Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері


Ф. 7. 03-03
Тайбек Ж. Қ.
Дүйсенбекұлы А. Ж.
«Банк ісі» пәнінен 5В050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрі бойынша студенттеріне арналған
дәрістер жинағы
Шымкент 2018 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тайбек Ж. Қ.
Дүйсенбекұлы А. Ж.
«Банк ісі» пәнінен 5В050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрі бойынша студенттеріне арналған
Дәрістер жинағы
Оқу түрі: күндізгі, кешкі және сырттай
Шымкент 2018 ж
ӘОЖ 336. 025 (075. 5)
Құрастырған: э. ғ. к., аға оқытушы Тайбек Ж. Қ. «Қаржы» кафедрасы
«Банк ісі» пәнінен 5В050900 «Қаржы» мамандығының студентері үшін күндізгі, кешкі және сырттай оқу түрі бойынша студенттеріне арналғандәрістер жинағы
Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ 2018 ж. 76 бет.
«Банк ісі» пәнінен 5В050900 «Қаржы» мамандығының студентері үшін дәрістер жинағы «Банк ісі» пәнінің бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған.
Қысқаша аннотация. Дәрістер жинағында экономикадағы банктердің қызметтері мен экономиканы реттеу жағдайы баяндалып, теориялық аспектілерді қамтиды, және студенттерге ҚР-ғы банк жүйесі және соңғы халықаралық банктік сферасындағы жағдайлармен хабардар етеді.
Дәрістер жинағында әрбір тақырыптың негізгі мазмұны, тақырыптары қарастырылған.
Пікір жазғандар:
1. Э. ғ. к. «Бизнес және коммерцияландыру» кафедрасының доценті Ибраимова С. С.
2. Э. ғ. к. «Қаржы» кафедрасының доценті Мауленкулова Г. Е.
«Қаржы» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама №___ «__» 2018 ж. ) және
«Экономика және қаржы» факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама №___ «_» 2018 ж. )
М. О. Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №___ «__» 2018 ж.
© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2018 ж.
Шығарылымға жауапты: Тайбек Ж. Қ.
12 тақырып. Есеп-айырысу, кассалық және комиссиондық қызметтер. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді минимизациялау әдістері.
Коммерциялық банктердің баланстан тыс операциялары.
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т. б. ) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенің негізгі звеносы.
Қазіргі кезде барлық елдердің экономикасында коммерциялық банктердің орны мен ролі ерекше, бүгінде дамыған елдерде коммерциялық банктер өз тұтынушыларына үш жүзден астам қызмет түрін ұсынады.
Банктік қызметтерін дамыту қазіргі кезде ерекше дамып келеді, бұрынғы негізгі банктік қызметтерден өзге олардың өз ерекшеліктері де бар:
Біріншіден коммерциялық банктер ақшамен байланысты қызметтерді әртүлі формада көрсетеді (қолма-қол, қолма-қолсыз есеп айырысу) .
Екіншіден материалды емес қызметтер мүліктік келісім-шарттар негізінде мәнге ие болады.
Үшіншіден банк қызметтерінің көпшілігі бір қатар мерзімді қажет етеді: келісім-шарт әдетте бір актімен бітпейді, тұтынушы мен банк арасында тығыз байланыстар қалыптасады.
Дамыған елдерде банктер өз тұтынушыларына үш жүзден астам қызмет түрін ұсынады.
Қызметтер ассортименті толығымен қалыптасқан деп есептелінеді сандықтан нарықа жаңа өнім шығару көп шығын қажет етеді және ол нарықтағы әсерін бәсекелестердің жылдам арекеті себебінен төмендейді.
Қазіргі таңда Қазақстандық банктердың қызметтер көлемі мұнша кең емес бірақ күнделікті өсуде.
Банктік ұсынатын қызметтерін өткізу мәселесі өте спецификалы олар өнеркәсіптегідей, банктік маркетингте көп орын алмайды.
Банктердің қызметтерінің осындай қасиеттері тұтынушылардан белгілі бір дәрежеде мәдениетті талап етеді, ол қызмет мазмұнын ұғынып, сенім қалыптастыруы шарт[2] .
Банктік қызметтер немесе өнімдер, тауарлар арасында үш деңгей көрінеді:
- Банктердің негізі өнім (қызмет) ;
- Банктердің шынайы өнімдері;
- Банктердің кеңейтілген өнімдері.
Алғашқы деңгей - негізгі өнім немесе ассортимент; несиелеу, қаржы салымы қызметтері, есептеу қызметтері, валюталық операциялар және т. б.
Жалпы нарықтық экономикада банк қызметтерін өткізудің келесі каналдары бар:
1. Өзіндік өткізу каналдары-өткізудің негізгі формасы:
- банктің бас бөлімшесі
- банктің стационарлық және қозғалмалы бөлімдері, филиалдары;
- автоматтандырылған құралдар арқылы алу. Көп ретте банк-сатушы мен сатып алушы тікелей қарым қатынысқа түсетін тікелей алу қолданылады.
2. Өткізудің меншікті емес каналдары: қоластындағы фирмалар, өзге банктер, сақтандыру компаниялары мен тұрғын ұй құрылысы өндірістері қаржыларының қатыстырылуы.
Қазіргі нарықтың даму кезінде банктік нарық-әлдебір өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалдын тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды.
Дәріс кешенінде барлық тақырыптар бойынша түсініктер беріліп, әрбір тақырыптың мазмұны ашылған.
1 тақырып. Коммерциялық банктер және олардың қазіргі таңдағы қызметтерінің ерекшеліктері. ҚР-дағы банктердің қызметтерінің құқықтық негіздері.1. Коммерциялық банктердің мәні.
2. Қазіргі таңда кәсіпорын ретіндегі банктердің сипатттамалары.
3. Коммерциялық банктердің базалық функциялары. Банктердің типтері. Ұйымдастыру принциптері мен басқару құрылымы.
4. ҚР-дағы ЕДБ-дің қызметінің заңдық негіздері.
5. ҚР ЕБД-нің жалпы сипаттамалары. ҚР-дағы банк қызметтерін реттейтін заңдық және нормативтік құжаттар.
6. «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы Заң», «ҚР Ұлттық банкі туралы Заңы».
1. Коммерциялық банктердің мәні. Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т. б. ) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 - ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
2. Қазіргі таңда кәсіпорын ретіндегі банктердің сипатттамалары.
Жалпы коммерциялық банктердің құру негіздері немесе тұтастай банктік жүйе економикалық ақталған (қысқа және ұзақ мерзімді жоспарда) қаржы ресурстарын бөлуді қамтамасыз етуді, бәсекелестік қатынасты, жекешелендіруді, бағаны құру және баға пропорциясын төмендетпей, қата ынталандыруға бейімделген[13] . 2015 жылдың 1-ші қаңтарына банк жүйесінің құрылымы төмендегідей болды, кесте 1.
Кесте 1- Банк секторының құрылымы
Қазіргі кезде коммерциялық банктік спектр ақша-несие саясатын белгілі дәрежеде қалыпты ұстап тұру, жеке алғанда мемлекеттік бюджет тапшылығының бақылаусыз қалуына бөгет жасау және гиперинфляциялық процестерді айналдыру керек[13] .
2. Қазіргі таңда кәсіпорын ретіндегі банктердің сипатттамалары.
Банктер халықаралық тауар қозғалысы қызметін, тікелей және портфельді инвестициялар, жұмыс күштерін қамтамасыз ете отырып, ұлттық валютаның айналымдылығына өтуге көмектесе отырып экономиканы «ашу» үшін жағдай жасаулары керек.
Банкирлік анықтамасы бойынша тек қаржылық тәртіпті сақтап қоймай, сонымен бірге клиентураны ақшаны есептеуді үйрету, ал соңында - шаруашылық өмірдің қатысушыларының тез шешім қабылдағыш, экономикалық ойлауды дамыту керек.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың сандық жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бүл құбылысты, олардың интенсивттік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады.
3. Коммерциялық банктердің базалық функциялары. Банктердің типтері. Ұйымдастыру принциптері мен басқару құрылымы.
Қазіргі кездегі банктер клиенттерге әртүрлі қызмет түрлерін көрсететін шаруашылық субъектілерімен үзеңгілес ерекше кәсіпорын.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты нысаны бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк кызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т. б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлік - мемлекетгің бағалы қағаздарымен;
- дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
- кастодиандық;
- клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
6. «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы Заң», «ҚР Ұлттық банкі туралы Заңы».
Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін - Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір - екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
2 тақырып. Коммерциялық банктерді құру, олардың қызмет ету ерекшеліктері және олардың қызметтерінің негізгі шарты. Банктерді ашуға Ұлттық банктің рұқсаты және банктік операцияларды лицензиялаудың тәртібі. Коммерциялық банктердің қызметін реттейтін пруденциалдық нормативтер.
1. ҚР аумағында коммерциялық банктерді ашу тәртібі.
2. Банк қызметтерін ашуға және банктік операцияларды лицензиялауға рұқсат беру ерекшеліктері. ЕДБ-ді консервациялау тәртібі.
3. ЕДБ-ді ерікті және мәжбүрлеп тарату. ЕДБ-дің ҚР Ұлттық банкімен және ҚБК-мен өзара қарым-қатынастары.
4. ҚР пруденциальдық нормативтер жүйесі.
1. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға рұқсат алу;
2) Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке түлға ашуға кұқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылар Келісім шарты (түп нұсқа) ;
• банктің жарғысы (түп нұсқа) ;
• банк жарғысын қабылдау жене банк органын сайлау туралы хаттама;
• қүрылтайшылар туралы мәліметтер;
• қүрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды түлғалар үшін) ;
• құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
• егер бір немесе одан да көп кұрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе банктерді қадағалау органынан жазбаша келісім кажет; егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде кайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын түлғалар туралы меліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы жене т. с. с;
• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу кұрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;
• жаңадан кұрылатын банктің ішкі аудит кызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;
• жаңадан қүрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;
• жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қар-жылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда жене зиян туралы есебі,
маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
• тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
• нотариалды түрде куеландырылған, кұрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
• баска банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы меліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Қаржылық қадағалау агенттігі банк ашуға рүқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде, жаңадан құралатын банк ҰБ дан рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау агенттігінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде, банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық кадағалау агенттігінен лицензия алады.
Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық-гпехникалық шараларды орындау, оның ішінде: ¥лттык банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және кұрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар кызметкерлерді кабылдау;
- жарияланган жаршпъщ капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орын-дағандығьн растайтын кұжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уакыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау агенттігі қарайды.
Лицензияның мерзімі шектелмейді жене онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлік - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;
- дилерлік - мемлекеттің жене өзге де бағалы қағаздармен;
- кастодиандық;
- клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Қаржылық қадағалау агенттігінен жекелеген жене кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің жарғысы қолданыстағы заңнамаларда көрсетілген мәліметтерден басқа міндетті түрде мыналарды қамтуы тиіс:
1. банктің толық және қысқартылған атауы;
2. банк қорларын пайдаланудың түрлері мен тәртібі туралы мәліметтер;
3. банк органдарының шешім қабылдау тәртібі;
Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы. Өтініш қазақ немесе орыс тілінде беріледі және онда өтініш берушінің мекен - жайы көрсетілуі тиіс. Өтінішке мына құжаттар қоса тіркеледі:
1. жаңадан құрылатын банктің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау хаттамасы;
2. құрылтайшылар туралы жалпы мәліметтер, құрылтайшы заңды тұлғалардың соңғы екі есеп беру күніндегі қаржылық есептілігі, құрылтайшының қаржы жағдайының сәйкестігі туралы аудиторлық ұйымның есебі;
3. банк заңнамаларының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау үшін ұсынылатын адамдар туралы мәліметтер;
4. жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі жөніндегі ереже;
5. жаңадан құрылатын банктің несие клиенті жөнінде ереже;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz