Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер
Пәні:Азаматтық құқық

Орындаған:Хасенова Шекер,ЮҚ 19-01
Тексерген: Альмухамбетов Жантолы Нурланович

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1.Негізсіз баюдын салдары туралы мазмұн
1.1Негізсіз баюдын салдары туралы түсінік
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс. Осы тарауда көзделген ережелер осындай iс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдар басқаның мүддесiне жасайтын iс-әрекеттерге қолданылмайды.Мүдделi тұлғаға оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы хабарлау Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.
Мүдделi тұлғаның өз мүддесiне жасалған iс-әрекеттердi мақұлдауының салдары егер оның тапсыруынсыз өзiнiң мүддесiне iс-әрекеттер жасалған тұлға осы iс-әрекеттердi мақұлдаса, тiптi мақұлдау ауызша түрде жасалса да, тараптардың қатынасында бұдан әрi жасалатын iс-әрекеттердiң сипатына сәйкес тапсырма шарты немесе өзге де шарт туралы ережелер қолданылады.
Негізсіз баюдын салдары туралы мазмұн
Негізсіз баюдын заты болатын мүлік, сол түрінде жәбірленүшіге қайтарылуы тиіс (ҚР АК 955 б.). Егер алғанды заттай қайтару мүмкіншілігі болмаса, сатып алушы жәбірленүшіге ол мүліктің сатып алу кезіндегі нақтылы құнын және егер мүлік дереү қайтарылмаған болса, мүліктің құнының күйінде төмендеүне байланысты, оның шеккен шығындарын, өтеп берүге міндетті болады (АК 956 б.).
Бұл қаралатын құқық қатынасы заттық емес міндеттемелік болғандықтан, мүлікті заттай қайтару дегеніміз, нақтылы сол мүлікті емес, сол түрдегі және сападағы басқа мүлікті немесе оның ақшалай құнын қайтару болып танылады. Жәбірленүшінің кінәсі бұл жерде ескерілмейді. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің негіздері келесі болады: төленетін сомадан асатын соманы төлеү, шынымен жоқ бірақта бар деп ойлайтын міндетті орындау. Оның мысалы: тиісті бір өтемді өндіріп алу жөніндегі сот шешімін жою.

Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме сол бір немесе өзге себептер бойынша тауарлармен ақылы эквиваленті алмасу бұзылатын, соның салдарынан жоспарланған, бірақ жүзеге аспаған қатынастардың қайсыбір қатысушысы қандай да бір материалдық игіліктерді басқа қатысушыларға негізсіз беретін, құқықтық қатынастардың теріс пиғылды қатысушылары басқа тұлғаның қандай да бір мүлкін жасырып қалатын немесе олардың контрагенті ретінде болуға жоспарланған тұлғаның мүлкін пайдаланып қалу орайы келетін және т.б. кез келген жағдайларда пайда болады.
Осы аталғандар негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің пайда болуының мүмкін болатын жалғыз негіздері болып табылмайды. Негізсіз баю сондай-ақ субъектілер шартты қатынастармен байланысты болғанда, шартқа қатысушылардың біреуінің немесе екеуінің салақтығы кездейсоқтыққа орай байыған тараптың немесе мүлікке деген құқықтардың заңды иесінен басқа өзге субъектінің пиғылынан болатын жағдайларда орын алуы мүмкін.
Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме негізсіз байыған тұлғаның біржақты іс-әрекеттерінен ғана пайда болуы мүмкін. Мәселен, теріс пиғылды азамат, өзінің танысының атына пошта жөнелтілімі келгенін (жіберілгенін біле тұра ол туралы хабарландыруды жіберілген зат иесіне көрсетпей, қолдан сенімхат жасап, жіберілген затты өзі алады. Бұл жағдайда негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме жария деликтілік және жеке деликтілік құқық нормаларымен тығыз байланысады. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеменің алғы шарттары болып мүліктің меншік иесінің (өзге де құқық иесінің иелігінен шығуы адам мүлкін кез келген өзге де тәсілмен азайту табылады. Мысалы, субъект басқа адамның міндеттемесін өз қаражаты есебінен орындағанда. Сонымен бірге басқа тұлғалардың заңсыз баюы орын алады, олар артынан осы міндеттемеде борышқорлар ретінде көрінетін болады. Негізсіз баюдың белгісі болып мүлікті басқа тұлғаның есебінен және оған деген жеткіліксіз негіздерсіз немесе жинақтау болып табылады. Аталған жағдайларда ұқсас жағдайлардан қалыптасатын белгілі бір фактілік құрамға, сондай-ақ олар арасындағы белгілі бір алдын ала құқықтық байланыстарға байланысты және кейде оларға байланыссыз белгілі бір тұлғалар арасында міндеттемелік құқықтық қатынас - негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме қалыптасады. Тиісті фактілік негіз болған кезде мұндай міндеттеме бірқатар жағдайларда тікелей заң нұскауына орай туындайды.
Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізсіз баю салдары
Шарттар міндеттемелері негізсіз баюшылықта
Негізсіз баю міндеттеменің мазмұны
Басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау
Негізсіз баюдың салдарын ашу
Конкурстық міндеттемелер
Жалға алу шарты
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Кондиция, өнім, өнім сапасы
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Пәндер