Алаш ұранды Сарыарқа газеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1ҚАЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІНІҢ ТАРИХЫ . . .

1. 1ХIХ ғасырдың II жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақ мерзімді баспасөзі . . .

1. 2Алаш ұранды «Сарыарқа» газеті . . .

1. 3Мерзімді баспасөз тілінің зерттелуі . . .

2«САРЫАРҚА» ГАЗЕТІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЛЕКСИКА . . .

2. 1«Сарыарқа» газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканың семантикалық топтары . . .

2. 2«Сарыарқа» газеті бетіндегі қоғамдық саяси лексиканың генетикалық қабаттары . . .

2. 3Басылымдағы жаңа қолданыстардың қалыптасу жолдарына талдау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінде тамыры тереңде жатқан, ғасырдан да ұзақ ғұмыры бар қазақ баспасөзі тарихының әлі де болса, зерттеуге зәру боларлық тұстары бар. Соның ішінде Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қайта қарау - бүгінгі заман талабы. Төңкеріске дейінгі қазақ баспасөзінің тарихын Халижан Бекхожин, Бейсембай Кенжебаев, Тауман Амандосов, Үшкөлтай Субханбердина т. б белгілі ғалымдар зерттеп, жазып шықты. Бұл еңбектерде «Қазақ», «Сарыарқа», «Ақ жол» сынды газеттер ғылыми тұрғыдан біржақты бағаланғанымен, объективті бағасын ала алмады. Саяси цензураның, түрлі сүрлеу-соқпақтардың салдарынан тіл білімінің зерттеу жұмыстырына кері әсер еткен жайттардың бар екендігі баршаға мәлім. Тек егемендігімізді алғаннан бастап, баспасөздің қоғамдағы рөлі арта түсті. Газеттің «төртінші билік» құзыретіне жеткен уақытында оның саяси мәселелерді шешудегі ықпалы мен функциясын зерттеудің маңызы зор.

Сондай зерттеуді қажет ететін қазақтың жалпыұлттық демократиялық басылымдарының бірі - Сарыарқа газеті. Басылым бетінде қолданылған қоғамдық-саяси лексиканың қалыптасуы мен дамуында «Сарыарқа» газетінің маңызы орасан зор. Атқарған қызметі ұшан-теңіз екендігін көрсетеді. Мұның өзі «Сарыарқа» газетінің тілін арнайы зерттеудің қажеттілігін тудырумен қатар, бұл мәселенің күн тәртібінен түспейтін тақырыптың өзектілігін де айқындай түседі.

Бүгінгі күнге дейін «Сарыарқа» газетінің тіліне тоқталып, тілдік ерекшеліктерін нақты талдап көрсеткен зерттеу жұмысы жазылған емес. Сәйкесінше, бұл дипломдық жұмыс зерттеудің өзектілігін нақтылай бермек.

Жалпы, Алаш баспасөзі шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және тілі (А. Байтұрсынов) бола білгендігі, халықтық сипатының басымдығы нақты деректермен дәлелденді, ерекшеліктері айқындалды.

Бүтінде бұқаралық ақпарат құралдарында пайдаланылып жүрген көптеген қоғамдық-саяси терминдер қазіргі лексикалық мағынасы мен стилистикалық реңктерінде ең алғаш «Сарыарқа» газеті бетінде қолданылған болатын. Яғни, «Сарыарқа» газеті жаңа замандағы, жаңа әлеуметтік-саяси бағыттағы қоғамдық-саяси лексиканың негізін қалаған тұңғыш қазак, мерзімді басылымы болды. Сондықтан да, жалпылай алғанда, қазақ тілінің бүгінгі және болашақтағы қалыптасу, даму тарихында «Сарыарқа» газетінің маңызы зор, өзі «Сарыарқа» газетінің тілін арнайы зерттеудің қажеттілігін дамуында, жекелей алғанда, қоғамдық-саяси лексиканың тудырумен қатар, бұл мәселенің күн тәртібінен түспейтін атқарған қызметі ұшан-теңіз екендігін көрсетеді. Мұның актуальдылығын да айқындайды.

Әр ақпараттың ескіден бастау алатындығын ескерсек, «Сарыарқа» баспасында пайда болған нұсқалардың қазіргі әдебиетіміздің мәдениетімізді зерттеуде баға жетпес асыл қазына екендігі даусыз. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарында басылымдардың ақпараттық, үгіт-насихаттық тұрғыдағы жүргізілген қызметтері дами бастады. Дәл осы уақыттары совет қоғамы, оның ішінде басылымдарға деген пікір едәуір саясаттандырылды. Бұның өзі басылымдардың қоғамдық - лексикасы қатарының өсуіне өзіндік ықпалын тигізді. Ал, 1960-1970 жылдары тілімізде қалыптасқан қоғамдық - саяси лексика элементтері жайлы Р. Барлыбаев еңбегі арқылы біліуге болады. Бұл тұста шығып тұрған басылымдардың түгелі дерлік бір идеологиялық мақсатқа, коммунистік үгіт-насихатқа, саясатқа жұмылдырылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. «Сарыарқа» газетінде қолданылған қоғамдық-саяси лексиканың саны мен сапасын анықтау. Қоғамдық-саяси лексиканы классификациялау және оған семантика-стилистикалық сипаттама беру. Жаңа қоғамдық-саяси ұғым-түсініктерді білдіретін шет тілдік лексиканы анықтау олардың қолданылу ерекшеліктерін айқындау. «Сарыарқа» қоғамдық-саяси лексикасын сол кезде тұстас шығып өзге де қазақ мерзімді басылымдарындағы қоғамдық-саяси лексикамен салыстыру және сол арқылы оның өзіндік ерекшеліктерін көрсету. «Сарыарқа» бетіндегі қоғамдық-саяси лексикаға жататын атаулардың стилистикалық мағыналарын функционалды стилистиканың, публицистикалық стильдің бір бөлшегі ретінде қарастырып талдау және сипаттау. «Сарыарқа» газетінің қоғамдық-саяси лексикасын этимологиялық, генетикалық және семантика- стилистикалық тұрғыдан талдап, сипаттау. «Сарыарқа» газетінің қоғамдық-саяси лексикасын статистикалық және стилистикалық тұрғыдан талдау, оның нәтижелерін қазіргі мерзімді баспасөз материалдарындағы қоғамдық-саяси лексикамен салыстыру. Кітапта мынадай басты-басты мәселелер қамтылды: «Сарыарқа» газетінің қоғамдық-саяси лексикасы тұңғыш рет зерттеліп, ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ тілі публицистикалық стилінің негізгі ерекшіліктері айқындалды. «Сарыарқа» газеті мен оның қоғамдық-саяси лексикасының публицистикалық стильді және қазіргі қазақ әдеби тілін дамытудағы ролі көрсетілді. Қазақ тіліне жаңа саяси, әлеуметтік ұғым-түсініктердің енуі және олардың «Сарыарқа» газеті арқылы тілде орнығуы айқындалып, талданды. Қазіргі қазақ мерзімді баспасөзіндегі қолданылып жүрген қоғамдық-саяси лексиканың «Сарыарқа» газетімен іштей сабақтастығы ашып көрсетілді.

Зерттеудің нысаны. Семантика-стилистикалық тұрғыдан «Сарыарқа» газетінің тіліне талдау жасау.

Зерттеу пәні . «Сарыарқа» (1917-1918) газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканы топтастыру.

1 ҚАЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІНІҢ ТАРИХЫ

  1. ХIХ ғасырдың II жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақ мерзімді баспасөзі

Тамыры тереңде жатқан, ғасырдан да ұзақ ғұмыры бар қазақ баспасөзі тарихының әлі де болса, зерттеуді қажет ететін тұстары бар. Соның ішінде Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қайта қарау - заман талабы. Ғылыми тұрғыдан біржақты бағаланғанымен, түрлі сүрлеу-соқпақтардың себебінен зерттеу жұмыстарына кері әсер еткен жайттардың бар екендігі баршаға мәлім. Тек тәуелсіздігімізді алғаннан соң ғана баспасөздің қоғамдағы рөлі арта түсті. Газеттің «төртінші билік» құзыретіне жеткен уақытында оның саяси мәселелерді шешудегі ықпалы мен функциясын зерттеудің маңызы зор.

Қазақ баспасөзінің қоғамдағы әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуге деген талпынысы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Дәлірек айтқанда, қазақ баспасөзінің алғашқы қадамы 1870 жылы жарық көрген «Түркістан уәлаяты газетінен» басталады. Газет Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет шығарыла бастаған. Алғашында қосымша деп хабарланғанымен, көп ұзамай жеке газет ретінде басылып тұрды. Оған дәлел ретінде «Түркстан ведомстыларының» редакторы қызметін атқарған Н. П. Остроумовтың мына сөздерін келтіруге болады: «Аталған «қосымша» Түркстан ведомстыларының редакциясына қаражат жағынан болмаса, басқа ешқандай қатысы болған жоқ. Осы жағдайда ол 13 жыл бойы, 1883 жылға дейін шығып тұрды. Газетті шығарушы басында генерал-губернатордың тілмашы Ибрагимов, ал кейін генерал-губернатор канцеляриясының тілмашы Чанышев болды . . . 1883 жылдың басынан бастап Түркстан генерал-губернаторы генерал-лейтенант Черняевтың бұйрығымен газет редакциясын басқару маған тапсырылды. Сонымен бірге оны қырғыз тілінде шығару тоқтатылып, ол сарт тілінде жұмасына бір рет шығатын шағын газетке айналды» [1, б. 127] . Түркістан өлкесін билейтін генерал-губернаторлардың ресми органы болғанымен, бұл газетте жарияланған Орта Азия халыктарының тарихы мен этнографиясы, археологиясы және географиясы жөніндегі материалдардың мәні зор болды [2] . Ш. Уәлихановтың көп танысының бірі газеттің редакторы - Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал басылымның аудармашы әрі әдеби қызметкерлері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайқыәлібеков, Жүсіп Қазыбековтар жұмыс атқарды.

«Түркістан уәлаяты газетінің» ресми бөлімінде патша өкіметінің бұйрықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімінде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер және әйел теңдігі мәселелері қаралды. Мұндағы жанр мәселесіне келетін болсақ, алғашында орыс журналистикасының әсерімен келген заметка, корреспонденция, мақала, фельетон, очерк секілді баспасөз жанрларының түрлері пайда болды. Тұңғыш газет өз оқырмандарына Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты біртуар перзенттерінің өмірі мен еңбек жолдарына алғаш болып танысуларына мүмкіндік жасады [3, б. 7] .

Қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығашы атанған аталмыш басылым екі мақсатта шығып отырды. Негізгі мақсаты - жергілікті қазақ халқының сауатын ашу, мұң-мұқтажын жаза отырып, жағдайын жақсартуға себепкер болу. Алайда газеттің патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын қазақ халқына мойындату және орыс тілін шала үйретуді ұстанғандығы жасырын емес.

«Түркістан уәлаяты газетінен» кейінгі қазақ тіліндегі екінші газет - «Дала уәлаятының газеті» жаңадан құрылған Омбы генерал-губернаторының органы ретінде Омбы қаласында 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін 14 жыл қатарынан жарық көріп тұрған. Жұмасына бір рет шығып тұрған газеттің орысшасы «Киргизская степная газета» деп аталған. Газетте әр жылдары редактор болғандар: И. Козлов, К. Михайлов, Г. Абаза, А. Попов, Д. Лавров. Газетті қазақша шығару ісін басқарушылар: Ешмұхамед Аблайханов, Дінмұхамет (Дінше) Сұлтанғазин, Рақымжан Дүйсембаев [4, б. 9] .

Өзінің мақсатына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, реакцияшыл, отаршылдық саясатын үгіттейтін мақалаларды жариялайтын басылым болды. Ал ресми емес бөлімінде егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, көпшілікке пайдалы ғылым, білім, мәдениет жаңалықтары, ел басқару, сауда ісін жолға қою және т. б. көптеген мәселелерді қамтыды.

Қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына ықпал еткен басылымның өзіндік ерекшеліктері бар. «Дала уәлаяты газеті» басқа жергілікті газеттерге қарағанда қазақ бұқарасының тұрмысын, оның шаруашылық жағдайларын, мәдени тіршілігін толығырақ көрсетіп отырған газет болды [4, б. 10] . Сонымен қатар, газет бетінде аударманың бірінші адымы жасалынып, араб әліпбиі негізіндегі қазақ жазбасында алғаш рет тыныс белгілері қолданылды.

1879 жылы орталығы Орынбор қаласында облыстық басқарманың баспасөз орталығы құрылған сәттен бастап оның ресми органы шыға бастады. 1895 жылдан бастап бұған қосымша «Тургайская газета» деген атпен ресми емес бөлімі шығарылып, ол 15 жылдай өмір сүрді [5, б. 27] . Газетте Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызмет жолы жайында жазылған жазбалар жарияланды.

«Торғай газеті» жалпақ жұрттың кәдесіне жарайтын материалдарды орыс алфивитімен және араб графикасымен қазақ тілінде жиі жариялап отырды. Газет бетінде сол замандағы індет пен жұтқа байланысты ақпараттар, қоғамда болып жатқан құбылыстарды сынау мақсатында жазылған фельетондар, халық ауыз әдебиеті мұралары көрініс тапты. Орыс әліпбиінің икеміне келтіріліп, таза ұлт тілінде материалдарды шығару баспасөздің тарихында «Торғай газетінен» басталады.

Орынборда шығатын баспасөз органдарына жетекшілік еткен Торғай облыстық басқармасы газет столының төрағасы Ғ. Балғынбаев болды (1902-1906 жылдар) [5, б. 27] . Қазақ Совет Энциклопедиясынан Ғ. Балғынбаевтың тілшілік қызметіне қатысты бір ғана сөйлем жазылған: «Торғай облыстық ведомстволары» газетінің редакторы (1902) Ғ. Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай өзі де жиі-жиі мақалалар жазып тұрды» [6, б. 128]

XX ғасырдың бас кезінде қазақ интеллигенциясының өкілдері - демократ ақын, жазушылар шығарған прогресшіл-демократтық бағыттағы «Қазақ газеті» (1906), «Серке» (1907), «Қазақстан» (1911-13), «Ешім даласы» (1913) газеттері мен «Айқап» (1911-15) журналы қазақ халқының ой-санасын оятып, жаңа революция өрлеу қарсаңында ұлт-азаттық қозғалысын өрістетуге ықпал етті [7] .

1905-1907 жылдар қазақ баспасөзінің тарихнамасында қазақ даласындағы революциялық толқулар мен тарихи өзгерістер кезеңіндегі баспасөз деген атпен белгілі. Осы жылдарға тән мерзімді баспасөз деп, патша самодержавиесін құлатуды мақсат тұтқан екі басылым - «Қырғыз» (қазақ) және «Серке» газеттерін айтуымызға болады.

Жалпыхалықтық революциялық қозғалыстың әсерімен 1906 жылы февральда «Қазақ газеті» шықты [8, б. 68] . «Торғай газетінің» 1906 жылы жарияланған бір санындағы заметкада «газеттің редакторы Х. Сосновский, бастырушы Қостанайдың қазағы Е. Иманбаев» екені, газет орыс және араб әрпімен екі тілде, орыс және қазақ тілінде басылатындығы жазылған [9] .

1907 жылы 28 наурызда Санкт-Петербургте қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси «Серке» газеті шықты. Ол татардың «Улфәт» газетіне қосымша ретінде шыға бастады. Басшысы - Шаһмардан Қосшығұлов, редакторы - Әбдірашид Ибрагимов болды. Бірақ газет саяси реакцияның өршуіне байланысты жабылды. Газеттің шығуы мен жабылуына байланысты Б. Кенжебаев келтірген мәліметтерді Н. Омашевтың қазақ журналистикасына қатысты көптомдық еңбектерінің 1-томынан көруге болады: «1906 жылдың ақырында «Үлфәттің» қазақ оқушыларына арнап қазақ тілінде «Серке» атты екі жетілік газет шығаруға қарары болды. Келесі жылы март айының басында сол газеттің жариялануы шықты. Ол «Үлфәт» газетінің қосымшасы болып шықты. Газет шыққан соң бірер күн өткеннен кейін полиция келіп, қала начальнигінің «Серке», «Үлфәт» газеттерінің ұсталғаны туралы әмірін оқып, басқармада бар даналарын жинап алып, құлыптап кетті. Екінші күні тиісті орындардан себебін сұрағанымызда, олар: «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар. Содан ұсталды деп жауап берді» [10, б. 253] .

Отаршылдық езгіге қарамастан, бейресми төл басылымдардың дүниеге келуі мұнымен тоқтап қалмады. Орыс революциясынан кейінгі жылдарда саябырлаған ұлттық бейресми газет-журнал шығару ісі революциялық өрлеу жылдарында (1910-1912) қайта жанданды. Нәтижесінде екі айтулы басылым жарыққа шықты. Оның бірі - 1911 жылдың 11 қаңтарынан Троицк қаласында шыға бастаған қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» та, екіншісі - оның ізін ала әуелі Бөкей ордасында, 5-санынан бастап Орал шаһарында жарық көрген «Қазақстан» газеті [10, б. 254] .

Әсіресе «Айқап» журналының жарыққа шығуы төлтума баспасөзіміздің шежіресінде ауыз толтырып айтарлықтай ерекше оқиға деуге болады. Журналды қазақ жұртшылығы шынайы қуаныш сезімімен қарсы алды. Өйткені журнал өзінің мақсатына сәйкес қазақтың арман-тілегі мен мақсат-мүддесіне жетудің жолын қарастырды. Оның қоғамдағы алатын рөлі туралы Ү. Субханбердина: «20-ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың январынан бастап, 1915 жылдың сентябрь айына дейін Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың əлеуметтік, саяси өмірінде, əдебиет пен мəдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды» деп жазады [4, б. 24] .

Қазақ тіліндегі алғашқы қоғамдық-саяси және әдеби журнал 1911 жылы қаңтарда Троицк қаласында шыға бастады. Журналдың редакторы талантты публицист Мұхаметжан Сералин болды. Журналда Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Молдағали Жолдыбаев, Спандияр Көбеев, Бақытжан Қаратаев және т. б. көрнекті қоғам қайраткерлері мен жазушылардың мақалалары жарияланды.

Журналдың «Айқап» деп аталуының мәнісін М. Сералин алғашқылардың бірі болып «Қызмет иесі мырзаларға» атты мақаласында түсіндірген: «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ісі бар? Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы жоқтарымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің жөні табылмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтау үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтымақсыздығымыз-ай» дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға, «ендігі сайлауда көреміз, қап, бәлем-ай!» дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайық «Айқап» болды» [11] .

«Айқап» журналының бетінде жарияланған жазбаларды профессор Б. Кенжебаев тақырып пен мазмұн тұрғысынан төмендегідей 9 бөлімге бөлген:

  1. Саяси-әлеуметтік мақалалар
  2. Әдеби шығармалар, әдебиет мәселелері
  3. Қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жай-күйі және маңызды мәселелері
  4. Ана тілі, әліппе, емле мәселелері
  5. Қазақ әйелдерінің жайы, бостандық, теңдік мәселесі
  6. Дәрігерлік, агротехникалық кеңестер, ғылым табыстары
  7. Ішкі-сыртқы хабарлар
  8. Кітап сындары
  9. Тілші хаттары, жауап хаттар [7, б. 26-30] .

Азаттық қозғалыстың өрлеу жылдарында дүниеге келген қазақ демократиялық баспасөзінің бірі - «Қазақстан» газеті. Газет алғашқыда Ордада, кейін Орал қаласында 1911-1913 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Оның редакторы Елеусін Бұйрин болды. «Қазақстан» қазақ қоғамының прогрессивті дамуында маңызды рөл атқарды. Басылым жалпы демократиялық және ағартушылық бағытқа ие болды. Өзінің өмір сүрген үш жылында 18 саны жарық көрді. Демократиялық ойды дамытуда Б. Қаратаев, Е. Бұйрин, С. Меңдешев сынды публицистердің қосқан үлесі зор.

Х. Бекхожин: «Қазақстан» газетінің ерекшелігі - одан бұрынғы «Түркістан уалаяты» және «Дала уалаятымен» салыстырғанда (бұл органдарға әсерін тигізген заманның түбірлі айырмашылығын сөз етпегенде) ол патшаның отаршылдық әкімшілігінің ресми органы болмағандығында» деп басты ерекшелігіне тоқталады [12, б. 45] .

Газет бетіне шыққан материалдардың ішінде мына мақала көпшіліктің назарын аударды: «Бұл күнде халық екіге бөлінді: бірі капиталистер - байлар табы, екіншісі жұмысшылар - пролетарлар табы. Байлар жұмысшыларды арзан жалдап алуға тырысып, оларға таң атқаннан күн батқанша жұмыс істетті. Мұндай ауыр жағдайға наразы болған жұмысшылар еңбегіне қарай жалақы алу үшін, күніне 8-10 сағаттан артық жұмыс істемеу үшін күресті» [13] . Көріп отырғанымыздай, мақаланы барша оқырманға түсінікті етіп, екі тап өкілдерінің арасындағы кикілжіңнің себеп-салдарын нақты атап көрсеткен. «Қазақстан» газеті елде болып жатқан әлеуметтік-саяси ахуалдарды тілге тиек етуімен, халықты егіншілік және сауда-саттыққа шақыруымен ерекшеленеді.

Басылымда елдің әлеуметтік, мәдени және экономикалық әл-ауқатының өзекті мәселелері көтерілді. Газет көшпелі қазақты отырықшылыққа, өнер-білімге, орыс халқының мәдениетімен таныс болуға насихаттады. Мысалы, Б. Қаратаев «Азаматтарға» деген хатында көшпелі өмірдің күні өтті, көшпенділік және партиархалдық-феодалдық тұрмыстың салты мәдениеттің дамуына бөгет жасайды деп жазды. Кертартпа элементтерге соққы бере отырып, ол қазақтың еңбекші бұқарасын поселке болып тұруға, пайдалы кәсіппен айнылысуға, балаларды мектепке оқытуға шақырады [14, б. 25] .

Қазақ журналистикасының жылнамасындағы маңызды кезең - прогрессшіл қазақ зииялыларының саяси орталығына айналған «Қазақ» (1913-1918) қоғамдық-саяси газетінің жарыққа шығуы. Қазақ халқының мүддесін алға тарта отырып, «Қазақ» газеті ұлтының трибунасы мен құқық қорғаушысы бола білді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде ол барлық процесті объективті түрде қамтып, халықты ынтымақтастық пен бірлікке шақырды. Газет прогрессшіл ұлттық интеллигенцияның саяси жұмысын ұйымдастырушы болды. Ондағы негізгі мақсат - тәуелсіздік үшін күрестің тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады. «Қазақ» партиялық бағытты ұстанды. «Алаш-Орда» ұлттық партиясы «Қазақ» газетінің идеяларының әсерінен құрылды. Газет Ресей мұсылмандарының съезін белсенді түрде жариялады. Онда патшаға бағынышты халықтар діни талаптарды ғана емес, сонымен қатар саяси талаптарды да алға тартты.

Тұңғыш жалпыхалықтық «Қазақ» газетінің көшбастаушысы әрі бас редакторы - Ахмет Байтұрсынов, бастырып шығарушысы - Мұстафа Оразаев болды. Ұлттық газет жеті жылдан астам уақыттан кейін пайда болды, дегенмен архивтік деректерге сәйкес, «Қазақ» деген атпен қазақ газетін шығаруға рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылы 9 желтоқсанда берілген. Мұхтар Әуезовтің «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген мақаласынан газеттің шығу мерзіміне сәйкес берілген бағасын көруімізге болады: «Қазақ» газетінің мезгілі . . . қазақ жұрты 1905 жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына келді . . . Бұл тұтынған жолында «Қазақ» газеті өз міндетін дөп атқарды» [15] .

«Қазақ» апталық газетінің алғашқы саны 1913 жылы 2 ақпанда Орынборда шыққан. 1915 жылдан бастап ол аптасына екі рет шыға бастады. Газетте ұлтымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі, ішкі және сыртқы саяси жағдайы, экономикалық-әлеуметтік, мәдени, оқу-ағарту, дін мәселелері жан-жақты қамтылған.

«Қазақ» газеті оқырман қауымға өзінің ұстанымын, көздеген мақсаты мен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақаладан алынған осы үзіндіде
Алаштың жолы
Кадет партиясының мүшесі
Алаш қозғалысы басталуы, тұтастығы, қатысушылары
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ
Алаш арыстары және әдебиет
Алаш зиялыларына қарсылық
Қазақ баспасөзiнiң дерекнамасы мен тарихнамасы
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz