Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті

Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011600 - Педагогика

Орындаған: Алиева Маржан 2 курс студенті

оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.

Бағасы _____________

Ақтау, 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы

Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011600-Педагогика
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Алиева Маржан
Тақырыбы: ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы
Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы
құқықтық нормативтік базасы дегеніміз
инклюзивті білім беру дегенімізге мағлұмат

Негізгі әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2010 ж.
А.А.Байтұрсынова Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы Алматы, 2008 ж.
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытуд 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http:edu.gov.kz
Дефектологиялық сөздік .
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р. ___ ___ 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

1. ҚР ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Арнаулы білім беру жүйесін регламеттейтін нормативтік құжаттар ... ... ... ... .13

2 ҚР ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Денсаулығы әлсіз және мүгедек балаларға білім беру мәселесі бүгінгі күні көкейтесті болып табылады және тиісті назар аударуды талап етеді. Себебі жыл сайын психикалық, ақыл-есі, физикалық дамуында туа біткен, жүре пайда болған ақаулықтары бар балалар саны арта түсуде.
Қазақстан Республикасының Заңнамасында адам құқықтары саласында халықаралық құжаттарға сәйкес барлық балалардың білім алуға тең құқылы екендігі қарастырылған. Балалардың білім алу құқығы кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Білім туралы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы, Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету туралы, Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы Заңдарында бекітілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған.
Жұмыстың өзектілігі- инклюзивті білім алу санатына жататын оқушылар, яғни мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар білім алуда. Сол себепті біздің тарапымыздан Мектеп бәріне ортақ бағдарламасы әзірленіп, қазіргі күні игерілуде. Аталған бағдарламада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің тиімді формасы болып табылады. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрдастырымен кәдімгі жалпы орта білім беру мектебінде оқуға мүмкіндігі болады. Және олардың ұжымына мүше болып кіреді, өз мүмкіндігіне сай дами алады, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу құқығына ие болады.
Біздің бағдарлама инклюзивті сынып жағдайында дамуында кемістіктері бар балалар мен мүгедек балалардың білім алуына болжамдала жасалған. Инклюзивті сынып - бұқаралық жалпы орта білім беру мектебі жағдайында дамуында ақаулықтары бар және мүгедек балалардың өзі қатарлас балалармен бір сыныпта оқуына болатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың аталған формасы жеке оқытуға қарағанда басымдау болып табылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру барысында мүмкіндіктері шектеулі балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей алатын оқытуды ұйымдастыру мәселелерін шешуіміз керек. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі, қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды. Мектепте әр бала, соның ішінде мүгедек бала да мекеменің білім беру және әлеуметтік өміріне қатыса алатындай орта қалыптастыру керек, бұл баланың табысқа жетуіне, өзінің қауіпсіздігін және қатарластар ортасында өз маңыздылығын сезінуіне мүмкіндік береді.
Мектеп оқушылары ұжымының 11%-ын мүмкіндіктері шектеулі балалар құрайды, сондықтан осындай балалар үшін арнайы жағдай жасау қажет. Мектепте түзету сыныптарында білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің мол тәжірибесі бар болғанына қарамастан, түзету сыныбы жағдайында балаларға білім беру нәтижелері біздің және ата-аналардың көңілінен шықпайды. Бар тәжірибені жүйелеп, ортаға салу арқылы бұл санаттағы балалар жалпы білім беру сыныбында оқытылып, қосымша жағдай жасалса, олардың оқытылуы мен әлеуметтену табыстылығы арта түсер еді деген болжамға келдік. Бұл біздің Инклюзив
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасындағы жеке ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға - ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы
Курстық жұмыстың пәні - Инклюзивті білім беру жағдайында ҚР инклюзивті білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы
Курcтық жұмыcтың құрылымы: жұмыc кіріcпeдeн, 2 бөлімнeн, қoрытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттeн құрaлaды.
Курcтық жұмыcтың тeoриялық жәнe прaктикaлық құндылығы:
Білім беру үдерісі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді психологиялық-медикалық-педагогикал ық қолдау көрсету жүйесі.
2. Білім беруді ұйымдастыру.
3. Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыру.

1 . ҚР ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫ
1.1 Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелер

Қазақстан Республикасының Заңнамасында адам құқықтары саласында халықаралық құжаттарға сәйкес барлық балалардың білім алуға тең құқылы екендігі қарастырылған. Балалардың білім алу құқығы кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Білім туралы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы, Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету туралы, Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы Заңдарында бекітілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған.
Мектебімізде инклюзивті білім алу санатына жататын оқушылар, яғни мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар білім алуда. Сол себепті біздің тарапымыздан Мектеп бәріне ортақ бағдарламасы әзірленіп, қазіргі күні игерілуде. Аталған бағдарламада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің тиімді формасы болып табылады. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрдастырымен кәдімгі жалпы орта білім беру мектебінде оқуға мүмкіндігі болады. Және олардың ұжымына мүше болып кіреді, өз мүмкіндігіне сай дами алады, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу құқығына ие болады.
Біздің бағдарлама инклюзивті сынып жағдайында дамуында кемістіктері бар балалар мен мүгедек балалардың білім алуына болжамдала жасалған. Инклюзивті сынып - бұқаралық жалпы орта білім беру мектебі жағдайында дамуында ақаулықтары бар және мүгедек балалардың өзі қатарлас балалармен бір сыныпта оқуына болатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың аталған формасы жеке оқытуға қарағанда басымдау болып табылады.
Инклюзивті сыныптарды құруда табысты инклюзивті білім берудің ішкі жағдайларын ескердік:
ата-аналардың баланы дені сау балалармен оқытуға ниет білдіруі, оқыту үдерісінде оларға көмектесуге дайындығы және тырысуы;
мүмкіндігі шектеулі балаға білікті көмек көрсетуге мүмкіндіктердің болуы;
кіріктірілген оқытудың вариативтік модельдерін игеру үшін жағдай жасау.
сонымен қатар табысты инклюзивті білім берудің ішкі жағдайлары:
жас ерекшелігі нормасына немесе оған жақын деңгейге сай келетін психикалық және сөйлеу дамуының деңгейі;
даму деңгейі қалыпты қалыпты балаларғақарастырылған мерзімде жалпы орта білім беру стандартын меңгеру мүмкіндігі;
инклюзивті сыныпта оқытуға баланың психологиялық дайындығы.
Инклюзивті сыныптарды құрған кезде ПМПК ұсынымдары бойынша бір білім беру бағдарламасы бойынша оқытылуға тиіс дамуында ақауы бар балаларды, мүмкіндігінше, бір сыныпқа біріктіру қажет.
Мүгедек балаларды жалпы білім беретін сыныптарда білім алуға бейімдеу кезеңі 2015-2016 жылы мектепте жабдықталған арт-терапия кабинетінде, білім беру мекемесінде және одан тыс жерлерде өткізілген сыныптан тыс шараларда өтті.
2014 жылы мектебіміз Мектеп - денсаулық аумағы атты қалалық сайысқа инклюзивті білім берудің Мектеп бәріне ортақ бағдарламасымен қатысып, жеңімпаз атанды. Біз инклюзивті мектеп артықшылықтарын түсіндік, бұлар:
Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру барысында мүмкіндіктері шектеулі балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей алатын оқытуды ұйымдастыру мәселелерін шешуіміз керек. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі, қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды. Мектепте әр бала, соның ішінде мүгедек бала да мекеменің білім беру және әлеуметтік өміріне қатыса алатындай орта қалыптастыру керек, бұл баланың табысқа жетуіне, өзінің қауіпсіздігін және қатарластар ортасында өз маңыздылығын сезінуіне мүмкіндік береді.
Мектеп оқушылары ұжымының 11%-ын мүмкіндіктері шектеулі балалар құрайды, сондықтан осындай балалар үшін арнайы жағдай жасау қажет. Мектепте түзету сыныптарында білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің мол тәжірибесі бар болғанына қарамастан, түзету сыныбы жағдайында балаларға білім беру нәтижелері біздің және ата-аналардың көңілінен шықпайды. Бар тәжірибені жүйелеп, ортаға салу арқылы бұл санаттағы балалар жалпы білім беру сыныбында оқытылып, қосымша жағдай жасалса, олардың оқытылуы мен әлеуметтену табыстылығы арта түсер еді деген болжамға келдік. Бұл біздің Инклюзивті білім беру бағдарламасын құрып, инклюзивті сыныптарды ашуымызға түрткі болды.
Инклюзивті білім беру бағдарламасы - мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіне көмек көрсетуге бағытталған кешенді бағдарлама.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады.
Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады.
Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы, Білім беру туралы, Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы, Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.

1.2 Арнаулы білім беру жүйесін регламеттейтін нормативтік құжаттар

Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Республикада арнайы білім беру үшін басты және тарихи маңызды болып 2002 ж. "Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету көмегін көрсету туралы" заңын қабылдауы болып табылады. Бұл заң актісінің қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді.
49 бап. Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:
Баланың ерекшелігін және жеке қабілетін, қалауын ескере білім беру мекемелерін таңдауға;
Психологиялық- дәрігерлік -педагогикалық кеңесте өз балаларын тәрбиелеу және оқыту мәселесі бойынша кеңестік көмек алуға құқылы.Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді регламеттейтін нормативтік құжаттар қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда.
Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Дегенмен, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру.
Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден, олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден, білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден, мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан - ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субьективті талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын жалғастырады.
Тұрақты қолдау мен кеңес беруді мұғалімдер түзету-дамыту жұмысын жүргізетін арнайы педагогтардан алуға тиіс. Олар психологиялықпедагогикалық сүйемелдейтін мектептегі қызметтің немесе психологиялықпедагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары. Білім беру үдерісінде ерекше орынды ата-аналар алады. Олар білім беру және түзете-дамыту үдерісінің белсенді қатысушылары болуы керек. Ата-аналарға арнайы педагогпен балаларының түзету және консультативтік сабақтарына қатысуға мүмкіндік жасалуы тиіс.
Арнайы педагог баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға ұсыныстар жасайды. Бала үйде оқыған материалмен сабаққа келгенде бірін бірі қайталайтын оқытуды болдырмау өте маңызды. Егер табысты оқыту үшін бұл жалғыз мүмкіндік болса, баланы жалпы мектепте оқыту туралы мәселе туындайды. Бұл оқушыға дені сау балалармен сабақтан тыс жұмыстарды, мерекелер және спорттық іс-шараларды бірге өткізуді ұйымдастыру пайдалы. Төртінші шарт - ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды арнайы психологиялық-медициналық-педагогик алық сүйемелдеу.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.
Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалы қ-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру - ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында - тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Бала дамуындағы бұзылыс оның оқу материалын меңгеруіне және қоршаған адамдармен (құрдастарымен, үлкендермен) жеке дара қарым-қатынас жасауына әсер етеді.
Сондықтан жалпы білім беретін ортада мұндай оқушыны табысты бейімдеу және оқытудың маңызды шарттарының бірі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу болып табылады. Психологиялықпедагогикалық сүйемелдеу мамандардың біртұтас, жүйелі ұйымдасқан қызметін білдіретін білім беру-тәрбие процесінде балаға көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар жасалады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нысаны ретінде білім беру (оқу-тәрбиелік) үдерісі қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тақырыбы - баланың әлеммен, айналасындағылармен (ересектер, құрбылар), өз-өзімен қарым-қатынасының жүйесі ретінде оның даму жағдайы.
Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды сүйемелдеу 12 командалық жұмыс стилін, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог), мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз байланысын көздейді. Арнаулы сүйемелдеу ішкі және сыртқы (мектепте қажетті мамандар болмаған жағдайда штатында, мысалы, сурдопедагог, тифлопедагог, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман) болуы мүмкін. Іштей сүйемелдеу командалық жұмыс ретінде консилиумді пайдаланатын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарымен жүзеге асырылады. Сыртқы сүйемелдеу аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарымен жүзеге асырылады.
Сондықтан, кемшіліктердің дамуына тосқауыл қою, өзінің табиғаты жағынан тұлғаға тұтастай әсер ететін әлеуметтік жолдарды және арнайы құралдарды, ұйымдастырылған оқыту жағдайын талап етеді. 15 Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық түзету процесі кейін естімей қалған және нашар еститін оқушыны тұлғалық жанжақты қалыптастыруға бағытталған. Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады. Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары МЖБС талаптарына сәйкес естімейтін және нашар еститін оқушылар оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы мүмкін және онда арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, мүмкіндігі болады. Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады.
Қысқартылған білім беру бағдарламаларын пайдалануда білім алушылардың танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас ерекшелік нормаларынан төмен болуы мүмкін. Оқытудың барлық кезінде деңгейге бөліп оқыту қарастырылады және ол естімейтін және нашар еститін балалардың жас ерекшелігінің психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты, сол арқылы әр оқу пәндерінің әр түрлі деңгейіндегі арнайы мазмұнын және өз кезегінде дәстүрлі түрлі қатынасты анықтайды.
Сонымен қатар білім беру сабақтастығы және үздіксіздігі қағидаттарына негізделген базалық білім тұтастығын қамтамасыз етеді және біртіндеп пропедевтикалық оқу пәндерінен жүйеге көшеді (арнайы бағдарламалармен оқытудан жалпы білім беретін мектептің оқыту бағдарламаларымен оқытуға көшу).
Саралап оқытудың қажеттілігі сөйлеуді дамыту ерекшеліктеріне және есту қабілеті бұзылған оқушылардың танымдық қызметіне негізделген. 16 Бастауыш мектепте оқытудың мазмұны қалдық есту қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға және оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған.
Бастауыш мектепті оқуы аяқталғаннан кейін ауызша сөйлеуді меңгерген кезде сөзді қабылдау және айтуда шағын кемшіліктері бар оқушы, мектепаралық логопедтің немесе психологиялық- педагогикалық тү үзету сияқты арнайы педагогикалық қолдауды сақтай отырып кәдiмгi сыныпқа ауыстырыла алады. Аз сөйлейтін және сөзді айтуда елеулі кемшіліктері бар оқушылар, жалпы орта мектептің арнайы сыныбында оқуын жалғастырады.
Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету Есту қабілеті нашар балаларға арнайы сыныпта білім беру түзету компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады: а) естімейтін оқушылардың "0" (дайындық) және 1-7-сыныптарда - арнайы бағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптарда жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. б) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар 0 (дайындық) және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5-11 сыныптарда жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді.
Есту қабілеті нашар балаларға арнайы сыныпта білім беру түзету компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады: а) естімейтін оқушылардың "0" (дайындық) және 1-7-сыныптарда - арнайы бағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптарда жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. б) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар 0 (дайындық) және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5-11 сыныптарда жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты қайта бөлінеді және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді. Арнайы бағдарламалар мазмұнында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың естуінің төмендігі және сөйлеу қабілеті дамымай қалғандығын ескерген.
Ол коррекциялық бағытта сипатталады және есту түйсігін дамытуды, тілдік дағдыларды практикалық қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мазмұнын анықтау кезінде білім алушыға жалпы білім беру және тәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білім берудің міндеттері есептеледі.
Оқытудың негізгі міндеттері мен принциптерінде балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған және есту қабілеті бұзылуы салдарын тиімді меңгеруге қажетті педагогикалық жағдайды құру, оқыту процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлық мүмкіндіктерін қосу) базасын қамтамасыз ету қарастырылған. Естуді қабылдауды дамытуға арнайы еріннен оқу, дыбысты айту жұмысы, есту- көру негіздерін қалыптастыру ықпал етеді, оқушылардың ауызша сөйлеуін жетілдіруге және түйсіну дағдыларын қалыптастыруға, әр түрлі сөзге жатпайтын дыбыстар шығаруын, музыканы қабылдауына назар аударылады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.
Түзету ырғағы оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.
Оқушылардың назарын, жадын, ақыл ой, шығармашылық қабілеттерін, ұжымдық іс-әрекетінің дағдыларын дамытады. Естуді және айтылуды дамыту үшін түзету сабақтары жеке және шағын топтарда жүргізіледі

2. ҚР ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамыту

Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беру
Білім беруді ұйымдастыру
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Инклюзивті білім беруді енгізу
Қазақстан республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру жолдары
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Пәндер