Қырыққабат дақылына қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері
Қорғау жіберілді
_________2020ж.
Меңгерушісі, х.ғ.к., доцент ______________________ Рыспеков Т.Р.
6В08102 - Топырақтану және агрохимия
мамандығы бойынша
Алматы облысының қара-қоңыр топырағында кеш өсетін қырыққабаттың өнімділігіне тыңайтқыштардың әсері тақырыбында
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған: Өнербек Н.
4 курс студенті
Ғылыми жетекші: Шебекеева А.
Х.ғ.д., қауымд.проф.
Алматы, 2020ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-4
I Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5-13
1.1. Алматы облысының топырақ - климаттық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-20
1.2. Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-23
II Экспериментальды бөлім
2.1. Зерттеу нысаны және әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-27
III Негізгі бөлім
3 Тыңайтқыштарды қолдануға байланысты қырыққабат дақылы егістігі қара-қоныр топырағының агрохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі
3.1 Қарашіріндінің мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28-30
3.2 Топырақтағы минералды азоттың, жылжымылы фосфордың және алмаспалы калийдың мөлшеріне минералды тыңайтқыштардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31-36
3.3. Агрохимиялық картограммалар және өсімдіктерге керекті тыңайтқыштарды анықтау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36-39
4. Қырыққабат дақылының бактериозды ауырулары мен зиянкестері және олармен күресу шаралары
4.1 Қырыққабат дақылының бактериозды ауырулары және олармен күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 40-42
4.2 Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 42-44
5. Қырыққабат дақылының сапасына минералдық тыңайтқыштардың әсері және қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері
5.1 Қырыққабат дақылының сапасына минералдық тыңайтқыштардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45-46
5.2 Қырыққабат дақылына қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 46-48
6. Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49-52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 53-54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 55-59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60-61
Кіріспе
Қырыққабат - екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарын және қауданын, екінші жылы гүл өркендерін, бұршаққындарын және тұқымдарын қалыптастырады. Сабақтың ішкі жағындағы бөлігін ішкі (өзек) оның сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа (10-15 см) сұрыптар жеңіл. Құрғақ құмды жерлерге, ал ұзын зігіріктілері (25 см асатындар) ылғалды шымтезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге болатын топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға болады.
Қаудан - өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әр түрлі - шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады. Сұрпына және өсу жағдайына байланысты қауданның салмағы 0,5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ, сарғыш, ақ сары, жасыл сары болы мүмкін.
Қырыққабаттың жемісі - ұзындығы 8 см дейін болатын екі ұялы бұршаққын. Тұқымдары ұсақ, диаметрі 1,5 мм жуық, түсі ашық сұрдан қара қоңырға дейін өзгереді. 1000 дәннің массасы 2,5-4 г. Қырыққабаттың жекелеген түрлерін тұқымдарының сыртқы түрі бойынша ажырату өте қиын.
Қырыққабат - топырақ құнарлығына талап қойғыш өсімдік. Оған ең жарамды саздық, ылғалды жақсы ұстайтын топырақтар, сондай-ақ құнарлы өзен жайылмалары. Ол қышқыл топырақтарда нашар өседі. Ең қолайлысы - топырақ ерітіндісінің реакциясы сәл қышқылдау (рН -6) болғаны дұрыс. Жоғары өнімді қырыққабат қоректік заттарды мол сіңіреді, кеш пісетін сұрыптары ерте пісетіндерге қарағанда, топырақ құнарлығына жоғары талап қояды.
Қырыққабат гектарынан 800 ц өнім бергенде топырақтан 220-230 кг азот, 60-70 кг фосфор, 200-220 кг калий сіңіреді. Бұл бидайдың 30 цга өнімге шығарған заттарынан 2,5 есе жоғары. Қырыққабат жапырақтары қарқынды өсу кезеңінде көбірек азотты, ал қауданы қалыптасқанда фосфор мен калийді сіңіреді.
Қазіргі кезде қырыққабат әлемде 800 мың га жерге өсіріледі. ТМД елдері оны өсіруде бірінші орында: жылдағы егіс көлемі 250 мыңдай га. Ерте пісетін сұрыптарының орташа өнімділігі - 100-200 цга, кеш пісетіндерінікі - 300-400 цга. Бәр қауданның массасы 16 кг дейін болады. Қазақстанда қырыққабатты 15 мың га артық жерге өсіреді. Негізгі егістіктері Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Қазақстанның солтүстігінде қырыққабат 3,4 мың га жерде өсіріледі. Шаруашылық тұрғыдан алғанда егістіктің 65%-ы үй маңайындағы шаруашылықта орналасқан. Ең жоғары өнімділік шаруа қожалықтарында және үй маңайындағы жерлерде. Қазақстанда ең жоғары өнімділікті Алматы облысында (260-275 цга) жинауда.
Ақ қауанды қырыққабаттың ерекшелiгi қысқа мерзiм iшiнде көп мөлшерде органикалық заттар түзетiн және қоректiк заттарды қарқынды пайдаланатын өсiмдiк. Оның көшетi егiстiкке отырғызылған соң алғашқы айында баяу өседi және шамамен 8‚5% азот‚ 6‚7% фосфор және 7‚5% калий пайдаланады. Ал бас жарған кезде өзiнiң өсiп-жетiлуi кезiнде қажет болатын азот‚ фосфор‚ калийдiң 85%-тiн пайдаланады.
Тақырыптың өзектілігі. Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда қырыққабат дақылының адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда қырыққабатты кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.
Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл қырыққабат болып табылады.
Қырыққабатқа органикалық тыңайтқыш қолдану оның өнiмiнiң көбеюiне және тезiрек пiсуiне әсер етедi. Әсiресе көңге қосымша азот және шамалы мөлшерде фосфор қосып беру өте тиiмдi. Сол сияқты капустаны көң берiлген алғы дақылдан соң отырғызу да оның өнiмiнiң артуына жақсы әсер етедi.
Қырыққабат өнiмiнiң сапасының жақсаруына микроэлементтердiң пайдасы үлкен. Мәселен‚ мырыш әсерiнен капуста өз бойына аскорбин қышқылын көп жинайды. Бор қолдану оның қанттылығын арттырады.
Жалпы қырыққабат өсiмдiгiне қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi оның сортына‚ өнiм шамасына‚ топырақтағы қоректiк заттардың жылжымалы түрiнiң мөлшерiне және топырақ типiне байланысты.
Қазақстанда қырыққабатты 15 мың га артық жерге өсіреді. Негізгі егістіктері Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Қазақстанның солтүстігінде қырыққабат 3,4 мың га жерде өсіріледі. Шаруашылық тұрғыдан алғанда егістіктің 65%-ы үй маңайындағы шаруашылықта орналасқан. Ең жоғары өнімділік шаруа қожалықтарында және үй маңайындағы жерлерде. Қазақстанда ең жоғары өнімділікті Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында (260-275 цга) жинауда.
Зерттеудің мақсаты: Алматы облысының қара-қоңыр кеш өсетін қырыққабаттың өсіру технологиясында оларға әр түрлі мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолданып, оның өнімділікке әсерін анықтауға мақсатталған.
Зерттеу жаңалығы мен міндеті. Қырыққабат дақылының өсіру технологиясында тыңайтқыштарды әртүрлі мөлшерде енгізіліп қырыққабаттың өнімділік деңгейі анықталды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде алдымызға қойған мақсаттарымыз:
- қоршаған ортаны қорғай отырып қырыққабат дақылына тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін анықтау;
- тәжірибе барысында бақылау мен басқа нұсқалардағы қырыққабат дақылының өсіп-даму кезеңіндегі ерекшеліктерді анықтай отырып, оның өнімділікке әсеріне көз жеткізу.
Ғылыми негізделген тыңайту жүйесін құру арқылы өсірілетін дақылдардың өнімділігі мен топырақтың құнарлылығын жоғарылату, тыңайтқыштардың қайтарылымын арттыру, өнімін, материалдық және еңбек ресурстарының өзіндік құнын төмендету.
І Әдебиетке шолу
Көкөнiс дақылдары қоректiк заттарды көп пайдаланады. Сондықтан олар топырақта қоректiк заттардың қорының мол болуын ұнатады.
Көкөнiс дақылдарының iшiндегi қоректiк элементтердi қырыққабат көп, қызанақ, сәбiз, пияз орташа, ал қияр, редис аз мөлшерде пайдаланады. Тағы ескеретiн жай көкөнiс дақылдарының жеке қоректiк элементтердi сiңiру дәрежесi бiрдей емес. Мәселен, сәбiз, асханалық қызылша‚ пияз капустамен салыстырғанда азотты аз мөлшерде сiңiредi. Қызанақ‚ бұрыш‚ баклажан басқа көкөнiс дақылдарына қарағанда фосфор элементiн көп қажет етедi.
Көкөнiс дақылдарының кұлiнiң 60%-тi калий элементiнiң үлесiне тиедi. Калий көмiрсу‚ амин қышқылдары‚ белок сияқты органикалық заттардың синтезделуiне қатысады. Көпшiлiк көкөнiс дақылдары жапырағындағы калий мөлшерi 1‚5%-тен төмендегенде оны қажетсiнедi. Ал калий мөлшерi 2‚5% немесе одан көп болса калийдi қажетсiнбейдi. Басқа көкөнiс дақылдарымен салыстырғанда тамыржемiстiлер мен қияр калийдi көп қажет етедi.
Көкөнiс дақылдарының топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясына төзiмдiлiгi бiрдей емес. Қырыққабат‚ асханалық қызылша‚ қызанақ дақылдарының топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясына төзiмдiлiгi қияр мен пиязға қарағанда жоғары. Көкөнiс дақылдары үшiн топырақ ерiтiндiсiнiң ең қолайлы концентрациясы 0‚02-0‚05%.
Көкөнiс дақылдары өздерiнiң биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес қоректiк заттарды әртүрлi мөлшерде пайдаланады.
Көкөнiс дақылдарының қоректiк элементтердi пайдалануы жөнiндегi 85-кестеде келтiрiлген деректер жергiлiктi жағдайды және топырақ ерекшелiктерiн ескере отырып, тыңайтқыш мөлшерiн белгiлеуде мiндеттi тұрде негiзге алынуы тиiс.
Қырыққабат - қырыққабат (Brassica) туысына жататын екіжылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленетін қырыққабат Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная капуста), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған. Дегенмен, А. Декандольдің айтуынша, Ұлыбритания, Ирландия, Дания және Францияның солтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін.
Болжаулар бойынша, қырыққабатты Ежелгі Европалықтар б.з.б. 50-100 жылы кроманьондықтар және неандертальдықтар тағам ретінде пайдаланған. Қырыққабаттың отаны ретінде Жерорта теңізі және Батыс Европа саналады. Ең бірінші қырыққабат туралы мәліметтерді грек жазушысы Теофраст (б.з.б. 300 жылдары) жазған. Оның айтуы бойынша египеттіктерге қырыққабат шамамен б.з.б. ІV ғасырда танымал болған [1].
Археологиялық қазбалар нәтижесінде, қырыққабатты адамдар тас дәуірінің соңында өсіргенін зерттеген. Б.з.б. көне Ибериде 5000 жыл бұрын қырыққабатты өсіріп, оны ащи деп атаған. Содан бастап Египетте, Греция, Римде таралған. Ол (капуста - Brassica) - капуста тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы болып саналады. Негізінен, капуста туысына жататындар: шалқам, тарна, қызылша т.б. өсімдіктер. Оның дақылдық түрлері қолдан өсіріледі, олар өзара будандастыру, сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгерістерге ұшырап, көбейіп отыр. Барлық жерде өсіріліп, өнімі жинап алынады. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі. Қырыққабаттың мынандай түрлері бар: қауданды, савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар. Бұлардың ішінде түсті және Пекин капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері де жарық сүйгіш, суыққа төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты және кольраби деп аталатын сорттары [2].
Ежелгі Греция мен Римде қырыққабатты қасиетті тағам деп санаған. Оны әр түрлі ауруларды және жараларды емдетуге қолданған. Қырыққабаттың қауданы Батыс Еуропада 12-16 ғасырларда табылған. ТМД елдерінде қырыққабат 10-12 ғасырлар бұрын пайда болған. Оны бірінші етіп Кавказдықтар қолдана бастаған [3].
Тағам табиғатын, дәрумендер пайдасын зерттеушілер Қытай қорғанын салушылардың негізгі тағамы қырыққабат болғанын, оның жұмысшыларға ерекше күш-қуат бергенін айтады. Яғни, біздің заманымыздан 200 жыл бұрын - ақ адамдар қырыққабаттың қоректік құндылығын жақсы білген. Ежелгі гректер мен римдіктер де қоректік құндылығы мен емдік қасиеті үшін қырыққабатты ас мәзірінде кеңінен қолданған. Қырыққабат бірінші жылда қауданды түзесе, екінші жылы жаңа жапырақтар пайда болып, қауданы баяу өседі және тұқымы пайда болады. Бүкіл көкөністің ішінде қырыққабат қана сан алуан түрлі. Бұл оның басты ерекшеліктерінің бірі. Бұл өсімдіктердің ішінде савой қырыққабаты өз атауын Италияның Савой аралында таралғандығымен өзіне алып, елге кеңінен танылған. Оны ас әзірлеуге қосқанымен, ашытуға, қалбырлауға, балғын күйінде ұзақ сақтауға болмайтындықтан, ол біздің елімізде көп кездеспейді. Мамандар жасы ұлғайған адамдарға қырыққабаттың осы түрін жеуге ақыл-кеңес береді. Себебі, оның құрамында фосфор, кальций тәрізді маңызды элементтер бар. Барлық көкөністен де қырыққабат адам ағзасына өте пайдалы. Бұл мамандардың ғылыми қорытындысы [4].
Дәрігер-ғалымдардың пікірінше, күн сайын қырыққабатты ас мәзірінде тұтыну қатерлі ісіктің алдын алады, адамның тәбетін ашады. Қырыққабат өте құнды тағам болып келеді. Ол құндылық оның құрамындағы қанттың, ақуыздың, дәрумендердің және тағы басқа элементтер мен қосылыстардың болуымен ерекшеленеді. Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [5].
Крестгүлділер тұқымдасына жататын бұл өсімдіктердің жапырағында қант, гемицеллюлоза, С, Р, В1, В2, В6, К, Д дәрумендері, каротин, ферменттер, минералды тұздар, көмірсу, белок т.б. пайдалы заттар көп. Оның құрамындағы тартронды қышқыл семіріп кетуден сақтайды. Қырыққабат - С дәруменінің негізгі көзі болып табылады. Оның 100 гр шикі затында күз және қыс айларында 20-дан 70 мг-ға дейін аскорбин қышқылы болады. Кеш пісетін қырыққабатта 41,4-тен 74 мг-ға дейін кездеседі. С дәруменінің адамға тәуліктік қажеттілігі 70мг-нан 10мг-ға дейін құрайды. Қырыққабат, құрамындағы С дәруменінің мөлшері жағынан картоп, апельсин, лимон және мандаринмен бәсекеге түседі. Әсіресе, қауданның сыртқы қабатындағы жапырақтарында, қауданға қарағанда көп мөлшерде кездеседі [6].
Қырыққабаттың тағамдық құндылығы өте жоғары. Оның құрамында 50-ге жуық химиялық элементтер кіреді. Олар тағамға арнайы дәм береді. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [7].
Қырыққабаттың құрамындағы С дәруменінің мөлшері 41 мгкг болады. Ол басқа да дәрумендер мен қосылыстарға бай болып келеді. Мәселен: Р (300 мгкг), тиамин, рибофлавин, ниоцин, пантотен қышқылы, фоли қышқылы (0,9-1,9 мгкг), каротин (0,3 мгкг), биотин (0,024 мгкг), К дәрумені, токоферол (15-25 мгкг), пиродоксин (1,2 мгкг) инозит сияқты заттар кездеседі [8].
Қырыққабаттың құрамы азот тектес заттардың болуымен ерекшелінеді. Оның мөлшері шикі салмақта 1,9-2,7 % құрайды. Кеш пісетін қырыққабаттың шикі затында қанттың орташа мөлшері 4,3% құрайды [2].
Соңғы кездегі мәлімет бойынша Қазақстандағы қырыққабат егісінің көлемі 180 мың га. шамасында, бірақ өнімділігі төмен күйінде қалуда. Картоп басқа дақылдарға қарағанда агрономиялық тұрғыдан өте тиімді дақыл. Біріншіден, ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылдарды картоптан кейін орналастырған қолайлы, қырыққабат еккен жер арамшөптерден таза болады және қолданған тыңайтқыштарға, берілген суға, қайырымы мол дақыл.
Қырыққабатты Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады, өскен ортасына өте көп талғам қоймайды, сондықтан кейбір қуаңшылық жылдары немесе басқа да табиғат апаттарына байланысты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында маңызы зор.
Адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету оның ішінде: мал өнімдері (ет, сүт, жұмыртқа және т.б.) және өсімдік өнімдері (дәнді дақылдар мен майлы да-қылдар және дәнді бұршақ дақылдар және т.б.) өз бағалылығын жоғалтқан емес, сонымен қатар қырыққабатта та ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақыл-дардың бірі болып табылады.
Негізінен қырыққабат дақылының 70%-ы жеке шаруашылықтар мен саяжайларда өсірілуде, яғни ауылшаруашылық машиналары мен құралдары пайдаланбастан өсіріледі.
Дүниежүзіндегі халқының саны бойынша алдыңғы қатарда тұрған Қытай Халық Республикасы мен Үнді мемелекеттері қырыққабат пайдасының көп екендігін ескеріп, оның өндірісін басты назарда ұстауда.
Қырыққабаттың егіс көлемі әр жыл сайын артып отыр. Дүниежүзіндегі адамзаттың күнделікті пайдаланатын және аса қажетті, қолжетімді, қымбат емес дақылдардың бірі болып табылады. Қазірі кезде дүние жүзінде картоп 19,3 млн.га жерге отырғызылып, одан 21,7 млн. тонна өнім жиналады (орташа өнімділігі 160,6 тга). Халықтың қажеттілігін өтеу үшін картоп өнімдерінің мөлшері жеткілікті болуы керек.
Дүниежүзіндегі халықтардың басым бөлігі азықтың жетіспеушілігін айқын сезініп отыр. Бұл біздің республикамызда да өсімдік шаруашылығы өнімдері мен өндіріс қажеттілігімен қамтамасыз етіп тұрған жоқ. Әсіресе бағасы арзан және сапалы қырыққабаттың жетіспеушілігі маусым айында қатты білінеді. Қырыққабат өнімінің өсуіне кедергі жасайтын 2 себепті атап көрсетуге болады, яғни олар: топырақ құнарлығының төмендеуі мен жеткіліксіз және оңтайландырылмаған минералдық қоректену болып табылады.
Ауылшаруашылық дақылдарынан, оның ішінде қырыққабат дақылынан мол әрі сапалы өнім жинау үшін тыңайтқышты тиімді қолдану маңызды рөл атқарады. Қазіргі жағдайда тыңайтқышсыз дақылдар өнімін айтарлықтай дәрежеге көтеру мүмкін емес. Сондықтан игерілген ауыспалы егісте тыңайтқыштарды қолданудың тиімді жүйесін пайдалану картоп түсімін арттырудың шешуші шарты болып саналады.
Қырыққабат топырақта қоректік заттардың мол болуын қалайды. Республиканың барлық топырақ аймағында тыңайтқыш қолдану қырыққабат өнімінің артуына ойдағыдай әсерін тигізеді [2].
Картоп - аса бағалы ауыл шаруашылығы дақылы. Елімізде жыл сайын 160-170 мың га алқапта өсірілетін осы құнды дақылдың орташа өнімділігі әр жылдың ауа райы ерекшеліктеріне байланысты 12-15 тга көлемінде болып отыр. Қазақстанның соңғы жылдары көптеген мол өнімді сорттардың болуына (2011 жылға жалпы 63 сорт, оның ішінде отандық 30 сорт аудандастырылған), тұқым шаруашылығының дамуына (қазіргі кезде республикада 30-ға жуық тұқым шаруашылығы картоп тұқымын өндіреді), ірі қырыққабат өндірушілердің жоғары өндірісті ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталуына қарамастан, картоп өнімділігі елімізде әлі де болса төменгі деңгейде қалып келеді. Екпе дақылдардың, оның ішінде картоптың өсіп-жетіліп, өнім қалыптастыруына көптеген жағдайлардың әсер ететіні мәлім. Бірқатар факторлардың ішінде маңызды орынды агротехнология алады. Көптеген агротехникалық шаралар міндетті болып табылады және жүзеге асырылады. Ерекше бөліп айтатын бір фактор - ол суару режимі. Қырыққабат негізінен алғанда суармалы алқаптарда өсіріледі.
Қырыққабат өсімдігін жер бетінде 3 миллиардтан астам тұрғындар пайдаланады және оны өсірумен әлемнің 150 елі айналысады. Оның өсу аймағы полярлы Финляндиядан Эквадор және Кенияның биік тауларына дейін созылады.
Биологиялық ерекшелігі бойынша қоңыржай климатты өсімдіктер қатарына жатады және олар жоғары температураға қарағанда төмен температураны жақсы көтереді [9]. Түйіндерінің өнуіне қолайлы топырақ температурасы - 7-80С, түйін түзуіне - 16-180С, ал сабақтарының өсуі мен фотосинтетикалық қызметіне - 20-210С болуы қажет. Топырақ температурасы 290С болғанда түйіннің өсуі толық, ал 400С болғанда өсімдіктің фотосинтез үдерісі тоқтайды.
Қазақстанда қырыққабат негізгі тамақ өнімі стратегиялық қажетті ауыл шаруашылығы өсімдігі. Өндіру көлемінің молдығына қарамастан төмен өнімділігіне байланысты оны өндірудің орташа жылдық көлемі республика халқының сұранысын өтей алмайды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының ыстық әрі құрғақ климатына отандық және шет ел селециясының мол өнімді сорттары төзімді болмай, екінші-үшінші жылдары өнімділігі мен түйіндерінің сапасы жоғалып, әріқарай пайдалануға қолайсыз болып қалуда. Тұқымдық материалдары селекциялық оригинатор-мекемелерінен әкелу және биотехнологиялық әдістерімен емдеу арқылы жаңалап отыру өнімнің қымбаттауына әсерін тигізеді. Соңғы жылдары өндірістік қайта өңдеуге жарамды картоп сорттарына сұраныс өсуде. Осыған орай, мол өнімді, сыртқы ортаның стресстік жағдайларына және ауруларға төзімді, өндірістік қайта өңдеуге жарамды картоп сорттарын шығару алға қойылып отыр.
Қырыққабатта құрамында май мүлдем жоқ деуге де болады, бірақ оның құрамында май тектес заттар көп мөлшерде кездеседі, олар органикалық қышқылдармен қырыққабатқа өзіне тән дәм және иіс береді. Сондықтан, қырыққабатты асқазан сөліндегі қышқылы төмен адамдарға ұсынады және де калийдің көп мөлшерде болуының себебінен қырыққабат адам организміндегі артық сұйықтық пен натрийді шығаруға жақсы көмектеседі [9].
Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың кеш пісетін сорттарының диаметрі 25-45 см. Көпшілік сорттарда қаудан пішіні төмен қаратылған, дөңгеленген болып келеді. Көбінесе қаудан тегіс болады, сопақ және конус тәріздес пішіндер аз кездеседі [10].
Кеш пеісетін қырыққабатта 20-25 жайылған жапырақтары пайда болған кезде, ал қалған жапырақтары қауданды құрайды. Сабақтың астыңғы жағында жапырақтар пайда болып, олар тігінен орналасады. Олар белсенді фотосиндез аппараты болып келеді. Егер өсімдіктің бойының өсуі жалғаса берсе, қаудан жарылуы мүмкін. Ішкі жапырақтарға жарық кірмейді, оларда хлорофил түзілмейді, сол себептен олар этилирлі болып келеді [11].
Қырыққабаттың егу үлгісінің қатар аралығы 60-70 см. Ал қатардағы өсімдік арасы 70-60 см болуы қажет. Агротехникалық үрдісі де ерте пісетін қырыққабаттікіндей. Қырыққабатты ауа райы жағдайына байланысты тамыз айының соңында немесе күн енді суытқанда жинайды. Тұқымды 3-4 см тереңдікте себеді, мөлшері гектарына 1,2-1,5 кг. Қырыққабатты 70x20 см сұлбасымен отырғызады. 11 мамырда 93% бүршіктеніп, 20 мамырда 88% гүлденген. Бұл процес отырғызу әдісіне байланысты болғанын дәлелдеген [12].
Қырыққабатты қатарлап, шашып, ленталы, төртбұрышты және ұялау тәсілдерімен себеді. Булы жайларда және жылы жайларда көшет отырғызу кезінде шашып себу тәсілін қолданады. Қатарлап себу кезінде қатарарасы бірдей 45,60,70 см болуы керек. Ленталы әдіс - бұл бірнеше қатарлардан құралған, қатардың ленталарды құрауы [13].
Ауа райының қолайсыз жағдайларында танапты суару кешкі уақыттан бастап суаруға болады. Ылғалды топырақ жылуды өзіне жақсы сақтайды, булану кезінде жылуды жоғалтпайды. Кешке таман суарған кезде, көшеттің бетін пленкамен жабады [14].
Барлығына ортақ сипат - қырыққабат жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 - 18°С. Қырыққабат өсірудің оптималды температурасы +16 +18ºС. Жақсы өнім топырақ ылғалдылығы 60-80%, ауа ылғалдылығы 75-90 % болған кезде болады [11].
Арамшөптердің көбісі ауру мен зиянкестерді тудырады. Сол себептен - уақтылы арамшөптерді жою, өртеу немесе көмуді танаптан тыс жерде жасау керек. Осы агротехникалық шараларды орындап, қырыққабатты аурулардан және зиянкестерден қорғауға болады. Капуста зиянкестері: капуста шыбыны, капуста қоңыр көбелегі, капуста ақ көбелегі, капуста бітесі, т.б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз [15].
Қырыққабат бітесі бір вегетациялық кезеңінде 15 немесе одан да көп ұрпақ береді. Олар өнімді 86,3 % азайтып, тауарлық сапасын, С дәруменінің, қанттың және басқа да элементтердің мөлшерін күрт төмендетеді [16].
Көптеген ғалымдардың айтулары бойынша қырыққабат сорттары әр түрлі дәрежеде, нормада минералды тыңайтқыштарды қажет етеді [17].
Қырыққабат қаудан түзу фазасынан бастап қоректік заттарды қабылдауы күрт жоғарлайды, екінші вегетациялық кезеңінде азоттың 84,4%, фосфордың 86,0% және калийдің 84,0%-н жалпы саннан қабылдайды [18].
Зерттеу нәтижелері бойынша, кеш пісетін қырыққабаттың қаудан түзетін фазасында азотты күніне 10 кгга - дейін қабылдайды [19].
Қырыққабаттың жоғарғы өнімін алу үшін тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде беру керек, әсіресе азот тыңайтқыштарын беру мөлшері топырақтың типіне және жоспарланған өнімге байланысты болып келеді. 1 м2 4-6 кг көң немесе 8-10 кг торфокомпост енгізеді. [20].
Зерттеу мәліметтерінің нәтижелеріне қарағанда, кеш пісетін қырыққабаттың Подарок сорты 10 т өнім құрау үшін 28,5-тен 35,7 кг азот, 10,4-тен 12,7 фосфор және 37,2- ден 47,9 кг калий қажет [21].
Автордың зерттеулерінде көрсетілгендей, шалғынды топырақтарда кеш пісетін қырыққабаттың Заводская сорты 10 т өнімді құрау үшін азоттың-38, фосфордың-14, калийдің 48 кг нормасына сай болуы керек [22].
Көптеген авторлардың зерттеулері дәлелденген, шымды- күлгінденген топырақтарға органикалық тыңайтқыштарды енгізген кезде, кеш пісетін қырыққабаттың өнімі жоғарлайды [23].
Қарашіріндісі аз топырақтарда қырыққабатты өсірген кезде органикалық тыңайтқыштармен бірге минералды тыңайтқыштарды ұштастырып қолдану керек. Ол өнімді жоғарлата ғана қоймай , сапаны да жоғарлатады [24].
Мәліметтер бойынша қарашіріндісі аз топырақтарда шымтезек пен минералды тыңайтқыштарды бірге ұштастырып бергеннен кеш пісетін қырыққабаттың өнімі 48-ден 71,9 тга - дейін болуы мүмкін [25].
Зерттеулер бойынша қарашіріндісі мол топырақтарға минералды тыңайтқыштарды берген кезде қырыққабат тез және жақсы өсетінін дәлелдеген [26].
Кеш пісетін қырыққабаттың сорттарына азот тыңайтқыштарының корбанатты және аммоний сульфатты қолданғанда тиімділігі аз болған. Ал, ең жоғарғы өнім натрий силитрасын бергенде байқалған [12].
Қырыққабаттың барлық вегетациялық кезеңінде тиімділігінің жоғарлауы, минералды тыңайтқыштарды көп мөлшерде беруінің әсерінен, әсіресе азот қолданғанда [27].
Шетел авторлардың зерттеулері бойынша, азотты көп мөлшерде беруіне байланысты, максималды өнім алған. Азоттың нормасын 500- 750 кгга қолданған [28].
Фосфорды аз беруіне қарамастан(40-120кгга), оның жетіспеушілігі, әсіресе вегетацияның бастапқы кезеңінде өсімдік дамуына және азықтық құндылығына кері әсерін тигізеді [29]. Фосфорды (90-200 кгга)берген кезде, қырыққабаттың өнімділігі 10-30% -ға өскенін байқаған [30].
Калий ең басты элемент болып саналады, ауа райының қолайсыз жылдарында, ол жапырақтағы қоректік заттардың басқа мүшелерге таралуын жақсартады [31]. Калий тыңайтқыштарының мөлшерін азот тыңайтқышының мөлшеріне шамалас, ал фосфордан бірнеше есе көбірек беру керек [32].
Жайылма топырақтарда, зерттеулер бойынша қырыққабатқа басқа тыңайтқыштар мен бірге калий тыңайтқышын 100-120 кгга мөлшерде беру қажет [33]. Авторлардың мәліметтеріне жүгінсек, тыңайтқыштың 90-нан 180 кгга және азоттың ең жоғарғы мөлшерінде қырыққабат өнімділігі 5,3 тга көбейгенін байқады,ал тыңайтқыштың 270 кгга мөлшерін бергенде өнім күрт төмендеп кеткенін көрсеткен [34].
Жерорта теңізінде қырыққабаттың жабайы түрлері, қызылша секілді " тұзды суды пайдаланады ". Натрийдің орнын калий басады. Бұдан, өнімнің сапасы төмендемейді, керісінше өнімнің сапасын арттырады [35].
Қара топырақтарда жүргізілген зерттеулерде, калий тыңайтқышының тиімділігі аз болды, бірақ өнімге ешқандай әсерін тигізбеді, бұны топырақ құрамындағы алмаспалы калийдің көп мөлшерде болуымен байланыстырған [22].
Ақ қауанды капустаның ерекшелiгi қысқа мерзiм iшiнде көп мөлшерде органикалық заттар тұзетiн және қоректiк заттарды қарқынды пайдаланатын өсiмдiк. Оның көшетi егiстiкке отырғызылған соң алғашқы айында баяу өседi және шамамен 8‚5% азот‚ 6‚7% фосфор және 7‚5% калий пайдаланады. Ал бас жарған кезде өзiнiң өсiп-жетiлуi кезiнде қажет болатын азот‚ фосфор‚ калийдiң 85%-тiн пайдаланады.
Қазақтың ғылыми-зерттеу картоп-көкөнiс шаруашылығы институтының суармалы ашық қара қоңыр топырақта жұргiзген көпжылдық тәжiрибесiнiң қорытындысы бойынша тыңайтқыш мөлшерi артқан сайын капуста өнiмi де өседi. Мысалы‚ гектарына N60-100 P60 K45-60 бергенде оның өнiмi 44 пайызға‚ N90-150 P60-90 K70-100 қолданғанда 64 пайызға жоғарылаған [36].

Жалпы қырыққабат өсiмдiгiне қолданылатын тыңайтқыш мөлшерi оның сортына‚ өнiм шамасына‚ топырақтағы қоректiк заттардың жылжымалы тұрiнiң мөлшерiне және топырақ типiне байланысты.
Жылыжайда өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарына ең қолайлы саналатын тыңайтқыштарға аммофос‚ диаммофос‚ нитроаммофос‚ кристалин‚ мочевина‚ аммоний селитрасы‚ калий сульфаты‚ калий селитрасы жатады. Алайда мочевина құрамында биурет 0‚2-1%-тен жоғары болмауы керек [37,38].
Жылыжай көкөнiс өсiмдiктерiнiң азот және калий тыңайтқыштарының құрамындағы осы элементтердi пайдалану коэффициентi 70-80%. Фосфор тыңайтқышының құрамындағы фосфорды пайдалану коэффициентi 30-40% [39].
Жылыжайда өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарына құрамы әртүрлi топырақ пайдаланылады. Қазақстан жағдайында негiзiнен аймақтық топырақтар (қара‚ қара қоңыр‚ боз) қолданылады. Бұл топырақтардың рН-6‚8-8‚0 тең. Қара топырақта 10‚ боз топырақта 3%-ке дейiн органикалық заттар болады. Сiңiру комплексiндегi катиондардың 70-80%-тi кальций‚ 20-30%-тi магний үлесiне тиедi. Дегенiмен бұл топырақтардың жеке өздерiн қолдану арқылы мол өнiм алу мұмкiн емес. өйткенi жылыжайға арналған топырақтың су өткiзгiштiгi жақсы‚ суды ұстап тұрушылық және сiңiру қабiлетi жоғары болуы тиiс. Сонымен қатар құрамында ауру тудыратын зиянкестер болмауы керек. Топырақтың қатты‚ сұйық‚ газ бөлiктерiнiң арақатынасы 1:1:1 болғанда өсiмдiктiң өсiп-дамуына ең қолайлы жағдай жасалынады. Топырақ құрамындағы ауа 15-20%-тен аз болмауы керек. Жылыжай топырағының физикалық‚ агрохимиялық қасиеттерi негiзiнен құрамындағы органикалық заттардың мөлшерiне қарай бағаланады [40].
Негiзгi тыңайтуға арналған қоректiк элементтердiң мөлшерiн белгiлейдi. Негiзгi тыңайтқыш берiлген соң топырақтағы тұздардың жалпы мөлшерiн анықтайды. Егер олардың концентрациясы шектi мөлшерден жоғары болса топырақты қаныққанша сумен суару керек.
Жылыжайдағы көкөнiс дақылдарының көшетiн 4-5 апта өткен соң ұстеп қоректендiредi. Үстеп қоректендiруге арналған минералдық тыңайтқыш мөлшерiн агрохимиялық талдаудың нәтижелерiне сүйене отырып белгiлейдi. Алайда әрбiр үстеп қоректендiруде бiр шаршы метрге берiлетiн азот 5 грамнан‚ калий 5-10 грамнан көп болмағаны дұрыс. Қияр мен қызанақ өсiмдiктерiн жылы сая жағдайында 5-8 рет үстеп қоректендiредi [41,42].
Жылыжай өсмiдiктерiн микроэлементтермен қоректендiру олардан тұрақты қосымша өнiм жинауды қамтамасыз етедi. Микротыңайтқыштарды негiзгi тыңайтуда 3-5 жылда бiр рет бередi.
Қырыққабатқа күзде көң және фосфор, калий тыңайтқышын, ал азотты тұқым себер алдында береді. Қырыққабатқа 40 тга көң берген кезде 61 тга өнім алған. Басқа варианттармен салыстырғанда бұл жоғарғы көрсеткіш [43,44].
2007-2008 жылдары Москваның шалғынды алювиалды топырағына борлы тыңайтқыштарды енгізген. Қырыққабаттың өнімі бақылау вариантында 36,7 тга болса, борлы тыңайтқыш енгізген вариантта 56,8 тга өнімді көрсеткен [45-50].
Фосфор-калий тыңайтқышына азот тыңайтқышын қосып қолдану көкөністердің өнімділігін арттырады. Мысалы, ақ қауданды қырыққабаттың ерте пісетін сортының өнімі N60-240 нұсқаларында 22,0-25,2 тга дейін, кеш пісетін сортының өнімі 39,2-45,1 тга дейін көтерілді [50-57].
Кеш пісетін қырыққабатта азоттың жоғары нормалары (180-240 кгга ә.з) берілген нұсқаларда нитрат мөлшері бақылаумен салыстырғанда 1,7-1,85 есе артып, рұқсат етілген нормаға (500 мгкг) жетті [58-63].
Құрғақшылық жағдайда, ыстық климатта қырыққабаттың (Ликуришка, Судья, Завадовская және т.б) және ылғалды климатта (Московская поздняя 9, Ладожская және т.б) сияқты сорттар осындай табиғат жағдайында жақсы өнім бере алады. Универсалды сорттар да кездеседі (Л.В.Михайлова, 1954 және т.б), олар жақсы агротехниканың нәтижесінде жоғарғы өнім ала алады [64, 65].
Зерттеулер бойынша, тыңайтқыштарға ең сезімтал, тамыр жүйелері топырақтың жоғарғы қабатына жақын орналасқан сорттар жатады [66].
Осмостық қысымның жоғары болуына шыдай алатын қырыққабаттың сорттары, тыңайтқышты көп мөлшерде беруіне тиімді болып келеді [67-70].
Ғалымдар әрбір сортты шығарған кезде, сол сорттың "физиологиялық төлқұжаты" болуы керек. Бұл төлқұжатта дақылдың физиологиялық ерекшеліктері және тыңайтқышқа сезімталдығы көрсетілуі тиіс [71-77].
0.1. Зерттеу жүргізген аймақтың климат және топырақ жағдайлары
Алматы облысы еліміздің ең бір кең өңірі болып саналады. Оның территориясы батысы Шу-Іле таулары, шығысы- Жетісу, Теріскей Алатаулары, солтүстігі Іле Алатаулары аралығында орналасқан. Оның топырақ-климаттық жағдайы алуан түрлі. Оларды 19-шы ғасырдан бастап көптеген ғалымдар зерттеген.
Біздің зерттеп отырған шаруашылығымыз тау етегінің шөлейтті дала. аймағының сұр топырақ қалыптасқан ауданында орналасқан.
Бұл аймақты жалпы табиғи географиялық жағдайларымен қоса бірінші болып, С.С Тянь-Шаньский зерттеген. Аймақ ежелгі Іле өзені аңғары болып саналады. Аймақ биік таулар мен тау аралық ойыстар, қазан шұңқырлардан тұратын болғандықтан әр бөліктерінің табиғаттары әр түрлі болып келеді. Осы жағдайларға байланысты топырақтардың таралуында тектік заңдылық орын алған.
Тау алды және тау етегі еңісті жазықтықтарды таулы жота қоршап жатыр. Бұл жердің топырақтары тау топырақтары. Олар горизонтальды жазықтықтарға қарағанда ерекше сипатқа ие. Олар тектік белдеу қатарын қалыптастырады. Бұндай заңдылық тау етегі немесе вертикальді- горизонтальді аймақ деп аталады [10].
Келесі тау етегі аймақ- шөлді- дала. Олар оңтүстік облыстарда екі аймақ астында көрсетілген ашық қоңыр топырақ және кәдімгі сұр.
Ашық қоңыр топырақтарды шөлді-дала аймағына, ал сұр топырақтарды шөлді аймаққа жатқызады.
Орталық Азия және Оңтүстік Қазақстанның сұр топырақтарына қарағанда ерекшелігі Жетісудың барлық сұр топырақтары аз карбонаттылар қатарына кіреді [11].
Элювиальды- гидроморфты және гидроморфты қатары орналасқан. Олар шөлді- дала тау етегі аймағына кіреді.
Бұл аймаққа кіретін топырақтар:
Шалғынды- қоңыр, шалғынды сұр сортаңқыраған- кебірленген және сортаңданқыраған тектерімен бірге, сұр гидроморфты белгілерімен, шалғынды ашық және қара сортаңданқыраған тектерімен бірге, шалғынды- батпақты сонымен қатар кебірлер және сортаңдар. Кезінде осы шөл және шөлейт ауданның картасын жасаушылар бұл ауданды сұр қоңыр топырақтар картасына кіргізген. Солармен қоса сортаңдардың өздері де кездеседі.
Өзіндік типті тақыр топырақтар және олардың айырмашылығын сұр топырақтардан қазір барлық белгілерімен мойындалады. Сонымен қатар олардың пайда болуы аллювиальды- шалғынды топырақтардан екеніне ешкім келіспеушілік келтірмейді [12].
Қазіргі кезеңде өзен жайылмаларында аллювиальды- шалғынды топырақтар қалыптасқан. Олармен араласа батпақты, шалғынды- батпақты топырақтар және олардың әр деңгейде сортаңданған түрлері де кездеседі. Біздің зерттеу жүргізген осы ауданда жоғарыда айтылған топырақтардың барлығы қалыптасқан.
Топырақты тексерудің мақсаты - ол 1982 жылғы шаруашылық территориясына жасалған топырақ зерттеу материалдарына тексерулер жүргізіп оларға түзету енгізіп қазіргі кезеңге сай топырақ картасын құрастырды. Осыған байланысты жерлерді тиімді пайдалану шараларын құрастырып топырақтың құнарлығын көтеру.
Ертеректе 1982 жылы жүргізілген тексеру материалдары ескірген соған байланысты және ірі масштабты топырақ тексеруін жүргізу бойынша нұсқаудың қазіргі заман талаптарына жауап бермейді.
Кейінірек осы шаруашылыққа 1995 жылы Қазақстан Республикасы жерлерінің ірі масштабты зерттеулер жүргізу бойынша нұсқаулыққа сәйкес III белдеу күрделігі бойынша ауданы 5,8 мың.га және 1:10000 масштабта жүргізілді.Далалық топырақ жамылғысын картографиялау параллелді маршрут пен тұзақ әдістерімен жүргізілді. Бедердің әртүрлі элементтеріне негізгі кескіндер, жартылай кескіндер және қазбашалар салынды. Жоспар негіз ретінде масштабы 1:10000 фотопланшеттер пайдаланылды.
Тексерілген территорияда жалпы 172 кескін салынды және оның 19 негізгі кескін болды. Соңғысынан 92 топырақ үлгілері алынды. Оларға анализдер ГосНПЦзем-нің орталық лабораториясында келесі әдістермен жүргізілді:
1. Тюрин бойынша гумус;
2. Къелдал бойынша жалпы азот;
3. Жалпы фосфор - колориметриялық әдіспен;
4. Мачигин бойынша - жылжымалы фосфор;
5. Мачигин бойынша анықталатын жылжымалы калий. - жалынды фотометрде; 6. Су сүзіндісі- Гедройц бойынша ;
7. Качинский бойынша Грабаровтың модификациясында - Гранулометриялық құрамы;- Качински бойынша Грабаровтын модификациясы;
8. Сіңіру көлемін;
9. Сіңірілген катиондар;
10. Сіңірілген натрий - жалынды фотометрде;
11. Су сүзіндісінің -рН.мен
Топырақты тексеру химиялық анализдерді камералдық өңдеу және өткен жылдардың тексеру материалдарын пайдалану нәтижесінде 1:10000 масштабта топырақ картасы мен оған түсініктеме -топырақ очеркісі жасалды.
Табиғи климаттық жағдайлар Айршир АҚ (бұрынғы Алма-Атинский совхозы , Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан. Орталық үй-жай қоныстары Алматы қаласынан 18км солтүстік - шығысқа қарай Панфилов ауылында орналасқан. Аудан орталығы Талғар қаласынан алыстығы 19км. Егістік аудандарын дәнді дақылдар мен жоңышқа егістері алып жатыр.Тексерілген территориясының биік нүктелері арасындағы үлкен айырмашылықтар табиғи жағдайлардын айырмашылықтарын анықтайды. Төменде осыларға сипаттаймыз.
Агроклиматтық жағдайлары бойынша тексерілген территорияның негізгі бөлігі өте құрғақ тау алды ауданына, ал егіншіліктің шеткі оңтүстік бөлігі - құрғақ тау алды жазықтығына жатқызылады. Климаттық жағдайларды сипаттау үшін Алматы қаласы метеостанциясының орташа көп жылдық мәліметтерін пайдаланамыз. Тау алды жазықтығының климаты континенталдығымен ерекшеленеді. Ауаның орташа жылдық температурасы 7,2-8,7° құрайды (2 кесте), ал түскен жауын- шашынның мөлшері көп емес - жылына 456-629мм (3 кесте). Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының мәліметтері мен жауын-шашынның жыл мезгілдерінде таралуы 1- ші кестеде көрсетілген.
1-кесте
Жыл мезгілдерінде жауын-шашынның таралуы
Метеостанция
Қыс
Көктем
Жаз
Күз
Жылдық
мм
мм
%
мм
%
мм
%
мм
%
Алматы, ГМО
103
16,4
267
42,4
27
20,2
32
21,0
629
Алматы
100
19,6
108
41,0
100
19,6
101
19,8
509
2-кесте
Ауаның
Метеостанция
Теңіз деңгейінен биіктегі
Орташа айлық температура
Орташа жылдық температура
І
IІ
IІІ
IV
V
VI
VII
VVIII
IIX
XX
XI
XII
Алматы ГМО
847
7,4
5,6
1,8
10,5
16,2
20,6
23,3
22,3
16,9
9,5
0,8
-4,8
8,7
Алматы
671
11,5
8,9
0,8
10,3
16,0
20,3
22,9
21,7
15,6
8,0
-1,2
-8,2
3-кесте
Жауын-шашын
Метео
станция
Теңіз деңгейінен биіктегі
Орташа айлық температура
Орташа жылдық температура
І
ІІ
ІІІ
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Алматы ГМО
847
33
34
70
99
98
61
40
26
28
52
52
36
629
Алматы
671
29
32
62
71
75
51
27
22
18
37
46
39
509
4-кесте
Метео
станция
Теңіз деңгейінен биіктегі
Орташа айлық температура
Орташа жылдық температура
І
ІІ
ІІІ
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Алматы ГМО
847
74
74
72
59
56
50
45
44
46
56
71
73
60
Алматы
671
82
83
79
66
64
60
64
60
64
53
79
82
69
Түсетін жауын-шашынның максималды мөлшері көктемге, ал минималдысы қысқа және жазға тиесілі.
Келтірілген кетеден қыстың біршама жұмсақ және құрғақ екендігін көруге болады. Кейде қаңтар мен ақпанда ерекше төмен температуралар байқалады. Олар суық арктикалық ауа массасының енуімен сипатталады.
5-кесте.
№
Метеорологиялық элементтер
Метеостанция
Алматы, ГМО
Алматы
1
Ауа температурасының абсолютті минимумы, °С
-38
-43
2
Ауа температурасының абсолютті максимумы, °С
42
42
3
10°С жоғары орташа күндік температуралардың жиынтықтары
3411
3246
4
Соңғы аяздың орташа уақыты
1804
2804
5
Бірінші аяздың орташа уақыты
1410
2409
6
Аязсыз кезеңнің ұзақтығы (күндер)
176
148
7
5°-тан жоғары орташа күндік ауа температурасының келу уақыты мен 5°-тан жоғары температуралары бар күндер саны
2503_3010
218
2703_2510
211
8
10°-тан жоғары орташа күндік ауа температурасының келу уақыты мен 10°-тан жоғары температуралары бар күндер саны
1204_1410
184
1304_910
178
9
Қар жамылғысының көрінуінің орташа уақыты
3010
1011
10
Қар жамылғысының кетуінің орташа уақыты
2.04
27.03
11
Қар жамылғысы бар күндер саны
114
105
12
Топырақтың қату тереңдігі (см) 21-27
21-27
13
Топырақ бетіндегі соңғы аяздың орташа уақыты
2604
14
Топырақ бетіндегі бірінші аяздың орташа уақыты
410
15
Топырақ бетіндегі аязсыз кезеңнің узақтығы
160
Оңтүстіктен күшті жылы ауаның келуіне байланысты жиі жылымық болады.
Қар жамылғысының пайда болуымен кетуінің уақыты және қар жамылғысы бар күндер саны 5-ші кестеде келтірілген. Қар жамылғысының ең көп онкүндік биіктігі орташа 32см-ден аспайды.
Көктем қарқынды жылынуымен және қардың тез кетуімен және салыстырмалы ауа ылғалдылығының төмендеуімен сипатталады.
Жаз мезгілі ыстық және құрғақ. Жауын-шашын 79,1-127мм түседі. Жауын нөсерлі сипатта болып, күн күркіреуімен жалғасады. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы өте төмен (5- кесте).
Қыркүйектің ауа температурасының біршама ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz