Май алынатын күнбағыс


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
УДК
Тендикова Айдана Миргалимовна
Қара қоңыр топырақты жерлерде күнбағыстың өсуі мен дамуының экологиялық ерекшеліктері.
ОРАЛ 2021
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . .
Анықтамалар және қысқартулар . . .
Кіріспе . . .
Әдебиетке шолу . . .
- . Күнбағыс дақылының даму тарихы және күнбағыс шаруашылығымен айналысатын елдер . . .
- Күнбағыстың морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері . . .
1. 3. Күнбағысты өсіру технологиясы . . .
1. 4. Сыртқы ортаның абиотикалық факторларына қойылатын талаптар . . .
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Зерттеу нобайы . . .
2. 2. Зерттеу барысында жүргізілген бақылаулар мен өлшемдер . . .
2. 3. Зертттеуге алынған күнбағыс сорты «Заря» . . .
2. 4. Зерттеу танабында жүргізілген агротехникалық жұмыстар . . .
2. 5. Күнбағыс тұқымын себу мерзімдеріндегі жетекші абиотикалық факторлардың әсеріне байланысты өсімдіктің өсіп-өнуіне жүргізілген фенологиялық бақылау . . .
2. 6. Күнбағыс тұқымын себу мерзімдеріндегі жетекші абиотикалық факторлардың әсеріне байланысты өсімдіктің өсіп-өну фазалары . . .
2. 7. Себу мерзімдеріндегі жетекші абиотикалық факторлардың әсеріне байланысты күнбағыс жиілігі мен биометрикалык көрсеткіштері . . .
2. 8. Тұқым себу мерзіміндегі жетекші абиотикалық факторлардың әсеріне байланысты күнбағыстың егін құрылымы . . .
2. 9. Себу мерзіміндегі жетекші абиотикалық факторлардың әсеріне байланысты күнбағыс тұқымының сапасы . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
НОРМАТИВНЫЕ ССЫЛКИ
ОПРЕДЕЛЕНИЯ, ОБОЗНАЧЕНИЯ И СОКРАЩЕНИЯ
Кіріспе
Күнбағыс дақылы өзінің табиғаты бойынша Солтүстік Американың құрғақ батпақты алқаптарында өсетін ксерофитті жабайы өсімдік туыстарына жататын өсімдік болып табылған. Кейіннен ТМД елдерінің қолайлы климаттық жағдайларына байланысты күнбағысты мәдени дақыл ретінде қалыптастырып, тауарлық деңгейде өсіріле бастады. Қажетті минералды қоректік элементтер мен жоғары гумусты құнарлы топырақ күнбағыс дақылы үшін ерекше маңызды рөл атқарады. Егер кейбір аймақтарда нашар төменгі құнарлы топырақта өсіру күнбағыстың өнімділігіне әсер етеді.
Республикадағы майлы дақылдардың ең бастысы - күнбағыс. Оның дәнінде 50-52 пайыз май және 16-16, 5% протеин болады. Күнбағыс майы негізінен тағам үшін, яғни маргарин, майонез, балық және көкөніс консервілерін, нан және кондитер өнімдерін шығаруға қолданылады. Сонымен қатар, оның майы сабын қайнату және зәйтүн өндірісінде пайдаланылады. Дәнінің қауызы жақсы отын. Күнбағыс табағының күлте жапырақшаларынан дәрі дайындайды. Күнбағыстың күнжарасында 8-10% май, 1, 1% мал азықтық өлшем болады, сондықтан ол - малға бағалы концентратты жем. Күнбағыс - балды өсімдік және отамалы дақыл болғандықтан, ауылшаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы егіс. Егіншілікте егіс танаптарында ықтырма дақыл ретінде себіледі. Күнбағыс Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында дән және сүрлем үшін, ал республиканың басқа облыстарында тек сүрлем үшін ғана өсіріледі. Қазақстанда 2006 жылы күнбағыстың егіс көлемі 453, 8 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 30, 0 мың гектарға жетті. Орташа есеппен алғанда, сол жылы республика бойынша күнбағыстың әр гектарынан 6, 3 центнер өнім алынып, ал оның жалпы түсімі 285, 9 мың тонна болды. Қазақстан бойынша 2006 жылы күнбағыстың Арманирец, Восход, Заря, Салют, Казахстанский 3/24 буданы, Родник, СПК, Солнечный-20, Казахстанский-341 сорттары аудандастырылады.
Күнбағыс астра (Asteraceae) тұқымдасына жатады. Бұл текке 80-ге жақын көпжылдық және бір жылдық өсімдіктер түрлері кіреді. Көп жылдық түрлерінен топинамбур немесе жер алмұрты деп аталатын түрі еліміздің оңтүстік облыстарында, Балтық маңы, Ресейдің орталық және батыс облыстарында мал азығына арнап өсіреді. Оның тамарында картоп сияқты
түйнектер пайда болады. Бір жылдық күнбағыс (Helianthus anmuus) екі дербес түрге ажырайды - мәдени күнбағыс (Ha. culfus) және жабайы күнбағыс (Н. а. ruderalis) . Мәдени күнбағыс екі түр тармағына егістік (H. a. c. safivus) және әшекей күнбағысы (H. a. c. ornamentalis) - деп бөлінеді.
Далалық майлы күнбағыс әрі қарай, өзінің шыққан немесе өрбіген отанына қарай, солтүстік ресейлік және армениялық деп аталатын төрт топқа бөлінген. Қазақстанда тек оңтүстік ресейлік тобы өседі.
Күнбағыстың сызықаралық будандары себеттің биіктігі және диматері
бойынша бір уақытта гүлдеп, жетіледі де солайша жинау, бірақ тұқым майлылығы және 1 га алынатын майды жинау, қолайсыз табиғат жағдайлары жағынан төмен болып келеді .
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Күнбағыс қазіргі уақытта шаруашылықтар экономикасын нығайтуда маңызды рөл атқаратын Батыс Қазақстан облысының жоғары табысты дала дақылдарының тобына жатады. Күнбағыс майын өндіру көлемі тағамдық өсімдік майларының жалпы санының төрттен үш бөлігін құрайды. Күнбағыс майы жоғары тағамдық және диеталық қасиеттерге ие, тағамда қолданылады және өнеркәсіптің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады: өсімдік майлары, маргарин, майонез, парфюмерия және косметика бұйымдары, жуу және лак-бояу құралдары, дәрілік препараттар. Мал азығына күнбағыс сүрлемі, күнжара және шрот кеңінен қолданылады. Күнбағыс 1 га егуден 30 кг дейін бал беретін құнды бал тасушы болып табылады. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибе көрсеткендей, күнбағыстың жоғары өнімі қазіргі экологиялық ресурстарды бағалауда және Батыс Қазақстан жағдайында күнбағыстың өсуі мен дамуына жетекші абиотикалық факторлардың ықпалында болуы мүмкін.
Зерттеу мақсаты: Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы жағдайында қазіргі экологиялық ресурстардың және жетекші абиотикалық факторлардың күнбағыстың өсуі мен дамуына әсерін бағалау.
Міндеттері: .
1. Батыс Қазақстан облысында күнбағыстың таралу ареалын өсіру потенциалын зерттеу
2. Күнбағыс өнімділігіне әсер ететін негізгі экологиялық факторларды анықтау.
3. Алдыңғы қатарлы абиотикалық факторлардың өсуі мен дамуына, фотосинтетикалық қызметке және құрғақ жер үстіндегі биомассаның күнбағыс егісімен жинақталуына әсерін зерттеу.
4. Ұсыныстар беру
Диссертациялық зерттеудің хронологиялық шеңбері.
Диссертациялық зерттеудің аумақтық негіздері
Зерттеу обьектісі: күнбағыс сорты «Заря»
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Күтілетін нәтижелер: Қазіргі экологиялық ресурстарға және Батыс Қазақстан жағдайында күнбағыстың өсуі мен дамуына жетекші абиотикалық факторлардың ықпалына баға және ұсыныстар беру
1. 1. Күнбағыс дақылының даму тарихы және күнбағыс шаруашылығымен айналысатын елдер
Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағыс өсімдігін Американы ашқан кезде
Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «Күн гүлі» деп атады. Көп уақытқа дейін күнбағыстың отаны Перу деп қате аталып келді. Кейінгі жылдары оның жабайы түрлері Американың екі континентінде де өсетіндігі анықталды: бірі
Солтүстік Америкадағы Канададан Мексикаға дейін - 50, екіншісі - Оңтүстік
Америкадағы Оңтүстік Колумбиядан Боливия ға дейін - 17 жабайы түрі табылды. Жабайы күнбағыстың тік және түптеніп өсетін бір және көп жылдық түрлері бар, олардың сабақтарының ұзындығы 50 сантиметрден 4 метрге дейін жетеді. Жапырағының пішіні де алуан түрлі, сары, қызыл, қоңыр гүлділері де кездеседі [1] .
1 Петр Голландияда саяхатта жүргенде әсем күймәсінің терезесінен алыстан алтындай жарқыраған ашық гүлі бар, өте биік өсімдікті көзі шалып
қалады. Айдаушысына «тоқта»деп бұйрық берген патша өзін қошеметтеп еріп жүрген адамнан: - Бұл қандай өсімдік? - дегенде, ол бұл өсімдіктің мұхиттың арғы жағынан, Мексикадан әкелінгені, Күн гүлі деп аталатынын баяндап береді. Қатты қызыққан патша оның тұқымын Ресейге жібереді. Сөйтіп, Ресейге күнбағыс алғашқы кезде тек әсемдік үшін өсіріле бастайды да, кейіннен, ХVШ ғасырда жаппай таралады. Біртіндеп, адамдар мұның әсемдігінен басқада қасиеттерін іздеуге кірісті, уақыт пен адамның ақыл-ойы бұған жауап тапты.
Сөйтіп 1510 жылы Мексикадан әкелініп, Мадрид ботаника бағында тұқымынан өсірілген күнбағыс осыдан бастап «күн гүлі» деген атқа ие болып
алды. Академик Северин мен атақты агроном Болатов күнбағыс тұқымынан
май алу деген мақала жазды. Содан бастап күнбағыстан алғаш рет май алған
өрістің қарапайым шаруасы Д. И. Бокарев екені белгілі болды. Бокаревтің бұл табысы елден-елге тез таралып кетті [2] .
Америкадағы археологиялық қазбадан бұдан екі-үш мың жыл бұрынғы
күнбағыстың шекілдеуігі салынған құмнан жасалған құмыра табылды. Осыған қарағанда Американың жергілікті халықтары бұлан 20-30 ғасыр бұрын шекілдеуік шаққан көрінеді. Бірақ, оның тұқымдары өсімдіктің жабайы түрінен бе, жоқ мәдени өсімдіктен жиналды ма, ол жағы белгісіз. Сондай-ақ олардың тұқымды қалай пайдаланғаны да анық емес.
Ақыры күнбағыс өз отаны Америкаға мыңдаған жылдан соң жаңа қасиетке ие болып, тамаша май көзі ретінде қайта оралуы. Қазір күнбағыс онда мыңдаған гектар жерге егіледі [2] .
Қазақстан Республикасында майлы дақылдардың өндірістіқ егістік аумағын күнбағыс, рапс пен мақсары алып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне қарағанда 2009 жылы майлы дақылдардың егістігі 1185, 4 мың га, болса, оның 722, 2 мың гектары күнбағыс болды, майлы тұқымның жалпы түсімі 770, 2 мың тоннаға жетті ал өнімділігі - 6, 5 ц/га. Майлы дақылдардың негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Павлодар, СҚО, Қостанай (күнбағыс, рапс), Алматы, Жамбыл (майбұршақ) және Оңтүстік Қазақстан (мақсары) облыстарында шоғырланған [3] .
Өсімдіктің су тұтынуының құбылмалылығын ескеріп, Ж. В. Кружилина,
суару режимі есебінен әр түрлі қамтамасыз етілген жылдар үшін жүргізді. Олардың мәліметтері бойынша суару режимін 50, 75 және 95% қамтамасыз етілген жылдар үшін есептеуге болады. Бұл үшін су тұтынудың айлық тапшылықтары бойынша интегралды қисық сызық тұрғызып, сол бойынша суарудың мерзімі мен суару аралық кезеңін анықтауға болады [4] .
Ресейде күнбағыстың майлы сорттары шығып үлгерді және Воронеж губерниясында 120 май айыратын завод бар еді. 2003 жылдың өзінде 32 пайыз майы бар Саротовская 169, 31 пайыз майлы Зеленка 368 сорттары шықты. Бұл көрсеткіш ол кез үшін тамаша табыседі, 32 пайыз оның шыңырау шегі деп есептелді. Бірақ, еңбек пен қажырлылық та шек барма, адамды бұл да канағаттандырмады.
Луганск қаласының Луганск ұлттық аграрлық университетінде күнбағыстың тұқымының себу мерзімі өнімділігіне әсер еетіндігін байқаған.
Ленинградтағы одақтың өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында мал азығын арналып, Гигант 549 деген сорт шықты. Мұның атына өзі де сай: сабағының ұзындығы адам бойынан 2-2, 5 есе биік. Солтүстік Америкадағы өзінің майлы туысы сияқты қайта оралған бұл сорт мал азығының жайын жақсы білетін Америка фермерлерін таң қалдырды. Олар мұңы құрметтеп «орыс мамонты» деп те атайтын көрінеді [5] .
Күнбағыс тұқымын өндіретін елдердің тізімі
Дүние жүзі бойынша жылына 47 347 175 тонна күнбағыс өндіріледі.
Украина - жылына 13 626 890 тонна өнім шығарумен күнбағыс шығаратын әлемдегі ең ірі өндіруші.
Ресей Федерациясы екінші орында тұр, жылына 11, 010, 197 тонна.
Украина мен Ресей Федерациясы бірлесіп әлемдегі жалпы өнімнің 50% -дан астамын өндіреді.
Күнбағыс өндіру бойынша Қазақстан Республикасы 14 орында.
Өңірлерді жекелей есептегенде күнбағыс дәнімен айналысуға ең тиімді облыс БҚО (81, 5 пайыз), Павлодар облысы (69 пайыз) және ШҚО (62, 5 пайыз) болса, пайдасы ең төмен облыстар Алматы облысы (14, 4 пайыз) мен Түркістан облысы (13, 5 пайыз) .
Кесте-1. Күнбағыс тұқымын өндіретін елдердің тізімі
2013 жылы күнбағыс егілетін алқап, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) мәліметтері бойынша, 25, 6 млн га құрады.
1-сурет. 1961-2013 жылдары әлемде күнбағыс тұқымдарының егіс алқабы, млн. га
Соңғы 10 жылда олар 18, 5%, 20 жыл ішінде - 38, 4%, 30 жылда - 84, 2%, 40 жаста - 2, 7 есе, 50 жаста - 3, 7 есе өсті.
1. 2 Күнбағыстың морфологиялық сипаттамасы және биологиялық
ерекшеліктері.
Күнбағыс астра (Asteraceae) тұқымдасына жатады. Бұл текке 80-ге жақын көпжылдық және бір жылдық өсімдіктер түрлері кіреді. Көп жылдық түрлерінен топинамбур немесе жер алмұрты деп аталатын түрі еліміздің оңтүстік облыстарында, Балтық маңы, Ресейдің орталық және батыс облыстарында мал азығына арнап өсіреді.
Оның тамырында картоп сияқты түйнектер пайда болады. Онда көптеген қоректі заттар жиналып, екінші жылы одан жаңа өсімдіктер өсіп шығады. Ол түйнектерді мал азығына, ал өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерін сүрлем салуға пайдалануға əбден жарамды. Майлы күнбағыс өзгеріп тұрады. Одан кейде мəдени күнбағыс жəне жабайы күнбағыс пайда болуы да мүмкін. Мұның себебі ол - шаршы тозаңданатын өсімдік. Сондықтан оның линиялық тазалығын сақтау өте қиын. Мəдени күнбағыс екі кіші түрге далалық майлы кіші түр жəне сəндік гүл ретінде егуге арналған кіші түр болып бөлінген.
Бір жылдық күнбағыс (Helianthus anmuus) екі дербес түрге ажырайды - мәдени күнбағыс (Ha. culfus) және жабайы күнбағыс (Н. а. ruderalis) . Мәдени күнбағыс екі түр тармағына егістік (H. a. c. safivus) және әшекей күнбағысы (H. a. c. ornamentalis) - деп бөлінеді.
Далалық майлы күнбағыс әрі қарай, өзінің шыққан немесе өрбіген отанына қарай, солтүстік ресейлік және армениялық деп аталатын төрт топқа бөлінген. Қазақстанда тек оңтүстік ресейлік тобы өседі [7] .
Күнбағыстың сызықаралық будандары себеттің биіктігі және диматері
бойынша бір уақытта гүлдеп, жетіледі де солайша жинау кезеңін жеңілдетеді. Будандар сорттарды тұқым өнімі жағынан 10-15% асып түседі, бірақ тұқым майлылығы және 1 га алынатын майды жинау, қолайсыз табиғат жағдайлары жағынан төмен болып келеді [7] .
Бір жылдық күнбағыс - шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті, топыраққа 2-4 м дейін бойлайды және 100-120 см дейін жан-жағына тарайды. Сабағы - тік өседі, қатты түктер мен көмкерілген, ішкі қуысы борпылдақ өзекпен толтырылған, биіктігі 0, 7-4, 5 м дейін (майлы сорттары бұтақтанбайды және 2, 5 м дейін) . Жапырақтары қарапайым, ірі, сағақ сопақ-жүрек пішінді, қатты
түктермен жабылған, ұштары үшкірленіп алады, ара тісті. Төменгі жапырақтары (2-3 жұбы) қарама-қарсы, ал жоғарғылары кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры - диаметрі 15-25 см, дөңгелек пішінді себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, нассекомдарды тарту үшін, ал ортасында қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Олар бір ұялы жатыннан және бес аталықтан тұрады. Жемісі - шекілдеуік, 4 анық көрінген қыры болады, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. 1000
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz