Ежелгі грек антропологиясы
№ 2 дәріс Гранду теориясының мәні мен құрылымы
0.1 Психологиялық және филасофиялық антропология
0.2 Адамды түсінудің принцптеры
Грануд теорияның мəні мен құрылымы
Граунд теория - сапалы социологияның өмір беретін жүйкесі тəріздес. Ол төменнен басталады да, бақылаудың барысында, адамдардың күнделікті іс-қызметінің барысында ашылады.
Граунд теориялар өздерінің идеяларын қарапайым диалогтар барысында дамытады. Граунд теория - сапалық əдістемедегі теориялық білімнің негізгі ұйымдастырушысы. Граунд деген сөз жер бетіндік емес деген мағынаны білдіреді.
Граунд теория деген термин Б. Гласердің жəне А. Страусстің Граунд теорияның ашылуы: сапалы зерттеудің стратегиясы (1967) атты еңбегінде кездеседі. Граунд теориясын белгілеу үшін шетелдік əдебиеттерде екі аббревиатура GT жəне GTM қолданылады. Бүгінгі күні GT - социологиялық зерттеулерде қолданылатын əдістеме, оны жақтаушылардың пікірінше, бұл жақсы ғылым дегенді білдіреді. Граунд теорияның анықтамаларының шеңбері өте кең. Ең бастыларын мысалға алып көрелік. Сонымен, граунд теория дегеніміз ол:
:: Салыстырмалы зерттеудің жалпы əдісі.
:: Жинақталған мəнді, сапалы мəліметтерді ретке келтіретін жалпы əдістеме.
:: Əлеуметтік үдерістерді талдау үшін қолданылатын сапалы ыңғай:
:: Топ немесе адамдар тобы əлеуметтік-психологиялық проблемаларға кез болады деген идеяға негізделген ғылыми ыңғай.
:: Концептуальдық гипотезаларды (болжамдарды) жинақтайтын əдіс.
:: Жеке бір құбылыстарды зерттеу мəліметтерінен индуктивті жолмен алынған теория.
:: Адамдардың іс-əрекетін жеке тұлғаның көзқарасы тұрғысынан ұғынуға ұмтылыс. Əдістемелік тұрғыдан граунд теорияның табиғаты екіжақты: бір жағынан, индуктивті, себебі бақылау мəліметтерінен алынады; екінші жағынан дедуктивті, себебі эмпирикалық тексеруден өтетін жалпы принциптерден тұрады.
Заң антропологиясы. Құқық антропологиясы, заң этнографиясы, құқық этнологиясы - əртүрлі құқықтық жүйелердің теоретикалық жəне эмпирикалық зерттеулерінің жиынтығы. Этнографтар мен құқық нормасының антропологтарын адамдар арасындағы қатынастарын білдіретін тəсіл ретінде қызықтырады. Ресейлік мамандар Соколова З. П., Новикова Н. И., Ковлер А. И. заң антропологиясын адамдардың қоғамдық өмірінің түрлерін жəне адамды əлеуметтік тіршілік иесі деп зерттейтін пəн ретінде қарастырады. Заң антропологиясы адамзаттың құқығы мен құқықтарының алуантүрлілігін оның қалыптасуы мен дамуын зерттейді.
Тарихи антропология - нақты бір елдің тарихын оқып-үйренуде антропологиялық ыңғайды қолдану, сондай-ақ кросс-мəдени зерттеулер жүргізу. Короли-чудотворцы кітабының авторы М. Блок тарихи антропологияның негізін салушы болып есептеледі. Тарихи антропология тəуелсіз əдістемелік бағыт ретінде 1960- 1970 жылдары қалыптасты. Отбасының тарихын, үй шаруашылығы мен туысқандықты оқып-үйрену - тарихи антропологияның дамуының негізгі бағыттарының бірі. Отбасының, топтардың құрылымы мен өлшемі, олардың уақыт барысына қарай өзгеріске түсуі, туысқандық жүйесі, ұрпақтар жəне əйелдер мен ерлердің арасындағы қатынастар - тарихи антропологияның зерттеу тақырыптарының негізгілері болып табылады.
Психологиялық және филасофиялық антропология
Психологиялық антропология. Психологиялық антропо логияның өкілі Ф. Бокктің пікірінше, антропология адамды зерттейтін ғылым болғандықтан ол психологияны да қарастырады. Екі пəнді жалғастырып, біріктіретін көпір психологиялық антропология. Білімнің пəнаралық саласы. Адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық сипатын, ұлттардың өзіндік санасының қызметтері мен қалыптасуының заңдылықтарын оқытып үйретеді. Психологиялық антропология туралы ғалымдардың арасында бірыңғай пікір жоқ. Кейбір ғалымдар психологиялық антропология ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында, кейбіреулері ХХ ғасырдың 20-30 жж. (АҚШ) пайда болды дейді. Алғашқысында психологиялық антропология Мəдениет жəне тұлға деп аталған. 1860 жылы М. Лацарус пен Х. Штейнталь Халықтар психологиясы деп атаған пəн психологиялық антропологияның тарихи алғы саласы бола алған жоқ. Ол антропологияның ерте кезеңі ретінде тілді, мəдениетті, мифологияны, моралды, мəдениетті салыстырмалы түрде зерттей отырып, халық рухының табиғатын ашып көрсетуге ұмтылды. ХХ ғасырдың басында осыған ұқсас идеялар мен концепциялар 10 томдық Халықтар психологиясы деп аталған кітапта басылып шықты. Авторы В. Вундт. Псхологиялық антропологияның саласында ХХ ғасырдың 1-ші ширегінде жаңа кезең басталды, Өкілдері - американ антропологтары М. Мид жəне Р. Бенедикт. Бұл пəн кең таралып қана қойған жоқ, сонымен бірге жаңа Психологиялық антропология деген атауға ие болды. Оған дейін Маргарет Мид пен Руд Бенедикт, т.б. жасаған Мəдениет жəне тұлға деген бағыт үстем болып келді. 30-40 жылдары кросс-мəдени зерттеу деген сəнге айналды. Оның орталық мəселелері - ұлттық сипат, модальдық тұлға. Негізінен балаларды тəрбиелеумен шұғылданды. Бүгінгі күні психологиялық антропология пəнаралық ғылым деген атауын ақтауға ұмтылуда.
Американ зерттеушісі Ф. Бокк психологиялық антропологияның шеңберінде қалыптасқан негізгі мектептердің, парадигмалардың, бағыттардың кестелік жүйесін жасады:
Психологиялық антропология жалпы жəне əлеуметтік антропологиядан зерттеу əдісі емес пəн ретінде ерекшеленеді. Əртүрлі мəдениеттегі адамдар əртүрлі психологиямен қаруланады, психологиясы да əртүрлі болады. Олар мəдениеттің мəнін қабылдау, таным, есте сақтау сияқты психологиялық үдерістер арқылы түсіндіргісі келеді. К. Леви-Стросс антропологияның мəнін бейсаналық ісəрекеттермен шектеуге тырысады. Психологиялық антропология 70-ші жылдан бастап əдістемелік тығырыққа тіреліп отыр. Психологиялық антропология психатрия мен психонанлаизге қарыздар. З. Фрейд, А. Кардинер, Э. Эриксон, Э. Фромм т.б. теория мен практикаға елеулі əсер етті. Психологиялық антропологияның негізгі проблемалары - мəдениет пен ойлаудың, мінез-құлықтың бейсаналық түрлері, сананың өзгерістік жай-күйлері, ұлттық сипат, т.б. мəселелер.
0.3 Адамды түсінудің принцптеры
Философиялық антропология (адам туралы ілім). Адамның табиғатын, мəнін, тағайындалуын оқытатын философияның бөлімі философиялық антропология деп аталады. Адамды зерттейтін басқа ғылымдармен (психология, антропология, этнография) салыстырғанда, философиялық антропология адамды биологиялық, рухани жəне қоғамдық тіршілік иесі ретінде тұтас қарастырады.
Адамның табиғаты, шығу тегі, мəні, тағайындалуы туралы мəселелер діни жəне философиялық ойлар пайда болғаннан бері ойшылдарды толғандырып келді. Бұл мəселенің маңыздылығына Плтон, Аристотель, Августин, Декарт, т.б. ойшылдар үлкен көңіл бөлді. Кант таным, болмыс, мораль туралы философиялық мəселелердің барлығы айналып келгенде Адам дегеніміз не? деген сауалға келіп тіреледі деген болатын.
ХХ ғасырдан бастап, адам проблемасына деген қызығушылық өсіп, философиялық антропология философиялық білімнің жүйесінде көрнекті орын ала бастайды. Қазіргі кездегі философиялық антропологияның қарастыратын мəселелерінің төңірегінде төмендегідей негізгі сауалдар туындады: тарих барысында адамдар қалай өзгеріске ұшырады? Адамды қалай анықтауға болады? Тұлға дегеніміз не? Адам өмірінің мəні не-де?
Əрбір тарихи кезең тəжірибенің, білімнің, мəдениеттің жинақталуына байланысты адамның бейнесін жасады.
Орта ғасыр Теоцентризм Адамды құдай жаратты жəне ол оған тəуелді. Қайта өрлеу Антропоцентризм Адам өзінің тағдырын өзі жасаушы. Жаңа заман Рационализм Адамның мəні оның ақылымен анықталады.
Адамның анықтамасы. Адамның табиғаты ретінде оны басқа тіршілік иесінен ажырататын белгілері мен ерекшеліктерінің жиынтығы түсініледі. Бұндай ерекше қасиеттердің тізімі өте ұзақ болуы мүмкін. Адамның даму теориясы бойынша ондай ерекшеліктерге - ақыл-ой, еңбек ету қабілеті, ұжымдық іс-əрекеті, тіл, мораль жатады. Оған шығармашылық, азаттық, руханилық, сенім, елес, қиял, күлкі, өзінің өмірден өтетінін білетіні жəне де басқа адамдық қасиеттер мен сапалар қосылады. Адамның мəнінің негізгі қасиеті оның ішкі мазмұнын, адамның терең ядросын бейнелеп көрсетеді. Адамның мəндік анықтамасына тоқталайық.
Zoon politikon (саяси жəне қоғамдық жануар). Аристотель өзінің еңбектерінде адамның табиғаты туралы айта келіп, адамның ақылды екендігін, қайырымдылық, зұлымдық, күле білу қабілеттерін атап көрсетті. Адам өзінің мəнін əлеуметтік өмірде ғана жүзеге асыра алады. Адамның қоғамдық мəні туралы айта келіп, К.Маркс Адамның мəні абстракт емес, ол əр адамға тəн. Өзінің ісқызметінде адам бүкіл қоғамдық қатынастардың жиынтығы деген болатын. Бұл тұрғыдан алғанда адам - қоғамдық тіршілік иесі. Бұл дегеніміз адам қоғамға сіңіп жоқ болып кетеді, өзіндік болмысынан айрылады деген сөз емес. Адам ғана қоғамның өнімі емес, қоғам да адамның іс-қызметінің өнімі дегенді білдіреді. Homo sapiens (ақылды адам). Бұл анықтама адамды ақылды тіршілік иесі ретінде қарастырады. Бұл анықтама да Аристотельдікі делінеді. Жаңа заманда бұл анықтама талқылауға жатпайтын, қабылданған анықтамаға айналды. Р. Декарт, адамды ойлай алатын зат деп қарастырды, ал кейіннен адамды биологиялық тіршілік иесі деп анықтағаннан соң
Homo sapiens қазіргі кезең адамын айқындайтын жалпы стандартқа айналды. Адамның ойының күші мен адамның əлсіздігі туралы француз физигі Блез Паскаль (1623-1662) атап өткен. Адам - бар болғаны табиғаттың жаратқан ең əлсіз қамысы, бірақ ол - ойлай алатын қамыс. Оны жоқ ету үшін бүкіл əлемнің қатысуының қажеті жоқ, бар болғаны желдің лебі мен бір тамшы су жетіп жатыр. Бірақ оны Əлем жоқ етіп жібергенімен, бəрібір адам Əлемнен жоғары, себебі ол өзінің өмірмен қош айтысатынын жəне Əлемнен əлсіз екендігін біледі, ал əлем түкте сезбейді. Осылайша, адам ең нəзік тіршілік иесі бола тұра, бізді қоршаған жануар патшалығынан ойлай білуімен, өзін жəне өзін қоршаған ортаны тани білуімен ерекшеленеді.
Homo faber (жаратушы адам). ХІХ ғасырдың соңында Жаңа заман философтарының дүние мен адам мəнінің негізі ақыл-ой деген сенімі шамалы толқуға ұшырай бастады. Нейдерланд философы жəне культурологы Йоган Хейзинга (1872-1945) ол туралы былай деп жазды: Біз, адамдар, жарқын ХУШ ғ. аңғал атап көрсеткендей, соншалықты ақылды емес екеніміз белгілі болғанда, оған қоса олар енді бізді ерекшелендіру үшін Homo sapiens деген атау аз болғандай,
Homo faber (жасаушы адам) деген атауды жапсырды. Адамның жануардан айырмашылығы белсенді түрде өнім өндіреді, шығармашылықпен айналысады, оның іс-қызметі бір нəрсеге бағытталады, құндылық мəні бар жəне шығармашылық тұрғыдан ұйымдасқан түрде жүргізіледі. Шығармашылық адамның мəнді қасиеті ретінде оны (адамды) ауқымды бейнелеп көрсетеді, себебі ақыл-ойдан басқа ол өзінің саласына қиялды, интуицияны, құндылығын, сезімдерін жəне еңбек іс-қызметін қолданады. Жарату дегеніміз адамның жүзеге асыратын алуан түрлі іс-қызметінің (өндіріс, тəрбие, білім, саясат т.т.) негізі. Адамның тас қашаудан бастап, компьютерлерді ойлап табуына дейінгі жетістіктері оның өмірін айқындап береді. Қазіргі заман адамы өзі жасап шығарған техниканың, мəдениеттің əлемінде өмір сүріп жатыр.
Homo ludens (ойыншы адам). Бұл анықтама Й. Хейзинганыкі. Оның пікірінше ойын элементтерінсіз адамның бірде бір мəдени іс-қызметі (соғыс, əділеттілік, философия, өнер т. б.) жүзеге аспайды. Мəдениет ойыннан туындайды, онда адамның тіршілік етуінің ерекше символдық сферасы қалыптасады. Адамды адам еткен еңбек емес, оны адам еткен ойынмен өткізген бос уақыты. Бұл кезде адам өзінің қиялын жүзеге асырады, дамытады, өзге адамдармен араласады, жалпыға бірдей еркін түрде ереже қабылдайды. Басқаша айтқанда, жануарлар дүниесінен адам тек ойынның барысында бүгінгі нағыз көпқырлы, ақиқат адамдық өмірге сытылып шықты.
Homo religiosus (діни адам). Бұл жерде адам құдайдың бейнесі, оның кейпіндегі адам ретінде түсініледі. Христиандық түсінік бойынша, адам азат тіршілік иесі, ол мейрімділік пен зұлымдықтың екеуінің бірін таңдауға құқылы. Адамның мақсаты - мейрімділікке ұмтылу. Адамның мəні наным-сенімнен көрінеді. Сенбеу - зұлымдық жолы. Бұл жол адамды адамгершілік қасиеттен тайдырады. Болу, дəлірек айтсақ, адам болу дегеніміз діндар болу. Осы жоғарыда атап көрсетілгендерден басқа адамның Эрнст Кассирер берген символдық жануар, Эрнст Блох берген қиялшыл адам, Норберт Винер берген қарым-қатынас жасаушы адам, Мартин Хайдеггер берген көңілсіз адам деген анықтамалар да бар. Бұл анықтамалар адамның мəнін символдар ойлап табудан, қарымқатынас жасай білуден, қиялдай білуде, т.б. деп білді. Кейбір теориялар адамның зиянды жақтары мен кемшіліктерін де көре білді. Мысалы, Фридрих Ницше адамды əлсіздігінен, тобырлығынан, пікірінің жоқтығынан, бағыныштылығынан жəне жалған идеалдығынан ауру жануар деп көрсетті. Қоғам тарихын Ницше адамның біртіндеп дамуы деп есептейді. Кейбір философтар адамның басқыншылық қасиетін атап көрсетеді. Бұл қасиет толассыз соғыстардан, қылмыстардан көрінеді, оның ырықсыздығынан көрінеді. Ақырында қоршаған ортаны бүлдіреді, қиратады. Техникалық апаттарға ұшыратады, нəтижесінде бүкіл адамзаттың жойылуына əкеледі. Адам дегеніміз - ол қолына ұстара беріп қойған ақылсыз маймыл (С. Лем). Түсініктеме жəне философиялық сөздіктерден алынған адам ұғымының бірнеше анықтамаларын келтіреміз:
1. Бердяев Н.А. Проблема человека (К построению христианской антропологии) Путь. 1936.№ 50. С.3 - 26.
2. Бердяев Н.А. Откровение о человеке в вторчестве Достоевского. - www.perepltt.ru
№ 4 дәріс. Діни антропологияның негізгі сипаттамасы
4.1 Діни антропологияның даму тарихы
4.2 Негізгі қырлары мен проблемасы
Діни антропология əртүрлі діндердегі адамның мəні туралы ілім. Діни антропология - адамның табиғаты мен мəнін діни ілімнің контекстінде қарастыратын зайырлы гуманитарлық пəн, əртүрлі халықтар мен тайпаларға тəн сипаттамаларды, түрлі əдетғұрыптарды, дəстүрлерді фактілерді жинастырып, жүйелеп берумен шұғылданады. Бұл тұрғыдан алғанда діни антропология этнография, этнология, мəдени антропология т.б. ғылымдармен ұштасады, себебі олар да адамды зерттеумен шұғылданады. Зайырлы антропология бүгінгі күні теорияландыруға аса сақтықпен қарап отыр. Діни антропология əдет-ғұрыптарды, дəстүрлерді нақты, дəл бейнелеп беруге ұмтылады. Басты назарды ірі діни бағыттарға емес, ұсақ, маргинальдық, экзотикалық, жазу-сызуы болмаған тайпаларға аударады.
Қазіргі кездегі ғылымда дін - мəдениеттің бір бөлігі дейтін пікірлер басым. Діни антропологияның зерттейтін пəні - адам, оның сенімі, діни көзқарасты күнделікті тұрмысқа, мəдениетке енгізу. Діни антропология ағылшын тілдес елдерде, соңғы он жылдың ішінде Францияда жəне континентальдық Еуропаның басқа елдерінде де дін туралы ілім, мəдениеттің бір бөлігі болып есептелінеді.
Діни антропология адамзатты бірнеше қырлар арқылы қарастырады. Мысалы, протогологиялық қыр: адамның шығу тегі мен (антропогенез), əрбір жеке адамның пайда болуын (онтогенез) жəне бұндай бастаманың шешуші рөлін мақұлдайды; адам табиғаттағы жоғары бастама екендігін жəне оның табиғатының екі жақтылығын (тəн, жан) бөліп көрсетеді; адамның құндылығын (аксиологиялық қыр) бағалайды; адамның күнəға бататындығы (хамартиология) туралы сөз етеді; өлімнен кейін де тіршіліктің жалғасуы, адамдардың алғашқы бастамаменбірігетіндігі туралы (эсхатологиялық қыр, танатология) мəселелерді қарастырады. Мифтерде, діни аңыздарда жəне теологиялық доктриналарда адамсакральдық қатынастар тұрғысынан түсінілді де, діни, құдайға қатынасты тіршілік иесі ретінде қарастырылды. Құдайшылдық туралы түсініктердің өзінде адамның мəндік күші - шығармашылығы іс-қызметі абсолюттендірілді. Əр кезеңде жəне барлық халықтарда барлық рухтар мен құдайлардың басты сипаттары - құдіреттілік пен белсенділік. Діни антропология қай кезде де құдайға сəйкес келетін адам туралы, оның автономиясы мен теономиясының (бостандығы мен сакральдық тəртіп пен заңдылыққа бағынатын) шектері туралы ілім. Бұдан əрі қарай көне заманнан күні бүгінге дейінгі діни антропологиялық идеялардың даму тарихына тоқталамыз.
М. Бубер бойынша антропологиялық идеялардың даму схемасы Мартин Бубер өзінің Адам проблемасы (1948) деген еңбегінде антропологиялық идеялардың даму схемасын береді. Оның идеясы бойынша 3 кезең бар. 1-ші кезең - орнығу (жайлану) кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде антикалық кезеңде антропология тұтастай ғарышкерлікпен бірлікте, яғни адам əлемнің бір бөлшегі ретінде түсінілді.
Антикалық кезеңде əлем өзімен-өзі болады, онша үлкен емес, қиялдауды тудыратын уақыттық та, кеңістіктік те константа болған жоқ. Əлемде тек фатум ғана бар, зұлымдық атаулы əлемдік үдерістің бір бөлігі болып саналады, құдайдың еркіне қарсы шығу деген болмайды. Адам əлемде ұғынықты орын алған, оның өмірдегі рөлі түсінікті, оған онда жайлы, онда метафизикалық мəселелер деген жоқ.
Адам жер бетінде белгілі бір міндет атқаратын ақылды, саяси жануар. Адам əлі өзін тұлға ретінде түсіне қойған жоқ, ол полис (қала) - машинаның тетігі - қоғамның бөлшегі. Осы аталған көзқарас біртіндеп дағдарысқа ұшырап, антропологиялық үлгініңің коллапсы басталады. 2-ші кезең - үйсіздік кезең деп аталады. Антикалық дүниеде діни ізденістер басталып, манихейлік, неоплатонизм, христиандық мəңгілік идеясын алып келген діндермен алмастырыла бастайды. Бұл идея классикалық грек санасына тəн емес еді. 4-ші ғасырға қарай тақуа Августиннің кезінде бұл дағдарыс өзінің шегіне жетті. Тақуа Августин өзінің Тəубе деп аталатын еңбегінде адам туралы мен, тұлға ретінде сөз етеді. Августин адам туралы антропологиялық сауалды: Адам деген не? деп емес, Нені адам дейміз, сені оны есіңе түсіре аласың ба? деп жаңа қырынан қояды (8 пс.:). Осы сауалға Августин өзінің Тəубе деген еңбегінде жауап береді. Міне осы кезеңнен, шамамен 4-ші ғасырдан бастап адам үшін жаңа метафизикалық үй салына бастайды - христиандық өркениет басталады. Түсінікті схематикалық ортағасырлық антропология басталады. Бұл кезеңде де адамға бəрі түсінікті жəне айқын болды. Адам деген не, оған не берілген деген сұрақтарды қойып, оған жауап іздеп мазаланудың қажеті жоқ. Жаңа үйдің бейнесі - Айшық болды. Онда адамның өмірге келген күнінен өмірінің соңына дейінгі, жұмақтан тозаққа дейінгі жолы айқындалды. Осының барлығы адамның қатынасуымен өтеді.
Христиандық антропологиялық модель (үлгі) шамамен он ғасырға созылды. Одан кейін адамзат - 2-ші үйсіздік кезеңнің үшінші сатысы Қайта Өрлеу дəуіріне көшті. Еуропалық адамзат Галилейдің, Коперниктің алғашқы ғылыми жаңалықтары мен Бруноның ісқызметімен танысты. Ең басты қадам - шексіздік ұғымының енуі болды.
Бруно, жер əлемнің орталығы емес деген жаңа дүниетаным ұсынды. Блез Паскаль шексіздіктегі адам дегеніміз не? деген жаңа сауал қойды. Жаңа əлемдегі адамдар тұратын метафизикалық үйдің жаңа түрлері іздестірілді. М.Бубер бойынша, біз қазір антропологиялық үлгілері сансыз, бірақ үйсіз кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ олардың бірде-біреуі үстемдік ете алмайды. Ал үстемдік үлгі болмаған жерде адамзат ізденіске, беймаза күйге түседі. Қандайда бір құндылықтарға сүйенген антропология болмаса, тұлғалық негіз болмаса, онда адам да, тұлға да түкке тұрмайды. Олай болса, христиандық тұжырымдаған персонализм дегеніңіз негізсіз болып шығады.
Аум мəдениетінің негізгі антропологиялыкатегориялары: ведалық дəстүр. Үнді өркениетінде, аум (ом) сөзі тұңғыш рет Упанишадтакездеседі, онда ол төрт əріптен тұрды. Мандукьяупанишадада оған 4 ахуалдың жағдайы деген түсінік беріледі: 1) сергектік ахуалы (жалған); 2) түс көріп ұйықтау ахуалы (жалған, бірақ біріншіден жақсырақ); түс көрмей ұйықтау ахуалы (адам жалғандықтан арылады); 4) ұйқыдағы да емес, сергек те емес ахуал (ақиқат, сананың еркіндігі). Сананың еркіндігі үнді мəдениетінің ең жоғарғы идеясы - Мокша (индуизм), Нирвана (буддизм). Тұлғаның бүкіл болмысына тарту, Брахманның таза санасымен біріге алатын таза санаға қол жеткізу.
Үнді өркениетінің əлеуметтік жəне интеллектуальдық даму үдерісінде бірнеше діни жəне философиялық мектептер (санскритше -darsana - көзқарас) пайда болды, олар үндінің тарихи-философиялық дəстүрінде екі топқа бөлінді - astika (Ведалардың сакральдық беделін мойындамайтын). Соңғы топқа буддизм, джайнизм, локаята, бірінші топқа - санкхья, йога, ньяя, вайшешика, миманса мен веданта жатады, алғашқы төртеуі өз теорияларын күнделікті тəжірибемен байсалды ой елегінен өткізуге құрылады да, веда идеологемаларын негізгі дискурстан тыс қалдырады, ал веданта мен миманса өздерінің тікелей теориялық негізі ретінде Ведаларға сүйенеді.
Аум мəдениеті əулиелік, діни, мистикалыққа бағдарланған, басты назарды адам ахуалының өзгеруіне аударады. Адамның күнделікті өмірі бұл мəдениетті онша қызықтырмайды, өйткені ол - жеке тұлғаға қарсы антропология тəн. Аум мəдениетінің негізгі антропологиялық категориялары: (1) карма туралы ілім (упанишадтар) - себеп-салдар, ісіне, қылығына қарай бағасын алу, не сазайын тарту.
Адамның өміріндегі барлық əрекеттерінің жиынтық қуаты келесі туудың қажеттілігін жəне оның бүкіл сипатын (түрін, орнын, жынысын, кастасын) анықтайды. Тілек əрекетті туғызады. (2) Сансара (өлімдер мен туулар айналымы), азаптану - Аум мəдениетінің басты күрес нысаны. Бүкіл үнділік діни философия тек сансарадан арылу проблемасымен шұғылданды. Адам - барлық жерде, барлық нəрседе іске асырылған, шексіз қуаттар жиынтығы, ғарыш қуатының ағымы. Сансара үнді философиясы үшін азап шегу болып табылады, өйткені іс-əрекеттердің, туу мен өлу жағдайларының қайталануына алып келеді, сондықтан да үнді санасы жүз жылдармен емес, миллиондаған жылдармен ойлайды. Бұл арада лайықты бағасын беретін немесе сазайын тарттыратын құдайлар ма, абсолют пе, кім екендігіне қарамастан, ешкім де қызықпас үшін тұлғадан бас тартуға ұмтылу - табиғи нəрсе. Жан мен тəнге көзқарас. Діни практика үшін тəнді жан ретінде қарастыру басты нəрсе. Оның барлық нүктелері, пернелері, сұйықтықтары егжей-тегжей зерттелген. Жанның мəн-мазмұнын веда дəстүрі атман деген ұғыммен берді.
Будда дəстүрі оны қолданбаған екен, өзінің дамуының бастауын содан алады. Атман, өзі, мəңгілік, өзгермейтін рухани ішкі мəн. Веданта атманды Брахманмен ғарыштық (объективтік) рухани бастаумен теңестіреді. Брахман жандарға оның бірлігінің бөліктері ретінде керек. Кейбір үнділік мектептерде бкахта берілген. Бкахта адаммен құдайдың тұлғалық түрінің араларындағы өзара эмоциональдық берілгендік пен сүйіспеншілікті білдіру үшін қолданылды. Бірақ бұл брахмандық кезеңге тəн емес, кейінірек шыққан ілім. Буддизм брахманды теріске шығарып, оның орнына 5 скандх - тұлғаны құру үшін қажетті бес құраушы үйірсек топтармен алмастырды. Бес скандхтың жиынтығы тұлғаның Мені болып табылады, яғни адам топқа, психикалық əрекеттердің ағынына айналады.
№5 дәріс. Ежелгі грек антропологиясы
5.1 Платон көзқарастары
5.2 Аристотель көзқарастары
Ежелгі грек мəдениетінің пайда болуының алғышарттары, оның антропоцентрлігінің себептері. Жерорта теңізінің мəдениеті, ежелгі грек мəдениеті. Ежелгі грек мəдениетінің ерекшелігі - полистік бытыраңқылық, бұл - оның шығыс мəдениеттерінен негізгі айырмашылығы. Оның ерекшелігі антропоцентризм, құдайлары адамға ұқсас, яғни олар - діни идеал дəрежесіне көтерілген адамдар.
Гректер Балканға б.з.д. 12 ғасырда келген, олар тегі жағынан арийлер. Діні шығыс халықтарының ықпалымен қалыптасқан. Пантеон басында - Зевс. Ежелгі грек өркениеті жаңа тарихи құбылыс болды, онда тұлға идеясы пайда болды. Ерекше саяси жүйе полистер (қала-мемлекеттер) қалыптасты. Полистік жүйе еркіндік идеясын қалыптастырды. Кейбір ақындар гректердің мифтерін жүйеге түсірді, сөйтіп қасиетті мəтіндер (Гомер мен Гесиод дастандары) пайда болды, бірақ олар сөздің толық мағынасында киелі болған жоқ. Беделді мəтіндер сынға ұшырады, нағыз шындықты - дінді, құдайлардың жаратылысын дұрыс түсіну жолдарын іздестіру жүріп жатты. Мифтен логосқа жылжу басталды.
Логос - бұл əлемнің құрылымы, бірақ реттестірілген түрі. Логостың - сөз, өлшем, сөйлеу, есеп, құрмет, есептеу, тіл, ғылым, дəлелдеу, пікір т. б. 30-ға жуық мағынасы бар. Оларға ортақ нəрсе - ақылға сиымды құрылымды реттеушілік, иеархиялық жүйе. Адамның логосы бар, сол арқылы ол дүниені тани алады. Логос - бейнебір Жерорта теңіздік өркениеттің ежелгі түрі секілді. Ницшеше айтар болсақ, біздің санамызда тамаша бейнелер мен ұсқындарды апполондық сана мас қылатын дионийлік сана бар.
Ежелгі грек мəдениетінің бастауы - бұл масқара жын-ойнақтар - дионистің күресі, вакханиилер.Бұл екі бастаудың тепе-теңдігі ежелгі грек өнерін дүниеге алып келді. Бірақ 3-ші бастау да бар - сократтық бастау, ол ежелгі грек өнерін бұзды. Сократ, Ницшенің айтуынша, барып тұрған қалыпсыз тұлға, өйткені Сократ дионисизмді теріске шығарған жəне барлық мəдениет тұрпайы рационализмге əкеліп тіреген. Ницше үшін грек мəдениеті бар болғаны архаика, бұл нағыз Греция (Гомер, Гесиод дəуірлері). Лосевтің айтуынша, антика біртұтастық ретінде түсінілді. Ол грек ғылымына қызығушылықпен қарайды. Грек мəдениеті адамзаттың қалыпты балалық шағы, ол шекті абсолют, бұл ғарыш, ол құдайдың баламасы секілді. Көз жетер дүниеден басқа ешнəрсе жоқ, ал құдайлар болса, тек əсем мүсіндер ғана. Ғарышта игілік пен зұлымдық қатар өмір сүрді, ғарыштық жұмыс принципі - тағдыр, жазмыш (əйел құдай Адрастеидің заңы).
Осыдан келіп фатализм туындайды. Белдеулік уақытқа дейінгі (жоғары классикаға - Платонға, Аристотельге дейінгі) антропологиялық үлгі. Осы кезеңдегі басты мəселе Адам өмірінің мақсаты (теос) не де?. Жауабы: 1) Рахатқа кенелгендер аралдары; 2) Көлеңкелер патшалығы - аид, олар өлілер патшалығына ұқсас, көңілсіз тіршілік; 3) Метемпсихозға - жанның қоныс аударуына сену. Аидқа сену жер бетіндегі өмірдің мəртебесін көтереді. Барлығының тағдырлары ұқсас, ортақ - сондықтан да тірі тұрғаныңда сауық-сайран салып қал. Бұл талап атеизмге барып тірелді.
Адам туралы түсініктер барып тұрған материалистік. Осы түсініктермен ежелгі гректер классикалық кезеңге қадам басты. Платонның антропологиялық көзқарастары жəне оның ежелгі грек дінімен байланысы. Б.з.д. 7 ғасырда Грецияда Дионисий мен оның мистерикалық беделі жоғарылады да, классикалық дəуірдің жаңа антропологиялық үлгісі пайда болды. Адам - күрделі тіршілік иесі, ол өте ашушаң, себебі ол титанның күлінен жаратылған, екінші жағынан, оның бойында құдайдың да шуағы бар. Мистериялар - өлімді жеңу сабағы. Мистерияның соңында адам өзін əрі өлген, əрі қайта тірілген сияқты сезінуі тиіс. Ал бұдан өту жолы əрі азапты, əрі күлкілі. Жаңа антропологиялық модель адам екі құрамды (жан тəннен жоғары, оның себебі ол құдайлықтың бірі бөлігін қоса алып жүреді) екенін көрсетеді. Бұл антропоплогиялық үлгінің ең күшті көрінісі - Платонның философиясы. Өзінің Федрдің диалогында Платон жан туралы ілімін тұжырымдайды. Тəнге орналасқанға дейін жан аспанда қалқып жүреді де, идеяларды бақылайды, жандар тағдыр заңына бағынады. Егер жан тəнде əділетті өмір сүрсе, онда ол аспанға қайта орала алады, ал əділетсіз өмір сүрсе, онда оны қараңғылық күтіп тұрады. Бұл үлгі дуалистік, онда христиандыққа тəн сүйіспеншілік, аяушылық, мейірімділік т.б. ұғымдар жоқ. Платонда аране (христиандықтағыдай құрбан бола сүю) деген ұғым жоқ, оның орнына сүйіспеншілік концепциясы - эрос (жан-тəнімен сүю) ұғымы бар. Платондық сүйіспеншілік ұғымы. Бұл ұғым бір жағынан, тəнге деген жеккөрушілік сезім (тəн - жанның күңгірт жағы), екінші жағынан, Платон тақуалық өмір сүруді уағыздамайды. Бұл үлгінің антропологиялық идеалы - көркем бозбала, бұл жерде сыртқы сұлулық емес, ішкі жан сұлулығы сөз болады. Сократтың сырт келпеті ұсқынсыз болғанымен, ішкі жан сұлулығы жоғары болған (мінсіз адамға сəйкес келеді).
Адам құдайдың қолындағы қарамақайшылықтарға толы қуыршақ секілді құдай оларға ойына келгенін істей алады. Платон алтын орта шамасын ұстануға шақырады. Еркіндік проблемасының шешілмеуі Платонның Мемлекет деген еңбегінде жаңа антропологиялық үлгініңң пайда болуына алып келді. Бұл жанр - утопия (қиял-ғажайып). Адам бұл үлгі бойынша адам 3 бастамадан: ақыл-ой, ерік, сезімнен тұрады. Осыларға даналық, ерік, пайымдаушылық сəйкес келеді. Кез келген адамда осының бірі ғана басым болады. Осыған сəйкес адамдар үш категорияға бөлінеді. Осы тұрғыдан мінсіз мемлекетті орнатуға болады. Адам бейне бір табындағы мал сияқты, сол себепті адамдарды өз бас пайдалары үшін осындай мемлекетте өмір сүруге мəжбүр ету керек. Бұл жерде адам бостандығы туралы бір ауыз сөз жоқ.
Аристотельдің антропологиялық үлгісі - Платонның идеясының баламасы əрі оған қарама-қарсы. Аристотель бойынша мəңгі өмір сүру проблемасы басты мəселе. Ол Платонның идеялар теориясын сынға алады, егер идея жоқ болатын болса, онда жан пайымдайтын ешнəрсе жоқ. Аристотель жеке адамның өлмейтіндігін теріске шығарады. Жанды ол тəннің энтелехиясы (іске асырушылығы) немесе формасы деп түсіндіреді. Жан - тəннің көрінісі. Ол денемен абсолютті байланыста болады, əрі барынша жеке дара. Демек, Аристотель жанды тəннен бөлек жаратылыс деп танудан бас тартады. Адамда екі ақыл-ес бар, оның бірі төменгі ақыл-ес, ол адаммен бірге өледі, ал екіншісі жоғарғы ақыл-ой ол адам қайтыс болғанда өз тұлғалылығын жойып логосқа сіңіп кетеді. Аристотель үшін тұлға маңызды емес, оны жеке адам көп қызықтырды. Жанның басқа нəрсеге көшуі туралы ілім (метемпсихоз) жоққа шығарылды. Адамның жоғары бастамасы - ақыл-ой мен ойлау. Аристотельдің этикасында адам жаны бір текті емес, көп құрамды, олай болса, ол барлық уақытта ізгілікті бола алмайды. Бұл - оның кемшілігі. Негізгі мəселе: Өмірдің мақсаты неде? Жауабы: ең жоғары ізгілік немесе рақаттану. Ал рақаттану дегеніміз Аристотель бойынша, қажеттіліктерін өтеу деген емес, ойланып өмір сүру. Адам өз тағдырын өзі жасаушы. Адам ақылдың көмегімен ізгіліктерін тереңдете алады. Аристотель бойынша, ізгілік дегеніміз ол - алтын шаманы ұстанатын жанның жай-күйі. Алтын шама принципі - ізгіліктің негізі, еркін модельдеудің этикасы. Ізгілікті құдай соты емес, адам соты соттай алады. Аристотель ізгілікті этикалық (үйреншікті) жəне дианоэтикалық (ақыл-ойлық) деп екіге бөледі. Оларда жанашулық та, сүйіспеншілікте, мейірімділікте жоқ. Бұл жағдай антикалық мəдениетке тəннəрсе емес.
Аристотельде жанашушылық деген термин риторикалық тəсілде ғана кездеседі. Таңдау еркіндігі проблемасы - ізгілікті адам ақылға салып таңдайды, ал тағдырды қайда қоямыз? Аристотель бұл мəселені əлеуметтік деңгейде шешеді. Адам еркіндік сезімімен өмірге келеді, жəне тəуелділік те бар. Құлдарда еркіндік сезімі болмайды, сондықтан олар ізгілікті жүзеге асыра алмайды. Аристотель бойынша, адам - ақылды, ерікті, қала азаматы, жекеменшік иесі. Аристотельдің антропологиялық идеалы - антикалық идеалдың қосындысы. Адамның бойында эгоизмде болады, бұл табиғи қасиет, сондықтан ол жаман қасиет емес. Идеал - ол адамның саналылығы. Адам өзіне-өзі дос, осыдан келіп туыстарына, жақындарына деген сүйіспеншілік туындайды. Ал егер адам өзінен алыстайтын болса, онда сүйіспеншілік те азая түседі. Аристотель Платон сияқты мінсіз адам моделін ұсынбайды, ол фактіні ғана растайды. Идеалдың маңызды құрамды бөлігі - кеңпейілділік (ізгілік, тектілік). Осылайша Аристотель діни этиканы зайырлы моральмен алмастырады. Кеңпейілді, қайырымды адамдар көп болуы мүмкін емес. Рақатқа адам дианоэтикалық (зияткерлік) ізгілік арқылы қол жеткізеді. Адам саяси жəне əлеуметтік тіршілік иесі, адам полисте ғана ізгілікті жүзеге асыра алады. Ізгіліктен айрылса адам хайуанға айналады. Егер Платон адамды метафизикалық тіршілік иесі деп қарастырса, ал Аристотель зайырлы, моральдық тіршілік иесі ретінде қарастырады.
№6 дәріс Элинизм дәуіріндегі антропологиялық ілімдер
6.1 Эпикуршілдік.
6.2 Манихейлік
Эллинизм дəуіріндегі антропологиялық ілімдер (стоиктер, скептиктер, эпикуршілдер). Эллинизм дəуірі - Александр Македонскийдің ( б.з.д. 3-1 ғасырлар) жорығынан кейін бұрынғы антропологиялық көзқарастардың идеалдары тоқырауға ұшырап, менмен, өзімшіл адамға деген жақтырмаушылық көзқарас қалыптаса бастайды. Киниктер ұсқынсыз адам идеалын уағыздады. Бұл кезең ежелгі грек мəдениетінің дағдарысқа ұшырауымен сипатталады, полистік демократия азғындаушылыққа ұшырап, жеке бастың мүддесі алға шықты. Бұл кезеңнің басты белгісі космополитизммен ұштасқан индивидуализм болды. 3 философиялық мектептер - скептицизмде, стоицизмде, эпикуреизмде көрініс тапқан адам туралы жаңа түсініктер пайда болды.
Скептиктер - күйбең тіршілікке толы өмірді қажетсіз, өмірдің мақсаты - апатия (жанашырлықтың болмауы) жəне сабырлылық деп түсіндірді. Бұған пайымдаулар жасамай, яғни қандай да бір адам туралы ілім жасамай қол жеткізуге болады. Адам туралы ілім жасаудан бас тартып, өлімді лайықты қарсы алу керек деп уағыздады. Атараксия (сабырлылық) - адамның өмірлік жағдайларға деген көзқарасы. Скептицизм адамның ішкі еріктілігінің діни қажеттілігінен туындайды. Пайымдау еркіндігі олардан қалыс қалу. Стоицизм (Сенека, Марк Аврелий, Эпиктет) - дүние біртұтас, қажетті, логоспен басқарылады деп есептейді. Бірінші орында - тағдыр. Данышпан уайым-қайғысыз, сабырлы-салиқалы болуы жəне табиғатпен үйлесімді өмір сүруі тиіс. Идеал - атараксия (сабырлылық). Римдік стоицизмдегі жоғары идеалда мемлекет игілігі, яғни қоғамдық мүдде жеке бастан жоғары тұрды бұл - жаппай космополитизм концепциясы. Адам əлем азаматы ретінде түсініледі, таза тақтайдай, адамгершілік тұрғысынан - бейтарап дүниеге келеді. 7 жасқа келгенде адамда индивидуальдық сана - логос пайда болады. Құдай дүниеге үздіксіз нұрын құйып тұрады, əлем ауық-ауық қайталынып отырады, бұл стоик үшін жақсы, өйткені қаншалықты тұрақсыз екендігіне қарамастан, дүние - жүйе.
Фатумды (тағдыр) стоиктер екіге бөледі: 1) эймарендер (фатум, тағдыр) - барлық процестердің бірыңғай табиғаты, жансыз табиғат заңы; 2) пронойя (сəуегейлік) - ізгілікті ағым оған тек стоик қол жеткізе алады. Еркіндік - мақсаттылықпен қосарланған саналы қажеттілік. Адам жаны - жұқа пневматикалық тəн. Пронойя жағдайында өмір сүруші стоик рақат еліне əлем жойылудан бұрын барады. Одан соң əлем қайтадан пайда болады, стоиктер қайтадан стоиктерге айналады.
Эпикуршілдік - лəззаттану, жоғарғы ізгілік. Эпикур Демокриттің дүниенің бəрі атомдардан тұрады деген идеясын қолдады. Адам өлгеннен кейін атомдарға айналады. Адам бір-ақ рет өмірге келеді, сондықтан өзінің талап-тілегін қанағаттандыруы үшін өмір сүруі керек деп пайымдады. Құдайға жоғары тіршілік иелерімен қатынас жасау үшін құлшылық ету керек. Себебі ол пайдалы іс. Эпикур адамның еркіндігін басып-жаншитын қорқынышқа қарсы шығып, адамның азаттығы үшін күресті. Басты қорқыныш - діни қорқыныш. Эпикур оны жеңіп шығудын жолын нұсқайды. Адам өмірден лəззат алуы керек, бірақ Эпикур бойынша лəззат - барынша тақуалық нəрсе. Шектен тыс лəззат өзінің қарама-қарсылығына айналады. Фатумды жою ілімі. Барлық дүние атомдардан тұрады, ал олар ешнəрсеге бағынбайды, осыған сəйкес ешқандай тағдыр деген, алдынала белгіленіп қойған ешнəрсе жоқ. Эпикуреизмнің антропологиялық идеалы - дүниеден барлығын алатын ерікті индивид.
Гностиктердің, неоплатониктердің, манихейлердің антрополо гиялық идеялары жəне олардың христиандық идеялармен теке-тіресі. Аралық кезең (б.з.1-3 ғасырлар) - эллинизмнің ыдырап, христиандықтың пайда болуымен ерекшеленеді. Дінге деген құштарлық пайда болды, өйткені бұл уақыт - рим империясының дағдарысқа ұшыраған кезеңі болатын. Дағдарыстың себептері - біртұтас ұлттық идеологияның болмауы, Рим ақсүйектерінің моральдық азғындауы, рим дінінің шектен тыс шашыраңқылығы (барлық құдайларға храм орнату) халық арасында дінге деген рухани құштарлықтың пайда болуы. Бұл аралықтың ілімі атараксия (сабырлық) жағдайындағы тұлғаның нəзік дүниесін ретке келтіру жəне қорғау болды.
Христиан мəдениетінің бастауы Логос мəдениетінің архетипінің, тіпті бүкіл антикалық өркениеттің құлдырауы жəне іріп-шіруіне байланысты болды. Біршама уақыт стоиктердің ықпалының сақталып қалғанына қарамастан, олардың орнына тұлғаға бағдарланған діндер келді, өйткені стоицизм, скептицизм, эпикуреизм, зайырлық моралға негізделгендіктен біртіндеп адамды діни дүниеден алып шыға бастады. Дінге деген құштарлық пайда болды. Бірақ адамдардың мінезқұлқы өте қатал, əрі қорқынышты еді. Осы кезде христиандыққа қарсы тұрып, мемлекеттік дін мəртебесіне ұмтылған төрт дін пайда болды. Олар: манихейлік, митраизм, гностицизм, неоплатонизм.
Манихейлік бізге тақуа Августин арқылы жақсы белгілі. Мани - осы діннің негізін салушы. Ол христиандықты бұтқа табынушылық санаға бейімдейтін дін орнатпақшы болды, манихейлік əлемдік дін болуға ұмтылды, бұл Рим империясы үшін жақынырақ еді. Манихейліктің басты тақырыбы - жақсылық пен жамандықтың өзара күресі, олардың бірігуінен əлем орнайды. Дүние - адамдар өмір сүруі тиіс зұлымдық пен қараңғылық. Басты мақсат - адамдарды осылардан азат ету. Адамда екі түрлі жан бар. Оның бірі - жарық, екіншісі - қараңғы (адам осы екіншісінен құтылуы тиіс). Адам - материя тұтқынындағы құдай. Манихейлік шығармашылықты теріске шығарды, өйткені логостың өліп бара жатқан мəдениетіне дəмеленбеді. Манихейлер өз діндеріне ғылыми сипат беруге əрекеттенді. Осы дін көптеген адамдарады өзіне еліктірді (оның ішінде Августинді де). Манихейлікте адамның екі тобы бар. Олар: таңдаулылар жəне тындаушылар (көнбістер). Соңғылары келесі өмірде ғана (метемпсихоз) таңдаулылар қатарына өтуге үміттене алады.
Митраизм - рим империясындағы ең көп таралған дін. Бұл діннің түбірі зороастризмде жатыр. Бас құдай Митра - адамдар мен Ахурамазданың (қайырымды құдай) арасындағы дəнекер. Адам - жауынгер, Митра - зұлымдықты жеңуші, ал зұлымдық - материя, яғни Митраизм дуалистік дін. Митраизмнің тартымдылығы оның культінде, оның көрнекілігінде, діни ғұрыптарды халыққа жеткізе білуінде болды. Олар бейне бір театр қойылымы сияқты əсер беретін болған. Гностицизм - христиандықтың, бұтқа табынушылық философиясы мен мифологияның қосындысы. Христиандыққа енген интеллектуалдар оның тым қарапайымдылығынан мезі болып, бұтқа табынушылықтың философиялық-мифологиялық аппаратын іске тартты. Плерома деген бар, одан аймақтар туындайды, солардың бірі - София, ең төменгі аймағы - Демиург - құдай-жаратушы, оның тұрпайылығы соншалықты, плероманың бар екендігін де білмейді. Гностиктерше демиург - інжілдік Яхве, ал Иисус Христос - азаптанушы елес. Демиург, адамдарды, материяны жаратты (ал оның жаратқандарының барлығы жаман). Адам өмірінің мақсаты - іске асырылу. Адам - микрокосм, онда рух, жан жəне тəн бар. Рух - плероманың бір бөлігі, жан мен тəн - материя. Осыған сəйкес адамдар рухани, жанды жəне тəндік болып бөлінеді. Руханилар (пневматиктер) - олар гностиктер, яғни білімдарлар. Жандылар (психиктер) - христиандар, білімсіз, дегенмен де гностиктер болуға мүмкіндіктері бар. Тəнділер (соматиктер) - басқа қалған адамдар. Пневматиктер құтқарылғандар, психиктер құтқарыла алады, ал соматиктерге құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Плеромаға тек қана білімнің - гнозистің арқасында қол жеткізуге болады. Гностиктер дуализмді жеңуге ұмтылғандарымен одан түк шықпады.
Гностицизм мен Неоплотонизм
7.1 Антикалық христиандықтың антропологиясы.
7.2 Үш бағыттағы идея.
Неоплатонизм - негізін салған Плотин. Платонды Аристотельмен татуластыруға ұмтылған таза эллиндік құбылыс. Дүниенің негізі - біртұтастық, ол тек апофатиялық (терістеу) арқылы айқындалады. Жандар жер бетінде дүниеге келгілері келіп, Біртұтастықтан бөлініп тəнге ие болды. Дүние - иерархиялы (сатылы). Біртұтастықтан ақылой (біртұтас көпшілік), одан əлемдік жан (бірлік жəне көпшілік) жəне нақты адамдардың жаны бөлініп шығады. Адамның міндеті біртұтастыққа қайта оралу. Оған оралудың жолы - практика. Ол үшін жан ең алдымен барлық сезімдерден арылуы қажет, содан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz