ІІО құқықтық негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ІІО құқықтық негіздері

Орындаған:

303-топ курсанты

Қатардағы полиция А. А. Амантаева

Тексерген:

ІІО ӘҚ кафедрасының

профессоры

полиция подполковнигі А. С. Махмутов

Ақтөбе, 2021ж

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ

1. 1 Құқық қорғау органдары . . . 4

1. 2 Ішкі істер органдарының құқықтары . . . 9

ІІ. Құқықтың түсінігі, мəні, қағидалары жəне функциялары

2. 1 Құқықтың түсінігі . . . 12

2. 2 Құқықтың нысаны, құқықтың нормасы, құқықтық қатынастар . . . 16

2. 3 Құқық нормасы . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26

КІРІСПЕ

Өткен 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаетың «Назарбаев Университетіндегі Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дəрісін барлық жастар, студенттер, ұстаздар қауымы зор ықыласпен тыңдады. Бұл дəрістыңдаушылардың барлығына да үлкен серпін беріп, келешекке деген зор сенімді ұялатты, жастардың болашағына жол ашты. Дүниенің кілті, жетістіктің негізі білім, ғылым екендігін айғақтай отырып, Ел Президенті жастарға, алдағы уақытта олардың атқаратын міндеттерін де саралап берді. Қазақстанның өсіп-өркендеуінің кілті жастарда. Ел дамуының жаңа кезеңі мен тəуелсіздігіміздің үшінші он жылдығында білімді, тəрбиелі, өнегелі жастарды қалыптастыру тəуелсіз мемлекетіміздің өркен жаюының негізі екендігін де Елбасы баса айтты. Президент дəрісінде елімізде құқықтық білімді, құқықтық білімді, құқықтық сана мен тəрбиені, одан əрі өмір талабына сай жетілдіру қажеттілігі баса айтылды. Конституцияға сəйкес Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, əлеуметтік, құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің негізі атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің барлық салаларын заң, əділетті құқық нормасымен ретке келтіру, басқару, қызмет көрсету салаларында заң талаптарын басты басшылыққа ала отырып, адам, қоғам, мемлекет мүддесіне адал қызмет атқару болып табылады. Өйткені, құқықтық норма-əділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен демократияның даму негізі. Осыған орай, Президент дəрісінде Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүние жүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрініу үшін құқықтық сауаттылықты, тəрбиені, сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян. Еліміздің əрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, əрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, əлеуметтік тұрғыдан дамып, тəртіп нығаяды. Құқықтық сана, құқықтық мəдениет жəне құқықтық тəрбие əрбір азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс. Құқықтық сана дегеніміз-тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын құқық нормаларына деген көзқарастары мен сезімдерінен, оларға тиісінше баға беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ

1. 1 Құқық қорғау органдары

Қоғам дегеніміз - адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады. Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні - құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары - бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:

  • - Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.
  • - Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.
  • - Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз - мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.
  • - заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
  • - Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы»деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар «заң қатал болса ғана заң» («Dura lex, sed lex») деп бекер айтпаған.
  • - Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.

Басқа бір құқықтық құбылыс - құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп - бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық - талап, құқықтық тәртіп - осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.

Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:

  • 1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)
  • 2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда) ;
  • 3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу) ;
  • 4) тәртіптік (өзінің еңбек ету және басқа міндеттерін атқармау немесе оларға салдыр-салақ қарау) .

Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.

Қазаң революциясы жеңгеннен кейінгі алғашқы кезеңде 1917 жылғы 22- қарашадағы №1 Сот туралы декретпен бұрынғы сот органдары, адвокатура, сот тергеушілері мен прокурорлық қадағалау институттары таратылды. Билікті өз қолына алғаннан кейін жұмысшылар мен шаруалар, жергілікті жағдайларға жəне революциялық тəжірибеге жүгініп əртүрлі əскери құрамалар құрды, олар Кеңестердің толықтай билігін қамтамасыз етті, қоғамдық тəртіпті қорғады. Ол құрамдардың негізін Қызыл гвардия отрядтары құрады. Бірақ өмірреволюциялық заңдылық пен елдегі тəртіпті ұстап тұратын тұрақты, штаттық органдар құру қажеттігін көрсетті. Контрреволюциямен, тонаушылықпен, саботажбен жəне басқа қауіпті қылмыстармен күресу мақсатында губерндік жəне қалалық Кеңестер сайлайтын революциялық трибуналдар құрылды. Пролетарлық милиция ұйымдастыруды заңдастырған алғашқы акті Ішкі істер халық комиссариатының 28 қазаң (11 қараша) 1917 ж. Кеңес үкіметінің уəкілдігімен шыққан қаулысы болды. Онда жұмысшы жəне солдат депутаттары кеңесінің жұмысшы милиция отрядтарының құуы көзделді, олар Қызыл гвардияның РСФСР халық комиссарлары кеңесі автономиялық Қырғыз (Қазақ) социалистік Кеңес Республикасы туралы декрет шығарды, ол Қазақ халқының кеңестік мемлекеттігінің бастауы болды. 1919 жылғы қыркүйекте Қырғыз өлкесі Ревкомның ішкі істер бөлімі құрылды. 1919 жылғы қазаңда бұл бөлімнің құрамында Қырғыз өлкесінің жұмысшы шаруа милициясының басқармасы құрылды, ол 1920 жылдың 8 тамызына дейін тұрды, одан кейін ол (Қазақ) АССР - ның милициясы басқармасы болып қайта құрылды. Барлық ірі қалаларда қылмыстықіздестіру бөлімшелері ұйымдастырылды. Кеңес милициясы шиеленіскен тап күресі жағдайында қалыптасты. Милицияның құрылымын, қызметінің формалары мен əдістерін əрі қарай жетілдіру КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 10 маусымдағы Қаулысының негізінде КСРО Ішкі істер Халық комиссариатын құрумен байланысты, оның қарамағына ұлттық қауіпсіздік органдары мен милиция кірді. 1941 жылғы ақпанда КСРО Ішкі істер халық комиссариаты екіге: Ішкі істер халық комиссариаты жəне Ұлттық қауіпсіздік халық комиссариаты болып бөлінді. Мұндай құрылымдық өзгерістер одақтық жəне автономдық республикаларында да, өлкелер м ен облыстардың да ішкі істер органдары болды. Соғыстан кейінгі жылдары милицияға бұрынға майдангерлер, жұмысшылар, қызметкерлер келді, олар еңбек ұжымдарының, жастардың алдыңғы қатарлы өкілдері еді. 1959 жыдың 2 наурызында СОКП орталық коммитеті мен КСРО министрлер кеңесі Елдегі қоғамдық тəртіпті қорғауға еңбекшілердің қатысулары туралы Қаулы қабылдады, онда жұмысшыларды, қызметкерлерді, жалпы жұртшылықты, құқық бұзушылықтан сақтандыру жəне социалистік тұрмыс ережелерін нығайту жөніндегі жұмыстарға тартудың жаңа формалар регламенттелді. Көрсетілген кезеңде жолдастық соттардың, басқа да ерікті ұйымдардың, құқықтары мен міндеттері кеңейді. Кеңес милициясының тарихы түгелдей мемлекет тарихының бір бөлігі. Қазіргі кезде Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық қызметін Республика Конституциясы, 1995 жылғы желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы №2707 Заң, басқа да құқықтық-нормативтік актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар құрайды. [2, 9 б. ] ҚР Ішкі Істер органдары ҚР заңдарына сйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тəртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық жəне өзге де табылады. ІІО атқарушы билік органдарының жүйесіндегі орны мыналармен анықталады:

1) ІІО қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше немесе əскери жағдай ахуалында қамтамасыз етуді ұйымдастырады жəне практикада іске асырады;

2) ішкі істер органдары басқару функциясымен қатар алдын ала тергеу, анықтама жəне əкімшілік өндірісті жүзеге асырады;

3) ІІО кең көлемде əкімшілік-қадағалаушылық функцияларға ие;

4) ІІО мемлекеттік қызмет өзіне тəн ерекшеліктерге ие;

5) ІІО өздерінің функцияларын басқа да атқарушы билік органдарымен үздіксіз əрекеттестікпен жүзеге асырады;

6) ІІО қарауына жататын мəселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Ішкі Істер органдарына мынадай негізгі міндеттер жүктелген:

1) қоғамдық тəртіпі қорғау жəне қоғамдық қауіпсіздікті, соың ішінде төтенше немесе əскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;

2) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен əкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

3) сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде ұстаудың жəне əкімшілік жолмен қамауға алынғадарды ұстау орындарында құқықтық тəртіп пен режимді қамтамасыз ету;

4) өз құзыретінің шегінде жол қозғалысы қаіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау мен қадағалау;

5) паспорт жəне виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР аумағында болу тəртібін сақтауын бақылау; 6) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық жəне табиғатты қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жəрдем көрсету;

7) ҚР заңдарына сəйкес лицензиялық жəне рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;

8) қылмыстар мен əкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу жəне тыю, тергеу, сондай-ақ қылмысткерлерді іздестіру;

9) қылмыстық жазалар мен əкімшілік жазалау шараларын қолдану; 10) кəмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын өрт ауіпсіздігін қамтамасыз етуде жəрдем көрсету;

12) мемлекеттік жəне өзге де объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, террорзм актілерінің жолын кесу, кепілге алынғандарды бостатуға қатысу;

13) соғыс уақытында ҚР аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;

14) ІІО қарауына жататын мəселелер бойынша халықаралық ыгтымақтастықты жүзеге асыру.

ҚР ІІО құқықтық негіздеріне мыналар жатады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдары;

2) өзге де нормативті-құқықтық актілер;

3) ҚР халықаралық шарттық жəне өзге де міндеттемелері;

4) ҚР Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

5) ҚР ІІМ туралы, ҚР ІІО қатардағы жəне басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруы туралы Республика Үкіметі бекіткен Ереже. [3

ҚР Президенті-ҚР Үкіметі - ҚР ІІМОблыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер басқармалары- қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары. ҚР ІІМ негізгі міндеттері:

1) ішкі істер органдарының қоғамдық тəртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылдмыстар мен əкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, қылмыстарды ашу мен тергеу, қылмыскерлерді іздестіру, ылаңкестік актідердің жолын кесу қатысу жəне тағы басқа осындай сипаттағы тиімді жұмыстардың істелуін ұйымдастыру;

2) республикадағы оперативтік жағдайды талдау жəне болжау, заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайту жөнінде шешімдерді əзірлеу;

3) қылмысқа қарсы күрестің нысандары мен əдістерін жетілдіру

4) ішкі істер органдарының құрылымын жетілдіру, қызметтері мен бөлімшелері арасында жəне өзге де құқық қорғау органдарымен, министрліктермен жəне ведомствовалрмен өзара іс - қимылын жақсарту жөнінде шаралар əзірлеу;

5) ішкі істер органдарының қызметін материалдық - техникалық, қаржылық, сондай - ақ ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету;

6) Министрлікке ҚР заңына сəйкес жүктелінетін өзге де міндеттер; жəне ІІМ тікелей бағынатын өзге де бөлімшелер; 2) Əкімшілік полиция: - учаскелік инспекторлар қызметі; - кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметі; - сақшылық қызмет; - лицензиялық жəне рұқсат ету жүйесі; - табиғат қорғау жəне мал дəрігерлік полиция; - төл құжаттық қызмет; - жол полициясы бөлімшелері; - ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері; 3) Əскери - тергеу органдары: -əскери - тергеу департаменті; -əскери - тергеу басқармалары; -тергеу, жедел іздестіру, жедел - техникалық жəне өзге де бөлімшелерден тұратын гарнизон бойынша бөлімдер; - ІІМ əскери полициясы. [3] Əрине қандай да болмасын органдар алдымен бір жүйеге келтірілген болуы керек тек сонда ғана заңдылықты жүзеге асыру мүмкін болары сөзсіз.

1. 2 Ішкі істер органдарының құқықтары

Ішкі істер органдарының көптеген міндеттерінің ішінен негізгі құқықтарын бөліп алуға болады. Атап айтқанда, оларға мына міндеттер жатады: [3] - Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын заңсыз озбырлықтан қорғау; - Қоғамдық тəртіпті қорғау жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың көмегіне сүйеніп жəне ұйымдармен азаматтарды өз еркімен қатыстырып та; - Қылмыстардың алдын-алу, жолын кесу, оларды айқындау жəне ашу; - Əкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу жəне айқындау; - Қазақстан Республикасының Жедел іздестіру қызметі туралы Заңына сəйкес қылмыстардың алдын алуға, оларды айқындауға жəне ашуға ішкі істер органдарының жүйесінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында тиісті режимді сақтауға бағытталған іс шаралар жүргшізу. Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру ісшараларын жүзеге асыруға құқылы бөлімшелер мен қызметкерлер тізбесін ішкі істер министрі бекітеді; - Алдын-ала тергеу, анықтау жүргізеді;

денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін жəне мүлкін қорғауға қатысты шаралар қабылдайды; - Қылмыс жасаған, анықтау, тергеуден жəне соттан бой тасалаған, қылмыстық немесе əкімшілік жазаңы өтеуден жалтарған, хабар-ошарсыз кеткен адамдарға іздеу жарялайды; - Зңда белгіленген тəртіпте жедел іздестіру жəне тосқауыл қою қылмыс жасаған адамдарды ұстау операциялар жүргізеді жіне мұндай операцияларды өзге құқық қорғау органдары немесе арнайы мемлекеттік органдар жүргізгшенде көмектеседі; - Іздестіру салғанда, тергеу жəне басқа əрекеттер жүргізгенде соттың ұйғарымын, судъяның қаулысын, прокурордың, тергеушінің жəне аныктаушының жазбаша тапсырмасын орындайды; - əкімшілік жазаларды орындайды, əкімшілік қамауға алынған адамдардың енбекпен айналысуын қамтамасыз етеді; - прокурордың азаматтарды, лауазымды адамдарды мəжбүрлеп алып келу туралы қаулысын орындайды жəне прокурордың басқа да тапсырмалары мен талаптарын орындайды; - апаттардың, өрттердің, табиғи апаттардың жəне басқа төтенше жагғдайлардың зардабын жойғанда қоғамдық тəртіп пен қаіпсіздікті қамтамасыз етеді; - заңсыз озбырлыктан, окиғалардан жəне ауыр жағдайлардан зардап шеккен жəне өздерінің өмірі мен денсаулығына кауіпті дəрменсіз не басқадай күйдегі азаматтарға көмек керсетеді; - жол козғалысы ережесінің жəне жол қозалысының кауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзге нормативтік актілердің сақталуын бақылайды; мемлекеттік тіркеудің жəне есепке алудың тəртібін анықтайды; жеңіл жəне жүк автомобилыдері мен автобустарға, олардың негізінде жасалған автомобилыдерге, мотоциклдер мен моторолыдерге, олармен бірге қозғалатын тіркемелерге есеп жургізіп, мемлекеттік тіркеу жасау, оларға мемлекеттік техникалық тексеру жургізу, оларды пайдаланатын, олардың ішінде сенімхатпен пайдаланатын адамдарды есепке . алып тіркеу, бұл адамдардан емтихан қабылдап, олардың автомобиль, мотоцикл, трамвай айдауына құқық беретін куəліктер беру, жол қозғалысын басқару; - мемлекеттік өртке қарсы кызмет органдарына меншіктің барлық формаларындағы обыектілерде өрт кауіпсіздігінің жайын бақылауда көмек керсету;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мамандандырылған мемлекеттік күзет қызметінің қызметі»
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі
ІІО қызметінде әкімшілік құқық қатынастарындағы жеке адамның құқықтарын қамтамасыз ету кезінде туындайтын жалпы және жеке негізгі мәселелерді талдау, анықтау, қорыту және шешу, сондай-ақ осы қызметті жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу
Көліктегі полиция қызметі
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
Мемлекеттік күзет қызметінің құқықтық негізін
Ішкі Істерді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz