Қазақ ұлттық педагогикасының даму кезеңдері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Қазақ ұлттық педагогикасының даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2 Қазақ ұлттық педагогикасы . этнопедагогиканың зерттеу объектісі ... ... ...15

3 Мектептегі тәлім.тәрбие жүйесін ұлттық педагогика негізінде жүргізу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Қазақ ұлттық педагогикасының даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..5

2 Қазақ ұлттық педагогикасы - этнопедагогиканың зерттеу объектісі ... ... ...15

3 Мектептегі тәлім-тәрбие жүйесін ұлттық педагогика негізінде жүргізу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстандағы жаһандану үдерісі әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар алдына түбегейлі реформалау міндетін қойып отыр. Әлемдік өркениетке ену жағдайында түбірлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің негізінде ұлттық мәдениет пен руханиятты жаңғыртудың мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру қажеттілігі туындап, педагогика ғылымын әрбір халықтың ұлттық ерекшелігіне сай жетілдіру мәселесін қарастыру көзделуде.
Қазақ педагогикасы тарих пен мәдениеттің өткен кезеңдерінің мәселелерімен ғана шектелінбейді, ол халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі бүгінгі тәжірибесін, тіпті оның болашаққа жету бағдарын да қамтып тұжырымдауға бейім болуы және соған қызмет етуі шарт. Жасыратыны жоқ, қазақ педагогикасы дегенде өткен тарихқа көңіл аудару, оның тарихи алғышарттарына назар аудару басым.
Ұлттық ұстаным - халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірибесін, педагогикалық ілімін пайдалануға, оның өсіп-өркендеп дамуына еліміздің тәуелсіздігі мүмкіндік беретіні айдан анық. Мұның өзі қазақ педагогика ғылымын өз деңгейіне көтеру, оның әлемдік педагогикадағы өлшемін айқындау және ұлттық тұжырымдамасын жасауға күш салу міндеттерін алға қояды.
Қазақ педагогикасы ең алдымен, түркі өркениетінен бастау алатын қазақ халқының ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселелерімен айналысады, қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары мен тұжырымдамалары негізінде педагогика ғылымының заңдары мен заңдылықтарын, бағыттары мен ағымдарын, іргелі педагогикалық теориялары мен қағидаларын айқындайды, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық болмысына сай педагогика ғылымындағы барлық ғылыми жетістіктер мен педагогикалық мұраларды қоғамдық құбылыстармен, ғылымдармен, идеологиямен, т.с.с. байланыста зерттейді.
Қазіргі таңда елін сүйген, өз халқының болашағын ойлаған, жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз деген халық даналығын санасына ұлы қағида ретінде түйген зиялы ойдың иелері қазақ халқының этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар екендігін барша әлемге мойындату үшін күш жұмсауда. Қазақ халқының арғы тегі Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі түркі халықтарының әлемдік руханиятқа үлес қосуына Еуразия құрлығындағы Ұлы даланы мекендеген халықтардың көшпелі мәдениеті мен тәрбие тәжірибесі, ислам дінінің озық тәрбиелік идеялары, ежелгі түрік, византия, араб, парсы, үнді, қытай мәдениеттері тоғысқан Түркістан жеріндегі Қарахан мемлекетінің саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайлары әсер етіп, барлық адамзат баласын талай ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан адам мен оның тәрбиесі туралы ілімнің қыр-сырын зерттеуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.
Зерттеу нысаны: Қазақ ұлттық педагогикасы.
Зерттеу пәні: Қазақ педагогикасы тарихы.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ ұлттық педагогикасының даму тарихы мен оның маңызына шолу жасау. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақ ұлттық педагогикасының даму кезеңдерін қарастырy;
- Қазақ ұлттық педагогикасы - этнопедагогиканың зерттеу объектісі ретіндегі тұжырымдарын қарастыру;
- Мектептегі тәлім-тәрбие жүйесін ұлттық педагогика негізінде жүргізу ерекшеліктерін зерделеу;
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге этнопедагогикалық, философиялық, тарихи-этнографиялық, филологиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану, филологиялық тарихи-теориялық талдау; қазақ халқының мәдени дәстүрлерін зерделеу; оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге талдау жасау.
Зерттеу жұмысының әдістері: халық педагогикасының тұжырымдамасы; балаларға адамгершілік тәрбие берудегі философиялық, логикалық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1 Қазақ ұлттық педагогикасының даму кезеңдері

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi -- Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.
Зерттеушi ғалымдар А Қасымжанов, Ж.Алтаевтың: "Бiз тарихқа ХIҮ-ғасырдың басынан бастап "қазақ" деген атпен енсек те, мыңжылдық мәдениетi, философиясы, әдебиетi, тарихы бар халықпыз..." деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелiп, жазылған бұл тарихи деректер бiздiң қарастырып отырған мәселелерiмiзге тарихи-әлеуметтiк тұрғыда кеңiрек үңiлуiмiзге мүмкiндiк туғызады.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне сай, бiздiң ойымызша, 8 кезеңге бөлiп карастыру кажет демекпiз.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңi тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерiнiң iс-әрекеттерiн көпшiлiк болып топтасып, бiрге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшелiктерiне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта бiлдi, аң аулауға көмектестi, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киiм пiштi, тұрмыстық салт-дәстүрлердiң рәсiмдерiне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткен.
Сақтар империясы, шамамен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VII-III ғасырлар аралығында, қазiргi Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендедi.
Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кiрген. Сақтардың көсемдерi Африсиап, Томирис сол кездегi iрi мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргiзу барысында әскери-көшпелi тұрмысты қалыптастырған.
Металл өңдеп, әлемдiк маңызы зор "скифский зверийный стиль" атты зергерлiк бұйымдар, қару-жарақтар мен киiмдер жасай бiлген. Жылқы жануарын өте қатты қадiрлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тiршiлiктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптерi негiзiнде тәрбиелеп өсiрген. Сол замандарда өмiр сүрген, Тәңiр дiнiнiң негiзiн салған данышпан Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ әлемдегi тұңғыш "Авеста" кiтабын жазған. Заратуштра сол кездiң өзiнде (Аристотельдiң замандасы) рухани-танымдық, тәлiм-тәрбиелiк мәндi ойлар айтқан. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенiн атақты тарихшы Ксенофонт (б. д. д. 434-355 ж. ж.) былай деп суреттейдi: "Персидский царь устроил конные ристалища для всадников, представляющих разные народы. Когда начались бега, то какой-то молодой сак вырвался вперед и достиг финиша. Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность храброго человека...", -- деген екен.

Кесте 1
Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдерi (шартты түрде)
Бiрiншi дәуiр Б.д.д.
Екiншi
дәуiр
Б.д.д.
Үшiншi
дәуiр

Төртiншi дәуiр
Бесiншi дәуiр
Алтыншы
дәуiр
Жетiншi дәуiр
Сегiзiншi
дәуiр
тас, қола
заманда-ры

ҮII-IIIғғ. Б.д. Ү ғ. дейiн
ҮI-IХғғ. аралығы
Х-ХҮғғ. Аралы-ғы
ХҮ-ХҮIIIғғ ара-лығы
ХҮIIIғ.-дан
ХХ ғ. 20 ж дейiн
1920-1990
жж
аралығы
1991жкейiн-гi еге-мендi ел
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие

Сақтар мен ғұндардың жауынгерлiк тәрбиесi
Ұлы Түрiк қағанаты кезiндегi тәлiм-тәрбие
Араб Шығыс мәдениетi, орта ғасыр ойшылдары-ның тәлiм-герлiк ой-пiкiрлерi
Қазақ хандығы кезiндегi ұлттық тәлiм-тәрбие көрiнiстерi (жыраулар поэзиясын-дағы тәлiмдiк ойлар)
Қазақ-стан Ресейге қосылу
кезiндегi
ұлт-азаттық қозғалысымен ағарту
шылық-демократиялық
бағыттағы тәлiм-
тәрбие
Кеңестiк дәуiрдегi ғылыми педаго-гиканың қалып-тасуы
Тәуелсiз Қазақ
стандағы ұлттық
тәлiмтәр-биенiң өркен жаюы

Ғұндар б. д. д. III ғасыр мен бiздiң дәуiрiмiздiң I-II ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияның мұрагерлерi болды. Сол кезеңдердегi үйсiн, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кiрдi, ғұндар металл игердi, мал шаруашылығымен айналысты. Бiрақ олардың ең негiзгi кәсiбi әскери-жауынгерлiк өнер едi. Олар өздерiнiң ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, ептi болуға және зергерлiк бұйымдар жасауға тәрбиеледi.
Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен ассимиляцияның үлкен өзгерiстерге ұшырауына негiз болып, дүние жүзi тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуы (Великое переселение с востока) атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн көсемi Атилла (Едiл) бастаған халың қол ұлы Рим империясына қауiп төндiрiп, ақыры құлауына әкеп соқтырды.
V ғасырда өмiр сүрген атақты тарихшы-географ Аммиян Марцеллин әскери-көшпелi тұрмысты былай суреттеген: "...кочуя по горам и лесам они с колыбели приучаются переносить холод, голод и жажду. Они плохо действуют в пеших стычках, зато... сидя на коне они исполняют все обычные свои дела и сокрушают все, что попадается на пути...".
Ұлы Түркi қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетiнiң қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуiрлердегi дамыған мемлекет болған.
Қағанаттың пайда болуы бiр-бiрiнен ыдырап, бөлшектенiп кеткен дала халықтарының, тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениетi мен ғылымы дамыған бүгiнгi түркi тектес халықтарға ортақ мәдениеттiң қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегi аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигiздi.
Қағанат сол кездегi өркениеттi Византия, Араб Халифаты жөне Қытай империяларымен дипломатиялық қарым-қатынас жасап отырды. Ұлы Түркi қағанаты бүгiнде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрiкменстан, Ресейдегi -- Татарстан, Башқұртстан, Якутия (Саха), Чувашия т. б. Қытайдағы Шығыс Түркiстан (Шынжаң өлкесi), Еуропадағы Венгрия, басқа да Шығыс Еуропа территориясын мекендеген халықтардың бастарын қосып, шығысында Алтай таулары, батысында Карпат таулары, солтүстiгiнде Сiбiр жондары, ал оңтүстiгiнде бүгiнгi Қытай қамалына (Темiр қақпа) дейiнгi орасан зор территорияны иеленген.
Бiздiң ойымызды Әзiрбайжанның белгiлi түрiктанушы-ғалымы 3.Наджип: "...түркi тiлдес халықтардың көне жазба әдебиетiн қалыптастыруда бүгiнгi татар, башқұрт, өзбек, қазақ, қарақалпақ, түрiкмен, әзiрбайжан халықтарының ата-бабалары белгiлi дәрежеде үлес қосты", -- деп, дәлелдей түседi. Ал белгiлi ғалым Айдаров: "...Орхон ескерткiштерiнен түркi тайпаларының тарихы, мәдениетi, тiлi мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, салт-санасы жөнiнде толып жатқан деректер табылады...", -- деп, ұлттық салт-дәстүр мен тәлiм-тәрбие жөнiнде маңызды пiкiрлер тұжырымдайды.
Көне мұралардың iшiндегi бiзге кеңiрек мәлiм болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашап жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткiштер: түркi көсемi Бiлге қаған, Күлтегiн батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметiне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркi қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениетi мен жауынгерлiк жортуылдары айшықты да мәнерлi тiлмен өсиет сөз үлгiсiнде баяндалады. Бұларда қазiргi қазақтардың сөз саптау үлгiсiне жақын шешендiк өнердiң дәстүрлi формалары айқын байқалады. Орта ғасырлық түркi тiлдi әдебиеттiң таңдаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда тәңiрiнiң "Жарлығымен" болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берiлгендiгi, қағандардың қараларды билеп-төстеуi жайында сөз қозғалады. Мәселен, "Егер сен, түркi халқы, өз қағаныңнан, өз бектерiңнен, өз отаныңнан жырақ кетпей, бiрге жүрсең, сен өзiң де бақытты өмiр сүресiң, өзiңнiң отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық көрмейсiң..." деп, бек пен қара халықты бiрлiкке шақырады. Түркi халқына қамқорлық жасау мәселесi де тас жазулардың өзектi арқауы ("Ер жұрек халық, күштi халық", "Бiзге жеңiс әперген жер-суымыз (Отанымыз)) деп бiлу керек" т. б.
Тәлiмдiк тұрғыдан, "құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар, өлiмнен ұят күштi... Адам ұлының бәрi де өлмек үшiн туады... Менiң ағам менi адам еттi" дейтiн жолдар көңiл аударарлықтай.
Ежелгi түркiлердiң ауызекi поэзия дәстүрi бiзге IX ғасырда ғұмыр кешкен әншi, әрi сазгер небiр тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есiмiн жеткiздi. Ол адамзат өмiрiнiң соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал кұрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзiнiң жанын жегiдей жеген ой-сезiмдерiн қазалы жанның үрейiн, өлiмнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы кұйiмен, поэзиялық көркем тiлмен баяндайды. Ол эпос үлгiсiндегi поэзиялық мұра ретiнде бiздiң дәуiрлерiмiзге жеттi. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелi тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, дiни наным-сенiмдерiн бейнелейтiн мәлiметтер көптеп кездеседi. Олар тәлiмдiк жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, "Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ... қонағы жоқ, қараша үйден құлазыған тұз артық.. Әйелдiң төрт түрi болады: оның бiрi ниетi қара әйел, екiншiсi -- нысапсыз әйел, үшiншiсi - үйдiң құты болған әйел, төртiншiсi - кесiрлi әйел..." деп келетiн Қорқыттың нақыл сөздерi өз мәнiн күнi бүгiнге дейiн жоймай келедi.
IX -- X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi басты мақсат еттi. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950) еңбегiне ерекше болды. Ол математика, музыка, логика, философия, психлогия ғылымдарының негiзiн салды. Өмiр бойы ғылым жолына берiлiп өмiрiнiң көбiн Сирия, Дамаскiде өткiздi. Ол бiрнеше ұлттардың тiлiн бiлген, ғылым-бiлiм жолында бар өмiрiн сарп еткен ғалым.
Адамгершiлiк, азаматтық жолды, ғылым-бiлiмдi мақсат тұтқан ғалым шетте жүрсе де атамекенiн бiр сәт естен шығармаған шынайы патриот азамат болды.
Iзгiлiк, имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi паш еткен Жүсiп Баласағұнидың "Құтты бiлiк", Ахмет Жүинекидiң "Ақиқат сыйы", Махмұт Қашқаридiң "Түркi сөздерiнiң түсiндiрмесi", Қожа Ахмет Яссауидiң "Диуани хикмет" атты еңбектерiнiң ХI-ХII ғ.ғ этикалық-педагогикалық мән-мағынасының зор болғаны, бұл еңбектердiң он ғасыр өтсе де өзiнiң тағылымдық қадiр-қасиетiнiң бiр сәт төмендетпейтiнi сөзсiз.
Қазақстан мен Орта Азия елдерiн ХIII ғ. басында Шыңғыс ханның жаулап алуы мәдениеттiң тоқырауын тудырды.
Көне мәдениет көздерi - Отырар, Сығанақ, Исфиджаб қалалары жалынға оранды. Қалалар қиратылып, мешiт, медiреселер, сауда дүкендерi, кiтапхана қорлары талқандалып жоқ болды.
Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы Ресей қол астына қарағанға дейiн (1731) қазақ жерi кескiлескен шайқастардың, қанды майданның аренасына айналды.
Моңғол шапқыншылығына Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықта (ХIII-ХҮ ғ.ғ.) түркi тiлдерiнде едәуiр жазба мұралар жасалды. Мәселен Р.Хорезмидiң "Махаббатнама" поэмасы, ақын Сайф Сарайдың "Гүлстан" аты дастаны атты еңбектер адалдықты, әдiлдiктi, махаббаты марапаттады.
Дiни медреселерде Шығыс халықтарына ортақ "Чөр кiтаб" атты тәлiмдiк-танымдық педагогикалық туынды дүниеге келдi.
Атақты астроном Ұлықбектiң әлемде тендесi жоқ обсерваториясы ортағасырлық үлкен ғылыми жетiстiк болып саналды.
Алтын Орда мемлекетiнiң кезiнде пайда болған "Бабырнама" ("Бабыр дастаны"), ал Хорезмидiң "Мухаббатнама", Саиф Сарайдың "Қырық бiр батыр жыры", "Гулстан бит турки", Құтыптың "Хусрау Шырын" сияқты туындылары сөзсiз жас ұрпақтарға тәлiм-тәрбиелiк ықпалын тигiздi. Бұл кезеңдердегi тәлiм-тәрбие көрiнiстерi негiзiнен әскери-жауынгерлiк бағытта өрбiдi. Ел қорғау мәселелерi ұлы ойшылдар мен ақындар шығармаларының өзегi болды. Ата-аналар ұрпақтарының ең алдымен қайратты, ептi және намысқой, өнерлi болып өсулерiн талап етiп отырды.
Қазақ хандығының құрылуы -- ХIҮ-ХҮ-ғасырларда, Алтын Орда мемлекетi мен Ақсақ Темiр империясының өзара бақталастықтарының нәтижесiнде әлсiреп, ыдырай бастаған кезеңдерге тура келедi. Қазақ хандығы -- сөзсiз кешегi ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгi түркiлердiң, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлерi болып саналады.
Алтын Орда империясының ыдырауы -- Русь мемлекетiнiң отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсiздiгiн алуына әкелiп соқты. Шыңғысхан мен Алтын Орда империяларынан саяси тәжiрибе жинақтаған Русь мемлекетiнiң тәуелсiздiк алуы -- қайта өрлеу дәуiрiне (14 -- 16 ғ.ғ.) дөп келдi.
Тарихтың бұл бетi -- Шыңғысхан империясының тарихымен бiрге өрбидi. Бiр кезде Шыңғысхан, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темiр империясының отар елi болған Ресей, кейiн сол империядан ыдырап, бөлiнiп шыққан халықтарды (өзбек, татар, ноғай, Сiбiр (Көшiм), Қырым, Астрахан хандықтарын) өз империясының отар елiне айналдырды.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсiз ел болып, дербес өмiр сүрдi. Бiрнеше ауыр қасiреттердi, жойқын соғыстарды басынан кешiрiп, тiптi жер бетiнен жойылып кете жаздады.
Қазақ жерiнiң байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келiсiм-шарт жасасып, қытай -- жоңғарларды, ал Ресей -- қалмақтарды бiзге қарсы айдап салды.
Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық дамуын тежедi. Көне ғасырлардан берi қалыптасып келе жатқан ғылым мен бiлiмнiң, тарих пен мәдениеттiң одан әрi дамуына қажеттi жағдайлар туғыза алмады.
Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, Асанқайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелi сөздерiмен, өлең-жыр толғауларымен зор ықпал етiп, халықты ел болуға, берекелi бiрлiкке шақырып, қоғамдық өмiр сахнасына шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебiренiстерi, билердiң шешендiк- қанатты сөздерi өзiнiң тәлiмдiк шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бiрге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәнi жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлiк заманда хандар мен бектердiң, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшiсi болып, жорыққа бiрге аттанды, ру-тайпаларына басшылық еттi, сұрапыл қанды майдан көрiнiстерiн жырға қосты, ерлiктi мадақтады, шейiт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлiстi.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерiнiң тәлiмдiк идеяларымен Асанқайғы, Шалкиiз, Жиембет, Бұқар жырау секiлдi дала философтары ерекше көзге түскен едi. Халқының қамын жеп, оның береке-бiрлiгiн, келешектегi бағытын, келер күнiн аңсаған Асанқайғы (XV ғ.) өз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кештi. Содан да болар, ел аузында оның есiмiне "қайғы" деген ат қосақталып, аңызға айналды.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы iргетасының қалана бастауына негiз болған Асанқайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қазтуған, Шалкиiз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.
XV-XVII ғасырларда өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн, ой-арманы мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан халықтың небiр нәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйiнiшi, келер ұрпаққа айтар өнегелi өсиетi өзектi орын алған. Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұлағатты ұстаздарының рөлiн атқарды.
Қазақтың тәрбие мектебi -- ақын-жазушылар мен билердiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне айналды. Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асанқайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi.
Тәуке ханның "Жетi Жарғысы" -- бүгiнгi Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың} негiзгi iргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дұниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың "Тарихи-и-рашиди", "Жаханнама", Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың "Жамиғат тауарих" (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: "Наурыз бәйiтi", "Нысабнами казах" ("қазақтар шежiресi") т.б. ұрпақ танымы үшiн аса зор тәлiмдiк мәндi шығармалары едi.
Бұл дәуiрде мал шаруашылығы, егiн шаруашылығы, ою-өрнек пен зергерлiк бұйымдар жасау, кiлем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ (керамика) жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты кәсiптер жедел дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудiң негiзгi құралына айналды.
1650 -- 1730 жылдар арасындағы қазақ-жоңғар соғысы қазақ хандығын өте-мөте әлсiреттi. XVIII ғасырдың басында Тәуке хан өлгеннен кейiн қазақ елi үш жүзге бөлiнiп, үш хан сайлап, бiртұтас қазақ хандығының бiрлiгi мен қуатын әлсiретiп, жоңғарларға жем болды. Кiшi жүздi -- Әбiлқайыр, Орта жүздi -- Сәмеке, Ұлы жүздi -- Жолбарыс хан билеп, әрқайсысы ұлы хан болуға таласып, ақыры "Ақтабан шұбырынды" атты қайғылы жағдайға душар етiп, халықты зор қырғынға ұшыратты.
1730 жылы Кiшi жүздiң ханы Әбiлхайыр өз билерiмен келiсе отырып, қазақ халқын сақтап қалу мақсатында, Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды. Көптеген хандар мен сұлтандардың қарсылық бiлдiргенiне қарамастан, Ресей қазақ жерiн отарлап алу саясатын әрi қарай жүргiзе бередi. Қазақ жүздерiнiң бастарын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан ханы - Абылай хан өте үлкен саяси-дипломатиялық күрес жүргiздi.
Бұл жайында "қазақтың көне тарихы" атты кiтапта: "XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей өкiметi қазақ арасында хандық үкiметтi бiржолата жойып, ел басқарудың жалпы ресейлiк тәртiбiн жақындатуға тырысты...", -- деп, қазақ елiнiң отар елге айналғаны жайында әңгiмелейдi.
Қазақ жерiне қоныстана бастаған орыстар шұрайлы егiстiк жерлердi, мал жайылымдарын заңсыз тартып алды, бағынбағандарды жазалады. Мектептер мен шiркеулер салынып, балаларды шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргiздi. Патшалы Ресей бай-сұлтандардың балаларына арнап орыс-қазақ мектептерiн ашты.
Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы қаласында "Азиатское училище" және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында қазақ бай-феодалдарының мектептерi ашылды. Орыстандыру, отарлау саясатын қатты сынаған Мұрат Мөңкеұлының, Шортанбай Қанайұлының, Дулат Бабатайұлының шығармалары халық арасында кең тарады. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерiлiсi Қазақстан даласында 15-20 жылға созылды.
XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан даласында Ресейдiң алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пiкiрдегi (Герцен, Белинский, Радищев, Чернышевский, Ушинский т.б.) оқымыстыларының жолын қуушы А.Янушкевич, Ф.Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс, Т.Шевченко т.б. зиялы-демократтар жер ауып келiп, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты қазақ демократ-ағартушыларымен достасып, олардың саяси-идеялық, ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игi әсерiн тигiздi.
Қазақ даласында бiлiмнiң дамуы мен қалыптасуына белгiлi қоғам қайраткерi, педагог, этнограф, жазушы және ағартушы Ыбырай Алтынсарин өте үлкен еңбек сiңiрдi. Ы.Алтынсарин патшалы Ресейдiң орыстандыру, шоқындыру және байлардың балаларына жеке мақсаттары үшiн бiлiм берудi көздеген саясаттарын батыл айыптады. Орыс-қазақ мектептерiн ашу туралы мәселелердi насихаттаумен қатар, Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн пайдалануды қуаттады. Осы принцип негiзiнде құрастырылған өзiнiң "Қазақ хрестоматиясын" (1879 ж.) жазып, ұсынды.
Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлерi: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердiң, мәдениеттiң, философияның негiзiн салды. Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлендерi мен қара сөздерi және Құрманғазының музыка өнерi жас ұрпақтарды жетiлдiрiп төрбиелеуде зор ықпалын тигiздi.
XX ғасырдың барысында империалистiк патшалы Ресейдегi саяси-әлеуметтiк жағдайлар шиеленiсе түстi. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.
Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер төңiрегiнде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдiң отаршылық және "орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерiн қайтарып беру және жастардың бiлiм алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Хәлел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, т.б. қазақтың зиялы қауым өкiлдерi ұлттық сана-сезiм мен тәлiмдiк идеялардың көсемдерiне айналды.
Қазан төңкерiсiне дейiн шыға бастаған "Дала уәлаяты" (1889-1902 ж.ж.), газетi "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетi (1911-1916 ж.ж.) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшелiктерi, мүмкiндiктерi, мәдениетi, ғылымы, тарихы мен этнографиясы хақында аса маңызды ой-пiкiрлер жариялап отырды.
Бұл орайда, белгiлi қоғам қайраткерi, ғалым-түрiктанушы Ахмет Байтұрсынов "Қазақ" газетiнде былай деп жазады: "...қазақ жерiнде өндiрiс жоқ, шикiзатын сатады, ал сол шикiзаттан жасалған өнiмдi 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшiлiк -- бiлiм-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерiнде мектептер өте аз...", -- дедi ("қазақ" газетi, 1913 жыл, N 26, 15 тамыз).
1917 жылы Ленин бастаған коммунистiк партия Ресей патшасын тақтан құлатып, тарихқа белгiлi Қазан төңкерiсiн жасады, әлемде жаңа империяның негiзi қаланды. Қазақстан ендi орыстар басқарған бұрынғы Ресей империясының мұрагерi жаңа Кеңес Одағының (КСРО) құрамына кiруге мәжбүр болды.
Бұл кезең қазақ халқына тиiмдi және тиiмсiз әсерiн тигiздi. Қоғам проблемаларының аса күрделi саласы -- сауатсыздық жойылды. Көптеген маңызды кәсiпорындар, электр станциялары, су жолы каналдары салынып, жұмысшылардың жағдайлары едәуiр жақсарды. Мектептер, бала-бақшалар және арнаулы орта, жоғары оқу орындары ашылды. Әлемдiк тәжiрибелерге негiзделген кеңестiк ғылыми педагогика мен психология ғылымдарының негiзi қаланды.
Мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары, негiзiнен, орыс тiлiнде жүргiзiлуi талап етiлдi. Әрине, орыс тiлiнде бiлiм беру прогрессивтi роль атқарғанымен, онда қазақ мектептерiнiң оқу-тәрбие жұмыстарына қайшы келген жағдайлар көп болды.
Кеңес Одағы кезiнде қалыптасқан педагогикалық тәжiрибелер "коммунистiк идеологияға" негiзделiп, "коммунистiк тәрбие беру" атты саяси-педагогикалық, диктатуралық жүйеге ұласты.
1937 -- 1938 жылғы жүргiзiлген Сталиндiк жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте ұлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзi ұлт мәдениетiнiң өсуiн үлкен тежелуге әкелiп соқтырды.
Соғыстан кейiнгi жылдары жаппай орыстандыру мәселесi қолға алынды. Қазақстанның тың жерлерiн игеру мақсаты отаршылық принципке негiзделiп, өкiмет тарапынан жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттiк басқару жұмыстары, iс қағаздары, қоғамдық жиындар бiрыңғай орыс тiлiнде жүргiзiлдi. Шеттен келген басқа ұлттардың Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткiзген өкiмет саясатының нәтижесiнде көптеген қазақ мектептерi, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу орындарындағы қазақ бөлiмдерi қысқартылды.
Халық педагогикасы жөнiнде ғылыми-зерттеулер жүргiзуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәурлердi дәрiптеу санадағы ескiнiң сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистiк идеологияға негiзделдi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдар орыс тiлiнiң аудармасы негiзiнде пайдаланылды. Қазақ тiлiнде оқу-тәрбие жұмыстарына арналған әдiстемелiк нұсқаулар жазу назардан тыс қалды.
Дегенмен, ұзақ ғасырлардан берi келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмiрдiң қажеттiлiгiне айналуына бағытталған туындылар: М. Жұмабаевтың "Педагогика", А. Байтұрсыновтың "Оқу құралы", "Сауат ашқыш", "Тiл құралы", "Ж. Аймауытовтың "Тәрбиеге жетекшi", "Психология" атты еңбектерi, С.Көбеевтiң, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтiң, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтiң, Е.Смайыловтың, М.Ғабдуллиннiң, Ә.Марғұланның т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезiм көзқарасын қалыптастырды.
Кеңестiк дәуiрде педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Әлжановтың, Р.Г.Лембергтiң, А,П.Нечаевтың, И.Л.Стычинскийдiң, Т.Тәжiбаевтың, Ә.Сембаевтың, Ә.Сыдықовтың, Қ.Бержановтың, Е.Суфиевтiң, А.Темiрбековтiң, А.Асылбековтың, Қ.Б.Жарықбаевтың, Н.П.Хмельдiң, А.Көбесовтiң т.б. әлденеше монографиялық еңбектерi жарық көрдi. Педагогикалык ғылыми-әдiстемелiк "Қазақстан мектебi" журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалiмдерi мен педагог ғалымдардың еңбектерi үнемi жарық көрiп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тiлiнде шығарылып, ғылыми терминдерi қалыптасты.
Сөйтiп, педагогика, психология және әдiстеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Алайда Кеңестiк педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында халық педагогикасына терең мән берiлмей, көп жағдайда коммунистiк тәрбие тұрғысынан зерттеу талап етiлдi. Балалар мен жастарға жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершiлiктi мойындарына алған пионер-комсомол ұйымдары негiзiнен коммунистiк тәрбие принциптерiне сүйендi. Қазақ мектептерi, негiзiнен, ауылды жерлерде орналасқандықтан, оның материалдық-техникалық базасына көп мән берiлмедi. Мектептегi оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдiстемелiк нұсқаулар ұлттық тәлiм-тәрбиенiң ерекшелiктерiмен санаспаған, орыс тiлiнде жазылған еңбектердiң аудармалары арқылы жүзеге асырылды.
2 Қазақ ұлттық педагогикасы - этнопедагогиканың зерттеу объектісі

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз. Яғни, осыдан келiп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiндегi сабақтастығы, принциптiк-идеялық үндестiгi туындайды. Бүгiнгi әлемдiк аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, байытты. Сөйтiп, өз қажетiне жаратты. Осы қажеттiлiктен келiп, халықтың эмпирикалық тәжiрибесiне негiзделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары -- халықтық педагогиканы ой елегiнен өткiзiп зерттеп, тәрбие мен оқу iсiнiң өзектi құралы етудiң жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерiн өзiндiк ерекшелiктерiн, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтiн педагогиканың ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.
Академик Г.Н.Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогиканың ерекшелiгi: оның адам баласының дүниеге келген күнiнен бастап бiрге жасасып келуiнде, адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны -- табиғатты өзiне икемдеп игеруiнде, еңбек тәрбиесiнiң алғашқы адамдар өмiрiнде басты рөл атқарғаны, тәрбиенiң басқа түрлерiнiң кейiн туғандығы, халықтық тәрбие жөнiндегi қағидалары өмiрлiк тәжiрибеге негiздеген эмпирикалық бiлiм болып келуi, оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениетi шықпай тұрған кезiнде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөнi халық жадында сақталмай, бүкiл халықтық мұраға айналып кетуi, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегi озық тәжiрибелерi мен ой түйiндерi сол халықтың ой-тiлегiмен, арманымен ұштасып келгендiктен, озық үлгiлерiнiң мәңгi сақталып, ал тозығының бiртiндеп өмiрде қолданудан шығып калуы, халық педагогикасы өнерге, еңбекке негiзделгендiктен, үнемi жетiлдiру, ұшталу үстiнде болуы, сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенiң озық үлгiлерiне және оның нәтижесiне құрылуы, тәрбие тәжiрибесiнiң ғасырлар бойы жалғасып келуi (преемственность), алғашқы тәрбие түрлерiнiң қоғамда бөлiнбей, синкреттi тұтас түрiнде берiлуi (мысалы, қол, би, музыка өнерлерiнде ой еңбегi мен дене еңбегi, ақыл-ой тәрбиесi мен еңбек тәрбиесiнiң бiрге ұштасып келуiнде)", деп саралай көрсете келдi де, "халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiне негiзделiп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлерi, ауыз әдебиетi үлгiлерi) арқылы iске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негiзделедi. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрiн, тұрмыс-тiршiлiгiн педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады... яғни, халық педагогикасы ғылымға шикi материал даярлаушы мәлiметтер көзi болып табылса, сөйтiп педагогика ғылымына қызмет етушiнiң рөлiн атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық мәдениетiн зерттеп, оның прогрессивтiк үлгiлерiн бүгiнгi оқу-тәрбие iсiне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады", -- дейдi.
Ал бұрынғы КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондент-мүшесi, профессор И.Т.Огородников, Г.Н.Волковтың "Этнопедагогика" атты еңбегiне жазған кiрiспесiнде: "Егер халық педагогикасы мен этнопедагогикаға арналып екi хрестоматия жасалған болса, оның бiрiншiсiне бала тәрбиесi жөнiндегi ауыз әдебиетi үлгiлерi мен халықтың салт-дәстүрлерiне арналған этнографиялық тәлiмдiк жазбалары енгiзiлген болар едi де, ал екiншiсiне халық педагогикасы мен халықтың тәлiм-тәрбиелiк ойларын зерттеуге арналған педагог-ғалымдардың еңбектерi енген болар едi" (16, 6), - деп, халық педагогикасының таза тәжiрибеге негiзделген тәрбиенiң эмпирикалық түрi екенiн және оның этнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектiсi болып саналатынын ашып көрсетедi.
Халық педагогикасында тәрбие мәселесi бiрiншi орынға қойылып келдi. Ол заңды да едi. Себебi, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттiң жетiлмеген кезiнде пайда болғандықтан, тәрбиенi еңбек пен өнерге, оның iшiнде қол өнерiне негiздей жүргiзудi уағыздады. Бертiн келе, оқу-бiлiм дамып, ғылым мен техника өрiстей бастаған кезiнде, XVII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдiң атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық зандары қалыптасып өмiрге келдi. Я.А.Коменский өзiнiң атақты "Ұлы дидактика", "Ағайынды чехтарды тәрбиелеу" атты еңбектерiнде тұңғыш бiлiм беру iсi мен тәрбие iсiн бiртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен бiлiм берудi бiрiктiру тенденциясы оқу-тәрбие iсiнiң тұтастығынан туындады. Тәрбие-әлеуметтiк процесс, ал адамның жеке басының өсiп жетiлуi, дамып қалыптасуы -- ол әрi әлеуметтiк, әрi биологиялық процесс. Осы ерекшелiктен келiп, педагогикада қоғамтану мәлiметтерiн жаратылыстану мәлiметтерiмен бiрiктiре қарастыру қажеттiлiгi пайда болады. Оның себебi педагогика адам тәрбиесiнiң қажетiн өтеушi, қоғамдық сұранысты iске асырушының рөлiн атқарушы болып отыр. Ал педагогиканың жеке басты (индивидиумды) тәрбиелеп жетiлдiрудегi iс-әрекетi оқу-тәрбие орындары арқылы iске асырылады. Адам тәрбиесiнде бiлiмнiң теориялық жақтары шешушi рөл атқарғанымен, оны (теорияны) жеке басты оқытып тәрбиелеп жетiлдiруге пайдалану үшiн тәжiрибеде қолданудың әдiс-тәсiлдерi керек. Мiне, осыдан келiп, теория мен тәжiрибенiң, оқытудың өмiрмен байланысын, оны iске асырудың жолдарын қарастыратын педагогика ғылымының бiр саласы -- оқыту мен тәрбиенiң методикасы туындайды. Бiлiм беру мен тәрбие iсiнiң теориялары мен өмiр тәжiрибесi тығыз ұштасқанда ғана адам қажетiн толық өтей алады. Ғылыми теориялар тәжiрибеге негiзделмесе, ол тиянақты ғылым болмайтыны сөзсiз.
Ол жөнiнде XVII -- XVIII ғасырларда өмiр сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пiкiрлер айтқан болатын. Мысалы, Я.А.Коменский "Ағайынды чехтарды" тәрбиелеудегi халықтық дәстүрдiң жақсы нәтижелерiне сүйене отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мiнез-құлыққа тәрбиелеудiң жолдарын көрсетiп бердi. Ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И.Г.Песталоцци тәрбиенi ана тiлiнде оқытатын халықтық мектептердiң бай тәжiрибесiне негiздей отырып жүргiзудi мақұлдады. Ол "Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тiлiндегi оқудың мазмұны мен оқыту әдiсiн дұрыс ұйымдастыруға байланысты" деп ерекше атап көрсеттi. И.Г.Песталоцци: "Бала тәрбиесi оның дүниеге келген күнiнен басталуы керек. Баланың дүниенi түсiнуi отбасынан басталып, мектепте әрi қарай жалғастырылуы шарт", -- деген қағиданы ұсынды. Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесiнiң көзi еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi жанұяда еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады. Ал әйгiлi орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенiң мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдiстерiне тоқтала келе: "Орыс халқының бала тәрбиесi сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек" (82, 482), -- дедi. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегi ауыз әдебиетiнiң рөлiне де ерекше тоқталды. Ол: "Ертегiлер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгiлерi. Ертегiлердегiдей халықтың асқан даналық тәрбиесiмен тепе-тең келетiн бiрде-бiр тәрбие құралы жоқ", -- деген едi. Кешегi Кеңестiк дәуiрдегi ұлы педагогтар А.С.Макаренко адамды тәрбиелеп жетiлдiруде еңбектiң, әсiресе ұжымдық еңбектiң маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинский "Баланы iзгi жүректi азамат етiп тәрбиелеуде ойын түрлерiн кеңiнен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеудi, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсiруге" баса көңiл бөлдi. "Табиғат тамаша тәрбиешi, тек оны түсiне бiлуге үйрету керек" деп қарады.
Өткен ғасырлардағы педагогика тарихына көз жiберсек, ұжымдық педагогикалық тәрбиенiң мәнi мен маңызына, халықтық тәрбие жөнiндегi данышпандық ой тұжырымдарына әл-Фараби, Ибин-Сина, Фердауси, Омар Хаям, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бiрде-бiрi көңiл бөлмей өткен емес. Олар халықтың бала тәрбиелеудегi тәжiрибесiнiң, педагогикалық ойларының прогрессивтiк жақтарына ерекше мән берiп, халықтық тәрбиенiң негiздерiне ғылыми талдаулар жасады. Алайда, Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк дәуiрде халық педагогикасын зерттеу, оны тәжiрибеде қолдану iсiне керенаулық көрсету, қала бердi адамдардың санасындағы ескi қоғамдық идеялардың қалдығы деп қарау өрiс алды. Ол идея коммунизм кезiнде бiр тiл, бiрыңғай мәдениет болады деп қараушылықтан, пролетарлық жаңа мәдениет жасаймыз деген жалған ұраннан туындаған едi. Көне мәдениеттiң шедеврi шiркеулер мен храмдарды, мешiт-медреселердi қирату, халықты дiннен, ұлттық тiлден, салт-дәстүрден бездiру, тарихи ескерткiштерге мән бермеу, жер-су, ауыл-село, қала аттарын кеңестiк саясатқа негiздеп өзгерту т.б. солақай саясаттың әсерiнен туындаған терiс әрекеттер болатын.
Кеңестiк дәуiрдiң 1970 -- 1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың прогрессивтiк мәнiн ғылыми тұрғыда қарастырып зерттеу iсi бiртiндеп қолға алына бастады. Халық педагогикасын кеңестiк дәуiрде ғылыми-теориялық, методологиялық жағынан жан-жақты тұңғыш зерттеушi академик Г.Н.Волков болды. Халық педагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеудiң қажеттiлiгi туралы пiкiрлер (1970 -- 1990ж.ж. арасында) профессорлар: В.Ф.Афанасьев, В.X.Артюнун, А.Ш.Гашимов, И.Я.Ханбиков, К.Пирлиев, А.Ф.Хинтибизде, А.Э.Измайлов т.б. еңбектерiнде де айтылған болатын.
Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз.
Бiрiншi - XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрiп, қазақтың ұлттық тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны
Қазақ педагогикасының тарихы
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Халықтық педагогиканың бала тәрбиесіне ықпалы
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер