Кірме сөздер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Қазақ лексикасының құрамы және оның қолданылу сипаты
Орындағандар: Әли Лашын
Ерлан Арайлым
Мұрат Күлзира
Мэлісова Данара
Нұртаева Айым -
6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының 1 курс студенттері
Қабылдаған: Қоқанова Ж. А.
Алматы, 2021
Қазақ лексикасының құрамы және оның қолданылу сипаты
І КІРІСПЕ
Қазақ лексикасы туралы түсінік
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақ лексикасының құрамы
А) Түркі тілдеріне ортақ сөздер
Ә) Байырғы төл сөздер
Б) Кірме сөздер
В)Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
Г) Моңғол тілдерімен қарым- қатынасы
Ғ) Орыс тілінен енген сөздер
2.2 Қазақ лексикасының оның қолданылу сипаты
А) Термин сөздер
Ә) Кәсіби сөздер
Б) Жалпылама сөздер
В) Диалектілік лексика
2.3 Зерттеу жұмысы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қосымша
КІРІСПЕ
Қазақ лексикасы туралы туралы түсінік
Лексика көне гректің Lecikos - сөздік деген сөзінен шыққан. Лексика деген сөз - дүние жүзі халықтарына ортақ термин болып келеді. Қазақ тілінің лексикасына тілдегі барлық сөздер кіреді. Кей кездерде бұл термин жазушының немесе жеке шығарманың тілі деп түсінуге болды. Мәселен, С.Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қолданылған сөздер жиынтығы дегенді, қазақ тілінің лексикасы дегенде, қазақ тілінде қолданылатын барлық сөздің жиынтығы деген ұғымды түсінеміз.Сондай - ақ тілге орамды, шебер адамдардың лексикасы бай адам екен деген пікірлер де бар. Жалпы алғанда лексика және лексикология, стилистика бұлар бір - бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Әдетте лексика деп - тілдегі барлық сөз қорын айтады.
Лексикология - сол тілдің сөздік құрамын тексеретін, яғни тіл білімінің сөз мағынасын, оның шығу тегін зерттейтін сала. Қазақ тіл білімінің лексикологиясы 1950 жылдан бастап жан - жақты зерттеліп, осы салада көптеген еңбектер жарық көрді. Қазақ лексикасының жай - күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Р.Сыздық, Ғ.Қалиев, Б.Хасанов, Н.Уалиев, Ф.Оразбаева т.б. ғалымдардың еңбектеріне негіз болған.
Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер - бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен басты арна; араб - парсы тілдерінен ауысқан, моңғол тілінен , туыстас кейбір түркі тілдерінен келген және орыс тілінен, сол арқылы шетел тілінен енген терминдер және түрлі жаңа сөздер.Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтастыруға тура келеді. Себебі, осы аталған әр алуан тіл қабаттарының қай - қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Рас, бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өз - өзіне лайық стильдік қызметі бар. Мына бір мысалға көңіл аударар болсақ: сөйлеп көр тіл мен жақ, сөзінің бәрі хақ (С.Сейфуллин). Осы үзіндідегі хақ лексикамызда жалпы белгілі сөз. Бірак, олар тіліміздегі әр түрлі стильдерде қолданылуы жағынан бірдей емес. Оны жоғарыда келтірген мысалдан ақ байқауға болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақ лексикасының құрамы
А) Түркі тілдеріне ортақ сөздер
Түркі тілдеріне ортақ сөздерге бір кездегі жалпытүркілік көне лексикадан сақталып қалған, осы күнгі түркі тілдерінің бәрінде кездесетін сөздер жатады. Сондықтан олар жалпытүркілік сөздер деп те аталады. Жалпытүркілік сөздерден түркі тілдерінің туыстығын, бір тектен шыққандығын көреміз. Түркі тілдерінің туыстығы, сайып келгенде, сол тілдерде сөйлейтін халықтардың шыққан тегінің бір екендігіне байланысты. Түркі тектес тілдер бір кездегі конeтүркілік ататілдің ( негіз тілдің ) диалектілерінен тараған . Алайда, түркі тілдерінің өзара жақындығы бірдей емес. Әр қайсысының өзіне тән даму ерекшелігі болған. Мәселен, қазақ тілі бастапқы негіз тілден бірден шықпаған, онымен тікелей байланысты емес. Қазақ тілі негіз тілмен қыпшақ қауымына ортақ тіл арқылы ғана байланысады. Жалпытүркілік сөздер әрбір түркі тілі лексикасының ең көне қабатына жататындықтан, олардың негізгі сөздік қорының ұйытқысы болып табылады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы бір буынды сөздер мен олардың негізінде туған байырғы сөздердің шығу төркіні түркі тілдеріне ортақ осындай сөздерде жатыр. Сөздердің түр - тұлғасы үйлес келгенімен, мағынасы бірдей бола бермейді. Мысалы , жұғын сөзінің түбірі жүк қазақ тілінде " ыдысқа жұққан тамақтың қалдығы " түбірі жұқ мағынасында кездеспейді, ал қырғ.-жук, алт. - йук, өзб. -йук, түрк. -йоқ сол мағынада айтылады. Бауыздау сөзінің түбірі бауыз қазақ тілінде жеке айтылмайды, ал башқұртта боғоз, өзбекте буғиз "тамақ, мойын" мағынасында жеке айтылады.
Түркі тілдеріне ортақ сөздердің түрлері мынадай:
1. Адамның дене мүшелерінің атаулары: бас, құлақ, арқа, жақ, ерін, тіс т.б.
2. Мал атаулары: ат іңген, түйе, бұқа, өгіз, қысырақ, бұзау, бура т.б.
3. Туыстық атаулар : ата, ана, келін, қатын, күйеу, балдыз, бөле т.б.
4. Жан - жануар , жәндік атаулары: бөрі, қарға, қаз, ит, қандала, маса т.б.
5. Табиғат құбылыстарының атаулары: көл, ағаш, тас, үркер, қар, таң т.б.
6. Түр - түсті , сапа - сымды білдіретін атаулар: қалың, ауыр, биязы, т.б.
7. Сан есімдер : бір, жиырма, отыз, қырық, алпыс, жүз, мың, жарты т.б.
8. Есімдіктер: мен, сен, сонау, қалай, қанша, неше, барша,түгел т.б.
9. Қимыл атаулары : бар, қаш, көгер, ал, бер, қой, ер т.б.
10. Үстеулер: қашық, алыс, шалғай, бұрын, түнде, жазда, жай, т.б.
Ә) Қазақтың байырғы төл сөздері
Байырғы сөз (төл сөз) -- белгілі бір тілдің өзіне тән, лексикалық құрамының неғұрлым ескі қабатына жататын етене төл сөздер.
Қазақтың байырғы сөз -- қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпы халықтық сипатта қалыптасқан, онын өзіне тән сөздері. Онынң негізінде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатыр (ата, ана, күн,түн, бір, екі, түйе, қой, жылқы тағы басқа). Байырғы сөздер сөздік құрамның сан жағынан ең мол, құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты жағынан алуан түрлі қабатына жатады.
Байырғы сөз, бір жағынан, бұрынғы ескі, көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тән, меншікті, етене қасиеттерімен сипатталады. Осындай қазақтың байырғы сөздері негізінен, қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан бөлініп шығып, 15 -- 16 ғасыр мен 19 ғасыр арасында өз алдына халық болып біріккен кезінде пайда болған. Байырғы лексиканың кұрамындағы жалпы түркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сөздермен байланысты (малшы, түндік, жаппа, тұтқыш, тағы басқа). Байырғы сөзге кейін пайда болған неологизмдер, терминдер, жергілікті сипаты бар диалектизмдер мен кәсіби сөздер жатпайды.
Шәкәрім ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, шығармашылықпен айналысты. Бұл кезең жалпыхалықтық тіл негізінде қазақ ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптаса бастаған кезеңі болды. Шәкәрім тілінің лексикалық қабатын, қазақтың байырғы сөздері, әдеби тілде актив қолданылатын араб-парсы тілінен енген кірме сөздер, аз мөлшерде орыс тілінен, орыс тілі арқылы еуропа тілдерінен енген сөздер құрайды. Сондай-ақ Шәкәрім тілінде қолданылатын окказионализмдер де бар. Шәкәрім шығармаларындағы байырғы төл сөздер- сөздік қорының ең молы болып табылады. Олардың қатарында жер, су, ана, әке, ата, алу, беру, көру, ақ, қызыл, жол, ар, сын, жақсы, жаман сияқты т.б. туа түбір сөздермен бірге, әнші, жылқышы, түндік, елші, бүркітші, тепкілеу, сынау, сыйлау, жақсылық, ерттеу, байлау, қарулы, тақпақтау сияқты т.б. туынды түбір сөздер де бар.
Б) Кірме сөздер
Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер шет тіл сөздері, интернационал сөздер, варваризмдер, калька сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді.Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема.
Орыс тілі арқылы кірген атаулар сөздіктің ауқымды бөлігін алады. Себебі бұл кірмелер соңғы кезде тілімізге жаппай кіріп, олардың қолданыс аясы кеңеюде. Енді сол кірме атауларды сөздікке кіргізіп, болмысын ашу − ғылымдағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Орыс тілі немесе орыс тілі арқылы басқа әлем тілдерінен енген атаулардың ішінен соңғы кездері кіріп жатқан әрі жиі қолданылатын сөздер барынша көп қамтылған. Мысалы, кэшбэк (ағыл. cash back - cash "қолма-қол ақша" + back "кері қайтару"); барбер (ағыл. barber - "сақал-мұрт және шаш алатын ерлер шаштаразы"); кавер (ағыл. cоver - to cover - "жабу; ауыстыру").
В) Араб - парсы тілдерінен енген сөздер
Түркі тілдеріне араб, парсы тілдерінен сөз ауысу процесі қазақтың біртұтас халық тілі қалыптасынан бұрын, орта ғасырлардың алғашқы кезінен басталады. Араб, парсы сөздері қазақ тіліндегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды. Олар тұлғасы жағынан да, семантикалық топтары жағынан да, қазақ тіліндегі игерілуі жағынан да әр түрлі дәрежеде. Араб - парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбегенімен, оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзiндей ұзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйыткы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп табылады.
Араб - парсы сөздері тілімізге негізінен үш сала бойынша енген:
1. Ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты: тарих , әдебиет, ғылым , сапар , қазына , әдет , әлелі , қабілет , қанағат , мағлұмат, мәжіліс, мемлекет, парасат, медресе, дидар, бишара, дұшпан т.б.
2. Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты : жиһаз, парық, қаражат, ауқат, қасап, несие, шарап, бағбан, дүкен, кеме, мақта, құмыра т.б.
3. Дінге байланысты : кұран , имам, ораза , дұға, рамазан, жаназа, әулие, қансы, қазірет, қиямет, зікір, зекет, бейіш , намаз т.б,
Бұдан басқа адам аттарына байланысты да сөздер енген: Фатима, Сағадат, Әміре, Әлішер, Гауһар, Ысқақ , Жарқын, Айман, Нағима, Назым т.б.
Араб - парсы тідерінен ауысқан сөздер атқаратын қызметі жағынан өзара бірдей деуге болмайды. Бұларды негізінен төрт топқа бөліп карауға болады:
1. Тілге әбден сіңісіп, қазақтың байырғы төл сөзiндей жымдасып кеткен актив сөздер. Бұлар қазақ тілінің сөздік қорына басы бүтін еніп, әбден тұрақтанған. Мысалы : ас, бақыт, ар, дүниe, айна, дастарқан, нан , шам , сабын, сынап т.б.
2. Жалпы халыққа таныс әрі түсінікті бола отырып, әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында басым жұмсалатын терминдік сипаты бар арнаулы сөздер. Мысалы: мұғалім, арыз, маусым, дәрі, мейрам, майдан, әділет, саясат т.б.
3. Әртүрлі экспрессивті - эмоциялық мәні бар, ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер. Мысалы: махаббат, мәртебе, арай, шапақ, нәресте, ғұлама, мәшһүр, жәннат, қасірет, сайран, халайық, тағдыр, ақырзаман т.б.
4. Әдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын жүрген сөздер. Мысалы : уалаят, шайыр, саусал, сағыр , шаһар , қалх ( шикі ) , шырағдан , сарапазан , мала , изам , зілзала , уәзита , інжір, хикметі , зәңгі , жыға, дәркер, седа ( тәрбиесіз ) , қайбарт т.б.
Г) Қазақ тілінің моңғол тілдерімен қарым-қатынасы.
Қазақ тілінің моңғол тілдерімен қарым-қатынасы екі түрлі жағдайда қарастырылады. Бірінші, қазақ тіліндегі моңғол тілдерінен тікелей ауысып кірген сөздер жайында. Бүған ең алдымен екі халықтың ғасырлар бойы көршілес тұрып, бір-бірімен тікелей қарым катынас жасауы себеп болған. Сонымен бірге 13 ғасырда моңғолдардың Қазақстан және Орта Азия жерін жаулап алып, ол жерлерде Шыңғыс әулеті билеген ұлыстар мен ордалардын 15 ғасырға дейін үстемдік етуінің әсері тиген. Тіпті қазақ хандықтары құрылған 15-18 ғасырларда да моңғолдармен тегi бiр Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне үнемі шапқыншылық жорықтар жасап отырғаны тарихтан белгілі. Қазақ тілінде моңғол тіпдерінен кірген сөздер негізінен:
1. Әкімшілік, ел билеуге байланысты: ұлыс, нөкер, жасақ, ноян, құрылтай, аймақ
2. Жер-су атауларына байланысты: Тарбағатай, Қандағатай, Толағай, Қатонқарағай, Баянауыл, Доланқара, Зайсан, Нұра, Мұқыр, Қорғалжын, Қордай, Алтай, Нарынқол т.б.
Екінші, қазақ тіліне моңғол тілдерінен ауысқан сөздерден басқа олардың бірінен-біріне ауысты деуге келмейтін, екеуіне де ортақ сөздер жайында. Қазақ лексикасында моңғол тіліндегі сөздермен түр- тұрпаты, мағыналары ұқсас, үйлес сөздер, әсіресе зат есім, сын есім, етістіктер көп табылады.
Мысалы:
1. Малға байланысты: қой (кон), қойшы (кончын), төл (төл), бұқа (бух), бура (буур), баран (бараан), дөнежін (дөнөжин), құнан (хунан), құнажын (гунжын);
2. Аңға байланысты: бұғы (буга), барыс (барс), аң (ан), қақпан (кавх), аулау (авлах);
3. Шаруашылыққа байланысты: әбдіре (абдар), тебен (тбне), алтын (алтан), темір (томор), жез (зес), балта (балт), бауырсақ (боорцог), балшық (балчиг);
4. Туыстық атаулар: құдағи (худагы), ер (эр), абысын (авьсан), төркін (төргем) т.б.; сын есімдер: ала (алаг), қап-қара (хап-хар), көкпеңкөк (хов- кок);
Бұл сияқты сөздер тек қазақ тіліне емес, түркі тілдерінің көбіне тән, олар түркі тілдеріне моңғол тілдерінен ауысты ма, әлде керісінше, моңғол тілдеріне түркі тілдерінен енді ме оны дәлелдейтін мәлімет тіл ғылымында жоқ. Сондықтан ондай сөздерді түркі (қазақ)-моңғол тілдеріне ортақ сөздер деп атауға болады.
Түркі (қазақ)-моңғол тілдерін салыстырмалы түрде зерттеп жүрген Б. Базылханның пікірінше, "Моңғолша-қазақша сөздікке" енген 40 000 сөздің 24 000 сөзі 1500 түбірден тараған, яғни 60 пайызы екі халыққа ортақ желілес туынды сөздер болып табылады. Моңғол тілдері мен түркі тілдерінің үйлестігі негізгі сөздік қордағы сөздермен катар, олардың грамматикалық құрылысынан да айқын көрінеді. Түркі тілдері сияқты моңғол тілдері де жалғамалы тілдердің қатарына жатады.
Ғ) Орыс тілінен енген сөздер
Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен өрісі ежелден іргелес, көрші елдер. Сол себептен бұл елдердің арасындағы сауда-саттық, шаруашылық пен мәдени байланыстар өте ерте кезден дами бастағандығы белгілі. 16 -- 17 ғасырларда қоныс араласуымен, сауда-саттықпен байланысты карым-катынастар күшейсе, 17 ғасырдың 30-жылдары нан бастап, Қазақстанның Ресей империясына бағынуы бұл байланыстарды одан әрі нығайта түскен. Осындай ұзақ уақыт үздіксіз қарым катынаста болу нәтижесінде орыс тілінен қазақ тіліне көптеген сөздер ауысқан. Бірақ біздің тілімізге енген орыс сөздерінің сыр-сипаты мен игерілу дәрежесі әрқашан да біркелкі болмаған. Сол себепті орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөліп қараймыз:
1. Қазан революциясына дейін енген сөздер. Революцияға дейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба түрде тарамаған, көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген. Сондықтан болса керек, бұл кезеңдегі кірме сөздер түгелдей дерлік қазақ тілінің дыбыстық зандарына бағынып өзгерген. Қазіргі әдеби тілімізде революцияға дейін ауысқан орыс сөздері негізінен қазақ тілінің емлесіне сай, өзгерген қалпында жазылады. Бұл сөздерді мынадай топка беліп қараймыз:
а) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер. Мысалы: жәшік (ящик), кереует (кровать), бөтелке (бутылка), бөшке (бочка), бәтеңке (ботинки)
ә) Әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер. Мысалы: ояз (уезд, үйез началнигі), шен (чин), болыс (волость), старшын (старшина), сот (суд), түрме (тюрьма) т.б.
б) Ғылым мен мәдениетке, техникаға қатысты сөздер. Мысалы: зауыт (завод), пабрік (фабрика), мәшине (машина),газет (газета), жорнал (журнал) т.б.
В) Қоныс аударуға қатысты сөздер: Мысалы: учаске (участок), пылан (план), заимка, колония, землемер, қотыр (хутор), оренда (аренда) т.б.
Революцияға дейінгі ауысып келген орыс сөздерінің кейбіреулері тек түр-тұрпатын ғана емес, ішкі мағынасын да өзгерткен. Мысалы: Санақтағы сиырлар кірге түсірілді ме? (Ж. Тілеков). Кір деген сөзден кірші, кірлеу, кірлету, кірлесу сияқты жаңа сөздер туындап, қазақ лексикасын байытқан. Рет (ряд) деген сөздің білдіретін ұғымы қазақтың қатар деген сөзіне дәл келеді. Ал қазақ тілінде бұл сөз орыс тіліндегі мағынасын бүтіндей өзгертіп, басқаша мән алған. Мәселен, Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі (мақал) дегендегі рет сөзі орыстың раз деген сөзінің орнына жүріп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz