Майбұршақтың арамшөптерден тазалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университет

Байбақты Бақытжан

Алматы облысы, шаруашылығында майбұршақ өсіру агротехнологиясы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В05080100-Агрономия

Алматы 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Агробиология факультеті

Агрономия кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы :Алматы облысы, шаруашылығында майбұршақ өсіру агротехнологиясы

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны

Қосымшалар

Орындаған: Байбақты Бақытжан

(аты-жөні)

2021 ж. « ___ » қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі профессор

(қолы) (аты-жөні)

Жетекші профессор .

(қолы) (аты-жөні)

Арнайы тараулар кеңесшілері:

Еңбек қорғау

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Экономикалық тиімділігі

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылаушы доцент

(қолы) (аты-жөні)

Сарапшы

(қолы) (аты-жөні)

Алматы 2021

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АГРОНОМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

5В080100-Агрономия мамандығы

АГРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Байбақты Бақытжан

Жұмыс тақырыбы : Алматы облысы, шаруашылығында майбұршақ өсіру агротехнологиясы

Университет бойынша 2021 ж « » № бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2021 ж « » маусым

Жұмыстың бастапқы деректері:Әдебиеттерге шолу, климаттық жағдайлары, топырақ жағдайлары, өсімдік жамылғылары. Майбұршақ өсіру технологияларының ерекшеліктері. Майбұршақтың сорттары, сипаттама.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:Зерттеу әдістемелері және бақылау, талдау жұмыстары. Зерттеулер нәтижелері. Майбұршақ себу әдісінің экономикалық тиімділігі. Вегетация кезеңдерінің өтуі

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серікпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы», Алматы 2011.
  2. Әубәкіров Қ Жаңа және аз тараған мал азықтық өсімдіктер // Алматы « Білім », 2007ж.

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тараулар
Атаулары
Орындау мезгілі
Қолы
Тараулар: I
Атаулары: Әдебиетке шолу
Орындау мезгілі:
Қолы:
Тараулар: II
Атаулары: Шаруашылықтың топырақ-климат жағдайлары
Орындау мезгілі:
Қолы:
Тараулар: III
Атаулары: Бағдарламасы мен әдістемесі
Орындау мезгілі:
Қолы:
Тараулар: IV
Атаулары: Майбұршақ дәнінің өнімділігі
Орындау мезгілі:
Қолы:

Кафедра меңгерушісі профессор

(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі профессор

(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент

(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жұмысты орындау

КЕСТЕСІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны: 1.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Зерттеу әдістемесі
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны: 2.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны: 3.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Бақылау мәліметтерін жинау
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны: 4.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Мәліметтерді статистикалық өңдеу
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны: 5.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Кестелер, сызбалар құру және талқылау
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны: 6.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Экономикалық көрсеткіштерді есептеу
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны: 7.
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Дайын дипломдық жұмысты көрсету
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:

Кафедра меңгерушісі профессор

Жұмыс жетекшілері профессор

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент Байбақты Бақытжан

Мазмұны

:
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
7: 7
:
Кіріспе . . .: Әдебиетке шолу . . .
7: 9
: 1. 1
Кіріспе . . .: Майбұршақтың таралуы, халық шаруашылығындағы маңызы . . .
7: 9
: 1. 2
Кіріспе . . .: Майбұршақтың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері . . .
7: 14
: 1. 3
Кіріспе . . .: Майбұршақ өсіру технологияларының ерекшеліктері . . .
7: 21
: 1. 4
Кіріспе . . .: Майбұршақтың сорттары, сипаттама . . .
7: 28
:
Кіріспе . . .: Зерттеу нысаны мен әдістемесі . . .
7: 33
: 2. 2
Кіріспе . . .: Климаты . . .
7: 34
: 2. 3
Кіріспе . . .: Топырақ құрылымы . . .
7: 37
:
Кіріспе . . .: Экрсперименттік бөлім . . .
7: 40
: 3. 1
Кіріспе . . .: Зерттеу әдістемелері және бақылау, талдау жұмыстары . . .
7: 40
: 3. 2
Кіріспе . . .: Зерттеу нәтижелері . . .
7: 41
: 3. 3
Кіріспе . . .: Майбұршақтың далалық өнгіштігі . . .
7: 42
: 3. 4
Кіріспе . . .: Вегетация кезеңдерінің өтуі . . .
7: 43
: 3. 5
Кіріспе . . .: Майбұршақтың арамшөптерден тазалау . . .
7: 44
: 3. 6
Кіріспе . . .: Өсімдік өнімділігінің құрылымы . . .
7: 45
: 3. 7
Кіріспе . . .: Майбұршақ дәнінің өнімділігі . . .
7: 47
:
Кіріспе . . .: Еңбек қорғау . . .
7: 49
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
7: 53
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
7: 54

Кіріспе

Дәнді бұршақ дақылдарына ақуызға бай кең ауқымды қосжарнақты өсімдіктер тобы біріктіріледі. Дәнді бұршақ тұқымдасы барынша филогенетикалык жас және формалары бойынша аса көптүрлілігімен ерекшеленеді. Оған малазықтық және дәнді дақылдардың көпшілігі (асбұршақ, ноқат, сиыржоңышқа, атбас бұршақ, ноғатық, бадана, жасымық ж. б. ) жатады.

Екпе (танаптық) дакылдарды жүйелеуде біздің елімізде дәнді бұр-шақ дақылдарын дәнді астық дақылдарымен бір топқа (дәнді дақылдар) біріктірілген, ал халықаралық ФАО жүйесінде оларды жеке топқа бөлген.

Олардың негізгі ерекшелігі - түйнек бактерияларының көмегімен күн сәулесінің энергиясымен атмосферальқ азотты байланысқан азотқа айналдырады да, көп мөлшерде тұқымдары мен бүкіл өсімдігінде ақуыз жинақтайды.

Дәнді бұршақ дақылдары егіншілікте үш басты мәселелерді шешуге көмектеседі: астық өндірісін арттыруда белгілі бір рөл атқарады, өсімдік белогі мен топырақтың құнарлылығын арттырады.

Барлық дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік массасында жоғары мөлшерде белок болатындақтан тағамдық және мал азықтық құндылығымен сипатталады.

Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауәпсіздігі» атты халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтымасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық- өндірістік кешенде жаға технологиялар жасау мен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Майбұршақтың бірінші орында тұруының себебі оның майының өте сапалығы мен өнімінің жоғары болуында. Және де майбұршақтан өсімдік майын алып қоймай, одан басқа да көптеген тамақтар жасауға, ал қалдықтарын мал шаруашылығында кеңінен пайдалануға болатынын ғылыми зерттеулер көрсетіп отыр.

Майбұршақтың қысқаша сапалық қасиетін келтіретін болсақ оның дәнінде 33-45 % ақуыз, 20-25, 7 % май және 25-27 % көмірсулары болатыны анықталған. Онығ күлінде калий, фосфор және әктер көп юолады, майда еритін С, В және Е дәрумендері кездеседі. Майбұршақтың құрамына фитин және санионин кіреді. Осы қасиеттеріне қарай майбұршақ сусамырмен ауыратындарға диеталық тағам ретінде ұсынылған. Және де айта кету керек, майбұршақтың дәнінде қорытылатын протеин арпамен және жүгері дәнімен салыстырғанда 3-4 есе көп кездеседі. Одан басқа дәннің аминқышқылдары (лизин, метионин, триитофан және т. б. ) көптеп кездеседі.

Қазақстанда майбұршақты өткен ғасырдың 60-шы жылдары шаруашылықта өсіре бастады. Біздің селекционер-ғалымдарымыз: карягин А. В., Акилов У. А., Томаровский, Черноголовин В. П. майбұршақтың жаңа сорттарын шығарып, ауылшаруашылық өндірісіне ұсынды. Оның перспективалы сорттары (Эврика, Мисула, Жалпақсай және т. б. ) республиканың көптеген аймақтарында аудандастырылған. Кезінде жаңа сорттардың өсіру агротехнологиялары зерттеліп өндіріске енгізілген.

Алайда 1990-2000-шы жылдары майбұршаққа айтарлықтай көңіл бөлінбей, егістіктегі көлемі азайып кетті. Оның тұқым шаруашылығы да нашарлап және және соның салдарынан өнімі де төмендеді.

Соңғы 4-5 жылдың ішінде майбұршақты егістікте өсіру қайта қолға алына бастады. Оған басты түрткі болған республикада үлкен «Vita» фирмасының құрылуы. Қазір бұл фирма республика бойынша майбұршақ өсірумен айналысып, өсімдік майын шығаратын зауыттар ашты.

Дипломдық жұмыста 2021 жылы жүргізілген майбұршақты себу әдістерінің оның өнімділігіне әсерін анықтауға арналған өндірістік тәжірибеннің нәтижелері келтірілген.

  1. Әдебиетке шолуМайбұршақтың таралуы, халық шаруашылығындағы маңызы

Майбұршақ - ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және ол дүниежүзілік маңызы бар басты мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Майбұршақты жиі түрде таңғажайып өсімдік деп атайды, себебі тұқымның құрамында жоғары мөлшерде ақуыз - 33-тен 45%-ға дейін, 20-дан 25, 7 %-ға дейін май (оның кұрамында холестеролдың болмайтынын атап өткен жөн) және 25-21% көмірсулары бар бар.

Майбұршақтың ақуызы амин қышқылдарымен (өте аз мөлшердегі метионин мен цистиннен басқаларымеи) жақсы теңдестірілген. Ол жоғары сіңімділігімен, суда жақсы ерігіштігмен ерекшеленеді. Майбұршақтың құрамына фитин мен сапонин, дәрумендер мен минералды тұздар кіреді. Күлінде көп мөлшерде калий, фосфор мен известь, майда еритін А, Д,, Е және С дәрумендері болады, ал В2 дәрумені бидай дәніндегіден 6 есе көп. Мұндай құрам майбұршақты тағамдық, техникалық және мал азықтық өсімдік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Оның тұқымдарынан 250-ге дейін ас түрін және әртүрлі өнімдер дайындалады. Майбұршақты диетикалық тағам ретінде диабетпен ауыратын адамдарға ұсынылады. Майбұршақ майы дүниежүзілік өсімдік майлары өндірісінде алғашқылардың бірі болып табылады. Ол тағамға, тігін өнеркәсібінде, сабын қайнатуға, клеенка шығаруда, линолеум, пластмасс өндірістерінде пайдаланылады. Рафинадталған майбұршақ майы тікелей асқа пайдаланылады, маргарин мен майонез алуға, сонымен бірге фармацептикалық препараттар кұрамында қолданылады. Оны смола мен пластмасса, сыр мен лак, желім, тығыздағыш кұрамдар, дезинфекциялық құралдар, инсектицидтер, матаға сіңіргіш, сабын және басқа өнімдер шығаруға қолданады.

Майбұршақ - бағалы мал азықтық дақыл. Мал азықтық мақсатқа күнжарасы, шроты, майбүршақ үнын, жасыл массасын пайдаланады. Күнжарасы мен шроты маңызы бойынша майынан да бағалы. Оның құрамында 60 % дейін белок (құрғақ затқа есептегенде) болады және он жоғары белокты концентрат болып табылады, өйткені ол жануарлар рационын сіңімді протеинмен теңдестіреді. 1 тонна майбұршақ белок пен амин қышқылдары құрамы бойынша 10 тонна құрама жемді теңдестіреді. Майбұршақтың 100 кг жасыл массасында 21 а. о. және 3, 5 қорытылатын протеин болады. Онымен жануарларды жас күйінде, көмірсулы мал азықтарымен араластырып сүрлем немесе шөп ұны түрінде азықтандыруға болады. Сабанын қойларға мал азығы ретінде пайдаланады. [1] .

Майбұршақ бұршақ дақылы ретінде топырақты азотпен байытады. Оның егінін жинағаннан кейін 1 га танапта 70-80 кг сіңімді азот жинақталады. Отамалы дақыл ретінде - (жақсы күтім болғанда) майбұршақ танапты арамшөптерден таза қалдырады және көптеген екпе дақылдарға бағалы алғы дақыл болып табылады. Оны сидерат ретінде де пайдалануға болады.

Дақылдың тарихы . Майбұршақтың шыққан отаны Оңтүстік Шығыс Азия, мұнда оны біздің эрамызға дейін 6 мың жыл бұрын кеңінен өсірген. Ертеден ол басқа елдерде де өсірілген (Үнді, Жапонияда, Кореяда, Вьетнам және Индонезия елдерінде) . Бұларда майбұршақ өсімдік белогі мен май алудың негізгі шикізаты болып саналады және тағамға түрлі-түрлі күйде қолданылады. Қытайдан майбұршақ егістігі Қиыр Шығысқа енді, мұнда оны ертеден орыс қоныстанушылары өсіреді.

Қазіргі уақытта мәдени майбұршақ Азияда ғана емес Оңтүстік Европада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Орталық және Оңтүстік Африкада, Австралияда, Тынық және Үнді мұхиттары аралдарында экватордан 55-60° белдеуге дейін кеңінен өсірілуде.

Дәнді бұршақ дақылдары арасында майбұршақ дүниежүзінде бі-рінші орында, оны 40-тан астам елдерде 52 млн. га егістікте өсіреді. Негізгі өндірушілері АҚШ - 25 млн. га, Қытай - 15 млн. га, Бразилия - 2, 3 млн. га.

ТМД елдерінде майбұршақтың негізгі аудандары Приморье, Хабаров өлкелері болып табылады. Келешекті майбұршақ өсіретін аудандарға Молдованы, Украинаның орманды-дала және солтүстік далалық аудандарын, Орта Азия, оңтүстік Қазақстанды жатқызуға болады. Қазақстанда майбұршақ өсірудің орасан зор потенциалына қарамай, оның өндірісі ауыл шаруашылығы саласында қосалқы рөл атқарады, оны өсіру басқа елдердегі сияқты ауқымды бола алмай тұр. Біздің еліміздегі майбұршақ дақылының егістік ауданының негізгі бөлігі Алматы және Жамбыл облыстарында шоғырланған.

Тұқым өнімі Қиыр Шығыстың, Грузияның, Краснодар өлкесінің озат шаруашылықтарында 20-25 ц/га, ал суармалы жерлерде - 30-40 ц/га дейін, дүниежүзілік орташа өнімі 18, 0 ц/га, ал Қазақстанда орта есеппен 2004-2008 жылдары-1 6, 1 ц/га болды [2] .

Майбұршақ ертеден келе жатқан және ол дүниежүзілік маңызы бар басты мәдени өсімдіктер қатарына жатады. Майбұршақты жиі түрде «таңғажайып өсімдік» деп атайды, себебі тұқымның құрамында жоғары мөлшерде ақуыз 33-45%, 20-25, 7% май (оның құрамында холестеролдың болмайтынын атап өткен жөн) және 25-21% көмірсулары болады [3] .

Майбұршақтың ақуызы амин қышқылдарымен (өте аз мөлшердегі метионин мен цистиннен басқаларымен) жақсы теңдестірілген. Майбұршақтың құрамына фитин мен сапонин, дәрумендер мен минералды тұздар кіреді. Күлінде көп мөлшерде калий, фосфор мен әк, майда еритін А, Д, Е және С дәрумендері болады, ал В 2 дәрумені бидай дәніндегіден 6 есе көп. Мұндай құрам майбұршақтағы тағамдық, техникалық және мал азықтық өсімдік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Оның тұқымдарынан 250-ге дейін ас түрін және өнімдер дайындалады.

Майбұршақты диеталық тағам ретінде диабетпен ауыратын адамдарға ұсынылады. Майбұршақ пен оның өнімдері шығыс азиялық және вегетариандық кухнияларда кеңінен қолданылады.

Майбұрашақ майы дүниежүзілік өсімдік майлары өндірісінде алғашқылардың бірі болып табылады. Ол тағамға, тігін өнеркәсібінде, сабын қайнатуға, клеенка шығаруға, линолеум, пластмасс өндірістерінде пайдаланылады. Рафинадталған майбұршақ майы тікелей асқа пайдаланылады, маргарин мен майонез алуға сонымен бірге фармацептикалық препараттар құрамында қолданылады. Оны смола мен пластмасса, сыр мен лак, желім, тығыздағыш құрамдар, дизенфекциялық құралдар, инсектицидтер, матаға сіңіргіш, сабын және басқа өнімдер шығаруға қолданылады.

Майбұршақ-бағалы мал азықтық дақыл. Мал азықтық мақсатқа күнжарасы, шроты, майбұршақ ұнын, жасыл массасын пайдаланады. Күнжарасы мен шроты маңызы бойынша майынан да бағалы. Оның құрамында 60% дейін ақуыз болады және онан жоғары белокты концентрат болып табылады, өйткені ол жануарлар рационын сіңімді протеинмен теңестіреді. 1 тонна майбұршақ белок пен амин қышқылдары құрамы бойынша 10 тонна құрама жемді теңестіреді.

Майбұршақтың 100 кг жасыл массасында 21 және 3, 5 қорытылатын протеин болады. Онымен жануарларды жас күйінде, көмірсулы мал азыұтарымен араластырып сүрлем немесе шөп ұны түрінде азықтандыруға болады. Сабанын қойларға мал азығы ретінде пайдаланады[3, 4, 5] .

Майбұршақ бұршақ дақылы ретінде топырақты азотпен байытады. Оның егінін жинағаннан кейін 1 га, танапта 70-80 кг сіңімді азот жинақталады. Отамалы дақыл ретінде- майбұршақ танапты арамшөптерден таза қалдырады және көптеген екпе дақылдарға бағалы алғы дақыл болып табылады. Оны сидерат ретінде де пайдалануға болады [6] .

Айта кету керек, егіншілікте ең арзан және қолайлы азот көзі болып «биологиялық азот» жатады. Оның маңызы егіншілікте өте жоғары. Ғалымдардың мәліметінше өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының топырақтан сіңіріп, өнімдерімен шығарылатын азот көлемін минерал тыңайтқыштарымен тек 17-20% ғана қайтарылады екен.

Сол себепті бұршақ дақылдарының соның ішінде майбұршақтың «биологиялық азот» түзіп, топыраққа қайтаруы нәтижесінде оның құнарлығын қалпына келтіруі өте маңызды болып есептеледі.

Топыраққа биологиялық азоттың толығуы бұршақ тұқымдастарының жұмысына байланысты.

Өсімдік тамырында түйнек бактериялары қарқынды түзілсе, соғұрлым дақылдың өнімі де жоғары болады. Және де түйнек бактерияларының ауадан азот сіңіріп топыраұты азотпен байытса, алынатын дәндегі ақуыз мөлшері де көбейеді.

Қазіргі кезде бұршақ тұқымдас өсімдіктердің ауадан азот қабылдау үрдістері топырақ түрлеріне және ауа райына байланысты екені анықталды.

Мұндай ерекшеліктер Қазақстанның ғылыми-зерттеу егіншілік институтында арнайы вегетациялық тәжірибеде анықталды (кесте 1) .

Майбұршақтың вегетациялық тәжірибе бойынша азот қабылдау көрсеткіші

Тәжірибе үлгісі
Өсімдіктегі азот мөлшері, кг/га
Өсімдіктің азот пайдалануы, кг/га
Азот түзуі, %
топырақтан
ауадан
Тәжірибе үлгісі: қара топырақта
Өсімдіктегі азот мөлшері, кг/га: 114, 7
Өсімдіктің азот пайдалануы, кг/га: 114, 7
Азот түзуі, %: -
-
Тәжірибе үлгісі: қара топырақта +нитрагин
Өсімдіктегі азот мөлшері, кг/га: 250, 7
Өсімдіктің азот пайдалануы, кг/га: 98, 8
Азот түзуі, %: 151, 7
68, 0
Тәжірибе үлгісі: ашық қызғылт топырақ
Өсімдіктегі азот мөлшері, кг/га: 86, 1
Өсімдіктің азот пайдалануы, кг/га: 86, 1
Азот түзуі, %: -
-
Тәжірибе үлгісі: ақшыл қызғылт+нитрагин
Өсімдіктегі азот мөлшері, кг/га: 161, 5
Өсімдіктің азот пайдалануы, кг/га: 68, 9
Азот түзуі, %: 103, 6
62, 0

Кесте-1

Жамбыл облысының ақшыл қызғылт топырағында суармалы егістікте далалық өндірістік тәжірибеде дәнді бұршақ дақылы ауадан 186, 8-339, 1 кг/га азот қабылдағаны анықталған немесе бұл көрсеткіш 61-71, 8% болған [1. 6] .

Сонымен қатар тәжірибеден белгілі болғандай бұршақ тұқымдас дақылдардың ауадан азот қабылдау қаситеттерінің әртүрлі болуы. Оны мына кестеден көруге болады. (кесте 2 )

Дәнді-бұршақ дақылдарының азот түзу ерекшеліктері

Дақылдар
Азот байлауы кг/га
Барлық азот кг/га
Өсімдіктен пайдалануы кг/га
Азот түзілуі %
дәнінде және сабанында
тамырында
Топырақтан
ауадан
Дақылдар: Майбұршақ
Азот байлауы кг/га: 281, 0
Барлық азот кг/га: 154, 1
Өсімдіктен пайдалануы кг/га: 449, 1
Азот түзілуі %: 121, 5
295, 6
61, 2
Дақылдар: Бөрі бұршақ
Азот байлауы кг/га: 205, 5
Барлық азот кг/га: 132, 2
Өсімдіктен пайдалануы кг/га: 357, 7
Азот түзілуі %: 128, 0
327, 7
61, 8
Дақылдар:
Азот байлауы кг/га:
Барлық азот кг/га:
Өсімдіктен пайдалануы кг/га:
Азот түзілуі %:
Дақылдар: Ноғатық
Азот байлауы кг/га: 326, 0
Барлық азот кг/га: 139, 4
Өсімдіктен пайдалануы кг/га: 365, 4
Азот түзілуі %: 126, 7
246, 7
48, 4
Дақылдар: Ас бұршақ
Азот байлауы кг/га: 139, 4
Барлық азот кг/га: 166, 4
Өсімдіктен пайдалануы кг/га: 304, 3
Азот түзілуі %: 149, 5
176, 8
60, 0

Кесте-2

Кестеде көріп отырғанымыздай бұршақ дақылдарының ауадан азот қабылдап, топыраққа енгіуі әртүрлі болатыны анықталған. Және де айта кету керек дәнді бұршақ дақылдары көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерге (жоңышқа, эспарцет) қарағанда топырақта азот байлауы төмендеу. Мысалы, жоңышқа топырақта 100-150 кг/га азот қалдырады. Көпжылдық шөптердің бір жерге 2-4 жылға дейін өсуіне байланысты деп түсіндіруге болады. Ал дәнді бұршақ дақылдары тек 3-4 ай ғана өсіп азот түзеді[1] .

Майбұршақты кейбір кондитерлік өндірісіне пайдаланады. Және де оны мал азығына кеңінен қолданады. Майбұршақтың толық піспеген дәнінен концерві, әртүрлі соустар және күнжарасынан майбұршақ сүтән жасайды.

Майбұршақ дәнінен жасалған ұн және оның күнжарасы мал шаруашылығы үшін өте құнды белок концентраты болып есептеледі. Күнжарасындағы белоктың мөлшері 47%, ұнында 40% дейін жетеді. Майбұршақтың 1 кг дәнінде 1, 31-1, 47 азықтық өлшем және 275-338 қорытылатын протеин болады.

Майбұршақты судан шөбімен, жүгерімен, қонақ жүгерімен қосып себу өте тиімді екенін көрсетті.

Осындай қоспалардың 100 кг көк балаусасынд 21 азықтық өлшем, 100 кг пішенінде 51 азықтық өлшем болады. Майбұршақтың көк балаусасының әр гектардан орташа өнімі 25-30 тонна, дәнінің өнімі орташа 35-40 ц/га.

Дәнін ұн қылып малға бергенде ондағы лизиннің мөлшері құрғақ ашытқыдан кем түспейді де, сүт ұнтағынан асып түседі.

Майбұршақтың көк балаусасынан таза күйінде не болмаса астық тұқымдас шөптермен қосып малға береді. Және де одан белокты-витаминді шөп қнтағын дайындайды. Майбұршақтың пішендегі белоктың, фосфордың, кальцийдің, каротиннің мөлшері, беде, эспарцет және астық тұқымдастарының пішенінен кем түспейді.

Майбұршақтың сүрлемін барлық малдың түрі сүйсініп жейді. Оның 100кг-да 20, 2 азықтық өлшем және 3, 5 кг қорытылатын протеин бар. Оны таза күйінде немесе жүгерімен, қонақ жүгерімен, судан шөбімен қосып сүрлемге салады. Майбұршақты осылай сүрлемге салу тиімді екенін көрсетті [7, 10] . Осындай қоспалардың 100 кг көк балаусасында 21 азықтық өлшем, 100 кг пішенінде 51 азықтық өлшем болады.

Майбұршақтың сабанын жемшөп ретінде толық пайдалануға болады, өйткені оның құрамында 3, 9-4, 8% белок, 1, 5-2, 9% май, 34, 5-38, 9 клечатка, 35, 7-37, 3% азотсыз экстрактивті заттар, 4, 8-6, 02% күл бар [8] .

Майбұршақтың дәнінен май алынғаннан кейінгі қалдық-майбұршақ күнжарасын малды семіртіп бордақылауға пайдаланады. Майбұршақтан дайындалған жемшөптер малға және құсқа өте жұғымды, өйткені бір азықтық өлшемдегі протеин мөлшері көп.

Майбұршақтың агротехникалық маңызы зор. Бұл дақыл бұршақ тұқымдас өсімдік болғандықтан тамырындағы түйнек бактериялары арқылы атмосфералық азотты бойына сіңіріп, топырақ құнарлылығын арттырады. Сондықтан майбұршақ басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл. Және де оны жасыл тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады.

Химиялық құрамы бай, әрі малға жұғымдылығына қарай майбұршақты пайдалану әдістері көп. Сол себепті оның егіс көлемін Қазақстанда көбейту бүгінгі күннің міндеті болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысы, Іле ауданының табиғи-климат жағдайы
Майбұршақты республика өңірлерінде өсіру
Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Майбұршақ дақылы, үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар
Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау
Аймақтың топырақ жағдайлары
Дақылдың тарихы
Топырақ - климат жағдайлары
Дәнді дақылдарды жинау
Өсiмдiк шаруашылығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz