Сөйлемнің айқындауыш мүшелер


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Академик С. Қирабаев атындағы
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ф. ғ. д., доцент Ильясова Н. А.
Дипломдық жоба
Тақырыбы: «Синтаксистік бірліктер арқылы оқушылардың сөз мәдениетін қалыптастыру (8-9- сынып) . »
Білім беру бағдарламасы: 5В011700- Тіл мен әдебиет бойынша мұғалім дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)
орындағандар: Байтұяқ Ф. Е.
Ермек Ш. Е.
Кадирбергенова Л. М.
Ғылыми жетекшісі: П. ғ. д., доцент Рахметова Р. С.
Алматы, 2021ж.
Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары
Тапсырма берілді « » қыркүйек 2021 ж.
Ғылыми жетекші: П. ғ. д., доцент Рахметова Р. С.
Студент: Байтұяқ Ф. Е.
Студент: Ермек Ш. Е.
Студент: Кадирбергенова Л. М.
Мазмұны
Кіріспе.
I Бөлім: «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында 8-сынып бойынша берілген синтаксистік бірліктер
- Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Сөз тіркесінің байланысу түрлері
- Сөз тіркесінің түрлері
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
- Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сөйлемнің айқындауыш мүшелер
- Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері
- Жай сөйлемнің түрлері
II Бөлім. «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында 9-сынып бойынша берілген синтаксистік бірліктер
2. 1 Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемнің түрлері
2. 2 Ыңғайлас салалас. Себеп-салдар салалас. Қарсылықты салалас
2. 3 Түсіндірмелі салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас
2. 4 Шартты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас
2. 5 Себеп бағыныңқы сабақтас. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.
Мақсат бағыныңқы сабақтас.
2. 6 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Дипломдық жобаның жаңалығы мен өзектілігін негіздеу
Дипломдық жобаның мақсаты
Күтілетін нәтижесы:
Мазмұны:
Топ мүшелерінің нақты бөлімдер бойынша жауаптылығы туралы сипаттама
Жобаны жүзеге асыру этаптары:
Жобаның перспективасы мен жүзеге асырылуы:
І «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында 8-сынып бойынша берілген синтаксистік бірліктер
- Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Сөз тіркесінің байланысу түрлері
Сөйлемдегі сөздер бір- бірімен грамматикалық байланыста жұмсалады. Сөйлемде қатар тұрған сөздер бір- бірімен байланыса бермейді. Олар белгілі бір заңдылыққа бағынады. Сөз тіркесі екі түрлі синтаксистік тәсіл арқылы байланысады. Осы тұрғыда М. Балақаев сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық тәсіл және аналиталық тәсіл деп екіге бөліп қарастырған. Ол: «сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы - синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық байланыс болады», - деп көрсетеді. [1, 32]
Т. Сайрамбаев сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық, аналитикалық, аналитика-синтетикалық деп үшке бөліп қарастырады. Ал Р. Әміров болса синтетикалық тәсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын, шылаулар (жалғаулық, септеулік), сөздердің орын тәртібі мен интонацияны аналитикалық тәсілге жатқызады. [2, 433]
Сөз бен сөзді байланыстыруға дəнекер болатын синтаксистік тəсілдер, негізінде, мыналар:
- Жалғаулар (септік, тəуелдік, көптік, жіктік) . Мысалы: ердің парызы деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдыңғысы ілік септігінің жалғауында, соңғысы тəуелдік жалғауында айтылу арқылы байланысқан.
- Шылаулар (демеулік, жалғаулық) . Елім үшін соғысқа аттанамын, жүрген сайын ауыртып барады дегендер шылаулар арқылы байланысқан.
- Сөздердің орын тəртібі арқылы байланысқан түріне: биік ағаш, ағаш сандық, сабақ жаз т. б. сөз тіркестерін жатқызамыз. Олар ешқандайда жалғауларсыз қатар тұрып байланыса береді.
- Интонация. Бұл - кітап. Индира - директор - интонация арқылы байланысқан. [3, 9]
Кейінгі кезде ғалымдар қосымшалар арқылы байланысу тәсіліне көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланысқан сөз тіркестерін де жатқызып жүр. Мысалы, Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі( мақал), мен етпеттей жығылдым (Ж. Тәшенов) . [4, 31]
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысқан түрімен, қосымша арқылы байланысқан түрінде біршама айырмашылық бар. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөздердің орны тұрақты болса, қосымша арқылы байланысқан сөздер еркін, жылжымалы болады.
Сөз тіркесі - сөйлем құраудың негізі болса, сөйлем - адам ойын жеткізудің негізгі формасы деп қарастырады М. Балақаев. Ол кісінің тұжырымы бойынша: «Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз». [1, 32]
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі бес түрлі байланысады.
Қиысу туралы Н. Ильясованың еңбегінде : «Қиысу - сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың атау септік жалғауы мен жіктік жалғаулар арқылы байланысуы. Қиысу жақ категориясы арқылы байланысады. Осыған орай, жақтық қиысу деп те аталады», - деген пікірді келтіреді. [5, 22] Ал Р. Рахметова өз еңбегінде қиысуды «жіктік жалғауы арқылы жасалған сөз тіркестері сөйлемнің қаңқасын құрайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланысқан сөздер көбінесе бастауыш және баяндауыштан тұрады, бір-бірімен қиыса байланысады», - деген тұжырымда қалған. Көп жағдайда қиыса байланысқан сөз тіркестері сөйлемді құрайды. [4, 31]
Матасу- алдыңғы сөз ілік септік тұлғасында тұрып, екінші сөз тәуелдік жалғауында тұрып байланысқан сөз тіркесі. Матасу формасы арқылы жасалған сөз тіркестері тәуелдік, иелік мағынаны беретін синтаксистік мағынаға ие болады.
Меңгеру- бағыныңқы сөз атау және ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде және шылаулардан тұратын, ал басыңқы сөз етістік не есім сөзден болатын сөз тіркестерін айтамыз. Н. Ильясова өз еңбегінде меңгеруді үш түрге бөліп қарастырады. Олар : «етістікті меңгеру (терезені ашты, жайлауға шықты, қалтасынан алды, жолда жатты, түнімен жүрді), есімді меңгеру (қойдан жуас, оқуға ықыласты, қалада көп), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, сөзін мақұл көрдік, жұртқа күлкі болғанымен, маған күлкі емес) ». [5, 23]
Қабысу - сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі арқылы іргелес тұрып байланысуы. «Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әртүрлі болады; оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, есімше, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын есімдер болады»-, дей келе М. Балақаев өз еңбегінде әр сөз табына сәйкес мысалдар келтірген. [1, 69] Қабыса байланысқан сөз тіркестері қатаң орын тәртібін сақтайды, яғни аналитикалық тәсілге негізделіп, атрибуттық қатынаста жұмсалады деген негізді ұстанады Н. Ильясова [5, 8]
Жанасу - ешбір жалғаусыз, орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысатын сөз тіркесі. Жанаса байланысатын сөз тіркесінің тірек сыңары етістік, сын есім, үстеу, сан есім, көсемше тұлғалы етістік, еліктеуіш сөз бола алады. Сөз тіркесінің ішінде жанасу формасын М. Балақаев қабысу формасының ішінде қарастырады. Оның себебі екеуінің де орын тәртібі арқылы байланысуында. Айырмашылықтары: қабысу қатаң орын тәртібін сақтаса, жанасу формасында грамматикалық байланыс еркін болады. [4, 32]
Тақырып бойынша сұрақтар:
- 1. Сөз тіркесі дегеніміз не?
- Қосымша арқылы байланысқан сөз тіркесі мен орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесінің айырмашылығы қандай?
- Сөз тіркесінде көптік жалғауы қалай жалғанады?
- Сөздердің байланысу түрлері нешеге бөлінеді? Атаңыз.
- Қиысу формасы туралы не айта аласың?
Тыңдалым бойынша тапсырма:
- тапсырма: «Ғарышқа ұшқан жануарлар» мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжа. (https://www. youtube. com/watch?v=Z4Lv6loH1DU
- - тапсырма. «Байқоңыр ғарыш айлағы» атты жазбаны тыңдап (https://www. youtube. com/watch?v=FBoFbVzi6Bg), коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойларыңды дәлелді, жүйелі жеткіз.
Айтылым бойынша тапсырма:
- -тапсырма. «Үш қадамды сұхбат» тәсілі бойынша Ғарышкерлер мен сұхбат жүргіз. (Бірінші оқушы ғарышкер болады, екіншісі тілші, үшінші оқушы жазып алады. Солай келесі оқушылар да кезектесіп бір -бірінен сұхбат алады) .
- -тапсырма. Гераклиттің«Ең керемет ғарыш деп жүргеніміз бейберекет үйе салған қоқысқа ұқсайды»- деген сөзінің мәнін аш. Сөйлемнің байланысу тәсілдері мен түрлеріне ажырат.
Оқылым бойынша тапсырма:
1-тапсырма. Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таны.
Тоқтар Кеңес Одағының тарихында тұңғыш рет жерге қонбай, әуе кеңістігінде ұшаққа 2 мәрте жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын іске асырды. Реактивті ұшақтардың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан сүрйнбей өткізді . . . Қыр-сыры беймәлім «МиГ» ұшақтарымен аса қауіпті ұшу сынақтарын сәтті өткізіп, алып кеменің тар палубасына асқан дәлдікпен, шексіз шеберлікпен қолайлы қондырып, сосын лезде қайтара ұшып шығуды мүлтіксіз атқарған ерлігі үшін Тоқтар Әубәкіровке 1988 жылдың 31 қазанында «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Тоқтар Әубәкіров Қазақстан Президентінен шақыру алды. Елбасы: « . . . Зар жылап жүрген қазақпыз. 30 жыл біздің жерімізден ғарышқа басқалар ұшып жатыр, әлі күнге дейін бір қазақ ұшпады . . . » - деді. Тоқтар келісімін берді . . .
Мұның өзі оңай шаруа болған жоқ. Кеңестік ғарыш саласының шенеуніктері қазақтың ғарышқа талпынысын тыжырына қабылдап, қазақ ғарышкерінің ұшуын кейінге шегере берген . . . Бірақ бірбеткей қазақ басшысының: «Енді қазақ ұшады. Қазақ ұшпаса, «Байқоңыр» жабылады!» - дегенін Тоқтар өз құлағымен естіді.
. . . Қазақтың тұңғыш ғарышкері сапарға аттанып бара жатты. Алып тұлғалы Әубәкіров Қазақ елінің басшысына қазақша: «Сапарға дайынмын!» - деп, баянат жасады. Командир: «Кеттік!» - дегенде, Тоқтардың айтқаны «Ал, қазағым, сен үшін жануға да, ұшуға да дайынмын!» деген сөздер болды.
Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапары қазақ үшін 1961 жылғы Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуынан бір мысқал да кем түспеді. Сол бір жүректер толқыған, шаттық шалқыған әсерлі сіттерде Н. Назарбаев: «Алғаш рет өзіміз болып бірінші ғарышкерді сапарға шығарып салдық. Байқоңыр өзінің шын мәніндегі мақсатын орындады!. . » - деді.
Тоқтар Әубәкіровпен қалың қазақ та, иісі түркі де, дүниежүзінің миллиардтаған мұсылман қауымы мақтана алады.
(М. Байжанин)
2- тапсырма. Мәтінді оқып, құрылымы арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырат.
Елу бес жылдың ішінде адамзат баласының шамамен бес жүз елу шақтысы ғарышта болып қайтты.
Олардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батыр лары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтер де бар.
Осы үш қазақ ғарышкерінің ғарыштық тағдырының қалыптасуына себепкер болған қамқоршы адам бар. Оны Қазақстан ғарышына жол салушы деп атауға толық құқымыз бар. Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев пен
А. Айымбетовтердің ғарыштық талпыныстарын тек қолдап қана қоймай, сонымен бірге олардың өз елінде ғарышқа самғауына жол ашты. Ол - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Кеңес Одағы басшылығының алдына қазақ ұлтының өкілін ғарышқа ұшырудың қажеттілігі туралы мәселені қоя білді. Алғашқы боп сапар шеккен қазақ ғарышкері - Кеңес Одағының батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы Тоқтар Әубәкіров еді. Бұл тарихи оқиға 1991 жылдың қазанында болды.
Егемендік алған Қазақстанның бірінші ғарышкері Талғат Мұсабаев Н. Ә. Назарбаевтың қамқорлығының арқасында ғарышқа үш рет ұшты. Оның 1994 жылғы шілдедегі алғашқы сапарының алдын да, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің бірлескен шешімімен оған Қазақстан Республикасының азаматы, Ресей Федерациясы ның әскери қызметшісі деген мәртебе берілді. Бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруі кезеңінде бұл арнайы көтерілген мәселе болатын.
Жоғарғы кәсіби тәжірибесі мен ұмтылысы Т. Мұсабаевқа халық аралық ғарыш экипаждарының командирі ретінде ғарышқа тағы екі мәрте сапар жасауға мүмкіндік берді. Оның 1994, 1998 және 2001 жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақты ғы күнтізбелік бір жылға жуық уақытты құрады.
2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның үшінші ғарыш кері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Экономикалық дағдарыс қиындықтарына қарамастан, Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев ғарышқа кезекті Қазақстан азаматын ұшыру жөнінде шешім қабылдады.
Жазылым бойынша тапсырма:
- тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жаз.
- Ғарышкер, мықты, ерлік, батыл сөздеріне мақал-мәтелдерді теріп жаз.
Тест тапсырмалары:
1. Орын тәртібі арқылы байланысқан тіркесті тап.
А) жүрек жалғау
В) мен үшін келді
С) ол - мұғалім
Д) сапарға аттанды
Е) ауылдың маңы терең сай
2. Қабыса байланысып тұрған қатарды көрсет.
А) айтар сөз
В) баладай сүйкімді
С) биыл бітірді
Д) қойдан жуас
Е) жолда жатты
3. «Азамат сыны - ерлік, ерлік сыны -елдік» (М. Әуезов) сөз тіркесінің байланысу түрін анықта.
А) матасу
В) қабысу
С) меңгеру
Д) жанасу
Е) қиысу
4. Зар жылап жүрген қазақпыз. 30 жыл біздің жерімізден ғарышқа басқалар ұшып жатыр, әлі күнге дейін бір қазақ ұшпады. Сөйлемнен меңгеріле байланысқан тіркесті тап.
А) жүрген қазақпыз
В) зар жылап
С) ғарышқа ұшып жатыр
Д) біздің жер
Е) қазақ ұшпады
5. Сөздердің байланысу тәсілі нешеге бөлінеді?
А) 4
В) 5
С) 3
Д) 2
Е) 6
1. 2 Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтакситік единицаның бірі деп есептеледі деген пайымдама айтады М. Балақаев. [1, 35]
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді жəне етістікті болып үлкен екі салаға бөлінетінін білеміз. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады. Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты əр түрлі болады.
М. Балақаевтың айтуы бойынша сөз тіркесі өзіндік қасиеттеріне ие бола отырып кейде сөйлемдік қасиетке де ие бола алады. Мысалы: «атқа мінді» деген сөзді жеке сөйлем ретінде қарастырса да болады деген тұжырым келтіреді. Ал осы пікірге қарсы К. Аханов былай дейді : «…бір ғана құбылысты (атқа мінді) әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратпауға, оларды бір-бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады». [4, 23 ]
Сөз тіркесінің тағы бір маңызды түрі тұрақты тіркестерТұрақты тіркестер кемінде екі немесе одан да көп сөзден құралып, бір мағынаны білдіреді. Ғылыми тілде фразеологиялық тіркестер деп аталатын бұл тірін М. Балақаев өз еңбегінде фразалық тіркестер деп береді.
Ол өзінің еңбегінде «Тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Ондай тіркестерді фразалық тіркестер деп қарастырамыз», -дей келе таяқ жеу - соғылу, жаны ашу - аяу, көзі жету -нану, т. б. мысалдармен дәлел келтіреді. [1, 39]
Тақырып бойынша сұрақтар:
- Сөз тіркесі дегеніміз не?
- Сөз тіркесін өзара тіркесу қабілетіне қарай қандай түрге бөліп қарастырады?
- Есімді сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.
- Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің айырмашылығы неде?
- «Жаны сіріден жаралған екен». Тұрақты тіркестің мағынасын аш.
Тыңдалым бойынша тапсырма:
- 1-тапсырма. «Қазақстандық ғарышкерлер» тақырыбында аудиожазба тыңдайық. (https://www. youtube. com/watch?v=4llfIussWyc) . Тыңдалым мәтіні бойынша диалог құрастыр.
- 2-тапсырма. «Ғарышқа бастаған жол» тақырыбында аудиожазбаны тыңда. (https://www. youtube. com/watch?v=SF7sCmL-Wo4) Тақырып бойынша көтерілетін мәселені болжа.
Айтылым бойынша тапсырма:
1- тапсырма. Берілген сұрақтарға тұрақты тіркестерді қоса отырып, жауап бер.
- Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім екенін білесің бе?
- Қазақстандық ғарышкерлер туралы не білесің?
- Ғарышқа ұшқан жануарлар туралы не айта аласың?
2-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді тауып, олардың мағынасын аш.
Оқылым бойынша тапсырма:
Мәтінді оқып, тапсырманы орында.
- 1
- 2
- 3
2015 жылдың 2 қыркүйегі күні құрамында қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов бар халықаралық экипаж Байқоңырдан көк жүзіне аттанады . Рет санымен бағамдар болсақ, «Жер айлағы Байқоңырдан» ғарышқа үшінші қазақ аттанып барады. Өте қуанышты! 1991 жылғы 2 қазанда ұлтымыздың рухын аспандатқан тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров ұшты. Тоқаңнан соң ғарышқа үш рет ұшып (1994, 1998, 2001 жж., 341 тәулік 9 сағат 48 минут 41 секунд!!!), оның екеуінде ғарыш кемесінің командирі міндетін атқарған, үшіншісінде ғарыш және адамзат тарихында тұңғыш рет турист Де́ннис Э́нтони Ти́тоны (АҚШ) ғарыш көгіне аман-есен апарып, серуендетіп аман-есен алып келген қазіргі «Қазғарыштың» басшысы Талғат Мұсабаевтың бейнесі елестейді. Оның бер жағында күні бүгін ғалымдарымыз аузын толтырып айтып отырғанындай, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышта жасаған алғашқы ғылыми-тәжірибелік еңбегінің жалғасын Талғат Мұсабаев ұзартқан, ертең - Айдын Айымбетов тәжірибенің өрісін кеңейтеді . . . Ғарыш сапарына аттану ғарышқа алғашқы қадам басталған кезден-ақ ешуақытта жеңіл болған емес. Бұл арада мәселе ғарышкерлердің білімі мен біліктілігіне де байланысты емес. Мәселе - кезекте. Жасыратыны жоқ, Тоқтар мен Талғаттың ғарыш көгіне көтерілуі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуымен болғаны тарихтан жақсы мәлім. Айдында да солай . . . Өйткені, үміткер көп, орын тапшы! Қайталай кетейік, сонау алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің заманынан солай! Бүгінгі таңға дейін кеңестік және ресейлік ғарышта болған ерлердің саны 119 болса, оның 4-і әйел екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz