Қазақ медиасының шағын шежіресі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Лес М.Қ.

WEB-РЕДАКЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Мамандығы 7M03202 - Журналистика

Алматы, 2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Қорғауға жіберілді
__ _____________2021 жыл
Кафедра меңгерушісі:
с.ғ.д., профессор____________ Сұлтанбаева Г.С.

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Тақырыбы: WEB-РЕДАКЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мамандығы 7M03202 - Журналистика

Орындаған _________________________ _____ Лес М.Қ.

Ғылыми жетекші,
профессор _______________________________ Алимжанова А.Б.

Норма бақылаушы,
аға оқытушы _____________________________

Алматы, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 ТАРАУ

1.1 Қазақстандағы web-редакциялардың құрылу, қалыптасу, даму бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Web-редакциялардың зерттелуі, құрылымы мен жұмыс ерекшеліктері, перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 hfbkerhjkeghjkhgkrt

2 ТАРАУ

2.1 Баспасөздің онлайнға трансформациялануы ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Web-редакциялар жұмысы, ролі, кәсіби және технологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Интернет медианың жаңа форматтары, web-редакциялар жұмысына қатысты заман талабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Веб-редакциялардың құрылу тарихын, қалыптасу, даму жолдарын, олардың құрылымы мен жұмыс ерекшеліктерін, ондағы шығармашылық пен технологиялар туралы зерделедік, жүйеледік, жаздық.
Қазақстанда web-редакциялар пайда болуы, жұмыс істеу ерекшелігі туралы зерттеулерге алғаш рет шолу жасалды, бәрі бір жерге тоғыстырылды.
Зерттеу тәсілдері.
Зерттеу жұмысының нысаны.
Зерттеу жұмысының дереккөзі.
Зерттелу нәтижелерінің сынынан өтуі.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар.
Зерттеу жұмысының қүрылымы.

әл-Фараби оқуларына жазғаным: Қазір қазақ тілінде ақпарат таратын, контент дайындайтын сайттарда сауатты жазу ақсап тұр. Медиақұрылтайларда жалған ақпаратпен күрес, медиа өнімдеріне жаңа технологияны пайдалану, маманданған журналистиканы дамыту сияқты өзекті мәселелер емес, әлі күнге дейін сапалы контент жасау немесе ақпарат тілін түзеу проблемасы көтеріліп келеді. Спикерлер қазақ журналистерінің тілі мен стилистикасы қалай бұзылып жатыр, оның салдары мен шешу жолы қандай деген сұрақтарға жауап іздейді. Өйткені қазақ тілінде ақпарат тарататын басылымдардың жұмысы бір ізге түспеген. Қазақ сайттарында бірыңғай жазу тәртібі сияқты ішкі ереже немесе стандарт жоқ. Жаңалық тарататын жетекші порталдар редакциясында бар жазу стандарты, чек-лист, редакция саясаты сияқты ішкі нормалар жоқ, өзі редактор, өзі корректор бола алатын маман болмаған соң ондай нормалар да жасала бермейді. Онлайн БАҚ бұрын баспасөзде болған, даму жолын қалыптастырған, көп журналисті тәрбиелеген редакциялау мен корректура қызметінен айырылды. Редактор Болатбек Мұхтаровтың сөзінше, бір сайттың бір күнде жариялайтын материалдарында, тіпті бір мәтіннің өзінде жазу жағынан әркелкілік, алақұлалық көп. Ал жалпы қазақ сайттарын алсақ, онда ақпарат тілі тіпті әралуан. Басқаны айтпағанда, лауазым мен ведомство атауы түрліше жазылады: Бас прокуратура, Бас Прокуратура, бас прокуратура; адамның аты-жөні: Қ.Тоқаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Тоқаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы.
БАҚ басшылары қазақша ақпарат сайтын ашуды шығыны аз өндіріс ретінде қарастырады, жаңалық тарататын негізгі порталдарда әдетте қазақ редакциясы деген - әрі кетсе 5-6 адамнан тұратын ұжым. Олар жылдам ақпарат таратуы керек, олар лентаны жаңартып отыруы керек, олар ақпарат ағынына ілесіп отыруы керек. Әдетте қазақ редакцияларында контентті тексерумен бір ғана адам, бас редактор немесе шығарушы редактор айналысады. Кей сайтта шығарушы редактор да жоқ. Орыс редакциясында жаңалық лентасында 10 адам, 5-6 шығарушы редактор, салалар вертикалі бойынша жұмыс істейтін тілшілер, әр сала бойынша 2-3 тілші, 2-3 корректор, бас редактордың орынбасарлары болуы мүмкін. Демек, қазақ сайттарында шығарушы редактор, жалпы редакция ролін күшейтуге, қазақ тіліндегі контенттің сауатты болуына көңіл бөлінбей отыр.
Сол себепті қазақ тіліндегі онлайн БАҚ редакцияларында тіл ережесіне негізделген бірыңғай жазу тәртібі болуы керек. Редакция басшылары шығарушы редактор мен корректор функциясына көңіл бөлуге тиіс. Журналист Түзе де, түзел принципіне көшуі, жаңа нәрсеге ұмтыла білуі қажет. Түзе де, түзел - кеше нашар жаздым, бүгін дұрыс жазам, ертең одан да сауатты жазам деген принцип, клише мен штамптардан арылу, үйренуден, өзгеруден шаршамау. Калькамен және канцеляризммен бітіспес күресті тоқтатпау керек.

Қазақ медиасының шағын шежіресі

90-жылдар - Қазақстандағы медиакеңістіктің толық өзгерген уақыты. Қазақстан кеңестік билік қағидаларымен жеке, соның ішінде медиа бизнесін қарқынды дамыта отырып, ашық әрі демократиялық мемлекет саясатын жүргізе бастады.
Сол жылдары ең алғашқы шағын медиабрендтер: "31 арна", "Таң", "КТК" телеарналары, "Егемен Қазақстан", "Время", "Караван" газеттері, "Шахар FM", NS радиолары мен "Тотем", "М" телерадиокомпаниялары пайда болды. 1991 жылы барлығы 118 жаңа басылым мен 17 телерадиокомпания жұмысын бастады.
Кеңес Одағынан қалған ықпал әлі де байқалды: жаңа басылымдарда мемлекеттік БАҚ-тан шыққан журналистер жұмыс істеді, нарықтағы бәсеке мен журналист этикасы ұғымдары болмады, хабар тарату жабдықтары ескі, кадр дайындау нашар болды. Адамдардың өзі КСРО кезіндегі дағды бойынша ресейлік және посткеңестік БАҚ-ты көбірек оқып-тыңдады.
Медианың дамуына музыкалық және жастар редакцияларынан шыққан журналистердің жаңа толқыны түрткі болды. Олар телевизияда да, радиохабар таратуда да көпшілікке арналған тартымды, көбіне ойын-сауық бағытындағы контент жасай бастады.
90-жылдардағы негізгі ақпараттық күн тәртібі еліміздегі ірі саяси және экономикалық оқиғалар болды: Конституция мен заңдардың қабылдануы, парламенттің тарауы, ұлттық валютаның пайда болуы және тағы басқа. Осы себепті сол кезеңдегі әрбір медиабасылым саясатқа бағытталған журналистикаға басымдық берді.
1996 жылы бұрынғы Ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев ұйымдастырған телерадиожиіліктерге арналған бірінші тендер өткен кезде медиа алғашқы проблемаларға кезікті. Тендердің нәтижесі бойынша 38 тәуелсіз телерадиокомпания жабылуға мәжбүр болды. Олардың ішінде сол кездегі танымал "М" және "Тотем" телеарналары да бар еді.
90-жылдардағы экономикалық дағдарыс медианы да айналып өтпеді. Қаржының жетіспеуі сапалы кадрлардың жойылуына әкеліп соқты, редакциялардың көбі журналистердің жаңа толқынынан айырылды. Жастар журналистикаға араласқысы келмеді, өйткені онда ақша табу мүмкін емес болды.
1997 жылы жарнама нарығы тұрақтанып, дами түсті де, кейін бұл медиакомпаниялар үшін негізгі табыс көзінің бірі болды.
Саяси плюрализм мен көппартиялық жүйе тағы да қоғамның назарында болып, жұртшылық арасында да, медиакеңістікте де талқыға салынатын жаңа тақырыптар туғызды.
2000 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда "Ақ жол", "Асар", "Қазақстан Коммунистік партиясы" және тағы басқалар сияқты 10-нан астам саяси партия тіркелді. Саяси бәсеке, саяси аренадағы жарқын кейіпкерлер, оқиғалар мен шайқастар ақпараттық және аналитикалық бағдарламалардың, ток-шоулар мен баспасөздің жаңа күн тәртібіне айналды.
Мысалы, 2002 жылдан 2006 жылға дейін "КТК" телеарнасында өткір саяси тақырыптар ашылған ресейлік бағдарлама франшизасы - "Куклы" сатиралық бағдарламасы шығып тұрды. Қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие болған "Сводоба слова", "Республика", "Трибуна" сияқты алғашқы оппозициялық басылымдар да осы кезде пайда бола бастады.
Бұл кезеңде Қазақстанда елдің саяси-экономикалық дамуынан ақпарат таратуға белсенді қатысқан барлығы 2000-ға жуық БАҚ жұмыс істеді.
2007 жылы саяси аренада бәсеке болмай, осы бағыттағы журналистика да құлдырай бастады. Содан кейін медиакомпаниялар әлеуметтік, отбасылық, пайдалы және тұтынушылық журналистикаға қарай ауысып, жаңа тақырып табуға тырысты.
Осы кезеңде қазақстандық өнеркәсіптің негізгі активі - мұнай қымбаттай бастады. Индустрияны дамытуға белсенді инвестиция сала бастаған инвесторлар мен индустрия магнаттары тарапынан медиаға қызығушылық та артты. Сайып келгенде БАҚ мемлекет пен құрылтайшыларға тәуелді бола бастап, әуелі цензураның, кейін өзін-өзі цензуралаудың жоғары деңгейіне жетті.
Бұл кезең, әсіресе, баспасөз үшін қиын уақыт болды. Екінші экономикалық дағдарыс және интернеттің таралуы нарықтың жаңа ережелерін белгілей бастады да, бірте-бірте басылып шығатын ақпарат құралдарының ықпалын әлсіретті.
Кликбейт пен бета-журналистика дәуірі
Интернеттің кең таралуы онлайн медианың қарқын алуына ықпал етіп, жаңа трендке айналды.
Қазақстан үшін жаңа бағыттағы пионер "Центр Тяжести" ұлттық форумы болды. Ол 2000 жылдардың ортасында ашылып, 2010 жылға қарай жаппай танымал бола түсті. Сол кезде ең алғашқы ақпараттық интернет порталдар мен блогтар пайда бола бастады: Zakon.kz, Nur.kz, Yvision, Namba және Tengrinews.kz.
Онлайн медиа заманауи журналистиканың айнасына айналды. Осы себепті біраз дәстүрлі медиа желіде өз сайттарын аша бастады.
Жергілікті онлайн медиа батыстың бұқаралық ақпарат құралдарындағы трендтерге ілесе отырып, материалдың мазмұнына сәйкес келе бермейтін немесе оның мәнін бұрмалайтын "айқайлаған атаулар" - кликбейтті қолдануды тәжірибеге енгізе бастады. Кликбейт қазір де сәтті қолданылып жүр.
Онлайн медианың дамуымен бірге әлеуметтік желілер де дами бастады. Facebook-тің орысшалануының арқасында блог қолданушылар өзін-өзі танытудың жаңа түрі - бета-журналистиканы қолдана отырып, әлеуметтік желілерге ауысты. Онда адамдар контентті өз бетімен түрлендіріп жариялайды, өзгелердің материалын толықтырады. Осылайша блогерлер, бренд-амбассадорлар, инфлюенсерлер, басқа да қарапайым адамдар медианың жаңа бәсекелестеріне айналды.
2015 жылғы девальвация Қазақстан медианарығына ерекше әсер етті: жекеменшік медиакомпаниялардың қаржылық көрсеткіштері төмендеді, ал сапалы мамандар PR-коммуникациялардың анағұрлым тұрақты индустриясына және жеке секторға ауыса бастады.
Қазіргі медиакеңістікте ойын-сауық, ақпараттық және коммерциялық жобалар көп. Қазақстанда оппозициялық басылымдар қалмады десек те болады. Көптеген сайттың бұғатталуы үлкен мәселе күйінде қалып отыр. Media Sustainability Index мәліметі бойынша Қазақстанда 2016 жылдың өзінде үкіметке қарсы контенті бар 31 000 сайт бұғатталған. Сот шешімі бойынша соңғы екі жылда елімізде Ratel.kz сайты мен "Саяси қалам.Трибуна" оппозициялық газеті жабылды.
Қазір елімізде 5 000 медиакомпания тіркелген, оның 80%-ы - жеке компания. Интернеттің қарқынды дамуы мен таралуына қарамастан (бүгінде Қазақстанның 10 миллионнан астам халқы бүкәлемдік желіге қосылған) телевизия Қазақстанда әлі де болса танымал әрі ең көп тұтынылатын БАҚ болып отыр. Баспа басылымдардың жойылып кету қаупі төніп тұр, газеттер мен журналдарды сататын дүңгіршектердің азаюы бұл процесті жеделдетіп отыр.
Бүгінде мемлекет мемлекеттік тапсырыс арқылы медиа саласының басты инвесторы болып отыр. Бұл БАҚ-тың бәсекеге қабілеті мен оның бизнес ретінде дамуын төмендетеді.

Жұлдыз Әбділда
Журналист Жұлдыз Әбділданың айтуынша, қазіргі журналистиканың дамымай жүргенінің себебі журналистерді қоғам қайраткері деп есептейтін болдық. Әрқайсымыз өзіміздің жеке пікірімізді айтып қалуға тырысамыз. Министрлерге баға береміз, елде болып жатқан оқиғаны талдаймыз. Бірақ журналист болған оқиға туралы ақпарат қана беруі керек.
Этика - адамның ар-намысына тимеу, жеке басына нұқсан келтірмеу. Қазіргі журналистикада этика талаптары сақталмай жатады. Әсіресе, қазақша ақпарат тарататын сайттардың көбі елге белгілі тұлғалардың әлеуметтік желіде жазған посттарын порталдарына көшіріп басады. Журналистердің көпшілігі ол адамнан рұқсат та сұрамайды. Мұндай нәрсе үшін біздің елде әзірше ешкім ешкімді сотқа беріп жатқан жоқ. Дегенмен біз сол үшін жауапкершілікке тартылатын жағдайға келеміз.
Ақпаратты жылдам тарату емес, тексеріп алу маңызды. Журналистикадағы медиаэтиканың ең бірінші пункті - тексерілмеген ақпаратты таратпау. Бұрын көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсеге ғана сену керек деп айтатын. Қазір оның өзіне күмәнмен қарау қажет. Өйткені көзбен көріп тұрған нәрсе кейде біз ойлағандай болмауы мүмкін.
Қазір негізгі ақпарат көздерінің бірі - WhatsApp. WhatsApp-тан видео, аудио тараса, бес минуттан соң журналистер әлеуметтік желіде сол ақпаратты бөлісіп жатады. Мүмкіндігінше мұндай нәрселерді таратпаған дұрыс. Өйткені біз видеоға дейін немесе одан кейін не болғанын білмейміз.
Осыдан 2-3 жыл бұрын WhatsApp-та бір жігіттің жас қызды қолынан қайырып ұстаған видеосы тарады. Қыз жанұшырып, айқайлап жатыр. Өтіп жатқан адамдар жігітке "ұялмайсың ба?", "өзіңнің әпке-қарындасың жоқ па?" деп, оған қарғыс айтып жатыр. Жігіт араласпауын өтінсе де, халық тынышталған жоқ. Артынан белгілі болғандай, әлгі жанұшыра айқайлап жатқан қыз алаяқтықпен айналысып жүрген екен, ал жігіт - полицияның жедел уәкілі. Оны ұстап полиция бөлімшесіне әкетейін десе, адамдар оның жұмысына кедергі келтіріп, мүмкіндік бермей жатыр. Ең сорақысы - журналистер оқиғаның анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, оқиғаны мүлдем басқаша таратты. Журналист ең әуелі ақпаратты жылдам таратуды емес, оны тексеріп алуды ойлауы керек.
Қазақ сайттарындағы тексерілмеген ақпаратқа қатысты картинаға келесі жайт мысал бола алады. 2017 жылы 1 сәуір күні "Ақ жайық" газеті Ақылбек Көпжасаров есімді азаматтың әлем математиктері 200 жылда шеше алмаған үш есептің бірін шығарғаны туралы ақпарат таратты. Кейін газет ұжымы оның 1 сәуір күнгі әзіл екенін айтты. Бірақ республикалық газет-журналдар мен ақпарат сайттары осы материалды көшіріп басты. Одан кейін талай жерде бұл ақпараттың фейк екені айтылса да, кей медиаресурстар бұл материалды әлі күнге дейін өшірмеген. Сол себепті барлық ақпаратқа күмәнмен қараңыз. Кез келген видео, аудио, фотоны Google іздеу жүйесіне салып, тексеріп алыңыз. Одан ұтылмайсыз, керісінше, ұтасыз.
Біреудің еңбегін ұрламау, көшірмеу.Журналистік этиканың тағы бір маңыздысы - әріптестердің еңбегіне құрметпен қарау, көшірмеу, ұрламау. Көшірген жағдайда міндетті түрде сілтеме беру керек. Басқа журналистің жазған мақаласын, идеясын немесе тақырыбын ұрлау адамның қалтасына қол салып, ақша ұрлаумен бір дер едім. Бірақ бұған қалыпты жағдай деп қарайтын болдық. Егер біреудің жазған мақаласынан дерек алсақ, одан біздің еш жеріміз кеміп қалмайды. Бұл бір жағынан өзімізді қорғап қалуға да себеп болады.
Балаға қатысты ақпаратты қалай жариялау керек? Баланың бір ғана фотосуреті оның болашақ өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені ол өседі, жетіледі. Бала мен жасөспірімнен сұхбат алғанда, фотоға, видеоға түсіргенде оның ата-анасынан немесе қамқоршысынан міндетті түрде рұқсат сұрау керек.
Осыдан 5-6 жыл бұрын елімізде ұшақ апаты болып, ондаған адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында ерлі-зайыптылар да бар еді. Олардың мектепте оқитын баласы болған. Ол әжесімен бірге тұрады. Сол оқиғадан кейін бір жыл өткен соң еліміздегі бір телеарнаның журналисі әлгі баладан сұхбат алмақшы болады. Бірақ оның әжесі бұл оқиғаны баланың есіне түсіргісі келмейтінін айтып, рұқсат бермей қояды. Сол кезде журналист баланы аңдып жүріп, оның оқитын мектебіне барады. Бала дене шынықтыру сабағына шыққанда оған жақындап, "Әке-шешеңді сағынып жүрсің бе?" деген сұрақ қояды. Мұндай нәрсені ешқашан жасауға болмайды. Егер сенсация керек болса, басқа жерден іздеңіз. Бірақ журналистің мақсаты сенсация емес екенін түсіну керек.
Объективтікті сақтау, әлеуметтік және басқа да араздықты болдырмау
Бұл нәрсе Теңіздегі және Арыстағы жағдай кезінде көп байқалды. Бұрын журналистикада өткір сөйлеу, адамның жанына бататын сөздерді жазу, біреуді сынау қалыпты нәрсе болды. Бірақ қазір оның дұрыс емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Тіпті, бұрындары жазылған мақалалардың дені стандартқа сай емес екенін байқауға болады. Өйткені онда журналистің жеке пікірі, адамның жеке басына тиетін нәрселерді оңай табуға болады. Қазір мұндай нәрсеге жол беруге болмайды.
Мәдина Әбілқасымова министр болып тағайындалғанда Qazaquni.kz порталында "Неге бізде мемлекеттік тілге миы жетпейтіндер министр болады?" деген тақырыпта мақала шықты.
Мақаланың лиді мынадай: "МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІН, САУАТСЫЗ МИНИСТРЛЕР, ДЕПУТАТТАР, ШЕНЕУНІКТЕР, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР журналистер мемлекеттік тілде сұрақ қойғанда ғана сауатын ашып, әліппені қайта оқи бастайды..."
Дәл осындай мақаланы автор осыдан 7 жыл бұрын да жариялаған. Автор "Ең топас адамның өзіне тіл үйренуге 3 жыл жетеді екен... Сонда біз он есе топаспыз ба?.. Сондықтан да мен былтыр: „Қожанасыр есегін де 30 жылдан соң сөйлетемін деп еді, біз сол Қожекеңнің кейіпкерінен де кейін болыппыз ғой... Бұл ЕҚЫҰ-ға төраға, 50 елге еніп келе жатқан, Елбасымыз бар елдің азаматтарын қорлау емес пе?"- деп жаздым... Ал жалпы әлемде мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілді білмеуге құқы бар мемлекет бола ма?!. Біз байғұстардан басқа...", - деп жазады.
Зейнолла Абажанның дәл осы порталда 2019 жылдың 12 ақпанында "Батыр аналарға баспана алып берсе, байлардың миллиардтарының мұрты қисаймайды" деген тақырыпта мақаласы жарық көрген.
Мақалада мынадай жолдар бар: Артынан теуіп қуып шыққанша, түрмеге апарып тыққанша сол орында былшиып отыра береді. "Мен халық үшін не жақсылық жасадым, олардың сенімін ақтай алдым ба?" деген сұрақ ешқашан мазаламайды шенеуініктерді. Өйткені оларда ар, намыс, жауапкершілік деген сезім атымен жоқ.
Дәл осындай сөз үшін министр де, басқа шенеуніктер де журналисті сотқа беруіне болады. Қазір бұрынғыдай айтылды, кетті дейтін заман жоқ. Қазір бір адамда екі телефоннан бар. Қазір болған оқиғаны жасырып қалу қиын, әр адам скрин жинайды.
Жуырда журналистердің кейбірі әлеуметтік желіде Арыстағы жарылыс салдарынан зардап шеккен халықты кінәлап жатты. "Оларға халық барлық көмекті көрсетіп жатыр, енді не жетпейді?, "Неге өздері еңбек етпейді?" "Митингіге шығып, не себепті тыныштықты бұзады?" деп жазғырғандар бар. Басқа өңірдің халқын алалап немесе оларды кемсіткенім емес, бірақ Шымкентте тұратын адамдарға еңбек етпейді деп айту үшін де жақсылап ойлану керек шығар. Өйткені олар осы күнге дейін биліктен немесе халықтан ештеңе сұрған емес. Оның үстіне, бұл жағдайда Арыс халқының еш кінәсі жоқ. Бұл - табиғи апат емес. 10 жылда төрт рет қайталанып отырған жағдай. Соның кесірінен ата-аналар бірнеше сағатқа баласынан ажырап қалды, бейбіт күнде үйіндегі бар дүние-мүлкін тастап, 45 градус ыстықта қашып шықты. Олардың басынан өткен бірде-бір жағдайды көрмей жатып, олар туралы осындай пікір айту әлеуметтік араздықты туғызады.
Сол сияқты соңғы кездері интернеттегі ақпарат құралдары шоу-бизнес өкілдерінің өмірі, олардың қымбат дүние-мүлік сатып алғаны туралы көп жариялайтын болды. Ал оқырман негізінен әлеуметтің қарапайым тобы болуы мүмкін. Сол себепті мұндай материалдар да әлеуметтік араздықты туғызады деп есептеледі.
Әлеуметтік желіде де этика сақталуы керек. Бұл - менің жеке парақшам, не жазсам да, өзім білем деп, этиканы ескермейтін болсаңыз, жұмыс орныңызды көрсетпеңіз. Егер қызметіңізді көрсетпей, тек достарыңыз бен туыстарыңызды қосып, аккаунтыңызды жабық етіп қойсаңыз, онда бұл менің жеке парақшам деп айта аласыз. Әлеуметтік желілердегі пікірталастарда адамның жеке өмірі сөз болмауы керек. Бізде мұндай нәрсе де кездесіп жатады. Конституция бойынша әр азаматтың ар-намысы, құқығы қорғалады. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларациясы бар. Онда "Тіліне, дініне, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік немесе топтық ерекшеліктеріне қарамастан, барлық адамның құқығы тең және оған қол сұғуға болмайды", - делінген.
Өкінішке қарай, біреуден жеңіліп бара жатсақ, оның жеке басына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысықтардағы отит медиасын емдеу
Отит - есту органының қабыну ауруы
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
Ортаңғы құлаққа, жамбастың мембранасының артында
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Қазақ рулары және рулық таңбалары
Ғазан ханның тапсыруынан кейін оның уәзірі
Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінің» әдеби маңызы
Керейіттердің ерте тарихы
Пәндер