Ұлттық интернет журналистика және қазіргі журналистік зерттеулер


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Ақсұңқар Ташпулатова
Диплом жұмыстың тақырыбы:
Журналистік зерттеу жүргізудің отандық тәжірибесі
Мамандық 5В041200 - «Медиажурналистика»
Алматы, 2021
Реферат
Диплом жұмысының тақырыбы: Журналистік зерттеу жүргізудің отандық тәжірибесі.
Жұмыс көлемі: 60
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 38
Түйін сөздер : Отандық БАҚ, журналистік зерттеу, фактчек, тергеу журналистикасы.
Жұмыстың мақсаты: Журналистік зерттеу жүргізудің отандық тәжірибесіндегі ерекшеліктерді анықтау және сипаттау.
Зерттеу міндеті:
1) Жуналистік зерттеу тарихын зерделеу және отандық тәжірибедегі қолданысына тоқталу;
2) Журналистік зерттеу әдістері мен журналистиканың қоғамға ықпалы;
3) Отандық БАҚ саласындағы журналистердің шығармашылық жұмысын талдау;
Зерттеу пәні: Зерттеу журналистикасының қалыптасуы, дамуы, шетелдік ғалым, журналистердің пікірі мен зерттеу еңбектері. Отандық БАҚ-та қолданылған зерттеу журналистикасы.
Зерттеу әдістері: Жұмыстың басты ерекшелігі - зерттеу журналистикасының теориялық және практикалық тәжірибеде қолданылуы. Ғылыми түсінік, түрлі ғалым және журналист еңбектеріндегі материалдарды жинау және сипаттау, оның түсінігін, қамтитын аумағын және қоршаған ортаға әсері.
Зерттеу ақпараты: Теориялық база бірінші кезекте журналистика саласы, зерттеу журналистикасының басталуы (жолжазба немесе сапарнама), ұлттық журналистиканың тарихы, отандық БАҚ-та жарияланған ақпараттарды талдау болып табылады.
Алынған нәтиже: Ғылыми жұмыстың маңыздылығы оның ережелері мен нәтижелерін журналистік зерттеудің өзекті мәселелерін дамытуға, сондай-ақ тіл қолданысын және халыққа берілген ақпаратты сараптауға мүмкіндік береді.
Қысқаша мәлімет: Диплом жұмысы кіріспe, нeгізгі бөлім, қорытынды және пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тізімінен тұрaды.
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
Негізгі бөлім:
1. Журналистік зерттеу жүргізу тарихы . . . 6
1. 1. Журналистік зерттеу бағыттары мен ерекшеліктері . . . 15
1. 2. Журналистік зерттеудің шетелдік үлгісі және Қазақстан . . . 23
2. Отандық зерттеу журналистикасының қалыптасуы . . . 28
2. 1 Қазақ журналистикасындағы өзекті тақырыптардың зерттелуі . . . 35
2. 2 Журналистік зерттеу және әлеуметтік желі . . . 41
2, 3 Ұлттық интернет журналистика және қазіргі журналистік зерттеулер . . . 48
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58
КІРІСПЕ
Зeрттeудің өзeктілігі. Адамзат қоғамының үздіксіз дамып, ілгері жылжуы бұқаралық ақпарат құралдары саласының да дамуына тың серпіліс берді. Зерттеушілердің пікірінше журналистік зерттеу жүргізудің 150 жылға жуық тарихы бар. Атап айтсақ, алғашқы зерттеу еңбектері XIX ғасырдың екінші жартысында жарияланған. Ақпарат толқыны қалыптасып үлгермеген уақыттың өзінде авторлар жолжазба немесе сапарнамасында өзі қатысып отырған іске тікелей куәгер ретінде бірінші жақтан баяндайды. Олар бір зерттеу мақаласымен соңына повест немесе романға тең келер еңбек қалдырады. Мұнда автор жазған шығарманың көлеміне ғана емес құндылығына, тарихи дерекке, тілдік көркемдігіне, шындыққа жанасыуына баса назар аудару керетігін байқаймыз.
Журналистік зерттеу дегеніміздің өзі - қарапайым оқырманға мемлекеттегі саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік және түрлі саладағы күрмеуі қиын түйткілді мәселені түсінікті тілмен анық жеткізу. Жүйелі зерттеу жұмыстары баспасөз саласының беделін көтеріп, өрісін кеңітті. Журналистік зерттеу жұмысы тілдің ерекшелігі, ойдың жеткізілу тәсілі және оқырманға берілу стилі арқылы өзгешеленеді.
Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары бетінен сан түрлі тақырыпта жарияланған ақпарттарды көре аламыз. Осындай көп материалдардың ішінен зерттеу бағытында қалам тербеген журналистер кездеспей жатады. Бұл дегеніміз екінің бірі еркін көсіліп, айшықты тілмен оқырман күткен зерттеуді жаза алмайды дегенді білдіреді. Яғни, халық аудиториясына, оқырман сұранысына қарай ақпарат жеткізу мәселесі басты назарда тұрады.
Алдыңы аға буын журналистерден кейін тізгін жастардың еншісіне тигені белгілі. Әсіресе қазақ тілді журналистердің ізденісі көңіл қуантады. Диплом жұмысын жазу барысында «Журналистік зерттеудің отандық тәжірибесіне» тоқталатын боламыз. Сайт, газет-журнал, телеарна, радио арқылы оқырмандар жарияланған еңбектің сапасына баға береді. Өзіндік ой қалыптастырып, келесі бір адамға түсінігін жеткізуі де мүмкін. Дұрыс берілмеген ақпарат қоғамға кері әсерін тигізеді. Сондықтан отандық телеарна, радио, газет-журналдарда жарияланатын еңбектердің мазмұнын назардан тыс қалдырмау қажет.
Зeрттeудің мaқсaты мeн міндeттeрі. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты отандық журналистикадағы зерттеу жүргізудің тәсілдері, журналистердің шығармашылық жұмысындағы жіберген қателіктер мен ерекшеліктерді анықтау негіз болады. Ал аталған мақсатқа жету үшін мына міндеттер орындалуы керек:
- Журналистік зерттеу жүргізу тарихын зерделеу;
- Журналистік зерттеу бағыттары мен ерекшеліктеріне тоқталу;
- Журналистік зерттеу жүргізудің отандық тәжірибесіне тоқталу;
- Қазақ журналистикасындағы өзекті тақырыптардың зерттелуін қарастыру;
- Ел ішінде тарайтын телеарналарға шолу жасау;
- Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың тізімін қарастыру;
- Журналистік зерттеудің сипаты мен мәніне пікір білдіру;
- Отандық журналистік зерттеулер мен әлемдік тәжірибені салыстыру;
- Журналистік зерттеу жүргізу барысында отандық мамандардың жұмысына сараптама жасау;
Зeрттeудің ғылыми жaңaлығы . Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы «Журналистік зерттеу жүргізудің отандық тәжірибесін» зерделеу, көрерменге ұсынылып келген үздік материалдарды анықтау;
Зeрттeудің тeориялық жәнe әдіснaмaлық нeгіздeрі. Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі жайында журналистік зерттеу жүргізу туралы ғалымдар мен мамандардың еңбектері қолданылады. Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «АстанаTV», «КТК», «Хабар», «Хабар 24», «Еуразия» арналарындағы бағдарламалар мен отандық газет-журнал, сайттардағы ақпараттар негіз болады.
Жұмыстың құрылымы . Кіріспe, нeгізгі бөлім, қорытынды және пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тізімінен тұрaды.
- Журналистік зерттеу жүргізу тарихы
Халықты күнделікті ақпаратпен қамтамасы ету үшін барлық мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті халыққа қажетті ақпаратты күнделікті жеткізіп отыру. Заман талабына сай ақпараттар легі сағат сайын жаңаруда. Жаңалықты жылдам тарататын сайттар қатарына газет-журналдардың баспа түрінен бөлек ақпараттық сайты да қосылды. Баспасөз беттері арасында халыққа ең жақыны телеарналар екенін айырықша атап өткен жөн. Сондай-ақ, қазіргі уақытта әлеуметтік желінің де өз оқырмандары мен жеке аудиториясы қалыптасып келеді.
Қазіргі журналистік саланы жалпы үш бөлікке бөліп қарауға болады. Олар: көркем-публицистикалық, сараптамалық және ақпараттық. Журналистік зерттеу ертеден қалыптасып дамыған АҚШ-ты алып қарар болсақ, онда журналистика зерттеу журналистикасы және нақты журналистика деп екіге бөлінеді.
Әлем ғалымдарының пайымына сүйенсек журналистік зерттеу тарихының тамыры тереңде жатыр. Сөзімізге дәлел ретінде Стринберг Юханның 1879 жылы жазылған «Қызыл бөлме», Золян Эмильдің 1898 жылы тыңшылық қимылын көрсету үшін жазылған «Біз жеңеміз», Вольфт Теодордың 1899 жариялаған «Осы да саясат болып па?» мақалаларын тұңғыш журналистік зерттеуге жатқызуға болады. Десе де, алғашқы жасалған қадам сәтті басталып, Батыс журналистикасы мен әдебиеті дамудың даңғыл жолына түсе қойған жоқ. Америкалық ғалымдар мен журналистер ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында әлеуметтік мәселелерді қозғап жемісті зерттеулер жүргізе бастады. Америкадағы журналистік зерттеудің негізін қалағандардың бірі Клеменс Сэмюэл өз еңбектерін «Территориэл этерпрайз» газетінде оқырманға ұсынды. Америкадағы ұлттық әдебиеттің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ол қаламгерліктен бұрын сан түрлі қызметтің үдесінен шыға білді. Бірде су кемесінің тексерушісі, әріп теруші, газет тілшісі болды. Оның жазу шеберлігіндегі зерттеу ісінің ерекшелігі немесе іздестіруі - дәстүрлі Америка әдебиетінің сапарнама және жолжазба тәсілі арқылы жазылды. 1972 жылы баспадан шыққан Твен Марктың «Құпия оқиға» атты еңбегінде өзі кездескен оқиғаларға, материалдарға, деректерге талдау жасайды. Өзекті мәселелер көтерілген жұмысы оқырманды өзіне тартты. Қаламгердің сәтті қолданған тәжірибесі оқиғаға өзі де қатысып, бірінші жақтан куәгер ретінде баяндауы жаңалық әкелді.
«Аумақтық кәсіпорын» редакторы Джо Гудмен өз қызметкерлерінен «оларды қорғауға деген сенімділік пен батылдық» талап еткен кезде нені меңзегенін білу қиын. Бірақ С. Клеменс, мұнда 1862 жылы тамыз айында күніне 5 доллар жалақы алатын репортер ретінде қабылданды. Ол өзіне айтылған пікірді байыпты түрде қабылдады. Бұл себеп сендіру үшін жеткілікті. Өз мақалаларында жемқор шенеуніктерді, депутаттарды, судьяларды әшкереледі. Көп ұзамай болашақ жазушы Невада штатында өте ықпалды тұлғаға айналды. 1866 жылы мамыр айынан бастап Сан-Францискода шығатын «Морнинг қоңырау» газетімен серіктес болды. [1]
«Күміс үшін күрес» қозғалысы орын алған Невада штатындағы жағдай аясында, іскер адамдардың заңсыз іс-әрекеттері, лауазымды тұлғалардың озбырлығын көрсетуде журналистік зерттеу жүргізіліп, ақпарат беру және нақты деректер көрсетілген. Қаламгер еңбегінің ішіне жалпы зерттеу жұмыстарынан бөлек аталған жанр шеңберіндегі шағын зерттеулер де оқырман назарына берілген.
Филология ғылымдарының докторы, академик Қ. Жұмалиев Г. Лессиштің Грекия суреткерлері мен ақылгөйлерінің бір тектілігі туралы тұжырымын дамыта келе: «Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың дін, философия, этнография, саясат, тәлім-тәрбие, ғылым, тарих сәулесі - бәрінің басы түйіскен үлкен қазына. Мәдениеттің сәбилік дәуірінде дін, философия, этнография, тәлім- тәрбие, ғылым - бәрінің функциясын әдебиет, поэзия атқаратыны әр елдің тарихына тән нәрсе. Қазақ елінің ескіден қалған тарихи, әдеби мұралары да осыны көрсетеді», - дейді. [2, 31]
Қай ұлттың болмасын басына түскен қиындығы, қайғысы, қуанышы сөз арқылы жазылып, тарих бетіне сақталады. Мысалы, атап айтсақ, үкімет пен губернатор арасындағы сыбайластық, көрші шаттардағы түрлі жағдайлар және Морон тегіндегі азаматтардың әрекеттері, «Күміс үшін күрестің» Калифорния штатындағы қимылы, атқарушы билік органдарының Невада штатындағы қылмысы зерттелген. Автор осы зерттеу еңбегі бойына газет бетіне мақала емес бүкіл бір көркемдік һәм стильдік жүйесі қалыптасқан деректі роман жазып шықты. Өз шығармашылығында автор Твен Марк басқа үзеңгілес әріптестерінен ерекшеленеді. Ол зерттеу жұмыстарында із кесудің тұспалды әдісін және объективті тәсілін қатар қолданады. Тұспалдап іздеу барысында адамдар арасындағы әңгімелер (өсек-аяң, қалжың-әзіл), кен орнында кездескен сан түрлі оқиғалар, жалған жасалған құжаттар назарға алынған. Қаламгер қолданған мысқылдау, мөлшерлеу, тұспалдау тәсілдері оқиғаның бағыт-бағдарын өзгертіп нағыз журналистік зерттеу жүргізуге жол сілтеді. Келелі зерттеу үлгісі объективті әдісте оқиға куәгері, баспасөз бетінде, газеттерде жарияланған ақпарат қиындысы, анықтама, ресми құжаттар, шынайы деректер пайдаланылды. Қаламгер сол уақыттың өзінде ақпарат іздестіру үшін қазіргі кезеңде журналистер жиі пайдаланып жүрген тәсілдерді қолданған. Мысалы, әр түрлі оқиға барысында қаламгер «мамандық алмастыру» тәсілін табылған деректі нақтылауға, басынан соңына дейін баяндауға қолданады. Невада штатының дамып, гүлденуі Т. Марктың «Күміс үшін күрес» зерттеуінен басталады. Ол ел назарын өзіне аударып, тың деректердің бетін ашады. Конгресс бекіткен заң жобасы «Невада территориясын» құру заңына тоқталып өтеді. Автор негізгі тақырыпқа ойысып Невада штатында күмістің ірі шахтасы барын анықтап, 1858 жылы азаматтардың ол жерге өз еріктерімен көшіп барғанын, аз уақыт аралығында табысқа жеткенін айтады. Бір кездері кедей болған Невада штатындағы әкімшілік пен үкімет басшыларының байлық олжалаған іс-әрекеттерін, заңсыздықтарын нақты деректермен көрсетіп береді. Қаламгер кен орнындағы қызмет ауыстыру үрдісіне тоқталды. Мамандық ауыстыру жолында адамдардың эксперт жұмысшы, шахтер, бұрғылаушы, бастықтың көмекшісі сынды жұмыстарды ақша үшін заңсыз алмастырған оқиғаларды терең зерттеп, қоғамдық ортаға салып, халықты елең еткізді. Автор жазған еңбегімен Америка журналистикасында болмаған жаңалық ашты. Ол жеті негізгі дереккөзге сүйенді. Жергілікті эксперт қорытындысы, жеке тәжірибе, сырттай қадағалау, шахта өнімдерінің құрылымы, қаржы құжаттары, тарихи анықтама материалдары, күміс өңдеу технологиялық процесс деп жеке-жеке бөлуге болады.
«Романның әр парағынан «Бүкіл патша әскері» Вилли Старктың бейнесіндегі күрделі тұлға болып көрінеді. Әңгіме Джек Берденнің атынан баяндалады, ол губернатордың көмекшісі болғанға дейін «Кроникл» газетінің тілшісі болған. Дәл осы кейіпкер автордың асыл ойларының өкілі болып табылады және дәл осы жерде Берден өзінің журналистік зерттеуін жүргізеді, шығарма трагедиямен аяқталады:
Ал қожайын айтты:
- Әрқашан бір нәрсе бар. Мен айттым:
- Судья болмауы да мүмкін. Ол айтты:
- Адам күнә жасап, жексұрындықта дүниеге келеді. Оның жолы жөргегінен ұрлықпен басталып, жалғаса береді. Әрқашан бір нәрсе бар.
- Ұятыңмен жұмыс істе.
[ . . . ] Кішкентай Джек ар-ұжданымен жұмыс істеді, бұл сөзсіз». [3]
Барлық корольдік «Шайқас» романы, әрине, тергеу журналистикасы бойынша әдістемелік құрал емес, бірақ онымен танысу осы қиын жолға түскісі келетіндерге пайдалы болады.
Жаңа жанрдың әлеуметтік маңыздылығы қозғаған тақырыптарымен ерекшеленді. Мысалы, американдық жазушы Марк Твен шығармаларында қоғам шындығын алаяқтық, ірі қалалардағы еңбек бағамындағы әділетсіздікті жазды. Америкада XIX ғасырдың 20-40 жылдары белсенді түрде дамып келе жатқан өнеркәсіп революциясы ақша табуды мақсат етті. Іскер кәсіпкерлер өздеріне қолайлы жағдай іздей бастады. Солтүстік пен оңтүстік арасындағы Азаматтық соғыс (1861-1865) елдегі құлдықты жойды. Жалдамалы жұмыс күші босап, экономиканың қарқынды дамуына соңғы кедергі алынды. Болашаққа деген үміт пен сенім өзгерді. Бай болу идеясы кәіпкерлерді алға жетелеп, Американы сыбайлас жемқорлық басты.
Журналистік зерттеу жүргізген кітап авторы Твен Марк шығармашылығына арқау болған элементтерді мынадай етіп ретімен көрсетеді:
Бірінші, өзі қалам тербеген тақырыпқа кіріспе, яғни алдымен тақырыпқа бағыт-бағдар көрсетеді. Келесі негізгі бөлімде газет туындыларымен оқырманды таныстырып, өзге актілерді, оқырмандардың құқықтық аспектілерін тілге тиек етеді.
Екінші, халық назарын кен орнындағы жағдайға бұрады. Қаламгер өзі ұстанған күрес жолымен сарапшылар қорытындысын және газет мақалалары арқылы күміс алу технологиясын суреттейді.
Үшінші, кен игеру барысында автордың өзі байқаған деректер жеке тәжірибесі мен куәгерлердің ақпараты бойынша зерттеу жүргізеді. Осы үш бөліктегі жұмысы арқылы қаламгер бірегей журналистік талантын байқатып, із кесушіге тән шеберлігін көрсетеді. Осы қызметі арқылы көптің көкейінде жүрген күрмеуі қиын түйткілдердің тиегін ағытты. Қоғам сұрағына нақты жауап қатқан тиянақты зерттеуі мен ізденісі халық көңілінен шықты. Оның өмірдегі лас әрекеттер мен заңсыздықтарды ашық әшкере сынап, зерттеу жүргізуі көптеген келесі буын жаңа толқынның шығармашылығына тың серпіліс берді.
Журналистік зерттеу тарихының келесі ірі өкілі Флауэр Бенжамин. Ол өз қатарластарынан берік діндарлығы және терең білімімен ерекшеленді. Қаламгердің сыршыл бағыттағы журналистік зерттеулерін оқырман «Арена» журналынан оқыды. Қоғамдағы теңсіздікті ашық бейнелеген ақ пен қараны, ұлттық моральдің әлісреуін, парақорлық пен жемқорлықты, бай мен кедейдің белгілерін атап өтті. Теңсіздік жайлаған қоғамды өзгертуге күш салды. Осы шақта зерттеуші америкалық журналистер жүрегіне әділет қашанда жеңіске жетеді деген ұлы сенім ұя салды. Қарапайым халықтың қамы үшін журналистер түрлі келеңсіздіктерді сынға алып әшкереледі. Мысалы, медицина саласында елді алдап жалған дәрі-дәрмек өндірісін іске қосқандарға «Кольерс» журналы қарсылық білдірді. Журналист Адамс Сэмюэль 1905 жылы журналдың 7-қазан күнгі санына «Американың ұлы жалған әрекеті» атты мақалсын жариялады. Мақалада жалған сапасыз дәрі өндірушілерді қатаң айыптаған. Оның ел қалауынан шыққан дәлелді жұмысының бірі адамдарға таныс, жарнамасы қаптаған дәрілердің өзі науқасты сауықтырудың орнына одан әрі жағдайын қиындатқанын әшкерелейді. Себебі, дәрі құрамында қосымша химиялық заттар мен есірткі мөлшерінің бар екеніне нақты дәлел келтіреді. Нәтижесінде, халық арасында мақала тақырбы тұрақты тіркеске айналып кең тарайды.
«Бүгінгі күнге дейін журналистік зерттеулер американдық БАҚ-та өте танымал жанр ретінде қаралады. Рас, соңғы жылдары Роберт мак Чесны немесе Яаап ван Гинникен сияқты қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарының кейбір зерттеушілері батыс елдерінде және, ең алдымен, Америка Құрама Штаттарында журналистика ең қатал еркіндік пен өзін-өзі цензура жағдайында деп тұжырымдайды, бұл оларды тәуелсіз деп санауға мүмкіндік бермейді». [4]
«Кольерс» журналы 1909 жылы табиғи байлыққа құныққан Аляска Үкіметі заңсыздығына қарсы шығады. Осындай халық байлығын тонауға кіріскендерді қолдап-қорғауға сенатор Баллинжердің араласуы ел ішінде қызу талқыланды. Чикаголық журналист Синклер Эптонның мал соятын цехтағы ауыр жағдайды суреттеп жазған деректі романы «Саксес» журналында басылды. Журналист Ч. Рассел «Эврибодиз» журналына 1905 жылы «Дүниенің ең алып терісі» мақаласын жариялады. Циклді мақалада ірі байлардың кедейлерге жасаған озбырлығы айтылды. «Әлі жеткен алып та, шалып та жығады» дегендей білікті журналист қалталы байлардың озбыр әрекетін тура әшкереледі. 1907 жылы «Жынданған қаржы» мақаласын жариялаған журналист Лоусон қоғам алдындағы өз беделін өсірді. Саудада жолы болып, таралым саны күрт өсіп бес жүз мыңға жетті. Осы үрдістің келесі жалғастырушысы «Космополитэн» журналы болды. Олар бұл сәтті қадамды 1906 жылы наурызда жасады. Журналист Филлипедің «Сенат мүшесінің сатқындығы» мақаласы арқылы ел ықыласына бөленіп, беделі өсіп, мол табысқа ие болды.
XX ғасырыдың бастапқы кезеңінде журналистика саласында және бір жаңа сипат пайда болды. Ол дегеніміз: газет-журналдарда жарияланған мақалаларға оқырман пікірін беру еді. Бұл іске 1906 жылдан бастап ерекше белсенділік танытқан «Эмэрикэн мэгэзин» газеті еді. Оқырман тілегін назардан тыс қалдымай олар жіберген сан түрлі пікірлер мен мақалаларды «Бұзылған үй» айдарында жариялап отырды. Журналистік зерттеу бағытындағы ізденістер мен мақалалар, түрлі еңбектер АҚШ-тан бөлек басқа шет мемлекеттерге де жылдам таралды. Бұл жанрды негізінен сынни немесе әшкерелеуге бағытталғанын айырықша білген жөн. Аталған жанрдың қалыптасуына еңбек сіңірген барлық журналитердің ортақ ерекшелігі - адамдарға тең дәрежеде баға береді. Шындықты бүкпесіз айтып, тепе-теңдікті сақтап, объективті бағыт ұстанады. Олар өздеріне берілген мүмкіндік арқылы қарапайым оқырман атынан сөйлеп, озбырлардың алдауына берілмейді. Сөзімізге нақты мысал ретінде жоғарыда атап өткеніміздей, «Вашингтон пост» және «Вашингтон» газеттерінің журналистері Вудворд Боб пен Бернстайн Каолдың сыншыл цикілдік мақалаларын атап өтуге болады. Қос журналист мақалаларының қорытындысы бойынша Никсон Ричард АҚШ президенттігінен кетті және «Уотергейт» қылмысы әшкереленді.
«Уолрафтың әдістері таза емес, бірақ олардың зерттеу журналистикасы үшін таңғажайып тиімділігін мойындауға болмайды. Оның өзі: «Мен әдістерімді ақтамаймын. Мен оларды қажет деп санаймын ». Міне, біз ең бастысы: тергеуші журналист өз қызметінде мораль мен этикаға жатпайтын нәрсеге жүгінуге құқылы ма? [5]
Қазіргі зерттеушілер назарын Жапония журналистикасындағы «Макрейкер» журналистердің қызметі, ұстанған бағыты қызықтырады. Көршілес Ресей мемлекетіндегі «Совершенно секретно» газетінің пайымдауынша сыбайластық, түрлі қылмыстар, жоғары лауазымды тұлғалар тарапынан қысым жасалады. Еуропа елдерінде журналистік зерттеулер тиімді нәтиже көрсетеді. Әлем елдеріндегі жағдайға қарап-ақ журналистік зерттеу жұмыстары сыншыл сипаты басымдыққа ие болып, із-кесуші мақалалар жазылатынын байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz