Электронды оқулық құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.Аманжолов атындығы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

"Қорғауға жіберілді"
"____"________2020 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: "TurboSite бағдарламасында электронды оқулық жасақтау"

Мамандығы: 6В01501Информатика ТЖКБ
Мектептегі информатика, математика және физика негіздерін оқыту

Орындаған: Информатика ТЖКБ
2-курс студенті Низамиттен В.А.

Ғылыми жетекшісі
"____"________2020 ж Карменова М.А.

Норма бақылаушы
"____"________2020 ж

Өскемен қаласы, 2020 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ ... ... ... .
5
1.1
Электронды оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ..
8
1.2
Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ..
11
1.3
Электронды оқулық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
2
TURBO SITE БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
18
2.1
TurboSite гипермәтіндік бағдарламасының мүмкіншіліктері ... ... ... ... ...
22
2.2
TurboSite бағдарламасында Delphi программасы бойынша құрылған электронды оқу құралының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
32
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ ғасыр бүкіл дүниежүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.
Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Ақпараттық көптеген мәселе, әсіресе оның ішінде ең негізгісі білім беру (оқыту) мәселесі болып табылады. Біздің негізге алған мәселеміз оқытуды автоматтандырумен байланысты. Демек білім беру мен пайдаланушы білімінің бақылау сұрағына қажетті нәтижелерді өңдеуі үшін қолданады. Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру ақпарат алушының сұранысын қанағаттандыра тын оқу құралының басылымымен қатар тұрады. Мұндағы негізгі таралымдар оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және жоғарғы сапалы, иннавациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатында оқу процестеріне және сонымен қатар, әртүрлі электрондық оқулықтардың түбі бір дәл осылай аталатындығы.
Компьютерлік техникалар құралдарын қолданудың жақсы тиімділігіне маман иесі пәндік облыста ақпаратты ұсынулардың құралдарын шектемей, коммуникациялардың және жұмыстың базалары мен білімдердің нәтижесінде қол жеткізуі мүмкін.
Курстық жұмыс тақырыбы: TurboSite бағдарламасында электронды оқулық жасақтау.
Курстық жұмыс мақсаты - орта және жоғарғы буындағы мектеп оқушыларына арналған Delphi программалау ортасы бойынша ең тиімді электрондық оқулық жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, программалау жүйесімен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электрондық оқулық құру.
Курстық жұмыста TurboSite бағдарламасының гипермәтіндік тілінің технологиялар мүмкіндіктерін және принциптерін электрондық оқулық жасауда қарастырдым, сонымен қоса электрондық оқулықты Delphi программасымен байланыстырып, жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасалынды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Осындай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электрондық оқулық құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.

1 Электронды оқу құралы түсінігі және тиімділігі

Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады.. Электронды оқу құралын барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. [1]
Электронды оқулық - бұл білім беру қызметін толық қамтитын (ұйымдастырушылық, теориялық, тәжірибелік, эксперментальдық және т.б.), қазіргі ақпараттық технорлогияларды қолдана отырып өз бетімен жеткілікті білім алуға қолайлы бағдарламалық-техникалық және оқу-әдістемелік құрылғыларының жиынтығы.
Электронды оқулықты төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1) жалпыланған инструменталдық жабдықтар;
2) мультимедиялық жабдықтар;
3) гипертексттік және гипермедиялық жабдықтар.
Гипермәтін - бұл мәтіндік материалды мәтінде берудің белгілі бір мәтіндік фрагментке таңылған, ерекшеленген сөздер кездесетін сызықты емес әдісі. Осылайша тұтынушы мәтіннің беттерін реті бойынша парақтап қана қоймайды, сызықтық бағыттан қандай да бір сілтеме бойынша ауытқи да алады, яғни ақпарат шығару үдерісін өзі басқарады. Гипермедиялық жүйеде фрагменттер ретінде кескіндер қолданылуы, ал ақпарат өз құрамына мәтінді, графиканы, видеофрагменттерді, дыбысты қамтуы мүмкін.
Гипермәтіндік технологияны қолдану оқулықтарға қойылатын құрылымдалған, қаралуы оңай болуы керек тәрізді талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қажет жағдайда бұндай оқулықты кез келген серверге салып қоюға және оңай түзетуге де болады. Бұл арада көбіне сәтсіз дизайндау, жинақтау, құрастыру тәрізді қателіктер жіберілетінін айта кеткен жөн.
Электронды оқу құралын жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқу құралымен оқытудың барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген . Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электронды оқулық жасауға оның гипермәтінімен жабдықталуы және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электронды оқу құралы мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.
Электронды оқу құралы өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының магниттік сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде) қондырылуын, мазмұны негізгі ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады.
Білім берудің кез-келген саласында "Электронды оқу құралы" пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы "Электронды оқу құралы" шығару болып табылады. [1]
Электронды оқу құралын дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек.
Электронды оқу құралының құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.
1. Мазмұндау - мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график түрінде беріледі. Сонымен қатар мүнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.
2. Схемокурс - оқулық мазмұнын қысқартылған мәтін-график қатынасы түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының қүрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмүнды ассоциативті есте сатауда үлкен көмек береді.
3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмүны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сүрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулыктың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін. [4]
Қазіргі шығарып жатқан электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың үлгісі емес, ол кәсіптік оқытудың автоматтандырылған үрдісі болып табылады. Электронды оқулық шығарған өнімнің технологиялық тізбегін анимация арқылы бейнелі түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Электронды оқулық мазмұны оқушының интеллектілік қабілетін дамытуға бағытталу қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыру жеткілікті: жинақтылық, жүйелілік, көркемділік, жылдамдылық. Электронды оқулықтарда материалдар логикалық байланыста модульдермен берілген әрбір модуль мазмұнына және анықтамалық аппаратына сәйкес құрастырылған.
Элекронды оқулықтар жаңа ақпараттық технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни, мәтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды пайдалануға дыбысты қосарлап қамтуға, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар. Электронды оқулықтың басты мақсаты оқушылардың білім сапасын артыру, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Электрондық оқулық барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттың ортаны едәуір жоғарлатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни, бұл басты ерекшелігі және тиімділігі оқушы мен мұғалім арасындағы байлансы көзбен көру арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында компьютер мүмкіндіктерін толық пайдалануға арналған электронды оқулық жасауда және республика көлемінде бұл оқулықтарға конкурс жарияланады. Электронды оқулықтың басты ерекшелігі жаңа компьютерлік технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды пайдалану, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Электронды оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақұылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы.

1.1 Электронды оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы

Дәстүрлі оқулық баспа негізінде 400 жылдық тарихы бар білім беру үрдісінде өзгеріссіз кітап. Ал электрондық оқулық құрудың алғашқы қадамдары персоналды компьютер шыққаннан бастап-ақ жүргізіле бастады. Бірінші дидактикалық тапсырмаларды жасады. Мысалы, ХХ ғасырдың 90 жылдарында мектеп бағдарламасында педагогикалық бағдарламалар өңделді. Модельдік экспериментті, тестілеуді, интерактивті шешім қабылдау т.б. фунуциялары шыңдалды. Ары қарайғы аппараттық және бағдарламалық мүмкіндіктері баспа негізіндегі аналогтік оқулық құру болып табылады. Қазіргі кездегі аппараттық және программалық қамсыздандыру өте үлкен деңгейге жетті. Электронды оқулық құрудың соңғы жабдықтары: мультимедиа, аудио файл, гипермәтін, интерактивтілік.
Мультимедиалық технология ол компьютердің ақпараттық және бағдармалық кешені. Ол ақпараттарды біріктіреді. Әр түрлі формадағы (мәтін, сызба, дыбыс, видео, анимация) интерактивті режимде жұмыс істеуге рұқсат береді. Қарапайым оқулықта ақпарат тек бір мәтінмен сызбада көрсетіледі. Ал электрондық оқулықта мультимедиа технологиясын пайдалануға болады:
Электронды оқулық мәтінінің ашық болуымен, ерекшеленген сызған қаріп түсін, өлшемін әр түрлі альфавит қорымен, математикалық формулаларды арнайы символдармен, пиктограммаларды пайдалана отырып жасауға болады.
Графикалық суреттерді құру өте оңайға түседі (суреттер, фотосуреттер, кесте, кез келген түрлі графика, гистограмма).
Ақпарат анықталған блогынан бағытталғанда дыбыстық фон немесе дыбыс сигналын пайдалануға болады (суретке, басқару нүктесіне). Автономды немесе интерактивті режимде дыбыстық бейнелерді динамикалық үрдісте беруге болады.
Видео бейнелерді көп рет пайдалануға болады. Соның ішінде видеоматериалдарды білім берудегі дайын магниттік тасушыларда немесе фотопленкада болса.
Мультимедиалық технология анимацияларды, суреттерді тірілтуге мәтіндерді т.б. оқу объектісін пайдалануға мүмкіндік береді. [7]
Оқу материалын меңгеру процестерінде оқушылырдың ағымдағы, мысалы, терминология өлшемі бірліктер жөнінен анықтамалық ақпаратты шұғыл алатындай мүмкіндігі болатындығы абзал. Ол үшін белгілі жүйесі бар жекеленген беттер жасап қажетті белгіге оқулықтың кез келген бетінен гиперсілтеме арқылы ауысуды қамтамасыз ету керек. Алғашқы орынға қайтып келу бұл жағдайда браузерді басқару панеліндегі кері кнопкасы арқылы жүзеге асады. Оқушылардың тармақтарын жасау оларды құрылымның ауыстыру және өзгерту үшін арнайы бағдарламаның қамтамасыздандыру әзірленген.
Электрондық оқулықтың негізгі функциялары мен мүмкіндіктері:
- оқыту процесінің оптимизиясы мен модернизациясы;
- оқу материалын өз бетінше оқу мүмкіндігі;
- білім беру процесінің көп деңгейлігін вариациялығын, икемділігін,
тұлғалық бағдарын қамтамасыз ету;
- оқушының әлеуметтік және кәсіби белсенділігі, дүниетанымдық деңгейін көтеру;
- танымдық және кәсіби әректтердің модельдерін қалыптастыру;
оқулықты қашықтан оқыту және өздік жұмыс құралы ретінде қолдану.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады". Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi. [7]

1.2 Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар

Техникалық - тұтыншылар аясын кеңейту үшін электронды оқулықты пайдаланушының аппараттық бағдарламалық кешеніне талап қоймауы қажет.
Технологиялық - электронды оқулық технологиясы жалпыға ашық,бейімделгіш,жан-жақты әрі перспективті болуы қажет.
Психологиялық - электрноды оқулық адамның психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, әрбірінің жеке түріне бейімделуі қажет
Даму және қолдау - электронды оқулық модульдік принципте құрылуы, тораптанған навигация жүйесі болуы керек.
Мазмұны және құрылымы - электронды оқулық құрылымы иерархиялы, интуитивті түсінікті,кеңейтуге иәілгіш болуы қажет.
Экономикалық - электронды оқулық өзіндік бағасы ның, оны қолдану бағасы жалпыға қол жететін технологияның арзан болуы қажет.
Қолданушылар талабы - электронды оқулық иілгіш, түсінікті, мазмұнды, бағасы арзан әрі офистік пакеттер мен қосылатын болуы қажет.
Талап түсінігін бұл жағдайда орындалатын бағдарламалық қамтамаға немесе өмір сүру циклінің үрдісіне қойылатын шектеу ретінде түсіну керек. Кез-келген шектеу ақыр соңында потенциалды тұтынушылар аясын шектейтіні белгілі. Қолдануға болатын аппараттық-бағдарламалық кешен түрлері диапазонын (аппараттық-бағдарламалық кешен - құрамы жай ғана техникалық және бағдарламалық бөліктерден тұратын ЭЕМ )кеңейтуге ұмтылу керек, сол арқылы өнім функционалдығын шектемей потенциалды тұтынушылар шеңберін кеңейтуге болады.
Технологиялық талаптар тобына бағдарламалық өнімді жасау технологиясын таңдаудан шығатын шектеулер жатады. Қандай да бір технологияны таңдауда оны қолданумен байланысты көптеген сипаттамалар сәттерді назарға алу керек: аталған технология көмегімен ойластырылғанды қаншалықты іске асыруға болады, берілген оқу құралымен жұмыс үшін пайдаланушы қымбат тұратын бағдарламалық қамтаманы сатып алуы қажет болмай ма, яғни қайсыбір технологияны қолдану жоғары техникалық талаптарға алып келмей ме, қаншалықты болашағы бар, берілген бағдарламалық өнімді қаншалықты жеңіл қолдануға әрі өзгертуге болады және басқа да жағдайлар әсері. [5]
Кез келген бағдарламалық өнімді, оның ішінде электронды оқулық жасау және ендіруге қатысты шектеулерді мәселенің қаржылық жағы қоюы мүмкін. Аталған мәселе туралы қандай да бір ақыл беру өте қиын, тек тегін бағдарламалық өнімдерді қолдану нәтижесінде электрондық оқу басылымының өзіндік құнын айтарлықтай түсіруге болатындығын айта кеткен жөн.
Адаптивтілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары қарым-қатынас жасау мәнерін, оқушының білім деңгейін және жұмыс істеу қабілетін ескерген жөн. Сонымен қатар оқушының білім деңгейінің жоғарлауына байланысты оқылатын мәселе қиындығының дәрежесінде көтеру керек.
Өзектілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары таңдап алынған пән бойынша жетімді формада ең соңғы ақпараттапрдың бар болуын қамтамасыз етуі.
Қолданулығы. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары аудиторияның қажеттіліктерін және бар компьютерлер мүмкіндігін максимальды ескеру қажет.
Әдістемелігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында оқытудың тиімді әдістері болу қажет.
Көркемділігі. Электронды оқулық тағайындалуның бдағдарламалық құралдарында оқу материалды есте сақтауға, қорытындылауға мүмкіндік беретін тиімді иллюстрациялар болуы керек.
Материалды ұсынудың ғылымилығы. Электронды оқулық тағайындалуның бағдарламалық құралдарында, оқу материалын ұсынуды ғылыми терминология (терминдердің анықтамалары) қолдану қажет.
Біртектілігі. Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралдары оқу материалының біртектес бөлімін басқалардың білім деңгейінің төмендігі үшін ерекшелеу керектігі.
Модульдігі. Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралдарында материдар модульдерге немесе блоктарға бөліну қажет.
Түсініктілігі. Электронды оқулық тағайындалуының құралдарында тілдің лексикалық және синтаксистік жетімділігінің болуы.
Тізбектілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында бір модуль ішіндегі жаңа оқу материалы алдыңғы оқу материалымен логикалық байланыс болу керек.
Толықтылығы. Электронда оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында ұсынылағн тақырып немесе пән бойынша оқушыда жалпы көрініс болатындығына қамтамассыз ету қажет.
Нақтылылығы. Электронда оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында жаңа ұғымдардың маңыздылығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Borland Delphi ортасында электронды оқулық жасау
Электронды оқулықтарды құру технологиясы
Электронды оқулықты пайдалану
Электрондық оқулық ұғымы
Электрондық оқулықтар жасау
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Электронды оқулық
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Пәндер