Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
6
1
Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиетін қалыптастырудың педагогика теориясындағы жайы
8
1.1
Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттері жайлы түсініктің дамуы
8
1.2
Қазіргі ресми құжаттардағы бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі және оны қалыптастырудың жолдары

11
2
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен

15
2.1
Бастауыш мектеп білім мазмұнының оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыруға ықпалы

15
2.2
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі

18

Қорытынды
20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

22

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі: Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру керектігін атап көрсетті. Себебі қоғамдағы тәртіп нормаларын жүзеге асыратын - жеке тұлға. Адамның құқықтық санасы мен мәдениеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қоғам дами түспек. Ол өзінің тыныс - тіршілігі, өмірге араласуы арқылы қоғамды елеулі, тіпті шешуші өзгерістерге ұшыратады.
Ата заңымызда мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары түпкі мақсат-мұрат ретінде атап көрсетіліп, бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында [1] көрініс тапқан. Осы негізде жеке тұлғаны қалыптастыру бастауыш білім сатысынан жүргізілуі қажет. Осы арада, адам және оның еңбегі, көзқарасы, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесінің маңызы қай қоғам мен кезеңде болмасын тарих беттерінен ешқашан түскен емес. Ежелгі дәуірлерден жеткен әдебиеті мен тарихында, мәдениетінде, ғасырлардан-ғасырларға жеткен ғұлама ойшылдардың даналық ойларында, қазақ ақын-жырауларының өлең-жыр, толғауларында адам әлемі, жас ұрпақ тәрбиесі айрықша орын алып келді. Сондай-ақ Әл-Фараби фәлсапаларынан бастап, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, М.Х.Дулати кеңестерінде, Абай әлемінде, Ы.Алтынсарин, Шәкәрім шындықтарында, Алаш зиялылары М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың қоғамдық ой-пікірлері мен тәлім-тәрбиелік еңбектерінде табиғи жалғасын тапқан адам баласының тәрбиесі бүгінде өзіне басты назарды аудартуда.Осы көкейтесті мәселе шеңберінде кейінгі жылдардағы отандас ғалым, ағартушылардың зерттеу жұмыстарының өзінде Уманов Г., Жарықбаев Қ. [1], Әбиев Ж. [2], Қалиев С. [3], Сабыров Т.С. [4], Қоянбаев Р.М. [5], Нұрғалиев Қ.Н. [6], Жатқанбаев Ж.Ж. [7], т.б. педагогикалық - психологиялық еңбектерінде, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жан-жақты қарастырылып, оқушылардың елжандылық, ізгілік, ұжымшылдық, еңбекке деген сүйіспеншілік, адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, тәртіптілік, қоғам мүлкіне ұқыптылықпен қарау сияқты моральдық қасиеттерін тәрбиелеуге тиіс деп тұжырымдалған. Сондай-ақ Әбдіқадырова Т.Р. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық-педагогикалық мұраларындағы тұлғаны қалыптастыру мәселесі, Оразбекова К.А. жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми- педагогикалық негіздері, Игенбаева Б.Қ. Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі, Қойшыбаева Н.И. Қазақстан оқушыларының әлеуметтік - азаматтық көзқарастарының қалыптасуы, Сайдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы атты диссертациялық ғылыми еңбектері зерттеу жұмысымызға негіз болды.
Себебі І-ІҮ сынып (7-10 жас) оқушылары педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, себебі бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра білудің маңызы зор. Егер оқу-тәрбие жұмыстары педагогикалық тұрғыда сауатты ұйымдастырылған болса, онда оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыдамдылық, ұлтжандылық, азаматтық, қиындықты жеңе білушілік сияқты ерік сапалары мен адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Демек аталмыш мәселенің қазіргі кездегі қажеттілігі анық байқалады. Осы қажеттілік шешімін табу бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты Жалпы бастауыш білім беру деңгейінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың жолдары деп таңдап алуымызға себеп болды.
Ғылыми жаңалығы: жалпы бастауыш білім беру жүйесіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттеріне қойылатын Республикамыздың ресми құжаттарының талаптары мен жеке тұлғаның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жөніндегі педагогикалық теориясымен тәжірибесіндегі деректерге сүйене отырып, зерттеуші тұрғысынан бұл мәселенің шешілуі жөніндегі ықпалдастырылып алынған - қоршаған ортасына шапағаты мол, жан-жақ жетілген, дене мен эмоциялық тұрғыдан дамыған, адамгершілігі мол, жүйелі ойлай білетін тұлғаны қалыптастыру ұстанымы, тұлғаның, ғылыми-білім жүйесін өрістетуде, қоғамдық сананы қалыптастыруда алар орнының дәлелденуі зерттеу жұмысымыздың ғылыми-теориялық жаңалығы болып табылады.
Шешілетін ғылыми мәселелердің қазіргі жағдайын бағалау: Жалпы бастауыш білім беру жүйесіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Жұмыстың мақсаты: жалпы бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдарын айқындай отырып, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкінділігін ашу.
Зерттеудің міндеттері:
oo жеке тұлға қасиеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау. Атап айтсақ: жеке тұлға, тұлғалық ерекшелік, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту ұғымдарының анықтамаларын нақтылау;
oo тарих кезеңдеріндегі ғұлама ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу туралы ой-пікірлерін жүйеге келтіру;
oo қазіргі ресми құжаттардағы тұлға қалыптастыру тәрбиесінің маңыздылығын айқындау;
oo тұлғалық қасиеттер, оның педагогика ғылымында алатын орны, мақсат-міндеттерін және жеке тұлғаны тәрбиелеудегі ерекшеліктер мен мүмкіндіктерін анықтау;
Зерттеудің обьектісі: жалпы бастауыш білім беру жүйесінде тұлға қасиетін қалыптастыру үрдісі.

1 Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиетін қалыптастырудың педагогика теориясындағы жайы

1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттері жайлы түсініктің дамуы

Кескін-келбеті мен болмыс-бітімі сан құбылып, қилы өзгерістерді басынан кешіріп отырған осынау алмағайып заманда көш соңында қалып қоймай, өзгелермен терезесі тең іргелі ел болу үшін білімді де білікті, әрі іскер жастардың бірнеше ұрпағы өсіп жетілсе, солар ғана еліміздің елдігін сақтай алады. Кемелденген, қуатты қоғам орнатамыз десек, ең алдымен сол қоғамның басты байлығы ұрпақ тәрбиесіне мән беруіміз қажет. Адам бола білу - ең биік қасиет.Оған тек жаны, тәні сау ұрпақтың ғана қолы жетеді.Сондықтан адамды адам ете түсетін қасиеттерді ашып көрсету, яғни тұлғаны дамыту заман талабына айналып отыр.
Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені кісі болып ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің менін басқа мендерден, яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ержетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға деуге болады. Себебі қандайда болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады.
Тұлға - адамдар арасындағы өзінің ұстанымын, орнын, еркін және жауапкершілігін анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам, ол қоршаған ортамен, қоғамдағы адамдармен қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасып, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.
Психологияда жеке тұлға деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға (личность) - дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны немесе әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз.Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық заңдардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Адам тұлға болып, өзіндік ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның қалыптасуы термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор - баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылықтың жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда - адамның) өмірінің тарихын анықтайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта дегеніміз - адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро орта дегеніміз - баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Сонымен бірге жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат),табиғат жағдайлары да әсер етеді. Қай кезде де адам өзі өмір сүрген ортада қызмет етіп, іс-әрекет жасап, өз қажеттілігін өтеп, алдына мүдде, мақсат қойып, сол арқылы көксеген мұратына ұмтылады. Бұл - адамның тарихи дамуын көрсететін жағдай.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Жеке адам дамуы өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып отырумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жай күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Адам дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамудағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлік т.б.).Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады.Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды. Жеке тұлғаның қалыптасып, дамуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдарды терең толғантты. Педагогикалық және философиялық еңбектерден жан-жақты дамыту идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алғанын байқаймыз. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуын айта келе, оған жету тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы жағдайында ғана жүзеге асады деп дәлелдейді. Бұндай көзқарас еңбек қызметінің маңызы қарастырылмаған. Себебі, еңбек қызметі тек құлдарға ғана тәуелді болған.
Рухани мұралары арқылы есімі әлемге танымал данышпан, ежелгі грек философы Аристотельдің көзқарасында дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуы ретінде қарастырады. Дене тәрбиесінің мақсаты - әдемі тұлғалы, күшті мығым адам тәрбиелеу. Адамгершілік (нравтық) тәрбиесінің мақсаты - бала белсенділігін қоса дамыту, еркінің ұстамдылығын жетілдіру қажет екендігін атап көрсетті. Аристотельдің педагогикалық жүйесі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру және дамыту. Бұл ойы ежелгі дәуір заманында ең үздік педагогикалық ой-пікір болып табылады.
Адамның өзін зерттеу, оның тұлғалық және танымдық ерекшелігін анықтауда Афина философы Сократ ерекше орын алады. Жеке тұлға дамуын жақтай отырып эстетикалық тәрбиені, этикалық парасаттылық, инабаттылық, қайырымдылық, ұждағаттылық, тағымдылық, талғампаздық - адам болмысының жүйелі дамуын көрсетеді деді. Ол өзінің Саясаттану еңбегінде былай деп жазды: Мейірбандылық пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік т.б. отбасы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның қолынан келеді - дей келе, адамның әділетті, жігерлі болуы, оның ішінде игілікті ісімен тығыз байланысты болып келетіндігін айта келіп, адам бойында осы қасиетерді қалыптастыруды көздеді.
Шығыс ойшылы Әл-Фарабидің (870-950) қаланы ізгі деп атауы жай нәрсе емес. Ізгілік - адамның өзін-өзі тануынан, өзіне баға беруінен басталады. Педагогикалық тұрғыдан ізгілік адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, адамдық ар-намысын, абыройын, ар-ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп анықталады. Ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінді.Оның ойынша бақытқа жету басы - таза еңбек, адал еңбек, (ой толғаныс) болып есептеледі.Фарабидің гуманистік идеясының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде болуы, ол өзінің Философияны үйрену үшін не білу керек деген еңбегінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеруді қуаттайды.
Түрік және парсы мәдениетінің нәрлі ұйытқысында туындаған Баласағұн (1011-1075) - философ ретінде және тәрбиелік тағлымға толы педагог, өз шығармаларында адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі - қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң әсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатынан туысынан, дүниеге келуімен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады.
Орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайридің (1530-1605) үйретуі бойынша, адамның қалыптасуында еңбек тәрбиесі шешуші рөл атқарады - деп мойындады. Ол үлкендердің кішілерге, жастарға беретін тәрбиесін үлкендер ұлағаттылығы - деп атады. Жастарға тәрбиенің мәнін түсіндірді. Оны ақындық жырға қосты:
Жалындаған ұл өссін,
Тәрбиелі қыз өссін.
Екеуі де өсіп дамысын,
Бермесін жауға намысын.
Қадырғали жастарға арналған осы бір ғұламалық, ақындық шумағы оны ғалымның бүгінгі жастарға берген батасы, ұстаздық үлгісі, артына қалдырған тәрбиелік нақылы деуге болады.
Омар Хайям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосып мадақтады. Адамның ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты - деген ой түйді. Еңбек, еңбек тәрбиесі, білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді.
XV-XVIII ғасырларда қазақ топырағында ғұмыр кешкен ғұламалардың қатарында суырыпсалма шешендік өнерімен ерекше көзге түскен Жиренше шешен, Қазтуған, Асан қайғы, Шалкиіз және Сыпыра жырау сынды ұлы дала ойшылдары шоғырын да атап өтуге болады. Аталған ғұламалардың шығармаларында жастарды өнерге, білім алуға, атамекенді сүюге, имандылыққа, батырлыққа баулыған тәлім-тәрбиелік идеялар көптеп кездеседі.
Қазақ философиялық ой-пікірлерінде адамның белсенді тұлға екендігін бірінші атап көрсеткендердің бірі - Бұқар жырау. Адамды адам ететін - оның ортасы, тәлім-тәрбиесі деп көрсетті. Оның ойынша, адал, белсенді тұлға - таланты зор, ерен қабілетті адамдар әлеуметтік өмірде елеулі рөл атқарады.Соның бір мысалы ретінде жырау толғауында өз кезегінде Абылай ханның елбасылық қасиетін бейнелейді [9].
XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып шыға бастаған кезеңде, Ян Амос Коменский (1592-1670) батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол тәрбиенің Галилейі деген әділ атаққа ие болды. Ол заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. Ұлы дидактиканың негізгі тарауларында реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтарының мұқтажына бағындыратынын көрсетті. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты - ақылды адамды тәрбиелеу. Тек ақылды адамды тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқытудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог Адам тек тәрбие арқылы адам болады, Адам болу үшін ол білім алуы тиіс - деді. Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кіші пейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.
Ағылшын философы және педагогі Джон Локк (1712-1778) адамның туысымен бірге бітетін идеяларға қарсы шыға отыра, адамды қалыптастырудағы, оның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші мәнін мойындайды.Он адамның тоғызы тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келген.Ол баланың туа пайда болатын сапасын жоққа шығарды, ол баланы Таза тақтаға (tadula zasa) теңеді, оған жазуға да сызуға да болады. Алайда оған тәрбиенің күшін пайдалану тиімді деді. Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен құралдары: 1) үлгі өнеге көрсету; 2) әдеттендіру; 3) балалармен пікір алысу және олардың әуестенушілік ынталарын қанағаттандыру; 4) намыс және теріс ұғымдарына назар аудару.
Атақты француз жазушысы, ағартушы-философ және педагогі, XVIII ғасырдағы революция қарсаңындағы буржуазиялық интеллигенцияның тамаша өкілдерінің бірі - Жан Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы Эмиль атты романында баяндалады, өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, педагог Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) педагогикалық жүйесінде, егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үшін тәрбиелемей, өмірге және еңбекке баулу керек. Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой, нравтық күшін белгілі деңгейден әрі жалғастырып, көтеріп тастауы мүмкін - деп жазды [2]. Ол тәрбиенің белгілі мақсатқа негізделген процесс екені сөзінің Ана тілі, Балалар әлемі атты кітабында дәлелдеп берді. Ең бастысы, ақыл-ой, адамгершілік, эстетиалық және дене, еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырудың құралы деген тұжырым жасады. Тәрбиенің басты мақсаты-адамды өмірге даярлау екенін педагогикалық деңгейде дәлелдей келе, ол үшін бала денесі жетілген, денсаулығы таза, дамгершілік рухы жоғары, эстетикалық талғамы болуын жақтады. Жеке тұлғаның немесе бала басындағы бұл сапалық белгі деп көрсетті. Ал тәрбиенің халықтығы, оның отанын сүю, халқын қадірлеу, осыған негізделе отырып бүкіл халық, қамын ойлайтын, патриоттар, халықтың арасынан шыққан қажымас қайраткерлер өсіріп тәрбиелеу, білімділікке үйрету - оның негізгі мұрасы осы болуы тиіс - деді Ушинский.
XIX ғасырдың аяғында отар аймақтарда халықтарды бір-біріне қарсы қойып, ұлттық ала ауыздық күшейді.Осыған қарамастан, орыс пен қазақ еңбекшілерінің қарым-қатынастары, мәдениет саласындағы, атап айтқанда, ғылым мен оқу-ағартудағы достық байланысы кеңейіп беки түсті.
Ы.Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог-ағартушысы, өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы, орыс пен қазақ халықтарының достығы жолында қажымай күрес жүргізуші. Ағартушы халқына егін егіп күн көретін отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер сала отырып тәрбиелеуді көздейді. Мысалы, Қыпшақ Сейітқұл, Киіз үй мен ағаш үй, Аурудан аяған күштірек, Асыл шөп, Малды пайдаға жарату атты әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеу болып келеді. Ол ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады.
Ағартушы-демократтық тұрғыдан орыс пен қазақ халықтарының арасындағы мәдени-ағартушылық байланыстардың жалынды қайраткерлерінің бірі Абай арманы, орыс және қазақ халықтарының арасындағы достық қатынасты күшейту, қазақ жастарын жоғары адамгершілікке тәрбиелеу болды.
Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде (Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін т.б.) айқын білдіреді. Ол жастар бойына дарытылуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. Оны мына өлең шумақтарынан көруге болады:
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқан кімде бар
Сол жарасар туғанға.
Абай өз шығармаларында бір адамға қажет болатын жақсы қасиеттерді тізіп береді.Ол қасиеттер: адалдық, ақылды іс, батылдық, өжеттік, білмекке құмарлық, ғылымға құштарлық, қайрат-жігер, пікір-ой мен дүние танудың өрістілігі.Досқа - жылы көктемдей, жауға - суық аяздай - міне Абай ұраны осындай.
Ахмет Байтұрсынов - қазақ мәдениетінің тарихында үлкен, бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Ақынның өлеңдер топтамасы Маса деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады. Осы жолдардан ызыңдап ұшқан мынау біздің маса - сергектікті қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол ұйықтағанның үстінде айнала ұшып, қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі. Масаның негізгі идеялық қазығы - жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу.
С.Торайғыров - Абайдан кейінгі жаңа тарихи кезеңде қазақ педагогикасында адамгершілік проблемасының өзекті мәселелерін қозғаған демократ ағартушы. Шығармаларында жоғары адамгершілік қасиеттер болып саналатын адамдағы білімділік, әділеттілік, еңбек сүйгіштік, мейірімділік, игі достық пен адал махаббат кең орын алып, қастерленеді. Оның ойынша адамгершілік тәрбиесінің жоғары мақсаты Отанға, туған жер мен елге деген ыстық сезім мен сүійпеншілік, жаны дарқан, адамгершілігі мол, тәні мен жаны сұлу, дені сау жас ұрпақтарды тәрбиелеп өсіру болып саналды. Педагог ақын оқу-ағартудың өмірлік түпкі мақсаттарын түсіне білді. Ол білімді меңгеруге адам баласын бақытты болуға бастады, надандықтан арылтады, өмір сүруді жеңілдетеді деп есептеді. Ағарту мен білім қара бастың қамы үшін емес, ел қамы, халықтың қамқоршысы болу үшін жұмсалуы керектігін уағыздады.
М.Жұмабаев баланы тәрбиелеу оның жас ерекшелігіне тәуелді болатындығын айта келе, жаратылыстың құшағында, меруерт себілген қос шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып, өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс дейді. Сұлулық сезімдері - адамның дұрыс, сұлу ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүйсіне, көріксіз нәрседен жиіркене, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуы деп адам бойында болуы қажет қасиеттерді ашып көрсетеді. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып, бұл әсіресе бүгінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт
Пәнаралық байланыс ұғымы
Пәндер