Ішек қылған, қобызым


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
ОӘЖ 780, 614, 33, (=512, 122) (043, 3) (574) Қолжазба құқығында
K93
Құрманбек Олжас
ЗАМАНАУИ ҚОБЫЗ ДӘСТҮРІНІҢ ЖАРҚЫН ӨКІЛДЕРІ:
СМАТАЙ ҮМБЕТБАЕВ ЖӘНЕ САЯН АҚМОЛДА
6М040400 - «Дәстүрлі музыка өнері»
Өнертану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы
Ғылыми жетекшісі:
өнертану кандидаты,
ҚазҰӨУ профессоры
Альпеисова Г. Т
Нұр-Сұлтан 2019
Анықтама
Акцент музыкалык шығарманың дыбысын жеке бөліп, даралап, салмак
түсіріп ойнау.
Аппликатура музыкалық аспапта орындау барысында перне басатын саусактардыңорналасуы, алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі.
Виртуоз Музыкалық шағарманың техникалық қиындықтарын жете меңгерген музыкант.
Глиссандо - сипап өту, саусактарды жылжыту, тайғанату. Күйлерде және
Шығармаларда кездеседі.
Динамика шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі.
Дыбыс екі дененің үйкелісінен немесе соғылысынан пайда болатын құбылыс.
Дыбыс ұзақтығы дыбыстардың уақыт шамасымен өлшенетін созылу қашықтығы.
Екпін музыкалық шығарманы орындаудағы жылдамдық қарқыны.
Интервал екі дыбыс аралығы.
Күй домбыра, қобыз, сыбызғы т. б қазақхалық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр.
Легато байланыстыра.
Милизм әуен сазын әшекелеу, құлпыртуы. (музыкалық өрнектер)
Позиция берілген дыбыс қатарын саусақты жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы.
Флажолет ішекті аспаптарда орындалатын ысқырыққа ұқсас жеңіл дыбыс. Табиғи және жасанды түрлері бар.
Ырғақ музыкалық шығармадағы әр түрлі дыбыс ұзақтықтарының белгілі мерзімде ауысып келіп отыруы.
Штрих дыбыс шығару тәсілдері.
МазмұныКІРІСПЕ5
I БӨЛІМ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАСЫ АЯСЫНДА ҚОБЫЗ ДӘСТҮРІ9
1. 1 Қыл қобыз аспабының шығу тарихы, қобыз туралы жалпы түсінік9
1. 2 Ұстаз - шәкірт қобыз дәстүріндегі сабақтастықжәне қобызшы-орындаушылар жайлы мәлімет18
II БӨЛІМ СМАТАЙ МЕН САЯННЫҢ РУХАНИ БАЙЛАНЫСЫ36
2. 1 Сматай Үмбетбаевтың өмірі меншығармашылығы36
2. 2 Саян Ақмолданың шығармашылығы41
2. 3 Сматай Үмбетбаевпен Саян Ақмолданың орындауындағы күйлерді талдау және салыстыру55
Қорытынды63
Пайдаланылған адебиеттер тізімі65
КІРІСПЕЗерттеудің өзектілігі: Түркі тектес байырғы көшпенділер жасаған өзгеше бітімді өркениеттің тікелей мұрагері, өткен ғасырдың басына дейін, негізінен, көшпенділік өмір салтын ұстанған, кейін тіршілік ыңғайы өзгерсе де, рухани қалыбын сақтап қалған қазақ халқының ең сұлу, сырлы мұрасы - сан-салалы, көп жанрлы дәстүрлі музыкасы. Қобыз - қазақ халқы ерекше қасиет тұтатын аспап. Этномузыка саласының білгірі В. Бахманның пікірінше, қобыз - жер бетіндегі ең ежелгі шекті, ыспалы аспап. ХХғ. соңғы ширегінде европалық зерттеушілер В. Бахман мен С. Дончев қобыздың, Орталық Азия көшпенділерінің соған ұқсас аспаптарымен қатар, бүгінде Еуропа ғана емес, күллі әлемге таралған скрипка, виолончель сияқты сұлу, сиқырлы аспаптардың түп атасы, төркіні екенін дәлелдеп шықты. Сонымен, қобыз . . . Ағаштан тұтас шабылып, ойылатын, шанағына тері мембрана керілген, мойны аққудың мойнындай иіле біткен, шек орнына жылқының қылы тағылған, қия ыспасы садақтың жағы іспетті, бітімі бөлек аспап. Хас шебер қобызшының қолында үш-төрт дауыспен әуез шығаратын үншіл аспап. Қазақ мифі бойынша, қобызды жасап, оған тіл бітірген - есте жоқ ескі заманда ғұмыр кешкен Қорқыт Ата.
Осыны айтып, Қорқыт ата құлақ күйін келтіргенде, қобыз аңырап қоя берген екен дейді көне аңыз. Зерттеушілердің көпшілігі қобыз - көшпенді дүниетанымның, оның Ғалам жайындағы түсінігінің бейнесі деген пікірге ден қояды. Қобызды Қорқыт атаның жасауы, содан соң ағып жатқан дария үстінде отырып, күні-түні күй қайырып, күйдің тылсым күшімен ажалды бөгеуі, ақырында бір сәт қалғып кеткенде, ажалдың қарақұрт кейпінде келіп, шағып өлтіруі сияқты ғажайып миф - осының айғағы деседі. Қазақтың ежелгі бақсылары да, күйшілері де бірдей Қорқыт атаға сыйынып, бақсы - Қорқыт сарынын шалса, күйші - Қорқыт атаның күйі деп күй тартқан. Қазіргі уақытқа жеткен қобыз күйлерінің қомақты бір парасы Қорқыт атына телінетін күйлер. Бұл - қазақ халқы санасына біржолата сіңісті болған, әлі күнге шейін табы өшпеген сакральді, мифтік танымның айғағы бол алатын, болашақта әлі де болса терең зерттелуге тиісті мәселе.
Қазір қобызды нарқобыз және қылқобыз деп екі түрге бөліп жүрміз. Қылқобыз бүгінде жұртшылыққа әбден көзтаныс болған, күй тартуға арналған тұрқы шағын аспап. Қобыз күйлері өз мүмкіндігінің шырқау биігіне, жоғары профессионалдық деңгейіне де осы өылөобыз арқылы жеткен еді. Ал нарқобыздың шанағы ұлкен, сол үлкен шанақтың ішіне айна қондырылған, басына жезден я болмасатемірден соғылған сылдырмақтар ілінген, үні күркіреген зор, жуан болып келеді. Деректерге сүйенсек, нарқобызды, негізінен, бақсылар шалған. Кейбір бақсы сарындары ғасырлар бойы осы нарқобызда орындалып келгенге ұқсайды. Бұл арада атап айтар бір мәселе - бізге есімдері ғана емсі-еміс жеткен көнелікті қобызшылардың көбі абыз, жырау, бақсы болғандығы. Аттары қазақ эпосына, аңыздарына арқау болған Сыпыра, Кетбұғалардың жырау екендігін, Қойлыбай, Балақай, Кербала, Қарақожа, Шүмен, Жамансарт, Көзбенбет, Баубектердің абыз, бақсы болғандарын шамаламыз. Көңіл қуантарлығы, біздерге бақсылар сарынының бір сыпырасы олардың қолынан күй алған, бертінде ғана өмір сүрген шәкірттері арқылы жетті. Мәселен, Арқада өмір сүрген белгілі Көзбенбеттің сарынын қобызшы Дәулет Мықтыбаев, «Бөзінгенін» Сағынтай Елепеанов жеткізген. Ал аты үш жүзге мәлім болған, Қаратаулық Баубек бақсының «Сарынын», «Аққуын», «Қоңыржайын» алып келген арқалы қобызшы, кейінірек Торғай өңіріне қоныс аударған шәкірті Қазбек Әбенов болатын.
Ә. Марғұлан ежелгі бақсы жыраулардың бір тобын «абыз» деп атайды. Ғалым бұлардың ерекшелігі жайлы былай дейді: « . . . ескі заманның хаттарын, жазылған сөздерін тани білген, ерте заманның тасқа, ағашқа, теріге түсірген жазуларын оқи білген. Орта ғасырдағы абыздардың көпшілігі қазақ хандарына хатшылық қызмет атқарып, олардың кеңесшісі болған, халық алдында үгіт айтып, оларға өзінің насихатымен кеңес берген. Бұл деректерге қарағанда, қазақтың абыздары ескі замандағы оқымысты бақсылардың дәстүрін соңғы заманға дейін сақтап келген, солардың қалдығы деуге болады». Осы тұста ғалым Құрманбай абыз, Сабырбай абыз, Нышан абыздардың атын атайды. Бәз білетін Нышан Шәменұлы қазаққа Қорқыт күйлері аталатын құпиялы, сырлы циклды мирастаған ұлы тұлға. Оның өнері қобызбен күй тарту саласындағы соңғы дәстүр болды. Бірақ, қобыз күйі шынымен түрленген уақытта, «алтын ғасыр» - ХІХ ғ. еді. Бұл кезеңде Ханқожа, Дүкен сынды үлкен қобызшылар өткендігі айтылады. Дегенмен, арқалы ұлы күйші Ықылас қана қобыз күйін мүлде жаңа тарапқа бағыттап, өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен еді. Ықылас әулетін қазақ арасында жеті атасынан қобызшылар ұрпағы деп атайды. Қорқыт әуенін, ежелгі бақсылар сарынын жеріне жеткізе меңгерген Ықыластың қобызы жаңаша тыныс ашты, күңіренген даусы кеудесінен керемет сырлы күйге айналып ақтарылды. Ықыластың әйгілі шәкірттері дегенде, жадымызға бел баласы Түсіпбек, сондай-ақ Баубек, Әбікей, Сүгір күйшілер оралады. Осы күйшілерден тікелей дәріс алған Сағынтай Елепанов, Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев - Ықылас өнернамасын небір ауыр өткелдерден аман алып өтіп, келер ұрпаққа табыстаған абзал жан, ірі қобызшылар. Айналып өтуге, айтпасқа болмайтын тағы бір сөз - қобыздың, қобыз күйлерінің тағдыры хақында. Қобыз әуелі, әсіресе, діндарлар тарапынан, кейін, Октябрь төңкерісінен соң қызыл өкімет тарапынан «жын шақыратын бақсы құралы» ретінде айыпталып, көп қудаланды. Жойылып кете жаздап барып, шерлі көшпенділердің тірі рухы іспеттеніп қайта оралды. Бірақ көп қазына - санын ешкім снап болмас - мәңгіге жоғалды. Қазіргі кезде қобызда тартылып жүрген күйлер - бір заманғы ұлан ғайырдың бір ғана жұрнағы, теңіздің тамшысы десек те болады. Соның өзі дәтке қуат, көңілге медеу бола алады. [7. 9б]
Пенденің жан сырын - түпсіз қорқынышын, берік сенімін, жалғызсырағанын, өлім мен өмір арасындағы тұңғиыққа шомған тебіренісін паш ететін қобыз күйі өз мүмкіндігінің шырқау биігіне, жоғары профессионалдық деңгейге қылқобыз арқылы жеткен еді. Бұл арада атап айтар бір мәселе - бізге еміс есімдері ғана жеткен көнелікті қобызшылардың көбі абыз, жырау, бақсы болғандығы. Қобыз жайында ой қозғағанда ерте замандағы қазақ бақсыларының да өнерін айтудан бастаймыз. Бақсылар өзі ақын, күйші, актер, емші, әрі болжағыш болған адамдар. Олар жай адамдардан ерекше болған. Табиғат берген дарын-қабілетінің арқасында адамдарды ажалдан арашалап алатын емші, ертеңін болжаушы, әр түрлі ғажайыптар жасайтын сиқыршы, түрлі ырғақ, мақамдарменайтатын жырау, күйші болған. Бақсылар өзінің құралы (аспабы) ретінде асатаяқ, қамшы, пышақ, әйнек, от тағы басқа адамдарға әсер ететін бұйымдар пайдаланған. Аса дарынды бақсылар осы аталғандарға қоса негізгі құрал ретінде қобызды қолданған. Сондықтан, қобыз өнерінің ірі тұлғалары асқан бақсы болған және бақсылық дарыны болған адамдар деседі. Қобыз сазы кез-келген адамның жан дүниесін шымырлататын, жүрегін тербейтін ерекше үнге ие. Оның адам даусына ұқсас қоңыр қою дыбысы, қос ішектен төгілген мұңды үні тыңдаушы көңіліне ұялап, рухани азық болып келеді. Қобыз күйлерінде ғасырлар бойы шыңдалып, қалыптасқан өзіндік орындаушылық ерекшелік бар. Ойнау әдісінің қиындығына қарамастан қобыз аспабы ертеде халық арасында өте кеңінен тараған және қобызшылардың ойнау мәдениеті жоғары дәрежеде болған. Аты аңызға айналған Қорқыт, Қойлыбай, Ықылас Дүкенов (1843 - 1916 жж), Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Жаппас Қаламбаев (1909 - 1969 жж) және Дәулет Мықтыбаевтар (1905 - 1976 жж) қобыз өнерінің ірі өкілдері болып саналады.
Қазақ халқының музыка мәдениетінде домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарының сарыны ежелгі заманнан халқымыздың бойына сіңіріп, қазіргі таңда әлі де даму үстінде. Дана халқымыз қасиетті өнерін ғасырлар бойы атадан балаға мирас етіп, сақтап, келесі ұрпаққа жеткізіп отырған. Әр заманның аса ірі өнер қайраткерлері Ш. Уалиханов, кейін А. В. Затаевичтен бастап, А. Жұбанов, Е. Тұрсынов, Д. Тезекбаев, Ф. Балғаева, А. Мухамбетова, Г. Омарова, С. Өтегалиева және т. б. көптеген керемет зерттеушілеріміз халқымыздың бай мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізіп, болашақ ұрпақ сол мұраны меңгеріп, одан әрі көркейте түсіп, байыту жолында. Сол аты аңызға айналған Қорқыттан басталған орындаушылардың бүгінгі ізбасары күйші, Саян Ақмолданың шығармашылығы зерттеу жұмысымыздың өзегі болып отыр. Ұсынылып отырған диссертациялық жұмыстың орындалу барысында біз кененің көзі, асылдың сынығы - Сматай Үмбетбаевтың орындаушылық қырын айқындауымызкерек. Осы Сматай Үмбетбаевтің жалғастырушысы шәкірті белгілі куйші қобызшы домбырашы зерттеуші Саян Ақмолданыңда орындаушылық қырын айқындап көрсетуіміз керек. СматайҮмбетбаев және Саян Ақмолданың орындаған күйлеріне талдау жасап оны басқа дәстүрлі орындаушылармен салыстырып ерекшеліктерін нақты көрсетуіміз керек.
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде аты аталамай жүрген күйші, шебер орындаушы Сматай Үмбетбаевтың орындаушылық қырын ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы оның орындаушылық ерекшелігін танып қолындағы көне мұраны болашақ ұрпаққа насихаттау және жалғастырушысы Саян Ақмолданың орындаушылық қырын ашу.
Зерттеудің нысаны - Қыл қобыздәстүрі өз алдына жеке дара орындаушы Сматай Үмбетбаевтың орындаушылық қыры ерекшеліктерін ашу.
Зерттеудің пәні: жеке дара орындаушылары Сматай Үмбетбаев және Саян Ақмолданың шығармашылығы
Мақсаты: Қобыз орындаушылық өнеріндегі Сматай Үмбетбаев және Саян Ақмолда шығармашылығын ұстаз-шәкірт дәстүрі контекстінде анықтау.
Тақырыптың міндеттері:
-Сматай Үмбетбаев және Саян Ақмолда жайында ақпаратіздеу;
-Сматай Үмбетбаев және Саян Ақмолданың орындаушылық және салыстыру;
-Саян Ақмолданың қыл-қобызға өңделген домбыра күйлерінің дәстүрлі әдістерін қарастыру;
-Қыл-қобыз дәстүріндегіұстаз-шәкірт байланысы контекстінде С. Үмбетбаевжәне С. Ақмолданың орындарын көрсету.
Берілген тапсырмаға байланысты келесі жұмыстар жасалды: Сматай Үмбетбаев және Саян Ақмолданың аудио видер мұрағатарын іздеу, және осы кісілермен сұхбаттасу
Диссертациялық жұмыстың әдістемелік негізі . Зерттеу барысында бақылау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, тәжірибе, сұхбат жүргізу әдістері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Сматай Үмбетбаевтың және Саян Ақмолданың орындаушылық қыры ғылыми тұрғыда зерттеліп, оның орындаушылық ерекшеліктері айқындалды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Диссертация «Кобыз и РНИ» апробациядан өтті. Негізгі нәтижелер екі мақалада ұсынылған:
Сматай Ұмбетбаевтың өмірі мен шығармашылығы //Международные магистерские чтения КазНУИ 2019: сборник магистерских работ в рамках Международных магистерских чтений, посвященных Году молодежи РК. - Нур-Султан, 2019. - С. 44-48.
Cаян Акмолда: кейбір шығармашылық мәліметтер //Международные магистерские чтения КазНУИ 2019: сборник магистерских работ в рамках Международных магистерских чтений, посвященных Году молодежи РК. - Нур-Султан, 2019. - С. 143-146.
Диссертациялық жұмыс құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.
I БӨЛІМ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРАСЫ АЯСЫНДА ҚОБЫЗ ДӘСТҮРІ 1. 1 Қыл қобыз аспабының шығу тарихы, қобыз туралы жалпы түсінікҚазақтың музыкалық мәдениеті ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан өзіндік айшықты белгілермен, ерекшеліктерімен сипатталатын төл мәдениет. Белгілі археологтар мен ұлттық мәдениетті зерттеуші ғалымдар, Орта Азия мен Қазақстанда көптеген музыкалық аспаптардың шыққанжері, өрбіген мекені деп пайымдайды. Белгілі зерттеуші А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» атты еңбегінде былай деп тұжырымдайды: - «Белгілі археолог - ғалымдар С. И. Руденко (1885-1969) және М. П. Грязнов бірге 1947-1949 жылдары қазба жұмыстар жүргізіп, ғасырлар бойы өмір сүрген көшпелі тайпалардың мәдениетіне қатысты ғылым үшін бағалы заттық айғақтар тапқан. Сол айғақтардың ішінде қобыз аспабы ерекше орын алады. Қос ішегі және қос құлағы бар қобыздың биік жасалған тиегі шанақ бетіне керілген сірі көнге орнатылған. Мұның өзі аталмыш қобыздың жасалуы қазіргі қазақ қобызының жасалу тәсіліне ұқсас екенін аңғартады»
Қазақ қобызының ішегі жылқы қылынан жасалады. Сондықтан бұл аспап халық арасында қылқобыз атауымен танымал. Ал одан дыбыс ысқыш арқылы шығарылады. Сол үшін де жылқы қылы пайдаланылады. Сондықтан қыл қобыз ыспалы аспаптары тобына жатады. Аспап жынғылдан, үйеңкі секілді ағаштан ойып жасалады. болғанымен, оның дәстүрлі үлгісін жасауға қойылар талғам-талаптар көп. Қобыз шабу үшін қайың, жыңғыл, емен, үйеңкі сияқты ағаштарды таңдайды. Әсіресе шор болып біткен қайыңның безінен шабылған шұбар қобыздықастерлеп, кие тұтатын дәстүр бар болған. Музыкалық аспап жасайтын ағашты қазақ шеберлері әдетте күзде кеседі. Жылуағының басқа маусымында кесілген ағашты білікті шеберлер«шикі ағаш» деп, қажетіне жаратпайды. Жыр жолдары жай ғана поэзиялық теңдеудің айғағы емес, дәстүрлі қобыз үлгісіне қажет жасау -жабдықтарды да айқын аңғартады. Дәстүрлі талғаммен жасалатын қобыздың ағашын таңдауға айрықша мән берілетініде рас. Оданәрі түйенің бауыр терісімен қобыз шанағын қаптап, тиегі мен құлағын қажымас мүйізден салады. Қобыздың ішегін айғырдың құйрығынан жасап, тағады. Аталмыш саяхатшылар келтірген деректерге сүйенсек, қобыз аспабы біздің жыл санауымыздан арғы кездерден белгі беретіні сөзсіз, және де солардың мәліметтері бойынша, соңғы екі-үш ғасыр аясында жетекші аспап ретінде алдымен қобызды ауызға алатынын аңғарамыз.
Түркі халықтарының музыка аспаптарының ішіндегі ең көнесі, ең күрделісі - қазақтың қылқобызы болып табылатын тұжырымға келеміз. Қылқобыздың түркілік ысқылы аспаптардың атасы екені де шындыққа жақын. Б. Аманов пен өнер ғылымының докторы А. Мухамбетованың сөздеріне қарағанда - «… согласно исследованиям В. Бахмана, распространившись за пределы кочевого мира Центральной Азии, кылкобыз стал предком всех европейских смычковых струнных инструментов скрипки, виолончели и др. » [8, 114, б] Бұл жазған сөздердің де мәні бар.
Жиhангер П. Паллас пен академик Ә. Марғұлан жазбаларында қылқобыздың бейнесі аққуды елестететіні, ал оның дыбысы аққу үніндей әсерлі шығатынын айтады. Халықтың мифологиялық санасында аққу құсқа өте маңызды рөл беріп, оның үш сфераға (аспан, жер, жер асты) қол жеткізетінін білдірген деген тұжырымдар да жоқ емес. Шыныменен, қобыздың жасалу формасы аққуға ұқсайды. Көлденеңінен қойса, басы, мойны, шанағы бәрі ұшып бара жатқан аққуды көз алдына келтіреді. Қазақта аққудың терісін киген бақсы өте қадірлі саналған. Аққу-үздіксіз жылжитын күннің ишарасы. Ит-Ала-Қаздың он екі баласының бірі аққу құс жерге де, тұнық суға да, көгілдір көкке де ортақ болғандықтан, қазақтар үшін айрықша қасиетті- құстың төресі болып саналатыныбелгілі. «Сонымен қоса қобызды үш мүшеге бөліпте қарайды. Универсум-жоғары әлем құрамын білдіреді, онда құдайлар мен қанаты барлардың бәрі өмір сүреді. Ортаңғы әлем - адам және жылы қанды жануарлардың тұрағы. Төменгі әлем - онда арам рухтар, жорғалаушылар мен жүзетіндер - балық, жылан, кесірткелер тіршілік етеді. Қобыздың қалақша тәріздес басы арқар мүйіз формасындағы металл салпыншақтармен әшекейленген, бұл жоғары әлем иелері. Аспаптың қалыбы ашық бақырша түрінде, одан бақсының шақыруымен рухтар ұшып шығады - ол ортаңғы әлем.
Төменгі әлем қобыздың қалыбының ішінде орналасқан, оны «төменгі сулар деп атайды. Қазақ мифтерде әлем үшке бөлінеді -жоғарыда перілер, олар белбеуді басынан буынады, ортаңғы-адамда біз, белбеуді белімізден буынамыз, ал жер асты әлемдегі адамдар- белбеуді аяғынан буынады деленеді» -деп өз еңбегінде С. Өтегалиева тұжырымдайды. Мүмкін қобызды алғаш жасаған адам осы сенімге негізделген болар. Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен ұлттық әуен-сазының тамыры, соларға байланысты салт-дәстүрінің философиялық мәні тым тереңде жатыр. Сондықтан, аспаптар ғана емес, орындаушылар да халық мұрасын зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. «Қобыз өнерінің толық сипаттамасын анықтау үшін музыкалық тілінде тән заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау қажет. Бұл бағытта саз өзгешіліктерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі ережелері (этногенезистік, процестері) тарихта болған елеулі оқиғалар мен сан-алуан құбылыстардың әсері мен ғасырлар бойы бақсылық дәстүрінің шеңберінде жетілгенін байқатады» -деп жазады профессор С. Күзембаева. Сөз орайында қобыз мүшелерінің атауларын келтіре кетудің де артықтығы жоқ. Қобыздың «құлағы», «мойыны», «белі», «шанағы», «ішегі», «бүйірі», «сірісі», немесе «көні», «тиегі» деген атаулары бар. Ал, шалып тартатын бөлігі елішінде«қияқ», «садақша», «ысқыш»депәртүрліаталады. «нарқобыз», «қылқобыз», «жезқобыз», атаулары «қара қобыз», «бүйірліқобыз», «айналы қобыз», «сылдырмақты қобыз» деген сияқты, қобыздың бітіміне, әшекейіне орай айтылған. Бұл атаулардың қай-қайсысы да әрдайым қобыздың дыбыстық ерекшелігін білдіреді. Демек, қобыз аспабы осы күнге дейін қазақта ілкі, байырғы түрінен айырықша өзгермей пайдаланылып келді деуге болады.
Қобыз - қазақ халқының көнеден қалған музыкалық аспабы, ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, ғасырлар сырын жетелейтін қоңыр үнді киелі аспапты VIII-IX ғасырларда Қорқыт жасаған деседі.
Музыкатанушы Бектай Әлiмбай «Қобыз қайдан шыққан?» атты мақаласында: «Жалпы, iшектi аспаптарымыздың шығу тарихын, бұлардың қалай, қашан пайда болғанын бiрден «былай едi» деп, дәл айту өте қиын. Себебi, осы күнге дейiнгi iзденулер мен зерттеулер ұлттық аспаптардың пайда болуы жайлы бiрiздi, нақты пiкiрге келген жоқ. Қайсыбiр ғалымдар iшектi аспаптарды (адырна, қобыз, шертер, жетiген, домбыра) ұрмалы аспаптар (дабыл, даң¬ғыра) негiзiнде пайда болды десе, ендi кейбiрi кәдiмгi садақты ғасырлар бойы жетiлдiргеннен пайда болды деп есептейдi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz