Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұжырымдамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Ардақханұлы А.

Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті ХҚЕС-на сәйкес ұйымдастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

6В04103 (5B050800) - «Есеп және аудит»

Қызылорда, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ . . . 6

1. 1 Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұжырымдамасы . . . 6

1. 2 Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті ХҚЕС-на сәйкес

ұйымдастырудың ерекшеліктері . . . 13

1. 3 Мемлекеттік мекмелердегі бухгалтерлік есепті ХҚЕС-на сәйкес

жүргізудіңхалықаралық тәжірибесі мен ондағы мәселелер . . . 22

2 «МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ЕСЕПТІЛІКТІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 31

2. 1 Мемлекеттік мекемелердегі қаржылық есептіліктің ХҚЕС-на сәйкес

құрамы мен құрылымы . . . 31

2. 2 Мемлекеттік мекемелердегі ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есептілікті

құру тәртібі . . . 37

2. 3 Бюджеттік есепке алу мен есептіліктің ұлттық жүйесіне қоғамдық

сектордың ХҚЕС-ын енгізу . . . 43

3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУШІЛІК НЕГІЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК

МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ. .

3. 1 Мемлекеттік мекмелердегі бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін талдау

және бағалау . . .

3. 2 Мемлекеттік мекемелердің кірістері мен шығыстарын талдау . . .

3. 3 Қаржылық есептіліктегі ақша қаражаттары қозғалысының талдауы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ

Біздің қоғам негізінен немесе көбінесе капитализм қағидаттарына сәйкес өмір сүреді. Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз - адамдар барлық жағынан пайда іздейді және алынған пайданы тұрақты еткісі келеді, ал бір нәрсені тұрақты ету үшін оны жүйелеу керек. Жүйелеу үшін біз өзімізге ыңғайлы жолды іздейміз. Ірі компаниялар үшін пайда - бұл кіріс және оның мейлінше көп болғаны. Кірістің көп болуы, көптеген инвесторларды тартуды қажет етеді. Осыдан инвесторлардың қызығушылығын қанағаттандыратын, оларға керек нәрсені көрсететін айна туралы қажеттілік туындайды. Дәл осы тұста ХҚЕС-на (халықаралық қаржылық есептілік стандарттары) таңдау түседі. Яғни, ХҚЕС ірі компаниялар үшін ең ыңғайлы жол және сол айна болып табылады. Я, менің пайымдауым аздап философиялық тұрғыға өтіп кеткен секілді, егерде практикалық немесе ғылыми тұрғыдан пайымдасақ, халықаралық қаржылық есептілік стандарттары шетелдік компаниялардың қаржылық есептерін жасау үшін қаржылық және экономикалық операциялардың негізгі түсініктерін анықтайды. Осы стандарттардың арқасында әлемдік тәжірибеде әртүрлі компаниялар арасындағы қаржылық есептіліктің салыстырмалылығы қамтамасыз етіледі және әртүрлі сыртқы пайдаланушылар үшін есептік ақпараттың қол жетімділігін, есептік ақпараттың әлемдік ауқымда қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

Әлемнің барлық аймақтарында өсіп келе жатқан саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында мен бір нәрсе анық деп санаймын: бухгалтерлік есептің бірыңғай стандарттары бүгінде бұрынғыдан да құнды. ХҚЕС осы мақсатқа жету жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Халықаралық есеп стандарттарын қолданумен қаржылық есептілікті шоғырландыру жағдайында фирмалар әлемнің әртүрлі бөліктерінде жұмыс істейтінін және бұл капиталды тарту шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, шетелдік компаниялардың өз есептілігін дайындауға кететін уақыты мен шығындары азаяды. Капиталдың нарықтық бағасы перспективалы қайтарым және тәуекелдер сияқты факторлармен сипатталады. Әдетте, кейбір тәуекелдер шынымен де компаниялардың қызметіне тән, бірақ ақпараттың жетіспеушілігімен және инвестициялардың қайтарымы туралы нақты ақпаратты білмей анықталатын тәуекелдер де бар. Ақпараттық жетіспеушіліктің тән себебі-капиталды сақтай отырып, оны көбейтетін белгілі бір стандартталған қаржылық есептіліктің болмауы. Сондықтан инвесторлардың көпшілігі ақпараттың ашықтығы олардың тәуекелдерін азайтады деп сеніп, төменгі кіріс алуға дайын.

Әлемде мүлдем абсолютті мінсіз нәрсені кездестіру екіталай. Сол сияқты ХҚЕС-да мінсіз емес. ХҚЕС негізгі және маңызды артықшылықтарын көрсетпей, кемшіліктерден бастау әділетсіз болар еді. Халықаралық стандарттар әртүрлі елдердің бизнес субъектілерінің қаржылық есептілігін түсіндіру тәсілдерін жақындастыруға және унификациялауға бағытталған. Мысалы, мұндай стандарттар жалпы салаларда жұмыс істейтін әртүрлі мәдениеттердің бизнес өкілдерінің қаржылық жағдайына бірдей перспективадан қарауға мүмкіндік береді. Бірыңғай стандарттар әртүрлі компаниялар қызметінің нәтижелерін неғұрлым тиімді бағалауға және салыстыруға мүмкіндік береді. Менің ойымша, ХҚЕС - бүкіл әлемдегі қаржы мамандарының бірыңғай унификацияланған қарым-қатынас тілі.

Халықаралық стандарттар қатаң ережелер мен іс-әрекетке қатысты нақты нұсқаулардан аулақ бола отырып, есеп беруге сәйкес келетін бағыттар мен принциптерді ұсынады. Бұл бизнес субъектілеріне икемді болуға мүмкіндік береді және жоғары маневрлікті қамтамасыз етеді, бұл нормалар мен ережелердің өзектілігін тез жоғалтқан кезде үнемі өзгеріп тұратын ортада өте маңызды.

Енді кемшіліктеріне назар аударайық. ХҚЕС-ың стандарттарымен жұмыс жасай отырып, біз іс жүзінде белгілі бір кемшіліктерге тап боламыз:

  • бұрын әзірленген стандарттарға өзгерістер мен интерпретациялардың үлкен көлемі, ауыстыратын стандарттарды енгізу;
  • терминологияны әртүрлі түсіну;
  • барлық сұрақтар стандарттарда жазыла бермейді;

Құжаттарға енгізілетін өзгерістер ретроспективті өзгерістерді зерделеуге, талдауға, енгізуге, жүргізуге байланысты үлкен шығындарды талап етеді.

Терминдердің әртүрлі түсіндірмелері трансформация процесін қиындатады және салық және бухгалтерлік заңнаманың ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге халықаралық стандарттарға назар аударуды ескере отырып, шарттар жасасу кезінде ерекше назар аударуды қажет етеді.

Бірақ ХҚЕС қаншалықты мінсіз болмаса да, ол бізге ауадай қажет. Сондай-ақ ХҚЕС даму үстінде, жылдан жылға жақсаруда. Сондықтан да болашақта оның қаржылық есептілікте рөлі өте зор.

Барлық ХҚЕС-н пайдаланушылар секілді, мемлекеттік секторларға да қаржылық есептілікті реттейтін стандарттар қажет және бұл үшін ХҚЕС жөніндегі кеңес қоғамдық секторлар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын әзірледі.

Тақырыптың өзектілігі - өз меншігін басқаруда мемлекет экономикалық және саяси функцияларды біріктіреді, меншікті қоғамдық мүдделерді жүзеге асыруда саяси құрал ретінде пайдаланады. Сондықтан мемлекеттік меншік бақылауды қажет етеді. Барлық осы факторларды ескере отырып, қоғамдық сектордағы ХҚЕС өз өзектілігін жоғалтпайтынына сенімдімін.

Басқа секторлармен, қоғамдық секторлардың мақсаттарында айырмашылық туындайды. Көптеген қоғамдық сектор ұйымдарының негізгі мақсаты - инвесторлардың капиталына пайда мен кіріс әкелудің орнына қоғамға қызмет көрсету. Демек, мұндай ұйымдардың қызмет нәтижелері қаржылық жағдай туралы есеп, Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп негізінде ғана ішінара бағалануы мүмкін. Сондықтан да, қоғамдық сектор ұйымдары үшін келесідей сұрақтарды бағалау мақсатында көмек болатын ақпараттар қажет:

  • ұйым пайдаланушыларға өз қызметтерін рационалды және тиімді түрде көрсете ме;
  • қазіргі уақытта болашақ шығындар үшін қол жетімді ресурстар және оларды пайдалануға қандай шарттар мен шектеулер жатады;
  • салық төлеушілерге ағымдағы қызметтерді төлеу бойынша болашақ жүктеме қаншалықты өзгерді;
  • өткен жылмен салыстырғанда ұйымдардың қызмет көрсету қабілеті нашарладыма немесе жақсардыма;

Үкімет, әдетте, кең өкілеттіктерге ие, оның ішінде заңды талаптарды белгілеу, өзгерту және орындау мүмкіндігі бар. Жалпы, қоғамдық сектор ұйымдары құру механизмдерімен де, жұмыс істеу тәсілдерімен де айтарлықтай ерекшеленеді.

Дипломдық жобаның мақсаты ХҚЕС-ның теориялық мәселелерін зерделеу, қоғамдық секторлар үшін ХҚЕС-ын талдау және қорыту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  1. ХҚЕС-ның теориялық негіздерін зерттеу;
  2. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің ерекщеліктерін ажырату;
  3. ҚСХҚЕС-ың құрылымына талдау жасау;
  4. Мемлекеттік мекемелер үшін қаржыдық есетіліктің маңызын бағалау және анализдеу;

Зерттеу пәні - мемлекеттік мекемелер (қоғамдық секторлар) жүйесіндегі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тиімділігі және тәуекелділігі.

Зерттеу нысаны - қоғамдық секторлардағы халықаралық қаржылық есептілік стандарттары.

Зерттеу әдісі - осы дипломдық жұмыста жоғарыда көрсетілген тақырыптарды ерекшеліктерді ашып көрсету үшін ақпаратты жинау және талдау әдісі қолданылады.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ.

  1. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұжырымдамасы

Қаржылық нарықтар глобализацияланған кезде және транснационалдық корпорациялар пайда болған кезде ұлттық есеп жүйелерін және атап айтқанда, бухгалтерлік есепті басқа елдердің есеп жүйелерімен үйлестіру сияқты мәселелер туындайды. Яғни бұл дегеніміз, бухгалтерлік есеп дәстүрлі түрде бизнес қарым-қатынас тілі деп аталады. Кәсіптің интернационалдануы оның қарым-қатынас тілінің тура мағынада интернационалдануын қажет ететіндігі анық. Белгілі бір бизнес қауымдастықта қатысушылар сөйлесетін ұлттық тілді таңдау әдетке айналғандықтан, бизнес жүйелерді интеграциялау барысында барлық қатысушыларға түсінікті ережелерді анықтау қажет екендігі анықталды, оған сәйкес бизнес байланыс үшін қажетті құжаттар жасалады.

Осы факторлар халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын құруға негізгі себеп болып табылады.

Алдымен, «қаржылық есеп дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беріп кетейік:

Қаржылық есеп - бұл компанияның іскерлік қызметі және қаржылық жағдайыны жайлы мәліметтердің құрылымды түрде ұсынылуы. Қаржылық есептіліктің басты мақсаты - пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажет қаржылық ақпараттарды кең ауқымды түрде қөрсету. Бұл тапсырманы орындау үшін қаржылық есеп беру активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар (пайда мен залалды қоса), ақша ағыны сияқты құжаттарды қамтиды. Өтініштерде көрсетілген материалдар қаржылық есептілікке, пайдаланушыларға экономикалық болжам жасауға көмектеседі, кәсіпорынның пайда жинау қабілетін ұлғайтады.

Халықаралық қаржылық есептілк стандарттары келесідей құжаттарды қамтиды:

1. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негізгі тұжырымдамаларына (ережелеріне) кіріспе;

2. Қаржылық есепті дайындау мен ұсынудың негізгі ережелері;

3. Стандарттар;

4. Түсініктемелер;

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының негізгі ережелеріне кіріспе Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары кеңесі қызметінің мақсаттары мен процедураларын анықтайды, сонымен қатар халықаралық стандарттарды қолдану тәртібін белгілейді.

Қаржылық есептілікті ұсыну мен дайындаудың негізгі ережелері сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың негізін сипаттайды. Олар қаржылық есеп берудің мақсаттары, есеп беру ақпараттарының пайдалылығын анықтайтын сапалық сипаттамалар, анықтамалар, қаржылық есептіліктің элементтерін тану және өлшеу тәртібі, капитал мен капиталды қолдау ұғымы сияқты мәселелерді шешеді. Принциптер стандарт болып табылмайды және оны алмастырмайды. Бұл құжат: ХҚЕС Комитетіне (IASB, бұрын IASC ретінде) - жаңа стандарттарды әзірлеуге және қолданыстағы стандарттарды қайта қарауға; ұлттық стандарттау органдары - ұлттық стандарттар бойынша жұмыста; қаржылық есептілікті дайындаушылар үшін - ХҚЕС-ын қолдану кезінде және стандарттар әлі қабылданбаған мәселелер бойынша есептерді дайындау тәртібін анықтау кезінде; аудиторлар - қаржылық есептіліктің ХҚЕС-на сәйкес немесе сәйкес еместігі туралы пікір қалыптастыру кезінде жеңілдіктер жасау үшін арналған.

ХҚЕС - қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудағы қоғамдық мүдделерді реттейтін жүйе.

ХҚЕС Комитетінде де, кәсіби бухгалтерлік ұйымдарда да ХҚЕС-ын барлық жерде қолдануға немесе сақтауға өкілеттіктері(мандаттары) жоқ. Бұл стандарттар дүниежүзіндегі әр түрлі реттеуші ұйымдардың қаржылық есептілік ережелерін үйлестірудің маңыздылығын мойындауына, оларды ХҚЕС Комитетінің қызметін қолдауға, сондай-ақ бухгалтерлердің, аудиторлардың, қаржы менеджерлерінің кәсіби көз жеткізуіне байланысты қолданылады.

Стандарттар қаржылық есептілікті жасауға арналған, олар пайдаланушылар үшін компания туралы қаржылық ақпараттың негізгі көзі болып табылады.

ХҚЕС бойынша түсіндірулерді IFRIC (ағыл. International Financial Reporting Interpretations Committee ) дайындайды және IASB (ағыл. International Accounting Standards Board ) кеңесі қабылдайды. 1-суретте IASB-ның қызметі көрсетілген (Research - зерттеу, standard-setting - стандарттарды белгілеу, implementation - жүзеге асыру, maintenance - қызмет көрсету) .

Сурет 1. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары кеңесінің қызметі.

Олар түсініксіз немесе анық емес шешімдерді қамтитын стандарттардың ережелерін түсіндіреді.

Олар стандарттардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді және ХҚЕС-на сәйкес дайындалған қаржылық есептіліктің салыстырмалылығын арттырады. Түсіндіруге арналған сұрақтар, әдетте, қолданыстағы стандарттарды қолдануға байланысты, практикалық бағыты бар және стандарттарды пайдаланушылар үшін үлкен қызығушылық тудыратын сұрақтар болып табылады.

ХҚЕС-ын 1973 жылы құрылған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі комитет - IASС әзірледі. Комитет бастапқыда 10 елдің кәсіби бухгалтерлік ұйымдары арасындағы келісім нәтижесінде құрылды. 1983 жылдан бастап Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшелері болып табылатын барлық кәсіби бухгалтерлік ұйымдар IASС мүшелері болды.

Халықаралық стандарттар кеңестік сипатқа ие және елдер оларды пайдалану туралы өздері шешім қабылдай алады. Бірақ ХҚЕС іс жүзінде әлемдегі (американдық және континентальды) ең дамыған есеп жүйелерін есепке алудың жалпыланған практикасы болғандықтан, олардың көшірмелері көбінесе ұлттық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне кері әсерін тигізуі мүмкін екендігі анық.

Халықаралық стандарттарға көшудің іргелі негізі қаржылық есеп беруді жасау мен дайындаудың жалпы принциптерін мойындау болып табылады.

Қаржылық есеп беруді құру және дайындау принциптері жеке құжат ретінде тұжырымдалған. Бұл құжат стандарт емес және міндетті талаптар мен ұсыныстарды қамтымайды. Егер стандарттардың кез-келген ережелері Принциптерге қайшы келсе, стандарт ережелері қолданылады. Сонымен бірге, IASB пікірі бойынша сәйкессіздіктер болашақ стандарттарды әзірлеу және қолданыстағы стандарттарды қайта қарау кезінде біртіндеп азаяды.

Принциптерге сәйкес қаржылық есептіліктің мақсаты - қаржылық жағдай, операция нәтижелері және ұйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат беру. Бұл ақпарат экономикалық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең ауқымына қажет.

Принциптер қаржылық есептілігін пайдаланушыларына инвесторлар, қызметкерлер, несие берушілер, жеткізушілер және басқа да сауда несие берушілері, сатып алушылар, үкіметтер мен олардың органдары және қоғамды жатқызады.

Мақсаттардан басқа, тұжырымдамалық негіз қаржылық есеп беруді құрудың жалпы принциптерін, қаржылық есептіліктің жеке элементтерін тану және өлшеу ережелерін анықтайды.

Халықаралық стандарттардың жалпы принциптерін 2 топқа болуге болады:

1) Негізгі болжамдар:

а) есептеу әдісі - шаруашылық операциялары ақшаны және олардың баламаларын алу немесе төлеу түрінде емес, оларды орындау кезінде есепке алынады. Операциялар болған есепті кезеңде есепке алынады.

Бұл принцип болашақ міндеттемелер мен болашақ ақша ағындары туралы объективті ақпарат алуға мүмкіндік береді, яғни. кәсіпорынның болашақ нәтижелерін болжауға мүмкіндік береді. Алынуға жарияланған қаражаттың бір бөлігінің мүмкін түспеуі есепті кезеңнің қаржылық нәтижелерін төмендету

арқылы күмәнді қарыздар бойынша резервтің уақтылы есептелуімен түзетілуі мүмкін;

б) Қызметтің үздіксіздігі - компания өз қызметін алдағы уақытта да жалғастырады. Компания қызметін тоқтатуды немесе айтарлықтай қысқартуды көздемейтіндіктен, оның активтері жойылу шығындарын есептемегенде олардың бастапқы құны бойынша көрсетіледі. Егер олай болмаса, қаржылық есептілік басқа негізде жасалуы керек және сол негіз ашылуы керек;

2) Ақпараттың сапалық сипаттамалары:

a) түсініктілік - берілген ақпаратқа тән мағынаны берумен байланысты. Қаржылық есептілікте ақпарат пайдаланушыларға түсінікті түрде берілуі керек. Сонымен бірге қолданушы осы ақпаратты түсіндіре білуі және оны шешім қабылдауда қолдана білуі керек.

б) орындылық - яғни қаржылық есептілікті пайдаланушылар үшін ақпараттың пайдалылығы, олардың негізінде белгілі шешімдер қабылданады.

в) маңыздылық - бұл берілген объектінің немесе оқиғаның салыстырмалы маңыздылығы. Бұл алшақтық немесе қате есептеу пайдаланушылар қабылдаған шешімдерге әсер етуі мүмкін болған кезде көрінеді.

г) сенімділік - ақпарат сенімді болып табылады, егер пайдаланушылар үміт арта алатын немесе ақылға қонымды түрде күткен нәрсені шынайы түрде көрсете алатын болса. Ақпарат сенімді болу үшін транзакциялар мен басқа оқиғалардың шынайы көрінісін беруі керек.

д) бейтараптылық - есеп беру белгілі бір пайдаланушыға арналмаған, өйткені шешім қабылдауға белгілі бір әсері тиюі мүмкін, яғни объективті болуы керек дегенді білдіреді.

е) парасаттылық (консерватизм) - бұл сенімсіздік жағдайында есептеулерде қажет болатын үкім шығарудағы сақтық. Яғни бухгалтер кіріс пен активке қарағанда шығыстар мен міндеттемелерді тануға дайын болуы керек.

ж) мәннің формаға қарағанда басымдығы - бұл бухгалтер тек осы қызметтің құқықтық формаларын ғана емес, кәсіпорынның экономикалық қызметінің мәні мен экономикалық шындығын көрсетуі керек дегенді білдіреді.

и) салыстырмалылық - кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметінің

тенденцияларын анықтау үшін әр кезеңдегі қаржылық есептілігін салыстыру мүмкіндігі.

к) уақыттылық - қаржылық есептілікті ұсынудың негізсіз кідірісі есептіліктің өзектілігін жоғалтуына әкелуі мүмкін.

л) ақпараттың толықтығы - қаржылық есептілікте пайдаланушының осы есепті түсінуі үшін қажетті барлық тиісті ақпараттың болуын болжайды және пайдаланушыны адастыру мүмкіндігін болдырмауға тиіс.

м) әділеттілік - қаржылық есептілікте елеулі қателіктер мен ауытқулардың болмауын болжайды.

ХҚЕС (IFRS) принциптері қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамаларын қолдану кезінде белгілі бір шектеулерге ие болатындығын анықтайды, оларды дайындау кезінде оларды толық ескеру қажет.

Біріншіден, орындылық пен сенімділік сияқты сипаттамалардың өзара әрекеттесуіндегі шектеулер есеп берудің шамадан тыс кідірісі көп жағдайда оның сенімділігінің жоғарылауына әкеледі, бірақ сонымен бірге өзектілігін жоғалтуға әкеп соқтырады.

Екіншіден, пайда мен шығындар арасындағы тепе-теңдік ақпараттан алынған пайда оны алуға кететін шығындардан аспауы керек дегенді білдіреді. Істердің басым көпшілігінде қарама-қарсы жағдай ақпараттың орындылығын жоғалтуға әкеледі.

Үшіншіден, есептіліктің сапалық сипаттамалары арасында компромисс орнату үшін көп жағдайда қаржылық есеп берудің барлық сапалық сипаттамаларын сақтай отырып және олардың арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, қаржылық есепті құру тапсырмасын қалай орындауға болатындығы туралы кәсіби пікірге ие болу қажет.

ХҚЕС принциптеріне сәйкес қаржылық есептіліктің құрылымы келесі негізгі элементтерден тұрады:

- бухгалтерлік баланс (Balance Sheet) ;

- пайда мен шығындар туралы есеп (Income Statement) ;

- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (Cash Flow Statement) ;

- меншікті капитал қозғалысы туралы есеп (Charges in Equity Statement) ;

- есеп саясаты және түсіндірме материалы (Accounting Policies) .

Стандарттардың әрқайсысы белгілі бір құрылымға ие, ол көп жағдайда келесі элементтерді қамтиды:

- белгілі бір стандартпен қамтылған бухгалтерлік есеп салаларын, оның мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын кіріспе;

- негізгі ұғымдарды ашып көрсету және оларды түсіндіру;

- стандарттың жеке сипаттамаларын ашатын жеке ережелер, яғни, әдістемелік мәселелерді сипаттау және оларды шешу жолдары;

- қаржылық есептілікте және оған ескертпелерде тікелей ашылатын ақпараттың мөлшерін белгілейтін талаптар;

- күшіне енген күн, яғни, стандарт немесе оның жекелеген ережелері күшіне енетін кезеңнің көрсеткіші.

Негізгі элементтерді келесідей ақпараттарды қамтуы керек.

Қаржылық жағдай туралы есеп (баланс)

Қаржылық жағдай туралы есеп, кем дегенде, келесі жолдарды қамтуы керек:

а) негізгі құралдар;

б) инвестициялық жылжымайтын мүлік;

в) материалдық емес активтер;

г) қаржылық активтер (д), и) және к) ) тармақшаларында көрсетілген сомаларды қоспағанда) ;

д) үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынған инвестициялар;

е) биологиялық активтер;

ж) резервтер;

и) сауда және басқа дебиторлық берешек;

к) ақша қаражаттары және олардың баламалары;

л) сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің және 5 ХҚЕС сәйкес сатуға арналған деп жіктелген шығарылу топтарына кіретін активтердің жалпы сомасы және тоқтатылған операциялар;

м) сауда және басқа кредиторлық берешек;

н) ережелер;

п) қаржылық міндеттемелер (м) және н) тармақшаларында көрсетілген сомаларды қоспағанда) ;

р) Пайдаға салынатын салықтар 12 ХҚЕС-ында (IAS) анықталған ағымдағы салық міндеттемелері мен активтері;

с) 12 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес кейінге қалдырылған салық міндеттемелері және кейінге қалдырылған салық активтері;

т) 5 ХҚЕС (IFRS) сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген шығару тобына енгізілген міндеттемелер;

у) меншікті капиталда ұсынылған бақыланбайтын үлестер;

ф) бас компанияның иелеріне жататын шығарылған капитал және резервтер.

Ұйым қаржылық жағдай туралы есепте қосымша жолдарды, тақырыптар мен аралық қорытындыларды ұсынуы, егер мұндай ұсыну ұйымның қаржылық жағдайын түсінуге қатысты болса.

Пайда мен залалдар туралы есеп

Пайда мен залал туралы есепте (жиынтық кіріс туралы есеп), пайда мен залалдан басқа, келесі көрсеткіштер көрсетілуі тиіс:

а) пайда немесе залал;

б) басқа жиынтық кіріс;

в) кезеңдегі жиынтық кіріс, пайда немесе залал мен басқа жиынтық табыстың жиынтығы ретінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңыздылығы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау
Қаржылық есептілік туралы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
21 ХҚЕС «валюталық бағам өзгерісінің әсері»
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны
Қазақстан Республикасындағы сыртқы аудитті реттеуші заңдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz