Этнопедагогикалық білімдер



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Этнопедагогикалық білімдер мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Этнопедагогикалық білімдердің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Шығыс ойшылдарының еңбегіндегі этнопедагогикалық тұжырымдары ... 6

1.3 Қазақ зиялыларының этнопедагогикалық тұжырымдары ... ... ... ... ... ... .10

2 Этнопедагогикалық білімдерді қолданудың практикалық жағдайлары ... ...21

2.1 Тұлға тәрбиесіндегі этнопедагогикалық білімдердің ролі ... ... ... ... ... ... ..21

2.2 Тұлға дамуына қатысты этнопедагогикалық пікірлерді ескеру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Пайдаланылған әдебиттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Этнопедагогикалық білімдер мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Этнопедагогикалық білімдердің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Шығыс ойшылдарының еңбегіндегі этнопедагогикалық тұжырымдары ... 6

1.3 Қазақ зиялыларының этнопедагогикалық тұжырымдары ... ... ... ... ... ... .10

2 Этнопедагогикалық білімдерді қолданудың практикалық жағдайлары ... ...21

2.1 Тұлға тәрбиесіндегі этнопедагогикалық білімдердің ролі ... ... ... ... ... ... ..21

2.2 Тұлға дамуына қатысты этнопедагогикалық пікірлерді ескеру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Пайдаланылған әдебиттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе

Көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу - ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, Мәдени мұра бағдарламасында басты назарға алынған.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген.
Елдің елдігін, ұлттың ұнамдысын, халықтың қастерлісін, абзал ардақтысын, жүрегіндегі нәрін оқушы бойына сіңіру, оқушы дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып, иманды, қайырымды, білімді, салауатты, Қазақстан-2030 ұрпағын тәрбиелеу жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімнің міндеті болып табылмақ.
Жеке тұлға еңбек адамы, отан қорғаушы, қоғам қайраткері, отбасы адамы, сонымен қатар ол өмір сүре білуге, білім ала білуге, еңбек ете білуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуға, өзіндік ерекшелігі бар жан-жақты дамыған болуы тиіс.
Еліміздің парасатты азаматы ең алдымен өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі, өзін, өз халқын түсіне білген адам ғана өзгені сыйлай, бағалай алады.
Рухани құндылықтарды еліміздің ертеңіне, болашақ ұрпағымызға туған жерінің, елінің ұлылығын, киелі топырағын, оның шежіреге толы тарихын, халқының тұрмысы мен салтын, құтты қойнауын, сырға толы даласын түсіндіру арқылы ұғындырылады.
Қазақтың ескі әдет-ғұрып, салтында елеулі орын алған нәрселердің ішінен аңыз- әңгіме, өлең-жырға қосылмағаны жоқ деуге болады. Адамның туғаннан бастап қартайғанға дейінгі өмірі, тұрмысында кездесетін басынан өткен жайлардың бәрі де ауыз әдебиетінде суреттелген.
Зерттеу нысаны: Тұлға тәрбиесіндегі этнопедагогикалық білімдер.
Зерттеу пәні: Этнопедагогикалық білімдер жүйесі.
Зерттеудің мақсаты: Тұлға тәрбиесіндегі этнопедагогикалық білімдердің ролін ашу. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Зерттеудің міндеттері:
* Этнопедагогикалық білімдердің құрылымын зерттеу;
* Шығыс ойшылдарының еңбегіндегі этнопедагогикалық тұжырымдарын қарастыру;
* Қазақ зиялыларының этнопедагогикалық тұжырымдары;
* Этнопедагогикалық білімдерді қолданудың практикалық жағдайларын талдау.
Зерттеудің болжамы. Егер этнопедагогикалық білімдердің құрылымы зерттеліп, шығыс ойшылдарының еңбегіндегі этнопедагогикалық тұжырымдарын қарастырылып; этнопедагогикалық білімдерді қолданудың практикалық жағдайлары талданса, онда тұлға тәрбиесіндегі этнопедагогикалық білімдердің ролі артады, өйткені, бұл ретте, білім беруде этнопедагогикалық білімдердің мәні артып, бүгінгі нарықтық жағдайда бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге этнопедагогикалық, философиялық, тарихи-этнографиялық, филологиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану, филологиялық тарихи-теориялық талдау; қазақ халқының мәдени дәстүрлерін зерделеу; оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге талдау жасау.
Зерттеу жұмысының әдістері: болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; халық педагогикасының тұжырымдамасы; балаларға адамгершілік тәрбие берудегі философиялық, логикалық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1 Этнопедагогикалық білімдер мазмұны

1.1 Этнопедагогикалық білімдердің құрылымы

Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықгың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық тугызып кана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тербие өрекеті нөтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мөдениеті дамуындағы ролі жайлы ашып көрсетілуі қажет болады. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен.
Мұның бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе, этнопедагогика ұлттың езіндік ерекше. Яғни көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дөстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам олеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасоспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайыидауға қабілеттілігі жайлы ұғымды терендетеді.
Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезендеріне тон әлеуметтік тарихи кұбылыс ретіңде қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық төртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы зандылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық зандылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады(1).
Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптаскан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықгалатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық оміріндегі құбылыстардың педагогикалық мөнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың казіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықгай алу, жаңа дәстүрлі халыктық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, кдзіргі салттар және олардың кене әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оку-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезендерде қисынсыз алынып тасталған халыктық жөне табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екеңдігі арнайы атап көрсетіледі. Халықгың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі өніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші багыттарын камтитын аса бай фактілермен танысу болашақ мамаңдарды оқытылатын материалға қызығушылығын, арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақгар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу, этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факульта-тивтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша класс сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру жөне өткізу өдістемелері жайлы бірізділікпен баяңдаудың студентті этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше(1).

1.2 Шығыс ойшылдарының еңбегіндегі этнопедагогикалық тұжырымдары

Тарихи педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау тәрбие мәселесіне тарихи дамудың барлық кезеңінде аса назар аударғанын дәлелдейді.
Ұлы түркi қағанаты дәуiрiндегi Орхон-Енисей ескерткiштерiндегi (VI-VIII ғ.ғ.) жазбаларындағы тәлімдік саясат сөздерi өзiнiң теңдесi жоқ өнегесiмен жүрек тербейдi. Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар. Өлiмнен ұят күштi... Адам ұлының бәрi де өлмес үшін туады... деп жазылыпты.
Одан берiректе (IХ ғ.) ғұмыр кешкен Қорқыт атаның мұрасындағы тәлiмдiк өсиет бүгiнгi ұрпақ үшін де аса маңызды. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңiрi сүймейдi... Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ... қонағы жоқ қараша үйден құлазыған тұз артық, - дейдi ұлы Қорқыт баба.
Қазақ даласына араб-шығыс мәдениетiнiң тарауы (Х-ХV ғ.ғ.) исi түркi халықтарының ұлы ғұламалары - әл-Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иасауи, Баласағұнды т.б. дүниеге әкелдi. Ұлы бабаларымыз Әбу Насыр әл-Фарабидiң сан-салалы трактаттарында, Қожа Ахмет Ясауидiң Диуани хикметiнде, Жүсiп Баласағұнидiң Құдатғу бiлiгiнде (Құтты бiлiк), Махмуд Қашқаридiң Диуани луға-ат-түрiгіндегi, Ахмет Жүйнекидiң Хибатул хиқайқ (Ақиқат сыйы), Хорезмидiң Махаббатнама еңбектерiнде педагогикалық, психологиялық, философиялыќ, дидактикалыќ, әдiснамалыќ ой-пiкiрлер өрiлiп жатыр. Ғұлама-ойшылдардың бiзге жеткен мұраларында әдет, мiнез, баќыт, дағды, аќыл-парасат, имандылыќ, мейiрiмдiлiк, әдiлеттiлiк тұрғысындағы ұлағатты өсиетнамалар тұнып тұр. Бұларда ұл мен ќыздың өнегелi тәрбиесi, бала мен ата-ананың ќарым-ќатынасы, отбасы мен неке, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдыќ-этикалыќ ќасиеттер, т.б. ұлы ойшылдар шығармаларының алтын арќауы болды.
Этнос (ру, тайпа, ұлт) және педагогика (оқыту, тәрбиелеу туралы ғылым) сияқты екі сөзден құралып, этнопедагогика деп аталған бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі, оның ғылыми қалыптасуындағы негізгі бір саласы.
Қазақ этнопедагогикасы - қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің қайнар бастауынан бастап, осы уақытқа дейінгі болмысын айқындап, оның болашағын белгілеп беретін ғылым.
Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы мен даму кезеңдеріне тоқталғанды жөн санадық (Сурет 1).
Ұлттық тәлім-тәрбиенің қалыптасып, дамуына ғұлама-ойшылдар да (Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки және т.б.) елеулі үлес қосқан. Егер Қорқыт ата өзінің ел-жұртына, кейінгі ұрпағына қалдырған өсиет сөздерінде: Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүргенде аз. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... - десе, әл-Фараби тәлім-тәрбиелік категорияларға жақсылықты, зұлымдықты, достықты, өзара көмекті, әділеттілікті, әділетсіздікті, абыройды, қанағаттануды, бақытты жатқызады, адамның бақыты туралы сөз қозғайды, тәлім-тәрбиелік ілімдердің адамгершілік аспектісіне талдау жасайды.
І-кезең

ІІ-кезең

ІІІ-кезең

ХIХғ. 2-жартысы
Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңi.

1920-1930 жж.
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңi.

1970-2010 жж.
Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңi.

Ол кезеңдегi қайраткерлер: С.Торайғыров,
А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев,
М.Дулатов,
М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов,
Ә.Диваев,
Х.Досмұхамедов,
С.Сейфуллин
және т.б.

Оның белсендi қайраткерлерi:
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б.
Орыс, батыс саяхатшы-ғалымдары:
П.С.Паллас, Э.С.Вульфсон, А.Вамбери, А.Левшин,
А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд, В.В.Радлов және т.б.

Қазақтың ғалымдары: М.Әуезов, А.Мұхамбаева, И.Оршыбеков, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, М.Балтабаев, К.Құнантаева, С.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Қ.Бөлеев, Ш.Құлманова, Ә.Табылдиев, К.Қожахметова, А.Қалыбекова, Р.Дүйсенбінова, Р.Төлеубекова, Қ.Шалғынбаева, Ж.Асанов, З.Әбілова және т.б.

Сурет 1- Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері

Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының мол екені рас.
ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Жүсіп Баласағұн өзінің Құтты білік еңбегінде адамгершілік ұстанымдарына: парасат, ар-ождан, әділет пен бақыт жайлы сұрақтарға өзіндік ізденістерімен түбірлі жауап береді, ақиқатты адамның қайырымдылық мұратынан іздейді. ...Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып. Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың, өзгермейдi салғанша ажал құрығын. Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың Құтты бiлiк еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алады - дейді. Махмұт Қашқари Диуани лұғат-ат-түрікте, Тіл - тәрбиелік пен қайырымдылықтың басы, Ақылды сөз алтын табаққа жеткізер, Тіл түйгенді тіс шеше алмайды, Белгі болмаса жол бұзылады, білім болмаса сөз бұзылады, Шақпақты жақса - от тұтанар, сөз ұғындырылса - ой білінер- деп тіл мәселесіне аса мән береді. Тіл - тәрбиеліктің көрсеткіші және ақпарат алмасудың маңызды құралы деп түсіндіреді. Ал, Қожа Ахмет Ясауи болса Диуани Хикметте оқып білім алу, иманды, ізгі қасиетті болу, жақсы мен жаманды айыра білу сияқты тәлім-тәрбиелік қатынас құндылықтарын уағыздайды. Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки Ақиқат сыйы атты дидактикалық дастанында тәлім-тәрбиелік ілімдердің педагогикалық мүмкіндіктеріне аса мән береді, ізгі істерді, адамгершілікті, имандылықты алдыңғы орынға қояды(2).
Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы, Қасымның қасқа жолы (1511-1518), Есiмнiң ескi жолы (1598-1628), Әз Тәукенiң Жетi Жарғысы (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға түспеген. Бұл - заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған азғындарды етегiн кесiп, елден қу деген қағидамен аяусыз жазалаған.
Ұлттық тәлім-тәрбиелік ілімі Асан қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай және т.б. шығармаларында да, Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім дүниетанымында да заман талабына қарай биік белестен көрінеді. Оны Шоқан Уәлихановтың Сот реформасы жөніндегі жазбасында қазақтың дәстүрлі тәлім-тәрбиесіне берілген талдауынан да, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен де байқау қиын емес. Мысалы, Абай адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi - бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, ол немене, ол неге үйтедi, бұл неге бүйтедi деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегенi.
Балалардың адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін дамыту мақсатында халық педагогикасы материалдарын мектеп практикасында пайдалану қажеттігін кезінде ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин өзінің тәжірибесі мен еңбектері арқылы дәлелдеген болатын. Ол ұлттық мектеп ашты, халықтың ауыз екі шығармашылығын, ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрлерді, т.б. бала тәрбиесінде пайдаланды. Ағартушы-ұстаз қазақ даласының ұлы ойшылдары Қорқыт, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Ясауи мен жыршы-жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Дулат Бабатайұлы және т.б.) педагогикалық ой-пікірлерінде көрініс тапқан ұлттың өнегелі дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі мән-маңызын жақсы түсінді(3).

1.3 Қазақ зиялыларының этнопедагогикалық тұжырымдары

Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Әбубәкiр Диваев, Халел Досмұхамедов және т.б. ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.
Шәкәрім болса өзінің Үш анық атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті ар ілімі деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады.
Осы айтылғанның бәрі ғұлама ойшылдардың бала тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының тұғырындағы көзқарастарының бірін-бірі толықтыратынын, тәлім-тәрбиеге берілген анықтамаларының нақтылана түсетінін дәлелдейді.
Әбубәкiр Диваев (1855-1933). Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Басында бiр топ орыс ғалымдары айналысты. Олардың iшiнде Сырдария генерал-губернаторы Н.И.Гродековтың 1884 ж. қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә.Диваевқа тапсырды. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.
Ә.Диваев белгiлi түркiтанушы В.Н.Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А.Н.Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады. Ел аузындағы ертек, аңыз-әңгiме, батырлар жырын жетiк бiлетiн қариялармен пiкiрлесiп, олардың бiлгендерiн жазып алып жiберiп отыратын мұғалiм-молдаларды бұл iске тартты. Өзi жинаған материалдардың бiр тобын Ресей география қоғамының Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отырды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған "Түркiстан уалаяты" газетiнде жариялады. Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса, екiншiден жиналған материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi. 1896 ж. Қазан университетi жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы Ә.Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға мүшелiкке алғанын хабарлайды(4).
Бұл қоғамның белсендi мүшелерi; В.В.Радлов, ВАлекторов, Г.Н.Потанин, В.П.Наливкин, Н.П.Остраумовтар да түркi халықтарының мұраларын жинау, зерттеу iсiмен айналысатын.
Ә.Диваев осы қоғамға өзi ел аузынан жинаған бай материалдарды және өзiнiң олар туралы жазған зерттеу мақалаларын жiберiп тұрды.
Қазан университетiнiң ғалымы П.Н.Ахметов (Сахит Герей АКхметов) Диваев жiберген қолжазба материалдардың маңыздылығын жоғары бағалады.
1896 ж. 22 қаңтарда Ә.Диваев ТКЛА ( Ташкентский кружок любителей археологии) мүше болып қабылданып, 1917 ж. дейiн сол үйiрмеден қол үзбей қызмет етедi. Диваев кейiн Москва университетiнiң табиғаттану, антропология, этнография қоғамына мүшелiкке өтiп, оларға да көптеген материалдар жiберiп тұрды.
2004 ж. Диваевтың қатынасымен Ташкентте мұсылман зиялыларының әуесқой театрын ұйымдастырды. Онда Диваев өзiнiң "Махаббат машақаты" атты пьесасын қойды. 1915 ж. Диваевтың ғылыми қызметiнiң 25 жылдығы аталып өтiлiп, "Қазақ", "Туркестанские ведомости", "Живая старина" газеттерiнде оған арнау мақалалар жарияланды.
1918 ж. Түркiстан Халық Университетi ашылып, Диваевты осы университетке оқытушылық қызметке шақырады. Ташкен университетi кеңестiк Орта Азияның шығыстану орталығына айналды. Кейiннен одан шығыстану институты бөлiнiп шығып, онда көрнектi шығыстанушы ғалым-академиктер қызмет еттi. Олардың iшiнде: В.В.Бартольд, С.Е.Малов, И.И.Зарубин, М.С.Андреев, М.Ф.Гаврилов, А.А.Семенов, В.М.Кун т.б. сияқты көрнектi ғалымдар болды.
А.Диваев 100-ге тарта ғылыми еңбек қалдырды. Ол жинаған қазақтың батырлар жыры 1922-23 ж.ж. Ташкентте тұңғыш 9 том болып басылды. 1924 ж. Ташкентте қазақтың тұрмыс-салт өлеңдерiнен құрастырған "Тарту" атты жинақ, ал 1926 ж. Қызылордада "Балаларға тарту" жинағы шықты. Ол "Алпамыс", "Қамбар батыр" жырларының бiрнеше варианттарын, "Тазша бала" ертегiсiнiң үш нұсқасын салыстыра зерттеп, олардың iшiндегi ең толығын және ең көркем дегендерiн баспа арқылы шығарып отырған.
Диваевтың 1920 ж. Жетiсу, Сырдария бойына ұйымдастырған экспедициясы орасан мол материал әкелген. Олардың iшiнде аңыз да, жұмбақ та тақпақ та, мақал-мәтелдер де, айтыс өлеңдер де бар.
Диваев жинаған мұралар iшiнде көлемi 8 томдық "Манас" дастаны да бар. Диваев "Манас" дастанын ең ұзақ, энциклопедиялық жыр дей келiп, "Манас" батырдың атымен бүкiл қырғыз елiнiң өмiрi мен тұрмысы жырланады" дейдi. Диваев осы еңбегiнде Орақ-Мамай, Ер Қосай сияқты қазақ батырларының да жырда кездесетiнiн айтып, оны қойы қоралас, ауылы аралас қазақ-қырғыз елiнiң мәдени қарым-қатынасының куәсi деп қарайды.
Диваев "қазақ" сөзiнiң шығу тарихы туралы да өз пiкiрiн, бiлдiредi. Ол қазақтың тыю сөздерi мен 70-ке тарта ырымдарын талдай келiп, олардың шығу тегiне, тәлiмдiк мәнiне тоқталады. Бақсылардың кiм екендiгiне түсiнiктеме бередi. Қазақтың "Ас иесiмен тәттi", "Айналайын" деген сөздердiң этимологиясына талдау жасайды(4).
Ә.Диваев қазақ ойындары мен ойыншықтарының мән-мағынасына да талдау жасайды.
Жарты ғасыр өмiрiн қазақтың мәдени мұрасын жинауға, зерттеуге арнаған Ә.Диваевтың еңбегi туралы кезiнде М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өлең, мақала жазып, жоғары бағалаған.
Шәкәрiм Құдайбердиев (1858-1931). Абайдың реалистiк дәстүрiн жалғастырушы әрi ақын, әрi жазушы, аудармашы, философ, шежiрешi әмбебап ғалым.
Ол жастайынан өнер-бiлiмге, әдебиет пен тiлге (араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн жетiк бiлген) бейiмдiлiк көрсетiп, көп iзденiп, шығыс, батыс классиктерiнiң еңбектерiн оқып үйренген.
1905-1906 ж. Орыс география қоғамының Семей бөлiмшесiне мүше болған. 1905-1906 ж.ж. Меккеге сапар шегiп Стамбул кiтапханасындағы бай мәдени мұрамен танысқан. Қайтып келе жатып, Ясная поянадағы Л.Н.Толстоймен кездесiп пiкiрлескен. "Толстойша" деген өлеңiн жазған.
Ол халық аңыздары негiзiнде "Қалқаман-Мамыр", "Еңлiк-Кебек" дастандарын жазып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы мол мәлiметтер бередi. 1911 ж. "Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiресi" атты еңбегiн жазады. Ол Толстойдың қысқа әңгiмелерiн, Физулидiң "Ләйлi-Мәжнүн" поэмасын, Пушкиннiң "Дубровский" атты поэмаларын аударады. 1918 ж. "Абай" журналына Қожа Хафиз шығармаларын аударып бастырады.
Шәкәрiмнiң дүниенiң жаратылысы, философиялық-геологиялық көзқарасы "Үш анық", "Қазақ айнасы", "Анық пен танық", "Мұсылмандық шарттары" атты еңбектерiнен көрiнiс тапқан. Ол бұл еңбектердi жазбас бұрын батыс, шығыстың атақты ғалымдары: Пифагор, Маско, Эпиур, Демокрит, Аббас, Ньютон, Линней, Гасанди, Мұхаммед, Исус Христос, Дарвин т.б. еңбектерiн оқып шығып үлкен дайындықпен келген. Олардың пiкiрлерiмен терең танысқан Шәкәрiм дүниенiң негiзi атомдардың қосындысынан тұрады, жаңа туып, өсiп-өнiп, өлiп-өшiп үнемi жаңаруда, өзгерiстерде болады дегендi қуаттайды.
"Кеттi, келдi, толды, семдi, өзгелендi бұл ғалам...
Туды, өлдi, жанды, сөндi, өршiп, өндi қайтадан" дей келiп: "Iздедiм, таптым, анығын. Тастадым ескi танығын" - деп ой түйедi. Дүние сырын бiлу, нану, ұғыну, тану - бәрi ақыл iсi. Ол мида қорытылып түсiнiк, ой, сезiм болып көрiнiс бередi дейдi.
Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,
Мұрын иiс, тiл дәмнен хабар бермек.
Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,
Жақсы-жаман - әр iстi сол тексермек - деп мидың қызметiнiң нәтижесi сезiм мүшелерiнiң әрекетi арқылы белгiлi болады, адам өзiн айналада қоршаған дүниенiң сырын бес сезiм мүшелерiнң әрекетi хабарына нагiзделген мидың қорытуымен танып бiледi деп материалистiк философиялық қорытынды жасайды.
Ақын өзiнiң бұл ойын "Тәңiрi мен жан" деген өлеңiнде де тереңдете түседi.
Тiптi кетпес еш жоғалып,
Байқасаңыз барша жан.
Тағы деге тауып алып
Тағы өседi қайтадан.
Түрлi жанда дене түрлеп,
Өзгерiп тұр бұл ғалам
"Жоғалтатын нәрсе жоқ" деп
Айтты ғылым байқаған" - дей келiп адамдардың қосындысынан түрлi құбылыстардың пайда болып, түрлi өзгерiске ұшырайтынын (судың буға, будың бұлтқа айналуы, оны ңқайта жаңбыр, қар болып жерге жаууын) поэзия тiлiмен бейнелеп берiп отыр.
Шәкәрiм өнердi, бiлiмдi, адал еңбекпен күн көрудi, әдiлет жолын қууды насихаттады. Оның "Жастарға", "Дүние мен өмiр", "Ар", "Арман" т.б. өлеңдерiнен көруге болады. Жастарға "өзiңе-өзiң сын көзiңмен қара, өз мiнiңдi өзiң түзей бiл" дей келiп:
Ерiнбесең еңбекке дәулет дайын,
Жаратқан жоқ тек жат деп бiр құдайың.
Ойлансын деп ой бердi, көруге көз
Аяқ бердi, тапсын деп басқан сайын
Бiреуге телмiрiп көзiң сатпай, еңбектен, тер төк, iзден, адалдан тапқан мал тәттi дегендi айтады. (5).
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: ("Әлiпби", "Тiл құралы", "Баяншы", "Әдебиет танытқыш" т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте "Қырық мысал" деген атпен бастырып шығарды.
А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда "Қазақ" газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.
Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. "Оқыту жайында" атты мақаласында "Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi... дейдi.
Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi. Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш мектепке арнап "әлiппе" кiтабын жазды. Сондай-ақ оның "Тiл жұмсар" деген атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М.Дулатов бастауыш мектепке арнап "есеп" кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын жазды.
А.Байтұрсынов пәндердi оқытудың әдiстемесiмен де айналысты. 1928 ж. "Жаңа мектеп" журналының 8-санында жарияланға "Қай әдiс жақсы?" деген көлемдi мақаласында ұлы педагог Л.Н.Толстойдың "Үйрету әдiстерi туралы" деген еңбегiне талдау жасай отырып, "әдiс деген қатып-семiп қалған догма емес... Жақсы дерлiкте, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ. Олқылықтың белгiсi - бiр ғана әдiспен болу. Шеберлiктiң белгiсi - түрлi әдiстi болу" деп ойын тұжырымдайды.
Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз - әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз - суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы - қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда "Баяншы" деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.
А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.
Халел Досмұхамедов (1883-1937) 1909 ж. Петербургтегi әскери медицина академиясын оқып, бiтiрiп Керм губерниясында, кейiн 22 Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери дәрiгерлiк қызмет атқарады. Осы кезден бастап қоғамдық iстерге белсене араласып, "Орал", "Пiкiр", "Қазақ" газеттерiне мақалалар жазады.
1917 ж. бастап Алашорда үкiметiнiң басқару жұмыстарына белсене араласады. Батыс Қазақстан өлкесiндегi Алаш партиясының белсендi қайраткерлерiнiң бiрi болады.
1924 ж. Орта Азия университетiнде ординатор, 1926-29 ж.ж. Қазақ педагогикалық институтында проректор, кейiнне педалогия кафедра меңгерушiсi, профессорлық қызметтер атқарады.
Жаратылыстану ғылымы саласында тұңғыш "Адамның тән тiршiлiгi" (1927) "Сүйектiлер туралы" (1928) Жануарлар (1929) атты оқулықтар жазып шығарады. Осы ғылым саласында тұңғыш ұлттық ғылыми терминдердi қалыптастыруда елеулi еңбек етедi.
Х.Досмұхамедов тарих, әдебиет, тiл бiлiмi ғылымдар саласында да бiрнеше ғылыми еңбектер жазып көзге түседi. Мысалы: "Қазақ халық әдебиет", "Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингормонизм заңы", "Кенесары-Наурызбай", "Шатай қозғалысы туралы" еңбектерiнде қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң тәлiмдiк жағына баса көңiл бөлген, қазақ әдебиетiн жинап зерттеушi орыс ғалымдары: В.В.Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, А.В.Алекторов, Ә.Диваев т.б. еңбектерiне талдау жасаған. Қазақ ауыз әдебиетiн ғылыми тұрғыда тұңғыш классификация жасаған. Ұлттық өнер туындыларына, әсiресе айтыс өнерiне, қазақтың барымта-аламандығы жөнiнде келелi пiкiр бiлдiрген. Ұлттық тұрмыс-тiршiлiк, кәсiпкерлiк мәселелерiне де мән бере қарастырған. Қазақтың ою-өрнек, зергерлiк бұйымдардың жасалу ерекшелiктерiн, Самарханд шаһарындағы "Тiлләқари" және "Ширдар" медресесiн салдырушы Жалаңтөс батыр туралы тың мағлұматтар берген.
Х.Досмұхамедов тiл, сөйлеу-мәдениетiндегi адам психологиясының ерекшелiктерiн сөз ете келiп "Тiлiнен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тiлi дұрыс болса, елдiң тiлi көркейiп, гүлденедi... Ал мектеп пен баспада қолданудан қалған тiл - шатасқан тiл. Ол ел сорлы ел, мұндай елдiң тiлi бұзылмай қалмайды" ... дейдi. Өз тiлiн бiлмей тұрып, жат елге елiктей беру зор қате" - дегендi айтады. Бiз бұдан оның ұлтын, ұлт тiлi мен ұлт мәдениетiн қастерлейтiн нағыз патриот азамат екенiн байқап бiлемiз.
Мiржақып Дулатов (1885-1935) 1897 ж. Торғайдағы орыс-қазақ мектебiне түсiп, оны 1902 ж. бiтiрiп шығып 6-7 жыл ауылда мұғалiм болған Мiржақып кейiн Омбы, Қарқаралы қалаларына барады. 1909 ж. Уфада "Оян, қазақ" атты еңбегiн, кейiн "Бақытсыз Жамал" романын бастырып шығарады. "Айқап" журналына әртүрлi тақырыпта мақалалар жазып тұрады. 1913-1917 ж.ж Орынборда А.Байтұрсыновпен бiрге "Қазақ" газетiн шығарады.
Қазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж.ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған "Есеп құралы", 1924 жылы "Қирағат" атты оқулығын басып шығарды.
Ұлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-ағарту мәселесiне байланысты идеяларын әрмен қарай жалғастырып, ол да А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие iстерiн ғылыми тұрғыда қарастырды. Оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн марапаттап, шәкiрттердiң жаңа бағдарлама бойынша бiлiм алуына, сабақтың ғылыми дидактикалық негiзде жүргiзiлуiне зер салды. Мәселен "Қирағат" атты кiтабының алғы сөзiнде "балаларды - дейдi ол - оқыту өз алдына бiр ғылым. Ғылыми педагогикада... мектеп программасында бiрiншi орыналатын нәрсе қирағат, баяндап оқыту... Қирағаттың мақсатын түсiнбеген мұғалiм үмiт еткен пайданы бере алмайды... Баланы оқыған нәрсесiн бiр-бiрiне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққанын жадында рет-ретiмен һәм толық мағынасымен сақтауға әрекеттендiру керек". Ал орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесiне (жазу, сызу, есептеу, оқу т.б.) шәкiрттердiң сезiм мүшелерiн (көз, құлақ, қол т.б.) тұтастай қатыстырып отыру қажеттiлiгiн мұғалiмдердiң есiне салады. Ғалым оқыту процесiндегi тәрбиенiң ролiне зор көңiл бөле келiп, "Туысынан қанша зеректiк болса да, ғылымымыз тәрбиесiз кемелiне жетпейдi. Кiмде-кiм өзiнiң табиғатында не нәрсеге шеберлiгi барлығын сезiнiп, өз жолына түссе ғана, көзге көрiнедi" ... деп мамандық таңдаудың адам қабiлетiн ескере асырылуын қалайды. (6).
М.Дулатов өзiнiң "есеп құралы" кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды. Сөйтiп, М.Дулатов математикалық оқудың негiзiн салды.
Нәзипа Құлжанова (1887-1934). Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.
Н.Құлжанова 1924 ж. "Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу" атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн "Әйел теңдiгi" журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.
1924 жылы "Ана мен бала" атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке алғы сөзi атақты - турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.
Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, "суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек" - дейдi.
Автор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды.
Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931). Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б)К қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, "Қазақ тiлi", "Ақ жол" газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.
1918 ж. "Абай" журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан "Тәрбие жетекшiсi" атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов "Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы - тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан... Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен" - дейдi.
Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, "Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт - жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты "ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi" деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.
Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.
Ол "ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады" - деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.
Оның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың "Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы" немесе А.С.Макаренконың "Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т.б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi - адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше" деген секiлдi таныс пiкiрлер жиi ұшырасады.
Ж.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны - үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды... Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер... Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi... Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды" - деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес, iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен.
Ж.Аймауытов бiлiм негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, "Ана тiлiн жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi - халық болып жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi" - деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.
Автор, адамның жан қуатын тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих пәнiнiң алар орнын айта келiп "Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз" - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды оқыту процесіндегі этнопедагогиканың рөлі
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдісінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру
Мұғалім атқаратын қызметі
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Халық педагогикасындағы ақыл - ой тәрбиесі
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Этнопедагогикалық білім беру жайлы
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Пәндер