Босалқы жерлердің мониторингі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИАҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
(2020 оқу жылы I семестр)
Алматы облысы жер жағдайы мен пайдалануын жер мониторингі мәліметтерінінің негізінде талдау

Мамандықтың атауы және шифрі 7М07304 - Жерге орналастыру
Курс 1-курс магистратура
Магистранттың аты-жөні Жолдасбек Ә.Б
Ғылыми жетекші Акашова.А.С

Алматы, 2020 ж
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: Алматы облысы жер жағдайы мен пайдалануын жер мониторингі мәліметтерінінің негізінде талдау
Зерттеу өзектілігі:
Бұл диссертациялық жұмыста Алматы облысы жерінде болып жатқан өзгерістерді уақытқа сай анықтау, оларды бағалап, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар үдерістерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай - күйін базалық бастапқы, жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Алматы облысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін үдерістерді дамытудың сандық сипаттамасын сенімді қол жетерлік алу үшін бақылаудың территориялдық - зоналдық тармақ пунктері қалыптасты, ол стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдардан тұрады.
Алматы облысында стационарлық экологиялық алаңдарға бақылау жердің сапасына әсер ететін топырақ параметрлеріндегі өзгерістермен жүргізіледі. Сонымен бірге антропогендік және табиғи факторлар: Ауаның көлік, өндірістерден шығатын газбен, улы заттармен ластануы, таксикологиялық заттармен ластануы, топырақтың қара шірік мөлшері, азот, азықтық қозғалыс элементтері, топырақтың су физикалық жане физико-химиялық қасиеттерінің дамуы үдерістерінің зертеулері. Бақылаудың мерзімділігі, бақыланатын көрсеткіштер динамикасына тәуелді. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына жер мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Қоқыс тастайтын жер жақын маңындағы елді мекендер қоқыстарын тастаудан шыққан заттармен ластануы зерттеледі.
Алматы облысында стационарлық экологиялық алаңдардағы байқау нәтижесі аудандағы табиғи ортаның ластануына көп көңіл бөлу керектігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жер құнарлығы көрсеткіштерін дистанциондық зондтау арқылы бақылау және бағалау.
Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер шешіледі:
1.Жермониторингінің теориялық жəне əдістемелік негіздерін зерттеу;
2.Жердің жай-күйіне қарай бақылау жүргізу; Алматы облысы аумағында кешенді жер жағдайын бақылау жұмыстарынжүргізуді анықтау
3.Жаңа әдістемелер арқылы жер құнарлығы көрсеткіштерін анықтау;
4.Топырақ құнарлығы және құрамының жағдайы бойынша СЭА және ЖСЭА біріктіруді қарастыру.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі:Жер мониторингін жүргізуде желерді дистанциондық зондтау мәліметтерін пайдалану жер мониторингін жүргізудің тиімділігін арттыруда жер пайдаланушылықтың бүлінген және құнарлығы жоғары жерлерін анықтауға үлесін қосады. Қойылған мақсат пен міндетке жету үшін әр түрлі әдістер: сараптаулық, экологиялық-статистикалық, салыстырмалы талдаулар әдістері және автордың зерттелінген еңбек бойынша өзіндік жасаған ұсыныстары қолданылады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Алматы облысында жер мониторингі жұмыстарында жерді дистанциондық зондтауды пайдалана отырып, улы заттармен ластанғаған жерлерді анықтау, шаруашылық орталығына қашықтығын анықтау, ластанған жерлерді уақтылы анықтау шараларын жүргізу.
Зерттеу объектісі:Алматы облысы жерлері.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1.Жермониторингінің теориялық жəне əдістемелік негіздерін зерттеу жүргізілді;
2.Жердің жай-күйіне қарай бақылау жүргізу; Алматы облысы аумағында кешенді жер жағдайын бақылау жұмыстарыжүргізілді;
3.Жаңа әдістемелер арқылы жер құнарлығы көрсеткіштері анықталды;
4.Топырақ құнарлығы және құрамының жағдайы бойынша СЭА және ЖСЭА біріктіру жұмыстары жасалды.
Зерттеу пәні: Алматы облысындағы ауаның ауыр металдармен ластану көрсеткіштері, стационарлық экологиялық алаңдарды анықтау, топырақтағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау.
Зерттеу материалдары мен әдістері:Зерттеу жұмысыныңматериалдарына жер мониторингі бойынша ҚР заңдары мен қаулылары, Азаматтарға арналған үкімет материалдары, ҚР бойынша статистикалық мәліметтер, мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері, нормативтік - құқықтық актілер, әдістемелік және нұсқаулық материалдары жатады.
Зерттеу барысында ақпараттық мәліметтерді жинау, өндеу, сақтау, жаңарту және талдау процесінде ғылыми зерттеудің монографиялық, экономикалық - статистикалық, абстрактілі - логикалық, жүйелі және салыстырмалы талдау, мәліметтерді топтастыру, сараптамалық бағалау, логикалық және ұйымдастырушылық және бағдарламалық - мақсаттық әдістері қолданылды.

Диссертацияның орындалу жоспары:


Жұмыс түрі
Орындалу кезеңі
1
Тақырыптың анықталуы және бекітілуі
2020 ж, қыркүйек
2
Жұмыс құрылымын жасау
2020 ж, қыркүйек-қазан
3
Тақырып бойынша ақпарат жинастыру, практика кезіндегі мәліметтердің жинақталуы
2021-2022 жж.
4
Кіріспе
2020 ж, қараша
5
1 бөлім
2020 ж, желтоқсан
6
Зерттеу нысанын анықтау, экспедицияға шығу
2021 ж, наурыз
7
2 бөлім
2021 ж, мамыр
8
Зерттеуге қажетті үлгілерді алу
2021 ж, мамыр
9
3 бөлім
2021 ж, қыркүйек
10
Қорытынды
2022 ж.
11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін және сызбалық мәліметтерді даярлау
2022 ж.
12
Презентация мен баяндама дайындау
2022 ж.
13
Диссертация алды алды қорғау
2022 ж.
14
Диссертацияның қорғалуы
2022 ж.

Диссертация құрылымы:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1
МОНИТОРИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
1.1
Жер мониторингі жүйесінің қазіргі кездегі жағдайын сараптау
1.2
Алматы облысы жайында қысқаша мәлімет
1.3
Облыстың орналасу орны
1.4
Географиясы
2
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЕР МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗУ
2.1
Алматы облысында топырақтың ауыр металдармен ластанудың мониторингі
2.2
Қоршаған ортаның ластану мониторингі
2.3
Мониторинг нәтижесін қарастыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Жер мониторингі - болып жатқан өзгерістерді уақытқа сай анықтау, оларды бағалап, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар үдерістерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай - күйін базалық бастапқы, жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді. Жердің сапалық жағдайына әсер ететін үдерістерді дамытудың сандық сипаттамасын сенімді қол жетерлік алу үшін Республикамызда бақылаудың мемелекеттік территориялдық - зоналдық тармақ пунктері қалыптасты, ол стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдардан тұрады. Стационарлық экологиялық алаңдарға бақылау жердің сапасына әсер ететін топырақ параметрлеріндегі өзгерістермен жүргізіледі. Сонымен бірге антропогендік және табиғи факторлар: онда дефляция, су эрозиясы, топырақтың тұздануы және сортаңдану, таксикологиялық заттармен ластануы, топырақтың қара шірік мөлшері, азот, азықтық қозғалыс элементтері, топырақтың су физикалық жане физико-химиялық қасиеттерінің дамуы үдерістерінің зертеулері. Бақылаудың мерзімділігі, бақыланатын көрсеткіштер динамикасына тәуелді. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына жер мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Қоқыс тастайтын жер жақын маңындағы елді мекендер қоқыстарын тастауын азайтқан жоқ.
Стационарлық экологиялық алаңдардағы байқау нәтижесі аудандағы табиғи ортаның ластануына көп көңіл бөлу керектігін көрсетеді.
Жер мониторингін жүргізу ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілеті орган жүзеге асырады.
Зерттеудің мақсаты: жер мониторингінің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеумен стационарлық экологиялық алаңдарда жүргізілетін бақылау түрлерін зерделеу болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Алматы облысы жердің жай-күйіне қарай бақылау жүргізу, ауданындағы экологиялық жағдайларын бақылап, қарастыру болып табылады.

1.Мониторигтің теориялық негіздері және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды шаруашылық жоспарлау

Жер мониторингі бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келісімдері мен шарттарында айқындалатын тәртіппен және бекітілген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жер мониторингі мына жұмыстарды құрайды.
Жүйелі бақылауларды, іздестіруді, суретке түсіруді орындау;
Жердің жай - күйін талдау мен бағалауды жүргізу;
Жердіңқұнарлығынаантропогендіәсерет удіреттеужөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалық жай - күйін болжау;
Жер туралы деректер жинағын ұйымдастыру.
Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсаты мен аумақтық ауқымы бойынша айқындалады. Жер санатына сәйкес келе отырып жер мониторингі мына жүйелерге бөлінеді:
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі;
Өнеркәсіп,көлікбайланыс,қорғанысжән еөзгедеауыл шаруашылығына жатпайтын жердің мониторингі;
Елді - мекен жерлерінің мониторингі;
Ерекшеқорғалатынтабиғиаумақтағыжерл ердіңсауықтыру мақсатында және тарихи, мәдени мақсатындағы жердің мониторингі;
Орман қоры жерлерінің мониторингі;
Су қоры жерлерінің мониторингі;
Босалқы жерлердің мониторингі .
Орындалатын жұмыстар түрлері, әдістері, орындау технологиялары зерттеліп, анықталған кемшіліктерді жою жолдары қарастырылған.
Жер мониторингінің құрылымы Қазақстан Республикасының аумақ бірлігімен анықталады. Жеке аумақтық бірлік бойынша жер мониторингінің құрылымы мына деңгейлерден тұрады:
Қазақстан Республикасының жер мониторингі;
Облыстық жер мониторингі;
Аудан және аудан жерлерінің мониторингі (1 суретке сәйкес)
Мониторингтің кешенді ақпараттық жүйесі 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
Шаруашылық субьектілерінің және елді мекен шаруашылығының мониторингі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі
Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі
Ауыл шаруашылығын реттеу - ауыл шаруашылық мекемелерін, шаруа фермер қожалығын үздіксіз бақылауды және талдауды қажет етеді.Ауыл шаруашылығында өндірістің негізі жер болғандықтан, оның пайдалану тиімділігін бақылау және топырақ құнарлығын сақтау, жоғарылату қажеттілігі туады. Республикадағы елді мекендердің 44% ауылда тұрғандықтан және ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты ауылдың дамуы, ауылдың әлеуметтік сферасы мониторингін құруды көздейді.Оның обьектісі ауылдың елді мекен пункті және әлеуметтік инфрақұрылымы болып табылады.

Шаруашылық субьектілерінің және елді мекен шаруашылығының мониторингі-ол ауыл шаруащылығы өндірісінің өнімі (өсімдік жүргізу және мал шаруашылығын жүргізу) материалды техникалық базасы, елді мекендегі шаруашылық өндірісі, өнімнің қаражатты-экономикалық көрсеткіштері, ресурстар және ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерін пайдалану
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің мониторингі-ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жағдайы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің иелену формалары және пайдалану.
Ауылдың әлеуметтік сферасының мониторингі-ауылдық елді мекен, ауылдық елді мекендегі еңбек нарығы, өмір сүру деңгейі, ауылдағы білім және мәдениет, денсаулықты сақтау.

1.1 Жер мониторингі жүйесінің қазіргі кездегі жағдайын сараптау
Жер мониторингінің жүйесі мыналарға бөлінеді:
Алып жатқан аумағына байланысты мониторинг жүргізу;
Болып жатқан өзгерістердің сипаты бойынша мониторинг жүргізу;
Бақыланып жатқан процесстерге байланысты мониторинг жүргізу;
Аумақтық ауқымына қарай жердің республикалық, өңірлік және жергілікті мониторингі жүзеге асырылады:
Республикалық - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтиды;
өңірлік - физикалық географиялық, әкімшілік, экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтыйды;
жергілікті - жекеленген жер учаскелері мен ландшафтық - экологиялық кешендердің қарапайым құралдарына дейінгі өңірлік деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі .
Жер мониторингі - жерді пайдалану нысанына байланысты жүргізіледі, сондықтан ол ішкі жүйелерге, жер сипаттарына сәйкес бөлінеді (2-суретке сәйкес).

Жер мониторингінің жүйесі мыналарға бөлінеді:
Алып жатқан аумағына байланысты мониторинг жүргізу;
Болып жатқан өзгерістердің сипаты бойынша мониторинг жүргізу;
Бақыланып жатқан процесстерге байланысты мониторинг жүргізу;
Бақылау жүргізу мерзімімен кезектілігіне байланысты мониторинг жүргізу .
Жер мониторингінің мазмұны - жер қорының жай - күйін жүйелі түрде
бақылау (суретке түсіру,іздестіру, зерттеу), онда болып жатқан өзгерістерді анықтау және оларға баға беру.
Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсатымен және аумақтық ауқымымен айқындалады.
Мониторинг жердің нысаналы мақсатының ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі және жердің санаттарына сәйкес келетін мынандай қосымша жүйелерге бөлінеді:
-ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің мониторингі;
-елді - мекендер (ауданлар, кенттер мен аудандық елді - мекендер) жерінің мониторингі;
-өнеркәсіп, көлік, байланыс,қорғаныс және өзгеде ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жердің мониторингі;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жердің, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи - мәдени мақсатындағы жерлердің мониторингі;
-орман қоры жерінің мониторингі;
-су қоры жерлерінің мониторингі;
-босалқы жерлердің мониторингі.
Аумақтық ауқымына қарай жердің республикалық, өңірлік және жергілікті мониторингі жүзеге асырылады:
Республикалық - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтыйды;
өңірлік - физикалық географиялық, әкімшілік, экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтыйды;
жергілікті - жекеленген жер учаскелері мен ландшафтық - экологиялық кешендердің қарапайым құралдарына дейінгі өңірлік деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргізіледі.
Жер мониторингін жүргізудің мерзімдері мен кезеңділігіне қарай жердің жай - күйін бақылаудың мынадай:
базалық (бастапқы жер мониторингін жүргізуді бастау сәтіндегі бақылау объектілерінің жай - күйін бақылайды);
жедел (ағымдағы өзгерістерді тіркейтін);
кезеңдік (бір және одан көп жылдан кейін) түрлері жүзеге асырылады. Жер мониторингін жүргізгенде келесі іс-әрекеттер орындалады:
жүйелі байқауларды, іздестірулерді, суретке түсірулерді, тексерулерді (қайта тексерулерді және түзетулерді) орындау;
жердің жай - күйін талдау мен бағалауды жүргізу;
жердіңқұнарлығынаантропогендіәсерет удіреттеужөніндегі ұсыныстарды әзірлеу ;
белгілі бір уақыт кезеніңде жердің сапалық жай - күйін болжауды әзірлеу.
Жердің жай - күйін бағалау жүргізілетін байқауларды (кезеңдік, маусымдық, тәулікті) талдау, алынған көрсеткіштерді нормативтермен салыстырғандағы өзгерістердің бағыттылығы қарқындылығын зерттеу арқылы
орындалады.
Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрам бөлігі және онымен бір уақытта басқа да табиғи орталарға мониторинг жүргізуге арналған база болып табылады. Ол мемлекеттік жер кадастрын, жерге орналастыруды, жердің пайдалануына және қорғалуына бақылау жасауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы өзге де фунцияларды жүргізуді тиісті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Жер мониторингінің объектісі жалпы Қазақстан Республикасының жер қоры - жерге меншік иелігіне, пайдалану мақсатына және пайдалану мазмұнына байланысты.
Жер мониторингін жүргізуде жердің жай - күйіне әсерін тигізетін үдерістер анықталады:
эволюциялық (табиғи - тарихи даму процестеріне байланысты);
циклдық (табиғи өзгерістардің тәуліктік, маусымдық, жылдық және басқа уақыттық кезендердегі кұбылысы);
антропогендік (адамның қызметіне байланысты өзгерістер);
төтенше жағдайлар (апаттар, табиғи және экологиялық апаттар). Мысалы, осы жобада ауыл шаруашылықтық жер мониторингі.
Жер мониторингінің мазмұны - жүйелі бақылауы:
топырақтың құнарлығын өзгертетін үрдістердің дамуын (шөлге айналу, су және жел эрозиясының дамуы, және азықтандыру, гумустылығының және азықтық элементтердің, топырақ қойнауының реакциясының өзгеруі, топырақ құрылымының жақсаруға және бұзылуы, тұздалуы, сортаңдануы, саздануы, су басуы немесе артық сулануына немесе осы факторларды жоюға), ауыр металдармен және басқа улы заттармен, өндірістік тұрмыстық қалдықтармен ластануына және жердің басқа да қасиеттерінің өзгеруіне байланысты үрдістердің дамуын бақылау;
табиғи мал азықтық алқаптардың өсімдік қабатының жай күйінің өзгеруімен (өсімдіктерінің құрамының, құралымының және өнімділігінің, типінің, сапасының, өндірістік потенциялының, химиялығының және құндылығының - өзгеруімен), деградациялық және қалпына келу қарқынымен, улы химиялық элементтер мен радионуклидтерін жинақталу деңгейімен, сондай - ақ олардың антропогендік ауырлықтарға төзімділігі деңгейімен байланысты үрдістердің дамуын бақылау.
өзендердің, теңіздердің, көлдердің, шығанақтардың, су қоймаларының, лимондардың, гидротехникалық, құрлыстардың жағалауларының жай - күйін бақылау;
жыралардың, қар көшкіндерінің, сел тасқындарының, жер сілкінудің, курстық, креогендік және басқа құбылыстардың пайда болуынан туындаған үрдістердің дамуын;
мұнай және газ өндіру, елді мекендер, су тазарту құрылыстары, көң сақтау орындары, қоқыс төгетін орындар, жанар - жағармай материалдары, тыңайтқыштар қоймалары, автокөлік тұрақтары, улы өнеркәсіптік қалдықтар мен радиоактивтік материалдарды көметін орындар, сондай ақ басқа да
өнеркәсіптін объектілердің жерінің жай күйін жүйелі байқау құрайды.
Жер мониторингі келесі жұмыстардан тұрады:
жерді жүйелі бақылау, зерттеу онда ізденіс және түсіріс жұмыстарын жүргізу;
жердіңқұнарлылығынатиетінантропоген дікжердіреттеуге ұсыныстар жасау;
белгілі бір уақытқа жердің сапалық жай күйіне болжаулар жасау;
жер жайында деректер бланкін ұйымдастыру.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысында:
Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесі бекітілсін.
Топырақ және геоботаникалық зерттеулерді жүргізуде қайталауға жол бермеу, жер мониторингі деректерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті ортаға топырақтық, топырақтық - тұздық, топырақтық - эрозиялық, топырақтық - агрохимиялық, топырақтық - геохимиялық, топырақтық - мелиорациялық, топырақтық - геохимиялық, топырақтық - мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен тексерулердің бірыңғай мемлекеттік есебін, сондай - ақ көрсетілген зерттеулер мен тексерулердің негізінде жасалатын тақырыптық карталардың, картограммалардың сараптамаларын жүргізу жүктелсін.
Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесі Қазақстан Республикасы жер мониторингінің мазмұнын, құрылымын, оны жүргізу және деректерін пайдалану тәртібін белгілейді .
Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар:
Жердің тозуы - жердің табиғи ортаның элементі ретіндегі функциясының өзгеруіне, оның сандық және сапалық жағдайының нашарлауына, табиғи - шаруашылық мәні төмендеуіне әкеп соқтыратын процестер жиынтығы;
Стационарлық аймақ- әр түрлі табиғи климаттық, аймақтарда, провинцияларда, биіктік белдеулеріне өсімдіктер мен топырақтың жамылғысы жағдайын ұзақ уақыт (10 жылдан астам мерзімге) тұрақты бақылау мақсатында ұйымдастырылатын жер учаскесі.
Полигон - белгілі бір ландшафтың түрлерін (құмдар, тау етегінің жазықтары, таулар) сипаттайтын әртүрлі конфигурациялы аумақ.
Жердің жай - күйін бағалаудың нәтижелері бойынша оларға өзгерістердің дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпінің, бағытталуын және қарқындылығын сыйпаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса беріліп отырып, жедел мәліметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады.
Жер мониторингін ұйымдастыруды жер ресустарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жер мониторингін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Жер мониторингін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі, жер ресустарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Жер мониторингін жүргізу республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жер мониторингін жүргізу үшін жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жердің жай - күйін бақылаудың стационарлық пунктерін қамтиды.
Стационарлық бақылау пунктері берілген толықтық пен дәлдік арқылы жердің жай - күйі туралы ақпаратты - жүйені алып тұру үшін құрылады. Стационарлық алаңдар, түйінді учаскелер және полигондар осындай пункттерге жатады.
Жартылай стационарлық бақылау пунктері жұмыстың нақты шарттары мен мақсаттарына қарай ұйымдастырылады. Оларды бақылау жүйелі түрде 3,5,10 және одан көп жыл аралықпен жүргізіледі.
Мониторингтің деңгейі бақылау пункттерінде жүргізілетін жердің жай - күйін бақылау бағдарламасымен айқындалады.
Жер мониторингі бірыңғай жіктеушілерді, кодтарды бірліктер жүйесін, деректер мен нормативтік - техникалық базаның стандарттық форматтарын, координаттар мен биіктіктерді мемлекеттік жүйесін қолдануға негізделген әрекетті деректердің өзара үйлесімділік қағидасы сақтала отырып жүргізіледі.
Жер мониторингі жөніндегі ақпаратты алу үшін:
қашықтықтан тексеріп - байқау (ғарыштық аппараттардан, биікке ұшатын ұшақтардан, шағын авиацияның және басқада құралдардың көмегімен суретке түсіру және бақылау);
жер бетінде суретке түсіру (топырақтық, геоботаникалық және басқа да) және аумақтық - аймақтық желі пунктеріндегі бақылаулар;
жерді түгендеу, жер кадастрлық құжаттама;
қор деректері (карталар, картограммалар, схемалар, кестелік және басқа да) материалдары пайдаланады.
Ғарыштық жеткізгіштен суретке түсіру мен бақылау республикалық және өңірлік деңгейлерде жердің жай - күйінің сипаттамасын алу үшін орындалады.
Жер бетіндегі бақылау, зерттеу, тексеру және суретке түсіру стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарды, түйінді учаскелерді, полигондарды және бейіндерді пайдалану арқылы жердің барлық санаттары бойынша жүргізіледі.
Жер мониторингінің нәтижелері қағаз жеткізгіштермен де, ақпаратты электрондық жинақтау, өңдеу және сақтау жүйелерін пайдалану арқылы да есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрінде рәсімделеді.
Жер мониторингі бойынша алынған ақпаратты тиісті жер ресурстарын басқару жөніндегі тиісті аумақтық органдар қорытады әрі талдайды, ол мұрағаттар мен автоматтандырылған ақпараттық жүйенің деректер банкінде мониторингі жерге орналастыру жұмыстарында бөлек жұмыс түрі ретінде немесе топырақ және гидрогеологиялық жұмыстармен бірге орындалады. жинақталады және сақталады.
Жер мониторингі жөніндегі құжаттамалар базалық және есептік құжаттарды қамтиды.
Базалық құжаттарда өңірлік объектінің немесе жер учаскесінің бастапқы жай - күйі тіркеледі. Базалық құжаттарға жердің жай - күйінің бастапқы тақырыптық карталары, картографиялық материалдар және жердің сапалық жай - күйі туралы жиналған мәліметтер жатады.
Картографиялық материалдар жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық өкілетті орган белгіленген техникалық талаптарға сәйкес әзірлену.
Мемлекеттік құпияға жататын жер учаскесінің жоспарларында қамтылған мәліметтер олардың құпиялығын қамтамасыз ететін белгіленген ережелерге сәйкес пайдаланады және сақталуы тиіс.
Жер мониторингі жөніндегі деректерді пайдаланушылар:
Аумақтардың дамуын жоспарлау, жерді аймаққа бөлу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, аудан құрылысы кадастры мәселелері, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдар;
Қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай жүйесін жүргізу, табиғи ресурстардың пайдалануына және қоршаған ортаның жай - күйіне бақылау жүргізу мәселелері, мемлекеттік органдар арасында табиғат қорғау іс - шараларын әзірлеу бойынша жиынтық деректер қорын жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық орган өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Жер мониторингінің деректерін пайдалану қағаз және магниттік жеткізгіштермен стандартты рәсімделген құжаттармен танысу және оларды алу, сондай - ақ техникалық телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы деректер банкіне тікелей рұқсат етілген кіру нысанында жүзеге асырылады.
Жер мониторингінің мемлекеттік құпияларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі
Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Пәндер