Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын оқытуда ұсынылатын әдіс - тәсілдер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Орындаған: Қуанышбек Диана
Тобы:ҚТ-Ж-17
Жетекшісі: Абиева Гулжайна
Қызылорда, 2021 оқу жылы
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.1. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының педагогикалық технологиясының құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ тарау. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Негізгі орта білім беру сыныптарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану ерекшеліктері ... .
2.2. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын оқытуда ұсынылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Тәжірибелік бөлім. Мектепте жүргізілген тәжірибелік жұмыстың нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен 9 - сыныпқа арналған үлгілік сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІҮ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі:
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Бүгінгі күні сыни тұрғыдан ойлау технологиясы Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін қолданылатын оқытудың негізгі әдісі болып табылды.
Курстық жұмыстың зертеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептегі негізгі сынып оқушысының сын тұрғысынан ойлау арқылы қызығушылығын дамыту
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Негізгі мектептердегі оқу-тәрбие процесі
Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты: Негізгі мектеп оқушыларына сын тұрғысынан ойлау стратегиясын оқытуды ғылыми тұрғыда сипаттап, ғылыми практикалық тұрғыдан тұжырымдау
Курстық жұмыстың зерттеу міндеттері:
-Оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін мәліметтерін жинақтау;
-Сыни ойлаудың жалпы ұғымын ашу, қасиеттерін сипаттау;
-Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының тиімділігін анықтау, зерттеу ;
-Негізгі орта білім беру сыныптарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы ерекшеліктерін қолдану
Курстық жұмыстың зерттеу көздері:
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы туралы ғылыми теориялық, ғылыми әдістемелік оқулықтар мен әдебиеттер,басылым материалдары, бейнероликтер мен интернет ресурстары жатады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
-негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс;
- мәліметтерді талдау, жинақтау;
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Егер, мен негізгі сыныпта қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы арқылы оқушының қызығушылығын арттырсам, онда оқушылардың сыни ойлау қабілеттері қалыптасады,білімнің тәрбиелік маңыздылығы жоғарылайды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден 2 тараудан, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І тарау. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының мәні
Қазіргі уақытта еліміз білім берудің жаңа үлгісіне көшуді бастап кетті, оған себеп білім берудің парадигмасының ауысуы. Мәселен: оқытудағы түрлі әдіс- тәсілдер, жақын қарым-қатынас, оқушының құндылықтары мен ұстанымы, сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу сияқты түрлері. Сонымен қатар бұрынғы мұғалім тақырыпты үйретуші болса, қазіргі мұғалім тек қана бағыт беруші, ал оқушы-ізденуші, зерттеуші болу керектігін зерделедім.
Бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелін нанымды жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушы қалыптастыруды мақсат ететіндігін өз тәжірибемнен байқадым.
Шынында да сыни тұрғыдан ойлауға байланысты әдіс- тәсілдерді қолданғанда оқушылар әрқашан болжамдарды тарқатуға белсене кіріседі, бірлесіп тұжырымдамалар мен идеялар ұсынады.
СТО-ның маңыздылығының нәтижесі:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған.Мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғысынан ойлауы.Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің тәсілінен
1) Қызығушылықты ояту - жаңа сабақты түсіндіру кезеңіндегі үйрену
2) Мағынаны тану - жаңа сабақты бекіту процесі. БұлV (білемін), (білмеймін), + (мен үшін жаңа ақпарат),Ой-толғаныс - сабақты қорытындылау кезеңі.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының мәні болып табылатын факторға:
1) оқушыларды ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;
2) оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
3) оқушының пікірін күлкіге (әжуаға) айналдырмау;
4) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, анық болуы жатады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.Оқушыға дайын білім бергеннен гөрі, оқушының өз бетімен білім алу жұмыстары ұйымдастырғанымыздың артықшылығының көп екенін түсіндім.
2.1. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының педагогикалық технологиясының құндылығы
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.
Сыни ойлау -- бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технологияға деген негіз бар.Сыни тұрғыдан ойлау ойлау туралы ойлану деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау -- бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс -- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін -- өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат - әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы - оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:
1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3. Проблеманы шеше білу.
4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
1. Әдіс түрлері.
2. Белсенді практикалық іс -- әрекетте болуы
3. Басқалармен қарым -- қатынас жасай білу, қорғай білу.
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5. Топтық тұжырымға келе білу.
6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа модулінің бірі - оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру. 2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау. 3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру.
ІІ тарау. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
...отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.
Н.Ә Назарбаев.
Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. "Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді- деген Ы. Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технология мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін - өзі дамытуына, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша арнайы семинар - курстан өттім. Бұл технологияны өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын тәжірибеге енгізу - жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс - әрекетінің жүйелі дамып, отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.
Шығармашылық дегеніміз - адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Әр оқушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру негізінде жұмыстанамын.
Шығармашылық - ізденушілік тақырыбым: Сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту - оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Бағдарламаның ішкі құрылымы 3 деңгейден тұрады.
І.Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан басталады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңде "Топтау", "Түртіп алу", "Ойлану", Ой қозғау, "Жұпта талқылау", "Болжау", "Әлемді шарлау" т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) қолданылады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Сондықтан сабағымды бастамас бұрын ең алдымен ұйымдастыру кезеңіне қатты көңіл бөлемін. Ең алдымен, оқушыларды психологиялык дайындықтан өткізу керек. Оқушыларды бір-біріне жылы сөз, жақсы лебіз немесе тілек айтқызуға болады. Мұндай іс-әрекет оқушылар арасында өзара сыйластық, түсінушілік, достық қарым-қатынасты жандандырады.
ІІ.Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар сызбаға немесе тірек схемасына сүйеніп, жұмыстарын жалғастырады. Мысалы: тақырыпқа байланысты не біледі, соны жазады өз білімін, тәжірибесіне сүйеніп немесе өздері тақырыптық сызба жасаулары мүмкін. Бұл жұмыстарды орындау барысында балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып, білімдері кеңейеді
Белсенді түрде оқу. Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс - тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, үйренгенім, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе Эссе жазу, еркін жазу тәсілдерін пайдаланады. Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі - топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым - оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:
2.1. Негізгі орта білім беру сыныптарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану ерекшеліктері
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері шын мәнінде, бұл бүкіл технологияның негізгі тезисі. Ол шын мәнінде тұжырымдамалық және одан әрі түсіну мен баяндауды айқындайтын. Сабақтарда біз мәтіннің негізгі екі түрі - ақпараттық (ғылыми, публицистикалық) және көркемдік жұмыс істейміз. Технология тәсілдері негізінен мәтіндердің екі түрінде де бірдей жұмыс істейді. Оларды қолдану жөнінде көптеген ұсыныстар беруге болады, бірақ бастысы туралы ұмытуға болмайды: жоспарлау кезінде жеке тәсілдер мен стратегиялардың тартымдылығы емес, сабақтың мазмұнды жағы айқындаушы болып табылады. Сонымен, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы сын-пікір - рефлексия схемасы бойынша сабақ құруды ұсынады және тәсілдер мен стратегиялар жиынтығын ұсынады. Біз осы технологияның ең жиі қолданылатын негізгі тәсілдерінің сипаттамасын ұсынамыз. Кластерлерде ақпарат беру қабылдау Кластерлер (идеялар блоктары) немесе грозди -- бұл оқу материалын ұйымдастырудың графикалық тәсілі. Есте сақтау үшін қандай да бір жазбалар жасай отырып, біз жиі интуитивті, оларды ерекше түрде таратамыз, санаттар бойынша құрамыз. Материалды жүйелеуде Грозди-графикалық қабылдау.
Біздің ойларымыз дауыстап емес, найзағай, яғни белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ережелер өте қарапайым. Күн жүйесінің моделін сызыңыз: жұлдыз, планета және олардың серіктері. Ортасында-жұлдыз: бұл біздің тақырып. Оның айналасында-планеталар, яғни үлкен мағыналық бірліктер. Оларды жұлдызмен түзу сызықпен байланыстырамыз. Әрбір планетада - өз серіктері, спутниктерде-өз. Егер жазбаша жұмыс кезінде ой қоры таусылса, кластерлер оқушыларға көмектеседі. Кластерлер жүйесі әдеттегі жазбаша жұмысқа қарағанда көп ақпаратты қамтиды. Бұл әдіс, біз ақпаратты негізгі көзмен (мәтінмен) танысқанша сұрақтар немесе мағыналық блоктардың тақырыптары түрінде жүйелендірген кезде шақыру кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері рефлексия кезеңінде бұл тәсіл үлкен әлеуетке ие. Бұл алдын ала кластерлерде дұрыс емес болжамдарды түзету, оларды жаңа ақпарат негізінде толтыру, жекелеген мағыналық блоктардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау (Жұмыс жеке, топтарда, бүкіл тақырып бойынша немесе жеке мағыналық блоктар бойынша жүргізілуі мүмкін). Жаңа кластерлердің тұсаукесері өте маңызды кезең болып табылады. Бұл нысанның міндеті материалды жүйелеу ғана емес, сонымен қатар найзағайларарасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орнату. Мысалы, мағыналық блоктар өзара байланысты: аймақтың ерекшеліктері және ішкі саясат. Тапсырма бір немесе бірнеше найзағайды ірілендіру, жаңаларын бөлу болуы мүмкін.
Сабақта шақыру кезеңін көптеген әдістермен, соның ішінде сізге жақсы таныс әдістермен жүзеге асыруға болады. Мысалы, әңгіме ойлап табуға немесе оларды белгілі бір ретпен қоюға болатын кілт сөздерді беру, содан кейін ұғыну сатысында материалды кеңейте отырып, өз болжамдарын Растауды іздеу.
2.2. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын оқытуда ұсынылатын әдіс-тәсілдер
Тәжірибе жинақтау барысында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын оқытуда мынадай әдіс-тәсілдерді ұсынамын:
Блум түймедағы:
Қарапайым сұрақтар -- Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.
Дәлелдеуші сұрақтар -- Егер мен дұрыс түсінсем, онда ...?
Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар -- Әдетте неге? деген сөзден басталады.
Бағалау сұрақтары- Неге ... жақсы, ал ... жаман?... ... айырмашылығы неде?
Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- Қалай ойлайсыздар, ... кейін (егер) ... қалай болады?Яндекс.
Практикалық сұрақтар -- Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?
Инсерт (шартты белгілері)
V
Егер, сіз өзіңіздің ойыңызбен сәйкес келеді десеңіз, не болмаса білемін десеңіз;
+
(қосу) егер, сіз өзіңізге бұл жаңалық десеңіз;)
--
-(азайту), егер, сіз өзіңіздің білгеніңізбен сәйкес келеді десеңіз, не болмаса осы туралы білсеңіз;
?
Егер, сіз маған түсініксіз десеңіз, осы сұрақ бойынша толық мәлімет алғыңыз келсе
Ойлану мен оқуға арналған өзіндік белсенділік жүйесінің белгісі:
V - білдім
+ - жаңа
-- - басқаша ойладым
? - түсінбедім, сұрағым бар.
Түртіп алу әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* оқылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалау;
* ойлаудың іске асуын белгілеп отыру (маркердің көмегімен);
* бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастыру;
* берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау;
* мәтін мен оқылған проблемаға сұрақ қою, тұжырымдау;
* алда оқылатын проблеманың бағытын анықтау;
* таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары:
1 қадам: мәтінді оқу, мысалы, Мектеп. Мектеп ұжымы мынадай белгілермен:
V - маған таныс;
+ - мен үшін жаңа;
- - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;
? - бұл туралы тереңірек білгім келеді.
2- қадам: өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылау.
Эссе немесе Еркін жазу әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* оқылған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады;
* проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай алады;
* ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады;

Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: тақырыптың қойылуы.
2 -қадам: оқушыларға тақырып бойынша түсінгендерін 5 (10) минут бойы үздіксіз жазғыза беру (тақырып бойынша білгендерін), ойларына не келсе, соны жаза беру, және тақырып бойынша бір ғана сұрақ беру.
3 -қадам: жазғандарын әуелі жұпта бір-біріне оқып беру, сосын топта оқылады, жазылғандарды кері байланыс жасау үшін мұғалім жинап алады
Тоғысқан пікірталас әдісі:
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* проблемаға қарама - қарсы көзқараста қарай алады;
* идеялар ұсыну ;
* шешімді өлшей қабылдау дағдысын қалыптастыру;
* пікірлестер мен қарсыластарды есту және тыңдай білу;
* қарама- қарсы көзқарастарды талдау және түсіну ;
* қарсыластардың ұстанымын түсіну мақсатында сұрақтар қою және тұжырымдау;
* дәлелдемелер арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;

1 қадам: Қай жерде лас болмаса, сол жер таза ма? проблемалық сұрағының қойылымы
2 қадам: Т- сызбасы немесе Пікірталас карта бойынша жұмыс (әр оқушының жеке жазба жұмысы):
Қай жерде лас болмаса, сол жер таза ма?
Ия
Жоқ
Дәлелдемелер
Дәлелдемелер
3- қадам: жұптық жұмыс ( Т-сызбасы бойынша талдау).
4 -қадам: Т-сызбасыбойынша жазылған қорытынды нәтижесі (жеке).
5- қадам: ұстанған бағытарына қарай бөлу - ия, қарсы, қалыс қалушылар.
6- қадам: өз бағыттарын қайткенде де қорғап шығу үшін өз топтарында салмақты дәйектемелер дайындайды.
7- қадам: Пікірталас жүргізу: бір жақ өзінің бағытын және бір дәлелін айтады. Қарсы жақ олардың дәлелін тыңдап, қайталап, талқылайды. Сонан соң өз бағытын қорғауға дәлелін мәлімдейді. Осылайша екі жақ кезектесе сөйлейді. Күмәнданушылар екі жаққа сұрақ қойып, бағыттарын ашуға тырысады. Ол пікірсайыс жүргізушісі екі жаққа да әлсін-әлсін оларда сұрақ туған-тумағанын сұрап тұрады:
Кезегінде жүргізуші : Кім бағытын ауыстырғысы келеді? - деп сұрақ қояды.
Пікір сайыс қорытындысын шығару.
Кластер әдісі
Күтілетін нәтиже
Оқушы жасай алады:
* оқылып жатқан проблема бойынша білімді актуалдандыру;
* проблема жайлы өз білімдерін ұсыну ;
* Проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсету (оқылып жатқан ақпарат бойынша);
* Тақырыпаралық проблемаларға өзара байланыс орнату ;
* Ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;

1-қадам: Қыс тақырыбына тақтада кластер жасау; Қысқы аңдар, Қысқы еңбек, Қысқы киім, Қысқы табиғат көріністері, Қысқы құстар .
2-қадам: оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша жеке өз дәптерлеріне не таныс, соны жазғыза беру;
3-қадам: жеке жазуды топта талқыға салу, жалпы топтың атынан жауап дайындау;
4-қадам: кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға жазу.
Венн диаграммасы әдісі.
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* оқылып жатқан проблема бойынша білімін өзектендіру;
* салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтау, белгілеу;
* өз ойларын талдау және сараптау (шеңбер ішіндегі жазудың көмегімен);
* ойлау логикасын дамыту;

1-қадам: үй жануарлары мен дала жануарларының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қиылысқан шеңберге жазу (жеке жұпта)
2-қадам: ортасына дала жануарлары мен үй жануарларына ортақ қасиеттерді жазамыз.
3 - қадам: үй және дала жануарларының ерекшеліктерін топта салыстыру.
4- қадам: салыстыру нәтижесіне презентация жасау.
ББҮ сызба әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* ұсынылған тақырып бойынша өз білімдерін актуалдандыра алады;
* бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады;
* ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады;
* ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады;
* ақпаратты өз бетінше түсіну процесін басқара алады ;
* мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады ;
* мәтінге және оқылған проблемаға сұрақ қояды, белгілейді, тұжырымдайды;
* ақпаратты қысқа түрде жазбаша тұжырымдайды;

1-қадам: сызбаны тақтаға және дәптерге сызып алу:
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
2-қадам: оқушылармен алғашқы екі бағанды толтырамыз:
Сөз таптары туралы не білесіз? Не білгіңіз келеді?
3-қадам: оқушылармен мәтінді оқу, бұрыннан таныс және жаңадан танысқан түсінікті табу.
4- қадам: жаңадан алған білімдерімен сызбаның соңғы бағанын толтыру.
5-қадам: екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау.
Ротация (ауыстыру) әдісі
Күтілетін нәтиже:
Оқушы орындай алады:
* өз білімдерін ұсынылған тақырыпқа актуалдандырады;
* проблемалық сұрақтар талдауға қатысады;
* бір сұрақ және басқа сұрақ төңірегінде өз тобының бағыты мен өзге топтардың бағытын салыстырады;
* өз бағытын қысқаша мазмұндау қабілетін дамытады;
* ұсынылған проблема бойынша басқа топтардың бағытымен келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдемелер арқылы білдіреді;

1-қадам: сұрақтар дайындау ( 1-ден 8-ге дейін), сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына іліп қою;
2-қадам: класты 4 (8) топқа бөлу әр топқа түс бөліп беру(қызыл,көк,жасыл,сары), әр топ 5-6 минутта ватманға өз түсінің маркерімен өз сұрағына жауап береді (әуелі жеке, сосын топта):
1) Көктемде табиғатта қандай өзгерістер пайда болады?
2) Көктемде адамдар қалай киінеді?
3) Көктемде адамдар қандай еңбек түрлерімен айналысады?
4) Көктемнің келуімен жануарлардың өмірінде қандай өзгерістер болды?
3- қадам: мұғалімнің белгі беруімен оқушылар сағат тілі бойынша орындарын алмастырып отырады (яғни сұрақтарымен) және 5 минут шамасында өзге топтың сұрағы мен жауабын оқып, сол сұраққа өз жауаптарын жазады (әуелі жеке, сосын топта). Осылайша сұрақ ауыстыру әуел бастағы өз сұрақтары қайтып келгенше, жалғаса береді.
4-қадам: Барлық топтардың жауаптары талқыланып, ақырғы пікір түйінделеді.
Кең ауқымды дәріс әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы орындай алады:
* өз білімдерін ұсынылған тақырып бойынша актуалдандырады;
* ақпаратты сыни тыңдай алады;
* ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, салыстырады және қорытынды жасай алады;
* ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай біледі;
* ақпаратпен жұмыс жасау барысында ақпаратқа ықыласты болады;
* меңгерілген ақпаратты өз кластастарына түсінікті жеткізе білу;
* ұсынылған ақпарат жайында өз білетініне,білмейтін жерлеріне және оған өз қарым-қатынасына рефлексия жасау;
* өзінің біліміне және кластастарының білім алуына жауапкершілікпен қарау;

1-қадам: берілген тақырып бойынша өздеріне бұрыннан таныс ақпараттың дәптерлеріне тізімін жасау, сосын жұпта талқылау, шағын топта және жалпы тақырып бойынша ақпаратты тақтаға жазу, оқушылар дәптерлеріне толықтырып жазып алады.
2- қадам: класты жұптастыру. Жұптарға тапсырма беріледі: біреуі дәрісті тыңдап отырып, өзінде бар ақпаратқа белгі қойып отырады, ал екіншісі өздерінде жоқ ақпаратты жазып алып отырады.
2- қадам: мұғалімнің шағын дәріс оқуы.
3- қадам: идеяларды толықтыру.
Жұптардың жазғандарын алмастыруы:
* Жұптың біреуі айтылған дәрісте өзінде бар ақпараттың қайталанғанын айтады.
* Екіншісі дәрісте бұларға таныс емес ақпараттар болғанын айтады.
4- қадам: Әуел баста дәптерлеріне жазған ақпараттарды толықтыру;
5- қадам: Жаңа тақырыптың келесі үлесіде осы сызба бойынша беріледі
ЖИГСО немесе Зигзаг әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы орындай алады:
* ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады;
* меңгерілген ақпаратты кластастарына түсінікті етіп жеткізе білу;
* мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысын дамыту;
* ақпаратпен жұмыс жасау барысында ынталы болады;
* белгілеу, тұжырымдау және мәтінге сұрақ қоя біледі ;
* кластастарын ести және тыңдай біледі;
* ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде бере алады;
* өзінің және кластастарының білім алуына жауапкершілікпен қарау;

1-қадам: сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Тақырып бойынша білімнің актуалдылығы;
2-қадам: топтарға бөлу (жанұяға -1,2,3,4). Мәтін қанша бөлікке бөлінсе, топ та сонша бөлікке бөлінеді.
3-қадам: жанұяның әр мүшесіне тапсырма беріледі: сабақ соңында әр жанұя мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз ұяластарына оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады.
4 қадам: сараптау топтарына бөліну (1+1+1+1, 2+2+2+2, 3+3+3+3, 4+4+4+4)
5-қадам: мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз жанұя мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады
6-қадам: жанұятобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Қажет болса, мәтін мазмұнын түсіну үшін өзара сұрақтар қояды.
7-қадам: презентация жасауға, мәтін бойынша сұрақтар қоюға болады, немесе басқа да тапсырмалар беруге болады.
Синкуейн әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* ұсынылған проблема бойынша жан-жақты түйіндеме жасай алады;
* ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай алады;
* берілген проблемаға шығармашылық көзқараспен қарайды;

1-қадам: синкуейн жазу үшін негізгі тақырыпты анықтау - бес жол өлең (көбіне сабақ тақырыбы алынады).
2-қадам: синкуейннің алгоритмі жазуға беріледі:
Бірінші жол-тақырыптың атауы (әдетте зат есім алынады).
Екінші жол - тақырыпты сипаттайтын екі сөз (әдетте сын есім алынады).
Үшінші жол - тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (әдетте етістік).
Төртінші жол - тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы .
Бесінші жол - бір сөз - тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Немесе мынадай схема ұсынылады: Тақырыптың аты:
Сипаты:
Қимылы:
Нақыл сөз
Тақырыпқа синоним сөз
3-қадам үйренген синкуейнді дәптерге жазып алу. Мысалы:
Синкуейн
Келісті, қысқа
Ойлайды, қорытады, жинақтайды
Ескеріңіз: қысқа сөйлеу де-талант.
Түйіндеме
4 -қадам: қызығып оқиды, жұпта және топта талқылайды .
5 - қадам : ең үздік синкуейн (топтардың пікірі бойынша) класта оқылады.
Сұрақ қою, қайта сұрақ қою әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады ;
* мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды;
* ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды;
* мәтінге сұрақ қою, белгілеу, тұжырымдау;
* кластастарының жауаптарын ықылас қоя тыңдау және сұрақтар қою;
* өз оқуына және кластастарының оқуына жауапкершілікпен қарау;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне қарай, балалардың жас және даму ерекшелігіне қарай), оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою - сұрақтарды мәтін бойынша оқушылардың өздері немесе мұғалімнің өзі қоюына болады.
2 -қадам: оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.
Семантикалық карта әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* бұрын меңгерілген білімді обьектінің анықталған семантикалық сипатына қарай салыстырады ;
* анықтайтын обьектінің қандай семантикалық сипатқа ие болатынын болжайды;
* семантикалық картадағы мақұлдау немесе түзету белгілеріне қарап, анықталатын обьекті туралы болжамы жайында рефлексия жасайды;
* мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытады;
* ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады;

1 -қадам: мұғалім төмендегі сызба-кестені алдын-ала дайындап алады:
Семантикалық карта
Нысана
Азықтану орны
Қозғалыс тәсілі
Немен тамақтанады?
Жануардың тегі
Су
жер
ауа
ұшады
жүзеді
жүреді
ет
балық
өсімдік
балық
сүтқоректі
Құс
Түйе
Бүркіт
Кит
2-қадам: оқушылар өткен тақырыптарды талдайды, (түйе, бүркіт, жайлы) және + - ия, - - жоқ белгілерін әр нысанның кестедегі тұсына сипатына қарай белгілеп отырады.
3 -қадам: жаңа тақырыпты өтер алдында оқушылар мәтінді оқу барысында (мәтін бұл жерде кит жайлы) семантикалық сипаттамада әлі өздеріне түсініксіз тұстарға ? белгісін қояды.
4-қадам: жаңа мәтінді оқу.
5 -қадам: оқыған мәтінді талдау, кестеге қайта оралу: қосымша алынған мәліметтері бойынша түзетулер енгізу немесе алдыңғы жауаптарын бекіту.
Автордың орындығы әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
* Ұсынылған проблема немесе ақпарат бойынша өз кластастарына не елестетінін айту;
* өз жұмысын кластастарымен талқылау, мейілінше тереңірек талдау жасау;
* таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі.
Жүзеге асыру қадамдары
1 -қадам: кез-келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қойылады
2 -қадам: столға отырып, өз жазғанын автор ретінде аудитория алдында оқуға шақырылады.
3 -қадам: аудитория тыңдап сұрақ қояды, түсінік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz