Бие сүтінің өнімі - қымыз


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

БИЕ СҮТІНЕН ТӘУЛІГІНЕ 300 ЛИТР ҚЫМЫЗ ӨНДІРУ ЖОБАСЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ЖОБАНЫҢ МАРКЕТИНГАЛЫҚ БӨЛІМІ

  1. Қымыз нарығы және жобаның сипаттамасы
  2. Қымыз өндірушілер мен тұтынушылар: бәсекелестер
  3. Жобаның SWOT талдауы
  1. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМҚымыз өндіру технологиясыЖобаға қажет жабдықтар
  2. ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРАЖАТ БАҒДАРЛАМАСЫӨнімнің көлемі - тәулігіне 300 литрЖобаға қажет қаражат және инвестицияДайындалу жұмысының графигі
  3. Жобаның экономикалық көрсеткіштері мен тәуекелдеріӨндірістің экономикалық бағалау және экологиялық мәселелер

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан - мал шаруашылығының маңызды аймақтарының бірі болып табылады. Біздің ел үлкен табиғи мүмкіндіктерге ие және жергілікті тұрғындардың мал өсірудің алыс жайылымдық формаларын дамытуға, еңбек және шығыны аз шаруа қожалықтарына үлкен кірістер әкелуге дағдыланған. Қазақстан өзінің табиғи жағдайымен және жергілікті халықтың еңбек дағдыларымен ежелден мал шаруашылығының ірі аймақтарының бірі болып саналады. Асыл тұқымды мал өсіретін негізгі аймақ - Солтүстік Қазақстан - ол Республиканың дамыған ауылшаруашылық бөлігі болады. Жылқы шаруашылығын қосып есептегенде осы аймақта жалпы ірі қара малдың шамамен 50 пайызы орналасқан.

Мал шаруашылығының тағы бір маңызды бағыты - Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның тау бөктері. Мұнда жалпы мал санының 30 пайызына дейін шоғырланған. Республикада өсірілген ірі қара тұқымдарының ішінде Дала қызылы, Алатау, Талас сүт - ет және қазақтың ақбас ет-сүт тұқымдары ерекшеленеді.

Қазақстандағы мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімінің шамамен 43%-ын құрайды. Мал шаруашылығы Қазақстанның басты стратегиялық экономикалық міндеттерінің бірі болып табылады және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың, азық-түліктің және кірістің негізгі көзі болып қала береді. Республикада мал шаруашылығының маңызды салалары - қой мен ірі қара өсіру, шошқа өсіру, құс өсіру, жылқы шаруашылығы және түйе шаруашылығы. Республиканың шығысында марал өсіру де дамыған.

Осы дипломдық жұмыстағы жобаның негізгі мақсаты:

- экологиялық таза және сапалы өнім шығару;

- дәстүрлі технологияны қолданып қымыз өндіру

- заманауи жабдықты қолдана отырып қымыз өнімін шығарудың жаңа технологияларын қолдану;

- осы салада үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті адамдармен жұмыс істеу;

- өндірісті заманауи технологиялық және зертханалық жабдықтармен жабдықтау

- тәулігіне 300 литр қымыз өндірудің жоспарын құру

Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі жағдайда жылқылар әртүрлі мақсаттарда қолданылады - мысалы: жұмысқа, спортқа, ет пен сүт алу үшін, биологиялық салада донор ретінде де қолданылады.

Ғылыми-техникалық прогресс және ауылшаруашылық өндірісін жоғары деңгейдегі механикаландыру Қазақстандағы жылқы шаруашылығының жағдайы мен даму бағыттарында объективті өзгерістер тудырды.

Соңғы жылдары елімізде қымыз өндірісін жандандыруға деген қызығушылық артып келеді. Қымыз өндірілетін барлық жерде ол тамақ өнімдері ретінде тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болып жатыр.

Еліміздің шығыс аймақтарындағы кең табиғи жайылымдарды пайдалануға негізделген жылқы өсіру технологиясы ғасырлар бойы дамып, ұлттық бай тәжірибе жинақтады. Алайда, қазіргі кезде қымыз алу үшін жылқы өсірудің бұрыннан қалыптасқан технологиясы өндірісті жан-жақты ұлғайтудың қойылған міндеттеріне сәйкес келмейді. Бұл технология үнемі жетілдіріліп отыруды қажет етеді. Қазіргі өндірістік мақсаты - қымызды өндірудің анағұрлым интенсивті әдістерін қолдануды қажет етеді. Және де жаңа технологиялар арқылы қымыз өндірісінің өнім шығару қуатын арттыру қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: тақырыпты зерттеудің негізгі мақсаты қымыз өндірісін тәулігіне 300 литрге дейін кеңейту мүмкіндігін зерттеу болды. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

-нарыққа талдау жүргізу

-жоғары және сапалы бизнес-жоспар құру

-технологиялық процесті дамыту

Жұмыс көлемі. Бұл дипломдық жұмыс 45 беттен тұрады, оған кіріспе, әдеби шолу, техникалық, маркетингтік, өндірістік, экономикалық бөлімдер, және қорытындылар мен ұсыныстар кіреді. Дипломдық жобада осы тақырып бойынша көптеген зерттеулер және әдебиеттер қолданылған.

1. ЖОБАНЫҢ МАРКЕТИНГАЛЫҚ БӨЛІМІ

  1. Қымыз нарығы және жобаның сипаттамасы

Қазақстан - Агро индустриялық ел. Бүгінде халықтың қырық үш пайызы ауылдық жерлерде тұрады және ауылшаруашылық өндірісінің даму деңгейіне тек осында жұмыс істейтіндердің ғана емес, сонымен бірге осы нарықпен байланысты адамдардың өмір сүру деңгейі де байланысты. Көптеген қазақстандықтардың әл-ауқаты ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейімен тығыз байланысты. Өзінің бар күш-жігерін агралық салаға бұрудың басты алғышарртары ретінде, срапшылардың ғаламдық азық-түлік өнімдерінің дағдарысқа ұшырау қаупінің болжамдауымен де сипаттауға болады [1] .

Әлемдегі миллиардқа жуық адам жұмыс істейтін саланың негізгілерінің бірі болып ауыл шаруашылығын айтуға болады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 40% - ы мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең серпінді дамыған салаларының бірі десек қателеспейтін шығармыз. Соңғы онжылдықтар ішінде аталмыш саланың қарқынды дамып келе жатқанын халықтың өсуіне, әл-ауқаттың өсуіне және урбанизацияға байланысты мал шаруашылығы өнімдеріне сұраныс белсенді артуымен түсіндіруге болады. Қазақстан Республикасында - да ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірегейі - мал шаруашылығы болып табылады, ол халықты азық-түлікпен, ал жеңіл өнеркәсіпті-шикізатпен қамтамасыз етеді. Жыл сайын Қазақстанда 750 000 тоннаға дейін ет, төрт жарым миллион тоннадан астам сүт, шамамен екі жарым миллиард дана жұмыртқа, 30 000 тонна жүн өндіріледі.

Бұл ретте жалпы массадағы импорт көлемі өнім түріне байланысты 40% - дан 80% - ға дейін алады. Негізінде, Қазақстан қазір таңда өзін сүт өнімдірімен қамтамасыз етіп отыр деуге толық негіз бар. Бірақ бие малының сүтін өндіруіміздің аздығы және оларды өңірлерге жеткізу үшін кететін шығынның көп болуы, нақты қымыз өнідірісінде бағаның шарықтауына әкеліп соғады. Тіптен салыстырмалы түрдеқарастыратын болсақ, бие сүтінің бағасы дамыған, жалақысы мен зейнетақысы жоғары мемлекет тұрғындарынына ғана қол жетімді сияқты көрінеді. Бұл бүгінгі күннің өзекті, басты мәселелерінің бірі десек те артық емес. Сонымен қатар, ашық нарық жүйесі бойынша бәсекеге қабілетті тауарларыдың көптеп енуі, өзіміздің отындық өнімге деген сұранысты азайтуы мүмкін. Жалпы Республика халқы ұлттық тұтыну нормалары бойынша сүт және сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. 2020 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 415 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынған (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қайта өңдеу өнеркәсібі және агроазық-түлік нарығы департаментінің деректері) .

2020 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер зауыттарға қайта өңдеуге 2, 1 млн. тоннадан астам сүт тапсырды. 2020 жылы өндірістің жалпы көлеміне қарағанда қайта өңдеу үлесі 42, 1% - ды құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 4, 5% - ға жоғары. Бұл ретте 2019 жылы сүт өнімдерін ақшалай көрсеткішпен өндіру көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 27% - ға ұлғайды. Ол 113, 9 млрд. теңгені немесе шамамен 780 млн. долларды құрады. Бүгінгі күні сүт өнімдерін шығару қуаты 71% - ға пайдаланылған кезде жылына 2 млн. тоннадан астам сүт өңдеу жалпы қуаты бар 200 кәсіпорында жүзеге асырылады. Сүт өнеркәсібінің үлесіне ақшалай көрсеткішпен өндірілетін тамақ өнімдерінің жалпы көлемінің шамамен 17% - ы тиесілі. Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан 355 млн АҚШ доллары сомасына сүт өнімдерін импорттады. Бұл, ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, республикаға азық-түлік импортының жалпы көлемінің 15% құрайды. Негізгі жеткізушілер-Кедендік Одақ елдері, сондай-ақ Украина және Қырғызстан. Біздің сүт өнімдерінің барлық түрлері бойынша таяу шет елдерге, атап айтқанда, Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға жеткізуіміздің өсуі де байқалды. Мысалы, 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда қышқыл сүт өнімдерінің экспорты 35% - ға артты.

Аймақтың ауыл шаруашылық жағдайың негізгі мәселелерінің бірі болып оның экономикалық әлеуетінің көрсеткіштері табылады. Сондықтан әрбір тұрақты дамуға бағытталған мемлекет, өзінің агарлық саласын қолдауға тырысады және экспорттық мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.

Қымыз адам тағамында ерекше орын алатын өнім екені белгілі. Қымыздың тағамдық жəне биологиялық құндылығы оның химиялық құрамына жəне химиялық заттардың адам организміне сіңірілуіне аса қолайлы. Қымыздың адам денсаулығына пайдалылығын халқымыз ерте заманнан-ақ білген. Қазіргі кезде қымыздың адамға əл-қуат беретін көптеген ауруға, əсіресе туберкулезге емдік қасиетін дүние жүзінде кеңінен пайдаланады. Сонымен қымыздың тағамдық, əсіресе емдік қасиеті басқа мал сүттеріне қарағанда əлде қайда жоғары екендігі көрінеді. Əрине қымыздың бұл қасиеттері, оны дайындау технологиясына, санитарлық гигиеналық жəне ветеринариялық-санитариялық сараптау жағдайына тікелей байланысты [3] .

Қазіргі таңда алыс және жақын шетелдерде бие сүтінің танымалдығы артып келеді. Ұзақ жылдар бойы өнімнің осы түрінің қасиеттеріне зерттеу жүргізіледі, ол өзіндік және физикалық қасиеттеріне байланысты бірегейлікті дәлелдейді. Бие сүті-оңай сіңетін биологиялық белсенді өнім, оның арқасында ана сүтімен ұқсас. Бие сүті ана сүті сияқты альбумин сүтіне жатады, оның ерекшелігі адамның асқазан-ішек жолдары мүшелерінің жеңіл қорытылуы мен сіңуі болып табылады. Сонымен қатар, бие сүтінде адам ағзасына қажетті витаминдер (А, В1, В2, В6, В12, Е, РР), минералдық элементтер (кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром) бар. Бие сүттiндегi кейбір микроэлементтер сүт өнімдерінің басқа түрлерінде жоқ, бұл өнімді одан бірегей етеді. Биенің теңгерімділігіне, жеңіл сіңірілуіне байланыстысүт асқазан-ішек жолдарының әр түрлі ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады және тамақтану режимдерінде қолданылады. Әдетте адамдарды емдеу курсы кемінде бір ай. Мысалы, қысқы кезеңде бие сүтінің төмендеуі байқалады, бие сүтін қайта өңдеу қажеттілігі пайда болады. Бие сүті балалар мен жасөспірімдердің тамақтануында, науқас және қарт адамдардың тамақтануында маңызды орын алады. Сиыр сүтімен салыстырғанда бие сүтінде ақуыз бен липид мөлшерінің төмен болуына байланысты организмде оңай қорытылады. Бие сүтін тұрақты пайдалану туберкулез, созылмалы гепатит, асқазан және он екі елі ішек жарасы ауруында, псориаз, ішек инфекциясында, ота жасағаннан кейін қалпына келтіру кезеңінде, анемия, терінің әлсіз тургоры болғанда, бөртпелер және стресс жағдайдын емдеуде қолданылады. Сондай-ақ, эритроциттер мен лимфоциттердің мөлшерін арттырады, эритроциттердің қалыпты тұну жылдамдығын реттейді [4] .

Қымыз - құтты бизнес. Үйірілген сары алтындай сары қымыз, ауруға емес, сауға қуат дәрі қымызға - 21- ғасырда сұраныс күшейіп отыр. Тіптен әлемді жайлаған індетті жеңу үшін бұл өнімнің тапшы екені де сезіледі. Осындай жайттарды ескерген шаруалар жылқы сүтін кәсіпке айналдыра бастады.

Қазақстан Республикасында қымыз сыртқы нарыққа шығарылады деп жоспарлануда. Қымыз экспортының тарихы жапондық ғалымдар қазақстандық сусынның бір порциясын сынамаға алып, ауқымды зерттеу жүргізуден басталды. Жаңа құралдармен және технологиялармен сараптама қымызды пайдаланудың белгісіз перспективаларын ашты. Мұнда иммунитетті көтеру және қолдау, және, әрине, керемет тазартқыш қасиеттері бар. Жалпы, біздің ұлттық сусынымыздың қасиеттерімен танысқан жапон ғалымдары жаңа буынның қымыздануының тұтас теориясын ұсынды. Оның негізі, әрине, өкпе ауруларын емдеу болып табылады.

Қазақтың ұлттық сусыны қымыздың адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Мұны білген шетелдіктер бұл істі әлдеқашан қолға алған. Рудольф Шторх Кеңес дәуірінде түрмеде жатқанда туберкулезбен ауырып, оның қазақ досы саумалмен емдеп жазған екен. Ауруынан құлан таза айыққан ол еліне оралған соң қымыз өндірумен айналысады, кейіннен ұрпақтары Ганс Цольман жалғастырады. Осылайша қымыздың технологиясын жетік меңгерген германдықтар елімізге арнайы келіп, қымыз технологиясының қыр-сырымен жан-жақты таныса бастаған.

Республикада өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің санаулы бірлігі ғана экспорттық әлеуетке ие, соның ішінде біздің ежелгі сусынымыз - қымыз. Израиль, Германия, Жапония және басқа да бірқатар Еуропа мен Азия елдері оны үлкен көлемде сатып алуға дайын. Бірақ бұл ретте шарттар қойылады - қымыз халықаралық стандарттар бойынша - сертификатталған жабдықта жүргізілуі және шыны ыдысқа құйылуы тиіс.

Жылқы басының өсуі бие сүтін сатуды талап етеді, оған аудан орталығында қайта өңдеу цехтарының ашылуы ықпал етеді. Мал басының өсу динамикасы сүт өндірісінің жылына шамамен 3% - ға өсуіне мүмкіндік береді [5] .

Кесте 2 - 2020 жылы Қазақстанда бие сүтін өндіру, тонна

Шаруашылықтардың барлық санаттары
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар
Халық шаруашылығы
:

Қазақстан

Республикасы

Шаруашылықтардың барлық санаттары: 27 565, 3
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 874, 8
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 10 407, 5
Халық шаруашылығы: 16 283, 1
: Ақмола
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 1 657, 9
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 37, 5
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 734, 5
Халық шаруашылығы: 885, 9
: Ақтөбе
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 930, 9
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 233, 9
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 1 096, 5
Халық шаруашылығы: 523, 9
: Алматы
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 1 846, 8
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 144, 2
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 116, 2
Халық шаруашылығы: 606, 1
: Атырау
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 133, 2
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 4, 7
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 64, 1
Халық шаруашылығы: 12, 3
: БҚО
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 229, 9
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: -
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 158, 0
Халық шаруашылығы: 165, 8
: Жамбыл
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 2 367, 3
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 6, 0
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 4 584, 3
Халық шаруашылығы: 2 203, 3
: Қарағанды
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 7 490, 4
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 56, 2
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 723, 0
Халық шаруашылығы: 2 885, 9
: Қостанай
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 1 694, 1
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: -
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 204, 7
Халық шаруашылығы: 971, 1
: Қызылорда
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 1 199, 1
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 13, 1
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 0, 8
Халық шаруашылығы: 981, 3
: Маңғыстау
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 2, 6
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 1, 8
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 448, 2
Халық шаруашылығы: -
: Павлодар
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 1 020, 2
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 238, 0
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 6, 3
Халық шаруашылығы: 334, 0
: СҚО
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 28, 0
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: -
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 102, 5
Халық шаруашылығы: 21, 7
: Түркістан
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 5 931, 7
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: 139, 3
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 2 030, 0
Халық шаруашылығы: 5 689, 9
: ШҚО
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 2 861, 8
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: -
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 1, 3
Халық шаруашылығы: 831, 8
: Шымкент
Шаруашылықтардың барлық санаттары: 171, 4
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары: -
Жеке кәсіпкерлер және шаруалар: 173, 1
Халық шаруашылығы: 170, 1
  1. Қымыз өндірушілер мен тұтынушылар: бәсекелестер

Республикамыздағы 187 млн. гектар табиғи жайылым үйірлі жылқы шаруашылығын дамытуға таптырмайтын мүмкіндік. Себебі осынша жердің жартысынан астамын су көздерінен қашық болғандықтан тек жылқы жаюға ғана пайдалануға болады. Жылқыны ұдайы өсіру, осы салада өнімді мол өндіріп, оның сапасын жақсарту ісін сез еткенде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Гурьев, Павлодар, Орал және Целиноград облыстарының, жылқышыларын аттап ету мүмкін емес. Мысалы «Бірлік» совхозының, (Павлодар облысы) жылқышысы М. Юсупов, «Қаракеңгір» совхозының (жезқазған облысы) жылқышысы А. Есімсейітов, «Горный» совхозының жылқышысы (Целиноград облысы) С. Рамазанов және осы облыстың «Өлеңті» совхозының жылқышысы М. Құттыбаев, «Зауральный» совхозының (Гурьев облысы) жылқышысы Қ. Расулиев, «Құланды» жалқы заводының (Қызылорда облысы) жалқышысы Т. Назаровтар 1981 жылы әр жүз биеден 85-95 құлыннан алып, аман өсірді. Көкшетау облысының Уәлиханов ауданындағы «Золотая Нива» совхозының аға жылқышысы Баяш Әміренов жыл сайын әр жүз биеден 96-98 аралығында құлын алып келеді. Отанымыз оның осынау еңбегін бағалап, Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Ол оныншы бесжылдықтың қорытындысы бойынша республикада жылқы сапасын жақсартудың негізі тұқым асылдандыру жұмыстарын жолға қою, азықтандырудың қолайлы жағдайларын жасау, салт мінілетін және желісті жылқыларды жарату, үйірлеп бағу кезінде ет-сүт бағытындағы жылқы төлін бір бағытта өсіру болып табылады. Республика жылқы өсірушілері мен ғалымдары бірлесе отырып, жылқының екі тұқымын шығарды. Оның біріншісі - салт мінілетін-жегілетін, қостанай типі де, екіншісі - ет-сүт бағытындағы көшім жылқысы. Бұрынғы кезде жылқы заводтарында, колхоздар мен совхоздар асыл тұқымды фермаларында, жылқы өсірумен айналысатын ірі-ірі шаруашылықтарда жылқының 17 тұқымы табысты түрде өсіріліп отыр. 12 жылқы заводы және колхоздар мен совхоздардың, 32 асыл тұқымды фермасы, Қостанай және Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы жылқының жоспарлы жақсартушы тұқымдарын өсірумен айналысуда. Жылқыны қорада-жайылымда күтіп-бағу әдісі қолданылатын асыл тұқымды жылқы шаруашылығына орай азық-түліктік мақсаттағы жылқы шаруашылығы кең қанат жайған. Үйірлеп бағылатын жылқы саны 600 мыңнан асып кетті. Республикада үйірлі жылқы шаруашылы аса бағалы диеталық азық-түлік - жылқы еті мен қымыз ендіру көздерінің бірі болып табылады[6] .

Қазіргі кезде Қазақстанда негізгі күш мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметтері бойынша бидайды экспорттау мүмкіндігіне қарағанда, жануарлар өнімі бойынша Қазақстанның экспорттық қабілеті жоғары. Қазақстанның климаттық және экономикалық қолайлы шарттары, сондай-ақ қолданылмаған жайылымдардың үлкен ауданы аталған экономика секторының тартымдылығын түсіндіреді және бизнес үшін инвестициялау себептерін құрайды. Осыған байланысты 2016 жылға дейін еліміздің барлық аудандары бойынша репродуктивті шаруашылықтар және фермерлік шаруашылықтардың жемдеу аудандар желісін құруды жоспарлауда. Осылай алдағы бес жыл ішінде 60 жемдеу аудандарын құру қажет, олардың жалпы қуаты 150 мың жемдеу орыны, етті бағыттағы асыл тұқымды тұяқтылар тұқымын көбейту және өсіру бойынша 54 репродуктивті шаруашылық бар. Осы мақсатта шет ел селекциясының шамамен 72 мың бас малы әкелінетін болады. Сонымен қатар аналық басының жалпы саны 72 мың бастан асатын етті малды өсіруге бағытталған ферма шаруашылық желілерін құру жоспарлануда.

Мал басының елеулі өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген, шамамен - 11% (184, 1 мың бас) . Ең көп мал басы Алматы облысында 267, 7 мың бас және Шығыс Қазақстан облысында - 223, 2 мың бас тіркелген. 2019 жылмен салыстырғанда мал өнімдерінің өндірісі 25, 4 % артқан, ал ауыл шаруашылығы жалпы өніміндегі таза салмақ 53, 5% жетті. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізудің негізгі факторы берік мал азығы базасын құру болып табылады.

Жаңа кәсіпорынды Казақстандағы жоғары сапалы өнімді ұсынатын жоғары технологиялы және заманауи мал шаруашылығы кешені ретінде орнын айқындау қажет. Бастапқы кезеңде өнімді шығару басталғанға дейін орталық бұқара құралдарына жануар өнімін өндіретін кәсіпорын жымысының бастағаны туралы және отындық тауар өндірушіні ретінде жарнамалап мақала жариялау, 1-2 ай бұрын PR компаниясы жұмыс жүргізу қажет [7] .

Алғашқы көтерме сатып алушылары үшін баға бойынша жеңілдіктерді анықтап, ол туралы PR мақаланы облыстық және республикалық газеттерде жариялау. Құранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру төменде келтірілген шарттарға сүйеніп жасалынады:

− Мал өсіру кешенінің қолайлы жерде орналасуы;

− Басқалармен салыстырғанда баға деңгейі біршама төмен;

− Біліктілігі жоғары мамандар;

− Заманауи қондырғы;

− Сұранысты ынталандыру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру.

1. 3 Негізгі және потенциальды бәсекелестер

Облыс бойынша жалпы мал және құстарды өсіруді 4 590 ауыл шаруашылық құрылымдары жүргізуде, олардың ішінде орташа және ірі тауар өндіретіндер саны - 177. Олар сүт өнімінің 43% өндіреді, ал қалған бөлігін тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығына кіреді. Бүгінгі таңда облыста тұяқты тұқымдасты өсірумен 59 асыл тұқымды мал шаруашылығы жүргізуде, сонымен қатар 35 шаруашылық мал сүтін өндіру бағытында өсіреді. Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері сүт және кешенді бағытта мал өсіру фермалары болып табылады[8] .

Кесте 3 - ҚР 2020 ж. 1-ші маусым жағдайына малдың сүт бағыты бойынша асыл - тұқымды малды өсіру желісінің базасы

Атауы
Шаруашылық
Ауданы
№: 1
Атауы: «Атбасар Нива» ЖШС
Ақмола облысы
№: 2
Атауы: «Титан» ЖШС
Шығыс Қазақстан облысы
№: 3
Атауы: «Эквалайн»
Қазақстанның барлық аймақтарында
№: 4
Атауы: «Ужит»
Алматы Үжет кенті
№: 5
Атауы: «Акsanat»
Шымкент қ-сы
№: 6
Атауы: «Ақжол» қымыз
ОҚО
№: 7
Атауы: «Алтай» қымыз
ШҚО, Зайсан ауданы
№: 8
Атауы: «Шоро» фирмасы
СҚО

Қазір облыста асыл тұқымды жылқы өсірумен 59 мал шаруашылықтар айналысады, оның ішінде 35 шаруашылық етті және сүтті мал өсіреді.

Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері-асыл тұқымды фермалар сүт өндіру және аралас бағытта қызмет жасайды[9] .

Кесте 4 - Жобаның негізгі бәсекелестері және оларға сипаттама

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық сусындарының қалыптасуының алғы-шарттарының рухани көрінісі
Бие сүті және қымыздың құрамы мен қасиеттері
Қымыздың химиялық құрамы
Бие сүтінің химиялық құрамы
Қымызды ашытқандағы сүттін құрам бөліктерінде болатын өзгерістер
Құтыға құйылған қымыз
Биені қымыз өндіру кезінде азықтандыру
Құрғақ биенің сүті
Гастрономиялық туризм түсінігі
Бие сүтінің химиялық құрамы өте күрделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz