Халел Досмұхамедовтың еңбектері


Кіріспе2
1 Халел Досмұхамедовтың өмірі мен қызметі7
1. 1 Х. Досмұхамедовтың - еңбек жолы7
1. 2 Х. Досмұхамедов - Алаш қозғалысының ірі тарихи тұлғасы18
2 Халел Досмұхамедовтың еңбектері30
2. 1 Х. Досмұхамедов рухани мұрасы30
2. 1 Қазақтың саяси зиялылары және Халел Досмұхамедов49
Қорытынды68
Пайдаланған әдебиеттер тізімі71
КіріспеДипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі уақытта өткен мен қазіргі арасындағы тарихи байланысты зерттеу маңызды ғылыми және танымдық мағынаға ие. Қазақ халқының тарихында ең бір өзекті әрі күрделі, қарама-қайшылықтарға толы - Алаш қайраткерлерінің өмірбаянының толығымен зерттеу мәселесі болып табылады.
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде: «Бұл дүниеде түрлі данышпан, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңірген адамдарды қадірлеу - елдіктің белгісі», -деп көрсеткен екен. Әділетіне жүгінсек, тәуелсіз ел тұғырының биік болуы үшін жан аямай еңбек еткен Халел Досмұхамедов сынды біртуар азаматтардың рухын еске алып, есімін қастерлеу, әрі оны туғанына 140 жыл толып отырған шақта «Дара тұлға» деп ұлығылау бәрімізге ортақ парыз болуға тиісті.
Қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын аянбай еңбек еткен Алаш зиялыларының қатарында Халел Досмұхамедовтың есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыз қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге талпынды.
Халел Досмұхамедовтың мұрасы баспасөз беттерінде, оқулықтарда көптеп айтыла бермейді. Отандық тарихымызда әлі де сырлары ашылмаған, көптеп көңіл бөлетін тұстары аз емес. Халел Досмұхамедовтың мұрасын зерттеу, тұлғасын тану біздер үшін парыз.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Большевиктік ұрандар мен социалистік идеяны қабылдамаған, азамат соғысы жылдары кеңес билігіне қарсы тұрған Алаш зиялыларының өмірін, қоғамдық-саяси қызметін, жалпы Алаш партиясының тарихын зерттеуге кеңестік дәуірде мемлекеттік деңгейде тыйым салынды. Бұл 1930 жылдардан 1980 жылдардың соңына дейін сақталды. Сталиндік қуғын-сүргін жылдары қазақ зиялыларының «халық жауы» деген жаламен сотталып, тіпті сотсыз атылғаны тарихта мәлім. Сондықтан Алаш зиялылары туралы қатарында Халел Досмұхамедұлы болған жетекші қайраткері туралы жазуға, зерттеуге болмады, олар туралы шындық айтылмады. Халел Досмұхамедұлы 1958 жылы толық ақталғанынан қарамастан, бұл жағдай ұзақ уақыт бойы сақталып келді, тек тәуелсіздік алған жылдардан бастап көптеген арнайы зерттеулер жарық көрді. Қайта құру кезеңінде қайраткер туралы алғашқы жазылған, 1984 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген «Алғашқы қазақ дәрігерлері» атты шағын кітапша жарыққа шықты.
1991-1992 жж. Халел Досмұхамедовтың кезінде өзі жазып, басып шығарған «Исатай-Махамбет», «Аламан» [1] атты жинақтары қайтадан басылып шықты. 1993 жылы Алматыда, 1994 жылы Атырау қаласында Халел Досмұхамедовтың туғанына 110 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференицялар өткізілді. Бұл шаралардың барлығы Халел Досмұхамедовтың ғылыми мұрасын зерттеуге, дәріптеуге арналған алғашқы маңызды шаралар болды.
«Исатай-Махамбет» (1925) [2] атты шағын кітап, бүгінгі өлшемдермен қарағанда, - сауатты оқырманға беретін әсер, ойы мол дүние. Кітапқа жазылған алғысөздер және тиісті ғылыми түсініктемелер классик ақынымыздың өмірбаяндық шығармашылығына да, шығармаларына да өз сәулесін түсіреді. Бұл басылым бүгінгі таңда көп қолданылып, зерттелген шығармалар тәрізді болғандықтан кейінгі ізденушілер оған көңіл айдаруды азайтқан сияқты. Алайда Махамбет шығармаларының жаңа басылымдарын дайындауда түпнұсқа ретіндегі Х. Досмұхамедұлының кіпаптарымен салыстырған жөн. Өйткені Махамбеттің соңғы басылымдарында баспалар тарапынан еркіндіктер көп кеткен. Сол тәрізді Исатай-Махамбеттің өмірбаяндық мәліметтері мен қоғамдық, шығармашылық қызметтері туралы зерттеулерде Халел Тосмұхамедұлының «Исатай - Махабет» атты кітабына мұқия көңіл бөлу де теріс болмас еді. Өйткен осы басылымда Исатай өмірі мен Махамбет шығармашылығының сыдырта оқудан көзге ілінбей қалған мәліметтері аз емес.
Қазақ қоғамдық санасында үлкен орны бар мемлекет және қоғам қайраткері, ірі ғалым Халел Досмұхамедұлы туралы еліміздің көрнекті қаламгерлері мен ғалымдары Ғ. Қабдолқайырұлы [3], Ғ. Әнес [4], А. Мектепов [5] біраз мақалалар мен ғылыми еңбектер жазды.
Осы еңбектерде Х. Досмұхамедұлының азамат ретінде қалыптасуына әсер еткен ұстаздары - әлемге әйгілі ірі ғаламдар: И. П. Павлов, В. Бартольд, В. Радлов, Бодуэн де Куртенье т. б. туралы деректі мәліметтер бар. Оны латын тіліне қоса түрік, парсы, араб, орыс, неміс, француз тілдерін меңгерген, осы тілдерде еркін сөйлеп, оқып жаза білген талантты жас ғалым ретінде сыйлаған. әсіресе, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы зиялы қауым Халел Досмұхамедұлын лингвисть, фольклористь, тарихшы-этнограф, шебер аудармашы ретінде білген.
Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақпаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмұхамедовтер және басқалары - негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері» [6, 157 б. ] - деп Алаш зиялыларының сауаттылығына, интеллектуальды әлеуетіне әділ баға берген еді.
Қазіргі уақытта саяси қуғын-сүргін мәселелеріне және жалпы туған өлкенің тарихына әлеуметтік қызығушылық артты, сондықтан осы тақырып саласындағы ғылыми еңбектер жанданды. Сондай-ақ, бірнеше онжылдықтар бойы барлық кеңестік қоғамды қудалаған осы саяси репрессияның себептері мен ерекшеліктерін анықтау маңызды. Көптеген бұрынғы ГУЛАГ тұтқындары, атылған мен лагерлерде болған зиялылардың балалары мен немерелері әлі күнге дейін барлық шыңдықты біле алмайды. Тарихи дәуірдің халық үшін белгілі бір ауық кезеңінде, тарих сахнасына ұлт болашағы үшін аз ғана күрескерлер тобы шығады. Олар өздеріне халық бұқарасын тартып, соңынан ілестіріп, күрес жолына түседі. Бұл оларды біріктіруге, күресуге, жасауға, құруға мәжбүрлейді. Тарихымызда мұндай мысалдар көп. Бұл адамдарға Алаш партиясының көшбасшыларын да жатқызуға болады. Интеллигенцияның рөлі барлық уақытта өте маңызды болды, ол ХХ ғасырдың басында өте маңызды болды. Бұл мәселені қазақстандық тарихшылар белсенді зерттеді: ол К. Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» [7] , М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» [8], Т. Жұртбай «Ұраным-Алаш» [9], Д. А. Аманжолова «Алаш: исторический смысл демократического выбора» [10] және т. б. ғылыми еңбектерінде жарық көрді.
Қорғансыз елінің қамын ойлап бастарын қауіп-қатерге тігіп, бес облыстан жиылған қазақтың зиялылары Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Сейдалин, Бақытжан Қаратаев, жетісулық Барлыбек Сырттанұлы, торғайлық Міржақып Дулатұлы 1905 жылдың желтоқсан айында Теке қаласында Ресейдегі кадеттер партиясының үлгісімен ұлттық саяси ұйым құруға әрекет жасағанда араларында студент Халел де бар еді. Кешікпей патша өкіметіне қарсы бас көтерген Ресей жұмысшыларының әрекетінен түк шықпай, аяусыз басып-жаншылып, елде қуғын-сүргін басталды» - деп «Досмұхамедов Халел» атты еңбегінде Ш. Тілеубаев [12, 142 б. ] .
«Барлық Қырғыз облыстары РСФСР-дің Халық Комиссарлары кеңесі тағайындайтын Әскери революциялық комитетінің басқаруында болады. Сондықтан Алаш Орданың Қырғыз (Қазақ) Ревкомына қосылуы, Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамына Алашорданың біраз мүшелерін қабылдау арқылы болуы мүмкін. 1919 жылдың 20-желтоқсанына дейін Кеңес үкіметі жағына шыққан Батыс Алашорда мүшелеріне Қырғыз Ревкомы олардың қауіпсіздігі мен жеке құқықтарына ешкімнің қол сұқпайтынына кепілдік береді» - деп атап көрсетіледі. Ал Х. Досмұхамедов осы Батыс Алашорда үкіметінің басшыларының бірі болған еді деп С. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың: тарихи очерктер» еңбегінде жазады [11, 51 б. ] .
Алайда дәрігер Халел Досмұхамедұлы туралы аз-кем дерек берілгені үшін бұл еңбек дүкендерден жиналып алынған болатын. Қоғамдағы саяси қыспақ аз да болса бәсеңдегенімен, Халел Досмұхамедов сияқты қазақ зиялыларының еңбектері сонда да жарыққа шықпай, 1980 жылдардың аяғына дейін кітапханалардың арнайы қорында құрып астында ұсталды. Тіпті қайраткердің туғанына 100 жыл толған мерейтойлық кезеңде де ол туралы жазу мүмкіндігі болмады. Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алып, өз алдына ел болғаннан кейін Х. Досмұхамедовтің туған жерінде ескерткіш қойылып, Атырау университетіне, Алматы мен Атырау қалаларындағы бас көшелерге есімі берілді.
Қорыта келгенде, қазақстандық тарихнамада Халел Досмұхамедов қазақ автономиялық қозғалысының басқа басқшыларының қызметі ұзақ уақыт бойы бір жақты теріс бағаланғаны белгілі. Алайда 1980-шы жылдардың соңынан бастап бұрын жабық мұрағат көздеріне қол жеткізу ашылды, тарихшылар мен публицистердің зерттеу қызметі жандандырылды. Нәтижесінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар, Мұстафа Шоқай және басқалар сияқты көрнекті өкілдерінің саяси өмірбаянына және тағдырына жаңа жарық түсіретін жұмыстар пайда болды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты: Алаш қайраткері Халел Досмұхамедовтың ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси қызметін зерттеу және Қазақ саяси элитасының қалыптасуындағы Халел Досмұхамедовтың қосқан үлесін зерделеу болып саналады.
Осыған орай мына міндеттер орындалады:
- Халел Досмұхамедовтың өмірбаяны, еңбек жолының алғашқы кезеңдерін зерттеу;
- ХХ ғасыр басындағы Халел Досмұхамедовтың Алаш ордадағы қоғамдық саяси қызметінің рөлін айқындау;
- Халел Досмұхамедовтың рухани мұрасы (газет беттерінде жарық көрген мақалалары, еңбектері, әдеби шығармаларын) талдау;
- Халел Досмұхамедовтың Қазақтың саяси зиялыларымен қарым-қатынасын зерделеу;
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Халел Досмұхамедовтың өмір жолына және қоғам қайраткері ретінде жазылған зерттеулер және оның рухани мұрасы
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: Отандық тарихымыздағы Халел Досмұхамедовтың орны.
Зерттеу жұмысының деректік негізі: Жұмыстың негізіне тәуелсіздікті алғаннан кейін жарық көрген Халел Досмұхамедовтың еңбектері, жеке зерттеулері және баспасөз материалдары алынды. Сонымен қатар, Алаш партиясының бағдарламасы, Алаш қозғалысына қатысты жарыққа шыққан құжаттар жинақтары. Х. Досмұхамедовтың «Таңдамалы еңбектері», Алаш зиялылары туралы жазылған тарихшылардың еңбектері, Алашорданың Батыс бөлімшесі туралы мақалар, арнайы зерттеулер негізге алынды.
Халел Досмұхамедов қазақ халқының әдебиет қорына теңдесіз еңбек қалдырып кетті. Таңдамалы еңбектерінде жарық көрген «Қазақ халқының әдебиеті» мақаласында «Аңыздар да (предания) саны жағынан аса мол, мазмұны алуан түрлі. Аңыздар түрлі тарихта аты белгілі кісілерге, құрылыс, қала, қорымдарға және т. б., әлдебір ру, ата не тұтас тайпа немесе қайсыбір оқиғаларға байланысты болып келеді. Қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ және басқа түркі тектес халықтардың шығуы туралы аңыздар, Шыңғыс хан, Жошы хан, Жәнібек хан, Жиренше, Асан Қайғы, Қазтуған және басқа тарихи болған немесе аты аңызға айналған тұлғалар туралы аңыздар да алуан түрлі және олар қазақтың немесе өзге бір түркі халқының тарихын жазуда үлкен демесін бола алады. Бұхарадағы Көгілташтын салынуы, Қазығұрт тауы, Байтақтам, Қорқыт Ата» - деп анықтап дәлел көрсетеді «Таңдамалылар» еңбегінде[13, 54 б. ] .
Халел Досмұхамедов көп тіл білген, яғни жеті жұрттың тілін меңгеруге күш салғаны, оған мұрша-мүмкіндігі болғаны да осы Петербургте оқыған студенттік кезі еді. Ол алдымен ана тілін сүйді, қадірледі. «Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші . . . Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт», дейді ғалым-дәрігер. Ал оның мына бір тарихи жазбасы тура бүгінгіге бағытталғандай әсер қалдырады: Ата тілін жақсы біле тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл - сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлеген, бұл - күйініш. Ана тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпау керек» [13, 262 б. ] .
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі: Объективтілік, тарихылық, жүйелілік, салыстырмалық және талдау, жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық-аумақтық шеңбері: ХХ ғасырдың басы (20-40 жылдар) аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қоғам қайраткері, Халел Досмұхамедовқа байланысты зерттеулерді, Халел Досмұхамедовтың рухани мұрасын бір жүйеге келтіру жинақтау болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы: Дипломдық жұмысым тек қана теориялық жағынан емес, практикалық жағынан да қолдануға болады. Халел Досмұхамедов жайлы зерттеулер жоғары оқу орындарында қолдануға болады және мектеп оқушыларына қосымша курс ретінде жүргізуге болады. Менің дипломдық жұмысыма байланысты ұсынысым: тоғызыншы және оныншы сынып арасында «Алаш қайраткері: Халел Досмұхамедов мұрасы» атты қосымша курс өткізілсе деймін. Бұл қосымшада Қазақ халқының біртуар азаматы Халел Досмұхамедовтың өмір жолы, мединицаға қосқан үлесінен бастау алып, Алаш қайраткерлігі жолындағы байланысты мағұлматтар беруге болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр тарау бөлімшеден екі бөлімшеден бар.
Негізгі бөлімнің бірінші бөлімінде Халел Досмұхедовтың отбасы, шыққан тегі, қоғам қайраткері ретінде сіңірген еңбегі жазылды;
Жұмыстың екінші бөлімінде Халел Досмұхамедовтың рухани мұрасы және Алаш үкіметіне байланысты талдаулар жинақталған;
Қорытынды да жалпы осы тақырыпқа байланысты түйінді ой. Дипломдық жұмысқа байланысты ұсыным айтылған.
- Халел Досмұхамедовтың өмірі мен қызметі
«Қаншама ұстамдылықпен және сыпайылықпен жүргізілсе де, ассимиляциялық саясаттың жүйесі бәрібір қысым көрсетусіз, бәз бір ұлыстық құқығын шектеу жүзеге аспайды, сондықтан да ол екінің біріне ұнай қоймайды. Бірақ етек жая бастаған доктринадағы әсіре марапаттауды, тек пайдалы екендігін ғана жалау ететін ниет аңғара отырып, біз бір ұлттық екіншісіне жұтылу саясатын біздің қоғамымыздағы орыстандыру саясатын - елге «орыстандыру» деген сөзді орыстардың империядағы өз ұлыстарды жұтуы мағынасында түсінетін болсақ - ақтап алудың еш ретін таппаймыз» [1, 114 б. ] .
Халел Досмұхамедов 1883 жылы 24 сәуірде Атырау облысы Қызылқоғам ауданы Тайсойған құмында дүниеге келген. Қазақстандағы Алаш қозғалысының қайратері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери-реальдық училишесінің дайындық класына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітірді. Осы жылы жоғары оқу орнына оқуға түсу үшін даярлық класында оқыды. 1903 жылы Санкт-Петербургтері Императорлық әскери медициналық академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып, оқуға түсті [3, 14 б. ] .
Орал қаласының Батыс Қазақстан облыстық мұражайының қорында 26318-В құжатында Халел Досмұхамедовтың 9 маусым 1903 жылы жазған Санкт-Петербург Императорлық әскери медицина академиясына өтініші бар және оқу орнына жіберілген құжаттар тізімі тіркелген.
- Орал әскери-реалды училищесін бітірген туралы аттестат және әзірлік класын бітірген бағалары берілген;
- Туу туралы куәлік (анықтама) ;
- Әскери қызметін өтеу жөніндегі анықтамасы;
- Барлық құжаттарының көшірмесі;
- дана суреті.
Осы жылдың қыркүйегінде Халел Досмұхамедов Санкт-Петербург Императорлық әскери медицина академиясына студент болып оқуға қабылданады. Студенттік шағында Орал облыстық земстволық стипедия тағайындалған.
1908 жылы 2-інгі желтоқсанында Халел Досмұхамедовтың Тоқтыбаева Сағира Жармағалиқызына үйденгені жөнінде анықтама құжаты тіркелген. Сағира-18 жаста, Халел-25 жаста делінген [3, 15-16 бб. ] .
Сонымен қатар Халелдің оқу орнына жазған өтініштері бар, үйленуге рұқсат сұраған, жас семьяға бөлме сұраған, стипендия туралы жазылған, Бұл өтініштерінің бәрі де қанағаттандырылған. Стипедияны Сағираның әкесі 6 ауыл старшинасы ай сайын 50 рубль мөлшерінде Халел Досмұхамедовке төлеп тұрады делінген. Барлық стипендия 90 рубль деп белгіленген.
Сонымен қатар 5 жыл бойына оқытылған сабақтары мен өткен практикаларының бағалары қойылған анықтама қағазы - выпускное бар.
Ал медицина академиясының дипломы Халел Досмұхамедовтің қолына әскери борышын және практикасын толық аяқталған соң берілетіні айтылған.
Халел Досмұхамедовтің студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргіліп, жергілікті «Фикер», «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып болып жатқан саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде Ресей кадеттері партиясының жергілікті бөлімшесі есепті құралған Қазақ конститутциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б. Қаратаев, М. Бақтыгереевмен бірге сайланды. 1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәргер атағымен бітіріп, офицер ретңнде келісімді мерзімге әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-інші Түркістан, 2-інші Орал қзақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәргерлік өтеуге жіберілді. Осы жылдары Орал қалалық ауруханасында бір жыл мамандандыру курсын өтеді. 1912-1913 жылы 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталады. 1913 жылы Орал облысының вице-губернаторы берген 6618 куәлікпен әскери борышын өтеуден босап, Орал облысы Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасты. 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Темір дәрі хақында», «Сары кезік-сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» деген кітабы өз кезінде обы індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды [5, 84 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz