ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЛЕР ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
ХОРЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ХОРЕОГРАФИЯ ПЕДАГОГИКАСЫ КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді
Факультет деканы: Сушков Д. В
___ ________________ 2021 ж.
Хореография педагогикасы
кафедрасының меңгерушісі
Ким. Л.В
___ ________________ 2021 ж.

Дипломдық жұмыс

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЛЕР ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ

Кафедра : Хореография
Мамандандыру: Педагог хореограф

Орындаған: Әбдібай. А. С

Ғылыми жетекші: Молдахметова. А. Т

Алматы 2021
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I ТАРАУ. ДЕРЕКТАНУ АСПЕКТІСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1. Ұлттық ойындар мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЛЕР ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛІ ЖӘНЕ ПЛАСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.1. Қазақша күрес ойынының ерлер орындауындағы қазақ биі қимылдарының көрініс табуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2. Ат үстіндегі спорттық ойындардың би қимылында көрініс табуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Би - адам баласының ішкі жан-тебіренісін, көтеріңкі көңіл-күйі мен мұң-мұқтажын, тіпті, қиял түкпіріндегі арман-тілектерін дененің пластикалық қимылдары арқылы жеткізетін ғажайып өнер. Бұл өнерде қимыл, мимика, дене қалыптары, ырғақ, жылдамдық, әуен, сурет, бейнелі костюм мен реквизит - бәрі бар. Жалпы, би өнерінің тарихы көне замандардан бастау алады. Тіпті, бидің пайда болуы адамзаттың пайда болу кезеңінен бері келе жатыр десек, артық болмас. Адам баласы ежелден-ақ өзінің ішкі сезімдері мен эмоциясын дене қимылдары арқылы жеткізіп дағдыланған. Сондықтан, би жай ғана әсем қимыл мен тартымды қалыптардан құралған іс-әрекеттер жиынтығы деген тұжырым мүлде дұрыс емес. Бидің қызметі, оның функциясы әлдеқайда терең әрі күрделі.
Әуелі, би көне дәуірлерден келе жатқан коммуникативті қызметті атқарады. Жоғарыда айтқандай, би арқылы адам өз ойын, көңіл-күйін, талғамын, жалпы айтқанда, ішкі әлемінде болып жатқан құбылыстарды, уайымын, қуанышын, бақыты мен қайғысын жеткізе алады. Яғни, би - орындаушының көпшілікпен тілдесу құралы.
Одан бөлек, би - адамды адамнан, тайпаны тайпадан, ұлтты ұлттан ажырата алуға көмектесетін ерекше өнер. Яғни, белгілі бір кодтарға, биді орындаудағы ерекшеліктер мен оның мінезіне қарап, біз кез-келген халықтың идентификациясын көре аламыз. Би - біздің кім екенімізді, қайдан шыққанымызды, нені қалайтынымызды, одан қалса, біздің құндылықтарымызды көрсетеді. Сонымен қатар, би арқылы оны орындаушы халықтың еркіндігін, ұстамдылығын, тектілігімен мәнерлілігін танып-білуге болады. Сол себепті, әрбір халықтың өзіндік ерекшелігіне, күнделікті тұрмысына, ұлттық құндылықтары мен ішкі талғамына сай тек сол халыққа тән бояуға ие ұлттық би түрлерінің қалыптасуы да заңдылық.
Ұлттық би - белгілі бір халықтың, этностың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін, стилистикасын, салт-дәстүрі мен тұрмыстық ерекшелігін сақтауға үлес қосқан бағалы өнер түрі. Көздің жауын алатын әдемі қимылдардан бөлек би элементтері белгілі бір тарихқа, аңызға, күнделікті тұрмыстан алынған оқиғаларға, ұлттық ойын мен мәдениетке негізделген. Сондықтан, ұлттық би өнерін өмірлік кәсіпке айналдырған адам өзін тарихи ұлттық әрі мәдени мұраға қатысы бар жан деп санауына болады.
Қазіргі таңда, кез-келген ұлттың тек өзіне ғана тән би өнері, элементтері мен орындаушылық мәнері бар. Әр халықтың биі оның ұлттық ойындары, тұрмыс-тіршілігі, күнделікті еңбегі, наным-сенімі мен көңіл-көтеру тәсілдерінен негіз алады.
Қазақтың ұлттық биі - халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы, салт-дәстүрі мен мәдениетінің арқасында пайда болған ұлт мұрасы. Ол ерте заманнан бері ұлтымыздың бағалы ауыз әдебиетімен, шешендік өнерімен, тұла бойымызға сіңген ән-күй өнерімізбен, салт-дәстүрімізбен бірге үйлесімді сабақтастықта дамып келе жатқан асыл мұра. Қазақ биінің мазмұндық ерекшеліктерінен, техникалық элементтерінен жалпы халықтың мінезін, жан-дүниесін, ой-танымын, арман-мақсаттарын, ұлттық мүддесі мен қоршаған ортамен, табиғатпен байланысын, өмірлік философиясын аңғаруға болады. Жалпы, қазақ халқы өзінің би өнерін ғасырлар бойы дамытып, ұлттық кодын, әдет-ғұрпы мен рухани қазынасын сақтап келеді. Десек те, қазақ халқының ұлттық биі жоқ және соңғы уақытқа дейін болмаған деушілер де аз болмады. Мәселен, орыс зерттеушісі Николай Зеланд өзінің Народы России[1] атты еңбегінде осы тұжырымды алған тартқан еді. Әрине, мұның бәрі әуелі Патша үкіметі, кейін Кеңес одағының заманында болған саясат пен қиын-қыстау кезеңдердің зардабы болар. Десек те, қазіргі қазақ биінің бай репертуары, тек өзіне тән стилистикалық бояуы мен ерекшелігі оның ғасырлар бойы қалыптасқанының белгісі. Оған қоса, Тамғалы тас, Қаратөбе, Қараеміл, Ақкүнгей сынды тарихи ескерткіш жәдігерлері саналатын тастардың бетіне қашалған қарапайым қимылдар мен би элементтері осыған нақты дәлел бола алады. Жалпы, қазақта 2000-нан астам би бар. Бірақ, өкінішке орай олардың барлығы толыққанды зерттелмеген. Негізі, қазақ би өнері әлі күнге дейін толыққанды зерттелмеген сала болып тұр. Десек те, бұл ұлттық би өнеріміздің бай қазынасымен мақтануымызға кедергі келтірмейді.
Белгілі этнограф Байахмет Жұмабайұлының айтуынша, қазақ халқы өзінің-көрген білгенін, күнделікті еңбегін, тұрмыс-тіршілігін биге айналдырып отырған. Жалпы, қазақ биінің тарихы сақтар мен ғұндар дәуірінен бастау алады. Алайда, оның құрылымдық дамуы XVIII ғасырға тиесілі. Ал XX ғасырдан бастап қазақ ұлттық хореография өнері қалыптаса бастады. Осы тұста қазақ би өнерінің кәсіби дамуына ерекше үлес қосқан әйгілі Шара Жиенқұлованың есімін атап өтпеске болмайды. Оның қажымас еңбегінің арқасында қазақ би өнерінің кескінді келбеті халық арасына тарай бастады. Шара Жиенқұлова қазақ ұлттық би өнерін жаңа кәсіби деңгейге көтерген ерекше тұлға. Оның Қамажай, Айжан қыз, Аю биі, Насыбайшы сынды өзге де билері куә.
Жалпы, жоғарыда айтқанымыздай, қазақ биі қазақ халқының тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен, күнделікті тіршіліктегі еңбегімен, мәдениетімен біте қайнасып дамыған. Көшпенді халықтың наным-сенімі, еңбегі мен тұрмысынан сыр шертетін Ұршық, Киіз басу, Бақсы биі, Қоян-бүркіт, Беташар, Қоштасу сынды билер бар. Ұлттық би өнерінің дамуы ерекше септігін тигізген тағы бір қасиетті өнер - күй өнері. Айжан қыз, Қос алқа, Сарыарқа билері осы күй өнерінің арқасында пайда болған билер десек, артық болмас. Мәселен, әйгілі Құрманғазының Сарыарқа күйінен шабыттана отырып Қыз қуу биінің қимылдары шығарылды.
Диплом жұмысының өзектілігі. Ұлттық биге арқау болған тағы бір дүние - ұлттық ойындар. Жоғарыда айтылған Қыз қуу сол ұлттық спорт ойынының бір түрі. Сол сияқты өзге спорттық және басқа ойын түрлері осы қазақ биінің хореографиялық лексикасының қалыптасуына негіз болған. Әсіресе, ат үстінде ойналатын Көкпар Бәйге сынды ойындардың нәтижесінде жәй жүріс, ат шабыс сынды өзге де қимылдар пайда болды. Сонымен қатар, ерлер орындауындағы қазақ биінің хореографиялық лексикасының қалыптасуында қазақша күрес спорттық ойынының рөлі ерекше. Қазірде, бишілер арасында белгілі мақтаншақ сынды қимылдар дәл осы спорт түріндегі арыс үстінде орындалатын қимылдардың бейнелі көрінісі болып табылады. Жалпы алғанда, қазақша күрес, қазақтың ұлттық ойындарына жақын. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Бұл күрес түрлі бас қосулар, мереке, тойлар кездерінде, жиі ұйымдастырылған. Жеңіске жеткен, халықтың құрмет тұтар адамына айналған балуандар есімін атап өтетін болсақ, ол қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімді атамыз, қазақ халқының тарихында ғана емес сондай ақ, спортшылардың элитасының қатарына кірген, қазақша күреске зор үлес қосқан батыр атамыз. Сонымен қатар, әйгілі Балуан Шолақтың да қазақша күрес спорттық ойынының дамуына қосқан үлесі зор. Жалпы, бір сөзбен айтқанда, бұл аталарымыздың қазақша күрес ойынының дамуына қосқан еңбегінің арқасында, осы спорттың мәдениетін қалыптастырды. Сәйкесінше, бұл ойында кездесетін қимылдардың қазақ биінің хореографиялық лексикасында ерекше орын алатынын ескерсек, олардың тек ұлттық ойындар мәдениетіне емес, сонымен қатар, би мәдениетінің және тұтастай халықтың рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті деуге болады.
Негізінде, қазақ биін дамытуға алғашқылардың бірі болып атсалысқан Шара Жиенқұлова болғанымен, ертеректе қазақтар арасында биді ер азаматтар билеген. Алғашқы билердің бірі саналатын Аю биі мен Бақсылар биі осыған дәлел. Ертеректе қазақ даласында үлкен жиындарда, көңіл-көтеру кештерінде бір ер адам домбыраны да ойнап, биді де билеген. Және әрине, табиғаты жағынан бір болғанымен, ерлер мен әйелдер орындауында айырмашылық бар. Мысалы, қыздардың биі сұлулыққа, биязылық пен ұяңдылыққа негізделсе, ерлер биінде батылдық пен жігердің лебі байқалады. Міне, бүгінгі диплом жұмысының тақырыбы ұлттық ойындар мәдениетінің дәл осы жігер мен мінезге толы ерлер орындауындағы қазақ биінінің хореографиялық лексикасындағы көрінісі жайлы болмақ. Ұлттық ойындардың толыққанды би мен би қимылдарының пайда болуына арқау болуы бұл тақырыптың өзектілігін аңғартады деуге болады. Себебі, қазақ биінің бай қазынасын қалыптастыруда ұлттық ойындардың алар орны ерекше. Жалпы, ұлттық ойындар белгілі бір халықтың физикалық және рухани мәдениетін қалыптастыруда ерекше
Диплом жұмысының зерттеу нысаны - қазақ биінің хореографиялық лексикасы қоржынынан орын алған ұлттық ойындар. Сол ұлттық ойындардың арқасында ерлердің хореографиялық лексикасын байытып отырған би қимылдары мен элементтері, олардың орындалу тәртібі, мәнері мен мінезі.

Диплом жұмысының зерттеу пәні:
- Ұлттық ойындар мәдениетінің ерлер орындауындағы қазақ ұлттық биінің хореографиялық лексикасындағы көрінісін ашу.
арасындағы байланыс.
-Ұлттық ойындар тарихы және ондағы қимыл-әрекеттердің хореографиялық элементтерге айналуы.
- Ұлттық ойын мен қазақша күрестің байланысы.
- Қазақша күрес орындауындағы, қазақ биіндегі ерлер қыймылдары.
Димлом жұмысының мақсаты - ұлттық ойындар мәдениетінің ерлер орындауындағы қазақ биінің хореографиялық лексикасын дамыту мен оның жан-жақты жетілуіне қосқан үлесін анықтап, зерттеп, жалпы қазақ биінің қазынасын қалыптастыруға тигізген ықпалына баға беру. Сонымен қатар, қазіргі және болашақ ер орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін педагог ретінде осы ұлттық ойындар негізінде пайда болған би мен би қимылдарын игерудің тиімді жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысының міндеттері:
- зерттеу жұмыстарын қарастырып ?? ұлттық ойындардың мәдениетің ашу.
-
- ерлер орындауындағы қазақ биінің хореографиялық лексикасын зерттеп, әрбір қимылдың шығу тарихын анықтау және түсіну;
- ерлер қазақ биінің хореографиялық лексикасының қалыптасуына ықпал еткен ұлттық ойын түрлерін зерттей отырып, олардың орындаушының кәсіби шеберлігін арттыруға тигізген ықпалын айқындау;
- ерлер биінің хореографиялық лексикасын байыту мақсатында қандай қимылдар мен қалыптарға мән беру керектігіне қатысты ұсыныстар жасау.
Диплом жұмысының зерттеу тәсілдері. Диплом жұмысының мақсаты мен жұмыс барысында атқарылуы тиіс міндеттерге сай, берілген тақырыпты жан-жақты ашу үшін және осы тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін көрсету үшін жұмысты жазу барысында келесі тәсілдер қолданылды:
1. Теориялық - қазақ ұлттық ойындары мен ұлттық би өнеріне, нақтырақ айтқанда ерлер хореографиясын ашуға көмектесетін арнайы әдеби оқулықтармен, кәсіби балетмейстерлер мен хореографтардың еңбегін зерттеп, жұмыс жасау.
2. Тәжірибелік - теориялық әдістемелердің арқасында алынған білімді тәжірибемен жалғастыру. Ерлер хореографиясында кездесетін ұлттық ойындар мәдениетіне сай этюдтарын дайындау.
Пайдаланылған әдебиеттерге шолу
Диплом жұмысын жазу барысында береілген тақырыпқа сай 40 әдеби және оқу-әдістемелік құралдар пайдаланылды. Соның ішінде, қазақ биіне көп еңбек сіңірген Ш. Жиенқұлованың Казахские танцы, Тайна танца, Д. Әбіровтың жеке жазған История казахского танца және А.Исмаиловпен бірлесе жазған Казахские народные танцы, О. Всеволодская-Голушкевичтің Пять казахских танцев, Школа казахскова танца, М. Таникеев Казахские национальные виды спорта и игры, А. Шанкибаева Казахская хореография: развитие форм и художественных средств сынды еңбектерін атап өту керек.
Одан бөлек, диплом жұмысында қолданылған кейбір ойларды ашып, нақтылау мақсатында Ш. Уәлихановтың 5 томдық шығармалар жинағы, А.К Кулбекова мен Т.О. Ізімованың Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі оқулығы, С.М. Абрамзонның Киргизы и их этнические и историко-культурные связи сынды кітаптарындағы ой-тұжырымдар қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы ұлттық ойындар мен ерлер орындауындағы қазақ биінің хореографиялық лексикасының осы уақытқа дейін қалыптасқан теориялық базасын жаңа ойлармен, ұсыныстармен және әдістермен толықтыру. Және осы ұсынылған жаңа әдістердің көмегімен ерлер хореографиясының лексикалық қоржынын мейлінше байыту және жас орындаушыларға осы ұлттық ойындар негізінде пайда болған қимылдар мен би қалыптарын толыққанды игеруге ықпал ету.
Диплом жұмысы нәтижесінің тәжірибелік маңыздылығы ұлттық ойындар мәдениетінің жалпы қазақ биі, соның ішінде ерлер орындауындағы бидің хореографиялық лексикасындағы көрінісін толыққанды ашу арқылы болашақ орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыруына ықпал ету мүмкіндігі. Сонымен қатар, ойындар негізінде пайда болған элементтердің шығу тарихын, олардың мінезін ұғындыру арқылы бидің мазмұнын түсіну
Диплом жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының кіріспесінде зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу пәні мен нысаны, жұмыстың негізгі теориялық-әдістемелік базасы қарастырылады. Сонымен қатар, зерттеу жұымысының негізгі әдістері мен жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы айтылады.

1 Бөлiм. Деректану аспектісіндегі ұлттық ойындардың зерттелуі

Ұлттық ойындар мәдениеті

Қазақ биі - қазақ халқының көнеден келе жатқан тарихы, тұрмысы, наным-сенімі, салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетімен сусындап, соның барлығын дене қимылы мен қалыптары арқылы көрсетіп, көркем образдарды жеткізетін ерекше сахналық өнер. Қазақ биінде кездесетін әрбір қимыл, мимика мен ерекше атмосфераның өзіндік тарихы бар. Қазақ биінің бай хореографиялық лексикасын құрайтын элементтер міндетті түрде көшпенді халықтың күнделікті өмірімен, оның өмір сүру ерекшеліктерімен байланысты. Қазақ биінің хореографиялық лексикасының қоржынын құрайтын қимылдың қайсысы болсын, өздігінен пайда бола салған жоқ. Сол бір қазақ биінің лексикалық қоржынын құрайтын қимылдар қатарында ұлттық ойындар негізінде пайда болған дене қимылдары мен қалыптарын ерекше атап өтуге болады.
Сонау көне замандардан келе жатқан ғасырлар бойғы тарихының арқасында қазақ халқының тек өзіне ғана физикалық күш пен мәдениетке тәрбиелейтін өзіндік жүйесі қалыптасып үлгерді. Және бұл физикалық мәдениеттің қалыптасуының негізі - ұлттық ойындар мәдениетінен бастау алады десек те, қателеспейміз. Қазақтың ұлттық ойындарында кездесетін жігер, рух, қара күш пен икемділік, ширақтық - мұның бәрі халықтың бойындағы белгілі бір мәдениетті қалыптастыруға айрықша үлес қосты.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?, - дегендей, ұлттық ойындар - қандай да бір халықтың мәдениетін, мінезі мен талғамын көрсететін өмірдің бір саласы. Адам баласы өмірге келген соң көңіл-көтеріп, ойын-сауық құруы заңдылық. Себебі, бұл күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәтке болсын арылып, ойды тазартуға ықпалын тигізетін ерекше құрал. Десек те, көп жағдайда біз ойын деген сөзді кездестіргенде, оны тек көңіл көтеру деген қате ұғыммен шатастырамыз. Ал тереңірек ойланатын болсақ, ұлттық ойындар - жәй ғана дүбірлі жиындарда көңіл көтерумен шектелмейді. Ол сол жиындағы халықтың мәдениетін, оның құндылықтарын қалыптастыруға бағытталады.
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы өте зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқының ұлттық ойындар қоржыны өте бай десек, қателеспейміз. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған. Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады. Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Сондықтан бала үшін ойынның мәні ерекше. Ойын баланың негізгі іс - әрекетінің бір көрінісі болып табылады. Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама? деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Ойынды көркемдік іс - әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойынға шартты түрлі мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.
Ойын тәрбие құралы арқылы ақыл - ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, жақсы ұғысады және өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез - құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Жастардың ұлттық сана-сезімнің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша.
Жалпы қазақтың ұлттық ойындарын өзіндік ерекшеліктеріне, мақсаттылығына қарай бес түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: аңға байланысты ойындар, төрт-түлік малына байланысты, әртүрлі құрал-саймандардың көмегімен ойналатын ойындар және ойыншының ақыл-ойы мен зеректікгін, және келесі кезекте икемділігі, шапшаңдығы мен ептілігін көрсететін ойындар. Бұл бес топқа бөлінетін ойындарды жіктеп көрсететін болсақ, оларды мынадай топқа бөлуге болады:
Аңшылық тақырыбындағы ойындар;
Ойын-сауықтық мінезге ие ойындар;
Тұрмыс-салт ойындары;
Дене шынықтыруға арналған физикалық күші бар спорттық ойындар;
Ақыл-ойды дамытуға арналған ойындар.
Осыған орай, қазақ халқының ұлттық ойындар қоржынында 150-ге жуық ойын түрлері бар екен. Алайда, әрине, қазіргі таңда бұл ойындардың барлығы дерлік күнделікті өмірде қолданыста жүр деп айта алмаймыз.
Жалпы, зерттеуші ғалымдардың сөздеріне сүйенсек, қазіргі таңда бізге жеткен ойындардың көбі қазақ жерінде шамамен б.з.б. I мыңжылдықта пайда болып, қалыптасқан. Олардың ішінде Тоғызқұмалақ, Асық, Көкпар сынды ойындар Орталық Азияның бірқатар елдерінде де ойналып жүр. Зерттеуші М. Таникеевтің Қазақтың ұлттық спорты мен ойындары кітабында ол бірнеше ойын түрлерін атап өтеді. Соның ішінде, Аламан бәйге, Ай-керек, Аударыспақ Бүркіт салу, Жамбы ату, Жаяу жарыс, Жорға жарыс, Қазақша күрес, Көкпар, Күміс алу, Қыз қуу, Тоғыз құмалақ сынды көптеген ойындар бар. Енді осы ұлттық ойындардың ең танымал түрлері және ең бастысы ұлттық биге негіз болғандарына тоқтала өтсек.
Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ халқында ұлттық ойындар өте көп. Солардың ішінде ат үстінде ойналатын ойындардың танымалдылығы жоғары. Жалпы, жылқы малы қазақтар үшін қашан да қасиетті болған. Содан болар, осы арғымақ тұлпардың үстінде ойналатын ойындар да ерекше ықыласпен қабылданады. Ендеше, алдымен қасиетті жануарға қатысты ойындарға тоқтала өтсек.
Көкпар - дәстүрлі қазақ ойыны. Жалпы, бұл ойын тек қазақ халқының емес, қырғыз, тәжік сынды көршілес халықтардың мәдениетінде де кездеседі.
Қазақ халқының арасында Көкпар тартуға бір жасқа толған семіз серке таңдалатын болған. Семіз малдың терісі оңайлықпен жыртылмайтын халқымыз осындай таңдауға тоқталған. Әдетте, Көкпар ойыны жігіттердің бойында батылдық, күш-жігер, төзімділік, ептілік пен айла-қулықты ұтымды пайдалан алу сынды қасиеттерді тәрбиелеуге бейім келеді. Расында да, Көкпарға қатысушы жігіттердің білегі мықты, қолдары мығым келеді. Себебі, әрине, 20-30 келі тартатын малды ат үстінде отырып бір қолмен көтере алып қашу үшін ер азамтқа өте күп қара күш қажет. Сонымен қатар, Көкпар жылқы малын қалай баптау керектігін үйрететін, оның жүйріктігін сынайтын спорттық ойын түрі.

Сурет. Көкпар ойыны

Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты - орталық шеңберде 20-30 келі тартатын өз командасының отауына түсіру.
Бүгінде қазақ биі әлемінде осы Көкпар тарту ойынының негізінде ұлттық би пайда болды. Көкпар биі ат үстінде көрсетілетін ұлттық спорт ойындарын бейнелейді. Аталмыш би халық күйі Қара жорғаның сүйемелденуімен орындалады. Алғаш рет Көкпар биі 1934 жылы Қазақстан ауыл шаруашылық еңбекшілерінің слетінде халық бишісі Ш.Быжыбаев жеке орындаса, 1936 жылы Мәскеуде өткен КСРО халық бишілері слетінде бір топ бишімен қосыла орындаған. Бұл бидің сахналық нұсқасын, тіпті, Бүкіл одақтық ән-би ансамблі өз репертуарына қосқан. Ал оның жаңа нұсқасын 1953 жылы дарынды балетмейстер Дәурен Әбіров Қазақ филармониясы сахнасында қойды. Ал балетмейстер Л.Д Чернышеваның Көкпар биін Қазақ ән-би ансамблінің бишілері 1958 Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде орындап шықты. Ал 1959 жылы Көкпар биі мұхит асып, Америка Құрама Штаттарының сахнасында орындалды.
Ұлттық ойындардың да би өнерiн дамыту барысында талай идеяларға жетектеп балетмейстерлердiң қиялын ұштағанын жоғарыда айттық. Соның бiрi халық арасында осы уақытқа дейiн сақталған Қыз қуу ойыны. Бұл ойын халық арасында жылқы үстінде ойналатын ерекше танымал ойындардың бірі саналады.

2. Сурет. Қыз қуу ойыны
Бұл ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Тарихи деректерге сүйенсек, Қыз қуу ойыны ежелгі сақ, ғұн тайпаларының дәуірінен бастап ойналады. Ол кездері қоғамда жаугершілік заман болғаны белгілі. Сондықтан, сонау замандарда бейбіт күндері жауынгер жігіттер мен мерген қыздар көңіл-көтеру мақсатында ойнаған деседі.
Әрине, кейінірек, бұл ойын жалпы қыз бен жігіттер арасында үлкен мерекелік жиындарда, ұлттық мереке кештерінде ойнала бастады. Бүгінде, аталмыш ойын халық арасында кеңінен танымал. Ойын ережесіне сай кең далаға жиналған халықтың ішінен тұлпардың үстіне мінген ару қыз ортаға шығып, қыз қууға дайындалып отырған жігіттердің арасынан өзіне ұнаған жігітті қамшысымен тартып қалады да, қаша жөнеледі. Қызға есесін жіберіп қойған жігіт, арғымағына отырып, жаңағы қыздың артынан қуа жөнеледі. Егер жігіт қызды қуып жете алса, оның бетінен сүйіп алады. Ал қуып жете алмаса, жеңілген болып саналады. Негізінде, Қыз қуу ойынының мақсаты, қыздың жігітті сабауы немесе жігіттің қыздың бетінен сүю емес, қазақтың ұл-қыздарының атта отыру шеберлігіне баға беруде. Яғни, бұл ойын да Көкпар ойыны сынды жастардың жылқы малын баптап, олардың шеберлігін арттыруға, әрі физикалық күшін дамытуға негізделген.
Қыз қуу ойыны бидің пайда болуына себеп болды. Биге ойындағыдай бір қыз бен ержігіт қатысады. Олар сахнада ат үстіндегі шабыс қимылдарын би элементтері арқылы жеткізеді. Әрине, бұл биде орындалатын негізгі элементтердің бірі - Ат шабыс. Сонымен қатар, йықтың, буындардың қимылдары қолданылған. Әрі бұл биде аяқтың Секіртпе жүріс, Өкше жүріс, Тоқылдақ жүріс сынды элементтері кезедеседі.

Сурет. Бәйге шабу ойыны
Сәйгүлік үстінде ойналатын келесі ойындардың бірі - Бәйге. Бұл спорт түрі де түркі тектес халықтардың арасында өте танымал. Бәйге спорттық ойыны өзбек халқында Пайга, ал қырғыздар арасында Чабыш деп аталады.
Жалпы, Бәйге ұлттық спорт ойындарының арасындағы ең маңызды ойындардың бірі деуге болады. Қазақта, жылқы бар жерде, Бәйге де бар деген сөздер бекер айтылмаса керек. Қазақтың көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіров айтпақшы: жанына халқымыздың жылқы жаққан. Бұл сөздерден ұлтымыз ежелден-ақ жылқы жануарын ерекше жақсы көргенін аңғаруға болады. Осыдан болар, ХХ ғасырдың басында Зайсан өңірінде қызмет еткен казак атаманы Рябушкин: Қазақ атқа мінсе ерленіп кетеді, ешкімге бағынбайды. Бұларды бағынышты ұстау үшін жылқыдан айыру керек, - деген екен. Алайда, қазақты жылқыдан айыру оңай нәрсе емес. Бәйге шабу спорттық ойыны сәйгүлікке отырған шабандоздардың қашықтыққа шауып жарысуынан құралған. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Бәйге ойынының ережелері үнемі жаңарып отырған. Нақтырақ айтқанда, жарысқа қатысатын тұлпар мінген қатысушылар саны, олардың шауып өтуі тиіс қашықтық үнемі жаңарып отырған. Мысалы, 1886 жылы Ереймен өңірінде өткен Сағынайдың асындағы бәйгеге 1300 жүйрік қосылған. Бұларды Қызқашқанның етегінен жіберіп, Жыланды өзекті өрлете шаптырып, Қусақ көлін айналдырып ұстаған. Бұл қашықтық шамамен 50 шақырымды құраса, 1897 жылы Торғай өңірінде өткен Бектас байдың асында ат бәйгесіне 400 жүйрік қосылып, оларды Әзірбай қопадан 55 шақырым жердегі Сорбұлақтан жіберген.
Бәйге ойыны да қазақ ұлттық би өнерінің озық үлгілерінде жиі кездеседі. Мәселен, Бәйге ойынының элементтерін Дәурен Әбіровтың ерлердің орындауындағы Балбырауын биінде кездестіруге болады. Сахна төріне сәйгүлікке мінген шабандоздар сияқты шауып кірген бір топ бишілердің қимылын осыған теңеуге әбден болады. Қолдың нық қалыптары, аяқпен секіру элементтері, шабыс жүрісі - мұның барлығы сол атмосфераны беріп тұрғандай. Одан бөлек, күйдің жігерлі, рухты мінезі, бишілердің қайсарлығы Аламан бәйгеге түскен серілердің бейнесін көрсеткендей әсер қалдырады. Әрине, бұл бидің толығымен Бәйге ойынына негізделмегенін білеміз. Дегенмен, онда осы спорттық ойынға қимылдар, рух бар екені рас.
Жалпы, бұл ойын тұлпар мен оның иесінің жарысқа бірге түсіп, бірге сыналатын сағаты. Мұнда тек тұлпардың мықтылығы емес, иесінің оны игере алу, екеуінің бірін-бірі өзара түсінісе алуы да маңызды рөл ойнайды. Аламан бәйгенің ежелгі қалыптасу мақсаты: жауынгерлік жорық кезінде жақсы аттарды таңдап алып, ұзақ жорық-шабысқа іріктеу үшін ұйымдастырылған. Аламан бәйге кезінде ат үстіндегі шабандоз баланың төзімі, тақымының мықтылығы да сынға түседі. Осы арқылы қазақтар атүсті сайысқа мықты жауынгер ұлдар мен болашақ батырларды тәрбиелеген.
Ендігі кезекті, жылқы малына қатысты емес, өзге ойын түрлеріне берейік. Ұлттық би хореографиясында кездесетін тағы бір ұлттық ойын түрі - Бүркіт салу ойыны.
Негізінде бұл ойын аңшылық кәсіптің негізінде дамыған. Оны демалыс күндері көңіл көтеріп, сергу үшін өткізген деседі. Бұл ойынды көбіне аңшылыққа жаны құмар ер азаматтар ойнаған. Себебі, аң аулауға жібергелі тұрған бүркіттің бабын тауып, оны асырау, баулу, түлкі, қоян, қасқырға салу үшін біршама айла-тәсілдерді игеріп, өз ісінің маманы болу қажет. Негізінде, бұл аңшылықпен байланыс бар ойын жарысты өткізудің негізгі мақсаты қатысушылардың саятшылық шеберлігін сынға түсірумен қатар, кең даланың керемет табиғатына сүйсіну де болып табылады.

Сурет. Бүркіт салу ойыны

Бүркіт салу ойыны халық арасында аса кең танымал болмағанымен, бұл нағыз талғампаз, шыдамды әрі қырағы ерлердің жақсы көретін ойыны болған. Сонымен қатар, бұл ойын түрінің де қазақ биінің алтын қоржынының баюына үлесін қосқанын айта кету керек. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің Айман-Шолпан пьесасындағы Қоян-бүркіт биінің пайда болуына дәл осы қыран бүркітті қоянға салу үрдісі бейнеленген. Шара Жиенқұлова қойған бұл би бүгінде бүркіт пен қоян таласының, нақтырақ айтқанда осы ойын барысында орын алатын құбылыстардың көркем сахналық образы берілген деп айтуға болады.
Осы тұста әуелгі сөзді қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі Шара Жиенқұлованың еңбектерінен бастасақ. Қазақтың маңдайына біткен дара бишісі Қара жорға биін дәріптеуші Арыстан Тосанмен тілдескен бір сәтінде Абайды әлемге танытқан біртуар жазушы Мұхтар Әуезовпен болған мына жайтармен бөліскен екен. Оның айтуынша, Айман-Шолпан пьесасын қою барысында, нақтырақ айтқанда, дайындықтың алғашқы күні қойылымның музыкасын тыңдап, дайындалып жатқан Шара апамызды Мұхтар Әуезов оңаша шақырып алып:
- Шара, мынау қазақ халқы - дарынды халық, өнерпаз халық, әннен, күйден мұра қалған. Ал бұл қазақ халқында биден қалған мұра жоқтың қасы. Сен осы биді қолыңа ал. Менің байқауымша, сенен бір нәрсе шығатын түрі бар. Ал қай өнерді алсақ та, опера болсын, мына музыка театры болсын, оның бәрі бисіз болмайды. Осы Айман-Шолпаннан баста. Қандай би бар?, - деген екен. Сонда Шара Жиенқұлова өзі әртүрлі би билеп жүргендіктен, бұл қойылымға нақты қай би дұрыс келетінін Мұхтардың Әуезовтің өзінен сұраған екен. Сонда Әуезов қазақтың ен даласының кеңдігінен, Көкпар, Бәйге сынды ойындардан, Қара жорғадан баста деген үндеу беріпті. Осының бәріне қарап Мұхтар атамыз:
- Мына аттың жорғасы, жәй жүрiсi, сылбыр жүрiсi, шабыс жүрiсi, осының бәрi би емес пе, би. Күйдi тыңдап көрдiң бе? Күй, қол өнерi, ағаш үйдiң өзi, ою, кiлем тоқу, өрмек тоқу, ши орау - осының бәрi - қимыл, осының бәрiн ойлап, музыкасын тауып, күйiн тауып сәйкестiрсең, би болып шығады. Ендi Айман-Шолпанды сен мына Қоян биiнен баста, - деп өтiнiш айтқан көрінеді. Сонымен екi қызбен қоян болып билеп, кейiнiрек Қаражорғаны билеп, би өнерiн бастадым, - деген екен Шара Жиенқұлова [4]. Содан бері бүгінде танымал Қоян-бүркіт биі Айман-Шолпан пьесасында қолданыс тапты.
Расында да, бүгінгі таңда халқымыздың күнделікті тіршілігіне қатысы бар әрбір үдеріс, әрбір зат бүгінде ұлттық би өнерімізден өз орнын тауып отыр. Жоғарыда айтылған сылбыр жүріс, шабыс жүріс - мұның бәрі бүгінде қазақ биінде қолданып келеді. Сонымен қатар, қазақ биінің хореографиялық лексикасын құрайтын жүріс түрлеріне кербез жүріс, құбылма жүріс, сақ сүріс, өкше көтеру, өкше кезек, өкшелеу, кезекті адым, айналма,тоқылдақ, кібіртік, шапшаң қадам сынды элементтерді жатқызуға болады.
Жалпы, осы жоғарыда аталған қай би қимылын алсақ та, барлығы ұлтымыздың салтынан, айналасынан, күнделікті тіршілігінен алынғанын көре аламыз. Мысалы, Көкпар, Бәйге, Қыз қуу, Бүркіт салу ойындарында кеезедесетін аң-жануарлар мен құстарды бейнелейтін қимылдар мен қалыптар жетерлік. Ат шабыс, Тізгін тарту, Құс тұмсық, Жорға, сынды би қалыптары мен би қимылдары жоғарыда айтылған сөздеріміздің нақты дәлелі бола алады. Әсіресе, көшпелі халқымыздың аң-құсқа деген ерекше ықыласының көрсеткішін қазақтың ұлттық ойындарының негізіне сүйене отырып пайда болған Қара жорға, Қоян- бүркіт сынды ұлттық биіміздің баға жетпес мұрасына айналған билердің топтамасы арқылы байқауға болады.
Қасиетті жылқы малымен байланысты тағы бір ұлттық ойын түрі - Жорға жарыс ойыны. Мұнда ат үстіне шабу өнері ерекше назарға алынады. Жорға жарыс ойыны ат тізгіндеген шабандоздардың жарысын көрсетеді. Жалпы бұл ойын қазақ халқы үшін киелі саналатын жорға мен оның иесінің өнерін, машығын әрі ат тізгіндеудегі кәсібилігін көрсетуге арналған сайыс. Бұл сайысқа қатысу алдында иесі орғасын тиісінше баптап, дайындалады. Себебі сайыс барысында жорғаның шабысына ерекше мән беріледі. Мұнда жарысқа қосылып отырған жорғаның жүрісі жұмсақ әрі тайпалма болуы тиіс.

Сурет. Жорға жарыс ойыны

Бұл Жорға жарыстың Бәйгеден ерекшелігін көрсетеді. Жорға оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын, сол жақтағы артқы аяғымен, сол жаңтағы аяқтарын бір мезгілде алады. Жорға жарыс ойыны қысқа арақашықта ойнатылады. Шашамен 2-3 шақырым. Бұл жарысқа түскен ат шаршап, шабыстан шығып қалмауы үшін белгіленген ереже. Ерлердің ерік-жігерін, еркіндігін, батылдығын бейнелейтін қимылдар бар дәл осы Жорға жарыс биінде ерекше көрсетіледі. Бүгінде бұл ойынды тек ерлер емес, жорғаны мықты игерген әйелдер де ойнап жүр. Осы тұста әйгілі Құрманғазының Балбырауын күйінің әуеніне негізделіп қойылған Дәурен Әбіровтың Балбырауын биін тағы да мысал ретінде келтіруге болады. Сахналық қимылдарға бай бұл биде классикалық элементтер мен ұлттық хореографияға тән қимылдардың әдемі үйлесімділігі байқалады. Бұл бидің техникасы өте күрделі, онда түрлі секіру жаттығулары да, ырғақты аяқ қимылдары да, дене, иық пен буын қимылдары да бар. Міне, осындай гаромниялық қимылдар мен музыканың үйлесімділігінен жылдан-жылға танымалдылығын арттырып келе осындай керемет би пайда болды.
Осымен ат үстіндегі спорттық ойындарды тәмамдап, қазақ би өнерінің, соның ішінде ерлер орындауындағы хореографиялық лексикасының қалыптасуына үлес қосқан ерекше спорттық ойын түрі - Қазақша күреске кезек берсек. Бүгінде Қазақша күрес елімізде жалпы күрес атаулының арасында оқ бойы озық тұрған спорттық ойын түрі десек болады. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл ұлттық ойын туралы сөз қозғағанда, оның дамуына үлес қосқан Балуан Шолақ, Қажымұқан аталарымыз сынды тұлғалардың есімін атап өтпесек болмайды. Мәселен, Қажымұқан атамыз күллі өмірін күрес өнеріне арнап, осы спорт түрін тұтас әлемге паш еткен қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны. Ол тек қазақша күрес емес, одан өзге күрес түрлерінен әлем чемпионы атағына ие болған бірегей тұлға. Ал Балуан Шолақ атамыз тек күресші, алып күш иесі болып қана қоймай, бойында бірнеше өнер түрі ұштасқан ерекше тұлға. Оның Балуан Шолақ атанып кетуіне себеп болған - оң қолының саусақтары болмауында. Тарихи деректерге сүйенсек, атамыз саусақтарынан бала кезінде болған үсіктің салдарынан айырылып қалған. Соған қарамастан Балуан Шолақ өз дәуірінде ешкімге дес бермеген бірегей балуандардың бірі. Ол үнемі ауыл-ауылды аралап, жігерлі әрі дарынды жастарды айналасына жинап, сайыстар ұйымдастырған. Сол жиындар барысында ол ұзінің бойындағы бар өнерін көрсетіп, жастарды күреске баулып, олардың аталмыш спорттық ойынға деген махаббатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
Қазақ музыка театрының би өнері
Классикалық билердің элементтері, вальспен танысу
Ұлы қазақ билері
Шара ұлттық драма театрының артисі
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ӨЗІНДІК ӨРНЕГІ
Қазақ биінің даму жолдары
Қазақ мемл
И.А.Моисеевтің КСРО –ға еңбек сіңірген Академиялық халық би ансамбліндегі педагогикалық және шығармашылық қызметі
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
Пәндер