Арнайы мекеме орнының бастығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1. АРНАЙЫ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
5
1.1 Арнайы мекеме қызметінің жалпы ережелері
5
1.2 Арнайы мекеме қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі

6
2. АРНАЙЫ МЕКЕМЕНІҢ ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
11
2.1 Арнайы мекемелерде ұстау тәртібі
11
2.2 Арнайы мекемелерде ұстаудың өзге де тәртіп ережелері

15
ҚОРЫТЫНДЫ
18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
20
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға арналған арнайы мекеме орындары бiр немесе бірнеше ішкі істер органдарына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің бұйрығымен құрылады.
Арнайы мекеме орындарының штаттарын қалаларының Ішкі істер бас басқармасының, облыстардағы ішкі істер бас басқармасы, ішкі істер басқармасының бастықтары Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің жарияланған хабарланған осы мекемелерінің үлгілік штаттарына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған облыстық (қалалық) бюджетте көзделген штаттық санның және қаражаттың негізінде бекітеді.[1]
Арнайы мекеме орындарында осы мекемелер ғимараттарының үлгілік жобасына сәйкес, кем дегенде мынадай бөлмелер:
1) ерлер мен әйелдерді бөлек ұстауға арналған үй-жайлар;
2) санитарлық тазартудан өтпеген, жаңа келіп түскен адамдарды
сондай-ақ ауру адамдарды бөлек ұстауға арналған изолятор;
3) кезекші ауысымға, арнаулы қабылдау орнының бастығына, медицина қызметкеріне, инспекторларға, қызмет көрсетуші қызметкерлерге арналған бөлмелер;
4) жуынатын бөлме;
5) залалсыздандыру камерасы;
6) кептіру бөлмесі;
7) тамақ жылытуға және ішуге, ыдыстарды жууға және сақтауға арналған бөлме;
8) қамауға алынғандардың жеке заттарымен, басқа да шаруашылық
заттарын сақтау қоймасы;
9) санитарлық бөлме.
Арнайы мекеме орындарында тікелей басшылық жасауды жергілікті ішкі істер органдары жүзеге асырады. Олардың жұмысын бақылауды Ішкіісминнің, ІІБ-нің тиісті қоғамдық қауіпсіздік басқармалары (бөлімдері) атқарады.
Арнайы мекеме орындарындағы қаржы-шаруашылық қызметтерін тексеру, көзделген заңға сәйкес жүргізіледі.
Арнайы мекеме орнында ұсталушы адамдарды санитарлық-эпидемияға қарсы қамтамасыз ету қызметін, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне, ІІББ-ІІБ-ғы санитарлық-эпидемиялық станцияларына, ал бақылау мен медициналық қызмет көрсетуді және де оларға методикалық әдістемелік басшылық жасауды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне, ішкіісминінің медициналық мекемелеріне жүктеледі.
Арнайы мекеме орнында ұсталушы адамдарға медициналық қызмет көрсетуді тікелей сол арнайы қабылдау орындарының штаттағы дәрігерлері жүргізеді.
Арнайы мекеме орнының кезекшісі әкімшілік қамауға алынушыларды қабылдау кезінде соттың қамау туралы қаулысындағы тиісті жазбаларды жеткізілушінің жеке басы туралы мәліметтерімен салыстырады, анықтау хаттамасында көрсетілген заттарының бар болуын тексереді.
Әкімшілік қамауға алынғандар камераға орналастырылмастан бұрын тексеріледі. Тексерілуші адаммен бір жынысты адамның және осы жыныстағы екі куәнің қатысуымен тексеру жүргізіледі. Куә тек ішкі істер органына мүдделі және бағынышты емес, олардың қатысуымен жүргізілетін әрекетті толық және дұрыс қабылдауға қабілетті кәмелеттік жасқа толған азаматтар болуы мүмкін.
Алынатын заттарға, нәрселерге, бағалы заттар мен құжаттарға (айрықша белгілері мен нөмірлері көрсетілуімен) белгіленген нысан бойынша хаттама толтырылады. Алынған заттар шкафтарда сақталады, кілті қабылдау орнының кезекшісінде болады. Түбіртектері әкімшілік қамалушының қолына беріледі.
100 адамнан жоғары қабылдау лимиті бар арнайы қабылдау орындарында тіркеу журналының орнына қабылдау орнында әкімшілік жазасын өтеуші адамдарға карточкадан тұратын есептік алфавитті картотека болуы мүмкін. Бұндай жағдайда есеп карточкасынан басқа жаңадан келгендерге тәуліктік есеп ведомосі жасалады.
Арнайы мекеме орнына орналастырылған әрбір әкімшілік қамауға алынушы соттың тұтқындау туралы қаулысы, анықтау хаттамасы, дәрігердің (фельдшердің) тексеріп қарау хаттамасы және әкімшілік қамауға алынушының жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар қосылатын іс жүргізіледі.
Курстық жұмыстың пәні. Жұмыстың зерттеу пәні болып Қазақстан ІІО арнайы мекеме орындарында қызметінің ерекшеліктері болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі. Жұмыстың зерттеу объектісі болып арнайы мекеме орындары табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Ішкі істер органдары арнайы мекеме орындарының қызметін сипаттау, ұймдастыру жолдарын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ішкі істер органдары арнайы мекеме орындарының жалпы ережелерімен танысу;
- Ішкі істер органдары арнайы мекеме орындарында ұстау шарттарын анықтау;
- Арнайы мекеме орындарында ұстау тәртібін қарастыру;
- Арнайы мекеме орындарының өзге де тәртібімен танысу.
Курстық жұмыстың әдістері. Жұмысты жазу барысында логикалық, талдау, синтездеу, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы талапқа сәйкес кіріспе бөлімінен екі тараудан, төрт тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АРНАЙЫ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Арнаулы мекеме қызметінің жалпы ережелері

Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдау орындарына орналастыру оларды қамауға алу туралы судья қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
Арнайы мекеме орындарында тәуліктік кезекшілікті қамтамасыз ететін және ұсталатын адамдардың өз еркімен мекемеден тыс жерге кетуін болдырмайтын режим орнатылады. [2]
Арнайы мекеме орындарында режимді қамтамасыз ету арнайы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.
Арнайы мекеме орындарында ұсталатын адамдарды күзету бойынша қызмет өткеру үшін нарядқа тағайындалатын қызметкерлерге қару берілмейді. Арнайы қабылдау орынынан қашқан адамды ұстау кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару қолданылмайды.
Арнайы мекеме орнына орналастырылған адамдарға "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күш пен арнайы құралдар қолданылуы мүмкін.
Арнайы мекеме орнының әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған адамдармен профилактикалық әңгімелесулер өткізеді, оның барысында қоғамға қарсы мінез-құлықты тоқтату қажеттілігін түсіндіріп, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексімен таныстырады. [3]
Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдау орнына қамауға алу немесе оларды тиісті медициналық ұйымдарға жіберу туралы арнайы қабылдау орнының әкімшілігі бір тәулік ішінде тұрғылықты жері бойынша олардың жақын туыстарына хабарлайды.
Арнайы мекеме орындарында медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы жұмыс мәселелері бойынша арнайы қабылдау орындарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстардың полиция департаменттерінің медицина қызметтері және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.".
Әкімшілік қамауға алынған адамды медициналық ұйымдарға орналастыру туралы арнайы қабылдау орнының әкімшілігі прокурорға және судьяға хабарлайды. Сауыққаннан кейін бұл адамдар, егер судьяның өзге шешімі болмаса әкімшілік қамауға алуды одан әрі өтеу үшін арнайы қабылдау орнына орналастырылады.
Адамды қамауға алуды бақылау арнайы қабылдау орнының бастығына жүктеледі.
Арнайы мекеме орындарын пайдалану әкімшілік қамауға алынған адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін үй-жайлар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Арнайы мекеме орындарының қызметі тоқсанға құрастырылатын және полиция органы бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жоспар бойынша құрылады.
Ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Арнайы мекеме орындарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Арнайы мекеме орындарында:
1) ерлер, әйелдер, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін, санитарлық тазалаудан өтпеген жаңадан түскендер, жұқпалы аурулармен ауыратын немесе ерекше медициналық күтім мен бақылауға мұқтаж науқастар үшін жеке камералар;
2) арнайы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлері үшін кабинеттер;
3) электр плитасы, су қайнатқышы, шкафы, ыдыс жууға арналған үш бөліктен тұратын ваннасы (сыйымдылық) бар тамақ жылытуға арналған бөлме;
4) төсек-орын сақтауға арналған бөлме;
5) жеке заттарды сақтауға арналған бөлме;
6) санитарлық өткізгіш, жуынатын бөлмелер, дезинфекциялау камерасы;
7) кір жуатын бөлме, санитарлық тораптар көзделуі тиіс. [3]
Арнайы мекеме орындарының ішкі қоршалған серуендеу алаңдары, болуы керек, олар сәкілермен, урналармен және дәретханалармен жабдықталады.
Толықтыру лимиті 50 және одан да көп орындары бар арнайы қабылдау орындарында өткізу режимін қамтамасыз ету үшін бақылау-өткізу бекеттері жабдықталады.

1.2 Арнаулы мекеме қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі

Арнайы мекеме орындарының қызметін ұйымдастыру арнайы қабылдау орнының бастығына жүктеледі.
Арнайы мекеме орнының бастығы:
1) бөлініске жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді және оның қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
2) қарамағындағы қызметкерлер мен жұмысшыларды іріктеу, орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) қызметкерлердің қызметтік жұмысын бақылауды жүзеге асырады және арнайы қабылдау орнының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
4) өзінің қызметкерлері мен арнайы қабылдау орны жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және оларды полиция органының бастығында бекітеді;
5) арнайы қабылдау орнының қызметкерлерімен тәрбие жұмысын, қызметтік, жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастырады және өткізеді;
6) әкімшілік қамауға алынған адамдарды белгіленген нормаларға сәйкес үш реттік тамақпен жыл сайын қамтамасыз етеді;
7) әкімшілік қамауға алынған адамдар жаза мерзімін өткерген соң оларды жұмыс, оқу орны бойынша, әлеуметтік қамтамасыз ету органына жіберуді қамтамасыз етеді;
8) қаржыландыру жоспарларын, арнайы қабылдау орнын ұстауға арналған сметаны әзірлейді, оны қажетті құрал-жабдықпен, мүкәммалмен және автокөлікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, үй-жайларды жөндеу және оларда тәртіпті ұстау бойынша шаралар қабылдайды;
9) арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;
10) арнайы қабылдау орнының үй-жайларындағы санитарлық жағдайды, орналастырылған адамдар мен төсек-орынды санитарлық өңдеуден уақтылы өткізуді бақылауды қамтамасыз етеді;
11) ұсталатын адамдардың хаттары мен өтініштерін, арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің іс-әрекетіне шағымдарды қабылдайды және белгіленген мерзімде қарайды, тиесілігі бойынша жолдайды;
12) полиция органының басшылығына арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындау, жылжыту және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды көтермелеу немесе тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді, арнайы қабылдау орнының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беру туралы ұсынымхаттар жолдайды;
13) материалдық бағалы заттардың сақталуына және арнайы қабылдау орнындағы іс жүргізуге жауап береді;
14) арнайы қабылдау орнының қызметінде құпиялылық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді;
15) арнайы қабылдау орнының қызметкерлері мен жұмыскерлеріне демалыстар береді.
Арнайы мекеме орны бастығының орынбасары әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау режимін бақылауды жүзеге асырады, олардың арасында іздестіруде жүрген адамдарды анықтау және олар жасаған қылмыстарды ашу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Арнайы қабылдау орындарында ұсталатын адамдардың арасында жедел-іздестіру жұмысын жүргізу "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бастық болмаған кезде оның функцияларын атқарады. [4, 26 б]
Арнайы мекеме орны бойынша кезекші арнайы қабылдау орнының бастығына және оның орынбасарына бағынады, олар болмаған кезде арнайы қабылдау орнының жұмысына басшылық етеді.
Кезекші:
1) әкімшілік қамауды өткеру үшін арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркейді және есепке алады;
2) оларды жеке тексеруді, суретке түсіруді және дактилоскопиялауды жүргізеді;
3) камералар бойынша бөледі, олардың ішінен камера бойынша кезекшілерді тағайындайды;
4) арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарға тиесілі заттардың, құжаттардың, ақша мен бағалы заттардың сақталуын қамтамасыз етеді және босаған кезде оларды қайтарады;
5) арнайы қабылдау орнының бастығына немесе оның орынбасарына жеткізілген және орналастырылған барлық адамдар туралы баяндайды;
6) арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарды медициналық тексеруді, санитарлық өңдеуді уақтылы қамтамасыз етеді, оларды тамақтандыруды және серуендеуге шығаруды ұйымдастырады;
7) арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдардың барлық шағымдары мен өтініштері туралы арнайы қабылдау орнының бастығына уақтылы баяндайды. Шағымдар, ұсыныстар мен хаттар жазу үшін орналастырылған адамдарға жазу құралдарын береді;
8) орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауын бақылайды, бекет нарядының қызмет өткеруін ұдайы бақылауды жүзеге асырады, орналастырылған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарлайды, ал ол болмаған жағдайда, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады және шұғыл медициналық көмек көрсетеді;
9) сигнализация, байланыс құралдары мен бекет керек-жарақтарының ақаусыз болуын бақылайды;
10) әкімшілік қамауға алынған адамдар босатылған кезде белгіленген үлгідегі анықтамалар береді және олардың құқық бұзушылықтарға жол бермеуіне бағытталған қысқаша профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
11) мынадай құжаттарды: арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарды есепке алу журналын; наряд қызметтерінің кітабын; телефонограммалар кітабын; кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітаптарын; шағымдар мен ұсыныстар кітабын; тексерушілердің ескертулерін жазу журналын; арнайы қабылдау орнының жұмысшылары үйлерінің мекенжайлары мен телефондарының тізімін; елді мекенде орналасқан ішкі істер органы телефондарының тізімін жүргізеді және ақтайды.
Инспектор:
1) әкімшілік қамауға алынған адамдардың істерін жүргізеді, жазалау мерзімін өткерген соң олардың уақтылы босатылуын бақылайды;
2) толықтыру лимиті үлкен арнайы қабылдау орындарында есептік және алфавиттік картотека жүргізеді.
Бөлімше командирі бөлімше жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және қарамағындағылардың тәрбиесі мен оқуы, тәртібі, саптық жинақылық пен жинақы сыртқы келбеті үшін жауап береді.
Бөлімше командирі:
1) бөлімшенің полиция қызметкерлерін оқытады және тәрбиелейді;
2) олардан қызметтік парызын адал орындауды, заңдылықты қатаң сақтауды талап етеді;
3) қызметке түсетін полиция қызметкерлеріне нұсқама жүргізеді;
4) бөлімше полиция қызметкерлерінің есебін жүргізеді және күн сайын олардың қызметінің қорытындысын шығарады.
Бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі - БӨП) бойынша кезекші-полицей арнайы қабылдау орны бойынша кезекшіге және бөлімше командиріне бағынады.
Кезекші-полицей:
1) арнайы қабылдау орнында өткізу режимін жүзеге асырады, әкімшілік қамауға алынған адамдардың аумақтан өз еркімен шығуына және бөтен адамдардың кіруіне жол бермейді;
2) босатылған азаматтарды белгіленген үлгідегі анықтамалар бойынша БӨП арқылы өткізеді;
3) БӨП арқылы өтетін көлікті тексереді, арнайы қабылдау орнына тыйым салынған бұйымдарды өткізуге жол бермейді.
Әкімшілік қамауға алынған адамдарды күзету жөніндегі арнайы қабылдау орнының полицейі арнайы қабылдау орны бойынша кезекшіге және бөлімше командиріне бағынады. [5, 61 б]
Полицейі:
1) бекетке түскен кезде арнайы қабылдау орнының үй-жайларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдарды қабылдайды;
2) арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдарды тексереді;
3) ұсталатын адамдардың мінез-құлқын ұдайы бақылайды, қайтыс болу, өзіне өзі қол жұмсау және денеге зақым келтіру оқиғаларын ескерту бойынша шаралар қабылдайды;
4) арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдардың ішкі тәртіп ережесін сақтауын қамтамасыз етеді;
5) кезекшімен бірге орналастырылған адамдарды күн сайын серуендеуге шығарады, оларға ведомость бойынша тамақ береді;
6) күн сайын камералардың жай-күйін, олардың жарамдылығын тексереді және байқалған ақаулар туралы қабылдау-тарату орнының басшылығына баяндайды, оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;
7) сигнализация мен байланыстың ақаусыз болуын тексереді;
8) әкімшілік қамауға алынған адам сырқаттанған жағдайда, бұл туралы медицина қызметкеріне және арнайы қабылдау орны бойынша кезекшіге хабарлайды.

2. АРНАУЛЫ МЕКЕМЕНІҢ ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Арнаулы мекемеде ұстау тәртібі

Арнайы мекеме орындарында режимді қамтамасыз ету, онда ішкі тәртіпті ұстау арнайы қабылдау орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.
Арнайы мекеме орнының қызметкерлері қызметтік жұмыста ұсталған адамдармен заңдылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жеке бастың ар-намысы мен абыройын құрметтеу қағидаттарына сәйкес қарым-қатынаста болады, сондай-ақ дөрекілік пен немқұрайлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмауды көздейтін өзге де шараларды қабылдайды. [6, 26 б]
Арнайы мекеме орындарының ішкі тәртібін ішкі істер органының бастығы айқындайды және бекітеді.
Арнайы мекеме орнындағы ішкі тәртіп қағидасы әрбір камерада ілінеді.
Кезекші қамауға алу туралы судьяның қаулысындағы тиісті жазбаларды жеткізілген адамның жеке басы туралы деректермен салыстыра тексереді, тексеру хаттамасында санамаланған заттардың бар-жоғын тексереді және Арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу журналында тіркейді.
Арнайы мекеме орнына орналастырылған ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады.
Туберкулездің жұқпалы түрімен, соз және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратын, ерекше медициналық күтімді, бақылауды, жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажет ететін науқастар басқа адамдардан оқшауланады.
Әкімшілік қамауға алынған адамдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің есептері және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің "Ақпараттық сервис" автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі бойынша тексеріледі.
Әкімшілік қамауға алынған адам туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкіне енгізіледі.
Бұл ретте "Адамға арналған ақпараттық-іздеу карточкасы" (А-АІК) толтырылады, онда адам санаты - "әкімшілік қамауға алынған адам", жұмыс желісі - "арнайы қабылдау орны" көрсетіліп және міндетті түрде әкімшілік қамауға алынған адамның суреті ұсынылады.
Толықтыру лимиті 100 адамнан астам арнайы қабылдау орындарында тіркеу журналының орнына арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған карточкалардан тұратын есепке алу картотекасы құрылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда есепке алу карточкаларынан басқа жаңадан келген адамдарды есепке алудың тәуліктік ведомосі жүргізіледі. [7, 64 б]
Арнайы мекеме орнына орналастырылған әрбір әкімшілік қамауға алынған адамға іс басталады, оған қамауға алу туралы судьяның қаулысы, жеке тексеру хаттамасы және басқа да материалдар қоса тігіледі.
Арнайы мекеме орнына орналастырылған адамдарды жеке тексеруді жүргізу, медициналық куәландыру, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі және медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары
Арнайы мекеме орнына орналастырылған әрбір адамды кезекші толық жеке тексереді, медициналық куәландырудан, санитарлық өңдеуден өткізеді, саусақ іздерін алады, суретке түсіреді, содан кейін мұндай адам қолын қоя отырып, босатылғанға дейінгі арнайы қабылдау орнының ішкі күн тәртібімен таныстырылады.
Заттарды тексеру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жеке тексеруді арнайы қабылдау орнының қызметкерлері жүргізеді;
2) жеке тексеруді тек тексерілетін адаммен жынысы бірдей екі куәгердің қатысуымен осындай жынысты адам ғана жүргізе алады;
3) жеке тұлғадағы заттарды тексеру, яғни олардың конструктивтік тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу осы заттардың иесі болып табылатын адамның және екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі;
4) адамда айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін заттар бар деп ұйғаруға негіздер бар болған жағдайда жеке тексеру, заттарды тексеру бұл туралы 24 сағаттың ішінде прокурорға хабарлай отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
5) егер фото және бейнетүсірілім жүргізілсе, тексеру хаттамасында оларды қолданғаны туралы тиісті жазба жазылады;
6) тексеру аяқталған соң жеке тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны толтырған лауазымды адам, жеке тексерілген адам, тексерілген заттардың иесі, куәгерлер қол қояды. Жеке тексерілген адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жазылады. [8, 16 б]
Арнайы мекеме орнына орналастырылған адамға "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дактилоскопиялық карта толтырылады және оның бір данасы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлінісіне жолданады.
Арнайы мекеме орнына орналастырылған адам оң жақ, сол жақ бейінде және бойын толық көрсете отырып суретке түседі.
Әкімшілік қамауға алынған адамда дене жарақаттары және денсаулыққа зиян келтірудің айқын белгілері бар болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі
Бұланды ауданындағы халық санағының қорытындылары мен маңыздылығы
Тергеуді жоспарлау
КӘСІП ОРНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ
Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Әкімшілік жүйесінің жобасы
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Мемлекеттік тілде іс жүргізу: Оқу құралы
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері
Пәндер