Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
Журналистика кафедрасы
Жұмабергенова Айдана
Қазақ телевизиясындағы медиа-мәдениет және этика мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В0050400 - Журналистика
Түркістан 2020 жыл

5В0050400 - Журналистика мамандығы
Орындаған:
ФЖК-711 - тобының студенті Жұмабергенова А
Ғылыми жетекшісі: Хумар Жанерке
Түркістан 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 Қазақ телевизиясының даму тенденциясы мен бағыты
1.1 Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Телебағдарламалар мен радиобағдарламалардың функциясы мен редакциялаудың әдіс-тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2 Қазақ телевизиясында тәрбиелік функциясы: медиа-мәдениет және эстетика бағытындағы бағдарламалар ерекшеліктері
2.1 Ұлттық арналардағы бағдарламалардың тәрбиелік сипаты ... ... ... ... ... ... ... 3 0
2.2 Шетел телевизиясындағы бағдарламалардың ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ...38
2.3 Отандық және Шетел бағдарламаларының ортақ сипаты мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Кіріспе
Жүрдек уaқыттың уысынaн шығы, алғa ұмтылған өнер түрлернiң ішінде көгілдір экранның қоғамдaғы орны тым бөлек. Қазірге кезде жұртты арбап, алдына байлап қоятын көгілдір экран мен қазіргі заман талабына сай компьютер, әр адамның қолында жүрген ұялы телефонсыз жұртшылықты елестету мүмкін емес. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Aндре Делижан айтып өткендей Ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды. Көгілдір экранның құдірет қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен әлде қайда артық.[1] Қазақ ұлттының болашағы оның тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен тарихының сақталуына және олардың жүйелі түрде өсіп, өркендеуіне байланысты. Қазіргі жастардың болашағы үшін, саналы да сауатты, елін ет жүрегі езіле сүйген отаншыл болып қалыптасуына көгілдір экранның, оның ішінде қазіргі танда таратылып жатқан ел шошырлық жаңалықтар мен түрлі ойға қонымсыз бағдарламалардың жастардың ой өрісін төмендетуде. Кезінде Францияда алғаш коммерциялық телевидение ашылады деген кезде президент Жорж Помпиду: Бiзде коммерциялық телевидения болашақ ұрпақтарымызды рухани азғандату болмақ,-деген екен.[2] Ал Германия концилері Шмитд болса Германияда коммерциялық телевидениеге рұқсат беру-елімізде атом бомбасын жару деген сөз,- деп шошынған.[3] Ал қазір Қазақстанда коммерциялық телевидение ұлттық телевидениеден бірнеше есе артық. Олардың қалай жұмыс істесе де өз еріктерінде...
Тақырыптың өзектілігі
Экранды ойлы әрі мазмұнды көркем туындылардың көрерменге берер эстетикалық ляззаттaн бөлек, оның тәрбиелiк және танымдық мәні де орасан. Телевидениедегі айтар ой, салиқалы мазмұны, ғибрат аларлық компазициялық шешімдері шеберлікпен қоюласқан тілі көркем туындылар экран ажарын ашады, оның нәрін келтіреді. Осы айтылған қасиеттер қазақ телевидениясында да жоқ емес. Дәл қазіргі кезде ұлттық болмысымыз бен бітімімізді жоғарғы деңгейде көтеруде сәл aқсап тұрғанымыз айқын. Қоғамда болып жатқан оқиға, нақты тақырып пен түйiнді ой, сұрақ-жауап, пiкір талас арқылы өрбейтін жан-жақты қарастыру, зерттеп-зерделеу, сабақтас арналарды таным елегінен өткізу, диплом жұмысының өзектілігінің бір қыры болып қалыптасқан. Сондай-ақ сөз мәдениеті сипаттарына баға беру, телевизияның өзекті мәселесін зерттеу көкейкесті жұмыс болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Диплом тaқырыбын қазaқ телевизиясының эститика мәселесіне арнауымыз тегiн емес. Кейінгі жылдaры этика, яғни кәсiптік әдеп туралы сөз баспасөз беттерінде сирек те болса айтылып жүр.
Журналистің кәсіптік әдебін терең біліп, оны зерттеу - Қазақстан журналистикасы үшін зәру мәселелердің бірі. Өйткені, бұл - соңғы жылдар көлемінде ғана назар аударыла бастағаны болмаса, әлі ғылыми тұрғыдан да, кәсіптік шеберлікке қатысты да байыптап үлгерілмеген тың да күрделі мәселе. Алғаш қоғамдағы моральдық қарым-қатынастарды жан-жақты зерттеп, әр түрлі пікірлерді жинақтаған Aристотель деп айтуға болады. Оның Никомаховa этика атты еңбегін зерттеушілер этика ғылымының бастауы деп біледі. Ал, ұлы ойшыл Әл-Фараби этиканы, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтaн оның этика жөнiндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді.
Журналистің кәсіби этикасы - ғылымның ең кенже салаларының бірі. Оның тарихы соңғы жиырма жылдан бастау алады. Оған дәлел ретінде осы уақытқа дейін журналистің кәсіби этикасы жайлы оқулықтардың жарыққа шықпауын атап көрсетуге болады. Ал, педагогикалық мақсатта тек ғылыми монографиялар қолданылады. Соңғы жылдары Ресей ғалымдары журналистикадағы этикалық ғылымға көңіл аудара бастады. Мәселен, ғалым Р.Г. Бухарцев қазіргі таңдағы кәсіби этиканың табиғатын, кәсіби этика мен журналистің шығармашылық даму үрдісінің байланысын ашық дәлелдесе, зерттеуші В.А. Казакова журналистің жұмыс істеу барысындағы әдептілік қарым-қатынастардың түрлерін жан-жақты атап көрсетті. Ал, ғалым В.М.Теплюк журналистің әлеуметтік мәселелердегі жауапкершілігі мен дерек, дәйектерді қолданудағы этикалық нормаларды қарастырды. Баспасөз зерттеушілері Г.В. Лазутина мен Д.С. Аврaaмов журналистiң кәсіби этикасын бүгінгі жаңа тұжырымдар мен көзқарастар негізінде қарастырса, ғалым М.А.Федотов журналист этикасын БАҚ туралы заңның негізгі тармақтарымен байланыстыра отырып зерттейді. Ал, бүгінгі журналистің кәсіби этикасы жөнінде елімізде өте аз зерттелген. Осы маңызды мәселемен арнайы айналасып жүрген ғылыми мамандар да жоқтың қасы. Сондықтан алдағы уақытта журналист этикасы туралы мәселелерді жан-жақты терең зерттеу қажеттілігі бүгінгі өмірден туындап отыр.
Диплом жұмысының нысаны
Мен осы жұмысымды жазу барысында телевизияның қатаң заңдылығын ескере отырып, теледидардағы бағдарламалардың жүргiзуін әдiс-тәсілдерін үйрендiм, үйреніп қана қоймай, оның кемшін тұстарын да байқап өз тарапымнан ұсыныстар жазып шықтым. Қарап отырсақ телевизияның мәдениеті мен эстетика мәселелері төмендеп бара жатыр. Эфирде сөз мәдениетін дұрыс
қолдана білу білікті журналистың ғана қолынан келе алады деп ойлаймын.
Жұмысты зерттеу әдістері
Диплом жұмысында отандық телевизия мен орыс телевизиясын салыстырмалы түрде алдым. Олардың тарихын және бүгінгі таңдағы эстетика мәселесін сараптадым. Зерттеудің дереккөзі
Осы күнге дейін телевизиялық жанрлар туралы жазылған еңбектерді қарастырып, солардан өзіндік қортыңды шығару. Диплом жұмысын жазарда ғаламтордан және университет кітапханасынан телевизия мәдениетіне байланысты тақырыптарды іздеп, керекті мағлұматтарды оқып өз ойыммен жазуға тырыстым.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмалы сипаты
Этикa кәсіби моральдың құрылымын зерттейін ғылым десек, телевизияда моральдық нормаларды ұстану - ең бір қажетті қасиет. Телевизияда жаңалықтардың немесе бағдарламаларды дайындаған еңбектері, ең бастысы одан шыққан қортындылары көптеген бұқара халықтың мүддесіне тиісті болып табылады. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады. Телевизияда әр адамға қойылатын талаптардың ең қиындығы жоқ, тек берілген тапсырманы дұрыс пайдаланып, көрерменге түсінікті қарапайым жеткізу шарт.
Телевизия мәдениеті мен этикасы - қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар aрасында қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан телевизияның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі телевизиядағы әрбір жұмыскерлердің моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді.
Жер жүзіндегі медиа-кеңістік, соның ішінде телевизия жаңа ғасыр басталғалы бері, әсіресе соңғы он жыл беделінде күрт өзгерді. Әлбетте, технологияның кешеуілдеп жетуі және басқа да объективті, субъективті себептерге байланысты Қазақстанда бұл өзгеріс кейінгі бес-алты жылда ғана байқалды.
Ең әуелі, спутниктік және кабельдік жүйенің жедел дамуы көрерменнің таңдау мүмкіндігін мейілінше кеңейтіп, көбейтіп жіберді. Қазір Қазақстанның (дамыған Батыс елдерін айтпай-ақ та қоялық) көптеген елді мекендерінде (ірі, орташа, шағын қала, кенттерде, қалаға жақын ауылдарда) кем дегенде отыз шақты телеарна көруге болады.
Екіншіден тез тарап жатқан интернет пен арзан (қол жетімді деп жүрміз) смартфондар ақпарат алудың жаңа тұма-бастауларын: әлеуметтік желілер, әр қилы сайттар, youtube, online фильмдер (бұл фильмдердің барлығы дерлік пираттық жолмен жүктеледі) қарау, т.с.с. ашып берді.
Ендігі жердегі бәсеке айналдырған екі-үш, тіпті бес-алты арна арасындағы жаяу жарыс емес, өте қиын және уақыт озған сайын шарты қатая беретін аламан бәйгеге айналды. Яғни, белгілі ағылшын журналист - зерттеушісі Марк Тангейттің сөзімен айтқанда: Қазіргі БАҚ нарығы мыңдаған саудагер өз бұйымын өткізуге жанталасып, өңеш жыртқан құжынаған алып, шулы базарға ұқсайды. [4]
Технологиядағы шұғыл бетбұрыс әлемдік телевизия кеңістігіне тақырыптық, жанрлық телеарналар мен интерактивті телеарналарды енгізді. Бұл құбылыс қазақ көрерменінің басым бөлігі үшін тілі түсінікті, ұғымдық стереотиптері етене Ресейде де басталып кетті. Қазір Ресейде шетелдің MTV, Euronews, Eurosport, Discovery, Fox, Animal, Planet, Nation Geografik, Nicelodeon, т.б. арналары орыс тілінде хабар таратады, сонымен қатар балаларға, бөбектерге, бизнеске, спортқа, музыкаға, географияға, тіпті аңшылық пен балықшылыққа арналған төл арналары бар. Бізде бұл үрдіс бастала беріп, тоқтап қалды.
Әрине, адам саны салыстырмалы түрде аз, алып территорияда халқы шашырай орналасқан, экономикалық әлеуеті де жоғарғы деңгейге жете қоймаған республикада әр текті көрермен мүддесін түгендеп, жас ерекшелігі, кәсіби, әлеуметтік қызығушылығын ескеріп, сала-сала боп диверсификацияланған телехабар тарату жүйесін қалыптастыру -- дәл бүгінгі уақыт үшін орындалмас талап.
Енді бірер жыл шамасында Қазақстандағы ақпарат тарату жүйесі түгелдей цифрлық жүйеге көшеді. Бұл - әрбір жиілікте (частота) бірнеше арнаны қатар көрсетуге болады деген сөз. Ондай жағдайда Қазақстан, Хабар, ОРТ-Евразия сияқты телеарналар өзінің басты артықшылығынан (сигналы ең үлкен аумақты қамтитын) айырылады. Және демографиялық өзгерістерге орай қазақ тілінде ақпарат тарату саласы да кеңейе беретінін ескерсек, алдағы уақытта бәсеке күшейе түспек.
Өзгерту, өзіндік бет-бейне жасау туралы сөз қозғамас бұрын, қазіргі отандық телеарналардың жалпы сипатын бажайлап алу керек деп білеміз. Бұл ретте көзге бірден түсетін ортақ сипат - кабельдік жүйедегі бірді-екілі арнаны (музыкалық Гәкку, HIT TV, діни Асыл арна) санамағанда, еліміздегі телеарналар бір ғана тип - универсалдық (әмбебап деген балама универсалдық мағынасын толық ашпайды) бітім-үлгі бойынша құрылған. Яғни, кез-келген отандық телеарна әрі ақпараттық, әрі ойын-сауықтық, әрі ғылыми-танымдық функцияларды қатар алып жүруге тырысып отыр. (Өзіндік базасы, хабар тарату саясаты қалыптаспаған, негізгі арнаның арзанқол қосымшасы сияқты ғана әсер қалдыратын Қазспорт, Балапан, сияқты арналар - бөлек тақырып). Дәл осы универсализм принципі арналардың баршасына тән бірқатар белгілерді туындатады. Тәптіштеп, талдап, сөзді көпке созбасақ, негізгі нышандарды былай санамалауға болады.
- Ақпараттық бірізділік. Яғни, тұтастай алғанда жаңалық топтамаларының тақырыптық, стильдік ұқсастығы.
- Ақпараттық жұтаңдық. Отандық бір де бір арна (24 kz. қоса айтқанда) шын мәніндегі ақпараттық желіге айналған жоқ. Ақпарат ағынын, негізінен, ресми жиындар туралы хабарлар құрап отыр.
- Аналитикалық дәрменсіздік. Яғни, қоғамда болып жатқан оқиғалардың себеп-салдарын, төркінін талдап беретін бағдарламалардың үстірттігі, кәсіби аналитика деңгейіне жетпеуі.
- Ақпараттық, оқиғалық жобалардың дамымай қалуы. Отандық арналарда журналистік зерттеу, оқиғалық (ақпараттық) сериал жанрлары сирек ұшырасады.
- Talk show формасындағы бағдарламалардың сапасыздығы. Қоғамдық пікір қалыптастыратын, әлеуметтік-саяси өткір көзқарастарды реттеп отыратын медиа-тұлғалардың қалыптаспауы.
- Ойын-сауық бағдарламаларына орынсыз басымдылық берілуі. Және солардың көпшілігінің шетел эфиріндегі бағдарламалардың жүдеу көшірме-имитаторы сипатында болуы.
- Қазақстанның бірегей, мәдени, тарихи, географиялық келбетін танытатын, формасы, берілу тәсілі соңы, қазіргі тез зеріккіш көрермен ықыласын аударуға қауқары бар жобалардың жоқтығы.
Шұқшия зерттеген адам отандық телевизия кеңістігінен басқа да толып жатқан кінарат табары сөзсіз. Бірақ, мәселе мін тағу, кемістік іздеп тіміскілеуде емес, Отандық телеарналарды жаңа өріске бастайтын бағдар қарастырудағы жақсы ниет болса керек-ті. Осындай ниетке сайып, Отандық, әсіресе ресми мемлекеттік телеарналардың болашақ беталысына қатысты кейбір ұсыныстарымызды ортаға салып отырмыз.
XX ғасырдың соңына қарай әбден айқындалып, біржола қалыптасқан үрдіс - ақпарат ағыны (оқиғалар, жаңалықтар) әлемнің дамыған елдерінде ең басты медиа өнімге айналды. Бүкіл жер жүзіне тарайтын трансұлттық алып арналар қоғамдық өмірдің құрамдас бөлігі болып алды. Басқасын айтпағанда, CNN international, BBC World, Euronews сияқты алыптарсыз қазір әлемдік ақпарат кеңістігін елестете алмайсыз.
Қазіргі уақытты ақпарат дәуірі деп жүр. Технология тұрғысынан ғана айтылса керек. Әйтпесе ақпарат қай заманда да адамның басты қажеттіліктерінің бірі болған. Бұл ретте мың - мың жарым жыл бұрынғы жаршы, жазушы мен қазіргі БАҚ-тың табиғаты туыс. Бағзының жаршысы да, қазіргінің тілшісі де өз тұсындағы адамның табиғи сұранысын өтеп тұр. Басқаша түйіндесек, ақпарат -- адам санасы мен зердесінің айнымас, ажырамас бөлігі: Аристотельдің атақты ғақлиясын сәл өзгертіп айтсақ: Адам баласы - тумысынан ақпараттық жануар.[5]
Кең мағынасында, жаңалықтар да, өсек-аяң да, әңгіме, өлең-жыр, кино -- бәрі ақпарат. Біз бұл арада ақпараттың жеделхабар-ошарлық сипатына және сол хабарларды қорыту, талдау мәселесіне тоқталмақпыз.
Жаңалықты білмекке құмарлық адамның болмысына хас ерекшелік екенің мойындасақ, ақпарат (жаңалықтар, оқиғалар) желісі -- телеарнаның хабар тарату кестесі үшін ұстын, бейнелеп айтқанда, жұлын-омыртқаға айналуы тиіс. Яғни, телеарнаның ұзақ күнгі қызметін ұстап тұратын арқау- ең әуелі ақпарат.
Ұлттық телеарнаның жедел ақпарат қызметі қалай өзгеруге тиіс дегенде, жоғарыда аталған принципті қаперде ұстай отырып ұсынған ұсыныстарымыздың ұзын - ырғасы төмендегідей:
Қазіргі мемлекеттік БАҚ ақпаратына қатысты ең күрделі мәселе -- сенім дағдарысы. Яғни, көрерменде жаңалықтардың объективтілігіне, шыншылдығына деген күмән қалыптасқан. Ең әуелі көрермен мен екі арадағы осы кедергіден өту керек. Бұл үшін жаңалықтардың мейлінше бейтарап болуын қатаң қадағалау қажет. Яғни, жаңалықтарда ешқандай да баға берушілік, журналистің, телеарнаның көзқарасы тұрғысынан пікір айтушылық болмасқа керек. Басқаша айтқанда, оқиғаның жағымды немесе жағымсыз жақтарын парықтау көрерменнің өз еркіне қалдырылады. 80 - ші жылдардың басында 25-ақ адамдық ұжыммен CNN жұмысын бастаған Тед Тернер қазіргі жаңалықтар тым бір жақты, әлемдегі барлық көрермен жаңалықтардың бейтарап, объективті болуына зәру деген көзқараста болыпты.[6] CNN. Жаңалық атаулыны алдымен бізден білесіз деген қағидамен жұмыстанған бір кездегі шағын арна қазір әлемдегі ең қуатты медиажеліге айналғаны баршаға аян.
Яғни, N елді мекеніне ауыз су құбыры тартылып, тұрғындар қуанышқа бөленді, Ислам принциптерін теріс түсініп, адасқан топ әскери бөлімшеге шабуыл жасады тәрізді комментарийлер айтылмауға тиіс. Қандай да болмасын оқиға бейтарап баяндалуы тиіс. Ресми арна Халқымыздың төл мерекесі Наурызды N қаласының тұрғындары шат-шадыман көңіл-күймен қарсы алды деп желпінбеуге тиіс. Бір сөзбен қайырғанда, жаңалық -- насихат емес, жаңалықтың тек өзі деп қабылданғанда ғана көрермен сенімі пайда болады.
Насихатшыл жаңалықтардың ең өрескел үлгісі ретінде Ресей телеарналарының жаңалықтар топтамасын атар едік. Сол себепті де көрші елдің жаңалықтар стилін контр үлгі ретінде пайдалануға болады. Отандық арналар туралы айтқанда алдымен бүкіл арналар бауырынан өрбіген Қазақстан ұлттық арнасына қарайлайды. Үлгі тұтады. Бірақ, бүгінгі таңда үлкен арнада жүріп жатқан реформалар алаңдатады. Қазақстан арнасының басшылары тағы ауысты. Жаңа жылдан бері ұлттық арна экраны сынақ алаңына айналды. Бірнеше таныс, бейтаныс тележүргізушілер шығып жалт етіп, жоқ болды. Бұл тәжірибелер адами, кәсіптік, әріптестік, журналистік әдепке жата ма? Бұл қалай? Ұжымдағы қызметкерлер бағдарламалардың сапасынан гөрі ертеңгі күнім не болады? деп уайым жейтіні аян. Жұмыссыз қалғандар қайтпек?
1994 жылдан бері талай аласапыранды басынан өткізіп келе жатқан елдің басты арнасы, қазақ телевизиясының мұрагері Қазақстан ұлттық арнасында тағы басшы ауысты. Жаңа басшы өзіне қолайлы адамдарды қызметке шақырады. Рас, бұл - заңдылық. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ, шын мәнінде жаңа басшы жерге қаратпайтын шынайы кәсіби мамандарды таңдай ма? Арна жүзден-жүйрік таланттарды іріктеп, оларға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыра ала ма? Отандық телеөндірістің деңгейі мен дәрежесін, бағасын өлшейтін құрал бар ма? Қазақ теледидарының дәстүрлі телемектебін қайта жаңғырта ала ма? Телевизиялық маркетинг қызметі қандай дәрежеде? Арнада тележүргізушілер неге өзгере береді? Аптаның маңызды оқиғаларын сараптайтын Апта kz апталық шолудың жүргізушілері неге жиі ауысады? Жүргізушілер ауысқан сайын олар жасара береді. Әлемнің алпауыт телеарналары елі үшін аса маңызды саяси сараптамалар мен ток-шоуларды жүргізуді жігіт ағасы жастағы, шешендік өнерді меңгерген кәсіби әккі білгірлерге тапсырады. Олар биліктің олқылықтары мен әлемдегі саясаттың бағытын түбегейлі сараптап, зерделеуге қауқарлы. Олармен мемлекет басшылары да, халық та санасады. Отандық арналардағы апталық шолулар мен жаңалықтар қызметінің тілшілері мемлекеттің мінсіз атқарылған жетістіктер хронологиясын баяндауда лексиконындағы тәуелсіздік арқасында деген сияқты ғажайып астананы дәріптейтін сан рет қайталанатын мадақ сөздер көрерменнің көкірегінен итереді. Апталық шолушылар шешендік өнерді меңгерген астарлап сөйлейтін кәсіби деңгейі жоғары болуы тиіс. Бірақ, бұл қасиеттер адамның бойында жиырма бес, отыз жасында да қалыптаса қоймайды. Қырықтан асқанда адамның айтары болады, оның өмірден түйгені, көргені, тұжырымы бар. Әрі теледидар өнері - тәжірибемен келетін, жүйкеге салмақ салатын ой еңбегі ауыр кәсіп. Жігіт ағасы жастағыларды таңдау әлемдік алпауыт телекомпаниялардың тәжірибесінде ежелден бар. ТД-дың абырой, беделі саяси сараптамалық бағдарламалармен өлшенеді.
Қазақта білікті, деңгейі биік, саясат пен экономикадан хабары бар кәнігі кәсіби журналистер жоқ емес. Көрермен қауым Бетпе-бет хабарын жүргізген Нұртілеу Иманғалиұлын, шолушылар Иманбай Жұбай, Бақыт Шойбекова, тележурналист Серік Әбікенді, 77 күн-нің авторы Серік Абас-Шахты, Апта кz-ті жүргізген Айдаболсын Есболатты, Нұрлан Оқаұлы, экономика тақырыбын зерттеп жазатын Дина Төлекованы көпшілік әлі ұмытқан жоқ.
Көрермен арналарды жаулаған арзанқол үнді, түрік сериалдарынан мезі болды.
Көрермен тапжылмай көретін, рух көтерер бағдарламаларды аңсайды. Ол - көркем тілді хабарлар. Ол - тарихтан белгілі тұлғалар, даланың ұлы аналарының бейнесі атамекеннің ғажайып табиғаты мен этнографиясы туралы деректі фильмдер. Бұл фильмдер ағылшын тіліне аударылса, тіпті жақсы болар еді, әлемге таныламыз. Сондай-ақ, жастарға арналған танымдық ақыл-ой жарысы, балақайларға арналған ата мен әженің ертегі хабарлары, шоу бағдарламалар керек. Шоудың өз міндеті бар. Шоулар бір ауыз сөз тоқтайтын халықтың рухани азаттығына кепілдік бола алмайды. Оның аты - тіл. Қазақша сөйлейік деп зарлаудың күні өтті, қазақ тілі ғажап, тілдің кереметтігін дәріптеу дәуірі туды. Себебі, халқымыздың саны 70 пайыздан асып барады. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді эфир арқылы шеше алатын тікелей хабарларға аса зәруміз. Көрермен теледидардан ұлттық болмыстың абыройын асқақтатқан, тілдің шырайын шығара сөйлейтін мамандардың айтары бар кәсіби тележурналистерді көргісі келеді.[33,20]
Ресей ТВ - эфирінде соңғы жылдары (2008-2009 ж. бері, әсіресе) қатты асқынған әсіре насихатшылдық (еңсе көтеру, түрегелу) пен даңғаза думаншылдық (развлекательность) бізге де салқынын тигізді. Егер көрші елдің аналитикалық бағдарламалары (шолу, саяси, ток-шоу) тіс қайрау саясаты болсын, әйтеуір өз мүддесін көздесе, біз онсыз да қалт-құлт қазақ тіліндегі аналитиканы мүлде жойып тыңдық (бірлі-жарымды аянышты хабарлар тілге тиек бола алмайды). Қажетті болмағандығы себепті осы салада маманданған журналистер жоқтың қасы. Қазақ тілінде сөйлей алатын, бірақ ресми БАҚ - тан аласталған үш-төрт саясаттанушыны айтпасақ, эксперттер қауымы да тым селдір.
Ендігі жерде қалай болғанда да осы жоқтың орнын толтыру керек. Ары-беріден соң сапалы, салиқалы, шыншыл аналитика -- отандық телеарнаға деген халық сенімін қалыптастырудың басты шарты.
Қазір телеарна, агенттік басшылары салмақты хабарлардың жоқтығын рейтингпен байланыстырады. Біздегі рейтингтің шынайылығы, сапасы арнайы тоқталуды қажетсінетін мәселе. Жүз пайыз мемлекет мойнындағы телеарнаның бұл уәжі күлкілі естілері өз алдына. Жалпы республикадағы рейтинг шығару мәселесі -- ешқашан ғылыми, дәйекті негізде тексерілмеген ақтаңдақ. Бұқаралық коммуникация саласындағы белгілі ресейлік маман, ғылым докторы, МГУ профессоры Лидия Матвееваның мына пікіріне жүгініп көрелік (мәтін мағынасы бұрмалаусыз болуын ойлап, орысша келтірдік):
Рейтинг -- слабый аргумент. Аккуратно выражаясь, рейтинг- вещь не всегда отражающая реальность. И судя по нашему исследованию, люди на самом деле чувствуют, что современный контент разрушает душу...
Жарнама рыногы зор, БАҚ өз мақсатын (ол қандай мақсат - басқа әңгіме) көздеп, соған жетіп те отырған, әлеуметтік пікірді қадағалау жүйесі қалыптасқан Ресейдің өзінің мамандары осылай дейді. Кейінгі кезде эфирді жаулаған ұлттық астамшылық, қыз-ойнақ, жын-ойнақ, криминалдық сериалдар қалай дегенмен оларды да сескендірді. Ал әлжуаз, көшірме бағдарламаларынан басқа бұл тасқынға қарсы қояр жобасы жоқ, аналитикадан жау көргендей шошитын біздің үркек эфир туралы не айтуға болады?!
Сонымен, Отандық арналар эфиріне аналитикалық цикл қайта оралуға, оралғанда имитация емес, шынайы, ойлы, өткір, жұрт қызыға көретіндей деңгейде оралуға тиіс.
Ағымдағы ақпарат пен аналитикаға көбірек мән беруіміздің себебі - қазір қоғамда әлеуметтік медианың ықпалы жылдам күшейіп келеді. Әлеуметтік желілер жедел ақпараттың тұма - бастауы ретінде де, көп тарапты пікірлер алаңы ретінде де, интерактивті мүмкіндік ретінде де рыноктан дәстүрлі ақпарат құралдарын ығыстыра бастады. Бұрын тек үлкен эфирлер мен газет - журналдар қалыптастыратын медиа тұлғалар қатарына негізінен интернет арқылы танымал боп, бедел жинаған әлеуметтік желі авторлары келіп қосылды.
Facebook - тың негізін салған Марк Цукерберг жақында өзінің Жаһан қауымдастығын құру (Bulding Global Community) атты манифесін жариялап: Әлеуметтік медиа - ықшам ақпарат тудырып, резонанстық хабар- ошарды неше мәрте күшейтіп жіберетін орта. Бұндай ортаның артықшылығы- халық әр түрлі идеялармен танысу мүмкіндігін алады, - деп мәлімдеді. Яғни, интернеттің дәстүрлі БАҚ- пен бәсекедегі бел алып келе жатқан басымдылығын тағы бір ескертіп өтті.
Осындай жағдайда әзірге өз теледидарын қадір тұтатын, ресми БАҚ-тан әлі де біржолата теріс айналып кете қоймаған қазақ көрермені мен оқырманы, оның ой- санасы, пікірі, мүддесі үшін жан алып, жан беріскен күрес керек. Сол себепті, жедел ақпарат саласы уақыт талабына тез ыңғайланып, шет тілін (әсіресе, ағылшын тілін) білетін, әлемдік ақпарат технологиясын жіті бақылап отыратын, шын патриот, намысты жас мамандармен жасақталуы шарт.
Әдетте универсалды телеарна кестесінің 65-70%-ы жедел ақпараттан тыс телеөнімдерден, кино көрсетілімдерден тұрады. Отандық телеэфир туралы сөз қозғалғанда дәл осы арада рейтинг деген түйіткіл шығады. Қазіргі қазақ эфирін толайым жаулаған жаппай сапасыз сайқымазақ пен көшірме шоулар-арна рейтингісін ұстап тұратын ұстын-тұғырлар-мыс. Жоғарыда айтып кеттік, жүз пайыз мемлекет мойнындағы арналар үшін жарнамадан түскен қаржы- тамшы ғана. Яғни, арна саясатын айқындаушы фактор бола алмайды.
Біріншіден, Қазақстанда ешқашан да шын мәніндегі объективті рейтинг, көрермен ықыласын терең зерттеу болған емес. Көрермен ықыласы түгілі, қоғам пікірі жан-жақты толыққанды зерттелмейді. Рейтингті кімдер жасайды, қандай методика қолданады, ол әдістер Қазақстан үшін қаншалықты дәрежеде лайықты, респонденттер кімдер, ұлты, тілі, жынысы, жас ерекшелігі? Өлшеуіштер Қазақстан халқының осы шақтағы демографиялық әлеуметтік құрылымына сәйкес келе ме? Хош. Рейтингісі жоғары әлдебір үнді телесериалын немесе тілін шығарып, бет-аузын қисаңдатқан сайқымазақ-шоуды тамашалап отырған көрермен сол арнадан тапжылмай, әрі қарайғы жаңалықтарды қарай ма? Қарамаса, мүлде масқара! Мемлекет, халық қаржысы үнді (үнді, орыс, кәріс, т.с.с.) сериалы үшін жұмсалынғаны ғой! Ондай рейтингтік саясатты берік ұстанған телеарнаны мемлекет тарапынан қаржыландыру қаншалықты орынды? Ұлттық ақпарат саясатын көрермен ықыласы мен пікірін түбегейлеп зерттеуге қабілетсіз һәм құлықсыз рейтинг агенттіктеріне байлап қою кімге тиімді? Міне, бұл сұрақтарға жауап алу еш мүмкін емес! Айтыла-айтыла жауыр болған, айтылған жерде қалатын, әлдебір топтардың мүддесіне бола қажетсіз шаруа қатарына ысырылған мәселе. Шынтуайттап келгенде, түбі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін сорақылық. Сондықтан да Қоғамдық пікірді зерттеудің ұлттық орталығы құрылып, ашық-жабық зерттеулерден бастап, отандық көрермен ықыласын бажайлау мәселесі мемлекет қамқорлығына, алынбаса, барынша дәйекті, ғылыми негізі бар шынайы зерттеулер жасалмаса, еліміздің әлеуметтік-рухани әлуеті (потенциялы) апатты жағдайға дейін құлдырауы анық.
Екіншіден, ешқандай жаңа жоба салған жерден жұрт назарына ілініп, шарықтай жөнелмейді: Уақыт, маркетинг, жарнама қажет болады. Сауатты медиамамандардың көпшілігіне мәлім бір айғақ- CNN сияқты тек жаңалықтарға арналатын жаһандық жоба жасаған Тед Тернер алғашқы жеті жыл бойы зиян шегіпті! Тауы шағылмаған, болашақ даму стратегиясына деген сенімі кәміл болған. Әрине, ұлттық жоба жасап, жеті жыл, тіпті жеті ай күту деген сөз емес бұл. Бірақ отандық телеарналар саясатын қазақтың тілін, мәдениетін, тарихын білмейтін, менталитетінен мақұрым, болашағына немқұрайлы жат жұрттық кеңесшілер жасап отырғаны және олардың үздік телеөнім шығарған елдерден емес, өздері де көшірмеші- имитатор көршілерден келгені - сыпайылап айтқанда нонсенс!
Сол себепті де БАҚ басшылары осы мәселені Президент әкімшілігі, Министрлер Кабинеті, Парламентте өткір қойып, тез арада бір шешімге келуі керектігі, - мүмкін, жүз бірінші әлде мың бірінші рет айтылып отырған сөз. Елдің қайғысы, болашақтың қамы!
Көрермен ықыласын зерттеуге қатысты кезек күттірмей, жуырдағы екі-үш ай беделінде атқарылатын маңызды шара-барлық аймақтардағы көрермендерді мейілінше кеңінен қамтып, көрермен қауымның демографиялық, әлеуметтік ерекшеліктерін танып, қандай тақырып, жанрларға қызығушылығын айқындап, нақты хабарларға деген көзқарасын бажайлап алуға жәрдем беретін әлеуметтік зерттеу жүргізу. Және бұл жүрдім-бардым жасалатын шаруа емес, көрермен өресін аңдап, талғамын түсіну үшін қажетті, арнаның алдағы бағыт- бағдарын айқындау үшін бірден-бір нысана-меже болатындай дәрежедегі сапалы құжат әзірлеуді мақсат тұтқан салиқалы іс болуы шарт.
Сонымен, Отандық телеарналар мазмұнына қатысты кейбір ойларымыздың ұзын-ырғасы -- осы. Мықтап ескерілетін принцип-хабар тарату кестесінде әр күнді ерекшелендіріп тұратын темірқазық, алтын шеге іспетті екі - үш бағдарламаның болуы. Кез-келген көрермен арна кестесінен өзі үзбей қарайтын, тым болмағанда жай ғана қызығатын бір бағдарлама таба алатындай болуға керек.
Арна брендингі, компьютерлік дизайындағы ұлттық нақыш, арнадағы әр алуан шапкалардың музыкалық сүйемелі туралы сөз бөлек. Арнайы мамандардың қатысуымен талқыланатын аса күрделі тақырыптың бірі деген ойдамыз. Тек бұл орайда телеарна бағытын жақсы түсінетін компьютерлік дизайн тобы мен дыбыспен әрлеуші- музыканттардың штатта болғаны тиімді. Әлбетте, аутсорсинг арқылы да жасатуға болады, ондай жағдайда арна мен мердігерлер арасында өте берік, күнбе-күн кеңескен ынтымақ орнауға тиіс. Музыка дегенде, және бір ой-бүгін модаға еніп, ертең ұмытылатын оңғақ әуендерді емес, қисапсыз қазына - қазақ дәстүрлі музыкасы мотивтеріне жүгінген жөн. Мәселен, бір Құрманғазының ғана мұрасы -- бір емес, бірнеше арнаның үні болуға жарайтын таңғаларлық саз әлемі. Ал Абыл мен Қазанғап, Тәттімбет пен Сүгір, Ақан, Біржан, Мұхиттардың тереңіне кім үңіліпті?!
Егер дәстүрлі музыка мотивтері, жаңалықтар болсын, жарнама болсын,- арна өнімдерінің рубрикаторларынан үнемі естіліп тұрса, көрермен зердесінде жатталып қалары, дәстүрлі музыка тілін ұғынуға зәредей болсын көмек болары анық. Бұл арада осындай үрдіс Еуропада кеңінен байқалатындығын, классикалық музыка мотивтері әр түрлі өнімдерді дыбыспен әрлеуге пайдаланылатындығын қаперге саламыз.
Әрине, бұл ретте жылдар бойы тамырланған кесел, кедергілерді жеңіп, сіресіп қалған жүйені өзгерту қиынға соғары анық. Бірақ ұлт мұраты, ұрпақ қамы үшін атқарылар істе қандай қиындықтан болсын жасқанып, тайқу -- намысқа сын.
Журналист - кәсіп иесі. Сондықтан оның әрбір қимылы белгілі бір адами, кәсіби заңдармен шектелуі тиіс. Кейбір журналистер еш нәрсеге жіті мән бермей, кәсіби әдептілік сатының биігіне өзінің өмір сүру қағидасы арқылы көтеріліп, кемшіліктер жіберген тұста этикалық кодекс немесе канондар арқылы ақталып жатады. Кейде шектен шығу салдарынан тіпті арсыз атанып та жатады. Бұл жағдайда өз қатесін дер кезінде түзетуге шешім қабылдамаса, оның алда әлі де талай қиындықтарға тап болары сөзсіз. Журналистер арасындағы мұндай өрескел жайттар көбінесе өзін-өзі жоғары бағалаудан келіп туындайды. Көп ретте олар өз бойындағы қабілеттің жоқтығын есепке алмай жатып, барлық кінәні тек кәсібіне арта салады. Сондықтан да ең алдымен, журналистика мамандығын таңдау үшін оның маңыздылығы мен қажеттілігін терең сезіну қажет.
Кәсіби мораль - еңбек етуші әр қызметкердің жұмыс істеу барысында өз-өзін ұстауы. Яғни, белгілі бір іс-әрекеттен пайда болады. Оның қызметі - кәсіби топ мүшелерінің өз-өздерін ұстау арқылы еңбектің жақсы көрсеткіштерін көрсетіп, қоғамдағы өз орнын ақтай білу. Еңбек пен кәсіби моральдың арасында айырмашылық бар. Еңбек моралі қоғамға қызмет етеді. Ал кәсіби мораль кәсіби топ пен қоғамға қызмет етеді. Кәсіби және жалпы моральдың өзара байланысынан кәсіби борыш, кәсіби жауапкершілік, кәсіби ар-ұят, кәсіби міндет т.б. қосымша мағыналар пайда болды.
Кәсіби міндет баршамызға белгілі журналистің іс-әрекетіндегі кәсіби тәрбиелік қарым-қатынастан туындайды. Бұл кәсіби тәрбиелік қарым-қатынаста кәсіби жауапкершілік пен кәсіби ар-ұяттың тығыз байланыстылығы айқын көрінеді. Журналист ар-ұяты адами болмысымен бірге өсіп-өнеді. Журналистің ар-ұяты - күллі іс-әрекетінің өлшемі, көрсеткіш нәтижесі іспетті. Егерде журналист тәрбиелік, этикалық заңдылықтарды бұзып, оған қайшы келетін іс-әрекет жасаса, ар-ұятының деңгейі тереңірек айқындала түседі. Осы ретте данагөй ғұлама Әл-Фараби: Қайырымдылық екі түрлі болады: этикалық және интеллектуальдық. Интеллектуальдық - жанның ақыл-парасаттық жағына жататын, қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық - жанның ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді. Этикалық қайырымдылықтар мен жаман қылықтар адам жанында адамгершілік сападан туатын әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына көп рет қайталануы және оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды, -- деп жазады.[7]
Журналист моралі - шынайы ақпаратты тауып алу құқығын шектеп, кедергі келтіріп отырған жөнсіздікке қарсы кәсіби топтардың берген жауабы іспетті пайда болған дүние. Жалпы кәсіби моральды белгілі топтарға қатысты қарастырған дұрыс. Ал норма - кәсіби моральдың ең алғашқы элементі болумен бірге, мінез-құлық, ар-ұжданның қоғамға қажетті, ортақ әрі әдеттегі нұсқаларды анықтап, мойындалмаған әрекеттерге тыйым салу секілді негізінен сүзгіштің рөлін атқарады.
1.2 Телебағдарламалар мен радиобағдарламалардың функциясы мен редакциялаудың әдіс-тәсілі
Журналистика - өмір көрінісі. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.
Қандай бір қоғам саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтің, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі мен рөлі зор, өйткені қоғамның қалыпты саяси-әлеуметтік өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету қиын. Ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз түрлі хабар-ошарды көпшілікке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрі жария түрде жеткізу үшін құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз, радио, теледидар, кино, видео, үн таспа және көпшілікке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтар - спутниктік байланыс, кабельді теледидар және түрлі компьютерлік интернет байланыс жүйелері қосылып отыр.
Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті. Осы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде телевизия, одан соң радио жетекші орынға ие. Мәселен, телевизияға келетін болсақ, мұның бірден-бір дәлелі ретінде украиналық ғалым Георгий Почепцовтың зерттеуін келтіруге болар. "Ғалымның жүргізген зерттеуі бойынша, эфирден айтылған сөздердің тек 16 пайызы ғана көрермендердің есінде қалса, визуальды түрде берілген мәліметтердің бақандай 34 пайызының аудитория есінде сақталатыны анықталған. Вербалды түрде, яғни ауызша айтылған ақпараттарды қайталау кезінде сауалнамаға қатысқандардың 32 пайызы қателессе, визуалды мәліметтерді айтып беру кезінде олардың тек 15 пайызы ғана дұрыс жауап бермеген. Телевизия мен радионың күш-қуат айырмашылығына келсек, аудитория радиодан естігендерінің 70 пайызын ұмытып қалатын болса, телеарнадан көргендерінің тек 50 пайызын ғана естен шығарып алатындығы белгілі болған." [8]
Телевизия сынды радио да - ең алдымен, эстетика әлемі екенін айтуға тура келеді. Телерадиожурналистиканың табиғи қасиеті - адам сезіміне әсер ету. Сондай-ақ, телевизия да, радио да таза идеологиялық қызмет атқара алмайды, көбінесе көңіл көтеруші және қызығушылық мақсатта жасалатын бағдарламаларға экран бетінен көбірек орын береді. Қоғамдағы әр топ пен әр қауымның әлеуметтік статусы ғана емес, сонымен бірге эстетикалық талғамы мен мәдени сұранысы әр басқа. Олай болса, дүниеге әр түрлі көркемдік деңгейде жасалған, әр түрлі мақсат көздеген бағдарламалар мен хабарлардың келуі - заңды.
Журналист шығармашылығына ерекше әсер ететін факторлардың бірі - технологиялық фактор. Ақпаратты жинап, таратуда қандай техника құралы пайдаланғаны журналист еңбегінің көрінісін, нәтижесін өзгертпей қоймайды.
Мәселен, тілші құралдары болып табылатын қарындаш пен дәптер немесе видеокамера мен диктофон көмегімен жиналған материал әрқалай өңделетіні белгілі.
Тележурналист, радиожурналист өз жұмысының мақсатын, эфирден көрермендер назарына ұсынылған бейнематериалдың мақсатын нақтырақ білу үшін телевизияның, радионың мүмкіндіктерін, яғни телевизияның, радионың қоғамдық функцияларын білуге міндетті болғандықтан, алдымен, электронды БАҚ хабарларының функцияларына тоқталып, редакцияланатын материал қалай туады деген сауалға жауап іздейміз. Жұмыстың екінші бөлігінде телерадиобағдарламаларды редакциялаудың ерекшеліктері қарастырылады.
Электронды БАҚ бұл күнде өсу, өркендеу, даму үстінде. Халық назары көбінесе электронды БАҚ-қа ауып, жедел, нақты ақпарат күтеді. Сондықтан да көрермен, тыңдарман электронды БАҚ хабарларына сын көзбен қарап, әрбір басқан қадамдарына үмітпен көңіл бөледі.
Елімізде оннан аса республикалық телеарналар қызмет істейді. Әрқайсысының өзіндік қалыптасқан стилі, ұстанымы бар. Махат Садық: "Біздегі телеарналар ұстанған басым саясат - тек жаңалықтар қызметін жақсартуға арналған. Жақсы техника да жаңалықтар қызметінде", - дейді. [9] Шынымен, телеарналар көпшілігі жаңалықтар қызметімен ғана шектеледі. Эфирлік уақытын шетелдік фильмдермен толтырады. Жалпы, телеарна басшыларына, редакторларға жаңадан ұсынылып отырған бағдарламаның қоғамға қажеттілігін, қоғам сол хабарға зәру екендігін түсіндіру үшін электронды БАҚ-тың қоғамдық функциялары қажет. Телевизия да, радио да қашанда қоғам үшін қызмет атқарады.
Тележурналист, радиожурналист өз жұмысының мақсатын, эфирден көрермендер назарына ұсынылған бейнематериалдың мақсатын нақтырақ білу үшін телевизияның, радионың мүмкіндіктерін, яғни телевизияның, радионың қоғамдық функцияларын білуге міндетті. Журналистің кәсібилігі әлеуметтік жауапкершіліктен байқалады.
"Функция" ұғымымен "мақсат" тығыз байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты - тұлғаны, қоғамды үздіксіз ақпаратпен қамтамасыз ету, яғни ақпараттандыру. Тікелей алғанда телевизияның, радионың ақпараттық функциясы елдегі, әлемдегі жаңалықтар көрсетілімі болып табылады. Жалпы алғанда, кез келген телевизиялық көрсетілімнің, радиохабардың өзі телевизияның, радионың ақпараттық функциясын орындайды. [10]
Кез келген телевизиялық бағдарлама, радиохабар белгілі бір дәрежеде көрермендерде, тыңдармандарда мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Тіпті, хабарға қатысушылардың сөйлеу мәнері, таным деңгейі көрермендер, тыңдармандар ұстанымына ықпал етпей қоймайды. Бұл - мәдени-ағартушылық функция.
Интегративті функция (ортақтастыру) - аудитория үшін ортақ құндылықтарды анықтау, ортақ мәселелердің шешу жолдарын іздеу, қоғамға қауіпті өзге де құбылыстарды талқылау. Бұқаралық коммуникация құралдары, соның ішінде телевизия, радио табиғатынан өзі хабар таратып отырған қоғамға ықпал етеді. Көрермендердің бағдарламаны тұрақты көруі, тыңдармандардың хабарды тұрақты тыңдауы - олардың белгілі бір деңгейде ортақтығының дәлелі. Интегративті функцияда ақпараттық, мәдени-ағартушылық, ұйымдастырушылық функцияларының элементтері кездеседі.
Батыс ғалымдары журналистік жұмыстың мақсатын келіспеушіліктерді пікірталас арқылы шешуден көреді, яғни кереғар пікір иелеріне ымыраға келуге көмектесу. Бұл - әлеуметтік-педагогикалық не басқарушылық функция болып табылады. Үкімет не өзге де әкімшілік жүйе қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатымен аталмыш функцияны пайдаланады.
Кей кездері электронды БАҚ өзі қоғамдық акцияның ұйымдастыру қызметін атқарады. Телевизия, радио билік басындағыларға сауал жолдап, әрекет етуге итермелей отыра ұйымдастырушылық функцияны атқарады.
Рекреативті функция, яғни көңіл көтеру функциясы ("рекреация" латынның recreatio "қалыпқа келтіру") - демалыс, еңбек барысында жұмсалған күшті қалыпқа келтіру. [11]
Осы орайда, логикалық тізбектің үшінші мүшесін, дәлірек айтсақ, "функция-мақсат-әдісті" табу туындайды. [12]
Сонымен, белгілі бір бағдарлама тыңдармандар мен көрермендер назарына ұсынылғанда бір немесе бірнеше функцияны орындай отыра, белгілі бір мақсатты көздейді. Ал, бағдарлама сан алуан әдіс арқылы тыңдармандар мен көрермендер жүрегіне жол табуы ықтимал. Кез келген хабар аудиторияға әсер етеді. Бірақ, қандай әдісті қолдану керек? Осы кезде бағдарламаның жанры айқындалады.
Публицистика, телепублицистика, радиопублицистика жанрлары ақпараттық, талдамалы және көркем публицистикалық болып 3 ірі топқа бөлінеді.
"Жалпы, әр жанр таза қалыпта кездесе бермейді. Бір туындыда бірнеше жанр элементтері тоғысып жатады. Кейде олар өмірді барлық күрделілігімен, көп қыртыстылығымен көрсету үшін, шығармашылық ой-ниетті әсерлі етіп беру үшін әдейі тоғыстырылады. Сонда қай жанрдың белгілері мол болып, бірінші қатарда тұрса, туынды сол жанрға жатқызылады," - дейді профессор-ғалым Темірбек Қожакеев. [13] Яғни материалды белгілі бір жанрға жатқызу - шартты нәрсе. Жанр - белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы.
Телерадиобағдарламалар қандай әдісті пайдаланып, қандай жанрға жатқызылмасын телерадиохабарлар да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz