Мүліктің бір ғана бөлігіне ғана өсиет етілсе



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты
Заң пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ЗАҢДЫ МҰРАГЕРЛІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МҰРАҒА ИЕ БОЛУ

Тексерген: Альмухамбетов Ж.Н
Орындаған: Сейфулла Г.Т

Нұр-Сұлтан 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Мұра, заң бойынша мұраға ие болудың түсінігі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. Заң бойынша мұрагерлердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 7

3. Мұрадағы міндетті үлеске құқық және мұра алудың кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . .22

КІРІСПЕ

Мұрагерлік - бұл қайтыс болған мұра қалдырушының мүлкінің басқа бір адамдарға ол қайтыс болған жағдайда ауысуы болып табылады. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа азаматтарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде өтеді.
Біз білетіндей, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша осы қайтыс болған азаматтың мүлкінің ауысуы өсиет бойынша да, заң бойынша да өтуі мүмкін.
Өсиет мұра қалдырушының өзінің мүлкіне қатысты өкімі болып келсе, заң бойынша мұра қалдыру бұндай өкімнің бар екендігін білдірмейді. Мұра қалдырушының мүлкіне деген құқықты заңның өзі айқындап берген. Яғни, өсиет қалдырмаған немесе бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.
Міне, заңды мұрагерлікке байланысты осы және өзге де мәселелер осы курстық жұмыста кеңінен талқыланады. Заң мұраның тұлғаларға өтуін бекіте отырып, ол заңды мұраның иеленушілерінің заңды тізімін айқындаған заңда заңды мұрагерлердің бірқатар тізімі келтірілген. Осы тізімге сәйкес заңды мұрагерлер мұраға ие болады.
Сонымен қатар бұл курстық жұмыстың бір зерттеу бағыты ретінде мұрадағы міндетті үлес мәселесін атап айтуға болады. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған не еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттің мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлік кезінде олардың әрқайсысына тиесілі болатын үлестің (міндетті үлес) кемінде жартысын мұраға алады.
Бұл курстық жұмыста заңды мұрагерлік мәселесіне қатысты заңдарға талқылау жүргізіліп, мұны жазу барысында қазақстандық авторлармен қатар, ресей авторларының да еңбектері кеңінен қолданылады.

І. Мұра, заң бойынша мұраға ие болудың түсінігі
және оның маңызы

Әкеден қалған мұра балаға, ұрпағына заңды негіздерге сәйкес мұрагерлік құқық тәртібімен жүзеге асырылады. Мұрагерлік құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіменн, ал тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі. Мұрагерлік - қайтыс болған азаматтың мүліктік құқығы мен міндеттің басқа адамдарға ауысуы.
Мүліктік құқық пен міндетке жеке-жеке тоқталатын болсақ, мүліктік құқық - мұраға қалдырушыға тиесілі мүліктің мұрагерлік тәртіппен мұрагерлеріне ауысуы. Ол, мәселен мұрагердің мұрагерлік тәртіп бойынша ауысқан үйге, пәтерге, автокөлікке және тағы басқаға құқығы бар дегенді білдіреді.
Мүліктік міндет - мұрагердің мүліктік құқықтан басқа мұра қалдырушының міндетін (қарыздарын) өтеуі. Яғни, мұра қалдырушы бұрын-соңды несие берушілерге және тағы басқаларға қарыз болған реттерден туындайтын міндеттер. Мұрагерлер бұл жағдайда қарыздарын мұрагерлік мүлік шегінде өтеуі тиіс. Алайда, мұрагер мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты құқықтары мен міндеттеріне жауап бермейді. Мысалы, алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттерге және т.б. жауап бермейді. Қорыта айтқанда, мұрагерлік - тұлғаның қайтыс болуы салдарынан пайда болатын күрделі комплексті қатынас.
Мұрагерлік екі негізде: яғни өсиет және заңды мұрагерлік бойынша жүзеге асырылады.
Егер азамат тірі кезінде заңда көрсетілген тәрптіпке сәйкес өсиет қалдырса, бұл жағдайда мүлік өсиетке көрсетілген тұлғаларға өсиет бойынша ауысады.
Сонымен қатар, азамат өсиет қалдырмай қайтыс болатын болса, онда мұрагерлік заңды мұрагерлік тәртіппен және заңда белгіленген кезек тәртібі бойынша мұрагерлер мұрагерлікке шақырылады. Сондай-ақ құрылған өсиет, заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес болмаса, өсиет жарамсыз деп танылады да, заңды мұрагерлер кезек тәртібімен мұрагерлікке шақырылады.
Егер мүліктің белгілі бір бөлігі өсиетте көрсетілсе, онда көрсетілген мүлік өсиет бойынша өсиетте көрсетілген тұлғаларға ауысады да, қалған өсиет етілмеген мүлік бөлігі заңды мұрагерлік бойынша жүзеге асырылады.
Мұраға ие болу үшін алдымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1042-бабына сәйкес мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
Мұраның ашылуы бойынша мұраны қабылдау және мұрадан бас тарту үшін мұрагерлер нотариалды мекемеге барып, сол туралы арыз береді. Осыған байланысты белгіленген алты ай мерзім ішінде (егер заңда өзгеше көзделмесе) мұраға құқық туралы куәлік беріледі немесе мұрагерлік мүлікке қамқоршы тағайындалады.
Жалпы, мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектілері мұра қалдырушы, мұрагер, заңды тұлға және мемлекет болып табылады. Заңды мұрагерлік бойынша қоғамның тең құқықты мүшесі, мұра қалдырушы мен мұрагер болып табылады. Заңды мұрагерліктің субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ азамат бола алады. Мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін өзіне тиесілі болған мүлікті басқа адамдарға мұра етіп қалдырушы тұлға болып табылады. Қорыта айтқанда, мұрагерлік құқық тәртібі бойынша мұра қалдырушының жеке меншігі мұрагерлерге ауысады.
Мұра ашылған кезде мұра қалдырушының тірі жүрген мұрагерлері, сонымен қатар мұра қалдырушының тірі кезінде ішінде қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар заң бойынша мұрагер бола алады.
Заң бойынша мұрагерлік бойынша мұрагер деп заңда көрсетілген мұра қалдырушының құқықтық мирасқорын атайды. Сонымен қатар заңды мұрагерлік бойынша мұрагерлер ретінде азамат, мекеме, ұйым, әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар, шетел азаматтары бола алады. Қорыта айтқанда, заңды мұрагерлік бойынша мұрагерлер қатарына мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған балалары кіреді. Егер мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған баласы туылғаннан кейін, кем дегенде бір рет минуттай тірі болса, ол тірі туылған деп саналады және ол мұрагерлер тобына кіруге тиіс. Бұдан басқа мұра қалдырушының табиғи ұрықтануы нәтижесінде пайда болған балалар да мұрагерлері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес, заң бойынша мұрагерлік кезек тәртібімен шешіледі. Бұл жағдайда мұрагерлік құқыққа кезек тәртібі бойынша, үлеспен тек мұра қалдырушылардың жақын туыстары ғана ие болады.
Заңды мұрагерлік бойынша мұра қалдырушының құқығы мен міндеті заңда көзделген тәртіп және шарт бойынша ауысады. Мұра қалдырушының мүлкі заңда көрсетілген кезек тәртібі бойынша тең үлеспен мұрагерлікке шақырылады. Егер мұрагерліктің негізі өсиет болып табылса, яғни өсиет қалдырушы өсиет қалдырса, онда мұрагерлер арасындағы құқықтар мен міндеттерді үлестіру сондай-ақ мұрагерді қосымша тағайындау тек өсиет қалдырушының өз ықтиярымен реттеледі.
Егер де азамат өсиет қалдырмай қайтыс болып кететін болса, онда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Егер өсиет заңға сай талаптармен жасалмаған ретте, өсиет жарамсыз болып танылады және жасалмаған заңсыз өсиетке теңестіріліп, мұрагерлік заң бойынша орын алады. Өсиет қалдырушы өсиетте мүліктің жартысын ғана өсиет етсе, өсиет етілмеген қалған бөлігі заң бойынша мұрагерлікпен ауысады.
Қорыта айтқанда, өсиет қалдырмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген және өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.

2. Заң бойынша мұрагерлердің тізімі

Заңды мұрагерлік бойынша мұрагерлер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1061-1066 баптарында көрсетілгендей, кезек тәртібімен мұраға шақырылады. Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан асырап алынған және оның ұрпақтары, сонымен қатар екінші жағынан асырап алынған және оның ұрпақтары қандас туыстарға теңестіріледі.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер бола алмайды.
Заң бойынша мұрагерлердің әрбір келесі кезегі алдыңғы кезекте мұрагерлер болмаған не оларды мұрадан шеттеткен және олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлік құқыққа ие бола алады.
Азаматтық кодекстің заң бойынша мұрагерлерді мұрагерлікке шақырудың кезек тәртібі және олардың мұрадағы үлестерінің мөлшері туралы ережелері мүдделі мұрагерлердің мұра ашылғаннан кейін жасалып, нотариат куәландырған келісіммен өзгертілуі мүмкін. Мұндай келісім оған қатыстпайтын мұрагерлердің құқықтарын қозғамауға тиіс. Аталған мән-жайларды қорытындылап, мынандай тұжырым жасауға болады, яғни заңды мұрагерлік келесі жағдайда пайда болады:
oo Өсиетті қалдырмауынан немесе жоқ болуы салдарынан;
oo Егер мұрагерлер өсиеттен бас тартса немесе оны қабылдамаса;
oo Егер өсиет бойынша мұрагерлерді мұрагерліктен жойса, оны лайықсыз деп тапса;
oo Мүліктің бір ғана бөлігіне ғана өсиет етілсе;
oo Егер де өсиет бірлі-жарлы немесе толығымен дұрыс боламаса;
oo Мұра қалдырушының өсиетінен бұрын мұрагер қайтыс болса.
Заңды мұрагерлік өсиет бойынша мұрагерліктің баламасы болып табылады. Заңды мұрагерліктің өсиет бойынша мұрагерліктен айырмашылығы, өсиет бойынша мұрагерлікте өсиет қалдырушы мұрагерлерді өзі тағайындайды және олардың өзара арасындағы мүлікті бөлу тәртібі өз қалауында болады.
Мұрагерлердің мұра қалдырушымен туыстық қатынастары:
oo азаматтардың хал актілерін жазу органдарының куәлігімен;
oo метрикалық кітаптардан алынған көшірмелер;
oo туыстық қатынастар фактісін белгілеу туралы заңды күшінен енген сот шешімімен анықталады.
Мұрагерліктің кезек тәртібі Азаматтық кодекстің баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мұрагерлік жоғарыда айтқандай, кезек тәртібімен жүзеге асырылады, кезек тәртібі өз кезегіндегі ерекше мазмұнға ие бола отырып, Азаматтық кодекспен реттеледі. Заң бойынша мұрагерліктің бірінші кезегінде тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-аналары.
Мұра қалдырушының балалары ретінде мұра қалдырушының өз ұлы мен қызын айтады. Яғни заңды некемен теңестірілген ұрпақтары. Егер ата-аналарының некелері заңды деп танылса, онда олардың балалары әкесінен кейін де, шешесінен кейін де заңды мұрагері болады. Заңсыз некеден туылған балалар шешесінің қандай жағдайда болсын, егер олардың іс-әрекеттері заңға қайшы келмесе, мұрагері бола алады, ал әкесінің мұрагері болып, егер де ата-аналарының бірге жазған арызы негізінде неке органынан немесе соттан әкелігі дәлелденген ретте мұрагері болып табылады. Баласының туыстығын, тегін дәлелдеу мәселелері Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңымен анықталады.
Бала асырап алу деп заңды тұрғыда баланы асырап алу туралы дәлелденген жағдайларды айтады. Баланы асырап алу тек кәмелетке толмаған балаларға қатысты. Ата-аналардың баланы асырап алудағы келісімі олардың арыздарында көрсетілуі мүмкін. Сонымен қатар бала асыраушысының жұбайының келісімі мен қамқоршы органның рұқсаты қажет және оны нотариалды куәландыру керек. Алайда сот бала асырауда ата-аналарына келісім бермеуіне құқылы. Ол жағдайлар мынадай:
- сот арқылы қабілетсіз деп танылғандарға;
- сот арқылы ата-аналық құқықтан айырылғандарға;
- сотпен хабар-ошарсыз кеткен деп танылғандарға.
Өгей балалар заң бойынша өгей әкесімен өгей шешесінің бірінші кезектегі заңды мұрагерлері бола алмайды, сонымен қатар өгей шеше мен өгей әке, өгей балаларының бірінші мұрагерлері бола алмайды.
Мұра қалдырушының жұбайы деп мұра қалдырушымен заңды некелескен жарын айтады. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңының баптарына сәйкес, ерлі-зайыптылардың құқығы мен міндеті неке органында мемлекеттік тіркеуде некеге тұрған күннен басталады және зайыбы мұрагері болып табылады.
Ерлі-зайыптылар неке органында тіркеледі, азаматтық-хал актілерінің жазбасына сай жазылуы тиіс. Неке загсінде тіркелмей, бірге тұрған азаматтар бір-бірінің, егер заңда өзгеше көзделмесе, заңды мұрагерлері бола алмайды. Дегенмен, олар өсиет бойынша мұрагерлік құқыққа ие болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы заңына сәйкес, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылардың бірлесіп тапқан мүліктері жалпы үлестік меншік болып табылады. Мүліктік қатынастарды өзара келіспеушілік кезінде отбасы заңнамасымен емес, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттейміз. Егер бірінші кезектегі мұрагерлердің кемінде біреуі ғана мұраны қабылдаса, онда екінші кезектегі (және одан кейінгілдері де) мұрагерлер мұрагерлікке шақырылмайды. Егер мұра қалдырушы мен зайыбы мұра ашылғанға дейін некеде бірге тұрса немесе іс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-заптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, соттың шешімімен мұра қалдырушының зайыбы заң бойынша мұрагерліктен шеттетілуі мүмкін.
Некенің бұзылуы салдарынан ерлі-зайыптылар бір-бірінің мұрагері болып табылмайды. Егер АХАЖ органдары кітабында олардың ажырасқандығы туралы анықталса және некенің бұзылуы сот бойынша ажырасып, заң күшінен енген күні саналады. Заң күшінен қарсылық білдіру мерзімі асса немесе егер де ерлі-зайыптылардың бірі шағымданбаса немесе қарсылық білдірмегендігі туралы анықталса, соттың бұл туралы шешімі 10 күн мерзімнен асса неке бұзылды деп саналады.
Егер де ажырасқан ерлі-зайыптылар әрі қарай ортақ шаруашылық жүргізіп біреуі өлген сәтте, өзіне тиесілі ортақ кірістің жарты бөлігін ғана алады, ал қалған жеке меншік мүлкінің мұрагері бола алмайды.
Некесіз бала тәртіп бойынша тек шешесінің ғана емес, әкесінің де мұрагері бола алады. Бұл жағдайлар заңға сәйкес негіздерде жүзеге асуы мүмкін. Олар: біріншіден, 1944 жылғы 8-маусымдағы Кеңес президиумының жарлығы бойынша туылған бала, яғни шешесі неке тіркеуінде тіркелмеген, бірақ азаматтық хал актілерінде әкелігі жазылса, онда ол тек шеше жағынан емес, сонымен қатар әке жағынан да мұрагер бола алады.
Екіншіден, баланың шешесі мен әкесі некеде тұрмаған болса, кейіннен олар азаматтық хал-актілерін жазу органына бірлесіп арыз жазып, сонымен қатар, анасы қайтыс болған не әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған ретте немесе олар ата-аналық құқықтарынан айырылған кезде, онда қорғаншы мен қамқоршы органының келісімімен бала әкесінің арызы бойынша жүзеге асады. Ал мұндай келісім болмаған жағдайда сот шешімімен белгіленеді. Тұлғаның әкелігін анықтау ерлі-зайыптылардың тек келісімдерінің негізінде жүзеге асады. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туылғаннан кейін жасалады.
Үшіншіден, бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туылған жағдайда және ерлі-зайыптылар бірлесіп жазған арызы немесе әкесінің аразы болмаған кезде баланың нақты тегі ерлі-зайыптылардың аразы бойынша сот тәртібінде белгіленеді.
Төртіншіден, өзін баланың әкесімін деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болса, оның әкелігін тану фактісін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгіленуі мүмкін.
Азаматтық хал актілер жазу кітабына өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы арыздар, арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органға және шетелде тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктеріне немесе консулдық мекемелеріне беріледі.
Қазақстан Республикасының Неке жіне отбасы туралы заңының 89-бабына сәйкес асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары бала асырап алушылармен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар және олардың туыстарының асырап алған балалар мен олардың ұрпақтарына қатысы бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік туралы істер бoйынша өндіріс
Заң бойынша мұра қабылдау
Заң бойынша мұрагерлік
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субьектілері
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы заңды мұрагерліктің негіздері
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік қатынастарды реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелері
Мұрагерлік құқықты рәсімдеу
Мұрагерлік құқықтың негіздері
Неке, отбасы қатынастарының құқығы
Мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау
Пәндер