Тұқымды себуге дайындау және себу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Бегислам Диар Абдығалиұлы
Жұмыс тақырыбы: "Жамбыл облысы, Байзақ ауданы жағдайында қант қызылшасын өсірудің ресурс үнемдеу технологиясы"
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080100- Агрономия
Алматы 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Агробиология факультеті
Агрономия кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
" Жамбыл облысы, Байзақ ауданы жағдайында қант қызылшасын өсірудің ресурс үнемдеу технологиясы "
Беттер саны Сызбалар мен көрнекі материалдар саны Қосымшалар
Орындаған: Бегислам Диар
2021 ж. « » қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі профессор Кененбаев С. Б. (қолы)
Жетекшісі қауым. профессор Жоламанов Қ. К. (қолы)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау Баядилова Г. О.
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы Уразалиев К. Р. (қолы) (аты-жөні)
Алматы 2021
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Агробиология» факультеті
Мамандығы «Агрономия»
«Агрономия» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Бегислам Диар Абдығалиұлы
Жұмыс тақырыбы: " Жамбыл облысы, Байзақ ауданы жағдайында қант қызылшасын өсірудің ресурс үнемдеу технологиясы "
Университет бойынша 2021 ж « ___ » № ___ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі: 2021 ж « ___ »
Жұмыстың бастапқы деректері:
" Жамбыл облысы, Байзақ ауданы жағдайында қант қызылшасын өсірудің ресурс үнемдеу технологиясы"Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
1.
2.
3.
4.
5.
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі, профессор Кененбаев С. Б. (қолы)
Жұмыс жетекшісі, қауым. профессор Жоламанов Қ. К. (қолы)
Тапсырманы орындауға, студент Бегислам Д.
қабылдадым (қолы)
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Кафедра меңгерушісі, профессор Кененбаев С. Б. (қолы)
Жұмыс жетекшісі, қауым. профессор Жоламанов Қ. К. (қолы)
Тапсырманы орындауға, студент Бегислам Д.
қабылдадым (қолы)
Кіріспе
Қазақстан Республикасы егемендік алған 30 жылдың ішінде оның бүкіл халық шаруашылығы салаларында талай-талай өзгерістер болды, соның ішінде ауыл шаруашылығында түбегейлі қайта құру жүргізілді.
Біріншіден, бұрынғы ірі шаруашылықтар, яғни кеңшарлар мен ұжымшарлардың орындарына көптеген жекеменшік және әр түрлі шаруа қожалықтары құрылды;
Екінші жағынан, жер ұзақ уақыт жалға берілді;
Үшіншіден, бұрынғы өкімет қарамағындағы жерлердің көпшілігі жеке меншікке сатылып, жаңа жер иелері пайда болды;
Төртіншіден, ауыл шаруашылық өндірісіне жаңа техникалар мен машиналар пайда болды. Олар кешенді агрегаттар болғандықтан бір жүргенде бірнеше операцияларды жүзеге асырады.
Қазақстанның ең байлығы жер, оның құнарлығы, бірақ кейінгі жылдары оның құнарлығы әртүрлі себептермен төмендеп кетті. Оны бұрынғы деңгейіне жеткізу бүгінгі басты өзекті мәселе. Әрине, оны жоғарлатудың әр түрлі тәсілдері бар. Солардың ең бастысы ауыл шаруашылық өндірісіне шаруашылық дақылдарының өсірудің инновациялық технологияларын қолданып, топырақтың құнарлығын жоғарлату арқылы, республиканың басты әрі бағалы дақылы бидайдың, оның ішінде республиканың оңтүстік өңірлерде өсірілетін күздік бидайдың өсіру технологиясын жетілдіріп, оның өнімділігін жоғарлату.
Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауәпсіздігі» атты халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтымасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық- өндірістік кешенде жаға технологиялар жасау мен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Еліміздің оңтүстік, оңтүстік суармалы аймақтарында қант қызылшасын өндірудегі мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Қант қызылшасының қанттылығы жоғары тұрақты мол өнім өсіру жүйесінде, өте сапалы әрі тұрақты өнім алуда, осы дақылдың тұқым шаруашылығы аса маңызды роль атқарады. Өнімнің өсуінің 100 агротехника, сорт, мелиорация т. б. шаралардың үлесіне тиеді деп есептегенде, дақылды зиянкестерден қорғамаса сол өнімнің 70 - нан айырылып қалу қауіпі бар. Қант қызылшасы бағалы техникалық дақыл болып келеді. Оның халық шаруашылығнда ерекше орын алатыны айтпаса да белгілі. Тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде орташа есеппен алғанда 17-19 қант болады.
Республикадағы барлық қант қызылшасы шикізат өндірісінің 60 жуығы Жамбыл облысының үлесіне тиеді. Қазақстанда 1990 жылы қант қызылшасының егіс көлемі 42 мың гектар болды. Оның 1981-1985 жылдар ішіндегі орташа өнімділігі әр гектардан 256 ц болса, 1990 жылы бұл 268 ц жетіп, 1127 мың тонна тәтті түбір жиналды. (3, 4)
Қант қызылшасын өсіру әдісінде жұмсалатын шығынның аз, ал өнімнің өзіндік құны 2-3 есе арзан болуы, оның өсіру барысында қызылшаны сирету, жинау,, бірлеу, тамыр жемістерін сақтау, көктемгі өскіндерін бірлеп, тұқымдық түйнектерін іріктеп алу, қайта іріктеу, отырғызу және зиянкестерден қорғау қант қызылшасын өсірудің негізгі жүйелік технологиясы болып табылады.
Қант қызылшасын өсіру және өндіру бойынша 60 пайызға жуық бөлігін Жамбыл облысы болғандықтан жыл өткен сайын қант қызылшасын өсіру технологиялары және де жұмысқа кеткен шығындардың санын азайту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Соңғы жылдары қант қызылшасын өсіруде тәжірибелер нәтижесі көрсеткендей тамшылатып суғару әдісі жиі қолданылуда. 2019 жылы аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 17, 5 млрд теңгеге немесе жалпы өнімнің 0, 4%-ына жетті. АӨК мемлекеттік бағдарламасында 2021 жылы 25 млрд теңгеге дейін немесе 0, 5% дейін, ал 2030 жылға қарай саланың жалпы өніміндегі үлесін 1% дейін жеткізу көзделген.
Дипломдық жұмысты Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Жамбыл облыстық инспектурасы»-нда өткізген болатынмын. Бұл мекеменің мақсаты шет елден келген сорттарды және де мемелекетімізде шығып жатқан жаңа сорттарды егіп, өсіріп, өнімділігін тексеру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы жағдайында қант қызылшасын өсірудің ресурс үнемдеу технологияларымен танысу, биологиялық ерекшеліктерін және оңтайлы даму сатысын анықтау, жаңа технологиялардың пайдалы болуын анықтау.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- Ресурс үнемдеу технологиялары түрлерімен танысу
- Технологияларды қолдану барысында экономикалық тиімідлігін есептеу
- Әдебиетке шолуҚант қызылшасының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Қант қызылшасы - ала бұталар тұқымдасына жататын «Beta» туысына жатады және қант қызылшасы тағаамдық және мал азықтық қызылша түрінде тараған.
Қант қызылшасы - екі жылдық шөптесін өсімдік. Тұқымы 4-5 0 жылылықта өне бастайды, қаулап көктеуі (3-4 күнде) +20 0 температурада болады. Егілген жылы ол тамыржеміс пен жапырақтар түзеді, ал бірінші жылдың аяқ шенінде тамыр жемістері әбден үлкейіп толысады.
Қант қызылшасының тұқымын алу үшін, алғашқы жылғы құралған тамыржемістерді екінші жылғы көктемге дейін тиісті орындарда сақтайды.
Келесі жылы көктемде бұларды топыраққа қайтадан шаршы-ұялап отырғызады. Осыдан кейін тамыржемістерден жаңа жапырақтар мен гүлдері бар сабақтар өсіп, олар тұқым бере бастайды.
Бірінші жылы себілген тұқымнан жуандалған тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Тұқым себілгеннен кейін, бір аптадан соң егін көгі шығады, ал 8-10 күннен кейін, алғашқы қос жапырақ түзіледі. Алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде өсімдікті сирету керек. Өйткені, тығыз көктеп шыққан өсімдіктер бірін- бірі қысып, жапырақтардың және сағақтардың ұзаруына, қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады. Дер кезінде сиретілмеген қызылшадан келешекте мол өнім алуға болмайды. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос-қостан, ал одан кейін бір- бірден пайда болады. Жалпы қызылшаның өсіп даму кезеңінде 50-70, кейде 90-100 жапыраққа дейін пайда болады, олардың әрқайсысының тіршілігі 25-70 күнге дейін созылып отырады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімдік дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Қызылшаның тамыр жүйесі 2, 5 м тереңдікке және 1, 0-1, 2 м-ге дейін жан-жағына тарайды.
Қант қызылшасының жапырақтары сабақты, пішіні жүрек тәріздес, жиектері тегіс немесе ирек - ирек болып келеді. Жапырақ сабақ пен алақаннан тұрады. Қызылшаның жапырағында көптеген тыныстық саңылаулар болады. Тыныстық саңылаулар деп - пішіні жаңа туған ай тәріздес, екі клетканың арасындағы саңылауды айтамыз. Осы саңылаулар арқылы жапырақ күн сәулесінің ықпалымен ауадан көмір қышқыл газын алады. Жапырақ осы саңылаулар арқылы дем алады, суды буландырады және ауаға оттегіні бөліп шығарады.
Қант қызылшасынан мол өнім алуда жапырақтардың маңызы өте зор. Олар ауадан көмір қышқыл газын алып, тұңғыш рет қант құрайды. Тамыржемістің ірі де қантты болуы көбінесе жапырақтардың әрекетіне байланысты болады. Егер қызылшаның жапырақтары мезгілінен бұрын қурай бастаса, онда өнімнің түсімімен қатар сапасы да кеми бастайды.
Жапырақтардың көлемі мен тіршілік ету мерзімі әр түрлі болады. Өсіп- өнудің орта кезінде құралған жапырақтар, басқа мерзімде шыққан жапырақтарға қарағанда ұзағырақ тіршілік етеді.
Өсімдік жаздың бірінші жартысында көп жапырақ шығарады. Жапырақтың көлемі де шығу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады, мысалы ерте шыққан жапырақтар алақандарының аумағы 20-30, ал кейінірек шыққандарынікі - 200-400 шаршы сантиметр шамасында болады.
Қант қызылшасының гүлдері қос жынысты, жел мен жәндіктердің әсерімен айқас тозаңданады. Қант қызылшасының гүлдері алабота гүлдері тәрізді бірнешеуі бірігіп тұрады, мұны шоқ гүл дейді. Бір шоқта 2- 6 гүлі болады. Әрбір гүлде бес аталық гүлі мен аналық гүлі болады. Аталық гүл жіңішке жіпшеден және тозаң қаптан тұрады. Ал аналықтың өзі бірнеше бөлшектерден құралған. Мұнда тозаң қонатын аналық ауыз мен жатын гүлі болады. Қызылша тұқымының пішіні мен құрылымы дәнді дақылдардан өзгеше. Мұның бірнеше дәндері бір-бірімен тұтасып, өсіп құралады, сондықтан қызылшаның тұқымын дән деп атамай, шоғырмақ деп атайды. Бір шоғырмақта екіден алтыға дейін тұқымша болады. Бұлар себілгеннен кейін әр шоғырмақтан бірнеше сабақшалар өсіп шығады. Кейін сабақшалар бір-бірімен шырмалып егісті сиретуді қиындатады.
Қант қызылшасы тамыржемісінің түсі - ак, жіпке толған ұршық тәріздес. Бұлар мал азығы қызылшасының тамыр жемісіндей емес, түгелдей топырак астында өседі. Тамыржемістің өзі ұзына бойға үш бөлшекке бөлінеді. Олар басы, мойыны және тамырдың нағыз өзі. Тамыржемістің басы деп ең жоғарғы жапырақтарды кескеннен кейін қалған ұшын атайды; ал мойынбас пен нағыз тамырдың аралығында болады, оған жапырақтар мен тамыршалар шықпайды. Ал негізгі тамыржемістің топырақтан қоректік заттар алатын мойын тамыршалары және екі жақ бетінде ойыкшалары болады.
Жақсы баптап күтілген қызылшаның тамыржемісі тәулігіне 80-100 грамм өседі. Өнімді жинау науқанында жеке тамыржемістердің салмағы 6-8, ал кейде 10 килограмға дейін болады.
Қант қызылшасының түсімі мен қанттылығының аз-көп болуы жергілікті жердің ауа райына, топырағына және қолданылған агротехникалық шараларға байланысты. Тамыржемістің қанты негізінен фотосинтез процесінің жүру қарқынына байланысты болады. Бұл процесс жақсы өту үшін қызылша дақылы күн сәулесімен (жарықпен), жылылықпен, ылғалмен үздіксіз қамтамасыз етілуі керек.
Қант қызылшасы - тұзға төзімді дақылдардың бірі, реакциясы рН 7-8 шамасындағы топырақтарда жақсы өседі. Қант қызылшасының сорттары мал азықтық қызылшаға қарағанда тұзға төзімдірек келеді.
Қант қызылшасы қиыршықты құнарлы қара және қоңыр, орташа сазды топырақта жақсы өседі. Құнарлығы төмен, аса тығыз, ауыр сазды топырақта жақсы өспейді.
Тамыржемістің құрылысы. Қант қызылшасының тамыр жемісі конус пішінді, екі тік бороздасы бар, олардан жіңішке тамыршалар өседі. Осы тамыршалар арқылы өсімдік топырақтан ылғал және қоректік заттар алып отырады. Тамыршалар топырақта 1, 5-2, 0 м тереңдікке дейін жайылып, жанында орналасқан тамыршалармен 2м 2 дейін жердің көлемін алып жатады. Қант қызылшасының тамыржемісінің көлденең қимасы 1-суретте келтірілген.
Сурет-1
Тамыржемістің массасы көптеген микроскоптық клеткалардан тұрады. Соның ішінде тамыржемістің алғашқы қорғаныс қабаты - эпидермис (1) клеткасы . Ол тығыз, құрғақ, клеткаға ылғал өткізбейді. 2 - паренхим тканінің клеткасы, мұнда құрамында сахароза және суда еритін заттары бар қызылша шырыны негізінен жиналып, сақталады. 3- өткізуші тканьнің клеткалары арқылы ылғал және қоректік заттар жапыраққа, ал жапырақтан қант және басқа да заттар - тамыржеміске жіберіліп отырады. Қант қызылшасының тамыржемісінің көлденең қимасында тамыр-талшықтары сақина тәрізді орналасқан, олардың саны 10-12, одан да көп болып келеді. Сақина саны көп және тығыз орналасқан сайын, қызылшаның қанттылығы арта түседі. Центрге жақын кәрі тамыр-талшықты сақиналары орналасады, ал алыс жас сақиналары орналасады.
Қант қызылшасы - ылғал сүйгіш дақыл, транспирация коэффициенті 240-400, ал қызылшадан мол өнімді өсіп- өну кезеңінде 300 мм жауын- шашын түскенде алуға болады. Қызылшадан мол өнім алу үшін топырақтың ылғалды болуы шарт. Бір грамм құрғақ зат құрау үшін қызылшаға жергілікті жағдайларға байланысты (Н. И. Орловский мәліметтері бойынша) 240 - 300 г су керек.
Қант қызылшасы өсімдігіне күн ыстық болса, тәулігіне бір-екі литр, ал өсіп-жетілу дәуірінде 50 - 60 литр су керек. Тамыржеміс бір грамм салмақ құрауға 70 - 90, ал бір грамм қант құрастыруға 450-550 текше сантиметр су пайдаланады. Сонымен қызылшаның гектарынан 400-450 центнердей өнім алу үшін оған 3000-4000 текше метрдей су жұмсау қажет.
Қант қызылшасына су, әсіресе жаздың ыстық айларында (шілде, тамыз) көп қажет. Бұл кезде қызылшаның жапырақтары да, тамыр жемістері де тез өсіп жетіледі. Егердәл осы кезде ылғал жетіспесе, онда одан алынатын өнім азайып кетеді. Суармалы аудандарда қызылша егісін бұл кезде жиірек суарған дұрыс, ал оның тамыржемісін жерге еккенде топырақ ылғалын молайтудың жалпы комплексті шараларын қолдану кажет.
Қант қызылшасы - екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңнің ұзақтығы 150-170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңнің ұзақтығы 100-125 күнге тең.
Кейде қант қызылшасы бірінші жылдың өзінде гүлденуі мүмкін, онда мұны «сояуланып кету» деп атайды. Мұның өзі көктемнің салқын, күннің ұзаруына байланысты болады. Керісінше, қант қызылшасы екінші жылы гүлденбей, тек жапырақ жайып қана қойса, онда оны «қасарысу» деп атайды. Бұл жағдай тұқымға арналған түбірдің жылы жерде сақталуынан оның тыныс алуы күшейіп кеткендіктен де болады.
Қант қызылшасы тұқым жарнағы жер бетіне шығатын өсімдік. Олар зақымданса алынатын өнімнің мөлшері кемиді.
Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Оның топыраққа себілген тұқымы 2-5°С жылылықта бөртіп, өне бастайды, алайда көктеп шығуы үшін оған ең қолайлы темдература 14-16° шамасында жылылық керек. Өсу кезеңінде жақсы дамуы үшін қолайлы температура 20°С болады.
Қант қызылшасының көктеп шыққан жас өркені - 4-5°С суықтыққа шыдайды, ал суықтық 6-7°С градусқа төмендесе, үсікке шалдығады. Күзде температура 2-4°С болғанда қант қызылшасы өсуін мүлде тоқтатады.
Бірінші күннен бастап-ақ қант қызылшасы суды қажет ете бастайды. Дәнінің бөртіп өнуі үшін оның салмағьның 150-170 процентіндей су қажет. Қант қызылшасы суды тиімді жұмсайтын өсімдіктер қатарына жатады. Оның транспирациялық коэффициенті 240-400-ге тең. Активті температурасы 2200-2400°С. Суды ең көп қажет ететін мерзімі - оның күшті өсетін уақыты, бұл шілде, тамыз айларына сәйкес келеді.
Қант қызылшасы өсу жағдайына өте жоғары талап қояды. Қант қызылшасы тамырында жиналатын қанттың мөлшері жарық қарқынына тікелей байланысты болуынан, жауын шашынды бұлыңғыр ауа райында тамыржеміс өнімділігі мен оның қанттылығы төмен болады.
Қант қызылшасы ұзақ күннің өсімдігі. Күн жарығының ұзақтығы мен қарқыны қызылшаның өсіп-жетілуіне, сондай-ақ қант, көмірсулар түзуіне көп әсер етеді. Жарық жақсы түскен сайын, көмірсулардың синтезделу үрдісі жақсы өтеді. Жарықтың жетіспеуінен қант қызылшасының өнімі мен қанттылығы күрт төмендейді.
Органикалық заттарға бай, құрылымы оңды қара топырақтарда ол жақсы өседі. Сонымен қатар, қант қызылшасы Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы сұр топырағында да тәуір өседі. Оған топырақ ортасының қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (РН-6, 5-7, 5 тең болуы керек) .
Республикада қант қызылшасы негізінен Алматы және Жамбыл облыстарында кәдімгі сұр топырақты жерлерде өсіріледі. Елімізде оның 28 сорты өсіруге рұқсат етілген және кең тарағандары - Ялтушковская односемянная, Ялтушковская односемянная 30, Рекорд, Ризор, Роксанг, Амели, Венера, Георгина, Ленора және будандардан ЦКАЗМС-44, КазМС-19, КазСИБ-14 ж. б
- Қант қызылшасының (бірінші жылғы) интенсивті өсіру технологиясы
Қант қызылшасы тәтті түбірінің өнімділігін және сапасын жоғарылатуда арнайы ауыспалы егісте дақылдың аурулары мен зиянкестерімен тиімді күресуге мүмкіндік туады. Қазақтың егіншілік ғылыми зерттеу институты қызылша өсіретін аудандарға 7-8 танапты (жоңышқа қызылшалы) арнайы ауыспалы егіс кескіндерін ұсынған болатын.
Қазіргі жағдайда фермерлік шаруашылықтарға арналып, екі үш танапты ауыспалы егістер енгізілуде (Байоразов А., 2006) . Мұндай қысқа ротациялы ауыспалы егісте қант қызылшасына жақсы алғы дақыл ретінде майбұршақ, картоп және мақсары ұсынылады.
Әрине, қант қызылшасынан жоғары өнім алу үшін оны арамшөптерден таза, ылғал мен қоректік заттар жеткілікті танаптарға орналастыру керек.
Қант қызылшасы топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар пайдаланатындықтан және оның тамырында көптеген зиянды ұсақ ағзалар орналасуынан қайталама егісті нашар көтереді. Қайта егісте қант қызылшасы зиянкестер мен аурулардан көп зардап шегеді, әсіресе тозған жерлерде.
Қант қызылшасын бәрінен бұрын жақсы өңделген, тыңайтылған ерте екпе сүрі жерден кейін орналастырған дұрыс. Егер күздіктер таза сүрі жерге себілген болса, онда ол танапты бірінші кезекте қант қызылшасына пайдалану қажет.
Ылғал жеткілікті аймақтарда қант қызылшасына, әдетте таза сүрі жерден кейін себілген күздіктер жақсы алғы дақыл болады. Бұршақ дақылдарынан кейін себілсе де қант қызылшасы жақсы өнім береді.
Суармалы жерлерде қант қызылшасының тамаша алғы дақылы жоңышқадан және сүрлемдік жүгеріден кейін себілген күздіктер болып есептелінеді. Бұл жерлерде сүрлемдік жүгері, картоп және көкөніс дақылдары да жаман алғы дақыл болмайды.
Қант қызылшасынан кейін жаздық дәнді және бұршақты дақылдар жақсы өнім береді.
Топырақ өңдеу жүйесі. Қант қызылша танабы тереңге жыртылу тиіс, өйткені өсімдік қуатты тамыр жүйесін қалыптастыруы және микробиологиялық үрдістердің белсенді жүруі, ылғал мен қоректік заттар қорының жиналуы топырақты өңдеуге тікелей байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz