 05
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 63
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 10
Түзетілген бос аудан: 73, 85
Түзетілген бос емес аудан: 26, 15
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 16
Бос аудан: 30, 96
Бос емес аудан: 68, 41
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 38
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 24
Түзетілген бос аудан: 31, 34
Түзетілген бос емес аудан: 68, 65
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 17
Бос аудан: 99, 88
Бос емес аудан: 0, 05
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 07
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 01
Түзетілген бос аудан: 99, 95
Түзетілген бос емес аудан: 0, 06
Толық квадрат: 100
Квадрат №: 18
Бос аудан: 74, 82
Бос емес аудан: 24, 68
Бос ауданның қиыспаушылығы: 0, 41
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: +0, 09
Түзетілген бос аудан: 75, 23
Түзетілген бос емес аудан: 24, 77
Толық квадрат: 100
Квадрат №: Σ
Бос аудан: 1232, 58
Бос емес аудан: 1265, 87
Бос ауданның қиыспаушылығы: -0, 53
Бос емес ауданның қиыспаушылығы: 2, 08
Түзетілген бос аудан: 1232, 05
Түзетілген бос емес аудан: 1267, 95
Толық квадрат: 2500

2. 4 Ауданды секциялар бойынша есептеу

Кез - келген жердің ауданын дәлірек анықтау үшін және қателіктер табылған жағдайда оны түзету оңай болу үшін жер учаскесінің ауданын секцияларға бөледі. Аудан екі немесе бірнеше секцияларға бөлінеді және секциялардың шекаралары елді-мекенді жерлердің, суармалы және құрғатылған жерлердің шекараларымен, жолдармен, өзендермен немесе контурлардың шекараларымен өтеді. Секциялардың ауданы бір - бірімен шамалас болғаны дұрыс. Әрбір секцияның ауданы планда 2-3 дм 2 аспауы керек және бір секцияға 200 астам контурлар кірмеуі тиіс. Бір елді-мекеннің ауданын бөлек секцияларға бөлуге болмайды.

Секция аударының қосындысы мен жалпы учаске ауданының арасындағы жіберілуге тиіс қателік (11) формуламен анықталады:

(11)

Қиыспаушылық секциялардың аудандарына пропорциональді түрде кері таңбамен таратылады.

Контурлар калькасында секциялардың шекаралары қызыл тущьпен көрсетіледі. Бөлшек арқылы (алымында) рим санымен секция номері, бөлімінде секция ауданы көрсетіледі. Секция номерлері солдан оңға, жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі.

«Нұр Қожа» шаруа қожалығының жер аумағы екі секцияға бөлінді және секциялардың ауданы MapInfo бағдарламасының көмегімен анықталды. Екі секцияның ауданы бір-бірімен шамалас (Р сек1 =273, 09 га, Р сек2 =403, 57 га) және әрбір секция құрамына алты контурдан келеді. Секциялардың шекарасы жергілікті дала жолы арқылы жүргізілген. Жіберілуге тиіс қателік (12) шамаға тең болды:

га (12)

Жіберілген қателік (13) формулада көрсетілген:

(273, 09+403, 57) -676, 73= -0, 07га (13)

Бұл қателік жіберілуге тиіс болғандықтан, ол оң таңбамен секциялардың аудандарына пропорциональді түрде таратылды. Сәйкесінше секциялардың түзетілген аудандары анықталып, ведомосьқа енгізілді. Секциялар ауданын есептеу ведомосі кесте 4 көрсетілген.

Кесте 4

Секциялар ауданын есептеу ведомосі

Секция №
Есептелген аудан, га
Қиыспаушылық, га
Түзетілген аудан, га
Секция №: I
Есептелген аудан, га: 273. 09
Қиыспаушылық, га: +0, 035
Түзетілген аудан, га: 273, 12
Секция №:
Есептелген аудан, га:
Қиыспаушылық, га:
Түзетілген аудан, га:
Секция №: I I
Есептелген аудан, га: 403. 57
Қиыспаушылық, га: +0, 035
Түзетілген аудан, га: 403, 61
Секция №:
Есептелген аудан, га:
Қиыспаушылық, га:
Түзетілген аудан, га:
Секция №: Σ
Есептелген аудан, га: 676. 66
Қиыспаушылық, га: -0, 07
Түзетілген аудан, га: 676, 73

Сурет 5 Сурет 6

Сурет 4. Ауданды секцияларға бөлу

2. 5 Контурлардың ауданын анықтау

Жергілікті жердің ауданын секцияларға бөлгеннен кейін әрбір секцияның ішіндегі контурлардың аудандары анықталады. Олар негізінде планиметрдің көмегімен анықталады, тек аудандары кішкентай контурларды (планда 2 см 2 аз) палетка көмегімен анықтайды. Аудан палеткамен 2 рет анықталып, екі нәтиженің орташасы алынады. Алайда қазіргі таңда контурлардың аудандары нүктелердің координаталары арқылы ЭЕМ-ның көмегімен анықталып жүр.

Кірме контурлардың аудандары кіріп тұрған контур ауданымен бірге анықталады. Сосын кірме контурлардың жеке аудандары анықталып, негізгі контур ауданынан алынып тасталынады, яғни алқаптың ауданы есептелінеді.

Жер учаскесіндегі сызықтық контурлардың (жол, өзен, бұлақ және т. б. ) аудандарын графикалық тәсілмен анықтайды. Олардың ұзындығын планнан өлшеп алады, ал енін жергілікті жердегі өлшемдер бойынша немесе планнан (егер ені планда көрсетілсе) алады. Сосын ұзындығы мен енін көбейтіп, аудандарын есептейді. Алқаптарды бөліп тұрған және планның масштабында көрсетілмеген сызықтық контурлардың аудандары көршілес орналасқан контурдың ауданымен бірге анықталып, контурдың жалпы ауданынан алынып тасталынады.

Жеке секцияларға бөлінбеген елді-мекенді жерлер бөлек контурлар деп саналады. Осы елді-мекенге қатысты контурлардың аудандары қосымша анықталады және әрбір елді-мекен бойынша контурлар калькасы жасалады. Сондай-ақ әрбір елді-мекенді жер бойынша экспликация толтырылады.

Планның масштабында көрсетілмеген объектілердің (құрылыс, шұңқыр, құдықтар және т. б. ) аудандары 1: 10 000 масштаб үшін 0, 01 га, ал

1: 25 000 масштаб үшін 0, 05 га деп алынады.

Контурлардың аудандары анықталған соң контурлар калькасы сызылады. Контурлардың нөмірі (қызыл тушьпен нөмірленеді) мен ауданы бөлшек арқылы көрсетіледі. Учаскедегі контурлар саны көп болса (планның 1 дм 50 немесе одан да көп контур келсе), әрбір секция бойынша контурларды 1 бастап нөмірлейді. Кірме контурлар кіріп тұрған контурдан кейін нөмірленеді немесе кіріп тұрған контурдың нөмірінен кейін орыс алфабитінің кішкентай әріптері жазылады (мысалы, 1б) . Планда ені көрсетілмеген сызықтық контурлар (жол, өзен, орман жолақтары) контурлар калькасында нөмірленбейді. Барлық контурлардың ауданы бөлшектің бөлімінде, үтірден кейін екі сан арқылы (гектармен) көрсетіледі.

Әрбір секциядағы контурлардың аудандарының қосындысы секцияның жалпы ауданымен салыстырылады. Жіберілуге тиісті теориялық қателік (14) формула бойынша есептелінеді:

(14)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нұр Қожа шаруа қожалығының жерінің сипаттамасы
Ауданды анықтау тәсілдерінің сипаттамасы
Геодезиялық әдіспен шекара қоюдың әдістемелері
Аудандарды анықтау
Механикалық тәсіл
Жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың құрамы
Геодезия
Анықталған интегралда айнымалыны ауыстыру
Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
Анықталған интегралдарды жуықтап есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz