Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Диссертациялық жұмыстың ұжымдық жосапры :

ТАРИХИ РОМАНДАРДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТТЫҢ ПОЭТКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕ

І. Әдеби үдерістегі тарихи романдардың көркемдік жалғастығы және оны оқытудың дәстүрі

  1. Тарихи романдардағы кейіпкерлер мен уақиғалардың түп тұлғалық дерекнамалық сипаты және оның пәнаралық байланыс негіздері
  2. Тарихи романдар халықты сипатының поэткалық негіздері және оны оқыту

ІІ. Тарихи романдардың халықтық-этнография және оны меңгерту жолдары

2. 1 Роман кейіпкерін сомдаудағы тарихи шындық және оны талдау әдістері

2. 2 Романдағы тарихилық поэтикасы және мәтіндік талдаулармен бағалау

2. 3 Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты

ІІІ. Тарихи романдардағы халықтық сипат поэтикасын және этнопедагогикалық ұстанымдарды оқытудың әдістемесі

3. 1 Тарихи романдардағы тарихи тұлғалар және халықтық мүдде тұтастығын пәнаралық байланыстар бойынша меңгеру

3. 2 Кейіпкерлердің түп тұлғалық тарихи-әдеби болмысын танытуда факультаив сабақ түрінде меңгеру

3. 3 Тарихи романдардың халықтық-этнографикалық сөздігін дайындау мен оқытудағы ұлттық тәрбие сабақтастығы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Қазіргі уақытта тарихи тақырып - әдебиет пен өнердегі ортақ мәселелердің бірі. Әдебиеттегі бұрынғы заман туралы шығармаларда халық тарихын әлеуметтік-философиялық тұрғыдан кең тануға ұмтылыс бар. Тарихи жанрдағы ең бастысы тарихи дәуірдің типтік жақтарын ашу, өткен замандағы адамдардың шынайы бейнесін жасау, тарихтағы саяси, мәдени, моральдық, психологиялық факторлардың ролі мен мәнін көрсету болып табылады.

Қазіргі таңдағы әдістеме ғылымының басты мәселесі - қазақ жастарын ақпараттандыру қоғамының талабына сай білімді де білікті, тәрбиелі де мәдениетті азаматтар етіп қалыптастыру. Бұл - оқыту мен тәрбиелеудің барлық саласында қарастырылатын өзекті мәселе. Осындай ғылымдағы мәселелерді шешудің ұтымды жолдарын табу үшін қазақ халқының ұлттық асыл мұралары мен құндылықтарын, мұрат-мүдделері мен философиялық ой-тұжырымдарын қарастыру арқылы жастарды оқыту мен тәрбиелеуге күш салу керек. Бұл тұрғыдан алғанда тарихи романдарды оқытудың әдісетмелерін үздіксіз жетілдірудің маңызы зор.

Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі тарихи романдардағы халықтық сипаттың поэткалық ерекшеліктері және оны оқытудың әдістемесін айқындау үшін кейіпкерлер мен уақиғалардың түп тұлғалық дерекнамалық сипаты жан-жақты, әр қырынан зерттеу, әдістемелік жүйесін қалыптастыру міндеті тұр. Көне замандардағы ата-бабаларымыздың рухани өмірінің сәулелі көрінісінен, тәлім- тәрбиелік ойларынан ақпарат беретін бұл мұралардың өзі біздің заманымызға түгел жете қойған жоқ.

Бүгінге дейін тарихи романдардағы халықтық сипатты біршама ғалымдардың зерттеу нысанына алынды. Ғылыми диссертациялар жазылып, ұжымдық зерттеулер жарық көрді. Қазіргі әдебиеттанудағы бұл бағытта жүргізілген осындай зерттеу жұмыстары үлкен ғылыми жетістік болғанымен тарихи романдардағы халықтық сипаттың поэткалық ерекшеліктері жоғары мектепте оқыту, оның ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау - қазіргі кездегі кезек күттірмес мәселелердің бірі. Сол себепті әдебиеттің тарихи кезеңдерінің өзіндік даму ерекшеліктерін ескере отырып тарихи романдардағы халықтық сипаттың поэткалық ерекшеліктерін әдістемелік тұрғыдан кешенді талдау қажет. Қазір жоғардағы аталған зерттеудің өзектілігі негізігде дисертациялық жұмыс жазылып жатыр. Зерттеу жұмысына С. Жанболатовтың «Елжау күнби», Ш. Құмарұлының «Ер Жәнібек», Б. Құсбегиннің «Жан», «Зуқа батыр», Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз» сынды тарихи романдар арқау етіледі.

Зерттеу жұмысына Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, З. Ахметов, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Е. Лизунова, Л. Әуезова, Х. Әдібаев, М. Атымов, Ш. Елеукенов, Н. Ғабдуллин, М. Атымов, Р. Бердібай, Ж. Дәдебаев, Т. Сыдықов, Қ. Алпысбаев, Қ. Оразаева сынды ғалымдардың зерттеулері негізге алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі баяндалып, мақсаттары мен міндеттері, зерттеудің нысаны мен пәні анықталады. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар мен ғылыми жаңалығы айқындалып, жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы, дереккөздері мен зерттеу әдістері сипатталады. «Әдеби үдерістегі тарихи романдардың көркемдік жалғастығы және оны оқытудың дәстүрі» атты бірінші тарауда - Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдардың көркемдік жалғастығы және оны оқытудың ғылыми- теориялық және әдіснамалық негіздері айқындалып, оның қалыптасуына ықпал еткен алғышарттарына сипаттама берілді. Сонымен қоса, тарихи романдардағы кейіпкерлер мен уақиғалардың түп тұлғалық дерекнамалық сипаты және оның пәнаралық байланыс негіздерін оқытудың педагогикалық- психологиялық негіздері анықталып, ғылыми жүйеленді.

Тарихи роман өз бойында әдебиет пен тарихты біріктіре отырып, факті мен ойдан шығарылған оқиғадан, жоғары мен төменнен, шынайылық пен қиялдан тұрады. Дегенмен тарихи романда тарихқа қарағанда шындықтың үлесі көп, себебі жазушы өзінің көркем шығармасында тарихтағы ақтаңдақтардың орнын толтырады. Кейбір зерттеушілер тарихи романдарды ғылыми прозаға жатқызады, себебі олардың пікірінше романшы тарихи фактілерді жан-жақты зерттеп, тарих саласында зерттеулер жүргізеді. «Тарихи романдардың халықтық-этнография және оны меңгерту жолдары» атты екінші тарауда роман кейіпкерін сомдаудағы тарихи шындық және оны талдау әдістері сараланып, ондағы өмір мен кейіпкер образы философиялық негіздері анықталып, ұлттық құндылық тұрғысынан талданды.

«Тарихи романдардағы халықтық сипат поэтикасын және этнопедагогикалық ұстанымдарды оқытудың әдістемесі» атты үшінші бөлімде тарихи романдардағы тарихи тұлғалар және халықтық мүдде тұтастығын пәнаралық байланыстар бойынша меңгеру әдістемелік жүйесін саралау арқылы оны оқытудың негізгі ұстанымдары ғылыми негізделді;

Тарихи романдардағы халықтық сипаттың поэткалық ерекшеліктерін жоғары мектепте оқытудың мазмұндық-құрылымдық жүйесі жасалды;

Өзгде инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі тәжірибе арқылы көрсетілді.

І. ӘДЕБИ ҮДЕРІСТЕГІ ТАРИХИ РОМАНДАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ЖАЛҒАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ДӘСТҮРІ

І. 1 Тарихи романдардағы кейіпкерлер мен уақиғалардың түп тұлғалық дерекнамалық сипаты және оның пәнаралық байланыс негіздері

Әдебиеттануда роман жанрының қалыптасып, дамуы, оның жіктелуі, айтулы құбылыс болды. Анықтамалық әдебиеттерде роман жанры туралы кеңінен келтірілген. Роман (ХІ-ХІІ ғасырларда роман тілдеріне жазылған әр түрлі шығармалар атауынан шыққан) - күрделі және дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кесек тұлғалы эпикалық әдеби шығарманың бір түрі. Роман басқа эпостық жанрларға қарағанда өмірді, оның әр алуан құбылыстарын адамдар арасындағы қарым қатынастарды кең қамтып, терең суреттейді. Романның құрамы құрылысы күрделі, онда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады. Роман қаһармандардың жеке өмірін, олардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастар тарихын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамның, салт пен сананың кең суретін жасайды. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Роман − өз бойына бейнелеу тәсілдері мен амалдарының қай-қайсын да қабылдай алатын, сол мүмкіндігіне орай негізгі қаһарманды сан алуан қырынан барынша жан-жақты ашып көрсетуге қабілетті, әсіресе қаһарман-кейіпкерлерді өздері өмір сүріп жатқан қоғамдық-әлеуметтік ортадағы мұраттар мен мүдделер қайшылығынан туындайтын қақтығыстар мен күрес-тартыстар үстінде ішкі жан әлемі мен сыртқы бітімін мейлінше толыққанды сипатта тұлғалай сомдауға әлуеті молынан жететін эпикалық түр. Мазмұны мен пішіні үйлесім тапқан романда эпикаға тән кең тыныстылықты, драмаға тән ширыққан тартысты, лирикаға тән нәзік сезімталдықты бірімен бірін жымдаса ұштастырып, қоянқолтық араластыра қолданылуға толық мүмкіндік бар. Әдебиеттің өзге түрлерінен ұшыраспайтын, тек романға ғана тән мұндай қарымдылық оның бойында аз ғана уақыт аясында қалыптасып үлгермегені шындық. Әрине, бұл тұстағы әңгіме тек қана қазақ романдарына қатысты болып отырмағаны түсінікті. Өйткені ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде туып, одан кейінгі 40-50 жыл көлемінде қалыптасу, кемелдену сатыларын ерекше пәрменді шығармашылық қуатпен бағындырып үлгерген қазақ романдарының қалыптасу, кемелдену кезеңдеріндегі бағыт-бағдарын белгілеуде ұлттық әдебиетіміздің көне дәуірлерден бастау алатын көркемдік дәстүрі де, Шығыс пен Батыс дүниесін қатар қамтыған шығармашылық байланыстардың әсерықпалы да мол болғанын есте тұту ләзім. «Роман көп жағдайда бүкіл әдебиеттің даму болашағын айқындай алады», - деп М. Бахтин айтқандай, романның адам мен жаратылыс қарым-қатынасын бейнелеуде зор мүмкіндік иеленуі, көркемдік-шығармашылық ізденістерінің сан алуан бағытта тармақтала, тереңдей өрістеуі, әдебиет дүниесінде жетекші жанрға айналуы осы ХІХ ғасырдан басталғаны хақ.

Адамзаттың тарихи жадында аса күрделілігімен, дүниетанымдық қарамақайшылықтарының тереңдей тарамдалуымен, қоғамдық-саяси және күрес-тартыстарының молдығымен және алуан бағыттылығымен, жалпы адамзаттық проблемаларының үстемелене көбеюімен сақталатын ХХ ғасыр әдебиеттің тарихында да идеологиялық-саяси қайшылықтарымен, соған сәйкес, бірде өзара үндесе, енді бірде бірін бірі түбегейлі жоққа шығаруға ұмтыла дамыған ерекшелігімен қалды. Ғасыр әдебиетіне тән идеологиялық және көркемдік сипаттардың барлығы бұл кезеңде әдебиеттің көшбасшы жанрына айналып үлгерген романда толығымен көрініс тапты.

Қазақ романының жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, қазақ әдебиетінде М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С. Көбеевтің «Қалыңмал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарынан бастау алған бұл жанр Кеңес үкіметі қалыптасып, жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М. Әуезовтің, Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің, Х. Есенжановтың, Ә. Нұрпейісовтің, І. Есенберлиннің, Т. Ахтановтың, М. Мағауиннің т. б. еңбектерібар. Қазіргі заман әдебиетінде Р-ның түрлі типтері қалыптасқан. Олар: әлеуметтік-психологиялық, тарихи, биографиялық, публицистикалық, т. б. роман-эпопеялардың пайда болуы. Романның дамуына кең мүмкіндіктерін танытты. Елдің жағдайына зор әсер еткен аса ірі тарихи оқиғаларды, халықтың тарихтағы шешуші күшін көрсететін роман-эпопеялар әдебиеттен барған сайын кең орын алып келеді. Мысалы, М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы әлемдік даңққа ие болды, ол - қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар мазмұн, форма жағынан жаңа сапаларға ие болды, бұған қоғамдық-саяси және тарихи-әдеби факторлар әсер етті. Сөз бостандығы мен ой бостандығы, бұрын тиым салынып келген тақырыптарға еркіндік берілуі жазушылардың белгілі тарихи фактілер мен тұлғалар өміріне деген көзқарасты дұрыс бейнелеуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде тарих сахнасында тұмшаланып қалған бейнелерді жаңғыртуға, халық басынан өткен оқиғаларды шынайы бағалауға мүмкіндік берді. Қазіргі тарихи романдарда терең психологизмді қолдану, ішкі монологтың қызметін күшейтуге ұмтылу және әртүрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану үрдіске айналды. Осындай жаңашыл сипаттар арқылы жазушылар халық ұлдарының бейнесін шынайы жасауға және тарих суреттерін дұрыс бейнелеуге қадам басты. Бұл ретте ұлттық характерлер шынайы ашылып, оқиғаны бейнелеуде ұлттық дәстүр, рухани мұралар кеңінен қолданылды.

Қазақ деген ұлт біреу-ақ, демек, оның тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті де біреу-ақ. Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы - жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі. Елбасы Н. Назарбаев: «Ұлттың рухани өмірі, оның мәдениетіне байланысты әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мән бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу - бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді», - деген болатын. Бүгінгі күннің кезек күттірмес міндетіне айналған бұл іс оқымысты қауымға да үлкен міндет жүктегені белгілі. Осы ретте академик С. Қирабаев: «Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі», - деп орынды пікір айтады. Тарихи проза дәстүрінің қалыптасуы әдебиетіміздегі тарихи аңыздармен, тарихи жырлармен, жыраулық мұраларымызбен, ақындық дәстүрмен, жазба әдебиеттегі көркем шығармалармен сабақтасып жатыр. Фольклортанушы ғалым А. Әбсадықов қазақ әдебиетіндегі тарихи аңыздарды зерттеуге арналған «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы тарихи аңыздар: мотив пен сюжеттер типологиясы, тұтастану мәселелері» тақырыбындағы диссертациясында «тарихи аңыздардың сюжеттік құрамының негізгі бастау арналары түркі-моңғолдық кезеңнен нәр алады. Бірақ олар қазақ қоғамында орын алған тарихи оқиғаларға байланысты өзгеріске ұшырап, оған сол кезеңде қалыптасқан қоғамдық-тарихи жағдай мен халықтық таным-түсінікке орай түзілген түрлі жамау, қоспалар қосылады. Аңыздар тарихи тұлғалардың атқарған қызметі мен бейнесін фольклорлық тәсілдермен, көркемдік дәстүрмен баяндайды. Аңыздардың басты мақсаты хабар-дерек беру болғанымен, оның мазмұнында тағылым-насихатқа, үгіт-өсиетке құрылған мәнді де маңызды ғибраттар орын алған. Бұл - уақыт пен замана тегеуріні мен көркемдік таным, тәсілдерінің әсерімен үнемі өзгерісте болып отыратын аңыз жанрының басты ерекшеліктерінің бірі», - деп келтіреді.

Біз сөз етіп отырған тарихи романдардың қазақ әдебиет жасампаздығында соны жеміс беруі қытайдағы этникалық қазақтардың әдеби үдерісін айналып өткен жоқ. Айталық, қытайдағы «мәдени төңкерістен» соң (1966-76) тарихи тақырыпты қамтыған роман жанры дамыды. Ж. Мырзаханұлының «Арман асуында», «Таңқурай»; О. Ахметұлының «Өзгерген өңір», «Көкбелес», «Құмдағы іздер», О. Әбділұлының «Ұстаз», Ж. Біләлұлының «Жондағы жорықтар», «Торғайлар», Т. Ырыскелдіұлының «Тасқын», «Тау тағысы», «Ұлы көш», Ғ. Қанапияұлының «Бұрқасын», Ш. Құмарұлының «Бөке батыр», «Көз жасы сарқылмайды», «Ертіс кілкіп ағады», «Ер Жәнібек», Ш. Қызырұлының «Дабыл», «Бұлаң дүние», «Қайқая шапқан Қаракер», Б. Құсбегиннің «Жан», «Зуқа батыр», Ғ. Біләлұлының «Ғасырлық қуғын», С. Жанболатовтың «Елжау күнби», «Саншора күнби», «Оңғай күнби», Ғ. Саржанұлының «Көресі», «Қайтауыл», З. Сәніктің «Басбай», «Сергелдең», І. Баянбайұлының «Селкеусіз сезім», тағы басқа романдары соңғы жылдар жемісі саналады.

Осы уақытқа дейін Қытайдағы қазақ жаушыларының қаламынан жүзден астам роман туды. Оның 80 пайызы тарихи тақырыптарға арналған. Біз бұл шағын мақаламызда осы тарихи романдардағы тұлғаларды толық қамти алмаймыз. Сол себепті С. Жанболаттың «Елжау би», Ш. Құмарұлының «Бөке батыр», Б. Құспегиннің «Зуха батыр» романдарындары туралы сөз қозғауды жөн көрдік. Бұл үш романның да өзіндік ерекшеліктері бар. Траихи тұлғаларының да сипаты әр түрлі. Сондай-ақ осы үш романдағы тұлғалар, тарихи оқиғалар арқылы тұтас Қытай қазақ тарихи романдарының ерекшеліктерін аңғаруға болады.

Белгілі жазушысы Сұлтан Жанболаттың «Елжау би» романы - қазақтың байырғы руларының бірі саналатын Үйсін елінің Хан империясымен дипломатиялық байланыс кездегі жағдайды сипаттайтын көлемді тарихи шығарма. Елжау би - (шамамен б. д. д. 177-104 жж. ) үйсін мемлекетінің билеушісі. Әкесі - Нәнди. Үйсіндер өз хандарын Күнби деп атаған. Үйсіндермен көрші иұзилер арасында бұрыннан келе жатқан жауласулар болды. Елжау емшектегі бала кезінде-ақ иұзилер оның әкесін өлтірген еді. Өзімізге белгілі, иұзилер Ғұн мемлекетіне бағынған еді. Ал үйсіндер ғұндарға өз еріктерімен қосылды. Осылайша емшектегі бала Мөденің қолына түседі. Мөде оны өз баласындай тәрбиеледі. Елжау ержетіп, өз бетімен үйсңндерді басқара алатын дәрежеге жеткенде, Мөде оны басшы етіп тағайындайды. Үйсіндер ғұндардан біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы III ғасырдың аяғымен II ғасырдың бас кезінде дербес мемлекет болып бөлініп шығып, өздерінше билік етеді. Олардың алғашқы астаналары Қызылқорған қаласы болды. Елжау Үйсін мемлекетінің негізін салушы болып есептеліп, оған Ұлы Күнбей лауазымы берілді. Олар Ұлы Қытай қорғанының ар жағына орналасты. Сосын ақырындап Тянь-Шянь тауынан кейін Жұлдыздан (қазіргі Іленің бас жағы) өтті. Олар шығыста ғұндармен, солтүстік батыста қаңылармен, оңтүстік батыста Ферғанамен, оңтүстік мемлекеттік қалалармен шектелген жерлерге орнықты. Уақыт өте Мөденің ұлы Лаушанның арқасында иұзилер жерінің кейбір бөліктерін өздеріне қаратты. Роман үйсін халқының басынан өткен аса ауыр кезеңдерді, б. д. д ғасырларда хан елі мен ғұн, ғұн мен үйсін арасында орын алған ірі-ірі оқиғаларды негіз ете отырып, нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір құбылыстары - бәрі де оның негізгі қаһарманы Елжау көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой-елегінен өте көрсетіледі. Елжау - романда әр қырынан көрінеді. Ең алдымен, ол хан тұқымы, тах мұрагері. Осы тұқымға тән билікқұмарлық, эгоистік сезімдерден де ол құр емес.

Адамгершілік мәселесі − өнермен бірге өмір сүріп келе жатқан мәңгілік мәселе. Соңғы жылдары қоғамның моральдық-этикалық ұстанымы барынша өткір қойылып отыр. Оған дәлел қандай қаһарман, кейіпкер болсын, тіпті қатардағы персонаждар болсын, бәрі де өмірлік авансценаға шығып, өз әрекетін танытады, әрқилы дәрежедегі характерінен хабар береді. Ал жазушылардың қаһарман болмысын жан-жақты суреттеу арқылы типтік характерлерді дүниеге әкелуі күрделі шығармашылық процесс екені белгілі. Сондықтан типтік бейнелер бір күнде туа қалмайды. Ол үшін уақыт керек және қаһармандар типтік жағдайларда көрінгенде ғана толымды шықпақ. Типтік бейне көркемдік идеяға қатысты түрде алынады. Бұдан әдебиеттің танымдық мәні де көзге түседі. Шығармада көркем характер берілуінің ерекше мәні бар. Ол жинақталып берілумен бірге, қайталанбас дербес тұлға ретінде суреттелуі де принципті шарт болып саналады. Шығармада қаһарманның ішкі және сыртқы күйлерін көрсете отырып, түрлі ситуацияларда, әсіресе сюжеттік даму барысында характер қырлары да ашылуға тиіс. Қоғам мен адам, адам мен табиғат арасындағы және адамның ішкі психологиялық, драмалық қайшылықтары шығармада әртүрлі тартыстар туғызуға себепкер болады. Нәтижесінде оқиғалар шиеленісе түседі. Мұның бәрі − қаһарманның мінезі арқылы оның іс-әрекетін де танытатын құбылыстар. Өмірде адамдық парыздың өтелуін сезіну үлкен салмақ жүктейтіні белгілі. Кейіпкерлер болса үнемі осындай талаптан шығуға ұмтылып, қиындық үстінде көрінуі шындыққа жақын. Бүгінде кейіпкердің адамгершілік белсенділігі айрықша танылуымен қатар, оның өзгелер тағдырына да ортақтас болып келуі маңызды мәселеге айналып отыр.

Елжау билік жасаған ежелгі Үйсін елінде б. з. б. ІІІ ғ. - б. з. алғашқы ғасырларына дейінгі аралықта мемлекеттің билігін күнбилер әулетінің 10 ұрпағы болғанын қытай деректерінен біліп отырмыз. Ол деректерді кезінде Қытайдағы зерттеушілер пайдаланған болатын. Алғашқы күнбилер әулетін атап көрсеткен кезде алдымен, ауызға Нәнді би түседі. Ол б. з. б. 177-жылдан бұрын билік жасаған екен. Одан кейін билікті Нәнді бидің баласы Елжау (Елсау-Т. О. ) би алып, б. з. б. 177 - б. з. б. 104 жылдар шамасына дейін өз қолында ұстаған. Содан кейін билік басына Елжау бидің немерелері келген. Алғашқы немересі Жөнші би б. з. б. 104 - б. з. б. 93-жылдар шамасына дейін билесе, одан кейін билікке келген екінші немере Дулының баласы Оңғай би б. з. б. 93 - б. з. б. 60-жылдар аралығында билікте болған екен. Осылайша үйсін тағын иемденуші күнбилер әулеті созылып кете береді. [1]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Роман жанры туралы түсінік
Мәдениет – ұлт-тіл тұтастығы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Қазіргі қазақ повесіндегі көркемдік ізденістер
Қазақ мемуарлық романы
Түпнұсқа және тәржіма: саймасайлық мәселесі
Көркем әдебиетті аударудың теориялық негізі
Әңгіме жанрын оқыту
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы әңгімелер: жалпы сипаты мен тақырыптық идеялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz