Intel компаниясының замандас процессорлары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Компьютерлер архитектурасына шолу

Мазмұны

I КІРІСПЕ

II Негізгі бөлім

1. КОМПЬЮТЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ

1. 1 Компьютерлік техниканың даму тарихы

1. 2 Компьютерлік жүйелердің құрылымдық ұйымдастырылуы

III ҚОРЫТЫНДЫ

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Кез келген замандас компьютер ең алдымен микропроцессормен және микросхемалардың терімімен және жүйелік платамен сипатталады. Бүгінгі кезде дербес компьютерге арналған замандас микропроцессорларды Intel және AMD компаниялары шығарады. Intel компаниясының замандас процессорлары: Intel Pentium 4 және Intel Celeron, ал AMD компания процессоры: Athlon XP. Әр қашанда микропроцессордің негізгі мінездемелерінің бірі ырғақты жиелік болып, ол мегагерцпен немесе гегегерцпен өлшенеді. Сонымен қатар микропроцессор параметрлерінің бір-бірінен артықшылықтары: микроархитектура сияқты процессор ядроларында, кэш жады мөлшерінде, өндіріс технологиялық процессінде, жүйелік шина санында, блок питания, жылу шығару, температура, процессор түйіндерінде болады. Сонымен қатар микропроцессор мінездемелері транзисторлардың мөлшерлері және олардың өндіріс технологиялық процесіне тура тәуелді болады. Ақыр соңында микропроцнессордың өндіріс технологиялық процесімен транзисторлардың жалпы саны, мүмкіншіліктері, барынша көп ырғақты жиілігі, процессор жылу шығаруы анықталады . Дәл осылай 0, 18- микрондық технологиялық процеске процессорлар шығарылды . Барлық замандас процессорлар 0, 13- микрондыққа және 90- нанометрлік технология шығарылды. Сонымен қатар процессорлар бір-бірінен айырмашылығы түйінінде болды. Мысалы, Intel Pentium 4 Willamette немесе Northwood түйінімен ұқсас және Athlon XP процессорлары Thoroughbred немесе Barton түйінінде негізі салынған бола алады. Түйін аты процессордың коды болады.

1. КОМПЬЮТЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ

1. 1 Компьютерлік техниканың даму тарихы

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш, есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық - бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін - интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ бастыКомпьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер XX ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі компьютерлерде басқару құрылғысы мен арифметикалық-логикалық құрылғы бір блокқа - процессорға біріктірілген, ол жад пен сыртқы құрылғыдан келетін мәліметтерді түрлендіргіш болып табылады (бұған жадтағы командаларды теру, кодтау мен бейкодтау, әр түрлі оның ішінде арифметикалық операцияларды да орындау, компьютер тараптары жұмысын келістіру жатады) . Процессордың қызметі төменде толығымен қарастырылады.

Жад (ЖҚ) ақпарат (мәлімет) пен бағдарламаларды сақтайды. Қазіргі компьютерлерде жадтау құрығылары «көп қабатты». Ол, дәл қазіргі уақытта компьютер жұмыс істеп тұрған ақпаратты сақтаушы (орындалып жатқан бағдарлама, оған қажетті мәліметтердің бөлігі, бірқатар басқару бағдарламалары) жедел жадтау құрылғысынан (ЖЖҚ) әлдеқайда сыйымдылығы үлкен, бірақ одан әлдеқайда төмен жылдамдықта жұмыс істейтін (1 байт сақталған мәліметті есепке алғанда елеулі аз бағада) сыртқы жадтау құрылғысынан (СЖҚ) тұрады. Жад құрылғыларының жіктелуі ЖЖҚ мен СЖҚ құрылғыларымен бітпейді - АЖЖҚ (аса жедел жадтау құрылғысы) да, ТЖҚ (тұрақты жадтау құрылғысы) да және басқа компьютерлік жад түрлері де белгілі қызмет атқарады.

1. 2 Компьютерлік жүйелердің құрылымдық ұйымдастырылуы

Жоғарыда атап өтілгендей, ЭЕМ үшінші буынының пайда болуы өту транзисторлардан интегралды микросхемаларға ауысумен байланысты. Электрондық схемаларды кішірейтудегі айтарлықтай табыстар ЭЕМ функциональдық - базалық тараптарының көлемін ғана кішірейтіп қойған жоқ, процессордың да жылдамдығын елеулі өсіруге мүмкіндік туғызды. Машина ішінде ақпаратты өңдеудің жоғары жылдамдығы мен көпшілігінде механикалық жылжымалы бөлшектерден тұратын енгізу-шығару қондырғылардың баяу жұмысы арасында елеулі қарама-қайшылық туды. Сыртқы құрылғылардың жұмысын басқарушы процессор «сыртқы әлемнен» ақпарат күтіп, елеулі уақыт бос тұрар еді де, ол ЭЕМ жұмыс тиімділігін әжептеуір төмендетер еді. Осы проблеманы шешу үшін орталық процессорды ақпарат алмасу қызметінен босатып, оны сыртқы құрылғылардың жұмысын басқарушы арнайы электрондық схемаларға беру тенденциясы пайда болды. Мұндай схемалар әр түрлі аттарға ие болды: алмасу арналары, енгізу-шығару процессорлары, перифериялық процессорлар. Соңғы кезде «сыртқы құрылғы бақылаушысы» (немесе контроллер) деген термин жиі колданылып жүр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микропроцессорлардың компаненттері
Сандық микропроцессорлардың негізгі параметрлері және қолданылуы
Компьютердің архитектурасы
Микропроцессор жүйесінің құрылғылары
Есептеуіш техникаға күтім жасау және қызмет көрсету анықтамалығы
RISC архитектурасына негізделген процессорлар
Процессор ішіндегі Кэш жады
Процессордың негізгі параметрлері
Жүйелік блок
Заманауи мобильді қосымшалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz