Меркурий



Болпан (Меркурий, Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан) — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Ал өз белін ұзақ уақытта айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +300 дәреже болса, түнде -200 дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы, жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді. Болпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес құдайының мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км), Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6 тәулік, орташа диам. 4878 км, массасы 3,31023 кг; өте сирек атмосферасының құрамында Ar, Ne, He бар. М. беті сырттаБолпан Astronomical symbol of mercury Mercury Mariner 10 ғарыш жабдығы арқылы жасалған Болпан көрінісі

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Болпан (Меркурий, Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан) — Күнге ең жақын және Күн
жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады.Ал
өз белін ұзақ уақытта айналып шығады, Болпанның бір тәулігі Жердің 176
тәулігіне сәйкес. Болпанды бақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз
+300 дәреже болса, түнде -200 дәрежеге төмендейді. Болпанның үстінде
бұлттар жоқ, соңдықтан ғаламшарда жуан атмосфера жоқ. Аспаны қараңғы,
жұлдыздар Болпаннан жарық көрінеді, Күн үлкен тәжі бар шар сияқты көрінеді.
Болпанды әлемде "Меркурий" деп атайды, бұл атау көне юнанның Гермес
құдайының мадағына берілген. Күннен орташа қашықт. 0,387 а.б. (58 млн. км),
Күнді айналу периоды 88 тәулік, өз осінен айналу периоды 58,6 тәулік,
орташа диам. 4878 км, массасы 3,3⋅1023 кг; өте сирек атмосферасының
құрамында Ar, Ne, He бар. М. беті сырттаБолпан Astronomical symbol of
mercury Mercury
Mariner 10 ғарыш жабдығы арқылы жасалған Болпан көрінісі
Орбиталық сипаттамасы
Дәуірі J2000
Афелиі: 69,817,079 km
0.466 698 35 AU
Перигелиі: 46,001,272 km
0.307 499 51 AU
Үлкен жарты білігі: 57,909,176 km
0.387 098 93 AU
Орбиталық шеңбері: ~360,000,000 km
(2.406 AU)
Шоғырланбауы: 0.205 630 69
Жұлдыздық мезгілі: 87.969 34 d
(0.240 846 9 a)
Ауытқы мезгілі: 115.8776 d
Орташа орбит. жылд-ғы: 47.36 kms
Ең көп орбит. жылд-ғы: 58.98 kms
Ең аз орбит. жылд-ғы: 38.86 kms
Аулақтауы: 7.004 87°
(3.38° to Sun’s equator)
Үдемелі түйін бойлығы: 48.331 67°
Перигелий аргументі: 29.124 78°
Серіктері: None
Физикалық сипаттамалары
Екуаторлық радиусы: 2439.7 km
(0.383 Жер (ғаламшар))
Бет ауқымы: 7.5×107 km²
(0.147 Earths)
Деңгейі: 6.083×1010 km³
(0.056 Earths)
Массасы: 3.302×1023 kg
(0.055 Earths)
Мағыналы тығыздығы: 5.427 gcm³
Екуатордағы ауырлық күшінің үдеуі: 3.701 ms²
(0.377 g)
жыту тездігі: 4.249 kms
Жұлдыздық айналым мезгілі: 58.6462 day (58 d 15.5088 h)
Екуатордағы айналым тездігі: 10.892 kmh (at the equator)
Біліктік еңкейісі: ~0.01°
Солтүстік полюстің оң үдемелігі: 18 h 44 min 2 s
(281.01°)1
Солтүстік полюстің ауытқылауы: 61.45°
Албедо: 0.10-0.12
Бетттік темп-сы:
0°N, 0°W
85°N, 0°W
ең аз мағ. ең көп
100 K 340 K 700 K
80 K 200 K 380 K
Сын есімдері: Mercurian
Атмосферасы
Беттік қысымы: trace
Құрамы: 31.7% Potassium
24.9% Sodium
9.5% Atomic Oxygen
7.0% Argon
5.9% Helium
5.6% Molecular Oxygen
5.2% Nitrogen
3.6% Carbon dioxide
3.4% Water
3.2% Hydrogen Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса
есептегенде 9 ірі аспан денелері болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс,
Плутон айналып жүреді. Олар – планеталар (грекше – кезбе деген сөз).
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із,
жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс,
Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон. Олардың өлшемі де
түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда
олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның
бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета –
кезбе жұлдыз деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты
планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде
жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес
келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн
батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі. Күн жүйесіндегі аспан
денелері топтасқан – Құс жолы галактикадағы шоқжұлдыздардың бірі. Құс
жолы көзге қарай аспан әлемінде айқын көрінеді. Құс жолы қазіргі
телескоптармен байқағанда көмескі жарқыл шығаратын аса көп жұлдыздар
шоғырын көреміз, ал жай көзге ол тұтасқан шұғыла болып көрінеді. Құс жолы
орасан зор жұлдыздар жүйесі. Галактика құрамына кіретін жұлдыздардың
негізгі бөлігі. Галактикағы сонымен қоса жер аспанда байқалатын басқа да
жұлдыздар мен өз жұлдызы күн де жатады. Галактикадағы жұлдыздардың жалпы
саны орасан көп – шамамен 100 миллиардтай. Күн – Галактиканың қарапайым
жұлдыздарының бірі.

Жұлдыздардың планеталық жүйесі

Жұлдыздардың пайда болуы және олардың эволюциясы жөнінде жұлдыз
эволюциясы туралы теория жасауға қажет бақылау нәтижесінің дәлелдері
жеткілікті. Өкінішке орай жұлдыздың планеталық жүйесі, оның пайда болуы
және эводюциясы жөнінде жоғарыдағыдай сеніммен айта аламыз. ХҮІ ғасырда
Джордано Бруноның ұйғарымы бойынша жұлдыздар Күн сияқты планеталар тобымен
қоршалған, ол планеталар үздіксіз пайда болады, өмір сүреді және өледі.
Бірақ біз тікелей Күн жүйесіндегі планеталарды ғана зерттей аламыз. Соңғы
он жылда жұлдыздар мыңнан 100-ден астам планеталар жүйесі ашылды. Бақылау
құралдарының көмегімен жұлдыздардың планеталық жүйелерін іздеп табудың екі
үлкен қиыншылығы бар. Біріншіден планетаның массасы, орталық жұлдыздың
массасынан әлдеқайда кіші, екіншіден оның жарқырауы орталық жұлдыздың
жарқырауына қарағанда ескерусіз.
Егер бізге жақын жұлдыз маңында физикалық сипаттамасы Юпитер
планетасына ұқсас планета болса, онда оның көрінерлік жұлдыздық шамасы +23m
болып және одан доғаның 4о қашықтығында орналасар еді.
Планеталардың гравитациялық күшінің орталық жұлдыздың әрекетін бақылау
арқылы планеталар жүйесін іздеу әлдеқайда ұтымды. Планета жүйесі массасының
99%-ы орталық жұлдызға тиісті болса да (мысалы Күн жүйесіндегі тәрізді),
оның массалар центрі жұлдыздың центріне сәйкес келмейді және оның ауытқуын
Жерден бірнеше жыл бойы бақылаулар нәтижесінде осы жұлдыздардың бірі –
"Барнарданың ұшып бара жатқан жұлдызының” (өзіндік қозғалысы жылында
доғаның 10,27о-ын құрайды, қашықтығы 6 жарық жылына тең) кеңістіктегі өзіне
тән траекториялардан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып отыратыны
байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт серіктерінің ме-ры
анықталды. Ол массалар (Ван де Калеп бойынша) 0,0058 және 0,0030 Күн
массасына тең. Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің
болашағы зор. 1983 жылы Вега жұлдызы (қашықтығы 26 жарық жылы) 60 мкм-мк
инфрақызыл диапазонда 10 есе артық, ал 100 мкм-де 20 есе артық эенргия
шығаратыны белгілі болды. Салқын денелерден тұратын осындай дөңгелектер
басқа да кейбір жұлдыздардан табылды. Басқа жұлдыздардың маңында да
планеталық жүйелер бер. Жерге ұқсас планетаны ашу болашақтың ісі.
Күн жүйесі. Күн жүйесінің пайда болуын табиғи жолмен түсіндіруге тырысу
әрекеті ХҮІІ ғасырда басталды. ХҮІІІ ғасырда философ И.Кант пен математик
П.Лаплас Күн жүйесінің пайда болуының үйлесімді теориясын құрды. Бірақ ол
теория өкінішке орай, көптеген бақылау деректерін түсіндірмеді.
Күн жүйесінің де осындай кезеңдерді басынан өткізгені ықтимал. Аса жаңа
жұлдыздар жарылғаннан кейін, ауыр элементтер бүкіл әлемге шашылып кетеді де
жаңа жұлдыздарды құрайтын материалға айналады. Ондай жарылыс жақын жатқан
газ бен тозаңның өзгеруіне, осылайша Күннің пайда болуына әсер еткен. Аса
жаңа жұлдыз жарылғаннан кейін, соққы тасқыны гравитация заңы бойынша бұлтты
сияқты да центр қызып, жана бастайды. Сөйтіп, Күн пайда болады. Күн магнит
өрісі арқылы өзін қоршаған заттармен байланысын сақтады. Күн магнит өрісі
арқылы өзін қоршаған ортаға дөңгелек түрінде қозғалыс моментінің барлық
шамасын бере алады. Дөңгелектерден планеталар пайда болады. Күнді қоршаған
планеталарға дейінгі бұлттарда кездесетін бөлшектер мен салқын денелердің
бірігуі нәтижесінде планета түзіледі. Оның үстіне Күннің сәуле шығаруындағы
ыстық жел Күннің маңынан жеңіл ұшатын заттарды ала кетеді. Заттардың бір-
біріне жабысуының нәтижесінде Күннің жанынан кішкене тығыз кремнийлік
планеталар, ал Марс орбитасынан әрі қарай сутегі мен гелийден тұратын алып
планеталар пайда болады.

Жер тобының планеталары

Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі
топқа бөлінеді – жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер
тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер
тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады. Жер
тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан
өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), басиапқы
аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші
планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда
серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста – екі кішкене
серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы
планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.
Меркурий. Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан
шұңқырлар пайда болған (түрлі-түсті қосымшадағы). Оның ең үлкені Калорис
деп аталады. Диаметрі 1300 км болатын осы үлкен шұңқырдың бүйірлерінде
метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері пайда болған. Меркурийдің
Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Аспан аясында оның
Күнне ең алыс кету бұрышы 29о. Сондықтан ол күн шығар алдында (ертеңгі
көрінуі) немесе кешке күн батқанда (кешкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алып планеталар салыстырмалы таңдау
Жер тобының планеталары жайлы
Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Аспан шырақтарының қозғалысы туралы
Күн жүйесi мәліметтері
Күннің көрінерлік қозғалысы, атмосферасы, спектрі
Жер тобының ғаламшарлары
Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру
Күн жүйесi туралы
HTML тілінің атқаратын қызметі
Пәндер