Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттеліну тарихы


АҢДАТПА
«Қисымбай алаңының мұнайгаздылы болашағының геологиялық құрылымы және қайта зерттеу жоспары» тақырыбындағы дипломдық жоба Енсепбаев Т. А. жетекшілігімен орындалды. Аталған дипломдық жұмыс 4 бөлімнен тұрады:
1. Геологиялық бөлім;
2. Жобалық (әдістемелік) бөлім;
3. Экономикалық бөлім;
4. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау.
Дипломдық жобада Қисымбай алаңының геологиялық құрылымы мен мұнай-газ құрамының ерекшеліктері сипатталады.
Геологиялық бөлімде кен орнының геологиялық жағдайлары, ауданның геология-геофизикалық зерттеу тарихы, стратиграфиясы, тектоникасы, мұнайгаздылығы және жер асты сулары сипатталған.
Жобалық (әдістемелік) бөлімінде Қисымбай алаңында жобаланған ұңғымалар талдауы берілген. Ұңғылардың жұмысының негізгі бұзылу себептері технологиялық көрсеткіштерінің есебі арқылы көрсетілген.
Экономикалық бөлімде игеру кезіндегі экономикалық көрсеткіштер мен өндірілетін мұнайдың өзіндік құны көрсетілген.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде жер, су, топырақ ауаны қорғау және экологиялық шығаруларды алдына алу тәсілдері қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
Дипломный проект на тему «Геологическое строение перспективы нефтегазоносности и проект доразведки на площади Қисымбай» выполнен под руководством Енсепбаев Т. А. Данная дипломная работа состоит из 4 частей:
1. Геологическая часть;
2. Проектная (методическая) часть;
3. Экономическая часть;
4. Охрана труда и окружающей среды.
В дипломном проекте описываются особенности геологического строения и нефтегазоносности на площади Кисымбай.
В геологической части описываются геологическое состояние, геолого-геофизическая история исследования площади, стратиграфия, тектоника, нефтегазоносность и водоносность исследуемой площади.
В проектной (методической) части дается анализ работы и параметры проектируемых скважин на площади Қисымбай. Главная причина разрушений работы скважин приведены с помощью подсчетов технологических показателей.
В экономической части приведены экономические показатели разработки месторождения и себестоимость добываемой нефти.
В заключительной части охраны труда и окружающей среды описываются общие положения охраны окружающей среды, в том числе охрана почвы, воды, воздуха и методы предотвращения экологических выбросов.
ANNOTATION
The diploma project “Geological structure of the oil and gas content perspectives and additional exploration project at Kisymbai” was carried out under the guidance of T. A. Ensepbaev. This thesis consists of 4 main sections:
1. Geological part;
2. Gesign (methodical) part;
3. Economic part;
4. Quard labour and surrounding ambiences.
The thesis project describes the features of the geological structure and oil and gas potential of the Kisymbai field.
In geological part are described geological condition, geology-geophysical history of the study area, stratigrafy, tectonic, oil, gas and waters.
In design (methodical) of a part is given analysis of the work and parameters of the designed bore holes on area Kisymbai. The Main reason of the destructions of the functioning (working) the bore holes is brought by means of count of the technological factors.
In economic part are brought economic factors of the development and itself gained to oils.
In the chapter of occupational safety and the environment it is described the general provisions of environmental protection, including protection of soil, water, air and methods for the prevention of environmental emissions.
КІРІСПЕ
Қазақстан - әлемдік энергетикалық нарыққа тікелей әсер ететін көмірсутектердің стратегиялық қорларына ие мемлекет. Республикамыз барланған мұнай қоры бойынша әлемде 11 орын, газ-конденсат қоры бойынша 12 орын, табиғи газ қоры бойынша 15 және көмірсутек шикізатын өндіру деңгейі бойынша 26 орынды алады. Мұнай өнеркәсібінің дамуына көптеген факторлар әсер етеді, ең алдымен ресурстық база. Ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі заманға сай деңгейінде қабаттардан мұнайдың геологиялық қорының шамамен 35-40% өндіріледі. Сәйкесінше, мұнайдың басым бөлігі жер астында қалады.
Қазақстан Республикасының территориясында ірі кенорындармен қатар мұнай және газ кенорындарының саны 200-ге жуық саналады. Солардың бірі - Қисымбай мұнай және газ кенорны. Дипломдық жобада мұнай және газ шоғырларының болашағы түзілімдердің тұзүсті кешенімен, сондай-ақ төменгі бор түзілімдерінің валанжин ярусымен және жоғарғы юра түзілімдерінің келловей ярусымен байланысты. Дипломдық жобада Қисымбай алаңындағы іздеу жұмыстарына негізделген мәліметтер көрсетілген. Дипломдық жобаның негізі болған дипломға дейінгі өндірістік практика кезіндегі және геологиялық фондтан жиналған геологиялық-геофизикалық мәліметтер болып табылады. Сондай-ақ дипломдық жобада келтірілген графикалық материалдар: шолу картасы, Каспий маңы ойпатының тектоникалық картасы, құрылымдық карталар, I-I және II-II сызығы бойынша геологиялық қима, техникалық-экономикалық көрсеткіштер.
Диплом жобасы геологиялық, жобалық, экономикалық және қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінен тұрады.
Диплом жобасының жобалық бөлімінде негізінен 4 іздеу ұңғымаларын бұрғылау жобаға алынған. Олардың тереңдіктері №1 - 1700м, №2 - 1650м, №3 - 1740м, №4 - 1680м болады, жобалык горизонты төменгі бор жүйесінің валанжин ярусының түзілімдері. Бұрғылау мақсаты - бор шөгінділеріндегі мұнай және газ шоғырларын анықтау, осы ашылған қимадағы мұнай мен газдың перспективасын анықтау, литологиялық-стратиграфиялық қима және таужыныстардың жинауыш қасиетін зерттеу болып табылады
1 Геологиялық бөлім
- Алаңның географиялық, экономикалық жағдайлары
Қисымбай алаңы географиялық жағынан Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығысында орналасқан. Әкімшілік қатыңаста территориясы Атырау облысы, Жылой ауданына кіреді. Сондай-ақ Қисымбай кенорны Ембімұнайгаз АҚ құрылымдық-өндірістік бөлімі - Жылоймұнайгаз қарауына кіреді.
Орографиялық жағынан аудан әлсіз дөңбектелген жазықтықты, рельефінің абсолюттік белгісі -3м-ден -13м-ге дейін жетеді. Жұмыс аймағы өсімдікке жұтаң бархан құмдар, сорлар және тақырлармен сипатталады.
Обылыс орталығы Атырау қаласы оңтүстік-шығыс бағытта 210км қашықтықта орналасқан. Аудан орталығы Құлсары қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта 85км қашықтықты құрайды. Ең жақын елді мекен оңтүстік-батыс бағытта 11км қашықтықта орналасқан Опорная теміржол станциясы.
Мұнай өндірістері Қаратон және Қосшағыл кенорындары жақын орналасқан. Зерттелініп отырған алаңның жанынан Атырау-Бейнеу-Маңғышлақ теміржолы және Атырау-Өзен мұнай құбыры жұріп жатыр.
Жұмыс алаңы мұнайды игеру және тасымалдау инфраструктурасы бойынша жақсы дамыған. Опорная станциясы арқылы Мақат-Маңғыстау теміржол бойымен мұнайгаз магистральды құбырлары, электр жеткізу желісі, телефон байланыс линиясы, грейдерлі жолдар өтеді. Аудан бойынша жыл бойы көлікпен жүру қатынасы тоқтатылмайды. Осыған байланысты Қисымбай алаңын игерудің географиялық-экономикалық жағдайлары қолайлы және де орналасуы мен игеруге енгізу кезінде көптеген салымдарды қажет етпейтіндігімен тиімді.
Алаң көлемінде тұрақты жұмыс жасайтын су ағындары жоқ. Сарғамыс ауылына ауыз суы Орал өзенінен су құбыры арқылы келеді. Ал Опорная станциясы бойымен Қиғаш-Маңғыстау су құбыры өтеді.
Ұңғымаларды бұрғылау және тағы басқа технологиялық қажеттіліктерге жұмсалатын техникалық су қажетті көлемде жоғары дебитті фонтанды су ұңғымаларынан дебиті 250-300 м3/ тәул болатын, альб-сеноман горизонттарының . 700-800м тереңдіктерінен алынады.
Төменде жұмыс аймағының 1:1 масштабындағы шолу картасы 1. 1 суретте көрсетілген.
1. 1 -сурет Ауданның шолу картасы
- Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттеліну тарихы
Қарастырылып отырған аудан Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігі мен Солтүстік Үстірт иілімімен қатар геологиялық құрылымын, тектоникасын, мұнайгаздылы болашағын зерттейтін көпжылдық тарихы бар аудан.
Жұмыс алаңы геологиялық-геофизикалық әдістермен әркелкі зерттелген.
Аудан көлемі 1:200 000 масштабта мемлекеттік геологиялық түсірілімнің аса нақты гравиметрия және аэромагнитті түсіріліммен жабылған.
Тереңдік құрылымының негізгі мәліметтері көптеген сейсмикалық зерттеулер -региональды, барлау және детальды-алаңдық жұмыстар (МОВ, КМПВ, МОГТ) нәтижесінде алынған.
1970 жылы ауданның тереңдік құрылымын зерттеуге жаңа күш берген КМПВ және гравибарлау әдістерімен бірлесіп, жалпы тереңдік нүктесін жоғарғы хабарламалық әдіспен зерттеу ықпал етті. Ол мезозой және палеозой қималарын сызуда геофизикалық зерттеулердің тиімділігін арттыруын қамтамасыз етті.
Жобаланған алаң көлемінде алғашқы зерттеу жұмыстары 1961-1963 жылдары гравибарлау және сейсмобарлау түсірілімдері арқылы басталған. Алғашқы барлау жұмыстары 1976 жылы басталады да 1978 жылы кенорын ашылады. Іздеу ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары 1979 жылы басталып, нәтижесінде 1981 жылы алғашқы құрылымдық карталары құрастырылады.
Жобаланған аудан көлемінде ғана дайындалған сейсмобарлау жұмыстары бойынша әр жылдар аралықтарында юра-бор түзілімдерінен өнеркәсіптік мұнай газ кешендері ашылған. Олар: Қисымбай, Боранкөл, Тасым, Құлжан, Батыс Елемес және басқа кенорындар.
Юра түзілімдерінің жабыны мен табаны бойынша құрылған құрылымдық карталар арқылы бұрғылау жұмыстарын жүргізу мақсатында бірқатар жеке көтерілімдер іріктеліп, Нысанов құрылымдар топтамасы атымен қалыптасты. Қарастырылып отырған аймақтың юра-бор түзілімдері бойынша құрылымының ерекшеліктерінің бірі - әртүрлі құрылымдық-тектоникалық факторларға келісілген бірқатар бойлық тектоникалық жарылымдардың болуы. Көрсетілген жарылымдарды әртүрлі өлшемдері мен амплитудалары бар бірқатар жанасқан жеке құрылымдар бақылап отырады.
Сонымен, юра-бор қималары көлемінде табылған тұтқыштар мұнайгаз үшін геологиялық барлау жұмыстарын қарқынды жүргізуге негіз болды.
Болашағы зор юра-бор түзілімдерінің шөгуі мен шоғарлырдың көп қабаттылығы терең барлау ұңғымаларын бұрғылауда геолого-экономикалық тұрғыда тиімді екендігін алдын ала анықтады.
1990-1994 жылдар аралығында Қисымбай алаңында 2Д сейсмикалық зерттеулер жүргізіледі. Сейсмикалық зерттеулер мен іздеу-барлау ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары нәтижесінде алаңның құрылымдық моделі құрастырылды.
3Д сейсмикалық зерттеулердің нәтижесінде Қисымбай алаңы ІІІ шағылу горизонты бойынша брахиантиклинальды қатпарлы, -1605 м изогипсі бойынша өлшемі 3, 3 х 2, 6 км құрайды. Құрылым бірқатар тектоникалық жарылымдармен сипатталады. Олардың ішіндегі орталық бөлігінде орналасқан лықсыманың өзі шоғырдың қалыптасуында маңызды роль атқарады. Ол құрылымды екі бөлікке бөледі: оңтүстік және солтүстік бөліктері. Оңтүстік бөлігіне мұнай шоғыры негізделсе, солтүстік бөлігіне сулы горизонттар негізделген. Басқа тектоникалық жарылымдар көтерілімнің оңтүстік өнімді қабатында қалыптасқан және азамплитудалы, аз созылған лықсымалармен сипатталады.
- Литологиялық- стратиграфиялық қима сипаттамасы
Каспий маңы ойпаты негізінен үш кешеннен тұрады: тұз үсті, тұз асты және тұзды қабаттар.
Қүнгір ярусының тұзды кешені үш қабаттан тұрады: филиппов горизонтының төменгі сульфатты-карбонатты-терригенді қабаты, ортанғы-галогенді- галиттен, ангидрит пачкаларынан, гипстен және терригенді жыныстардан, жоғарғы - ирен горизонтына жататын тұзды кешен. Бұл түзілімдер тұз күмбезінің ядросын құрайды. Олар сейсмика және гравиметрия мәліметтері бойынша айқын көрінеді.
Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде палеозой кешеніне бұрғыланған барлық параметрлік және терең ұңғымалар күнгір ярусының тұзды қабаттарын ашқан. Филиппов түзілімдерінің қалындықтары 64м -360м аралығында ауытқиды. Тұз үсті кешенінің түзілімдері негізінен пермь, триас, юра, бор, неоген жүйелерімен сипатталады.
Қарастырылып отырған ауданның стратиграфиялық қимасы негізінен бұрғыланған ұңғымалардан алынған таужыныстардың биостратиграфиялық мінездемесі және жақын орналасқан кенорынның ұңғымаларында жүргізілген ГИС нәтижелері бойынша тұрғызылды.
Литологиялық қима негізінен кешенді стратиграфиялық бағананы негізге ала отырып, барлау ұңғымаларынан алынған керндерді макро және петрографиялық зерттеу және қиманы геофизикалық зерттеу жұмыстары арқылы жүргізді.
Жаңадан бұрғыланған ұңғымалардың геологиялық-геофизикалық мәліметтері валанжин шоғырының геологиялық құрылымын және мұнайлы коллекторлардың фильтарциялы-сыйымдылық қасиеттерінің таралуын нақтылады.
- Тектоника
Каспий маңы ойпатының қазіргі құрылымы нәтижесінде құрамы мен жаралымы бойынша шөгінді жиналымдардың үлкен қабаттары пайда болған ұзақ та тұрақты қозғалыстар, сонымен қатар тұзды тектогенезбен көптеген мұнай мен газ жиналымдарын құрайтын тұзүсті түзілімдерінің жалпы құрылымының сызбанұсқасының қалыптасуымен сипатталады. Шөгінді тысының стратиграфиялық диапазоны кембрий түзілімдерінен төрттік түзілімдерін құрайды.
Айғақты жұмыстардың құрамы және дислокациялану сипаттамасы бойынша шөгінді тыс құрамында үш ірі құрылымды-формациялық кешен бөлінеді: палеозой тұз асты, күнгір жасты тұзды және тұз үсті кешендері.
Тұзүсті түзілімдерінің құрылымының іргетас тектоникасы тұзасты палеозойлық жиналымдарымен анықталады. Ойпаттың орталығындағы шөгінді тыстың қалыңдығы 25 км, ал ернеу маңындағы белдемдерде 6-7 км-ге дейін жетеді.
Тұз үсті кешенінде көмірсутектер жиналымдарының қалыптасу жағдайлары шөгінді тысының қимасында продуцент қабаттарының және көмірсутектердің миграция жолдарының бар болуымен және орналасуымен белгіленеді. Тұз үсті кешенінде продуцент қабаттарының қалыптасу жағдайлары қолайлы болса, онда шоғарлардың қалыптасу жағдайлары да қолайлы, өйткені шоғырдың қоректенуі тек төменнен ғана емес, сонымен қатар миграция қабырға бойының жолымен де қалыптасады.
Сондықтан осы аудан бойынша көмірсутектер көзі тұз асты түзілімдері болғандықтан, өнімді қабаттарының сыйымдылық және сүзушілік қасиеттері жоғары болып келеді.
Тұзды күмбездер көтерілімнің тек солтүстік-батыс баурайында Батыс Елемес және Шығыс Елемес жеке құрылымдарына тураланған. Мұнда тұз үсті кешені тұзкүмбез тектоникасының алғашқы кезеңінен өткен. Тұзды түзілімдер қиын геологиялық денелерді құрап, қатарлармен тізбектеліп орналасады да, Оңтүстік-Ембі көтерілімінің солтүстік борты бойымен созылып келеді.
3Д сейсмикалық зерттеулердің нәтижесінде Қисымбай алаңы тектоникалық қатынаста тұз күмбезді құрылымға негізделген. Алаң ІІІ шағылу горизонты бойынша брахиантиклинальды қатпарлы, -1605 м изогипсі бойынша өлшемі 3, 3 х 2, 6 км құрайды. Құрылым бірқатар тектоникалық жарылымдармен сипатталады. Олардың ішіндегі орталық бөлігінде орналасқан лықсыманың өзі шоғырдың қалыптасуында маңызды роль атқарады. Ол құрылымды екі бөлікке бөледі: оңтүстік және солтүстік бөліктері. Оңтүстік бөлігіне мұнай шоғыры негізделсе, солтүстік бөлігіне сулы горизонттар негізделген. Басқа тектоникалық жарылымдар көтерілімнің оңтүстік өнімді қабатында қалыптасқан және аз амплитудалы, аз созылған лықсымалармен сипатталады.
- Мұнайгаздылығы
Қарастырылып отырған алаңның түз үсті кешеніне сипатты жағдай мезозой түзілімдерінің қалыңдықтарының аздығы және қабаттардың дислокациялану дәрежесінің ұстамдылығы мұндағы терең көмкерілген тұзды күмбездердің дамуының пайда болуымен түсіндіріледі. Сондықтан, шоғырлары көбіне қабатты, тектоникалық - экрандалған және толық контурлы қабатты болып келеді. Тек солтүстік бөлігінде ғана жасырын жарылған тұзды күмбездере тектоникалық экрандалған шоғырлар дамыған. Олардың шөгу тереңдіктері азғантай, ал ұстап тұру қасиеттері (жекеленгендігі) үлкен емес.
Оңтүстік бөлігінде орналасқан Қисымбай алаңының өнімді горизонттарының шөгу тереңдіктері шамамен 1, 5-1, 7 км құрайды.
Қисымбай алаңында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде бор, жоғарғы юра, ортаңғы юра түзілімдерінде бірқатар мұнай мен газ шоғырлары табылған.
Негізгі өнімді горизонттар бор және юра түзілімдеріне негізделген: төменгі бор жүйесінде бір мұнайлы валанжин горизонты, ал жоғарғы юра жүйесінде екі горизонт І-шісі келловей-газды және ІІ- келловей горизонттары-1710-1736м бөлінген. Шоғырлары қабатты-дөңесті болып келеді. Валанжин кенішінің биіктігі 23, 6м ал келловейдікі-5-18м жетеді. Су-мұнай жапсары 1597, 8 ден 1756, 1 метрге дейін ал, газ-су жапсары 1740, 1м болады. Тиімді қабаттардағы таужыныстары терригенді ал, коллекторлары кеуекті болып келеді. Мұнайға қанықты қабаттың қалыңдығы 2, 7-10, 5м, ал газға қанықты қалыңдық 1, 6-5, 9м. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 20, 7-21%, өткізгіштігі 4, 645 мкм 2 болады. Мұнайгазқанықтылық коэффициенті 0, 61. Коллекторлары әртүрлі цементтелу дәрежесімен құмтасты-алевролитті жыныстардан тұрады.
Қисымбай алаңында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша келловей мен валанжин ярустарының тиімді екені дәлелденді.
Валанжин кеніші бойынша су-мұнай жапсары ҰГЗ мәліметтері бойынша абсолютті белгілері-1600м-ден -160-м-ге дейін және су-мұнай жапсарының ауытқуы +3м құрайды.
Бірақ кеніштің солтүстік бөлігінде орналасқан №20 ұңғыма белгілері бойынша, су-мұнай жапсары мұнайға қанықты қабаттың табанында -1608, 4м-де жатқанын да ескеру керек.
Ұңғыманы геофизикалық зерттеу бойынша 9 жаңа ұңғыманы (№75, 76, 77, 78, 80, 81, 82, 83а, 84) сынау кезінде және №45 бұрынға бұрғыланған ұңғыманың мәліметтерін ала отырып, кенішті игеру кезіндегі нәтижелерімен байланысты және аудандағы су-мұнай жапсарының жағдайын көрсететін суға қанықты қабат ашылды. Су-мұнай жапсарының белгілері келесі кестеде көрсетілген:
1. 5. 1-кесте
Су-мұнай жапсарының белгілері
1. 5. 1 Қабатқа су айдау арқылы қысымды бірқалыпты ұстап, кенішті тиімді технологиялық режимде ұстау тәсілдері (арнайы бөлім) .
Мұнай кенішіне әсер етудің жеңіл жүйесі ол қабатқа ауыспалы түрде су мен газ айдау. Кенорынды игеру сараптамасына сай соңғы мұнайды алуды көтермелеу мақсатында мұнай кенішіне су немесе газды ауыспалы түрде айдау әдісін пайдаланады. Газды өнімді қабатқа айдағанда олар өткізгіштігі жоғары қабатшаларға еніп, су фазалық өткізгіштігін төмендетеді. Нәтижесінде суды қайта айдағанда өнімді қабаттың ығысу аймағы түзіледі және қабатқа әсері жоғары болады. Газдың артынан айдалатын су оны төмен тығыздықта өткізгіштіктері төмен қабатшаларға ығыстырып, нәтижесінде мұнайдың сығылуы поршенді және сығылған газдың түрінде болады.
Мұнай кеніштеріне әсер ету мақсаттары-қабат қысымын ұстап тұру, яғни мұнай бергіштікті жоғарлату, игерудің соңғы сатысында болатын қалдық мұнайды әртүрлі технологияларды пайдаланып жоғары шығару болып табылады. Әсер етудің әдісінде екі мақсат қарастырылады. Олар: қабат қысымын бір қалыпты ұстап тұру және мұнай бергіштіктің коэффициенттерін арттыру.
Өнімді қабаттың қабат қысымын ұстап, соңғы мұнайды алу үшін қабатқа су айдау әдісі пайдаланылады. Су айдау тәсілі арнайы айдау ұңғымаларының торы мен орналасуы кенорынды игерудің технологиялық сызбасымен анықталады. Өнімді қабатқа су айдау кенорында игеру басында жүргізіледі. Мұндай жағдайда өнімді қабаттан сұйықтық алғанда қабат қысымын түсірмей оны бастапқы деңгейінде ұстап тұру, ұңғыма бойынша мұнайдың жоғарғы дебитін сақтау, жоғарғы мұнай алу коэффициентін қамтуға мүмкіндік туындайды. Суландыру нұсқа ішінен, сыртынан және бойымен жүргізіледі. Әсер ету әдістері арқылы 85% -ға жуық мұнайды қысымнан өндіреді. Сол әдістердің ішінде қысымға суды айдау арқылы қабат қысымын тұрақты ұстау болып табылады.
- Жерасты суларының сипаттамасы
Алаң бойынша өнімді қабат тұз үсті кешенін қамтығандықтан жобада тұз үсті кешенінің гидрогеологиялық сипаттамасы берілген. Бұл сулар инфильтрациялық гидродинамикалық режим жағдайында қалыптасқан. Горизонттардың негізгі қамтылу көздері Ақтөбе Орал алды және Мұғалжар баурайының аудан көлемінде орналасқан. Региональды планда сулардың қозғалыстары солтүстік-шығыс бағытынан оңтүстік-батыс бағытында. Алаң бойынша триас, юра, неоком және альб-сеноман түзілімдерінің сулы кешендері бөлінеді.
Зерттеу материалдары бойынша юра-бор қабаттарында термодинамикалық жағдай қалыптасқан.
Юра су қарқынды кешеніне термоградиент мәні 2, 4 0 С/100м және геотермика сатысы бойынша -41, 67м 0 /С. сипатты. Кешен температурасы 70-91 0 С интервалында қорытындыланған.
Кешен үшін қабаттық қысым интервалы 22, 6-32МПа құрады. Қабат қысымының тік градиенті 0, 0123ПМа немесе 1, 12МПа/100м құрады.
Төменгі бор түзілімдері термоградиенттің мөлшерімен 3, 6 0 С және қабат қысымының тік градиенті 0, 0155МПа теңдігімен сипатталады.
Түзілімдер температурасы 43-63 0 С интервалында және қабат қысымының 17, 8-23, 5МПа өлшемінде қорытындыланған.
2. Жобалық (әдістемелік) бөлімі
- Іздеу жұмыстарының әдістемесі мен көлемі
Қисымбай алаңында төменгі бор жүйесінің валанжин ярусы мен, жоғарғы юра қабатының келловей ярусының мұнайгаз болашағы бұрғылау және сейсмобарлау жұмыстарымен анықталған.
Қарастырылып отырған алаң көлемінде геологиялық-өндірістік, бұрғылау, керн үлгітастарын алу жұмыстары жүргізілгенімен алынған мәліметтері өнімді валанжин және келловей түзілімдерінің толығымен анықталмағандығын айқындайды. Ең маңызды мәселелердің бірі- су мұнай жапсарын нақтылау болып табылады.
Жобаланған жұмыстардың мақсаты төменгі бор мен жоғарғы юра өнімді қабатындағы түзілімдерінен мұнай газ кеніштерін толығырақ қайта іздеу болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz