Тұлға дамуындағы диагностикалау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Тұлға дамуына қатысты теориялық мәселелер
1.1 Тұлғаның даму процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Тұлға дамуына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Тұлға дамуындағы іс.әрекеттің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2 Тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиені зерттеу
2.1 Диагностикалау ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Қазіргі уақыттағы тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

3 Тұлғаны диагностикалау әдістемесін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қортытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Тұлға дамуына қатысты теориялық мәселелер
1.1 Тұлғаның даму
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5
1.2 Тұлға дамуына әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Тұлға дамуындағы іс-әрекеттің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2 Тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиені зерттеу
2.1 Диагностикалау
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 16
2.2 Қазіргі уақыттағы тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық
тәжірибиелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

3 Тұлғаны диагностикалау әдістемесін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қортытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

Кіріспе

Өзектілігі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі
әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл
идея ұлттық қағидаға айналған.Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің
бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен
тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге
асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін
көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын
қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени
жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.
Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты
даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да
сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім
кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған.Әлемдік білім кеңістігінен жалпы
білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін
өз жолын дұрыс таңдай білетін,оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық бәсекелестік қабілеті
бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдалса,
Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше
дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қажетті жеке
тұлғаны қалыптастыру деп атап көрсетілген
Адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін
сипаттайтын көптеген әлеуметтік саналар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі
дамытады. Жеке тұлғаныңдамуы мен қалыптасуына қоршаған орта мен қоғам әсер
етеді. Осы күнгі педагогикада жеке адамның дамуы жөнінде қалыптасқан ой-
пікірлер төмендегіше: адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына табиғи
қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен,
дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму
мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың ролі
басымдау. Жеке адамның дамудың ықпалды көзі-тәрбие, қоршаған орта, табиғи
нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор болып
табылады. Тұлға адамның әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы, белсенді іс-
әрекетпен араласу.
Тұлға дамуын жетілдіру қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болғаны
анық. Әсіресе қоғам дамуын тұлға дамуымен барынша тығыз байланыстырып
отырған қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында бұл аса өткір
мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесі білімді тереңдетуге
бағытталған ұмтылысын сақтай отырып, өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның
рухани – адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады. Демек, тұлғаның
адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту
заман талабы.
Зерттеу мәселесі: тұлға дамуын диагностикалау мәселесі.
Зерттеу мақсаты: тұлға дамуын ұйымдастырудағы диагностикалау
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: тұлғаны дамыту үрдісі.
Зерттеу мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылады:
- Педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты проблемаларды қарастыру;
- Тұлғаны диагностикалауға қатысты озат педагогикалық тәжірибиені
зерттеу;
- Тұлғаны диагностикалау әдістемесін анықтау.
Зерттеудің болжамы. Егер педагогикадағы тұлғаның дамуына байланысты
проблемаларды қарастырылып, тұлғаны диагностикалауға қатысты озат
педагогикалық тәжірибие зерттеліп; тұлғаны диагностикалау әдістемесін
анықталса, онда тұлғаның дамуында диагностикалаудың ролі артады, өйткені,
бұл ретте, білім беруде диагностикалау мәні артып, бүгінгі әлеуметтік-
экономикалық жағдайда бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқулықтарға, бағдарламаларға, оқу
әдістемелік құралдарға талдау жүргізу.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және ғылыми
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тұлға дамуына қатысты теориялық мәселелер

1.1 Тұлғаның даму процесі

Адамның тұлға ретінде дамуы оның өмірлік жолының жалпы контексінде
жүреді (С.Л. Рубинштейн) ол белгілі қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен
дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы және белгілі бір ұрпақтың
құрдасы ретінде дамуының тарихы ретінде анықталады. Б.Г. Ананьев бойынша,
өмірлік жолдың белгілі кезеңдері бар, олар өмір сүру түрі, қарым-
қатынастар жүйесі, өмірлік бағдарламасында және т.б. болап жатқан
өзгерістермен байланысты. Өмірлік жолдың кезеңдері онтогенездің жас
ерекшеліктік сатыларына өз әсерін тигізеді, оның әсер ету деңгейі соншама,
қазіргі уақытта кейбір жас ерекшеліктік сатылар өмірлік жолдың кезеңдері
сияқты белгіленеді, мысалы, мектеп алды, мектепке дейінгі және мектеп
шағындағы балалық.
Тұлғаның индивидті әлеуметтендіру процесі ретінде дамуы отбасының,
жақын қоршаған ортаның белгілі әлеуметтік жағдайында, аймақтың, мемлекеттің
белгілі әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайында, өзі соның өкілі болып
табылатын халықтың этникалық, әлеуметтік мәдени, ұлттық дәстүрлерінің
жағдайында жүзеге асырылады. Бұл тұлғалық дамудың макрожағдаяты. Сонымен
бірге, өмірлік жолдың әрбір кезеңінде, Л.С. Выготский атап өткендей,
баланың өзіндік қатынасы мен оны қоршаған әлеуметтік өмір шындығының
қатынасы ретінде дамудың белгілі әлеуметтік жағдаяттары қалыптасады. Л.С.
Выготский бойынша, дамудың әлеуметтік жағдаяты тұлғаның жаңа қасиеттерін
бойына сіңіру үшін бала бағыт ететін жолдар мен формаларды толығымен
анықтайды, ол оны дамудың негізгі көзі - әлеуметтік өмір шындығынан алады,
бұл әлеуметтіктің индивидуалды болатын жолы.
Қарым-қатынастар жүйесін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі
деңгейлерін, әрекеттің әртүрлі типтері мен формаларын қамтитын дамудың
әлеуметтік жағдаяты тұлғалық дамудың негізгі шарты санатында қарастырылады.
Бұл жағдаятты адам өзінің қоршаған ортадағы орынын оның мүмкіндіктеріне
сәйкес келмейтінін түсінгеннен соң өзгертуге тырысатыны сиқты өзгерте
алады. Егер бұл болмаған жағдайда, онда баланың өмір сүру дағдысы мен оның
мүмкіндіктерінің арасында ашық қарама-қайшылық туады (А.Н. Леонтьев).
А.В. Петровскийге сәйкес, дамудың әлеуметтік жағдаятының өзі, немесе
одан да кең түрде - әлеуметтік орта тұрақты немесе өзгеріп отыратын бола
алады, бұл дегеніміз баланың, адамның өмір сүретін әлеуметтік
бірлестігіндегі салыстырамалы тұрақтылық пен өзгерістеді білдіреді. Осы
бірлестіктің өміріне баланың әлеуметтік жан ретінде енуі үш кезеңнен өтуді
ұйғарады: осы бірлестікте қолданылатын нормалар, өзара әрекеттесу мен
әрекеттер формаларына бейімделу; индивидтің ең жоғары дәрежеде
дербестендіру қажеттілігі мен тұлғаның осы бірлестікте ықпалдасуын
қанағаттандыру ретінде дараландыру. Егер дараландыру өз жеке тұлғасын
белгілеу үшін құралдар мен әдістерді іздеумен және осы ұмтылыс пен
бейімделудің нәтижесі арасындағы қарама-қайшылықтарды жоюмен сипатталса,
онда интеграция субъекттің өзінің ерекшеліктері және осы бірлестікте
өзіне маңызды өзгешеліктермен идеалды көрінгісі келетін алдыңғы сатыда
қалыптасқан ұмтылысы мен бірлестіктің субъектке тән жеке ерекшеліктердің
ішіндегі тек оған ұнайтын, және оның құндылықтарына сәйкес келетін,
бірлесіп атқарған қызметте табысқа жеткізетін және т.б. ерекшеліктерді ғана
қабылдау, құптау және енгізу арасындағы қарама-қайшылықтармен
детерминирленеді. Баланың өмір сүріп жатқан нақты әлеуметтік жағдаятында
(А.Г. Асмолов) жетекші әрекет шеңберінде жүзеге асырылу үстіндегі бірлескен
әрекет, тұлғаның кез-келген әлеуметтік жағдаятында дамуының негізгі
шарттарының бірі болып табылады.
Бейімделу, дараландыру, ықпалдасу (А.В. Петровский бойынша) адам мен
бірлестіктің өзара әрекеттесу механизмі, осы өзара әрекеттесу барысында
пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешу процесінде жүретін әлеуметтендіру
және тұлғалық дамудың механизмі ретінде танылады. Адамның тұлғалық
дамуының өзіндік сана сезімі, Мен бейнесін (Мен тұжырымдамасы, Мен –
жүйесі) қалыптастырумен, қажеттіліктік-мотивациялық саласын өзгертумен,
қарым-қатынастар жүйесі ретіндегі бағыттануын, тұлғалық рефлексияның
дамуын, өзін-өзі бағалау механизмін өзгертумен байланысады. Тұлғалық
дамудың барлық жақтары ішкі қарама-қайшылықпен, әртектілікпен сипатталады.
Мысалы, кіші мектеп оқушысының мысалында оның өзін-өзі бағалауындағы
өзгерістер оның сандық және сапалық жағынан бірдей еместігін көрсетті. Тек
осы жастың аяғында ғана баланың оның тұлға ретінде қалыптасуында өзін-өзі
бағалауын қалыптастыруға әкелетіні анықталды. Мұнда да А.В. Захарованың
деректері бойынша, жас ерекшелігінің өзгеруіне байланысты әрекеттердің
барлық түрлерінде өзін-өзі жоғары бағалау саны азайып, өзін төмен бағалау
саны көбейеді, бұл балада өз-өзіне сын көзбен қараудың өсуін дәлелдейді.
Алайда, бұл өзін-өзі бағалаудың барабарлығы көрсеткішін (барабарлығын)
көтермейді. Өзін-өзі сәйкес бағалаушы оқушылар саны 40-50%-дан аспайды.
Баланың интеллектуалдық дамуындағы сияқты тұлғалық дамуы да жалпы
мінез құлықтың және мінез-құлықтың белгілі жағдайлардағы реакцияларының
еркіндігінен, қарқындылығынан оның реттелуіне қарай жүреді. Бұл беталыс
баланың өз мінез-құлығын басқара алу, саналы түрде мақсат қою, қиыншылықтар
мен тосқауылдарды жеңіп, оларға жетудің жолдары мен құралдарын әдейі іздеу
іскерлігімен көрінеді. Ырықтылық пен өзін-өзі реттеу – баланың
интеллектуалдық-тұлғалық дамуының өзекті бағыты. Мінез-құлықтың еркіндігі
сыртқы реттеуден өзін-өзі реттеуге біртіндеп ауысуға негізделеді. Бұл
беталыс сыртқы бақылау мен бағаланудан туатын өзін-өзі бақылауда әсіресе
анық байқалады. Жас ерекшелік психологиясының осы ережелерін тәжірибелі
мұғалімдер мектеп оқушыларының білімін бақылау мен бағалауды ұйымдастыруда
үнемі назарға алады. Сырттықтан ішкіге, мұғалімнің ұйымдастырған әрекетінен
оқушының оны өзін-өзі ұйымдастыруына - бұл мектеп оқушысының тұлғалық
дамуы мен өзін-өзі дамытуының сара жолы.
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, Д.Б. Элькониннің, Л.И. Божовичтің
зерттеулерінде баланың тұлға ретінде дамуы тұлғалық жаңа қасиеттердің
біртіндеп қалыптасуымен анықталады. Л.И. Божович баланың тұлғалық дамуының
бес жас ерекшеліктік кезеңдерінің ішінде талдауын келтіреді. Бірінші өмір
жылында ең басты, яғни тұлғалық жаңа қасиеттер болып қоршаған ортаның әсер
етуіне қарамастан баланың мінез-құлығын тудыратын аффектті қуатталған
көріністердің пайда болуы саналады Л.И. Божович бұл көріністі түрткі
болушы деп атаған. Оның әсері баланы сыртқы әсерлердің тегеуірінен
босатады. Алайда, ол оны әлі түсінбейді, бірақ ол субъект бола бастайды.
Үшінші өмір сүру жылында, яғни ерте балалық шақтың аяғында маңызды жаңа
қасиет ...МЕН жүйесі болады және осы жаңа қасиеттен туатын өзі әрекет жасау
қажеттілігі болады, ол Мен өзім формуласы бойынша беріледі. Жүзеге
асыру қажеттілігі мен өзінің Мен дегенін бекіту ... басымды болады. Бұл
кезеңде – келеді және керек деген екі күш бетпе-бет келеді. Өзіндік
сана сезімнің қалыптасуы жүреді.
7-8 жасқа дейінгі кезеңді Л.И. Божович баланың әлеуметтік индивид
ретінде қалыптасуымен байланыстырады. Онда жаңа өмірлік позиция пайда
болып, осы позицияны қамтамасыз етуші қоғамдық-маңызды қызмет қажеттілігі
туады. 12-14 жасқа таман нысананы көздеу қабілеттілігі қалыптасады, яғни
саналы мақсаттарды анықтау және қоя білу, ал 15-16 жаста - өмірлік
болашақ қалыптасады.
Л.И. Божовичтің қарастырған жас ерекшеілік кезеңдері 1-ші және 3-ші
жылдардағы өмірдегі, 7 жастағы және жасөспірімдік жастағы дағдарыстармен
сәйкес келеді. Педагогикалық тәжірибе үшін Л.С. Выготскийдің жоғарыда
келтірілген ережелерін ескеретін негізгі және маңызды қорытынды - педагог
оқушылардың тұлғалық дамуының осы ерекшеліктерін ескеруі қажет. Бұл мектеп
оқушыларының жас ерекшелік дағдарыстарының шиеленесуін шешуге,
фрустрацияның (психикалық шиеленіс, алаңдаушылық және т.б.), жүйкенің тозуы
пайда болуының алдын алу.
Бала тұлғасының дамуын дұрыс түсіну үшін осы процестің ерте кезеңдері
(7 жасқа дейін) ерекше қызығушылық туғызады. Бұл сөздің шынайы мағынасында
персоногенез, яғни тұлғаның қалыптасуы мен жеке дамуы. Осы проблеманы
зерттеушілердің бірі В.С. Мухина тұлғаның дамуын баланың өзіндік сана сезім
құрылымын деңгейлік, сатылап қалыптастыру ретінде қарастырады. Бұл
құрылымда 5 буын бар: жалқы есім және дене, өзін мойындатуға ұмтылу,
жыныстық сәйкестендіру, психологиялық уақыт және тұлғаның әлеуметтік
кеңістігі. В.С. Мухина бойынша, тұлға дамуының механизмдері сәйкестендіру,
оқшаулану және олардың өзара әрекеттесуі болып табылады. Автор атап
өткендей, қоғам мен тұлға үшін жалпы маңызды құндылық болып адамның
өзіндік сана сезімінің құрылымы болады, оны жалқы есім, өзін-өзі бағалау
және ... .. , өзін белгілі бір жыныстың өкілі ретінде ұсынуы, өзін уақытта
елестетуі (өткен, осы, және болашақта), өзін құқық пен міндеттерге қатысты
бағалау. В.С. Мухина мен оның оқушыларының жүргізген зерттеулері
мұғалімнің оқушыға қаншалықты мұқият болуын көрсетеді. Бірінші сынып
оқушысымен қарым-қатынас жасаудың формасын таңдағанда, әсіресе, алты жастық
оқушыға, баланы тегімен (фамилиясымен) атаса, ол оны жатсынтады - себебі,
ол өзінің есіміне үйренген. В.С. Мухина мұғалім оқытудың басында балаларға
(әсіресе, жайсыз отбасыларанан шыққан) есімін атап, Петя, сен жарайсың!,
Маша, бүгін үздік! және т.б. деп баланың әрекеттерін жақсы бағалаудан
қорықпауы керек. Өзін ұл немесе қыз бала ретінде сезініп, бала мұғалімнің
көмегімен өзінің жыныстық (әлеуметтік) позициясын қалыптастырады. Ұл бала
күшті болуы керек, ол қызды қамқорлыққа алуы, оған көңіл бөлуі қажет.
В.С. Мухина балаларды үнемі Балалар! деп ортақ атауы әбден дұрыс емес
деп әділетті атап өтеді. Бұл жерде бала тұлғасын дамыту барысында қыздардың
(нәзіктілік, ұстамдылық, биязылық, мейірімділік, тазалық, адамгершіліктік,
аяушылық) және ұлдардың (батылдылық, шешімділік, жауапкершілік,
кеңжүректік, адалдылық) назарын неге аударудың ерекшелігін тіркеп, атап
отыру қажет. Баланың өмірлік болашағын оның өткен, болашақ және осы шақта
өзін елестетуін басқару негізінде қалыптастырудың ерекшеліктері туралы В.С.
Мухинаның ойлары өте маңызды. Бірінші сынып оқушысының өмірлік позициясын
былайша тұжырымдауға болады: бүгінгі күн ертеңгі күн үшін. Оны зерттеу,
балалардың басым көпшілігі өзінің өткен шағына емес, болашағына қарайтынын
көрсетті. Бұл ереже ең алдымен, депривирленген дамуға емес, дұрыс дамуға
қатысты (яғни, өзін таныту, мойындатуға үміт арту сияқты қажеттілік
қанағаттандырылмайтын процесте даму). Оны қоғамның әлеуметтік қайта
құрулар, қалыптасқан пікірлер, адамдардың, атап айтқанда, баланың жеке
санасында таптаурындардың (стереотиптердің) қалыптасқан кезеңінде жұмыс
істейтін мұғалімге ескеру өте маңызды. Мұғалім саналы түрде баланың
болашаққа оптимистік ойларын мақсатты қалыптастыруы, позитивтік өмірлік
болашақты нығайтуы, өмірге пессимистік, нигилистік қарау беталыстарына
қарсы тұра білуі қажет.
Толыққанды белсенді тұлға қалыптастыруға (К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой,
В.А. Сухомлинский, Я. Корчак, В.В. Давыдов және көптеген басқалар)
бағытталған адамгершіліктік тәрбиелеуші оқытудың жалпы тұжырымдамасын
әзірлей келе, В.С. Мухина ерекше назарды қоғамда қабылданған құқықтар мен
міндеттерге баланың қатынасын қалыптастыруға аударады. Автор балалардың
міндеттерін олардың құқықтарына айналдыру идеясын ұсынады, оны түсіну
баланың өзін-өзі сыйлауының деңгейін көтереді. Бізге үйренішті екі
өтінішті салыстырайық: Балалар, сендер тыныш отыруға тиістісіңдер,
Сендер сабақта өз беттеріңмен жұмыс істеулерің қажет және В.С. Мухинаның
ұсынатын формасы: Балалар, сендердің тыныштыққа, өз беттеріңмен жұмыс
істеуге құқықтарың бар, сол құқықтарыңды пайдаланыңдар.
В.С. Мухинаның әзірлеген Мен Петя, - жақсы - бала – болғанмын, - қазір
бармын – боламын - құқым бар – міндеттімін деген бала тұлғасының өзін-өзі
саналы ұғыну құрылымы ... адамның барлық бойында көрінетін негізін
көрсетеді, ол бір жағынан, дәстүр, әлеуметтік құрылысқа, екінші жағынан,
және тұлғаның жеке даму жолына байланысты мазмұнды жағынан толысады. Осы
құрылымның компоненттері әрбір оқушының өзіндік сана сезімінде орын алады,
және әрине, оның тұлғалық, жас ерекшеліктік даму деңгейіне байланысты олар
оның оқушы ретіндегі позициясын, оның оқуға, мұғалімге, мектепке деген
қатынасын анықтайды.
А.В. Петровскийге сәйкес, тұлғаның дамуы үздіксіздік пен бір жастан
екінші жас ерекшелігіне ауысқан кезеңдерде кідірістің бірлігі ретінде
ұсыныла алуы мүмкін. Тұлғаның дамуында үздіксіздік (жүйе ретінде)
берілген бірлестікте тұлғаның бір кезеңнен басқа кезеңге ауысу
заңдылықтарында ол үшін өте маңызды, салыстырамалы тұрақтылықты білдіреді.
Ал кідіріс тұлғаны жаңа нақты-тарихи жағдайларға енгізудің ерекшеліктерінен
туатын сапалық өзерістерді сипаттайды, олар оның көршілес жүйелермен
өзара әрекеттесуіне қатысты факторлардың әсерімен байланысты, берілген
жағдайда олар сол қоғамда қабылданған білім беру жүйелері болып табылады.
А.В. Петровский бойынша, әлеуметтік дамудың барлық жағдаяты осы процестің
макро - және микрофазалары ретіндегі бейімделу, дараландыру және
интеграциядан өту үстіндегі адамның тұлғалық дамуын анықтайды.
Ең бірінші кезекте отандық психологияда зерттелінген (Л.С. Выготский,
А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, А.В. Петровский) тұлға дамуының келтірілген
тұжырымдамасы Л.С. Выготский бойынша, даму дегеніміз ең бірінші кезекте,
бұрынғы сатыларда болмаған жаңаның үнемі пайда болуы және
қалыптасуымен...баланың даму сатыларына шығу барысында қоғамдық пен жекенің
бірлігі ретінде сипатталатын өзін-өзі қозғалысқа түсіруші үздіксіз
процесс. Л.С. Выготскийге сәйкес, дамудың басқа тұжырымдамасы мақсатты
өзін-өзі дамытушы тұлғаның автономды, ішкі, өмірлік екпінімен өзін-өзі
бекіту және өзін-өзі жетілдіруге жігер беруге бағытталған, шығармашылық
эволюция теорияларында көрінісін табады.
С.Д. Смирновтың кеңінен танымал шет елдік тұжырымдамаларда келтірілген
тұлғаның дамуындағы қозғаушы күштер мен шарттардың талдауы осы күштер мен
шарттардың қалайша дәлелденетінін көрсетеді:
З. Фрейд бойынша, жеке және тұлғалық дамудың негізі туа біткен елігу немесе
инстинкттер болып табылады, онда психикалық энергияның жалғыз көзі -
биологиялық елігу ғана танылады;
К. Юнг бойынша, дараландыру бірлестіктен жіктеліп бөлініп шығу.
Дараландырудың түпкі мақсаты - өзім дегеннің ең жоғары нүктесіне жету,
барлық психикалық құрылымдардың тұтас және толық бірлігі;
А. Адлер бойынша, адамға туғаннан бастап бірлестік сезімі немесе
қоғамдық сезім тән, ол сезім әдетте адамға өмірінің бірінші жылдары өзін
толыққанды сезінбеу сезімін жеңіп, қоғамға кіруге ұмтылуға түрткі болады;
К. Хорни бойынша, тұлғаның дамуы үшін негізгі энергия көзі –мазасыздану,
алаңдау және содан туған өзін-өзі қауіпсіздендіруге ұмтылу сезімі.
Тұлғалық даму, адамның тұлға, әлеуметтік жаратылыс ретінде қалыптасуы
көпжақтылығы соншама, оны бір уақытта сыртқы немесе ішкі шарттар ретінде
анықтайды. Адамның жаратылысын негізгі екі қарама-қайшылық анықтайды, оның
дамуы және оның жаратылыстық қасиеттерінің саналуандылығын мен сипаттаушы
кешендерде олардың үйлесуі. Олар: а) табиғатты жатсыну және онымен
байланыста болу; б) қоғамнан, басқа адамдырды жатсыну және олармен
байланыста болу. Дамудың әрбір шартының әсерін абсолютке апару-
теоретикалық абстракциялар мен түсінік берудің әдіснамалық негіздерінің
проблемасы.

1.2 Тұлға дамуына әсер ететін факторлар

Дамудың қай қырлары адамның өзіне тəуелді жəне қай тараптары сыртқы
жағдайларға, жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы себептер тобы –
жағдайлар деп аталады, ал сол қарапайым себептердің ішіндегі ең маңызды,
мəнді себеп – жағдаят (фактор) деп аталады. Даму процесі мен оның
нəтижесіне əсер етуші жалпы жағдайлар мен жағдаяттар қандай?
Белгілі болғандай, адамның даму процесі мен оның нəтижесі үш өзекті
жағдаяттардың бірлікті əрекетімен жасалады, олар –нəсілдік, қоршаған орта
жəне тəрбие. Негізге “нəсілдік” деп аталатын адамның тума, табиғи
ерешеліктері алынады. Нəсілдік – бұл атадан балаға берілетін тұрақты
сапалар мен ерешеліктер. Нəсілдікті тасушы – биологиялық ген (грек сөзі -
туындатушы). Организм қасиеттері табиғат жаратқан гендік кодтарда
өрнектеліп, белгілі ақпарат күйінде тіршілік өкілі тəнінде сақталатынын
жəне бірден бірге ауысып баратынын бүгінгі ғылым дəлелдеп отыр. Генетика –
адам дамуының нəсілдік бағдарлама құпияларын ашып, жариялайды. Адамның
нəсілдік бағдарламасы адамды адам кейпінде танытатын жалпы, сонымен бірге
əрбір адамның басқаға ұқсамас өзгешілігін білдіретін айрықша детерминатты
(тұрақты) жəне ауыспалы бөліктерді өз ішіне алады. Нəсілдік бағдарламаның т
ұ р а қ т ы бөлігі адамзаттық ұрпақ жалғастыру жəне адам тегіне тəн
нышандарды – сөйлеу, тік жүру, еңбек іс-əрекеті, ойлау, т.б. – қамтамасыз
етеді. Атадан балаға адамның сырт-қы белгілері: дене құрылысы, шаш, көз,
тері түстері – ауысады. Қан тобы, резус-фактор, ағзадағы ақуыздардың
əртүрлі бірігімі қатаң генетикалық бағдарламаға тəуелді түзілген.
Адамның жүйке жүйесі, мінезі, психикалық процестердің өту ерекшелігі
осы нəсілдік қасиеттер тобынан. Ата-аналар тəнінде болған жүйке жүйесінің
кемшіліктері, олардың арасында психикалық күйзеліс, сырқаттар –
патологиялық ауытқулар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отырады. Сондай-ақ, қан
аурулары (гемофилия), қан диабеті, кейбір эндокриндік бұзылыстар, мысалы –
ергежейлілік, нəсілдік сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян келтіретін
жағдаяттардың бір тобы – ата- аналардың алкагольдік жəне нашақорлық зиянды
əдеттерінен.
Нəсілдік бағдарламаның ауыспалы бөлімі адамға тіршілік жағдайларының
өзгермелі шарттарына икемдесіп баруына көмегін тигізеді. Нəсілдік
бағдарлама жетілдіре алмаған адамның сапа-қасиеттері өмір бойы жүріп
жататын тəрбиемен толықтырылады. Бағдарламаның бұл бөлігін əрбір адам өз
бетінше дамыта алады. Осылайша табиғат əрбір адамға өзіндік даму жəне
өзіндік жетілу жолымен өзінің адамилық мүмкіндіктерін іске асыруға жол
ашады. Сонымен, тəрбие қажеттігі адамға оның табиғатынан берілген. Балалар
өз ата-аналарынан нені мұра етіп алады – ақыл əрекетіне дайын қабілеттерді
ме немесе қабілеттерді дамыту үшін қажет, мүмкін болған нышандарды ма?
Эксперименталды зерттеулерде топталған деректерді талдау бұл сұрақтарға
нақты бір жауап мүмкіндігін берді: нəсілдіктен өтетін қабілеттер емес, тек
қана – нышандар. Əулетке өткен нышанның кейін дамуы да мүмкін не қолайлы
жағдайлар болмаса, өшіп кетуі де ықтимал. Бəрі жағдайға байланысты: егер
адамның нəсілдік бастаулары нақты қабілетке өту мүмкіндіктеріне кез болса
жəне тұрмыс шарттары, тəрбиесі, адам мен қоғамның қажеттері орынды үйлесім
тапса, нышан қабілет деңгейінен көрінеді[3].
Барша қалыпты адамдар табиғатынан өзінің ақыл жəне танымдық күштерін
дамыту мүмкіндігіне ие, сонымен бірге шексіз рухани дамуға қабілетті.
Жоғары жүйке қызметі типтеріндегі айырмашылық ойлау процестерінің жүрісін
ғана өзгертуі мүмкін, ал ақыл-парасат əрекеттері деңгейіне олардың ешқандай
əсері жоқ. Солай да болса, бүкіл дүние педагогтары нышандардың ақыл ой
қабілеттерінің дамуына кедергі де болатынын айғақтайды. Мысалы,
маскүнемдерден туған балалардың бас миындағы енжар жасушалар, нашақорларда
болатын гендік құрылым бұзылымдары, кейбір нəсілдік психикалық сырқаттар–
қабілеттердің орнығуына көп кедергі келтіреді. Шылымкеш ата-аналардан туған
балалар өкпе ауруына шалдыққыш келеді.
Ақыл-ой əрекетіне негіз –жалпы нышандармен бірге арнайы нышандар да
ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Белгілі іс əрекет түрінде адамды қалыптастырудың
бастауы осы арнайы нышандарда. Егер адамға қажетті жағдайлар жасалса,
арнайы нышандар ерте жастан-ақ белгілі болады. Мұндай нышандар: əн-күй,
сурет өнері, математика, лингвистика, спорт жəне т.б. үлкен маңызға ие.

1.3 Тұлға дамуындағы іс-әрекеттің мәні

Дамуға нəсілдіктің, қоршаған ортаның жəне тəрбиенің ықпалына қосымша
əсер ететін аса маңызды жағдаяттардың жəне бірі – бұл тұлға іс-əрекеті. Іс-
əрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-
қозғалыстарының бəрін аңдатады.
Тарих тұңғиығынан іс-əрекет бабында небір дана бақылаулар бізге дейін
жеткен: балаңның немен жəне қалай шұғылданатынын айтсаң, оның қандай адам
болып жетілетінін айтып беремін; қаңғыбас болғанның ешқайсысы да,
дегеніне жете алмаған; қанша тер төксең – сонша емерсің, адам өз
бақытының ұстасы; ерте тұрғанның ырысы артық; еңбегіне қарай – сый-
сияпаты; өнерлінің қолы гүл т.б. Даму нəтижелері мен іс-əрекет
қарқындылығы арасында тікелей байланыс болатыны айдан анық. Бұдан даму
процесінің жəне бір жалпы заңдылығы ашылады: оқушы неғұрлым белгілі салада
көбірек іс-əрекет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейі соншама жоғары
келеді. Əлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. Ол
жағдай əрбір адамның қабілеттеріне, жасына, іс-əрекеттің өзінің
қарқындылығы мен ұйымдасуына тəуелді келеді.
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы
жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы қалыптасады.
Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі
үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет.
Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс. Өкінішке орай, көп жағдайларда осы
күрделілік даму мүмкіндіктерін шектейді; кейде тəрбиеленушілер ең қажетті
болған жағдаяттарға – қоғамдық, еңбек, таным əрекеттеріне белсенді араласа
алмай, енжар бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан ары өте
алмайды.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын,
оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем
өнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады.
Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу
(ортақтасу).
Іс-əрекет сипаты бойынша белсенді (актив) жəне енжар (пассив) болуы
мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сəбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып
көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да
талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға
өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта жəне
тəрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі
де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз,
көңілі құламай, орындалуы қалай болса, солай – енжар. Əлбетте, мұндай іс-
əрекет адамды жоғары нəтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді болуы іс-
əрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тəуелді. Адам таңдаған
ісіне жан-тəнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бəрін іске
жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай
қызмет адамға қанағат лəззатын əкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады.
Сондықтан да, іс-əрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес сол
əрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.
Белсенділік оқу барысында шəкіртке тезірек жəне табысты əлеуметтік
тəжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу
қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады.
Баланың ақыл-парасатты дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл
үшін балаға танымдық мəселелерді шешуімен бірге игерілген білімдерді
практикада қолдану қажеттігі де тəн болуы тиіс. Себебі еңбектегі
белсенділік тұлғаны өзінің рухани жəне адамгершілік дүниесін тез арада жəне
тиімді қалыптастыруға ынталандырады, оны көп жəне нəтижелі еңбектенуге
бағыттайды[4].
Белсенділіктің барша көріністерінің негізінде бір ғана тұрақты дерек
көзі- қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі оларды
қанағаттандыру үшін қолданылатын іс-əрекеттердің де сан қилылығын
туындатады. Өсіп келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын
көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бəсеңсіту – педагогтар үшін тұрақты да
жəне өте күрделі де міндет. Күрделілігі – адамның жеделдете кемелденуі
дəуірінде іс-əрекет қажеттері мен сеп- түрткілері (мотивтері) өте
қозғалмалы жəне ауыспалы келеді. Сондықтан, əртүрлі жас сатыларында іс-
əрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жалпы мектептік тəрбиенің өзгерістер
ізімен үлгере орындалуы өте қиын, солай да бола, əрқандай тəрбиелік іс
мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп, келеңсіз салдардың алдын алып отыруы
қажет.
Əрбір адамның өзіндік белсенділігі оның қабілеттері мен дарынының дамуы
жəне табыстарға жетуінің міндетті кепілі. Оқушы тəрбиесімен қандай да бір
ғажайып тəрбиеші шұғылданбасын, оқушының өз əрекет- ықыласы болмаса,
ешқандай нəтиже болуы мүмкін емес. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, бала өзі оқуы
тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру,
оның оқу процесін басқару. Осыдан, дұрыс қойылған тəрбиеде оқушы
педагогикалық ықпалдың тек объекті ғана емес, ол сонымен бірге өз тəрбиесін
белсенді өз қолына алған- субъект.
Іс-əрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның
дамуы кез-келген əсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетіне сай
келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке
көзқарастарына сəйкес ықпал болса ғана, бала дамуы қарқынды жүреді.
Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға дамуын диагностикалау
Тұлға дамуын диагностикалауға қатысты практикалық жағдай
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Педагогикадағы тұлғаның дамуы
Мектеп психологының іс-қағаздары
С.Дюлленгердің психо-геометриялық тесті арқылы тұлғаны диагностикалау
Психологиялық кеңес жұмыстары
Психодиагностика туралы түсінік
Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы балалармен жұмысы
ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
Пәндер