Еліктеуіш сөздерден жасалған үстеулер


Үстеудің семантика - грамматикалық белгілері және оларды таныту жолдары.
Кіріспе
І. Үстеу сөз табы туралы алғашқы алғашқы негіздемелер
1. 1 Үстеу сөз табының теориялық негіздерінің зерттелуі
1. 2 Үстеу сөз табының оқыту әдістемелік тұрғысынан зерттелуі
ІІ. Үстеудің грамматикалық теориялық сипаты және оқыту әдістемесі
2. 1 Үстеудің мектеп оқулықтарындағы семантикалық - грамматикалық сипаты.
2. 2 Үстеуің семантика - грамматикалық белгілерін оқыту әдісі
2. 3 Үстеуді оқытудың сабақ жоспары
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Зерттеудің нысаны.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Зерттеудің әдістері.
Зерттеу жұмысының материалдары.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
1. 1 Үстеу сөз табының теориялық негіздерінің зерттелуі
Қазіргі қазақ тілінде үстеу - лексика-семантикалық, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі ерекшеленген, толығымен зерттелген сөз табы. Үстеудің өзіне тән ерекшеліктерін мағыналық түрлерінің болуынан, сөзжасамдық жүйесінен көруге болады. Үстеу - сөз табы ішінде танылуы қиындау келетін, бірақ түсінуге жеңіл сөз табы. Қазақ тіл білімінде үстеу мәселесін зерттеу А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, К. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев, А. Ысқақов, С. Исаев, Қ. Есенов, Е. Саурықов, Ә. Ыбырайым т. б. ғалымдардың пікірлері толық қамтылды.
Алғаш рет қазақ тілші ғалымдарының арасында Ахмет Байтұрсынов үстеу мәселесін қарастырған болатын. «Тіл - құрал» атты еңбегінде ғалым үстеуді жеке сөз табы ретінде емес, шылаудың құрамында қарастырған. Ғалым шылау сөздерге үстеу, демеулік, жалғаулық, одағай сөздерді жатқызды. «Кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толықтыру үшін үстеу болады. Мәселен, «әрең келдім» дегенде, «әрең» демесе де келгендігі көрініп тұр, бірақ, «әрең»- ді қосқанда келгендіктің үстіне қалай келгендік көрініп тұр. «Әбден бітірді» дегенде, «әбден» демей де бітіргендік көрініп тұр, бірақ қалай бітіргендігі көрінбейді. «Бітірді» -нің үстіне «әбден» деген сөз жамалса қалай бітіргендігі де көрінеді. «Дөп тиді» дегенде тигендігі «дөп» деп те айтпасақ та көрінеді, бірақ қалай тигендігі көрінбейді. «Дөп» деген сөзді қосып айтсақ, қалай тигендігі көрінеді . «Ол әрі кетті» , «Мен бері келдім дегенде» дегенде «әрі», «бері» деген сөздерді айтпасақ та, оның кеткендігі менің келгендігім көрініп тұр, бірақ оның қайда кеткендігі, менің қайда келгендігім «әрі», «бері» деген сөздерді айтпасақ, көрінбейді» [1. 165 б. ] - деп сипаттап өтеді. «Осындай сөз үстіне қосылып, сөздің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу сөз дейміз. Көбінесе сөз орнына басқа сөздер, яки басқа сөзден туынды үстеу сөздер жүреді. Нағыз таза үстеу сөздер қазақ тілінде аз. Үстеу сөз де, туынды үстеу сөз де, үстеу сөз орындағы басқа сөз де - бәрі сұраудан білінеді. Қалай? Қашан? Қайда? деген сөздерге жауап болып айтылатын сөздердің бәрі де, я үстеу сөз, я соның орнындағы төлеу сөз» [1. 166 б. ] .
«Тіл - құрал » оқулығының 1915 жылғы (ІІ жылдық) басылымында зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағайлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталған. Осыған қарап ғалым оларды жеке сөз табы ретінде санап, оқулықта жеке-жеке сөз табы ретінде анықтама берген деген ойдамыз. Мәселен, А. Байтұрсынов «Үстеу» тақырыбына анықтаманы төмендегідей берген: «Үстеу дейміз - сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді. Мәселен, «тым жақсы», «он есе», «тап өзі», «әрең келдім» уа ғайри сондай. «Қалай?» - «тым жақсы», «қанша?» - «он есе», «қайсысы?» - «тап өзі», «қайттің?» - «әрең келдім». Қазақ тілінде түпкі үстеу сөздер, тіпті аз. Көбінесе, үстеу мағынасында басқа есімдерден, есімдіктен, етістіктен шыққан сөздер жүреді. Әуелі түпкі үстеу сөздерді алып қарайық: Сан есім һәм есімді күшейтуші үстеулерді жай - үстеу дейміз, олар мынау: әбден, тым, тіпті, хас, сірә, есе, тап, нағыз, нақ, әрең, дәл, дөп, дейім, әрі, бері, әбден, бұрын, енді, мана, әні, міне, ең, ылғи, таман, сайын, әлі, жория, жорта, дік . » [1. 256 б. ] . Ғалымның негізгі түбір үстеуі мағынасында түпкі үстеу терминін қолданған, сонымен қатар жай үстеу терминін де қолданғанын берілген анықтамадан байқап отырмыз. Демек, 1914 жылғы басылымның берілуінде үстеуді шылаулар тобына жатқызған пікірін қарастырып, 1915 жылғы басылымда үстеуді жеке сөз табы ретінде таныған. Бұл басылымда А. Байтұрсынов үстеу мәселесін толықтырған, әсіресе мағыналық тобына байланыста анықтамалар берілген.
Ғалым бұл оқулықта үстеуді мағыналық құрамына қарай 5-ке бөледі: нықтаулық, сынаулық, өлшеулік, мезгілдік, мекендік.
А. Байтұрсынов үстеудің түрлерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мысалдармен дәлелдеген.
1) «Нықтаулық үстеу дейміз - басқа сөздердің мағынасын нығыздау үшін айтылатын сөздерді, мәселен, ең жақсы, бек нашар, әбден қанды, тым шабан, өте тығыз, тіпті қысқа, тап өзі, нақ сол, нағыз арзан, дәл тиді, дөп келді, дәлме-дәл он кісі, қас жаман, қасақана айтты, әдейі айтпады, жәдә шаршады, тікелей қоя берді, әсіресе мақтағаны.
Көбінесе қарап отырғаны. Осындағы ірі харіфтермен жазылған сөздер нықтаулық үстеу болады. Бұлардан басқа да сөздердің мағынасын күшейтетін, нықтайтын сөздер нықтаулық үстеу болады. » [1. 257 б. ] .
2) «Сынаулық үстеу дейміз - істің сынын көрсететін сөздерді. Сынаулық
үстеу болатын - зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу екен - еместігін сұраудан айырамыз. Сынаулық үстеу сұрауы: қалай? қалайша? Осы сұрауға жауап болмаған сөз үстеу болмайды.
Жақсы оқиды, жаман жазады, сыбай қонады, жаяу жүреді дегенде, ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (оқиды қалай? - жақсы, жазады қалай? - жаман, қонады қалай? - сыбай, жүреді қалай? - жаяу) . Бұлар үстеу орнына жүретін сын есімдері.
Шалқасынан түсті, етбетінен құлады, орысша айтуы, адамша сөйледі
дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (түсті қалай? - шалқасынан, құлады қалай? - етбетінен, сөйледі қалай? - адамша) . Бұлар үстеу орнына жүретін зат есімдер.
Екі - екіден бөлді, үш - үштен алды, төрт - төрттен қойды, он - оннан
санады, жиырмадан үлестірді дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (бөлді қалай? - екі - екіден, алды қалай? - үш -үштен, қойды қалай? - төрт - төрттен, санады қалай? - он - оннан, үлестірді қалай? - жиырмадан) . Бұлар үстеу орнына жүретін сан есімдер.
Олай айтпады, солай сөйледі , бұлайша етпелік, сеніңше болсын, біздерше ойламапты дегенде ірі жазылған сөздер қалай? қалайша? деп сұрағанға жауап болып тұр (Айтпады қалай? - олай, сөйледі қалай? - солай, етпелік қалайша? - бұлайша, болсын қалайша? - сеніңше, ойламапты қалайша? - біздерше) . Бұлар үстеу орнына жүретін есімдіктер.
Саулап жанды, жантайып жатты, еңкейіп қарады, еңіреп жылады дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (жанды қалай? - саулап, жатты қалай? - жантайып, қарады қалай? - еңкейіп, жылады қалай? - еңіреп) . Бұлар үстеу орнына жүретін етістіктің көсемше түрлері. » [1. 258 б. ] .
3) «Өлшеулік үстеу дейміз - сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді. Өлшеулік үстеу болатын зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың да үстеу екен - еместігін сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу сұраулары: қанша? неше есе? Осы сұрауға жауап болмаған сөз өлшеулік үстеу болмайды.
Түске шейін ұйықтады, кешке дейін жатты, ауылға шейін қуды дейміз.
«Түске шейін», «кешке дейін», «ауылға шейін» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады, (ұйықтады қанша? - түске шейін, жатты қанша? - кешке дейін, қуды қанша? - ауылға шейін) . Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Аз берді, көп алды дейміз. «Аз», «көп» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады, (берді қанша? - аз, алды қанша? - көп) . Бұлар үстеу орнындағы сын есім сөздер.
Екі есе артық, бес есе кем дейміз. «Екі есе», «бес есе» деген сөздер неше есе? деп сұрағанға жауап болады, (артық неше есе? - екі есе, кем неше есе? - бес есе) . Бұлар үстеу орнындағы сан есім сөздер.
Сонша әдемі, мұнша кешікті, онша шапшаң емес дейміз. «Сонша», «мұнша», «онша» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады, (қанша әдемі? - сонша әдемі, кешікті қанша? - мұнша кешікті, шапшаң емес қанша? - онша) . Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.
Тойғанша жеді , қанғанша ішті, жеткенше шапты дейміз. «Тойғанша»,
«қанғанша», «жеткенше» деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады, (қанша жеді? - тойғанша, ішті қанша? - қанғанша, шапты қанша? - жеткенше) . Бұлар үстеу орнындағы етістік сөздер. » [1. 258 б. ] .
4) «Мезгілдік үстеу дейміз - істің мезгілін көрсететін сөздерді. Мезгілдік
үстеу болатын зат есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың үстеу екен - емесін сұраудан айырамыз. Мезгілдік үстеу сұраулары: қашан? қашаннан? Бұл сұрауларға жауап болмаған сөз мезгілдік үстеу болмайды.
Атам заманнан солай, күн сайын толады дейміз. «Атам заманнан», «күн
сайын» деген сөздер қашаннан? қашан? деп сұрағанға жауап болады, (қашаннан солай? - атам заманнан, қашан толады? - күн сайын) . Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Мұнан басқа туынды һәм түпкі үстеулер бар. Мәселен, бүгін, кеше, ертең, биыл, бүрсі күн (бұрнағы күн), бұрнағы жыл, алдыңғы күн, алдыңғы жыл, соңыра, қашаннан, ілезде (бұлар туынды үстеу), бұрын, мана, әлі, тағы, дәйім, дереу (бұлар түпкі мезгілдік үстеулер) . » [1. 259 б. ] .
5) «Мекендік үстеу дейміз - істің мекенін көрсететін сөздерді. Мекендік
үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздер. Бұлардың мекендік үстеу екен-емесін сұраудан айырамыз. Мекендік үстеу сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға жауап болмаған сөздер мекендік үстеу болмайды.
Тыста жатыр, қалаға барды, жайлаудан қайтты дейміз. «тыста», «қалаға», «жайлаудан» деген сөздер қайда? Қайдан? деп сұрағанға жауап болады (жатыр қайда? - тыста, барды қайда? - қалаға, айтты қайдан? - жайлаудан) . Бұлар үстеу орнындағы зат есім сөздер.
Онда бармады, мұнда келді дейміз. «Онда», «мұнда» деген сөздер қайда? қайдан? деп сұрағанға жауап болады (бармады қайда? - онда, келді қайда? - мұнда) . » [1. 259 б. ] .
Ахмет Байтұрсынов үстеу жасаушы қосымшаларды көрсетпесе де, туынды үстеулер деген терминді қолданып, оның мысалдарын келтірген. Негізгі үстеулер терминінің орнына түпкі үстеулер терминін қолданған. Түпкі үстеулерге мана, бұрын, әлі, дәйім, дереу сияқты мысалдармен берген.
Бұл қазақ тілі білімінде мектеп оқулығында үстеу туралы алғашқы берілген мағлұматтар болғандықтан берілген мәліметті толық көрсетуге тырыстық.
Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасында» термин сөздерді қолдануы бүгінгі тіл білімінде қалыптасқан атаулардан бөлек. Мәселен, «үстеу» терминін бүгінде қалыптасқан ұғымында емес оны «жұрнақ» терминінің орнына қолданғанын байқадық: «Сөздің түп мағынасына үстеме мағына қосатын қосымшаны - үстеу дейміз» [2. 165 б. ] .
Ғалым Қ. Жұбанов А. Байтұрсыновтың үстеу мәселесінің біраз пікірлерімен келіспеген. Мысалы:
- А. Байтұрсынов нықтаулық үстеу деп атағанең, тым, нақ, өтедеген тілдік бірліктердің үстеуге қате қосылғанын айтады. [2. 233 б. ] .
- сайын, есе, таман сияқты сөздер мен көсемшелер, септеулі есімдер үстеуге қате қосылған дейді;
- үстеу деген терминді А. Байтұрсынов дұрыс қолданбаған, оның орнына «мезгіл-мекен есім» деген терминді ұсынған.
Осы айтқан сындардың дұрыс-бұрыстығын ғылымның кейінгі дамуы анықтады.
Қ. Жұбановтың нықтаулық үстеулер туралы пікірі кітапта болмаса да, кейінгі ғалымдар өз еңбектерінде оның дұрыс екенін дәлелдеп жүр. Бұл туралы Н. Оралбаева мен С. Исаевтың еңбектерін айтуға болады. 1986 жылы А. Қалыбаева мен Н. Оралбаева «Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі» атты еңбегінің 5 тарауы «Қазақ тіліндегі көмекшілер» деп аталады. Бұл тарауды Н. Оралбаева жазған. Ол тарауда ғалым тілдегі көмекші сөздердің мәселесін жан-жақты сипаттап, тіліміздегі көмекші сөздердің толық танылмай жүргенін дәлелдеген.
Ғалымдарымыздың зерттеуі бойынша Қ. Жұбановтың шылаулар үстеу құрамында көрсетілген деген пікірінің дұрыстығы анықталды, олар қазір үстеу құрамында жоқ.
Қ. Жұбановтың көсемшелер мен септеулі сөздерді үстеуге қате қосты деген пікірі расталған жоқ. Қазіргі грамматикаларда көсемше жұрнағы мен септік жалғаулардың түбірге кірігуі арқылы жасалған туынды үстеулер бары дәлелденген мәселе ( біртіндеп, өйтіп, бүйтіп, бекерге, амалсыздан, бірге, артта т. б. )
Қ. Жұбановтың пікірінше, А. Байтұрсынов қолданған «үстеу» термині өз орнында қолданылмаған. «А. Байтұрсыновтың үстеу деп атағаны - орыстың наречие дегенін (қазақшалағанда, сөздің үсті деген сөз) тікелей аударылып алған ғана болады. Өзінің болмысын, ерекшелігін ашып тұрған жоқ, үстеу еншісіне тиген категория етістікпен аталатын істің не мезгілін, не мекенін көрсететін сөздер болғандықтан, оларды «мезгіл-мекен есім» деп, ғалым үстеу терминінің орнынан «мезгіл-мекен есім» деген атауды қолданады.
Қ. Жұбановтың үстеуге байланысты берген «мезгіл-мекен есім» деген термині ғылымда қолданысқа түспеді. А. Байтұрсынов ең алғаш пікірін қалдырған «үстеу» деген термин ғылымда орнықты, сондықтанда «үстеу» терминін қолданысқа түсірген А. Байтұрсынов деп айта аламыз. Сонымен қатар А. Байтұрсынов үстеуді жеке сөз табына қосып, барлық мағыналық түрлеріне анықтама берген және үстеудің негізгі және туынды түрлері барын да дәлелдеген. Ғалымның кейбір үстеуге байланысты көзқарастарында ауытқулардың болуына қарамастан, үстеу туралы алғашқы негізді қалаған А. Байтұрсынов екені сөзсіз.
1937 жылғы кезеңге байланысты жаңа оқулықтар талап етілген кезде тіл біліміне С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев сияқты ғалымдар қосылды. Ғалымдар тіл білімінің әр саласын қамтитын оқулық жазуға кіріскен. Осы кезеңде жазылған оқулықтардағы үстеу туралы мәліметтерді қарастырып көрейік.
Профессор С. Аманжолов «Үстеу дегеніміз - істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз» - деп түсінік береді. [3. 94 б. ] . Ғалым оларды қызметіне қарай екі топқа бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер». Автор етістік үстеулерге қимылдың белгісін білдіретін: қолма-қол, ауызба-ауыз, дәл, жаңа, кеше, бүгін үстеулерін жатқызады. Есім үстеулерге орасан, тым, тіпті, аса, өте сияқты түрлерін жатқызады.
С. Аманжолов үстеулердің жасалуындағы басқа сөз таптардың қызметін тани білген. Ғалымның пікірін былай жіктеуге болады:
1) сын есім етістіктің алдынан келіп қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу қатарына өтеді. Мысалы: Ол жақсы оқиды (қалай оқиды?) ;
2) зат есімнің қосымша арқылы қосарланған түрінен және екі түбірдің бірігуінен үстеу жасалады: қолма-қол, көзбе-көз, бүгін, күндіз;
3) зат есімге -ша/-ше, -дай/-дей жұрнақтары жалғану арқылы үстеу жасалады: адамша, адамдай;
4) есімдікке -ша/-ше, -дай/-дей жұрнақтары жалғанып үстеу жасайды: менше оқы, мендей оқуың керек;
5) сан есімдерге -дан/-ден жалғауы жалғанып және -ақ шылауы қосылып үстеу тудырады. Мысалы: Комсомолдар міндеттерін бірден орындады;
6) зат есімдерге жалғанған септік жалғаулары және тәуелдік жалғауының 3-жағы үстеу жасайды: кешке (барыс септік) , түнде (жатыс септік) , өткен жылы, өткен жылда.
7) өте, аса деген үстеулердің түбірі өт, ас деген етістік деген пікірлерді айтады. [3. 96 б. ] .
С. Аманжолов осы грамматикада үстеудің сөзжасамдық жұрнағына -дай, -дей жұрнағын қосып, үстеудің қосарлану тәсілі арқылы жасалуын көрсетеді.
Сонымен қатар есім сөздерден әр түрлі жолдардың арқасында үстеу құрамының толығып отыратындығын да көрсеткен. Бұл оқулықта кейбір кеткен қателіктерлі байқадық. Мысалы, пысықтауыш қызметіндегі сын есімнің қатыстылығына байланысты жақсы сөзі үстеу деп берілген. Грамматикалық терминдердің атауында жұрнақты шылау деп көрсетуі де кездеседі.
Қазақ тілі морфологиясының ғылыми негізін қалаған ғалым - А. Ысқақов. Ғалым сөздерді таптастыру теориясын да жасағаны мәлім. Сол мәселерді зерртеуді ғалым үстеу сөз табын зерттеуден бастаған. 1947 жылы үстеу мәселесі бойынша кандидаттық диссертация қорғайда. Ғалымның ол зеттеу еңбегі 1950 жылы «Наречие в современном казахском языке» деген атпен жарық көрді.
Бұл - сол замандағы алғашқы жекелеген ғылыми монографиялардың бірі, ал үстеу мәселесінде қазақ тіл біліміндегі алғашқы ғылыми монография болып есептелді. Осы еңбекте үстеу жан-жақсы ғылыми түрде сипатталып, оның негізгі мәселелерді анықталды. Оны осы мәселелерден анықтауға болады:
- Түркі тілдерінде үстеудің зерттелу тарихынан (Из истории изучения в категории наречия в тюркских языках) 4// с. 5-21
- Қазіргі қазақ тіліндегі үстеу мәселесі (Проблема наречия в современном казахском языке)
- Үстеу мағынасы (Семантика наречия)
- Үстеудің морфологиясы (Морфология наречия)
- Үстеу синтаксисі (Синтаксис наречия)
Бұл монографияда үстеудің түркі тілдерінде қалай зерттелгені туралы бірінші рет ақпарат берілген.
Монографияның 2-бөлімінде үстеуге теориялық ғылыми сипаттама жасалған. Сипаттама жасау барысында 5 бөлікке бөліп, дәлелдеп шыққан:
- Қазақ тілінде үстеу сөз табы тұрғысынан (наречие как часть речи в казахском языке)
- Сын есім - үстеу мәселесі ( вопрос о прилагательных наречиях)
- Ауыспалы категориялар туралы (о переходных категориях)
- Көмекші есімдер туралы (о служебных именах)
- Кіріккен формалар құрамындағы кейбір тірі қосымшалар туралы ( о не которых живых аффиксах, употреблящихся в составе окаменелых форм) .
Ғалым үстеудің сөз табы ретінде басқа сөз таптарынан кейін қалыптасқанын айтқан және оның қалыптасуына пысықтауыш негіз болғанын ғылыми пікірге сүйене отырып дәлелдеген. Пысықтауыш қызметіндегі етістіктегі қимылды сипаттайтын әр түрлі сөз таптарыңыз сөздері бірте-бірте үстеуге ауысқан деген пікірге келеді. Сондай үстеуге ауысқан сөздердің бәрі толық талданып, бұл тарауда үстеудің негізі белгілері анықталады.
А. Ысқақовтың осы ғылыми еңбегінде дейін біршама оқулықтарда пысықтауыш қызметіндегі сын есімдер үстеуге қосылып біраз дау тудырған мәселе болғаны мәлім. Осы ұзаққа созылған дауды ғалым монографияның 2-бөлімінде шешті.
Ғалым сөз табы мен сөйлем мүшесін бір мәселе емес деп, бір сөз сөйлемдегі қызметіне қарай әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады, бірақта ол әр түрлі сөз табына жатпайды деген пікірді ұстана отыра, пысықтауыш қызметіндегі сын есімдер сөз табы жағынан тек сын есім болуы тиіс деген мәселені өте дұрыс шешті. Осы бөлімде ғалым үстеуді өзгеріп, даму сатыларынан өтіп қалыптасқан сөздер деген пікірді дәлелдейді.
2-бөлімде тағы бір қозғалған мәселе ол І. Кеңесбаев, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев оқулықтарындағы көмекші есімдердің үстеуге қате қосқанын дәлелдейді. Ғалым тілде көмекші есімдер тура тұлғасында және тәуелді тұлғада қолданылатынын айтып, тура тұлғасында жатыс, шығыс септіктерде толық лексикалық мағынаны білдіріп үстеу болады деген. Тәуелдеулі формада олардың лексикалық мағынасы болмайды дей отыра үстеуге қоспайды. А. Ысқақовтың осы пікірі де ғылымнан орын алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz