Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
(оформление)
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бейімбет Майлин прозасындағы реализм
Орындаған:
Тексерген:
Бейімбет Майлин прозасындағы реализм
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
Бейімбет жайлы бірер сөз
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А) Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
Ә) Б.Майлин прозасындағы ұлттық реализм
Б) Жазушы прозасындағы заман шындығы мен ел тағдыры
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ІV. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқы үшін аса ауыр кезеңдердің бірі болғандығын тарих беттерінен оқып білеміз. Сол ғасырда өмір сүрген, елін сүйетін, саналы азаматтар халықтың көзін ашып, алға ұмтылуды өз парызы ретінде білген. Сондай азаматтардың бірі, өз ғұмырын халық санасын оятуға арнаған жазушы, қоғам қайраткері - Бейімбет Майлин.
Бейімбет өз шығармаларында ауыл көрінісін толықтай суреттей отырып, халықтың өмір сүру салтын, әдет - ғұрпын, мінез - құлқын көрсете отырып жазған. Жазушы осы бір көріністі айқын көрсеткісі келгендей. Себебі, ұлттың санасын ояту алдыңғы кезекте тұрған үлкен істердің бірі еді. Сол арқылы ол қазақ халқының көзін ашып, ұйқысынан оятып, сауаттандырып, жаңа елдің жаңа азаматтары етіп шығаруға болатындығын дәлелдегісі келді.
Әңгіме, повесть, роман, новелла жанрларының көрнекті әрі шытырман үлгілерін тудырған Б.Майлин прозасы - өзіне тән ерекшелігімен, көркемдігімен, өзіндік стилімен ерекшелене білді. Оның ішінде, әсіресе, көркем үлгілер берген, новелла мен әңгіме жанры болып табылады. Бұл жанр Бейімбет прозасының ерекше ұстанған тармағы еді. Жазған новелла мен әңгімелері өмірден алынғандай етіп жазылған болатын. Оның әңгімелерінің мазмұны өмір теңізінің тамшылары секілді кішкене болғанымен, оқиға мен алға қойған дәлел фактісі өзінің шынайылығымен терең ой салады. Терең ойлануға мұмкіндік береді. Прозасының оқиғалары ақиқатқа сай, өмірдегі күнделікті тұрмыс - тіршілікпен бетпе - бет келетін жағдайлармен, нақты іс-әрекеттері образдарымен айқындалады.
Белгілі бір халықтың тағдыры, өмір тіршілігі, әдет-ғұрпы және мәдениеті оның ұлттық әдебиетінен көрініс таба білді. Бейімбет Майлиннің прозалық шығармаларынан ұлттық мінез, салт - санасын тану қиын емес. ХХ ғасырдың басында жазылған Бейімбет шығармалары заманның аласапыран тұсы, жұрттың алды-артын бағдарлауына жол бермей, тіршіліктің асты - үстіне шығарып жатқан кезеңнің суреті мол орын алады. Аштық кезеңі, ұйымдастыру кезеңіндегі сорақылықтар, асыра сілтеушілердің шынайы жеткізілген. Ауыл кеңестендірудің бір ұраны ол кезде әйел адамның теңдігінің шешілу мәселесі болған. Байлар, жалған белсенділер, молдалар бұл тарихи жаңалыққа да алуан түрде күрес жүргізген. Байқап қарасақ, кеңес үкіметі кезінде әйел теңдігінің аяққа тапталғандығы, құқықты еріктері іс жүзінде берілмегенін, оны ең алдымен жауапты қызметкерлердің өздері бұзатынын, моральдық азғындау жолына түсетінін Бейімбет Майлин өз прозасында кеңінен қамтыған. Жұмысты талдау барысында осы мәселелер талқыланып, қазаққа тән мінездерді автордың қалай жеткізгендігі туралы талдау жасалып, оның шығармаларында қамтудың басты ерекшеліктері айқындалып көрсетіледі.
Бейімбет Майлин қалам қозмаған, жазбай кетуі мүмкін деген мәселелері жоқ шығар. Оның шығармашылығында сынға алынған кемшіліктер - әлеуметтік және мәдениет істерінде жәберілген қателіктер, орашолақтықтар, қырсыздықтар, кертартпалықтар, күншілдік сияқты сорақылықтар.
Осындай көптеген мәселелер курстық жұмыс барысында талданып, жазушының прозасындағы реализм тақырыбында жазған шығармалары қамтиды. Зерттеу жұмысы қазақ әдебиетіндегі мінез - құлық, ұлттық мінез туралы ғалымдардың пікірлеріне, берген анықтамаларына сүйене отырып, Бейімбеттің прозасындағы характер, нақтырақ айтқанда, ұлттық мәселелеріндегі реализм туралы сөз қозғамақпын.
Қазіргі таңда жазушының шығармаларының көп бөлігі зерттелген. Әсіресе, публицистикалық жанрда жазылған фельетон, оқшаулары көп зерттеліп, қазіргі таңда ғылыми жұмыстардың тақырыптарына айналған.
Айталық, С.Байменшенің Б.Майлиннің журналистік шығармашылығы, Б.Майлиннің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихы және Т.Бейісқұловтың Б.Майлиннің сыншыл - публицист тақырыптарында жазылған докторлық диссертацияларында жазушының шығармалары жан - жақты талданған. Мектеп оқулықтарында берілген шығармалары арқылы оқушыларда жазушымен жақсы таныс.
Алайда, Бейімбет Майлиннің прозалық шығармаларындағы ұлттық реализмнің характер мәселесі түбегейлі зерттелді деп айтуға болмайды. Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі де осында жатыр.
Әдебиеттің ежелден сөз етіп келе жатқан тақырыбы: адам тағдырына, адам өмірінің шындығына келіп саятыны, сондай-ақ, оның адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы байланыстарына негізделетін ақпарат. Сөз өнерінде көрініс тапқан адам өмірінің шындығы кейіпкер мінез - құлқы арқылы ашылып, әдебиетте адам образының бай көрінісі жасалып жатады. Кейіпкер - көркем шығармаға жан бітіретін, бүкіл шығарма арқауын бір арнада өрбітуге негіз болатын басты көркемдік тұлға деп білеміз. Курстық жұмыстың өзектілігі де, осы кейіпкерлер көрінісінде, олардың ұлтқа тән мінездерінің ерекшелігінде жатыр. Кейіпкер бейнесі туралы сөз қозғағанда адамның характері ешқашанда шет қалмайды. Мінез - құлық - адамның ішкі ерекшеліктері болып табылады. Адамның өмірге деген жеке көзқарасы, дүниетанымы, мінезі көркем шығармаларда барлық қырынан ашылып отыра жазылады.
Кез - келген заманның жазушысы өзі өмір сүріп отырған кезеңнің мәселелеріне мән беріп, шығармашылығы арқылы сол мәселеге көзқарасын білдіріп отырса, Бейімбет Майлинда өз заманының көзі мен құлағы болды деуге болады. Күнделікті күйбең тіршіліктің арасында елден, адам елеп - ескермейтін оқиғалардан үлкен характерлерге толы туынды тудыра білген. Абай атамыз қара сөздерінде қазақтың мінезін ашық талқыға салса, Б.Майлин оны әртүрлі оқиғаларда әңгімелей отырып, астарлап жеткізеді. Қазақтың сүйегіне сіңген жағымсыз қасиеттерін сынай отырып жазады.
Бірақ өз ұлтын кім жек көрген. Бейімбет Майлин оны жек көргеннен жазбады, халықтың көзі ашылса екен, дұрыс жолға түссе екен деген ниетпен жазған. Ұлтының болашағын ойламайтын адам мұндай қиын жолмен жүрмес еді. Абай қазақтың салт - санасын, мінезін қашанда сынға алып отырған. Бейімбет Майлин оның ізін жалғастырушысы, ізбасары іспеттес болғандай.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, - дейді Абай. Б.Майлиннің өмірлік ұстанымы да, жазушылық ұстанымы да осы бір сөзді ту етіп алғандай. Оның шығармаларының басым көпшілігінде білімді, ғылымды, адамгершілік пен еңбекқорлықты насихаттайтынын байқауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бейімбет Майлиннің прозалық шығармаларындағы ұлттық реализм тақырыбын жан - жақты зерттеп, сол мәселенің көтерілу себептерін анықтау, әрі заман шындығын көрсете отырып, ұлт мінезіндегі өзгерістерді анықтау болып табылады.
Мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
Жазушының ұлттық образ жасауда, ұлттық мінезді шынайы бейнелеудегі ерекшеліктерін анықтау;
ХХ ғасыр басындағы проза жанрындағы заман шындығының көріністерін айқындау;
Жазушының әңгімелерінің тақырыптық ерекшелігін таныту;
Жазушының мінез - құлық типін анықтау;
Әңгімелерінің әлеуметтік құндылығын сараптау.
Курстық жұмыс нысаны ретінде Бейімбет Майлиннің Ел сыры, Қызыл жалау және т.б прозалық шығармалар жинақтары алынды.
Курстық жұмыстың теориялық негізіне Т.Ахтанов, А.Құнанбайұлы, С.Мұқанов, С.Қирабаев, Ғ.Мүсірепов, Д.Ысқақұлы және тағы да басқа қазақ ғалымдарының пікірлері басшылыққа алынды.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақ проза жазушысының өмірдегі жолы
Бейімбет Майлин (Бимағамбет) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі болып табылады. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей отбасынан шыққан. Жастайынан жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі кез - келген жерде өлең де шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған екен. Бұл үйде небір ақындар, жыршылар жиі қонаққа келіп, суырып салма айтыстар таң атқанша айталып жататын еді.
Оның үстіне қиссаларды жақсы көретін әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң, ұзақ таңға дейін жыр дастандарын оқып, тыңдататын болған. Осының бәрі Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп,кейіннен әдебиеттану жолына түсуіне зор ықпалын тигізді. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет Майлин, кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай білім алған. 1913 жылы Троицкідегі Уазифа мектебінде оқыса, одан кейін Уфадағы Галия медресесінде дәріс алады. Аталмыш медреседе оқып жүргенде, татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мажит Гафури сияқты белгілі жазушыларымен танысады. Осында шығатын Садақ атта қолжазба журналына белсене ат салысып, өзінің прозалық туындысы Шұғаның белгісі атты әңгімесін жариялайды. Бейімбет өлеңдері Айқап журналына да басылып шыға бастайды. Туып өскен жері қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып, әкесінен айрылса, алты жаста шешесінен де айырылады. Жетімдіктің дәмін ерте сезіп өскен Бейімбет, байларға жалданып күнделікті мәпақасын табады.
Кейіннен 1916 - 1919 жылдары Бейімбет мұғалім болады. Қосымша жазушылықпен де шұғылдана бастайды. Алғашқы шығармалары Қазақ, Ауыл, Айқап, Садақ журналдарына шыға бастайды.
Б.Майлин Еңбекшіл қазаққа, Еңбек туы болып тұрған кезде - ақ ат салыса бастаған. Көзге ерекшеленіп түскен Бейімбет бөлім меңгерушісі, хатшы да болған, кейін редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп уақыт істемеген.
1920 - 1922 жылдары газет алқасының басшылығында болып, кейін қатарына қосылған тұлғалармен де жұмыс жасай білген.
Содан соң, Еңбекші Қазақ (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде қызмет істеп, (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық Ауыл газетінде (1925) жұмыс жасаған. 1925 - 1928 жылдары қайтадан Еңбекші Қазақ газетінде қызмет жасай бастайды. Қазақтың пролетар жазушылары ассоциясын (ҚазАПП) ұйймдастыруға белсене ат салысты (1928 - 1932).
Кейіннен 30 - шы жылдары Социалистік Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Ауыл тілі, Қазақ әдебиеті басылымдарының бас редакторы қызметіне дейін өсіп, қызмет жасайды.
1938 жылы жазықсыздан жазықсыз тұтқындалып, саяси репрессияның құрбаны болып кете барады.
Әдебиетіміздің жарқын жұлдызы - Бейімбет талантты, білімді, алғырлығымен ерекшеленді.
Бейімбет Майлин - қазақ проза жазушыларының арасында алғашқы журналист, әдебиеттің осы бір ерекше жанрына алғаш жол салғандардың бірі еді. Майлин шығармашылығында екі бағыт - көркем проза мен журналистика бір - біріне сіңісіп кетпей, әрқайсысы өзінше дамиды, өзіне тән табиғи жолмен шымырлана түскендей.
Майлиннің ілуді біреуде кездесетін еңбекқорлығы мен іске деген қабілеттілігі ерекше таңғалдыратын. Талантымен бірге еңбегінің аумағы мол қымбет көркем мұраны бізге сыйға тартып кетті.
Бейімбет Майлин - поэзия, проза, драма саласында бірыңғай еңбек еткен қаламгер. Ол Садақ қолжазба журналында, Айқап журналында, Қазақ газетінде жарияланған алғаш шығармаларынан - ақ өмірінің көкейкесті, сан-сала мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң - мұқтажын, арман - аңсарын, әсіресе теңдікті тіліне тиек етті. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай - типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген бейне. Мырқымбай - бейнесі арқылы жазушы сол кездегі қазақ кедейлерінің болмысын, қоғам аясындағы тыныс - тіршілігін шыншылдықпен айқындап, көрсете білді.
Б.Майлиннің қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлесін қосқан. Оның Байдың қызы, Рәзия қыз, Қашқын келіншек, Маржан, Өтірікке бәйге, Кемпірдің ертегісі, Хан күйеуі Мырқымбай поэмалары әр алуандылығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік стилімен қазақ әдебиетінде ерекше орынға ие болды.
Бейімбет Майлиннің дарыны прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы жандана түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын басып көрсететін реалистік тегеурінмен, көркемдік биік шыңымен, әр алуандылығымен даралана білді. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай білген ұлы суреткер бола білді.
Ол он беске тарта повесть, бұған қоса Азамат Азаматович атты роман жазған. Оның Қызыл жалау, Қоңсылар атты романдарын аяқтай алмай кеткен. Одан басқа оның ірілі-ұсақты 25 пьесасы, либертто, сценарийлері бар.
Б.Майлин шығармалары қазақ әдебиетін байытқан асыл қазына ретінде тарих беттерінде мәңгі жасайтын болады.
Ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, сүйсіне оқып, өз сауаттылығын үнемі арттырып отырған. Денсаулығына байланысты Бейімбет медресені аяқтай алмай, 1916 - 1921 жылдары бала оқытумен айналысады. Ол кездерде 1916 жылы ұлт - азаттық қозғалысына арналған, төңкерістен кейінгі кезеңдегі қазақ халқының тұрмысын баяндайтын бірсыпыра өлеңдер жазған. 1922 - 1923 жылдары Орынбордағы Еңбекші Қазақ газетіне жұмысқа орналасады. Газетте редактор болып істейтін белгілі революционер ақын С.Сейфулиннің қарамағында жұмыс жасап, Майлин өз шығармашылығын шыңдай түседі, еңбекші қазақтың тұрмыс - тіршілігіне арнап өлеңдер жаза бастайды. Б.Майлиннің шығармалары Еңбекші Қазақ газетінде жиі жарияланып отырады. Кейіннен Б.Майлин Шұғаның бейнесі атты шығармасын қайтадан өңдеп, Қызыл Қазақстан журналына жариялайды. 1923 - 1925 жылдары Қостанайда шығатын Ауыл газетінде жүмыс жасайды. Раушан коммунист повесі осы кезде жарияланады. 1934 - 1937 жылдары Қазақ әдебиеті газетінде редактор болып қызмет жасайды.
1937 жылы Халық жауы деген жаламен ұсталып кетіп, 1938 жылдың 25 ақпаны күні атылып кетеді.
Б.Майлин өзінің аз ғұмырында 50-ге тарта кітап шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез - құлқы, тұрмыс - тіршілігі жан-жақты терең зерттеліп, тарихи есте қаларлық бейнелер жасалды. Б.Майлиннің ақындық қызметі 1912 жылы жазылған Мұсылмандық белгісі атты шығармасынан басталады. Төңкеріске дейінгі өлеңдерінде ауылдың ауыр тұрмысын, байлар мен кедейлердің теңсіздігін, әлеуметтік теңсіздікті жырлады. 1916 жылы болған ұлт - азаттық қозғалыс Б.Майлиннің шығармашылығында халықтыұ сипатты күшейте түсті. Ақынның шығармашылығында ұлт - азаттық, демократиялық, ағартушылық жақтары қалыптасып, биіктерге бет алды. Шығармалары арасындағы, Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы жылдардағы қазақ кедейінің типтік бейнесін жасауда үлкен дәрежеге көтерілген бейне болды. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді. Б.Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігіне арналған.
Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен жан-жақты суреттей білді. Кедейінің болсын, байы мен орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді. Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын ұтымды да шуақты күлкімен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі.
Б.Майлин прозасындағы ұлттық реализм
Бейімбет Майлин өзімен замандас қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ мысалы, Шұғаның белгісі үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.
Поэзиясы сияқты, Майлин прозасы да, өзі жетік білетін, негізінен, ауыл өміріне, әсіресе Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамында адамдардың ой-санасы мен мінез-құлқында, психологиясында болған жаңғыруларды бейнелеуге арналған.
Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, "майкөт" (байкөт) болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Автор Айшаның санасындағы жекеменшікшіл психологияның қайшылығын көрсетпек болған. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.
Ал "Ұлбосын" атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. "Ұлбосында" да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Мәселен, Оспан дегеннің үйіне, ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: "Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ, он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір мысық терісі..." -- дейді Салықтың жиылып тапсырылуына жеті-ақ күн мерзім береді. Мынау сияқты сорақылықты тыяды дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытьш түсініп көрмеген адам. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.
Ауылдың әккі қулары ойлап тапқан пәлекет жалғыз салықпен шектелмейді. Бұлардың озбырлығын көрген ел ішінде неше алуан алып қашпа сөз гулейді. Үрей туғызатын лақаптар тарайды. Қалампыр дейтін өсекші кемпір жұртты онан сайьш шошытады: "Колхозға кіргеннің малы да, жаны да өзінікі болмайды екен ғой. Үндеместің үйі біліп, қоңыр сиырын қалаға сатуға апарғалы жатыр екен, колхоздың бастығы барып: "мал сенікі емес"деп жетегінен шешіп алып қалыпты. О да ойыншық-ау, адамды. айтсайшы, бәрінен де масқарасы -- әйелді ортаға салады білем. Неке болмайды дейді. Әйел мен еркекті нөмірлейді дейді". Міне, осындай жағдайда ауылдың момын шаруа адамдары неше түрлі машақатқа түскен. Автор Оспан деген қарапайым адамның отбасында осы тұста болған мінездерді бейнелейді. Үй иесі Оспан да, әйелі Шәрипа мен қызы Ұлбосын да түрлі толқуларды бастан өткереді. Бұрын қызын кешке қарай үйінен шығармайтын Шәрипа, "әйел мен қыз ортаға түседі" дегенді естігенде, қызын тезірек күйеуге беруді ойлайды. Ақыры Шәрипа қызы Әбулақап деген мұғалімге қосылғанда ғана тыным табады.
Жазушы жеке адамдар өмірінің күнделікті қарым-қатынас шындығынан қоғамдық тіршіліктің сырын аңғарта біледі, "кішкентай" фактілерден үлкен тарихтың сипатын сездіреді.
Б. Майлиннің бірсыпыра шығармасында топас белсенділердің ұнамсыз бейнелері жасалған. Өздері ештеңенің жөн-жосығын түсінбесе де, мансапқа қызығып, көп нәрсені бүлдіреді. Ондайлар "шаш ал десе, бас алуға әзір", айқайға, зорлыққа үйір. Отызыншы жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда орын алған нәубетке жандайшаптар айрықша себепкер.
Жазушының "Арыстанбайдың Мұқышы" деген әңгімесінде сондай "белсенді" алаяқтың тұлғасы қашалған. Көпшілік жұмысында қамқоршы больш көрінгісі келетін, бірақ өз құлқынан басқаны ойламайтын, пайда үшін кімге де болса жала жабудан тайсалмайтын, жұртшылыққа бүйідей тиген Арыстанбайдың Мұқышын жазушы былайша таныстырады:
"Төртбақ, теке көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де қой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар: қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды.
-- Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік, -- деп, өзіңе жастық қоя, сені мақтай сөйлейтіні де бар.
-- Кеңес үкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын! -- деп белсенділік көрсететіні де бар.
Онда да түсіне алмай томырықтық істесең:
-- Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын! -- деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.
Осының бәрін жаудырса, "Мұқыш осы екен ғой", -- деп, өзің де қол қоясың.
Ал "төртбақ, теке көз, шалбар бет қара", ежірейген мықыр Мұқыштың сырт кескіні де сондай нысаналы. Одан әрі Мұқыштың "қызмет басындағыларды" әбден ығыр қылған екі-үш ауыз үйреншікті жәдігөй сөзі мынау "сені көруге құмармын", "жұмысыңа дайынмын", "белсенді кедеймін". Шынында, Мұқыш, әкесі Арыстанбай секілді, күні кешеге дейін "осы ауылды бір шыбықпен айдап келген" атқамінер, қу, ел жегіш парақор болатын; бүгінгі тіршілігі де сол: "баққаны өсек, айтқаны -- ғайбат; көксегені -- ұрыс-керіс, жанжал; жұрт арасына іріткі салып, біреуді біреуге атыстырып-шабыстырып жүрген, жалақор, пәлеқор. Мұндай алаяқ бұрын да болған, қазір де бар. Жазушы сондайлардың өз кезіндегі бір типтік бейнесін жасаған.
"Шұғаның белгісі" хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы -- "Шұғаның белгісі" хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста "Садақ" атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез -- 1914 -- 1915 жылдары -- қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе -- әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы -- аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген. Есімбек бай қызын кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса болған нәзік жанды Шұға айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман сүйікті ғашығы -- Шұғасына асығып жеткенде, қайран арудың қазасының үстінен шығып, бордай егіледі, өзіне қалдырған хатын оқып, көз жасын көл етеді...
Осы қысқа қайырымды оқиға сүйіскен жастар бостандығын қолдап, оған ерік бермейтін ескілікті сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай айналған десеңізші!
Хиқаят күзгі табиғаттың әсем суретінен басталады: "Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын шаша бастады". Баяндаудың осы бір жайма шуақ әуені әсерлі әңгіменің нышанындай сезіледі.
Әрі қарай "біз" дегеннің бірі -- автор, екіншісі -- "отыз-қырықтың шамасындағы жер ортасы адам" -- Қасымжан деген "сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр" кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де біліп аламыз. Әңгімешінің мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының "жүргіштеу... жортақтау" болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен әуендестік танытады...
"Жел артымыздан еді" деген де алдағы әңгіме қызығына асықтырғандай әсер етеді.
Ал әншейін ғана: "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" дей салғаны да әлденендей бір қызық оқиғадан дәмелендіре түседі. Әне, сол "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз адам" "сөзді бастап та жіберді": "Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... онда бірдәурен...иә... бұл елдің күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы барып, тамызға дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де "Шұғаның белгісі" атанды, бұрын "Тарғыл өгіз сойған" деуші едік. ... Есімбек сол "Өгіз сойғанның" ең шұрайлы жеріне қонушы еді ... Ортан қолдай төрт ұлы болды -- шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды, Шұға десе, Шұға ! Шұға, өй, шіркіннің өзі келбетті-ақ еді..."
Жазушының әңгімені Шұға жайына көшіруі мен шеберлігі де сондай тартымдыәрі көп мағыналы.
- Мынау аттан түсіп жатқан кім? -- деді Шұға.
- Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім:
- Әбдірахман ғой, -- дедім.
- Әбдірахманың кім?
- Қазақбайдың баласы.
- Иә, әлгі учителъ баласы ма?
- Иә.
- Жап-жас жігіт екен ғой, -- деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны білінді..."
Бұл шағын үзіндіден Шұға қыздың сергек сезімталдығы мен есті дегдарлығын сыртынан естуі бар жігітті көргендегі сәл таңырқаныспен жарыса жан түкпірінде пайда болған ынта ұшқынын, ендігі оқиғаның бәрі осы ұшқыннан өрбитінін аңдап, жалғасына ынтыға түсеміз.
Шынында да, ендігі жерде Шұға мен Әбдірахман арасындағы сүйіспеншілік оқиғасы бірте-бірте трагедиялық сипат алып, бүкіл хикаяттың отты өзегін құрайды. Шұғаның да, Әбдірахманның да оқырманды қатты сүйіндіріп, ынтықтыратын сыр-сипаттары нәзік те терең ашылады.
Шұға -- сертіне берік, сезімі мөлдір, махаббатын өміріндей қастерлеген нұрлы сана иесі. Ол өмір талқысын көріп, шынықпаған, өктем, зорлықшылдармен қалай күресудің жолын да білмейді, сондықтан ызасы мен наразылығы ішкі күйігіне айналған. Әкесінің Әбдірахманды айдаудан босатқанын естіген кездегі қатты сырқат Шұға мен Қасымжан арасындағы мына диалогті оқып көрелікші.
- Жайың қалай, тәуірмісің? -- дедім.
-- Тәуір емеспін, -- деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды,.. -- Тәуір емеспін. Тәуір болуды
тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, -- деді. Жылап қоя берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.
-- Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен...
-- ... Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, -- дедім.
-- Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр.
Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт отының сөнгені деп санайтынын аңғарамыз. Жазушы шеберлігінен туған осы түйсік бізді алдамағанына көп ұзамай көзіміз жетеді.
"Біз ауылға жеткенде, Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен. Атты байлап, Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін деп, аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенде, бір салт атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып, кейін жүріп кетті. Не айтқанын есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым мұздады... Жүгіре басып жандарына келгенімде: "Құдай рақымет етсін!.," деп беттерін сипап, бата қылысты. Мен аң-таң болдым, Айтбай маған қарап:
Есіттің бе, Шұға қайтыпты-ау, -- деді. Суық суды төбемнен құйып жібергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым... Жиылған жұрттың бәрі де бастарын шайқасты:
Өй, Шұға десе,Шұға еді-ау!.. -- десті".
Ал енді осы Шұғаның үзілер алдында Әбдірахманды шақырып қалдырған арыздасу хатын оқып көрейікші:
... Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіне ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың!..
Қандай арман-мұң, қандай шерлі сыр, қандай салтанатты сабыр! Хатты оқып, Әбдірахманмен бірге егілген үстіне егіле түсеміз, сонымен бірге біздің көз алдымызда алтын арайға бөленген асыл Шұғаның нұрлы бейнесі биіктей, асқақтай береді.
Біз онымен іштей күбірлеп қоштаса тұрып, алғаш рет қалай кездескенімізді есімізге түсіреміз:
Шұға десе, Шұға, өй, шіркінің өзі де келбетті-ақ еді... Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара. Осы үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін!"
Көкірегімізде тағы да бір жатталып қалған сурет бар еді ғой... "Апырмай адамзатта да ондай сұлу болады екен-ау! ...Аққудың көгілдіріндей, осы аппақ... Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгектермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан бөрік өзі сұлу адамды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz