Стресстің эмоционалды көріністері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: " Стресс адамның денсаулығына және психикасына қандай зақым әкеледі"

Дайындаған: Каиров Алмаз

Тобы:Пс-21

Қабылдаған:Бурленова. С. О

Қарағанды-2021

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Стресстің себептері, түсінігі және механизмдері . . . 9

1. 1Стресстің тірі ағзаға физиологиялық тұрғыда әсері . . .

1. 2Психикалық стресстің негізгі белгілері . . . 16

2. Стресстің имундық жүйеге зақымы . . . 21

2. 1Стресстік жағдайларды жеңу бойынша ұсыныстар . . . 25

Қорытынды . . . 28

Қолданылған әдебиеттер . . . 29

Кіріспе

Қазіргі заманда стресс біздің күнделікті өмірімізде жиі орын алып тұрады. Стресс адамның мінез-құлығына, еңбек өнімділігіне, денсаулығына және т. б закым әкеледі.

Стресс әрбір адамның өмірінде кездеседі, өйткені заман талабына сай күнделікті өмірде стресстік жағдайсыз бір күн де өтпейді. Бүгінде динамикалық қоғам көпшілігіміз үшін стрессті тудырады. Біздің көпшілігіміз үлкен және сұр қалаларда тұрады, сонымен қатар жұмыс жүктемесі рөл атқарады, осыған қоса өмірлік жолда тұрақсыздық бар. Көбінесе аса күшті стресс туғызатын, бұл адамның жақынының өлімі болады.

Стресс адамның денсаулығына тура немесе жанама ретінде әсер етуі мүмкін. Яғни әр түрлі аурулардың себебі болатыны айқын. Сонымен стрестің әсері ауыр эмоция, депрессия мен мазасыздықты әкелуі мүмкін . Адамдардың стрестік жағдайларға әсері ылғи бірдей емес, ол әр түрлі формаларда жүреді. Кейбіреулерінде стресс психикалық немесе физиологиялық проблема туғызса, ал басқалары болса сол стресстік жағдайда ешқандай қиындық көрмейді және оны қызықты деп есептейді.

Стресс бұл өмірде жиі кездесетін құбылыс. Біз оны күнделікті өмірде бастан кешкеннен ол ажырамас бөлігіміз болып табылады. Елеусіз стрестен адам құтыла алмайды және ол зақым әкелмейді. Ал шамадан тыс стресс тұлғаға зақым әкелетіні айқын.

Стресс физиологиясы мен биохимиясын білу психологтардың осы ауруды емдеудегі құзыреттілігін де, мүмкіндіктерін де шектемейді, олардың араласуын мағыналы, жеткілікті және табиғи түрде тиімді етеді.

1. Стресстің себептері, түсінігі және механизмдері

Стресс, соның салдарынан миллиондаған адамдар зардап шегеді - әлсіздік, ұйқының бұзылуы, шаршау, жалғыздық пен бас тарту сезімі, мазасыздық, өзіндік эмоционалды күйзелісті анықтау, агрессивтілік, түнгі қорқыныш, балалардағы энурез, алкоголизм және нашақорлық, суицид сияқты зардаптар әкеледі.

Стре сс ұғымының алғашқы рет ғылыми пайда болуы бұл 1936жылы Ганс Селье мақаласымен байланысты . Мақала тек 74жолдан тұрды және «Синдром, вызываемый разными повреждающими агентами» деп аталды. Дәл осы мақала стресс ұғымының бастамасы деп саналады. Кейінірек американдық Уолтер Кэннон өзінің "күресу немесе қашу» деген жұмысында «стресс» терминін физиология мен психологияда енгізді.

Стресс дегеніміз -төтенше немесе патологиялық ынталандырулардың әсерінен пайда болатын және дененің спецификалық емес бейімделу механизмдерінің кернеуіне әкелетін жағдай.

Соңғы онжылдықта стресс ғылымның әртүрлі салалары: биология, медицина, психология және әлеуметтану зерттеулерінің өзекті тақырыбы болып табылады.

1. 1Стресстің тірі ағзаға физиологиялық тұрғыда әсері

Психогенетикалық зерттеулерге сәйкес, адамдардың белгілі бір ортадағы факторларға реакциясы 30-40% ата - аналардан алынған гендермен анықталады, ал 60-70% тәрбиеге, өмірлік тәжірибеге, жаттығуларға, дағдыларға, дамыған шартты рефлекстерге және т. б. байланысты.

Ганс Селье биологиялық реакциялардың жалпы заңдылықтарын іздей бастады, нәтижесінде әртүрлі әсерлерге жауап ретінде адам мен жануарлар ағзасындағы биохимиялық өзгерістердің бірыңғай, спецификалық емес компонентін тапты. Ол былай деп жазды:

"Клиенттер мен қызметкерлердің үнемі қысымын бастан кешіретін кәсіпкер, спортшының жеңіске деген құштарлығы, күйеуі әйелінің рак ауруынан баяу және ауыр түрде өліп жатқанын байқауы - олардың бәрі күйзеліске ұшырайды. Олардың проблемалары әр кімде әртүрлі, бірақ медициналық зерттеулер дененің стереотиптік, бірдей биохимиялық өзгерістерге жауап беретіндігін көрсетті.

Бұл автордың еңбектері пайда болғанға дейін дененің суыққа және жылуға реакциясы, қозғалысы және ұзақ иммобилизациясы диаметрлі түрде қарама-қарсы деп есептелген, бірақ Г. Селье барлық жағдайларда бүйрек үсті безінің қабығы дененің кез-келген стреске бейімделуіне көмектесетін бірдей "антистрес-сорные" гормондарын шығаратынын дәлелдей алды.

Яғни Ганс Селье өзінің «Дистрессіз стресс » кітабында физикалық факторларды, химиялық және органикалық реакцияларды физиологиялық реакциялармен қарастырды .

1. Барлық биологиялық организмдерде ішкі тепе-теңдікті сақтаудың туа біткен механизмдері бар. Ішкі тепе-теңдікті сақтау гомеостаз процестерімен қамтамасыз етіледі. Гомеостазды сақтау ағзаның өмірлік мақсаты болып есептеледі.

2. Стрессорлар, яғни күшті сыртқы ынталандыру, ішкі тепе-теңдікті бұзады. Дене кез-келген стреске, жағымды немесе жағымсыз, спецификалық емес физиологиялық қозумен әсер етеді. Бұл реакция қорғанысқа бейімделу болып табылады.

3. Стресстің дамуы мен оған бейімделу бір неше сатыдан тұрады. Әр кезеңге өту уақыты ағзаның төзімділік деңгейіне, стресстің қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты болады.

4. Денеде стресстің алдын - алу және тоқтату үшін бейімделу мүмкіндіктерінің шектеулі резервтері бар-олардың сарқылуы ауру мен өлімге әкелуі мүмкін.

Г. Селье өзінің зерттеулерін жинақтап, стресстің даму кезеңін үшке бөлген. Ол оны жалпы бейімделу синдромы деп атады.

Ол әртүрлі зақымдайтын әсерлерге жауап ретінде ағзаның спецификалық емес реакция құбылысын бейімделу синдромы немесе стресс деп атады.

Бұл спецификалық емес синдром біртұтас процесс ретінде дамитын бірқатар Функционалды және морфологиялық өзгерістерден тұрады. Г. Селье бұл процестің үш кезеңін анықтады:

Бірінші кезеңде дене ортаны бұзатын факторға тап болады және оған бейімделуге тырысады. Стрессордың алғашқы пайда болған кезде көрінеді және мазасыздық(тревога) кезеңі деп аталады. Осы кезеннің аяғында көпшілікте жұмыс қабілеттілігінің артуы көрінеді екен.

Екінші кезеңде жаңа жағдайларға бейімделу жүреді. Екінші кезеңде тепе теңдіктен шыққан барлық параметрлер тұрақтана бастайды.

Бірақ егер стресс ұзақ уақыт бойы жұмыс істесе, гормоналды ресурстардың сарқылуы (үшінші кезең) және бейімделу жүйелерінің бұзылуы орын алады, нәтижесінде процесс патологиялық сипатқа ие болады және жеке адамның ауруы немесе өлімімен аяқталуы мүмкін. (1. 12) не ред

Ашулануға, дұшпандыққа, цинизмге, ашуланшақтыққа бейім адамдар күйзеліске көбірек ұшырайды, ал әзіл сезімі бар ашық, мейірімді адамдар, керісінше, тағдырдың құбылыстарына төзімді. Гарвардтың 300 түлегі қатысқан зерттеу көрсеткендей, әзілді сезімі бар адамдар стрессті оңай жеңіп, ұзақ өмір сүреді. Батыс әдебиетінде жеке тұлғаның екі түрінің болуы туралы гипотеза кең таралған, олардың біреуі (А) екіншісіне қарағанда жүрек-тамыр ауруларына бейім . "А" түріне инфарктқа бейім адамдар жатады. Олар қайтымсыз энергия, ыстық мінез, менмендік, дәлдік, көп нәрсені істеуге деген ұмтылыс және шыдамсыздық сияқты қасиеттермен сипатталады. Мұндай адамдар тез шешім қабылдайды. "В" түріне инфарктқа төзімді адамдар жатады. Олар сабырлы, ақкөңіл, мансапқа ұмтылмайды, сирек шыдамсыздық танытады, ақылға қонымды және демалыс пен ойын-сауыққа көбірек уақыт бөледі.

Барша адамдар стресстік жүктемелерге өзгеше қарайды. Кейбіреулерінде стресске реакция белсенді болады, олар стресстен кейін қызметінің тиімділігі артады, мысалға бұл арыстанда кездеседі. Ал керісіңше басқаларда реакция пассивті болады, яғни олардың қызметінің тиімділігі мүлде төмендейді, бұған қоянды жатқызамыыз. Осыған байланысты стресстің нәтижесінде пайда болатын ден саулыққа зақымдар тура реакцияның сипатына байланысты. Клиникалық матриалдарды жалпылау стресске әкелетін әсердің үлкен спектірін көрсеттті, яғни адамдарда негізінен гипертониялық, язвалы аурулар және тамыр патологияның әртүрлі көріністерін тудырады(инфаркт, инсульт, стенокар, жүрек аритмиясы, нефросклероз және т, б. ) . Адамның ашулану сезімін бастаын адамдарда әртүрлі психосаматикалық белгілері қалыптасатыны дәлелденген. Сонымен қоса осы ауруларды туғызады бұл ревматикалық артрит, есекжем, псориаз, асқазан жарасы, мигрень, гипертония бірақ аурудың басты алғышарты болып есептелмейді.

Қатты, күшті эмоциалардың негізгі физиологиялық өзгерістері көбінесе күтпеген жағдайларда, шамадан тыс энеогияның қамтамасыз етуімен байланысты. Алайда тұлғаның стресске деген психологиялық көзқарасы және оның жеке позициясы сияқты белгілер де маңызды рөл атқарады. Сонымен дәрігерлердің назар аударғаны бұл, белгілі бір эмоциялардың басым болуы белгілі бір аурулармен байланысты . Яғни бауырға ашуланшық, жүрекке көбінесе қорқыныш, ал асқазанға зақым апатия, депресиия әсер етеді.

Психологтар мен психиатрлар адамның соматикалық аурулары мен оның жеке ерекшеліктері, сонымен қатар ол өмір сүретін және жұмыс істейтін психологиялық климат арасындағы байланысты орнатты. Егер адам ұжымда өзінің нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтін орын алуға тырысса, яғни. талаптардың жоғары деңгейіне ие болса, ол жүрек-тамыр патологиясының дамуына көбірек ұшырайды. Яғни созылмалы коронарлық аурулар айқын мақсатқа жетуге құмарлық, тым тазалыққа бейімділік және өздерінің көрші шеңберін ұнатпаушылық бар тұлғаларда тығыз байқалады. Жойылған, елемейтін, өзіне деген үздіксіз наразылық сезімін дамытатын адам, осыдан шығуға қол жеткізе алмайды, яғни өзіне деген кінә сезімін тудыртады. Бұл деректер, американдық қара адамдардың ортасындағы гипертониялық науқастардың саны ақ адамдардан ортасынан 3 есе көп екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Язва ауруы бар адамдарға мазасыздық, ашушаншылық және тым үлкен парыз сезімімен ерекшеленеді. Сонымен олар өзін-өзі төмен бағалау, сенімсіздік, сезімталдық, ұялшақтық бейім. Олар шын мәніңде өз күшіне жететіннен әлдеқайда көбірек орындайды. Бергман теориясына сәйкес, бұл мазасыздық ас қорыту мүшелері мен олардың тамырларының қабырғасының тегіс бұлшықеттерінің спазмымен бірге жүретін шиеленісті жағдайды тудырады; олардың қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауы (ишемия) бұл тіндердің қарсыласуының төмендеуіне, асқазан сөлінің қорытылуына және болашақта жараның пайда болуына әкеп соғады.

Стресс кезіндегі органикалық өзгерістердің күші жағдайды жалпы бағалауға байланысты, бірақ бұл өз кезегінде адамның өзіне жүктелген іс үшін жауапкершілік критерийімен тікелей байланысты. Жауапты сәттерде көрінетін эмоционалды күш-жігердің белгілері, әсіресе физиологиялық жүктеме болмаса, бұл жағдайларда күшейеді.

психосоматика

Жалпы, стресс күнделікті өмірде жиі кездесетін құбылыс . Сонымен кішігірім стресстен аулақ болу мүмкін емес яғни олар бізге зиян емес. Бірақ та адамға теріс әсер ететің стресстік жағдайлар да болып тұрады. Шамадан тыс кеткен стресс адам үшін өте қауіпті болуы мүмкін .

Гормональды тургыда

Адам ағзасындағы метаболизмнің жүйке реттелуі вегетативті жүйке жүйесінің екі ішкі жүйесінің динамикалық тепе-теңдігінің нәтижесі болып табылады: оның симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері бар .

Яғни симпатикалық бөлімнің жалпы мақсаты бұл адам ағзасын не болса да аман қалдыру. Егер жеңу қажет болса күресу, ал жау күшті болса қашуға ресурс бөлу. Симпатикалық бөлім іске асқан кезде, адам ағзасында ерекше өзерістер туындайды, оларға жүректің қатты соғуы, көздің қара дағының ұлғаюы қатар жүреді . Сонымен қорқынышпен қан құрамында адреналин, ал ашуланған кезде норадреналин пайда болады және де адам бұлшықеті қатайып қарқынды жұмыс істей бастайды . Осы кезден бастап көп уақыт өтпей адам организімінде энергия азая бастайды. Денедегі қоректік заттар мен энергия қорларының азаюымен парасимпатикалық бөлім өз жұмысын атқара бастайды, оның міндеті ресурстарды қалпына келтіру және сақтау болып табылады, ал оның қалыптасуы ұйқы, тамақтану және демалу кезінде жүреді.

Яғни, стрестің алғашқы кезендерінде алғашқы болып симпатикалық бөлім жүреді, сонын арқасында жүректің соғуы ұлғаяды, тыныс алу жылдамдайды, бұлшықет қатайып жумыс істейді, тердің түсі ағарады және де суық тері пайда болады. Ал егер де стресс ұзаққа созылатын болса, (сонымен адамның жоғары жүйке қызметі "әлсіз" болса немесе бейімделу қорының энергиясы таусылса) парасимпатикалық бөлім белсенді болады, бұл қан қысымының төмендеуіне, әлсіздікке, ішек бұзылыстарына әкеліп соғады.

Сонымен қатар, бүйрек үсті безінің кортикальды қабатының қалыптасуы, бұл адам мен жануарлар ағзасына стресске қарсы арнайы гормондардың көмегімен әртүрлі қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Бұл реакция гипоталамуспен де басталады, бірақ бұрынғыдан айтарлықтай ерекшеленеді. Бүйрек үсті безінің кортикальды гормондарының (глюкокортикоидтар) әсерінен барлық метаболикалық процестер күшейеді, қанда глюкоза көбірек пайда болады, яғни қабыну процестері басылады, дене ауырсынуға аз сезімтал болады - нәтижесінде тіршілік ету ортасының жоғары талаптарына бейімделу дәрежесі артады.

Осыдан кейінгі бұл жағдай ұйымның мазасыздықты, бейімделуді және сарқылу кезеңдерін жүйелі түрде өткізетін стрессті қаншалықты тез жеңе алатындығына байланысты.

Психологиялық стресті адам ағзасының функционалды жүйелерінде түрлі өзгерістерден көрінуі мүмкін, ал бұзылулардың қарқындылығы эмоционалды көңіл-күйдің шамалы өзгеруінен асқазанның язва ауруынан немесе миокард инфарктісі сияқты ауыр ауруларға дейін өзгеруі мүмкін. Стресс-реакцияларды жіктеудің бірнеше жолдары бар, бірақ психологтар үшін оларды стресстің мінез-құлық, зияткерлік, эмоционалды және физиологиялық көріністеріне бөлу ықтималды (сонымен бірге биохимиялық және гормоналды процестер физиологиялық көріністерді жалпы түрде қамтиды) .

Ителлект

Стресс кезінде көбінесе тұлғаның интеллекті зақым алады, оның ішінде есте сақтау және зейін сияқты интеллекттің негізгі қасиеттері кіреді. Зейіннің зақым келуінің ең басты себебі бұл ми қыртысының ішінде стрессорлы доминант қалыптасады, оның айналасында барлық ойлар мен уайым қалыптасады. Бұл жағдайда басқа объектілерге ерікті назар аудару қиынға соғады және алаңдаушылықтың жоғарылауы байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық күйлердің жіктелуі
Әдістер топтамасы
Психологиялық стресстің негізгі ерекшеліктері
Студенттердің мазасыздықтың деңгейін анықтау
Қобалжудың психологиялық және физиологиялық көріністері
Адамның әлеуметтік құндылығы. Ер, әйел және стресс
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Жалпы орта мектептегі оқушыларда эмоционалды стрестің алдын алуы
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
КҮЙЗЕЛІСПЕН КҮРЕСУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz