Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж
Шет тілі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: Білім берудің жаңартылған мазмұнындағы шетел тілі пәнін оқыту

Орындаған: 3 аКШИ тобы студенті Нұрғалиева А.А
Жетекші: шет тілі пәні мұғалімі Мухтарова Ш.Е
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1-бөлім. Жаңартылған білім беру жүйесіне теориялық сипаттама ... ... ... ... .. 4
1.1. Жаңартылған білім беру - жаңашылдықтың бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2-бөлім. Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша шет тілін оқыту ... 14
2.1. Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша шет тілі сабағын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Қазіргі білім берудің даму тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . 27
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
1-қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстандағы орта білім мазмұнын жаңарту өте қажет және болашақ ұрпақты оқыту үшін өзекті болып табылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - бұл жаңа тәсілдер, әдістер, стратегиялар, критериалды бағалау (дамыған критериялар бойынша бағалау), жоспарлаудың жаңа формалары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді), бағалаудың жаңа тәсілдері (қалыптастырушы және жиынтық), АКТ-ны қолдану, үштілділікті енгізу (үш тілде біртіндеп кіріспе оқыту қазақ, орыс, ағылшын).
Зерттелетін объекті: шет тілін оқыту әдістемесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы орта білім беретін мектептерде шет тілі сабағын ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми деректерге сүйене отырып, жаңартылған білім беру жүйесіне жалпы сипаттама беру.
2. Жалпы орта білім беретін мектептердегі шет тілі сабағында білім берудің жаңартылған мазмұнын жүйелі әрі тиімді қолданудың әдістерін қарастыру.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: ғылыми әдебиеттермен жұмыс, зерттеу, талдау, жинақтау.
Зерттеу жұмыстың ғылыми болжамы: егер мұғалім шет тілі сабағында тақырыптың мақсатына сәйкес жаңа мазмұнды ақпараттарды, ақпараттық коммуникативтік технологияларды және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды әрі тиімді пайдаланып отырса, оқушылардың білім сапасы артып, танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттері оянып, болашақта бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасатынына сенімдімін.
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

1-бөлім. Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары.
Жаңартылған білім беру - жаңашылдықтың бастауы
Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дацындауы керек. ХХІ ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек.
Андреас Шлейхер,
Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының
және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша
арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (2014)
Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту әлі де тиісті дәрежеде тиімді болмай отыр. TIMSS және PISA зерттеулері нәтижесінде алынған деректер Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесінің теориялық білім беру, оқушылардың ақпаратты есте сақтау, табу және зерделей білуін қамтамасыз ету деңгейінде жеткілікті дәрежеде тиімді екенін көрсетті. Дегенмен, бұл жүйе оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын игеру және қолдану мүмкіндіктерін, мәселен, математикалық білімін тәжірибеде қолдану және математикалық ойлауын дамыту немесе оқылым барысында мәтінді талдау және бағалау сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін салыстырмалы түрде әлсіз болып табылады. Орта мектепке арналған оқу бағдарламасының ғылыми сипаты басым және тым ауқымды болуы тиімді оқытудағы негізгі кедергі болып табылады.
Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім,
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Милованович, 2014)
Жалпы білім беру бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы
Жоғарыда келтірілген тұжырым Қазақстанда білім беру саласына өзгеріс қажет екенін анық көрсетеді. Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы мұндай елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: ... көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын көрсетеді (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы бойынша ... экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды. Білім беру жүйесін жаңғыртуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі ХХІ ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынасты арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа-райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа авторлар (Mourshed, M. Et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек? және Оқытудың тиімді әдістері қандай? деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының басымдықтары
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте):
Құндылықтар
Дағдылар
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
қарым-қатынас жасау қабілеті;
өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
жауапкершілік;
денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
өмір бойы оқуға дайын болу.
сын тұрғысынан ойлау;
білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
проблемаларды шешу қабілеті;
ғылыми-зерттеу дағдылары;
қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
АКТ саласындағы дағдылар.

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
таным заңдылығы мен пәндік операцияларың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы;
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында ортақ тақырыптар болуы;
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде болуы.

Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңартудың басты мақсаты: білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру. Бұл бағдарлама Д.Брунердің когнитивті теориясына негізделген білімнің спираль түрін дамытуға негізделген. Спиральды оқыту мектепте күрделі болатын материалды қайта қарау қазіргі заманғы оқушы үшін дамудың дәстүрлі оқытуға қарағанда үлкен артықщылығы бар деп болжайды.
Спиральды оқу бағдарламасының артықшылықтары:
оқушылар алға қойған мақсаттарға жету үшін бұрын алынған білімдерді қолдануды енгізу ұсынылады;
жаңа білім алдыңғысымен тығыз байланысты және алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады;
әр қайталанған сайын тақырыптың немесе сабақтың күрделілігі артады;
спиарльды білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан күрделі, ыңғайлы жолдарға өтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қазақстандық оқушылардың дамуы білім берудің белсенді түрлерін енгізу арқылы жүзеге асады, оның барысында оқушылар дербес функционалдық сауаттылықты дамытады. Білімді белсенді түрде алады, сыныптастарымен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға деген үлкен ықыласпен және мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарас. Жаңартылған бағдарламаны қолдану барысында мұғалімдердің міндеті - оқушылрдың бойына адами негізгі нормалар мен адамгершілікті сіңіру, толеранттылық пен басқа мәдениеттер мен көзқарастарға деген құрметті қалыптастыру және саналы, салауатты бала тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасындағыбілім берудің жаңартылған мазмұны Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында: ҚАЗАҚСТАН-2050:БІР ХАЛЫҚ,БІР ЕЛ,БІР ТАҒДЫР - бұл жалпыға ортақ идея жұмысының барлық жұмыс түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылған құндылықтары.
Әдетте, білім беру қызметін жүзеге асыру үшін мұғалім ең алдымен негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға сүйенуі керек:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС);
Оқу бағдарамасы;
Оқу жоспары;
Бастауыш және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған эталондық нұсқаулық;
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты - білім деңгейлеріне қойылатын жалпы талаптар жиынтығын анықтайды:
Оқушылардың дайындық деңгейіне;
Білім мазмұнына;
Оқушылардың оқу жүктемесінің максималды көлеміне;
Оқу мерзімі бойынша.
Оқу жоспары - бұл пәннің құрылымдық сипаттамасын және пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық техникалар туралы ақпаратты береін құжат. Оқу жоспарында оқушылардың пән шеңберінде дамуы күтілетін білім мен кәсіптік дағдылар оқу мақсаттары түріне көрсетілген. Осы білім беру мақсаттары үшін әр сыныпқа арналған оқу жоспарының мазмұны анықталады. Оқыту мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды тек ұсынылған тәртіп бойынша оқыту қажет емес. Спиральды оқу бағдарламасы оқушылардың сыныптан сыныпқа қалай алға жылжуын көрсетеді.
Оқу бағдарламасында қарастырылған сұрақтар:
пәннің мақсаты, міндеттері және мәні туралы қорытынды;
оқу бағдарламасында қалыптасатын білім, түсініктер, дағдылар, пікірлер және құндылықтар туралы ақпарат;
оқу бағдарламасына сәйкес оқытуда қолданылатын педагогикалыө техника;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды түсіндіру;
бағалау әдістеріне қысқаша шолу;
бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы және ондағы материалдың асқыну тәртібі.
Оқу жоспары - мұғалімдер үшін, белгілі бір пән мен сынып үшін арнайы дайындалған құжат. Оқу бағдарламасында белгілі бір сыныптың пән бойынша қабылдауы қажет материал және оқуда қолдануға болатын ұсынылған тәртіп егжей-тегжейлі көрсетілген.
Оқу жоспарына мыналар кіреді:
ұзақ мерзімді жоспар;
тілдік мақсаттар туралы;
орта мерзімді жоспар;
қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспары).
Орта мерзімді жоспар бүкіл оқу жылына арналған барлық оқу мақсаттарын қамтиды және оқушыларға сол мақсаттарға жету үшін мүмкіндік беретін және оларға ұсынылатын іс-шаралардың қысқаша мазмұнын ұсынады. Бұл іс-шаралар пайдалы кеңестерден тұратын қысқаша жазбалармен бірге мұғалімдерге сабақ жоспарлауда қолдау көрсету үшін жасалған және осы сабақта қолдануға болатын ресурстар енгізілген.
Қысқа мерзімді жоспар - бұл мұғалімдерге орта мерзімді жоспардың мазмұнын олардың егжей-тегжейлі сабақ жоспарларында қалай бейімдеу туралы нұсқаулық ретінде ұсынылған үлгі. Жалпы, оқу жоспары пәннің мазмұнын және оны оқыту әдістерін жақсы меңгерген мұғалімдердің жаңартылған оқу бағдарламасын сәтті жүзеге асыруын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған.
Оқу бағдарламасын нормативтік құжат ретінде емес, әдістемелік нұсқаулық ретінде қарау өте маңызды, өйткені мұғалімдер өздері сабақ беретін сыныптардағы оқушылардың қажеттіліктері мен үлгеріміне байланысты өзгертулер енгізіп, оны бейімдей алады.
Сабақ жоспарын құру кезінде мұғалім келесі сұрақтарды қарастыру қажет:
Сабақтың мақсаты:
сабақ басында қыздырынуға арналған жаттығудың оқу мақсаттарын және сабақтың негізгі бөліміне арналған оқу мақсаттарын алдын-ала анықтаңыз. Оқу жоспарында тиісті басшылықтар ұсынылған.
сабақтың кейбір мақсаттарын бірнеше мақсатқа бөлуге болады.
тақырыпқа сәйкес қандай тілді және қандай концепцияларды қолданатындығыңызды ойлаңыз.
бір немесе бірнеше мақсат бірнеше сабақтың тақырыбы бола алады.
өз жұмысыңызды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін мақсаттарды топтастырыңыз.
сіздің сыныбыңызғатобыңызға қандай мақсаттар сәйкес келетінін түсіну үшін аралық жоспарлауды қолданыңыз.
Мұғалім оқушыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынуы қажет:
бірқатар белгілі фактілерден жаңа фактілерді алу және қолданылатын әдістер мен тәсілдерді түсіндіру;
оқушылар тез жаттайтын фактілерді анықтап, оны орындау жолын талқылау;
тақырып аясында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыра отырып, тақырыптағы сөздік қор мен терминдерді дұрыс қолдану.
Ауызша және жазбаша түрде орындалатын қыздыру жаттығулары (сабақ басында):
дәл және жылдам қарқынмен бастау;
оқу мақсаттарына сәйкес келетін әркеттерді таңдау (олар кейде сабақтың негізгі бөлігімен байланысты болуы мүмкін);
оқушыларға бірнеше ашық және жабық сұрақтар дайындау;
жеке оқушығажұпқатопқа нақты сұрақтар қою;
оқушылардың үлгерімін белгілеу үшін, оқушылардың жауаптарын қолдану;
сандық карталар сияқты сабақта қолданылатын көрнекі құралдар (ресурстар, материалдар) әрқашан қолжетімді дұрыс дайындалуы керек;
жоспарланған уақыттан ауытқымай, сабақтың келесі кезеңіне ауысу.
Негізгі жаттығулар (сабақ ортасында). Сабақтың бұл бөлігінде мұғалім:
жаңа тақырыпты енгізе алады;
өткен тақырыпты бекітеді немесе тереңдете алады;
түсініктер мен дағдыларды қолданады немесе жүзеге асыра алады.
Негізгі жаттығулар кезінде:
сыныптағы оқушыларға сабақтың тақырыбын анық және жүйелі түсіндіру;
өткен сабақпен немесе басқа сабақтармен пәнаралық байланыс құру;
оқушыларға әрбір жаттығу немесе тапсырма берген кезде, оларға не істеу керектігін және бұл үшін қанша уақыт қажет екенін, жалпы пікір алмасуға дайын болу үшін не қажет және оны қалай қамтамасыз ету керектігін айту;
сабақ қарқынын қадағалап, жұмыстың (тапсырманың) аяқталу уақытын белгілеу.
Сыныппен жұмыс кезінде:
пайдаланылған ресурстарды оқушыларға көрінетініне көз жеткізгеннен кейін ғана көрсету және түсіндіру;
оқушыларды сабаққа алдын-ала жоспарланған сұрақтармен белсенді қатысуға шақыру;
ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың ресурстармен қамтамасыз етілгендігіне немесе сыныптасынан көмек алуына көз жеткізу;
оқыту әдістерінің бірі ретінде оқушылардың қателіктерн тауып, түсінбейтін жерлерін нақты түзетіп, түсіндіріп беру;
жаңа сөздерге, түсініктерге, түсініктемелерге назар аудару, олардың мағынасын түсіндіру, оқушылардың өз жұмысында қолданылуын қадағалау;
оқушылардан мәселені шешуде қолданған әдістерін бүкіл сыныпқа дауыстап түсіндіріп беруін сұрау.
Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде:
тапсырманы топқа қалай түсіндіру қажеттігін және топтық жұмыс қалай аяқталатынын алдын-ала шешу;
деңгейлеп саралау тәсілін қолдану;
оқушыларды қызықтыратын және оларды ұзақ күтуге мүмкіндік бермейтін тапсырмалар, жаттығулар мен ресурстар беру;
топпен қарқынды жұмыс жасау;
жеке оқушылармен жұмыс жасағанда ресурстарды автоматты түрд таба алатындығына көз жеткізу және оқушылардың жұмысына араласпау.
Жұптық немесе жеке жұмыс кезінде:
оқушыларға бір-бірімен байланысты (ұқсас) тапсырмалар, жаттығулар немесе проблемалық сұрақтар беру;
сұрақ қою немесе қолдау көрсету үшін нақты оқушыны таңдау;
оқушылар арасындағы пікірталас пен серіктестікті ынталандыру.
Бүкіл сыныппен талқылау жүргізу (сабақ соңында):
оқу мақсатымен байланыс орнату;
оқушылардан орындалған тапсырманы түсіндіруін сұрау;
оқушыларды бағалау (жіберген қателіктерін түсініп, өздері түзетуі қажет);
оқушыларға олардың мақсаттарын еске түсіру және олардың жетістіктері туралы айту;
зерттелген материалдан қорытынды жасап, ненің маңызды болғанын және нені есте сақтау керектігін ойлау;
егер бұл сабақ бөлімді аяқтау сабағы болса, онда алдыңғы бөлімге назар аударып, процесті кеңейту туралы ойлау;
үйренген дағдылар мен идеяларды қолдана отырып, шешілмеген мәселелерді талқылау;
басқа жұмыстарға сілтеме жасап, одан әрі жасалатын қадамдарды талқылау.
Бүкіл сыныппен талқылау барысында:
сабақтың негізгі бөлігі жоспарланған уақыттан ауытқымайтындығына көз жеткізу;
оқушылардың тапсырма орындау үшін жұмсайтын уақытын мұқият жоспарлау;
оқушылардың материалды түсінгеніне көз жеткізу үшін алдын-ала дайындалған сұрақтарды қою;
сабақты аяқтап, оқушылардың жетістіктерін бағалау.
Сабаққа қолданылатын ресурстар:
оқу ресурстарын жан-жақты реттеп, оқу мақсатына сәйкестендіру (қажет болған жағдайда тапсырманы тақырыпқа сай өзгерту);
сабақты бастамас бұрын қажетті материалдарды жинап, оны пайдалануға дайындау;
барлық материалдар жеткілікті мөлшерде болуы қажет;
мұғалім дайындаған материал оқушылардың білім алуына қалай көмектесетіні және оның тереңдеуіне ықпал ететіндігі туралы ойлану.
Сыныпта жүзеге асырылатын негізгі міндеттердің бірі - мектеп оқушыларының бойында олардың күш-жігері мен қабілеттеріне деген сенімділікті қалыптастыру, әркімнің деңгейін стандарт талаптарына жеткізу дарынды оқушының дамудың жоғары деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік беру. Ол үшін әр оқушыға пәндер бойынша білім деңгейін таңдау, деңгейлеп саралау құқығын беру қажет. Қазіргі уақытта оқушыларды деңгейлік дифференциациялау пәнді оқытудың ең перспективалы және тиімді педагогикалық технологиясына айналды. Оқытудың тұлғалық-бағдарлық сипатына сүйене отырып, ол мектеп оқушыларының жақын арадағы даму аймағы мен ізгілендіру, демократияландырудың іргелі идеяларын ескере отырып, дамыта оқыту принципін жүзеге асыруға бағытталған.

2-бөлім. Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша шет тілін оқыту
2.1. Білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша шет тілі сабағын ұйымдастыру
Спиральді білім беру бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің Білім беру үдерісі (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны (Ж.Аймауытұлы, 1929) абзал.
Брунердің адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
белсенді (жұмыс үдеріінде білім алу);
бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
Пәнді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу
Жаңа оқыту бағдарламасының оқушылар үлгеріміне әсерін саралау
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері
Стандарт туралы ұғым
Пәндер