СИМВОЛИЗМ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫ
Тұран-Астана Университеті
Қорғауға жіберілді
Әлеуметтік- гуманитарлық және тілдік пәндер
кафедрасының меңгерушісі,
ф.ғ.к., профессор Карипжанова Г.Т. .
_____________
___ _______________ 2021 ж.
Хаттама №_____
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Ақын Мирас Асанның шығармашылығындағы символизм
Мамандық: 5В030100 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған:
5В030100 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 4 курс студенті
Тлебалдықызы Гүлназ ______________
Ғылыми жетекшісі:
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ысқақова Жазира Мақсұтовна ______________
Нұр-Сұлтан 2021
АҢДАТПА
Қазақ әдебиетінде жас буын ақындардың арасынан ойып тұрып орын алатын, қаламы ұшқыр, тілімен орақ орған, қалың оқырманның ризашылығына бөленіп жүрген ақын Мирас Асанның шығармаларында көтерілген өзекті тақырыптар жетерлік. Күрделі де терең мағыналы символдар арқылы шындықты астарлы жеткізуге, әртүрлі идеялар мен принциптерді аңғартуға бағытталған ақынның қазақ әдебиетіне қосып жатқан үлесі қаншама.
Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде төл әдебиетімізде кең өріс алған символизм Мағжан Жұмабаевтың, Бернияз Күлеевтің, Сәбит Дөнентаевтың шығармаларында айқын байқалған еді, ал қазіргі тәуелсіз елдің жас буын ақындарының символизм тұрғысынан қандай үлес қосып жатқаны көпке таныс емес...
2
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.СИМВОЛИЗМ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫ
1.1 Символизмнің әлем әдебиетіндегі көркемдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Символизмнің қазақ әдебиетінде ағым ретінде қалыптасуы. ... ... ... ... ... 9
2. СИМВОЛИЗМНІҢ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
2.1 Ақын Мирас Асанның шығармашылығы ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Мирас Асанның шығармашылығындағы символизм ... ... ... ... ... ... .. ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28
3
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның негізгі өзектілігі: Жас ақынның мәнді де мағыналы жырларын, өлеңдерін халыққа кеңінен насихаттау. Тек аға буынды ғана емес, жас ақындардың да қазақ әдебиетіне қосып жатқан үлестерін кеңінен дәріптеп, тілдің дамуына, жастардың тілге деген құрметтерін арттыруға көмектесетін бірден бір жол деп білемін. Осы уақытқа дейін ешкім толыққанды зерттемеген жас ақынның шығармашылығын негізгі тақырыбым етіп алғым келді. Баяғы заманнан қазіргі уақытқа дейінгі әдебиетіміздің ұлттық салалары мен белгілеріне назар сала отырып, мысалдар арқылы ақын Мирас Асанның шығармашылығының көркемдік жүйесін ғылыми тұрғыдан саралап көрсету.
Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы ғасырдың басында келген ағымның бірі- символизм. Символизмнің қазақ әдебиетіндегі алғашқы өкілдері белгілі, алайда қазіргі таңдағы жас ақындар мен жиырмасыншы ғасырдағы ақындардың ұқсастықтары және айырмашылықтары жайлы тұжырым толық жасалмаған. Сол себепті негізгі мақсат- символизмнің қазіргі қазақ әдебиетіндегі алатын үлесі мен өкілдері жайлы әдеби тұжырым жасау.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Мирас Асан - жас ақын, жас та болса көптің көзайымына айналған талантты лирик ақын. Әртүрлі халықаралық, республикалық байқаулардың, мүшайралардың жүлдегері, дарын иесі. Ақынның жыр жинақтары жарық көріп отырған сайын қалың оқырман қауым ыстық ықыласпен қабыл алады. Қарағанды өңірінің бетке ұстар мақтаныштарының бірі де бірегейі- ақын Мирас Асанның шығармашылығына тереңнен үніле отырып, қазақ поэзиясына қосып жатқан үлесі жөнінде көркемдік жүйе тұрғысынан қарастыратын боламыз.
Зерттеу жұмысының зерттеу жаңалығы: ақын Мирас Асанның шығармашылығы осы уақытқа дейін толыққанды зерттелмеген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері біршама зерттеулер жүргізген, дегенмен бұл зерттеу арнайы нысанды мақсатта жүргізіліп отыр, яғни зерттеу өзінің көкейкестілігімен және мәнділігімен ерекшеленеді, әрі ақынның шығармашылық жолына жан- жақты талдау жасалынады. Ақынның символдық қолданысы мен көркемдік ерекшелігіне толығымен тоқталу.
Зерттеу тәсілдері: Зерттеу жұмысында кешенді әдеби талдау әдіс- тәсілдері қолданылады, образдың бейнеленуі және ұлттық белгілерге баса назар аударылады.
Зерттеу нысаны ретінде: Ақын Мирас Асанның өлеңдері, жалпы шығармашылық жұмыстары назарға алынды. Ақынның жыр жинақтары негізгі зерттеу көзі болып табылады. Жұмыстың ғылыми - метадологиялық негізі ретінде Мұхаметжан Қаратаев, Рымғали Нұрғалиев, Серік Қирабаев, Бейсенбай Кенжебаев және т.б. қазақ әдебиеті саласына өлшеусіз үлес қосқан ғалымдардың тікелей немесе жанама байланысы бар зерттеу еңбектері әдіснамалық негіз ретінде алынды.
Зерттеу әдістері мен әдіснамасы: Алға қойылған мақсат- міндеттерді орындау үшін, негізгі дереккөздерді жинау барысында сұрыптау, сипаттау, жүйелеу, әдеби талдау тәсілдері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломалды зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.СИМВОЛИЗМ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САЛАСЫ
1.1. Символизмнің әлем әдебиетіндегі көркемдігі
Символизм негізінен термин ретінде латын тілінен енген болатын, негізгі түбірі- символ яғни сенім символы деген мағынада кең ауқымда қолданылған. Еуропалық мәдениет саласында символизм көркемсурет, әдебиет саласында он тоғызыншы ғасырда кеңінен тарады. Символизм тура шыншылдыққа қарағанда тылсымдылыққа, сыртқы заттық дүниеден ішкі рухани адам әлеміне бағыт алуымен ерекшеленді. Символзим суретшілер мен ақындардың арасындағы ең ықпалы күшті әдебиет ағымы болды, әсіресе бұл терминді модернизм әдебиетін зерттеушілер көп қолданады. Себебі модернизм- деп жаңашылдықты, жиырмасыншы ғасырдың басындағы рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған бағыттардың жиынтығын айтқан.
Символизмнің дамуына әсересе француз әдебиетінің өкілдері көп үлес қосқан болатын. Шарль Бодлер, Стефан Маллерме, Пауел Уерлан және т.б. ақындар арқылы алғашқы символизмнің ағым ретінде қалыптасу процессі тереңінен жүрген. Осылайша он тоғызыншы ғасырда қалыптасқан символизм ағымы жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары тек Францияны ғана қамтымай, Англия, Латын Америкасы, Италия, Испания тіпті Россияны да дүбірлеткен ең ықпалды әдебиет ағымына айналды.
Символизмнің тамырына үнілгенде ол тұтас Еуропа мәдениеті мен Француз әдебиетіне байланысты ғана туындаған жоқ,оны біз шығыс әдебиетінен де, философиядан да тіпті діннен де көре аламыз.
Француз ақындарының, әсіресе символистерінің ішінде ойып тұрып орын алатын- Алойсис Бертран. Бертран өзінің Прозадағы өлең атты шығармасымен қалың оқырманның назарына енген ақын. Аз ғана ғұмырында француз әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып кеткен Алойсис Бертрандқа Еуропа жазушылары да, орыс классиктері мен символистері, әсіресе орыс әдебиетінің ұлы өкілі Иван Тургенев ерекше баға беріп кеткен. Алойсис Бертранның ізбасарлары да жетерлік, солардың бірі- Шарль Бодлер.
Шарль Бодлердің Сұрқия гүл атты жинағына енген бірінші Альбатрос өлеңі 1842 жылы жазылған болатын. Ақын бұл өлеңді Репотьон және Маврикий аралдарында саяхаттау барысында жазып шыққан. Өлеңнің басты кейіпкері- Альбатрос. Құс ақынның -өзі, оның тағдыры, басынан өткен оқиғалары мен жалпы адам баласының рухани биіктеуі мен құлдырауы туралы. Альбатрос пен матростар және Бодлер мен халық, осы екі ұғым арқылы ақын өзінің қоғам ортасынддағы мүшкіл халін (трагедиясын, ішкі арпалыс мұнын) жеткізген. Француз ақыны поэзия мен прозаны, жер мен көкті, жоғарғы және төменгі тапты қарама- қайшы қойған, және қасіретті ғұмырының ащы шындығын айта білген.
Бодлердің жыр жинағында бейнеленген негізгі символ ол үшін- сұлулық болған. Сұлулық пен мұңды ақын қатар қоя отырып суреттеген. Жыр жинаққа арқау болған әйел болмысының сұлулығы. Ақын әдемілікті тек сыртқы сұлулықтан іздемген, оның өлең- жырындағы сұлулық басқа, ол үшін бұл ұғымның ауқымы кең. Бізге ақын сұлулықтың қайдан келгенін дәлелді түрде емес, талдай отырып түсіндіреді. Көк жүзінен әлде жер түбінен келсе де, жұмақтың тіпті мейлі зұлымдықтың сұлулығы болса да ақын үшін оның мәні жоқ, ол тек сол үлкен сырды, үлкен мұңды арқалаған сұлулықты түсінгісі келеді, сол сұлулықтың соңынан еруге де дайын.
Бодлердің Сұрқия гүл шығармасындағы әйел образын екіге бөліп алып қарастыра аламыз. Сұлулықтың көрінісі екі түрлі реңкте суреттелген: рухани сұлулық, яғни адам жанының сұлулығы. Екіншісі зұлымдықтың символы- сұрқия сұлулық. Зұлымдық- Бодлердің суреткерлік зерттеуінің нысаны болған. Ақ пен қараны, Құдай мен Әзәзілді, жақсылық пен жамандықты қарама- қайшы қою арқылы ақын оқырманды қорқыныш сезіміне немесе әлдебір үміт сыйлайтын әсерге бөлегендей әсер қалдырады.
Шарль Бодлердің өмір сүрген уақытында символизм дербес ағым ретінде толық қалыптасып үлгерді деп айта аламыз, себебі ақын оқырманды терең ойға батырып, дүниенің мәнін жан- жақты түсінуге үйретті, қоғам мен адам арасындағы қарым- қатынасты өзіндік дара ойлау тұлғасынан бағалап көрсетті. Екіншіден, қазіргі зерттеулердегі символизмнің көркемдік бейнелеу тәсілі дәл осы Шарль Бодлердің шығармаларынан көрініс тапқан. Үшіншіден Бодлердің ізін басушылар да тылсым ішкі сезімге- түйсікке жүгінген.
Осылайша символизм әлем елдеріне әдебиет саласындағы ерекше ағым ретінде тарай бастады. Әр ел ақындары символизмді өзіндік стиль, ұлттық міңез- құлқы, дүние танымы тұрғысынан түрлендіріп күрделендірді. Әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстың әсері тіптен күшті болды. Аумалы- төкпелі замандағы туындаған әртүрлі экономикалық, саяси мәселелер символизмнің тақырып аясын кеңейтті, ақындардың шығарманы көркем бейнелеудегі шеберлігі артты. Жиырмасыншы ғасырдың басы тарих үшін жақсы жаңалықтарымен есте қала қоймағанымен, әдебиет саласы үшін біршама тың жаңалықтар әкелді. Солардың бірі символизмнің ықпалды әдебиет ағымына айналып, сыншылдық бағыттың тууына себепші болуы болды.
Символизмнің өзіне тән бейнелеу тәсілдері бар:
1.Ол оқырманды реализмнен алшақ ұстап, тіпті реализмнің қағидаларын бұза отырып, символ арқылы адамның сана- сезімі мен жан- дүниесіне ауыр ой сала салады. Француз ақыны Поль Валеридің шығармашылығында реалды өмір (сыртқы өмір) мүлдем ығыстырып, керісінше ішкі жанның сезімі мен өлім және өмірдің қарама- қайшылығын керемет суреттеген. Сонымен қатар жан мен тәннің кереғарлығы, мәңгілік зат пен құбылмалы заттың қақтығысы, ішкі сананың ой шоғырлығы баяндалған;
2. Символ арқылы көңіл-күйді, сезімді бейнелеуді жақтау. Шарль Бодлердің Сұрқия гүлі дәл осындай шығарма. Ақын ішкі жан дүниесінде болып жатқан ұлы сезім- махаббтың сонымен қатар сұлулықтың символына айналған- сұрқия гүлді ерекше әспетті түрде жеткізген. Зұлымдықтың нышаны деп жиіркенген жоқ, жақсылық әкелуші деп те қарамады, бірақ ақын үшін ол қандай болса да, көк жүзінен әлде жер түбінен келсе де еш маңызы жоқ болды. Өмір бойы сол Сұрқия гүлдің ізімен кетуге дайын екендігін ақын осы шығармасы арқылы дәлелді жеткізген.
3.Белгілі бір зат арқылы сезімді жеткізу. Символист ақындар жалған сезімге еруге, обьектілік еліктеуге, әсірелуге қарсы болған. Олар тек түйсік, философиялық ой, символ арқылы еш бұрмалаусыз ішкі жанның ауыртпалығын, қоғам мен адам өмірінің байланысында туындаған қиындықтарды шешуге ұмтылған. Олар символдық әдістің көмегімен бейнелеп беруге келмейтін заттарды бейнелеуге болатындығына, дүниеде болып жатқан тылсым сырдың құпиясына үніле алатындықтарына сеніммен қараған.
4.Поэзияның әуезділігін дәріптеу. Символист ақындар өлеңді парнас ағымымен таратуға қарсы болған. Өлеңді ғылымиландыруға, жасанды сұлулықты тудыру үшін қолдануға өз наразылықтарын білдірген. Ұйқас пен ырғақтың, өлең саздылығының, музыканың адам рухын көтеретіндігін символист ақындар жақсы білген. Шарль Бодлер де өлеңнің ырғақтылығына айрықша мән берген. Музыкаландырудың яғни ырғақты өлеңнің тууы адам рухының биіктеуіне себепші болатындығы туралы Әл-Фараби, Аристотель мен Ұлы Абайлар бекер айтпаған-ау.
5.Поэзиядағы сыршылдық сарын.
Сыршылдық әр ақынға тән нәрсе, сыршылдық сарыны арқылы олар әрбір өлеңінде өзінің бір сырын жасырған. Символизм алғаш дами бастаған сәттетегі символистер сыршылдыққа қарағанда күңгірттікті қолданған. Символист ақындар оқырманды терең ойға батыра алмаған өлең өлең емес топшылаған. Шындыған келгенде де солай емес пе? Оқырман, тыңдаушы үшін өлеңнің астарында жатқан мағына маңызды, олар сол арқылы өмірлік сабақ алғысы келеді. Ал символизм сыршылдықтан құралған.
6.Әр ақынның өзіне тән эстетикалық көзқарастарының болуы. Қай заманда болмасын кез- келген ақын белгілі бір символды алсын алмасын, өзіндік эстетикалық көзқарасын шығармаларына қоса білген. Мысалы, жоғарыда атап өткен сұлулықты алайық. Сұлулық- Шарль Бодлер үшін - сұрқия сұлулық, зұлымдықтан туған сұлулық болды, бірақ сонда да ол үшін бұл сұлулықтың орны ерекше болды. Ал Сократ сұлулықты ұят деп санаған. Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары Еуропа ақындарының арасында кеңінен орын алған символизмді дара эстетикалық көзқараспен қолданған британдық ақын Томас Элиот та бар еді. Ақын өзінің Жапан дала деп аталатын дастанындағы оқиғаны суреттеу арқылы Бодлердің ізін жалғастырушы ретінде көрінді. Себебі, Томас Элиот та сұрқиялық пен жағымсыздықты дәл сол қалпында жеткізу үшін сұлулықты қолданды. Зұлымдық, сұрқиялық, сиықсыздық адам үшін жақсы қасиет емес екенін жеткізу үшін оны айнытпай суреттеудің өзі сұлулық деп білді. Міне, осылайша символист ақындардың көбісі өзідерінің дара эстетикалық көзқарастарын поэзиядағы шынайы көркем бейнеден тапты.
1.2 Символизмнің қазақ әдебиетінде ағым ретінде қалыптасуы.
Жалпы символизм - әдебиет тарихының ең үлкен бағыттарының бірі. Символизмді қазақ әдебиетінде зерттеуде жиырмасыншы ғасырдың басы мен ортасында көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан болатын. Қазақ әдебиетіндегі символизмді көптеген ғалымдарымыз бейнешілдік деп те айтып жатады. Ал сол бейнешілдіктің әдебиетте дамуына алғашқылардың бірі болып үлес қосқан - Мағжан Жұмабаев. Қазақ әдебиетінің тарихында сөзді бейнелеп жеткізу арқылы көркем сурет құрды, өлең арқылы сол заманның қиындығын да қуанышын да бізге бейнелеп жеткізгендей. Менің тақырыбымның зерттелу арнасы- Мирас ағамыздың шығармашылығының төнірегінде болғандықтан, символизм де оның бөлінбес бөлшегі. Қазақ әдебиетінде символизм турасында біршама зерттеу жұмыстары жүргізілген. Символизмнің ғасырлар бойғы көрінісі, қазақ әдебиетіне орыс символистерінің әсері туралы төл әдебиетші ғалымдарымыз да толыққанды, жан- жақты зерттеулер жүргізген. Яғни, ақындардың символизміне тоқталудың өзекті тақырып екендігіне осыдан- ақ көз жеткізуге болады.
Символизмнің қазақ поэзиясына енуіне көршілес Ресей үкіметінің үлесі көп болды. Сергей Есенин, Константин Бальмонт, Александр Блок төл ақындарымыздың символизмдік тұрғыдан шығармашылығын дамытуға өзіндік әсер етті. Символизмді әуел баста жеке затты символдық белгі ретінде алып қарастырса, уақыт өте келе ауқымы кеңейіп,күллі адамзаттық құпияны, тылсым сырды ашуға ұмтылды. Қазақ поэзиясындағы символизмнің ең басты өкілі- Мағжан Жұмабаев болып табылады.
Жоғарыда айтып кеткендей, Мағжан поэзиясындағы символизм асқақ рухты бейнелейтін, алдыға ұмтылуға, күресуге шақыратын символға толы. Ақынның символизмге неліктен келгендігіне тоқталатын болсақ, ол құр еліктеу немесе ессіз әрекет емес. Мағжан Жұмабаев Еуропа ақындарынан бастау алғанымен бұл бағытты қазақ әдебиетіне өзіндік үн қоса әкелді. Ақын жаны қиналған сәттерде жазған өлеңдерінде торығу, шаршау, өмірден түңілу сарыны басым болғанымен, болашақтан үміт үзбейтін өршіл рухтың нышаны да байқалады.
Қап- қара түн
Қайғылы ауыр жер жыры,
Қап- қара түн
Күңірененді түн ұлы,
Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:
Мен келемін, мен пайғамбар- Күн ұлы,- ақын өлең басында торығу, күңірену сарының танытқанымен, шумақ аяғында үміт сыйлайды. Түннен кейін, қараңғылықты Күннің жарық сәулесі басатыны сияқты ақын да жақсылықтан үміт үзбейді, керісінше осы арқылы ол өзің түнілген халықтың үмітіне айналдырып отырғандай.
Ақын шығармашылығындағы символистік бағыт орыс әдебиетінен бастау алды ма әлде Еуропа ақындарына еліктеуден туды ол белгісіз. Бірақ ақын өзіндік бояуды бұл ағымға қоса отырып көркем жеткізген. Ақын көрген қиындығын, сезімін, мұңын, қасіретін өлеңге символдық белгіні қоса отырып суреттеген. Мағжан Жұмабаевтың Еуропалық ақындардан үлгі алғаны анық, дегенмен ақын олардың шығармашылығын айнытпай көшірген емес, олардың ұқсастықтары ішкі сезімнің өлең арқылы бейнеленуі мен ішкі сұңғыла түйсік арқылы босап шығуында жатыр.
Мағжан Жұмабаевтың Гүлсімге атты өлеңінде символизм байқалады. Ақын көкте жүрген алмас қанатты періштені жерге түсіру арқылы қара халықтың қаншалықты қайғы- қасірет шеккендігін көрсеткен. Періштенің жерге түсу, қанға бату сәтін суреттеуі орыс әдебиетінің өкілі, ақын- символист Константин Бальмонттың Біз ертегі әлеміне тап болғанбыз шығармасындағы кейіпкердің тағдырына ұқсас болып келеді. Алайда екі ақынның дара эстетикалық көзқарастары осы жерден көрініс тапқан. Бальмонттың кейіпкері өз еркімен жерге келген, айқын мақсаты бар жан емес, ол өз міндетінің неде екендігінен бейхабар. Ал Мағжан ақынның кейіпкері қайғырған, қанға бөккен халықты көріп көмек қолын созуға келген алмас қанатты ақ періште. Бұл айырмашылықтардан біз Мағжан Жұмабаевтың Еуропа символистеріне толық еліктемеген, көзсіз ілесе кетпеген өзіндік дара көзқарасын байқаймыз, ақын сол арқылы даралыққа ұмтылған. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясында күн, от сынды символдар бар, ақынның ерекшелігі де осы сынды символдарды қолдануында. Сол арқылы ақын символизм бағытын қазақ әдебиетінінің көгіне көтергенде бұл ағымды күңгірттіктен арылтқан, өршіл рухты ақынның болмысын өлең арқылы бере білген. Ақын өзі суреттеп отырған оқиға туралы айтқанда үміт отын сөндірмеуге, жер жүзін күн шуағымен нұрландыруға тырысады.
Символист ақындардың шығармаларының мағынасы екі түрлі болады, біріншіден тура жеткізеді, ал екіннші түрі астарлы жеткізу- олар үшін ең маңыздысы. Ақындар үшін астарлы жеткізуде көмекке клетін бірден бір құрал- символ болып табылады. Ақын өз шығармасындағы тылсым дүниенің мәнін ашу үшін поэтикалық тілді қолданады және де поэтикалық тілдің екі түрлі міндеті болады. Оның біріншісі - шығарма тудыратын бейнелі материал, ал екінші міндеті - автордың жан дүниесіндегі сырды жеткізуші суреттеуші тіл. Қазақ әдебиетіндегі символизмді зерттеуге үлес қосқан белгілі әдебиет зерттеушісінің бірі- Шәріп Амантай Жарылқасынұлы болған. Ол өзінің Қазақ поэзиясы және ұлттық идея зерттеу- монографиясында Мағжан Жұмабаев және Бернияз Күлеевтің төл әдебиетімізде символизмді дамытуға қосқан үлестері туралы айтқан. Бір қызығы Еуропа символизмі жарты ғасырға жуық қом жинас, оның Ресейдегі жаңғырығы жүзжылдықтың ширегіндей уақытқа созылған; ал қазақ поэзиясындағы бұл құбылыс өткінші жаңбырдай қас- қағым сәтте маңайын көкке малшындырып, тынысты тазалап, қат- қабат құнарын қалдырып кетті. Қазақ символизмі аяқтан тік тұра бастаған уақытта, Еуропа мен орыс символизмі толысу, тіпті тоқырау сатыларын өзегінен түгел өткеріп, жасарын жасап үлгерген еді. Сондықтан да Мағжан Жұмабаев пен Бернияз Күлеев өз шығармашылықтарында аты шулы әдебиет ағымының кемелі мен кемшінің, өміршені мен өтпелісін саралап- сұрыптап пайдалану мүмкіндігін иеленді. Және де ең бастысы қазақтың әдебиетіне символизнің туын тіккенде, оны ұлттық поэзияның ілгерідегіүздік үлгілерімен табиғи будандастыру, терең байланыстыру міндетін мойынға артты,- деген еді. Мұнымен зерттеушінің бізге жеткізгелі отырғаны анық нәрсе - Мағжан Жұмабаев мен Бернияз Күлеев символизмді төл әдебиетімізге әкелу арқылы өздерінің дара стильдерін де, ұлттық болмысты да символизммен бірге қосып поэзияны түрлендіре алды.
Мағжан Жұмабаев символиз ағымын шығармашылығына әкелмей тұрып та романтикалық бағыттағы әдеби туындылармен таныс болған, жай таныс болып қана қоймай оны зерттеумен де айналысқан. Қазақ әдебиетіндегі зерттеуші ақындар Мағжан Жұмабаевты- мәдениеті жоғары ақын ретінде есептей отырып, оны өлеңнің сыртқы формасына үлкен мән берген талант иесі ретінде алып қарастырған. Осы тұста романтизм мен символизмді не байланыстыруы мүмкін деген сауал тууы мүмкін:
Біріншіден, романтизм символизм секілді өмірді идеалистік тұрғыдан қабылдайды, бейнелеп көрсетеді.
Екіншіден, трагедиялық күйге түсу, өз дәуіріне көңілі толмай уайымға салыну романтизмге қалай тән болса символизм де одан шет қалған жоқ.
Қазақ әдебиетінде символизм ағымы бойынша Мағжан Жұмабаевтың жиырма жуық белгілі өлеңдері бар. Мысалы, Шолпы, Қайың, Қысқы жолда, Толқын және т.б. Жоғарыда атап өткендей Бернияз Күлеевтың да бұл ағымды дамытуға қосқан үлесі көп. Ақынның Сүйгенімеатты өлеңі, Жорық атты поэмасы және т.б. шығармалары символистік ағымда жазылған. Және кез-келген символист ақынды алып қарастырған сәтте олардың тек әдеби- теориялық бағытта ғана емес діни, философиялық, мистикалық, психологиялық ілімдерді қоса менгергендігін аңғару қиын емес. Себебі, символизм өкілдері осы бағыттар арқылы дамыған, өзіндік тылсым дүние мәнін түсінуге ұмтылған.
Қазақ әдебиетінде символизмді алып келген ақындардың үлесі зор болғандығы анық, дегенмен әдебиет зерттеушілерін де баса айта кеткеніміз жөн болар. Төл әдебиетімізге символизм бағытын мықтап орнықтырған Мағжан Жұмабаев пен Бернияз Күлеев болса, дәл сол жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ әдебиетінде болған тың жаңалықтарды зерттеумен айналысқан әдебиеттанушылардың үлесін жоққа шығара алмаймыз. Ғалымдардың тың зерттеулері сол заманда аумалы-төкпелі уақыт болса да, ұлттық мұрамыздың қаймақтарын халық жадында сақтауға бастамашы болды, бүгінгі ұрпаққа жеткізе білді. Олар: Бейсенбай Кенжебаев, Тұрсынбек Кәкішев, Рымғали Нұрғали, Серік Қирабаев және т.б.
Белгілі ғалым, зерттеуші Сұлтанбек Қожанұлы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын әдебиет тарихындағы жиырмасыншы ғасыардың әдеби ағымдарын зерттеудегі таптырмас мұра деп айтып кеткен еді. Бір Мағжан поэзиясы арқылы - символизм, сентиментализм, ағартушылық реализм сынды ағымдармен етене таныс бола аламыз. Еуропа, орыс әдебиетінің өкілдері жылдап, араға уақыт сала өткерген символизм ағымының қазақ әдебиетінде тез қалыптасып үлгергендігінің бір дәлелі осы - Мағжан поэзиясы.
Жалпы қазақ әдебиетіндегі символды әр зерттеуші өзінше зерттеп, атау берген. Қазақ әдебиетінің символдық көркемдік тәсілді зерттеуінің бастау бұлағы деп Ахмет Байтұрсынұлының Әдебиет танытқыш еңбегін дәлелді түрде айта аламыз. Ахмет Байтұрсынұлы символды - бернелеу деп атаған. Қазақ халқында бернелеу деген сөз қазіргі таңда көптің құлағына тансық. Дегенмен, үлкен кісілеріміз, ата- әжелер бернелеп сөйледің деп айтып жатады. Осы тіркестегі бернелеу сөзі - астарлап сөйлеу деген мағынаны білдіреді. Міне, осы себептен де ақын, әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлы символизмді - бернелеу деп аударған. Ол тіпті бернелеп сөйленген сөздерге мысалдар келтіріп, мысалдар жинағын Қырық мысалдан табуға болатындығы туралы айтып кеткен. Ал төл әдебиетіміздің ірі өкілі Мұхтар Әуезовтің тікелей шәкірті, белгілі жазушы, ғалым , сыншы Зейнолла Қабдолов символизмді - астарлау деп атаған. Яғни, айтайын деген ойды тура мағынасында жеткізбей бүгіп айту, тартымды тұспалмен жеткізу. Тұспалдау арқылы ақын шындықты, жан қиналысын, ішкі сезім арпалысын, халық күйін символдық белгімен оқырман жүрегіне жеткізе білген. Қазақ поэзиясының асқар шыңы саналатын, ұлы ақын- Абай Құнанбайұлының мол мұрасынан үлгі- өнеге алған Мағжан Жұмабаев символизмді зерттеушілеріміз айтып кеткендей шебер қолданған. Мағжан Жұмабаевтың Іңірде атты өлеңінде:
Амандасып өріне
Кіреріне көріне
Күңіреніп күн жетті
Сұр бұлтпен бүркеніп,
Өлгеніне өртеніп,
Көк жүзіне қан септі,- деп күннің өлу сәтін суреттеген. Қан, өлу, көр сияқты сөздердің эмоционалдық тұрғыдан күштілігі осы жерде көрінеді. Ақын күннің көк жүзіне қан себуі, өлуі арқылы халық жағдайын назалы үнмен жеткізгісі келген. Трагедиялық сарындағы өлеңде ақынның символды орынды қолданудағы, айтар ойын жеткізудегі шеберлігі көрінген. Ақын табиғат бейнесін кейіптеу арқылы шебер суреттеген. Құдды жан біткендей күннің наразылығын білдіруі және әлдебір жағымсыз жаңалықтың лебі аңғарылатындай сезімді бойға үйіретін өлең жолдары арқылы біз ақынның қатал биліктің қарапайым халық рухын қыспаққа алып жатқандығын көз алдымызға елестете аламыз.
Жиырмасыншы ғасырдағы ұлы орыс ақындарының бірі Александр Блок: Егер ақын табиғат арқылы өмір шындығын бейнелеген болса, оның бергі бетін ғана ашып қарамай, түпкі мәніне үніле алса, шындықты, терең мағынаны көкейіне түйіп жеткізсе сол адам - нағыз суреткер,- деген еді. Қарап отырсақ Александр Блок айтқан көпте жоқ қасиет Мағжан Жұмабаевтың тұла бойында бар екен. Ал екінші жақтан үніліп қарайтын болсақ, Мағжан поэзиясына тұспа- тұс келген кезең еркін жүріп- тұруға, өз ойын еркін түрде баяндауға қолайлы уақыт болмады. Осы тұрғыдан алып қарағанда символизм ақын үшін ең ұтымды тәсіл болды дей аламыз. Халықты надандықтың, үмітсіздіктің шырмауынан шығару басты мақсат болған уақыт үшін бұл ағым таптырмас жол еді. Сол замандағы әлеуметтік қақтығыстар, саяси шиеленістер Мағжан Жұмабаевтың символизмге жүгінуіне рухани қажеттілікті туғызды. Осы арқылы ақын поэзиясы жаңаша бағытта еркін самғай бастады.
Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов Мағжан роэзиясын бес топқа бөліп жіктеген:
Біріншісі: ақын ғалам күштерін символдармен бейнелеп, оларға жан бітірген. Мысалы, періште кейпіндегі- Бостандық, азаттықты аңсаған - Күн;
Екіншісі: тылсым дүниелер жайлы жазған өлең-жырлары;
Үшіншісі: күйзеліс сарыны байқалатын өлеңдер;
Төртіншісі:осы өмір арғы өмір байланысы жайлы өлеңдері, өзіне беймәлім жұмбақ әлемнің рухымен тілдесуді қалайтын ақын сыры жайлы шығармалар;
Бесіншісі: тыңдарман қауымға ерекше рух сыйлайтын, намысты шындайтын, алға ұмтылуға жетелейтін жырлар.
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ әдебиетіне өзіндік серпін алып келген, Мағжан поэзиясының ізін жалғастырушы ретінде танылған, жиырма төрт- ақ жыл ғұмыр кешсе де, көптің көзайымына айналып үлгерген жас ақын- Бернияз Күлеев еді. Символизмді алғашқылардың бірі болып өз жырына қосқан Бернияз Күлеевтің Сүйгеніме, Өзім атты өлеңдері сондай- ақ Жорық атты поэмасы бар. Ақынның өзіне тән өлең жазудағы ерекшелігі бар. Ол - символизмді оптимистік тұрғыдан қолдану.Екі ақын да замандас болғандықтан өлең-жырлары да сарындас болып келеді. Бернияз Күлеевтің Өзім атты өлеңінде:
Өзім деймін, өзгелерді көрмеймін,
Өзімсіздік, ай, бауырымға көнбеймін.
Өзім- патша, өзім- төре, өзім - хан,
Өз ойымды сан сабазға бермеймін.
Иә, қазақ поэзиясында бұрын-сонды өзің- ханға да, патшаға да, төреге де, әрі байға да балау жоқ еді. Дегенмен, алдынғы екі ақында да бар бұл өзімдіктін мәні не болуы мүмкін? Филология ғылымдарының докторы Амантай Жарылқасынұлы бұл өзімдіктін мәнін Заратуштра ілімінің шығуымен байланыстырып алып қарастырған. Яғни, осы жолғы символизмді екі ақын да философиялық тұрғыдан алған. Мағжан поэзиясындағы өзің пайғамбарға теңеу мен Бернияз Күлеев шығармасындағы өзім- әмір, өзім хан екеуі екі түрлі ұғымда қолданылғандығына баса назар аударуымыз керек. Мағжан ақын әлдебір көк жүзіндегі үміт шапағын өзімен әкелуші тылсым күшті, аспан шапағындағы алып образды бейнелесе, Бернияз Күлеев өзімі арқылы жеке тұлғаны танытуды көздеген. Қазақ халқының ұлттық болмысы бойларына жиып өскен екі ақын да оны өз өлең -жырларына қоса білген. Ақын өзін- өзі тану арқылы дүниені, әлемді таниды. Жас та болса қоғамда болып жатқан саяси оқиғалар, тосын жайлар болсын ақын олардың әр қайсысына ой тоқтатып, философиялық тұрғыдан тұжырымдауға тырысқан. Жүрегі қайсарлық пен жігерге толы Бернияз Күлеевтің шығармаларында рухы басым, дегенмен ақын өлімді де мойындайды. Бернияз ақынның Өзім тәңірі өлеңі өзіндік саралауға арналған. Ақын өлімді мойындайды, дүниедегі тылсым күштер туралы да сыр қозғайды, алайда олардың барлығынан биік тұрған- ақынның өр рухы:
Өлгеннен соң, мейлі тірі күнде,
Өз өміріме өзім тәңірі!,- Бернияз Күлеев өлімге толық мойын ұсынған да емес, тек өлім арқылы дәріптеліп отырған өмірдің жаршысы ретінде танылып отыр.
Мағжан Жұмабаев символист ретінде қазақ әдебиетін жаңа арнаға, жаңа бағытқа бұрғаның белгілі және ол символзим, әйтсе де ақынның символизмдік бағыты екі түрлі жолмен қалыптасқан. Ғалымдар, шетел әдебиет зерттеушілері әдебиеттегі символизмді Батыс Еуропада, әсіресе, Франция, Италияда қалыптасқан, одан әрі Англияға, Германияға барып тараған деген пікір ұсынған. Пікірді қате дей алмаймыз. Шынымен символистік бағыт кәсіби тұрғыда Батыс Еуропада он тоғызыншы ғасырда дами бастады. Және де оны дамытуға үлес қосқан Шарль Бодлер деп жоғарыда айтып, мысалдар келтіріп кеттім. Ал ең алғашқы символизмнің, адам ойының өз пікірін таңба арқылы жеткізуі қазақ даласында ежелгі адамдардың тауға, тасқа салған символдық белгілері арқылы іске асқан. Яғни, бұл ата- бабамыздың ойды символ арқылы жеткізе алғанының дәлелі. Ал бұл тұжырымның Мағжан поэзиясына қандай қатысы бар десеңіз, жоғарыда айтып кеткен Мағжан поэзиясындағы символизмнің қалыптасуының бірінші жолы- этногенетикалық тегімізбен байланыстылығын көрсетіп тұр. Ал екінші қалыптасу бағыты- Еуропа және орыс әдебиетінің көрнекті өкілдері арқылы төл әдебиетімізді көркемдік жағынан дамытқан. Мағжан поэзиясы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz