Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын грамматикалық ойындар
№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында
грамматикалық ойындарды қолдану
Білім алушы: Қалдыбек Ә.Ғ
Мамандығы:
Бастауышш білім беру
Біліктілік:
Мамандығы: Бастауыш білім беру мұғалімі
Топ Ш-43
Беттер саны:
Алматы 2021 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.1 Оқу процесінде грамматикалық ойындарды қолданудың маңызы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
0.2 Оқу процесінде ойындарды қолданудың психологиялық және педагогикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1 Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын грамматикалық ойындар 16
2.2 Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды іріктеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Практикалық бөлім . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің болашағы, ертеңі болар жас жеткіншектерді ертеңгі қоғам талабына сай етіп саналы, білімді, тапқыр, тәрбиелі, мықты азамат етіп тәрбиелеуде білім беру жүйесіне үлкен талаптар қойылуда. Сондықтан ең алдымен білімнің бастапқы негізі қалыптасып қаланатын орны ол бастауыш сынып. Сол себепті бастауыш сыныптарды оқыту мен тәрбиелеу ісі әрдайым назардан тыс қалған емес. Оқу үдерісіне назар салатын болсақ білім беру барысныда оқушыларға дәстүрлі түрде сабақ беру олардығ сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп қана қоймай, білімді игерулерін және қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына сабақ өту барысныда түрлі жаңа оқыту әдістерімен қатар оқыту формаларын өзгертіп отырып қолданған жөн деп педагог ғалымдар өз еңбектерінде айтып өткен болатын. Сол себепті сабақ өту барысныда оқушылардың қызығушылығын арттырарлық, оқушыларды белсендірек ете түсетін әдіс-тәсілдерді, ойын түрлерін қолданған ұтымды болады. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі сабағын оқыту барысында бәрінің бірдей оқуға, тілін, ойлау қабілетін, сабақты меңгеруін, өз пікірін еркін жеткізу үшін грамматикалық ойындарды қолданудың өзіндік пайдасымен қатар көмегі бар.Грамматикалық ойындар - оқушыларды шығармашылық тұрғыда дамытып қоймай, алған білімін пысықтап бекәтуге көмектеседі. Оқушы сабақ барысында грамматикалық ойындарды орындау арқылы тапқырлыққа, шапшандыққа үйренеді, теориялық білімдерін есте сақтай отырып тәжірибе жүзінде болашақта қолдана алады. Грамматикалық ойындар көп жағдайларда ұжым ішінде орындалатындықтан оқушылар арасында ұйымшылдық, бір-біріне деген сыйластық, сенім, адамгершілік қасиеттер қалыптасады. Оқушының болашағы білім алып меңгеру. Сондықтан осы тұрғыда басты талап бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылады. Себебі білімнің алғашқы сатысы осы бастауыш сыныпта басталады. Оқушының қабілетін аша білу, білімге баулу, адами қасиеттерді бойына сіңірту барысында әрбір ұстаздың атқарар еңбегі зор. Ал осы қабілеттерді ашу ең алғаш ұстазының атқарған қызметтерінен бастау алады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері әр сабаққа шығармашылық әдістерді пайдаланып, ұтымды әрі тиімді болатындай әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Сол себепті оқыту үдерісінде қандай әдістерді пайдалану арқылы балалардың дамуына көмек бере аламыз және қалай жетілуіне жәрдем береміз деген ой әрбір мұғалімде болады. Бұл ой қазақ тілінің мұғалімін айналып өтпейді. Осыған байланысты бүгінгі күнде оқушылардың жас ерекшеліктеріне назар аудара отырып олардың ойлау мүмкіндіктерін, қабілеттеріне сай келетіндей және білім сапаларын арттыратындай әдіс-тәсілдер,грамматикалық және басқа ойын түрлерін пайдалану қажет.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Зерттеудің негізгі теориялық негізі қазақ тілі сабағын оқыту теориясы және технологиясы, сонымен қатар педагогика, психология ғылымдарында зерттеуші және ғалымдардың қазақ тілі туралы және қазақ тілі сабағынада ойындарды соның ішінде грамматкиалық ойындарды қолдану туралы зерттеудегі нәтижелеріне сүйену болып табылады. Осы бағыттағы шетел, орыс, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің тың бағыттағы зерттеулерінде басшылыққа алынған қағидалар зерттеудің бастау алар негізі болып саналады. Атап айтсақ, Ы.Алтынсарин, Я.А.Коменский, Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Д.Б.Эльконин, С.Б.Бабаев, Р.М. Қоянбаев, Т.Сабыров, М.М.Мұқанов, С.Рахметова, Б.Нарқұлова т.т. оқу-тәрбие мәселесімен айналысқан ғалымдардың ұсынған пікірлері басшылыққа алынады. Зерттеудегі теориялық негізі бүгіндегі оқыту педагогикасының қол жеткен табыстарын толық пайдалана отырып, озық ғылыми зерттеулердің практикалық нәтижелеріне сүйену болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білімін арттыруда грамматикалық ойындарды қолдану және тәжірибе барысында тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
Қазақ тілі сабағы барысында оқушыларға сапалы білім беруде граммтикалық ойындарды қолдану теориялық тұрғыда негіздеу;
Грамматикалық ойындардың баланың дамуына беретін мүмкіндіктерін анықтау;
Грамматикалық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру, ойлау өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту, білім саласын арттыру;
Зерттеу бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу.
Зерттеу нысаны: Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білімін арттыру үшін грамматикалық ойындарды қолдану үрдісі.
Зерттеу пәні: Қазақ тілі сабағында оқушылардың білімін арттыруда грамматикалық ойындарды қолдану.
Зерттеу әдістері: Қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолдану арқылы талдау жасау, салыстыру, қорыту.
Жұмыстың құрлымы: Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдалған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқу процесінде грамматикалық ойындарды қолданудың маңызы
Қоғам дамыған сайын көптеген өзгерістер пайда бола бастайды. Сол секілді қоғам дамыған сәттен бастап ғылымның және техниканың дамуы да алға қарай қадам басады. Ғылым мен технология дамыған сайын мектептегі оқыту үдерісінде де өзгерістер пайда болып жаңа әдістерді қолдануға алып келеді. Өзгерістер болуының берер пайдасы көп. Себебі білім беру жүйесіндегі өзгерістер олар оқушының білімін арттырып қоймай, ойлау өабілетін жақсартады. Сана-сезімімен қатар тұлғалық дамуы, жан-жақты дамып қалыптасуына алып келеді. Оқушының жан-жақты дамуына, қазіргі заман талабына сай білім алуы бастауыш білім беру стандартында айтлған. Себебі қазіргі білім алып жатқан әрбір жеткіншек ертеңгі біздің еліміздің болашағы, еліміздің даму деңгейінің себепкері деп айтсақ қателеспейміз.
Қазіргі кезде қазақ тілі сабақтарынада тиімді ұйымдастырумен қатар, оқушыларды шығармашылық тұрғыда дамытып, оқушының білімге деген көзқарасынғ ізденімпаздығын, танымын, білімәін саналы түрде игеруін қолданып жатыр. Әрбір оқушының өзіндік бір ерекшелігі, қызығушылығы болады. Сол себепті қазақ тілі сабағы немесе одан бөлек пәндерді оқыту барысында мұғалім әр оқушыға ерекше көңіл бөліп аша біліуі қажет.
Оқытудың мәні оқушының қызығушылықтар негізінде құрылуы тиіс. Әр сабақта мұғалім қандай әдісті қолдануы өз еркінде. Ең алдымен ұстаз үшін тиімді әдіс ол ұстаздың меңгерген әдісі деп айтылып жатады. Бірақ бұл мір ғана әдісті меңгеріп қана қоймай өзін әрі қарай дамытып отыруы қажет. Барлық тақырыпта және пәндерде бір әдісті қолдана беру бұл оқугыны зеріктіріп қана қоймай сабаққа деген қызығушылығын жоғалтып алуы ғажап емес. Ал әрбір сабақта ерекшеленіп түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану бұл мұғалімнің шеберлігін жоғарлата түседі. Бастауыш сынып оқушыларында негізгі оқыту әдісі ретінде ең алдымен ойын арқылы оқыту болып саналады. К.Ушинский: Бастауыш сыныпта оқымайды, ойнайды, бірақ ойнау арқылы ой өрісін дамытады, - деген екен.
Көптеген педагогтер ойын үдерісін көне заманнан бері қолданып келе жатыр. Сол себепті ойынды сабақ барысныда әдіс ретінде қолдану бұл жаңа дүние деп атауға келмейді. Ойын әдісін қолдану арқылы сабақтың тартымдылығын, әсерлігін көрсетіп қана қоймай , оқушының сабаққа деген белсенділігін, ынтасын күшейтуге болады.
Ы.Алтынсарин еңбектерінде грамматикалық ойындар туралы ешқандай мәлімет берілмесе де, оқу барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жаңылтпаштар, жұмбақтар т.б кеңінен қолданған.
Қазақ тілін оқыту ісіне назар аударған педагогтердің бірі - Мағжан Жұмабаев.Ол: Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады, ойын балаға бір - жұмыс десе, С.Торайғыров: Балалықтың қанына ойын азық, деп ұстаздардың назарын грамматикалық ойындарға аударуға тырысқан секілді.Ұлы ақын Абай атыамыздың өзі ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? - деген пікірне назар аударатын болсақ ойынның бала өмірінде маңызы зор екендігін айта аламыз. Ал бастауыш сынып оқушылары ойын жасындағы бала болғандықтан сабақтың көпшілігінде ойын әдістерін қолдану дұрыс шешім. К.Ушинский: ойын баласын ойын үстінде үйрет деген сөзінде де үлкен мән жатыр.
Қазіргі ғалымдардың және әдіскерлердің пікіріне сүйенетін болсақ грамматикалық ойын арқылы біз оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ұйымшылдыққа, ойлау қабілетінің бір арнаға ауып, дамуына және ізденімпаздық қабілетінің дамуына көмек береді.
Ғалым Н.Оралбаева: Қазақ тілі сабағында біріңғай жаттығу жұмыстарын орындай беретін болса оқушыларды жалықтырып алады деген. Сондықтан сабақ барысныда тек қана сергіту сәтінде ғана емес тақырыпты меңгерту үшін және сабақтың мақскатына қол жеткізу үшін грамматикалық ойындарды қолдану қажет. Ойын арқылы оқушының сабақта зерігуінен сақтанып қана қоймай оқушы тілінің дамуына да көмегі өте зор. Осы грамматикалық ойын арқылы оқушының өз пікірін айтуға үйренетін болады.
Бастауыш сынып оқушыларына білім беру барысында грамматикалық ойындардың алатын орны ерекше. Грамматикалық ойындар арқылы берілген тақырыпты түсәіндіру барысында және бекіту мақсатында, оқушылардың тіл дамуына да өзіндік бір пайдасы бар. Оқушылардың ойлауын, шапшаңдығын, тапқырлығын дамытуда грамматикалық ойын маңызды рөлде.Грамматикалық ойындар арқылы қазақ тілін үйрету оқушылардың тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуіне, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге болады.Мұның себебі, оқушыларға тілдің грамматикалық, фонетикалық және лексикалық заңдылықтары мен ережелерін үйретумен қатар, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында туындап отыр.Сондықтан, бастауышта қазақ тілін ойындар арқылы меңгерту барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:
- оқу жоспарына сай оқыту процесінде ойындардың әртүрлі жолдарын қолдану жолдары;
- танымдық ойындардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;
- оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;
- ойындар жүйесі арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;
- ойындарды оқушылардың танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;
- оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;
- ойындар жүйесі арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;
- қазақ тілі заңдылықтары мен ережелерін грамматикалық ойындар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.
Сабақ барысында алған білімдерін практика жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытады.Тілді оқытуда ойындардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ойындар әртүрлі ситуациялар арқылы жүзеге асады.Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруге, өткенді қайталауға, пысықтау сабақтарында падаланылады.
Оқушылардың грамматикалық дағдысын қалыптастырып, қазақша тілін дамытуда халық ойыны санамақ, жаңылтпаш, мақалдарды ұтымды пайдалануға болады.Сол сияқты қазақтың ұлттық ойындары Бәйге, Қыз қуу, Қоржын, Ханталапай ойындарын салт-дәстүр, ғұрыпқа байланыстырып, мағынасын, мазмұнын жете түсіндіріп, түрлендіріп қызықты өткізу әрбір мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты, баланың ақыл-ойының дамуынасө және здік қорының баюына, қисынды ойлау қабілетінің дамуына қазақ халық педагогикасының қоржынында жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтар бар. Осындай өзіміздің ұлттық ойындарды және ұлттық жәдігерлерімізді баланың психологиясына, жас шамасына және жеке басының ерекшеліктерімен қарай отырып оқу үрдісінде ойындарды дұрыс әрі өз орнымен пайдалану әрбір мұғалім өзінің үлесіне тиімді тәсңл ретінде пайдаланса болады. Өзіміздің халқымызда осынша керемет дүниелер тұрғанда баларды дамытуда өзімізге тиімді етіп дайындап алсақ болады.
Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Себебі, халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған.
Халық даналығы - мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жазушылардың, шешендердің сөздері, толғау, өсиет сөздері арқылы баяндалып отырған. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі - ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор. Сондықтан қазақ тілін грамматикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін де кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдылыққа, адалдық пен кішіпейілділікке, ибалық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады
Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған. Ойынның оқу үрдісіндегі маңыздылығы жөнінде Я.А.Коменский былай деген екен: мектепке - ойынға асыққандай бар, ол сондай ғанибет. Ал ХVІІІ ғасырда Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.Ойынның теориясы мен маңыздылығы К.Д. Ушинский мен П.Ф.Лесгафт та өз үлестерін қосқан. Тәрбиеде және оқыту барысында ойынның өз алатын орнын В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да атап көрсеткен.Сабақ барысында ойынның басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры артады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, сабақ барысында берілген материалды берік меңгерту. Сондай-ақ, ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі. Ойын үстінде оқушының түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде атап көрсеткен.Сол сияқты бала өміріндегі ойынның алатын маңызды орны туралы педагог Мағжан Жұмабаев та өз көзқарасын қалдырған. Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе. Ойын барысында бала өзін қоршаған орта туралы алған білімін пайдаланады. Ойын кезінде бала терең әсер алып, үлкен белсенділік көрсетіп, қисынды ойлау қабілеті күшейеді. Ойынды баланың тілін дамыту үшін де пайдалану керек деп баса айтқан. Сол себепті баланың жан-жақты дамып жетілгенін қалайтын болсақ ең алдымен оның жас ерекшеліген назар аудару қажет. Ал бастауыш мұғалімі үшін қандай болмасын сабақты өту барысында ойында қолданған жөн. Себебі бастауыш сынып балаларының барлығы ойын жасындағы балалыр. Ал қазақ тілі сабағында грамматикалық ойындарды қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, тілдіңк қорын және шығармашылық тұрғыдан дамытуға болады.
Бірақ әрдайым бір тәсілді қолдана беру немесе бір ойын түрін сабақ барысында қолдана беретін болса оқушыны зеріктіріп алып, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылығын жоғалтып алуымыз мүмкін. Сол себепті мұғалім әрдайым бір тәсілді қолдана бермей арасында жаңашылдық орнату қажет. Сол арқылы оқушының сабаққа деген ынтасын және қызығушлығын арттырып, дамытуға болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. Ой - ойыннан басталады десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі - ойын.
0.2 Оқу процесінде ойындарды қолданудың психологиялық және педагогикалық сипаты
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хайенгтің Ойыншы адам, Д.Б.Элькониннің Ойын психологиясы, Эрик Берннің Адамдар ойнайтын ойындар атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары және Қазақстандық ғалымдар да үлестерін қосты. Бастауыш мектептерде пәндер оқытылып жетілдірудің жаңа технологиясын өзгертудің жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін зерттеу жұмыстарын сараптауда берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігін байқайды. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті.
Бастауыш сыныпта оқушылардың психологиялық таным үрдістерін дамыту үшін қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолдану тиімді. Ойындарды қолдану арқылы оқушылар грамматикадан алған білімдерін санада меңгеріп бекітеді, шапшаңдық дағдысын қалыптастырады.Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, объектіні қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайдан айыра алмайды.Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. Зат, сын, қимыл т.б.с.с. сөздер олар үшін дерексіз болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды, немесе бастауыш сынып оқушыларына ұйықтау, қайғыру, ойлау сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөзің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда, бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір - бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс - тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді Мұнда грамматиканың әдістемесі педагогика мен психология ғылымының деректеріне сүйенеді.Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зертеу арқылы анықтай отырып, балаларды ақыл-ой әрекетін үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі. Осыған орай, қазіргі кезде әдістеме балаларға сауатты жазуды меңгерудің анағұрлым тиімді әдіс-тәсілдері мен жолдарын зерттеуде, яғни ережені білуден сол ережеге сай, баланың бойында дағды, шеберлік жасалатындай жаттығу жүйесін белгілеуді талап етіп отыр.Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастаған бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, бұларды тілге үйрету барысында грамматикалық ойын түрлерін қолданудың маңызы зор. Грамматикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырады, тапқырлыққа, жылдамдыққа, байқағыштыққа баулиды. Ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, шығармашылық және танымдық қабілетін ұштайды.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында грамматикалық ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Қазақ тілі сабақтарында мұғалім грамматикалық ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде ұтымды пайдалана алады.Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Д.Б.Шмаков және т.б.).
Ойын тәсілдері таным қызметінің эмоционалды және тиімді жаңа жақтарын біріктіреді. Бұл - бала үшін табиғи дұрыс тәсіл. Ойын кезінде бала өзінің нақты тынысын, шынайы табиғатын танытады. Бұл оқушының оқуға деген ынтасын арттырып, ойлау қабілетін, қиялын дамытады. Ойын - шығармашылық ізденіске жол бастайды, қабілетін қалыптастырады.
Бұл жерде белгілі ғалым, психолог Д. Б.Элькониннің айтқаны ойға оралады: Ойын - баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге, бағалауға үйренеді.
Бастауыш мектеп жасындағыларға арналған ойындарды зерттеген іргелі еңбектердің бірі - Д.Б.Элькониннің Ойындар психологиясы деп аталады. Онда ойын әрекеті жөніндегі теорияның негізгі материалдары қамтылып, түрлі ойын теорияларына талдау жасалынады [15]. Отандық психологияда қалыптасатын ойын ұғымдары теориялық және эксперименттік жағынан негізделген. Сонымен қатар, бала психологиясының дамуы үшін ойынның атқарар маңызын да көрсетеді.
Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келетін ойын іске асырады дейді. Ал М.Лазурс жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойынның теорияларын жасады.
Италян оқымыстысы Д.А.Колоца балалар ойынын жүйелеуге тырысқан. Д.А.Колоцаның Балалар ойыны, олардың психологиялық және педагогикалық маңызы атты еңбегі бар.
К. Гросстың да әлемге танымал ойын теориясы ХХ ғасырдың бірінші жартысында кең тараған. Оған жалпы сипаттама бере отырып, К.Гросс оны Жаттығулар теориясы немесе өзін-өзі тәрбиелеу деп атады.
Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері А.Фрейд, К.Роджерс, Д. Леви, Д.Тафт және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.
Ойын әрекеттерін оқыту үрдісіне қолданудың тиімділігі, әлеуметтік - психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педагогикалық әдебиетке жеткілікті (Вербицкий А.А., Пахомов Ю.В., Бедерханова В.И. және т.б.).
Егер адам өмірінде қарым - қатынас жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі дәлелденсе, (Л.И.Божович, А.В.Запорожец, М.И.Лисина, А.А.Люблинская, Х.Т.Шерьязданова және басқалары), онда қарым-қатынас дара түрде қарастырылып, оны жетілдіру әдіс-тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан, балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды қарым-қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі.
Л.В.Артемова, В.Ф.Кушина, Р.А.Иванкова, И.Б.Теплицкая, Е.И.Щербакова зерттеулерінде ойын әрекетіне қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді балалардың өз қатарластарымен және ересектермен қарым - қатынасты тиімді жасаудың алғышарты деп қарастырылады.
Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд ІІ-ші дүниежүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған. Егер бала өзінің қайғы-мұңын ойында көрсете алса, онда ол қорқыныштан арылады және оның басынан кешкені психологиялық жарақатқа айналмайды.Ойын арқылы әсер етудің дамуындағы екінші ірі бағыт 30-шы жылдары Давид Левидің жұмысының шығуына байланысты пайда болды. Д. Левидің жұмысында алдын-ала құрылған ойындармен әсер етудегі қандай да бір психологиялық жарақат жағдайды басынан өткізген балалармен жұмыс істеу кезіндегі әсер ету жайлы ойлар дамыды. Д.Леви ойын балаларға әсер ету мүмкіндігін береді деп сендіруге ықпал жасады.Джесен Тафт пен Фредерика Аленнің көңіл қою ойыны деп аталатын зерттеулерінің шығуымен байланысты ойынмен әсер етудің үшінші маңызды бағыты болып табылады.Ойын әсерінің төртінші ірі бағыты болып Вирджинии Экслайн жұмысы табылады. Ол ойынның принципін жақсы қолданады (мысалы, индивидтің өсуге талпынуы, өзінің дамуын басқара алу қабілеті).Зигмунд Фрейд балалармен өте аз жұмыс жасаса да, бала ойынының мәнін айқын түсінеді. Ол былай деп жазды: Біз бала бойынан елестің алғашқы белгілерін іздеуіміз керек. Баланың ең сүйікті және тартымды іс - әрекеті - ойын. Ойын үстінде бала жазушыға ұқсас келеді: ол өзінің жеке әлемін жасайды немесе әлемді өзіне қалай ұнаса, солай етіп құрады. Керісінше, ол ойынға шын беріледі және барлық эмоциясын салады.Френктің тұжырымы бойынша, бала үшін ойын ешкім үйрете алмайтын нәрсеге үйрету әдісі болып табылады. Бұл шын өмірдегі, кеңістік пен уақыттағы, заттардағы, жануар құрылымындағы және адамдардағы зерттеу және ориентациялау әдісі. Ойын үрдісіне араласа отырып, балалар біздің символикалық әлемде өмір сүруге үйренеді.
Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі - жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері - ойынды жай рақат табудың көзі (К.Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді, мұндағы қоғамдық фактордың рөлін еске алмайды. Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынының мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық саяси мәні бар, еңбек үрдісінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі - мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнеленуі екінші сынып балаларында кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір-бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл-күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.
Бастауыш сынып оқушылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz