Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
Ағылшын тілінде мультипликациялық фильмдерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
1.АҒЫЛШЫН САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-15
1.1 Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі ... ... ... ... ...16-20
1.2 Ағылшын тілінде мультипликациялық фильмдерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-26
2. МУЛЬТИПЛИКАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕРДІ БАСТАУЫШ СЫНЫП АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СӨЗДІК ҚОР ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-35
2.1 Мультипликациялық фильміндегі сөздік қорларды бастауыш сыныпта қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36 -42
2. Көліктер 2 мультипликациялық фильміндегі ситуациялық сөздік қорды 4 сынып оқушыларына қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 3-46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47-56
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57-61
Кіріспе
Шетел тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген мектептерде 2 - ші сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізігі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп, ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.
Шет тілін оқып, үйрену, бірден қалыптаса қалмайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпайды. Бастауыш мектептің бастапқы сыныптарында баланы шетел тідіндегі дыбыстарды дұрыс айтуға, буындарды сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс меңгеріп, хат жазу, анкеталарды үлгі бойынша толтыру үйретіліп, негізгі грамматикалық категориялардан жалпы мағлұмат беріледі. Осы бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету қажет. Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттері артады.
Белгілі бір өтілген материалдың қорытындысы ғана болмай, танымдық әрекетінің әдістемелік жемісі де болуы керек. Яғни, белгілі мақсатқа жетудің нәтижесін көрсеткен жөн.
Зерттеу өзектілігі: Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы, ана тілі және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын терең игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады. Бастауыш сынып оқушылыарының сөздік қорын кеңейту арқылы үлкен өмірге тілдік дағды қалыптастыра аламыз.
Зерттеу мәселесі бастауыш сынып оқушыларының ситуациялық сөздік қорын мульти пликациялық фильмдер арқылы дамыту ерекшеліктерін ашып көрсету.
Зерттеу болжамы - қазақ халқында Баланы ойын өсіреді деген даналық сөз бар. Балалардың тілін дамытуда, сөздік қорларын байытуда мультипликациялық фильмдер маңызды рөл атқарады Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ойындарды қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып, сөйлеу тілі дамып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса отырып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу объектісі - бастауыш сынып
Зерттеу мақсаты - балалардың сөздік қорын дамыту жолдарын, оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- тіл дамыту оқу іс-әрекетінің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
- балалардың сөздік қорын байытуда ертегілер мен мультипликациялық фильмдер рөлін сипаттау;
- балалардың тілін дамытуда оқу іс-әрекетін пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеу көздері - бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.АҒЫЛШЫН САБАҒЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру -- өзекті мәселелердің бірі. Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан республикасының Білім туралы Заңында жан-жақты сипатталған: "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу"
Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Сондықтан да орта білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі шет тіліне ерте жастан оқыту болып табылады. Соңғы он жылда ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді. Биылғы 20142015 оқу жылында барлық мектептерде 1- сыныптан бастап шет тілі енгізілді. Менің ойымша біздің мұғалімдерге бұл шешім ешқандай қиындық тудырған жоқ, себебі біздің мектепте бастауыш сыныптарда шет тілі факультатив сабақтар түрінде бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келді және былтырғы жылы эксперимент ретінде енгізілген болатын.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Неден бастаған жөн деген сұраққа жақсы оқулық керек дер едім. Өйткені дұрыс таңдалған оқу құралы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, біздің мектепте Макмиллан баспасының оқулықтары қолданылып келді және қазіргі 1-2 сынып оқушылары Кембридж баспасының оқулықтарын пайдалануда. 1 сыныптар екі топқа бөлініп, аптасына бір сағаттан оқытылады. Оқу-әдістемелік топтамасы ретінде Кембридж баспасының Қазақстан мектептеріне бейімделген "Primary Colours 1" оқулығы алынған. Авторлары Диана Хикс және Эндрю Литлджон. Бұл кітаптардың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген.
Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Бірақ өкінішке орай ата-аналар арасында ағылшын тілін білмейміз, көмектесе алмаймыз деушілер көп. Бұндай жағдайда мен интернетті қолдануға, сөздіктерді пайдалануға ақыл-кеңес беремін(мысалы: google-переводчик).
Сонымен қатар оқушылырдың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, жаңа сөз бірліктерін енгізуде міндетті түрде суреттермен көрсету, сөздерді қайталау, жатқа айту сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есте сақтауы артып отырады. АКТ құралдарын пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артады, сабақта белсенділік танытады.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім - біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдану керек. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дегендей, әр сабақ барысында әр түрлі ойын элементерін пайдаланамын. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.
Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді, рөлдік ойындарды жиі қолдану - тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құрап үйренуге, оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында, рөлдерге бөліп оқығанда оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.
Қазір қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыруға арналған деңгейлік курстар жүріп жатыр. Сындарлы оқыту ториясына сүйенсек, бүгінгі күні білім дайын күйінде қабылданбай, оқушылар оны өздігімен ізденіп құрастырса, тұлғаның дамитыны, алған білімі ұзақ мерзімде есте сақталатындығы дәлелденіп отыр. Бұл бағдарламаның негізгі қағидаларының бірі: 1) оқытушының негізгі рөлдері: жетекші, ұйымдастырушы, менеджер, 2) сыныпқа кіргеннен бастап жақсы көңіл-күймен сабақты өткізу, т.б. Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне Warming up жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты - сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым - қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәттерін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7 минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Диалогты сөйлеуде - оқушылар сұрақ - жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс -- әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр - түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет. Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді түсіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын дегендей,жас ұрпаққа саналы,мән - мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым - қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің қазіргі кездегі міндетіміз.Ағылшын тілін тереңдетіп,жан-жақты оқытуды қоғам қажет етіп отыр.Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып,әлемдік өркениеттің жаму жолына түсүі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді.
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады.Ал,әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәденитаралық қарым- қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту-басты мәселе.Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі.Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
Сабақты түрлендіріп өткізу;
Сабақта оқушылар өздері жасаған постер,суреттер,схемаларды пайдалану;
Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;
Сабаққа қатысты бейнетаспаларды,фильмдерді көрсету;
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік танымдық,коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдданудың маңызы зор ( 1, 19 б)
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға;
Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі.
1. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді.
Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.
Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады.
Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. Chair сөзі
Teacher: This is a chair.
Is this a chair? Yes, it is.
Is this a table? No, it is not. It is a chair?
Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, жекелеп айтады.
Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы
Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. 1947 жылы Министрлер кеңесінің Орта мектепте щет тілін оқытуды жақсарту туралы қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен құжаттар болды.
Содан кейінгі 1961 жылы шыққан Шет тілдерін оқытуды жаңарту туралы қаулы кейінгі он жылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы қаулыдан кейінгі көптеген өзгерістер болды.
Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалау арқылы анықталады. Осы бастауыш кезеңде әрі қарай шет тілін оқып-үйрену жалғастырылады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға екі жылдай әзірлік курсы керек. Тілді пайдалану үшін тілді таңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білу керек.
Біріңші кезең - тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде оқу қалай қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген: "Take care of the first two stages and the rest will take care of itself".
1947 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер.
Сол ғасырдың 50-жылдар кезеңі мектептерде ағылшын тілін оқыту әдістемесінің елеулі кезеңі болды.
1947 жылғы қаулыдан кейінгі орта мектпете ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады, ағылшын тілінде және ағылшын тіін оқытатын арнайы мектептер ашылды.
Орта мектепте шеті тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптардан басталды. Бұл кездегі бағдарламада қойылған негізге талаптар: оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінде аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау.
Бағдарламада білімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Бастауыш кезеңде де бірінші орынға оқып-түсіну және аудару қойылады.
-- Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу
-- Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу
-- Шет тілін туған тіліне ауызша аудара білу
-- Жазбаша аудара білу
Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады:
-- мәтінді көшіріп жаза білу
-- қысқа сөйлеуді жаза білу
Лексикалық талап: 5-сынып - 450 сөз, 3-сынып - 200 сөз білуі керек.
1955 жылы шет тілін оқытудың бір нұсқасы 5-сыныпта сақталып қалды.
1955 жылғы бағдарламада бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Мұнда лексикаға қойылатын талап өзгеріп, 350 сөз білуге тиісті болды. Бұл кезеңге де негізгі талап оқу және аудару болды. Ауыша сөйлеу мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап берумен, сыныпта айтылатын сөздермен шектелді.
1961 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды.
Ауызша сөйлеуде шет тілінде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға (монолог) және шет тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Аудармаға аз көңіл бөлінді. Тәжірибелік мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон таспасын, күйтабақты қолдану және үйге оқуға берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады.
Орта мектепте мынадай талаптар қойылды:
-- Шет тілінде әңгімелесе білу
-- Сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну
-- Оқи білу
Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексикалық көлемі азайды.
Оқудың екі түрі: дауыстап және ішінен оқу бөлініп көрсетілді.
1. Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге
2. Диктант жаза білуге тиіс болды (30 сөз)
Осы өзгерістер ескеріле отырып, С.К.Фоломкина, Э.И.Каар және Г.М. Уайзер сияқты авторлар 5 және 6-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар шығарды.
Халықаралық қатынастардың дамуына байланысты ағылшын тілін оқытудың маңызы өсті. Оқушылар мен бірге мұғалімге арналған әдістемелік кітап және үйден оқу кітабы шығарылды. Саны 25-тен асатын сыныптар екі топқа бөлінді. Балалар бақшасы мен бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту бағдарламасы жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты:
1. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz