Двигательдің бұраушы моменті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
9.1 Дәрістер
1-ДӘРІС. КІРІСПЕ. АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУ ҚАСИЕТТЕРІ
Жоспар
1. Кіріспе
2. Автомобильдердің пайдалану қасиеттері
Дәріс тезисі
1.Кіріспе
Автокөлік автомобиль- жүргізуші - жол- қоршаған орта жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан оның түрлі қасиеттері осы жүйенің элементтерінің өзара әрекеттері арқылы білінеді. Автокөліктің пайдалану тиімділігіне әсер ететін көрсеткіштері пайдалану жағдайларына байланысты. Пайдалану жағдайларының түрлілігіне байланысты, оларға бейімделген автомобильдердің де көптеген арнайы түрлері шығарылады.
Автомобильдердің сенімділік, экологиялық, эстетикалық, пайдалану, техникалық күтім көрсетуге бейімділігі т.б. сияқты қасиеттерінің түрлері көп. Көлік техникасының динамикасы және пайдалану қасиеттері пәнінде олардың тек пайдалану қасиеттері ғана қаралады. Автомобильдердің негізгі пайдалану қасиеттері мыналар: тарту және тежелу динамикалары, отын үнемділігі, басқарымдылығы, орнықтылығы, өтімділігі, маневрлігі және жүріс жұмсақтығы.
Көлік техникасының динамикасы және пайдалану қасиеттері пәнінің мақсаты олардың пайдалану қасиеттерінің ғылыми негіздерін және өзгеру заңдылықтарын зерттеу. Сонымен қатар бұл пәнде автомобильдердің пайдалану қасиеттерінің бағалау критерийлері және оларды әртүрлі әдістермен анықтау тәсілдері қарастырылады. Жалпы айтқанда, теория жаңа модельдерді жетілдіру жолдарын көрсетеді.
Көлік техникасының динамикасы және пайдалану қасиеттері пәні арнайы мамандық пәндерінің бірі болып саналады. Бұл пәнді оқудың нәтижесінде болашақ инженерлер автомобильдердің пайдалану қасиеттерін, олардың өзгеру заңдылықтарын және оларды бағалау көрсеткіштерін білуі қажет.
Сонымен қатар автомобильдердің түрлі пайдалану қасиеттерін тәжірибе немесе есептеу тәсілімен анықтай білулері керек.

2. Автомобильдердің пайдалану қасиеттері
Автомобильдердің негізгі пайдалану қасиеттері мыналар: тарту-жылдамдық қасиеттері, отын үнемділік қасиеттері, орнықтылығы, тежелу қасиеттері, басқарымдылығы, маневрлілігі, жүріс жұмсақтылығы және өтімділігі.
- Тарту - жылдамдық қасиеттері автомобильдің тарту күші, максималды жылдамдығы, разгон уақыты және үдеуі сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
- Автомобильдің отын үнемділігі оның 100 км жолға жағатын отынының мөлшерімен сипатталады.
- Орнықтылық -машинаның тайғанау мен аударылуға қарсы тұру қабілеті. Орнықтылық аударылу немесе тайғанау бұрыштарымен сипатталады.
- Тежелу қасиеті машинаның тез тоқтау қабілеттілігі. Ол тежелу жолының шамасымен және тежелу әсерін анықтайтын бәсеңдеумен сипатталады.
- Басқарымдылық - машинаның жүргізуші белгілеген бағытын сақтауға бейімділігі. Ол машинаның бұрылғыштығымен бағаланады. Машина басқарымдылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі - оның түзу сызықты қозғалысының тұрақтылығы болып табылады.
- Маневрлік деп машиналардың кішкентай алаңдарда бұрылуға қабілеттілігін айтады. Маневрлік көрсеткіші бұрылудың ең кіші радиусымен сипатталады.
- Жүріс жұмсақтығы - машинаның тегіс емес жолда, кузовтың елеулі тербеліссіз қозғалуы, соққылар мен селкілдеулерді өшіруге қабілеттілігі. Жүріс жұмсақтығы жүргізушінің шаршауына, жұмыстың өнімділігі мен сапасына, сонымен қатар машинаның пайдалануының ұзақтығына әсер етеді. Жүріс жұмсақтығының өлшегіштері - вертикальды және бұрыштық тербелістер мен үдеулердің шамасы және тербеліс жиілігі болып табылады.
- Автомобильдердің өтімділігі - олардың ылғал немесе тегіс емес жерлерде жұмыс істеуге қабіліеттілігімен анықталады. Машиналардың өтімділігі, жүріс бөлігінің топыраққа түсіретін орташа меншікті қысымымен, жетекші доңғалақтар сан,ымен және геометриялық параметрлерімен анықталады. Жетілдірген асқыш конструкциясы бар автомобильдер едәуір жоғарғы өтімділік пен үнемділікті қамтамасыз етеді.
Көлік техникасының динамикасы және пайдалану қасиеттерінде тек қана алғашқы екі қасиет қарастырылады. Соның натижесінде беріктік есептеулерін жүргізуге қажетті бастапқы мәліметтер мәндерді алуға мүмкіндік береді.
Бекіту сұрақтары:
1. Автомобильдің бұзылуы және оның шекті жағдайы туралы түсінік
2. Көлік техникасының жөндеуге жарамдылығы
3. Көлік техникасының сапасы туралы түсінік

Әдебиеттер:
1. Джолдасбеков У.А. Динамика механизмов и машин : Монография. - [б. м.], 2011.
2. Саргожин М.К. Көлік техникасынын динамикасы : Оку куралы, 2005
3. Мусаев Ж.С. Динамика и прочность транспорта и транспортной техники : Учебное пособие, 2014

2-ДӘРІС АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ТАРТУ- ЖЫЛДАМДЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Жоспар:
1. Жетекші момент
2. Двигательдің бұраушы моменті
3. Трансмиссияның беріліс саны
4. Трансмиссияның механикалық ПӘК-і
Дәріс тезисі
Автомобиль двигательдерінің энергиясы қозғалысқа кедергілерді жеңуге жұмсалады. Сонымен қатар энергияның бір бөлігі трансмиссиядағы кедергілерді жеңуге жұмсалады. Қозғалысқа қарсы барлық кедергілерді жеңу үшін жетекші доңғалақтарға бұраушы момент берілуі қажет. Бұл бұраушы момент жетекші момент деп аталады.
Бірқалыпты тұрақты жұмыс режимінде, яғни автомобиль бірқалыпты қозғалған кезде, жетекші момент мына формуламен анықталады:

мұнда: - двигательдің бүраушы моменті, - трансмиссияның беріліс саны
- трансмиссияның механикалық ПӘК
Жетекші момент мәніне әсер ететін факторлар:
а) двигательдің бұраушы моменті;
б) трансмиссияның беріліс саны;
в) трансмиссияның механикалық ПӘК

3. Двигательдің бұраушы моменті
а) Двигательдің бұраушы моменті оның жұмыс режиміне байланысты әртүрлі мәнге ие болады. Оның қалай өзгеретінін көтеру үшін, ІЖД реттегіштік және жылдамдық сипаттамаларын талдаймыз.
Дизельді двигательдің реттегіштік сипаттамасын қарастырайық
Бос жүріс кезінде двигатель ең жоғарғы жиілікпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Автомобиль моторлары және оның негізгі бөлшектері
Mercedes-Benz G 320
Беріліс қорабының қызметі
Автотрактордың трансмиссия агрегаттарын пайдалану және ағымды жөндеу
Mercedes E 55 автокөлігі
Трактордың басқару органы және оның двигателін жүргізу
Бу қазанының жұмысы кезіндегі бу шығындары және ПӘК
Беріліс қорабына техникалық қызмет және ағымды жөндеу
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Пәндер