Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР . . .

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .

КІРІСПЕ . . .

1 МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҚИМЫЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Ғылыми зерттеу мәселесінің тарихи-педагогикалық аспектілері . . .
  2. Қазақтың ұлттық ойындарын мектептегі дене шынықтыру пәнінде қолданудың педагогикалық жағдайы . . .
  3. Бастауыш мектеп оқушысының психикалық дамуындағы тұлға-аралық қатынастар . . .
  4. Дене шынықтыру пәні бастауыш мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарын қалыптастыру құралы . . .
  1. САБАҚ ҮРДІСІНДЕ ҚИМЫЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒА-АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДене шынықтыру пәні бойынша ҚР бастауыш білім берудің Мемлеккеттік стандарьын, бағдарламасын және оқулығын талдау . . . Қазақтың ұлттық ойындарының элементтерін дене шынықтыру пәнінде қолдану . . . Бастауыш мектеп жасындағы балалармен дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері . . . Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мазмұны және оны талдау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША . . .

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертацияда келесі стандарттардың сілтемелері қолданылған:, . 1. «Қазақстан-2030» бағдарламасы Алматы, 1998.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1998.

3. 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан Республикасында тілдер туралы» ҚР заңы.

4. ҚР МЖМБС 2003-2002.

5. Елбасының «Қазақстан дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында» Жолдауы. 16. 03. 2006ж.

6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 III ЗРК жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

7. Елбасының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолдауы. »

8. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

9. Қазақстан Республикасының 1 Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».

10. Магистрлік диссертацияның рәсімделуіне және қорғалуына қойылатын талаптар, Алматы 2014.

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер анықтамаларымен бірге қолданылады:

Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немеме топтың әлеммен жасайтын өзара іс-әрекеті.

Жеке тұлға- адамның автономиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу процесі.

Қабілет- бұл бір іс-әрекет орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті.

Қабілеттілік- тұлғаның өнімді, табысты іс-әрекетті орындаудың шарты болатын жеке психологиялық ерекшеліктер.

Қалыптасу- тұқым қуалаушылықтың, әлеуметтік ортаның, мақсатты бағытталған тәрбиенің және өзінің белсенділігінің әсерінен тұлғаның сомдалуы.

Материалды тұлға-аралық қатынастар- адамға қалыпты өмірге қажетті материалды және рухани мәдениеттің заттарын алуға мүмкіндік береді, олар жекелік дамудың шарттары ретінде қызмет атқарады.

Танымдық тұлға-аралық қатынастар - интеллектуалды дамудың факторы ретінде қызмет атқарады, өйткені адам қарым-қатынасқа түскен индивидтер білімдермен алмасады және өзара байыта түседі.

Кондициондық тұлға - аралық қатынастар- үйренуге даярлықты жасайды, қарым-қатынастың басқа түрлерін дамытуға қажетті нұсқауларын қалыптастырады. Сонымен қатар, ол жанама түрде адамның интеллектуалды және тұлғалық дамуына ықпал етеді.

Мотивациялық тұлға-аралық қатынастар- адамның қосымша қуатының көзі ретінде қызмет атқарады. Мұндай қарым-қатынас нәтижесінде іс-әрекеттің жаңа қызығушылықтары, мотивтері мен мақсаттарын меңгере отырып, адам өзін дамытатын психоэнергетикалық ахуалын арттырады.

Әрекеттік тұлға-аралық қатынастар, оны әрекеттермен, операциялармен, іскерліктер және дағдылармен тұлғааралық алмасу ретінде анықтайды, индивид үшін тікелей дамытушы нәтиже береді, ойткені ол оның жеке іс-әрекетін жетілдіреді және байытады.

Биологиялық тұлға-аралық қатынастар ағзаны оның өмірлік өызметтерін қолдау дамыту шарты ретінде өзіндік сақтау қызметін атқарады.

Әлеуметтік тұлға-аралық қатынастар, адамдардың қоғамдық қажеттіліктеріне қызмет атқарады, қоғамдық өмірдің, топтардың, ұжымның формаларының пайда болуына ықпал ететін фактор болып табылады.

Жанама тұлға-аралық қатынастар адамға тумасынан берілетін қарапайым және тиімді құралдарды және үйрету тәсілдерін тәжірибеде көп қолдануы барысында тәрбиеленуі үшін қажет: шартты рефлекторлық және вербалды.

Тікелей тұлға-аралық қатынастар қарым-қатынас құралын жетілдіре білуге және адамның осы қабілет негізінде өзіндік дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеу шарттарын қалыптастыруға көмектеседі, сонымен қатар тұлға-аралық қатынастың өзін саналы түрде меңгеруді қамтамасыз етеді.

Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сүйене отырып тұлға-аралық қатынастар адамды тұлға ретінде қалыптастырады, оған нақты мінез-бітістерін, қызығушылықтарын, әдеттерін, бейімділіктерін игеруге, адамгершілік мінез-құлықтардың нормалары мен түрлерін меңгеру, өмір мақсаттарын анықтап алып, оларды жүзеге асыру құралдарын таңдауға мүмкіндік береді деген тұжырымға келдік.

ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР- Қазақстан Республикасы

МЖМБС- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

Б. д. д- Біздің дәуірімізге дейін

ДТОҒЗИ- Дене тәрбиесінің орталық ғылыми зерттеу институты

ЖДД- Жалпы дене дайындығы

АДД- Арнайы дене дайындығы

ЖОО- Жоғарғы Оқу Орны

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Елбасының «Қазақстан-2050» [1] стратегиялық бағдарламасының өзекті мәселесі Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен тәжірибенің жетістіктерінің негізінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті жағдайларды жасау болып отыр. [2] . Осы аталған құжаттың «Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін» атты бабындағы бағытына сүйене отырып, біз ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып, бүгінгі XXI ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру қажеттілігі өзекті болып отырғандығн көреміз. Ал, бұл XXI ғасыр ағымына лайықты тұлғп- өз ана тілін білетін, басқа тілді құрметтейтін, тарихи зердесі жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, әлемдік ғылыми- техникалық прогресс көшіне ілесе алатын адамға» деген қажеттілік. Мұнда оқыту үрдісінде бастауыш мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарын қалыптастыруда қимылдық ойындардың алатын рөлі маңызды деп білеміз.

Бұл қабылданған құжаттарды саралай келіп, қоғамның қазіргі заманда бастауыш мектеп оқушыларында тұлғааралық қатынасты қалыптастыруға деген талаптың жоғары екендігін көреміз. Осы жоғарғы талаптарға сәйкес мектепте тұлғааралық қатынасты қалыптастыруда қимылдық ойындарды тиімді әдістерін іріктеп, оларды оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру қажеттілігі туындайды.

Алға қойған мәселелердің шешімін іздестіру ғылым мен тәжірибеде жинақталған мұраны бастауыш мектеп тәжірибесінде қодануды қажет етеді. Жалпы бастауыш мектептегі ойын, оқыту және басқа мәселелерімен көптеген ғалымдар шұғылданады. Бастаушы мектеп туралы алғашқы идеяларды әлемдік педагогика классиктері Я. А. Коменский, А. Дистербейк, И. Г. Песталоццидің көз қарастарынан және тәжірибесінен көреміз. Бастауыш мектеп дамуына өткен ғасырдың Ресей және Қазақстан ағартушылары мен педагогтары К. Д. Ушинский, П. Ф. Каптерев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, А. Бөкейханов тағы басқалар үлес қосты.

Зерттеу жұмысының обьектісінің бірі ойын, бұл мәселе бойынша Қазақстанда тарихи әдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар аз емес. Айталық, А. Байтұрсынов [3], М. Жұмабаев [4], М. Ауезов [5] ұлт ойындарының білім берудегі ролін зерттеген. Ал, ойындардың әлеуметтік және педагогикалық мәніне М. Т. Таникеев [6, Е. С. Сағындықов өз еңбектерін арнаған [7] . Этнограф - ғалым Ә. Диваев өзінің «Игры киргизских детей» [8] атты еңбегіне алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырды. А. А. Алектров (О рождении и воспитании детей ктргизов, првилах и властей родителей, Орынбор 1981г) . [9] атты еңбегінде көшпелі қазақ халқының өмір сүу салтындағы ұлттық ойындардың алатын орнын, дүниеге келген сәбидің өсу динамикасына, олардың денсаулығының артып, дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы сол ойындардың пайдалы жақтарын ашып көрсетеді. Ал XX ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М Гуннер [10] қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын жеке-дара ажыратып, алғаш рет бөліп қарастырды. Осы айтылғандармен бірге оқушылардың тұлғааралық қатынастарын қалыптастыру мәселесіне арналған зерттеулерде біздің назарымызды аударды, олардың қатарында тұлғааралық қатынастар мәселесін;

  • философиялық тұрғыдан А. Ф. Лазурский, Э. Шпрангер, К. Г. Юнг.,
  • психологиялық тұрғыдан Р. Кэттел, Н. Айзенк, Дж. Гильфорд.,
  • педагогикалық тұрғыдан П. Ф. Лесгафт, К. Д. Ушинский,

А. С. Макаренконы айтуға болады.

Оқушы тұлғасын қалыптастыруда ойынның теориясы мен тәжірибесін шет елдік ғалымдар Ф. Шиллер [16], Г. Спенсер [17], К. Гросс [18] өз үлестерін қосты.

Зерттеудің негізгі бағытарын талдау барысында біз бастауыш мектеп жасында қимылдық ойындарды дене шынықтыру сабағында қолдануәдістемесі туралы психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде әлі де толыққанды зерттеліп бітпегенін анықтадық. Міне осы қайшылықтарды шешу қажеттілігі бізге зерттеу тақырыбымызды «Қимылдық ойын-оқыту үрдісінде бастауыш мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарын қалыптастыру » деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарын қалыптастыруда қимылдық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын іріктеу және оны дене шынықтыру сабақтарында пайдалану мүмкіндігін айқындау.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі дене шынықтыру сабағының оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: оқу үрдісінде қимылдық ойындар арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарын қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы егер бастауыш мектептегі дене шынықтыру сабағында қимылдық ойындар арқылы тұлғааалық қатынастарды қалыптастырудың тиімді әдістері ұсынылса, онда дене шынықтыру сабақтарында тұлғааралық қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік жоғарылайды, өйткені бастауыш мектепте қимылдық ойындарды тұлғааралық қатынасты қалыптастыру үшін тиімді құрал ретінде қолдануға мүмкіндік туады.

Зерттеу міндеттері:

  • зерттеу мәселесінің тарихи-әлеуметтік алғышарттарын анықтау.
  • Қимылдық ойынның бастауыш мектеп оқушыларының тұлға-аралық қалыптастыру құралы ретінде дене тәрбиесі сабағында қимылдық ойындарды қолдану бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыс жүргізу;
  • Бастауыш мектепте тұлға-аралық қатынасты қалыптастыратын қимылдық ойындарды қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш мектептегі дене шынықтыру сабағында тұлға-аралық қатынасты қалыптастыруға қимылдық ойындарды ұтымды қолдану арқылы қоғам сұранысына сай тұлға дайындауға мүмкіндік туады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық құндылығы:

  • бастауыш мектептегі дене шынықтыру сабақтарында іс-әрекет

барысында тұлға-аралық қатынастың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері ұсынылды.

  • білім беруді ізгілендіру, оқыту мен тәрбиелеудегі тұлғаға тұрақталған

бағыттың, баланың білім алу ортасын байыту концепциясының сипаттамасы жасалды.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының ресми материалдары (заңдар, конституция, қаулы-қарарлар т. б. ) . Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім саласына қатысты нормативтік құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар, стандарттар, бұйрықтар т. б. ), зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер. Бастауыш мектепте тұлға-аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты отандық және шетел педагогтарының, психологтарының, философтарының еңбектеріне теориялық талдау жасау. Оқушылардың практикалық іс-әрекеті мен шығармашылық жұмыстарының нәтижесін эмпирикалық әдістер арқылы зерттеу. Зерттеу мәлметтерін өңдеудің (тестілеу, анкеталау, сұхбат) әлеуметтік және статистикалық әдістері.

Зерттеу базасы: Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті №23 жалпы орта білім беретін мектеп.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • бастауыш мектепте тұлға-аралық қатынасты қалыптастырудың

педагогикалық алғышарттарын анықтау дене шынықтыру сабағында қимылдық ойындар арқылы тұлға-аралық қатынасты қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындайды.

  • Бастауыш мектепте дене шынықтыру сабағындағы қимылдық ойындардың тұлғааралық қатынасты қалыптастыруға әсерін анықтау қимылдық ойындарды қолданудың тиімді жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

  • Бастауыш мектепте дене шынықтыру сабағында тұлға-аралық қатынасты қалыптастырудың әдіснамалық алғышарттары анықталды.
  • Тортінші сыныпта дене шынықтыру сабақтарының мазмұны мен түрлерін ұйымдастырудың мәселесін зерттеумен айналысқан қазіргі таңдағы жалпы педагогикалық бағыттар, әдістер анықталды.
  • Кіші мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарын қалыптастыруда дене шынықтыру сабақтарында қимылдық ойындарды қолданудың тиімділігі эксперименттік тұрғыда дәлелденді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: бастауыш сынып оқушыларында тұлға-аралық қатынасты қалыптастыру үшін қимылдық ойындарды тиімді жүргізудің тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға болады.

Зерттеу екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде (2018-2019) психологиялық- педагогикалық және әдістемелік кабинеттер қарастырылды және талданды. Әдебиеттерді теориялық талдау мәселенің жағдайын практикалық тұрғыда зерттеумен сәйкестендірілді. Эксперимент бағдарламасы мен оны жүргізуге арналған диагностикалық тапсырмалар құрастырылды.

Екінші кезеңде (2019-2020) зерттеу болжамы анықталды, міндеттері қарастырылды, түсіндірмелі аппарат құрылды. Осы кезеңде тәжірибелік-эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды, оның барысында дене тәрбие сабағында қимылдық ойындар арқылы кіші мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды. Тәжіибелік- эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау, жүйелендіру және материалдарды безендіруді аяқтау іс-шаралары жүзеге асты.

Жұмыстың құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі және негізділігі баяндалды.

«Мектептегі дене шынықтыру сабағында қимылдық ойындарды қолдану мәселесінің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде ойын барысында кіші мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарының қалыптасу жолдары анықталып, талдау жасалды.

«Сабақ үрдісінде қимылдық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың тұлға-аралық қатынастарын қалыптастыру» деп аталатын екінші бөлімде бастауыш мектеп оқушыларының тұлға-аралық қатынастарының диагностикасын және қимылдық ойындарды қолданудағы тәжірибелік- педагогикалық жұмысына сипаттама жасалған.

Қорытынды болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары түйінделіп, тәжірибелік- педагогикалық жұмыс бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

Қосымшада дене шынықтыру сабағының жоспары, қимылдық ойындар кестесі ұсынылған.

  1. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҚИМЫЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІҒылыми зерттеу мәселесінің тарихи- педагогикалық аспектілері.

«Қазақстан-2050» бағдарламасы жоғары білім жүйесінің алдына мемлекеттік және оқыту-тәрбиелеу мекемелеріндегі балалармен кәсіби түрде жұмыс атқара алатын педагогикалық кадрлардың жаңа ұрпғын даярлау міндетін артады [2] .

Қазіргі таңдағы мұғалім баланы тек оқытып және тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар оның тұлғасының қалыптасуына да тікелей ықпал етуі керек. Ұсыныоып отырған мәселе кіші мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетін қимылдық ойындарды қолдана отырып, білікті түрде ұйымдастыру барысында шешілуі де мүмкін.

Ойын-тариха түрде қалыптасқан қоғамдық құбылыс, адамға тән өз бетінше орындалатын іс-әрекет түрі.

Ойынның пайда болуының және дамуының табиғи-тарихи негізі еңбек болып табылады. Ойынның алғашқы түрлері алғашқы қауымдық қоғамның синкретикалық өнерінің бір бөлігі ретінде орын алған, олар адамның еңбектік және тұрмыстық әрекетін бейнеледі. Олар ән айтумен, би ьилеумен, музыкамен тығыз байланысты болды.

Өндіріс құралдарының жетілуі, тілдің және ойлаудың дамуы есебінде ойындар дербес іс-әрекет түрінде бөлінді, мазмұны жағынан толықтырыла түсті, жеке қимыл түрлері, жаңа және неғұрлым күрделі әрекет түрлері пайда болды.

Дербес іс-әрекет түріне бөліне отырып, ойындар қоғам өмірін реттеуші ретінде анықталған, бұл тек олардың мазмұнына ғана емес, сонымен қатар берілген қоғамның заңдарына сәйкес балаларды тәрбиелеу мақсатына қолдану міндеттеріне де өзгерістер енгізді. Адамзаттың тарихы ойынмен және оны табиғи, тиімді дене жаттығулары ретінде қолданумен тікелей байланысты. Археологтар қазба жұмыстарының барысында көне ойыншықтарды табуда( ойын тастары, шарлар, сүйектер және т. б), олармен бідің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңжылдықтар мерзімінде өмір сүрген ерте адамдар ойнаған. Ойындар туралы алғашқы кітап б. д. д 500 жыл бұрын жазылған. Оның авторының есіміТимокрит болған. Ежелгі Ассириядағы, Ежелгі Грециядағы ойындар жоғары бағаланған. Әсіресе Ежелгі Рим тарихында ойынның ролі айқын көрінеді. Арабшылар жарысы, гладиаторлардың сайысы сияқты керемет ойындар мемлекеттік саясаттың өлшеміне енгізілген. [19] .

Орта ғасырларда ойындардың танымдылығы жоғары дәрежеге жетеді. Бұл халықтың демалу уақытының артуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар рыцарьлардың ойыны жоғары бағаланды, олар жпқсы денелік даярлықты талап етті.

XVI ғасырдың орта шенінде ойындарды негізгі мәселе ретінде қарастырған адамды тәрбиелеудің жаңа гуманистік теориялары пайда бола бастады. Франсуа Рабле, Томас Элиот, Мишель Монтель, Т. Кампанелла, Эразм Роттердамский және көптеген прогрессивті ойшылдар дене тәрбиесінің дамуы мен қимыл, ойын ұғымдарының педагогикада өздеріне тиесілі орынды қайта алуына жағдай жасауда үлкен үлес қосты.

Сан ғасырлық педагогикалық тәжірибенің дәлелдеуі бойынша, дене тәрбиесі жүйесінде басты орын ойындарға беріледі. Философиялық- теориялық тұрғыда ойын әрекетінің мәнін ашу Ф. Шиллерден бастау алады. «Еркіндік» ұғымының мәнін философиялық тұрғыда түсіндіру оның ойын ұғымына адамның еркін іс-әрекетін жүзеге асыру ретінде түсінуге мүмкіндік берді. [20]

Кейіннен, ойын «күштің тасуынан» пайда болады деген пікірді ағылшын философы Г. Спенсер енгізген болатын. Автордың пікірінше, ойын нақты мақсатты көздейтін іс-әрекет емес, бірақ күшті жаттықтырудың жағымды әрекеті болып табылады. [21] Спенсердің ойын табиғаты туралы түсініктемелері неміс психологы К. Гросстың [22] еңбектерінде жетілдірілді. Оның теориясы жаттығу немесе өзін-өзі тәрбиелеу теориясы болып табылды. Ол ойынға болашақ өмірге даярлық ретінде мән берді, бірақ бұл мәнді тек тұқым қуалау арқылы алған реакцияларды жетілдіру ретінде ғана түсінді. Гросстың теориясы психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде сенімсіз мазмұн алса да, оның теориясындағы баоаның дамуындағы ойынның маңызды орны туралы пікірлер келтіріледі.

Балалар ойынының пайда болуы мен оның еңбекпен байланысы мәселесі В. Вундтың [23] зерттеулерінде басымдық алды. Оның айтуынша: «Ойын- бұл еңбектің баласы, ойын түрлерінің барлығы еңбектің түрлеріне ұқсас келеді. Тіршілік еті қажеттілігі адамды еңбектенуге итермелейді. Ал оның барысында адам өзінің күшінің әрекеттерін рахаттану көзі ретінде бағалауды үйренеді».

Вена психологы К. Бюлер [24] ойын ұғымына биологиялық фактор тұрғысынан анықтама береді: «қызметтік қанағаттанумен жабдықталған және осы қанағаттанумен қолдау табатын қандай да бір іс-әрекетті оның не істейтініне және қандай байланыста тұратынына қарамастан, біз оны ойын деп атаймыз».

Голландия психологы және физиологы Ф. Бейтендейк ойынға жаңалық енгізумен орындалатын даму ретінде анықтама береді. Ол ойынды нақты инстинктерді жүзеге асыраудағы нақты еліктеу қызметі түрінде қарастырды.

Демек, XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі психологтардың еңбектерінде ойын сананың кездейсоқ дамуының, баланың рухани өмірінің көрінісі ретінде қарастырылды.

Итальян ғалымы Д. А. Колоцца [25] балалар ойыны жайлы материалды жүйеге келтіруге, балалар ойынының психологиялық және педагогикалық мәнін ашып көруге ұмтылыс жасады. Оның айтуынша, дұрыс таңдалған және дұрыс ұйымдастырылған ойын барысында баламен орындалатын тұжырымдар мен ой қорытындылар оның өз тәжірибесінің нәтижесі болғандықтан тәрбиелік мәні зор. Ойын барысында бала барлық қатынаста әрекетшіл болады-мінез-құлқында, сонымен қатар тұжырымдауында да. [25, 26]

Ойынды өмірдің бейнеленуі, әлеуметтік шарттармен анықталатын әрекет түрінде түсіну психолог А. Валлонның зерттеулерінің негізінде де орын алады. Оның тұжырымдауынша ойын өз мәні жағынан әлеуметтік сипат алады, өйткені оның көмегімен бала қоршаған заттар, әлеуметтік қатынастар әлемін меңгереді. [26] . Автор балалар ойынында шындық пен қиялдың байланысын дұрыс анықтады. А. Валлонның ойындық еліктеу туралы ой-пікірі қызықты, бала өз ойынынды жаңа ғана басынан кешірген сезімдерді қайталайды екен. Сонымен қатар, оның байқауынша ойындағы еліктеу таңдамалы келеді. Бала ойында өзінде мәртебелі, жақын, ұнамды адамдарға еліктейді. А. Валлон ойынның үлкен тәрбиелік мәнін айрықша атап өтеді.

Өндіріс құралдарының жетілуі, тілдің және ойлаудың дамуы есебінде ойындар дербес іс-әрекет түрі ретінде бөлінді, мазмұны жағынан толықтырыла түсті, жеке қимыл түрлері, жаңа және неғұрлым күрделі әрекет түрлері пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникативтік дағдылар ұғымы және оның бастауыш сынып жасындағы балаларда даму ерекшеліктері
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Адамгершілік қарым-қатынас тұлға дамуының негізі
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің дамуы
Оқушылар ұжымы - мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
Тәрбиенің түрлері
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру тарихы
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде педагогикалық технологияны қолдану негізінде танымдық белсенділігін дамыту
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz