Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Тарау. Түркия мен Орталық Азия мемлекеттерінің саяси, дипломатиялық қарым-қатынастары
1. 1 Орта Азия мемлекеттерінң Түркиямен саяси қарым - қатынастарының бастауы . . .
1. 2 Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары . . .
2 Тарау. Түркия мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық қарым-қатынастар
2. 1 Мәдени-сауда байланыстары . . . 29
2. 2 Қазіргі кездегі өнеркәсіптегі техникалық байланыстардың дамуы . . .
2. 3 Орталық Азия аймағы елдерінің инвестициялық жағдайы және Түркияның аймақтағы инвестициялық саясаты
3 Тарау. Халықаралық қатынастардағы Қазақстан мен Орталық Азия: Түркияның геосаясаты . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі жаңа саяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан өздерінің саяси және экономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Орта Азия мемлекеттерінің дамуы үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды мәселе.
Бітіру жұмысының жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Саяси тұрғыдан алғанда, Түркияның Орталық Азияның бес мемлекеттерінде жетекші рөлге ие болуы және аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде қарастыруында. ОА - ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатнастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты «теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1] .
ОА прагматикалық қызығушылық танытып отырған мемлекеттердің ішінде Түркия XXI ғасырдың басында өзгеріп жатқан әлемнің жаңа анықтылықтарына өзінің сыртқы саясатын бейімдеу жағдайында болды. 1990 жылдардың басында Түркия ОА мемлекеттеріне байланысты жаңа сыртқы саяси концепциясын жариялады. Онда Қазақстанға да қатысты байланыстардың саясаты баяндалған болатын. Осы концепцияны жариялау барысында Анкара өзінің сыртқы саясатын Еуропадағы және посткеңестік кеңістікте болып жатқан жағдайлармен тікелей байланыстыратынын анық байқатты. Түркияның «еуразиялық екпіннің» пайда болуы ең алдымен бауырлас түркі халқының тарихи тамырларымен байланысты.
Түркия екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүргізген ашық есік және реформалар саясатының нәтижесінде экономикалық даму деңгейін европалық дәрежеге жеткізгені мәлім. Бүгінде Түркия әлемдік саясатқа ықпал ететін мемлекет болып табылады. Сондықтан ОА мемлекеттері үшін Түркиямен дипломатиялық және саяси - экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығы барған сайын артуда.
Қарастырылып отырған тақырыпқа ғылыми тұрғыда баға берудің тағы бір қажеттілігі - Түркияның ОА мен Қазақстандағы саяси әрі экономикалық мүдделерін айқындау болып табылады. Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы түркиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту негізгі мақсат болып отыр.
Түркия үшін Орта Азиядағы саясатының негізгі мақсаттарының бірі аймақтағы экономикалық қатнастарды дамыту сақтау болып табылады.
Түркия үшін Орталық Азия республикаларымен арасындағы сауда -экономикалық саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие болады. Өйткені бүгінгі таңда халықаралық деңгейде қаржы дағдарысынан шығу онымен күресу бір ғана мемлекеттің қолынан келмейді.
ОА мен Түркияның саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастық дипломатиялық байланыстар орнағалы бергі қарым-қатынастардың негізін құрады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Түркия үшін ОА мен Қазақстан төмендегі салалар бойынша басым серіктес бола алады. Олар - энергетикалық сала, металлургиялық шикізат өңдеу мен өндірумен байланысты кәсіпорындармен, құрылыс материалдарының өндірісімен айналысатын кәсіпорындармен байланыстары. Оған қоса Қазақстан түркия товарларын пайдаланатын аймақтағы негізгі тұтыну базары болып қала бермек.
Бітіру жұмыссның тақырыбы болып табылатын Түркия мен ОА мемлекеттері арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және олардың өзара ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы дамуына баға беруге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында Түркия мен Орталық Азияның тәуелсіз елдеріне қатысты ұстанған саясатының негізін айқындауға талпыныс жасалады. Бұл зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түсері сөзсіз.
Диплом жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі. Түркия мен ОА мемлекеттерімен дипломатиялық қатнастарының дамуы және Түркия мен Орта Азия мемлекеттерімен байланыстарына байланысты XX ғасырдың 90 жж бастап ғылыми - дипломатиялық зерттеулер орын алған. Бүгінгі таңда екі мемлекет арасындағы сыртқы саяси байланыстар кең аумақты саяси қызығу құралына айналды. Қазақстанның сыртқы саясаты, оның ішінде Қазақ-түрік қатнастары және Орта Азиядағы түрік факторы көптеген зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.
Бітіру жұмысының пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Тұңғыш Президенті және қазақстандық дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Н. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында»[2], «Сындарлы он жыл»[3] атты еңбектері еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде Қазақ-түрік қатнастарының ынтымақтастығы, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді экономикалық, саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады. Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан - Түрік дипломатиялық қатнастарын, ҚР экс - сыртқы істер министрі, қазіргі таңда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Под стягом независимости[4] », «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации», «Беласу» [5] атты еңбектерінде қарастылады. Қ. К. Тоқаев Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізген сыртқы саясаты баяндалып, сыртқы саясаттың бағыттары, кезеңдері және басым жақтары қарастырылған. Соның ішінде ҚР мен Түркия дипломатиялық байланысына жалпы шолу жасай отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстар қарастырылып, жекелеген салаларына талдау жасалынған.
Түркия мен ОА арасындағы дипломатиялық байланыстар ортаазиялық дипломаттардың да және саяси қайраткерлердің де зерттеу еңбектерінің негізін құрайды.
ОА дипломаттары өздерінің зерттеулерінде Түркия мен ОА арасындағы екіжақты байланыстың қалыптасуы мен дамуын, экономикалық реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды. Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтасты қарастыруға бірқатар мақалалары арналған.
Бұл еңбектерде қол жеткізген жетістіктеріне талдау жасай отырып, ОА мен Түркия экономикалық даму және экономикалық салалаларды реформалаудың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына баға беріледі.
Сонымен қатар дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуда Ресей және Орта Азияның республикалары басшыларының еңбектері де пайдаланылды. Олардың қатарында Б. Н. Елциннің, В. В. Путиннің, Өзбекстан президенті И. Каримовтың «О национальной государственности, идеологии независисмости и правовой культуре» [6], Түркменстан президенті С. Ниязовтың «Внешняя политика нейтрального Туркменистана» [7] атты еңбектерін атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда Түркияның экономикалық туралы Түркия мемлекет басшылары еңбектері мен саяси сұхбатттары кірген. Бұл еңбектерде Түркия өзіндік даму жолымен жүруге және түркиялық ерекшелігі туралы баяндалады. Сонымен бірге Түркияның экономикалық реформаға бағыт алу қажеттігін және сыртқы байланыстарды кеңейту керектігі баяндалады.
Түркияның жалпы сыртқы саяси бағыты мен Орталық Азияға қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде Е. Примаков, М. С. Капица, В. А. Корсун, А. Д. Воскресенский, В. А. Лузянин [8], С. Г. Свешников, Ю. Песков, В. Лукин, В. Михеев, В. Кузнецов [9], Е. П. Бажанов сияқты зерттеушілерді атауға болады.
Қазақстандық зерттеушілер Қазақстан мен Түркия және Түркия мен Орта Азияның мемлекеттерімен дипломатиялық байланыстарға мәселелерге баса назар аударған. Қазақстан сыртқы саясатында мемлекеттік маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері.
Орта Азия аймағы тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта Азиядағы геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер белгілі ғалым Ө. Қасеновтің еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау жасалынған.
Қазақстандық ғалымдар Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатнастар мен экономикалық байланыстарға талдау жасайды.
Сонымен бірге зерттеуші М. Лаумулиннің бірқатар басылымы Қазақстан, мен Орта Азиядағы мен Түркияның ролі, қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс зерттеушілерінің, әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын баяндайды. Олардың ішінде Г. Фуллер, Дж. Гинсбург, Ч. Анделенд, Н. Платт, Кайзер, М. Олкотт және т. б. бар.
Орта Азиядағы түрік факторы деп атауға болатын арналған өзбек, қырғыз зерттеушілерінің еңбектері зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда пайдаланылды. Онда Түркияның Орта Азиядағы ықпалы көрсетіліп, аймақтың бүгінгі күнгі дамуына әсер ететін Түркия байланысты кейбір факторлар ашылған[10] .
Қазақстан сыртқы саясатына қатысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары Ж. У. Ибрашевтің, К, Қожахметовтың, Қ. Е. Байзақованың, Ф. Т. Көкееваның, және т. б. еңбектері бар.
Зерттеу жұмысында түрік ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектері де пайдаланылды. Түрік зерттеушілер ОА мен Түркия арасындағы байланыстардың жаңа кезеңдегі барлық салалардағы ынтымақтастығына жалпылама әрі жеке-жеке сипаттама берген. . Кейбір еңбектер Кеңес Одағы ыдырағаннан бұрынғы кезеңдегі қарым-қатынастарға арналған.
Түркия мен ОА мемлекеттері арасындағы сыртқы саяси байланыстарды ашу диплом жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара қарым-қатынастардың дамуының негізгі бағыттарын зерделеу, яғни сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні болған.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. 1992 жылдан ОА мемлекеттерінің тәуелсіздігін алған уақыттан бүгінгі күнге, 21-ші ғасырдың алғашқы онжылдығының 1-ші жартысына дейінгі аралықты қамтиды.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты Түркия - ОА мемлекеттерінің арасаындағы экономикалық байланыстарды жүйелі және комплексті түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
1. Түркия мен ОА мемлекеттерінің сыртқы саясатының қалыптасуының теориялық негіздерімен ерекшеліктерін айқындау.
2. ОА үшін Түркияның және Түркия үшін ОА сыртқы саясатында алатын орны мен ролін айқындау.
3. Түркияның Орта Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасындағы ерекшеліктерін көрсету.
4. Түркия мен ОА арасындағы байланыстардың болашағын сипаттау.
5. Түркияның Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі инвестициялық саясатының деңгейін анықтау.
6. Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалыптастырудағы «Түркия тәжірибесіне» объективті қорытынды жасау.
Зерттеудің деректік негізі. Түркия мен ОА дипломатиялық қатнастары, Түркия Орта Азиядағы сыртқы саясатын зерттеудің деректік негізгі көздерін төмендегідей бес топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Түркия мен ОА арасындағы байланыстарды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер т. с. с. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы жиырма бірінші ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім. Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады. Жоғарыда аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі.
Бітіру жұмысының деректік көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Түркия мен ОА байланыстардың әртүрлі салаларын баяндап, талдау жасаған Қазақстанның, Ресейдің шығыстанушыларының, соның ішінде түріктанушылар, саясатшы, тарихшы ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары құрайды.
Ал деректердің төртінші тобын қазақ, орыс, жапон тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Түркістан», «Деловая неделя», «Панорама» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Саясат», «Казахстан-Спектр», «Центральная Азия и Кавказ», «Казахстан: экономика и жизнь», «Казахстан и современный мир», «Аналитическое обозрение», «Континент» журналдарында бар. Ал Ресейдің «Правда», «Известия», «Аргументы и факты», «Независимая газета» газеттері мен «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия и Африка сегодня», «Нефть и газ», «Железнодорожный транспорт» журналдары пайдаланылды. Жапонияның журналдары зерттеу жұмысында ерекше орын алды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобын Қазақстан мен Орта Азияның және Түркияның, Ресейдің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның «Хабар», «ҚазААГ», «Интерфакс-Казахстан», Қырғызстанның «Кабар», Тәжікстанның «Ховар», Ресейдің «Новости», «ИТАР-ТАСС» агенттіктері бар. Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары жұмыстың деректік негізі болды. Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы. Түркия мен ОА мемлекеттері арасындағы экономикалық қатнастарды талдау отандық және шетелдік зерттеушілердің нысаны болғаны белгілі, бірақ осы уақытқа дейін бұл тақырып комплексті түрде қарастырыла қоймаған.
Берілген жұмыстың ғылыми жаңалығы аталмыш тақырыптың толық зерттелмегендігінде болып отыр.
Отандық ғылымда алғаш рет Түркия мен ОА мемлекеттері экономикалық қатнастары ОА мемлекеттерінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі екі жақты ынтымақтастық деңгейін ашуға талпыныс жасалады.
- Түркия сыртқы саясатының негізі, халықаралық жағдайдың өзгеруіне, ғаламдасу заманының талаптарына және әртүрлі объективті қажеттіліктерге сәйкес Түркия сыртқы саясатындағы басым жақтар қарастырылды.
- Түркияның Орта Азиядағы даму үрдісі айқындалды.
-Түркия Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды. Тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидалары негізінде белгіленген ара қатынастардың басым жақтарына талдау жасалынып, ортақ жақтары мен ерекшеліктері айқындалды.
Диплом жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытыныдылары құрайды. Бітіру жұмысында тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекет аралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер Түркия сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының әрқайсысының орнын жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Сыртқы саясаттың дамуына батыс зерттеушілері, әсіресе американдық саясаттанушылар, өз үлестерін қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталық, плюралистік, ұйымдастырушылық-құрылымдық, рационалды, бюрократиялық-саяси модельдерін ұсынып, сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Зерттеу жұмысында саяси құбылыстарға баға берудің әдісі ретінде ойындар теориясы пайдаланылады. Бұдан 40 жыл бұрын метематик Джон фон Нойманн мен экономист Оскар Моргенштерн экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуға тырысқан, сол орайда өздерінің "Ойындар теориясы және экономиканың тәртібі" атты ортақ еңбегінде көрсетілген классикалық ойындар теориясын жасап шығарған. Оның негізінде рационализм принциптері бойынша жұмыс істейтін субъектілердің типтеріне талдау және болжау модельдері құрылатын мүмкіндік теориясы жатыр. Біртіндеп бұл ойындар теориясы ғылымның басқа да салаларына қолданылатын құралға айналды. Саясат ғылымында ол құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралық келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып табылады
1. Түркияның Орта Азиялық мемлекеттермен саяси, дипломатиялық қарым - қатынастары
1. 1 Орта Азия мемлекеттерінң Түркиямен саяси қарым - қатынастарының бастауы
Халықаралық қатынастар жүйесінде ежелден белгілі ақиқат - заманға сай күштер тепе- теңдігінің ауытқуына қарай, жалпы жаһандық өзгерістердің әсеріне орай, қуатты мемлекеттердің әлсіреуіне сай, елеусіз болған елдердің нығаюы енді күн тәртібіне осы елдер арасындағы саяси кеңістік үшін тартыстарды тартатындығы. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында орын алған елеулі саяси оқиға - Кеңестер одағының ыдырауы Орталық Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бой көтеруіне әкелгені айқын. КСРО-ның саяси алаңнан кетуі көптеген елдер сияқты орталықазиялық елдері үшін де күтпеген саяси оқиға болды. Бұл өз кезегінде елдердің ішкі саяси-экономикалық жағдайының елеулі түрде тұрақсыздануына әкеліп, оларды сыртқысаяси таңдауда күрделі тығырыққа тіреді. Жетпіс жыл қатаң одақтастық жүйесінде өмір кешкен елдер шектеулі көлемде болса да қандай да бір дербес топқа шоғырланбаса әлемнен сырт қалатындай күйге көшті.
Өйткені бұған дейін аймақтағы елдерді өз ықпалында ұстауға ұмтылып келген көршілес мемлекеттердің ішінде негізгі тізгін Ресейдің еншісінде еді, кейін бұл аймақтағы елдер Кеңестер одағының тіпті құрамдас бөлігі болып танылды. Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда орын алған осы кеңістікпен тығыз қарым-қатынастарға, ыңғайы келсе өз мүддесіне сай ықпал жасауға ұмтылған мемлекеттер де жеткілікті болғаны анық. Соның негізінде бірқатар мемлекеттердің геосаяси мүдделері Орталық Азия елдерінің аумағында тоғысып жатты. Олардың қатарынан шекаралас жатқан Ресей, Қытай, Иран, Түркия сияқты елдерді көруге болады. Осы аймақты өзінікіндей көретін Ресей тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басқаны қол астында ұстағанды қойып өзі саяси-экономикалық қиыншылықтарды басынан өткеріп жатқан кезі еді. Ал осы сәтте Түркия сияқты әлде қайда орныққан мемлекеттер Орталық Азия елдерімен өзара әрекеттестіктерін қалыптастырып, екіжақты ынтымақтас- тықты дамыта түсті. Түркия елі мен орталықазиялық елдер арасындағы тарихи түптамырлық қатынастың нығаюына басты негіз болды. Осы орайда жалпы аймаққа көптен көрісе алмаған туысындай ұмтылған Түркия қандай мемлекет деген орынды сұрақ туындайды. Орталықазиялық елдер қандай елмен қарым-қатынасқа түсуде? Жауапты Түркияның саяси- экономикалық әл-ауқатына сараптама жасау барысында ғана айқындауға болады.
Түркия - жаңа қарқынмен дами бастаған, заманға сай өнеркәсіпті, сауданы, дәстүрлі ауыл шаруашылығын, қол өнерді қамтыған ел десе болады. Сонымен бірге саяхаттық және көлік тасымалының инфрақұрылымы жеткілікті түрде таралған ел. Қызмет көрсету саласы жалпы ішкі өнім үлесінің 52 пайызын құрайды.
Елде жеке меншік қатынасы, әсіресе сауда саласында, тоқыма өнеркәсібінде, киім - кешек өндірісінде өте жылдам екпінмен даму үстінде болғанымен, мемлекет әлі де өнеркәсіптің негізгі салаларында, банктік жүйеде және көлік пен коммуникацияда да жетекші рөлді атқарып келеді. Дүниежүзілік банктің топтамасы бойынша Түркия орташатөменгі кірістегі елдер қатарында, әлемде ЖІӨ бойынша 27-орында екен. 2002 жылғы мәлімет бойынша жалпы жұмысбастылардың 34 пайызға жуығы (24 млн адам) ауыл- шаруашылығында, 19 пайызы өнеркәсіпте және 47 пайызы қызмет көрсету саласында. ЖІӨ өндірісінің салалық құрылымында басты орында қызмет көрсету саласы 66 пайызды құраса, өнеркәсіп 21 пайыз, ал ауыл шаруашылығы 13 пайыз (2001 ж. ) болатын [1] . Қаржы саласындағы әл-ауқатына қатысты Дүниежүзілік валюталық қор 2002-2004 жылдар аралығында Түркияға 16 млрд доллар көлемінде тұрақтандыру несиесін бөледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz