Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «БИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ»
Курстық жұмыс
Пән: «Қаржылық есеп»
Тақырыбы: «Еңбек ақы есебі»
Тексерген: Какимова Д. Б
Орындаған: Сәкенова А. Д
Баға:
Қолы:
Күні: «___»» 2021 ж
Семей
2020-2021 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«СЕМЕЙ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ
ТАРИХЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайынды басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің рөлi мен мәнi артуда. Шаруашылық үдерiстерi жабдықтау, өндiру және сатудан, өнім өндiру үшiн қажеттiлер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күшi екендiгi белгiлi. Кез келген кәсiпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтердi атқарып жүрген адамдардың еңбегiн дұрыс бағалап, олардың сiңiрген еңбегiне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсiпорынның болмасын күрделi мәселелерiнiң бiрi болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - еңбекақы және оның міндеттері. Зерттелу нысаны: Зерттеуге еңбекақы және оның міндеттері жалпы мәселелері алынды.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң негiзгi мiндеттерi:
- Өндiрiлетiн өнiмдер мен iстелетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау.
- Еңбек өнiмдiлiгiнiң өciмiн бақылау.
- Жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау.
- Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
- Өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу.
- Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есептi беру. Кәсiпорындaғы еңбеқақыны ұйымдастыpy механизмi жұмысшы күшiнiң еңбекақыға айналу процесiн бейнелейдi. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі
Функцияларында еңбекақыныңсоншалықты орындалуына байланысты.
Курстық жұмыстың өзектілігі: «Семей цемент зауыты» ЖШС-ның еңбек ақы есебіне талдау жүргізу.
Еңбекақының қабылданған осы үлгiсi мен оны нақты және нақты емес түрiнде есептеу тәсiлi еңбектi бағалау мен нәтижесiнiң өзара байланысын көрсетедi, жай және күрделi жұмыc iстейтiн әр түрлi категориядағы қызметкерлердiң төлемдерiндегi қажеттi үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етеді.
Еңбектi ұйымдaстырy және оның төлемi жұмыс берушілер мен қызметкерлердiң арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.
ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ЕСЕБІ
1. 1 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқаратын қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
3. Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көрсету курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай ақ демалыс күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.
Өндіріс пен құрлыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнм өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге енгізделген.
Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, оладың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді
1. 2ЕҢБЕК АҚЫНЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРИФТІК ТОР
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпкерлік қызметте басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.
Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақыны орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді. Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл- ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақынын ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып табылады. Жұмыс беруші, әсіресе, бұйымның бірлігіне кететін шығындарды азайтуға тырысады. Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейдін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметі орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.
Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға не сатып алатындығы да себепші болады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номиналды еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерді еңбекақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда тарифтік жүйені қолдану . Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік- біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тарифтік жүйе - ол еңбекке ақы төлеу шамасын қызметкерлердің әртүрлі топтары мен категориялары еңбегінің күрделілігін, мәні және жағдайын ескере отырып саралау үшін пайдаланылады.
Тарифтік мөлшерлеме (жалақы) - бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін, (сағат, ай, күн) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Тарифтік тор-бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффиценттердің арақатынас шкаласы. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффиценттер арасындағы алшақтықтар арасындағы әр түрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.
Өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді саналатын, 6 разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.
Жұмысшыларды қайта тарифтендіру және аттестациялау заңмен бекітілген мерзімде қойылады. Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд щаруашылықтағы жүргізу нысанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
- 1-8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер;
- 6-15 разрядтар бойынша сызықиық қызметкерлер;
- 4-11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандар;
- 7-15 разрядтар бойынша - жоғары білімді мамандар;
- 10-20 разрядтар бойынша - кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары;
- 9-21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлер;
ҚР-ның бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлерінің дәрежесін міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффиценттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбекақысындағы арақатынастары мәтінін көрсетеді.
Кесте 1. Еңбек ақы төлеудің разрядтары мен тарифтік коэффиценттері.
Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымда жалақы қызметкерлердің (ереже бойынша, ұйым қызметкерлерінің орташа еңбекақысының пропорциясындағы) атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсалюттік мөлшері.
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:
- тарифтік жүйе;
- еңбекті нормалау;
- еңбекақы төлеудің нысаны.
Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігі қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.
Тарифтік жүйеге:
- сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе,
- еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың (біліктілік) әр түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;
- тарифтік жүйемен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік- біліктілік анықтамалар кіреді.
Жұмысты тарифтеу - бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд- қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады, біліктілік разряд - қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама. еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының кызметкерлерге иемденіп кетуі кызметкерлердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
Еңбекақы жүйелерінде қайта құру еңбек министрлігімен әлеуметтік қорғау бағдарламаларына сәйкес келесі бағыттарда жүзеге асырылады.
1. Бірыңғай тарифтік торды жаңарту;
2. Жалақыны мемлекеттік реттеу;
3. Жұмыс берушілердің еңбекақыны уақтылы беруге жауапкешіліктердің жоғарлауы;
4. Кәсіпорынның қаржысына және пайдасына ұжымның қатысуы;
5. Әлеуметтік серіктестердің дамуы.
- ҚОСЫМША ЖАЛАҚЫНЫ ҚҰЖАТПЕН РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ
ҚР еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:
- Мемлекеттік және қоғмдық міндеттемелерді орындау уақыты;
- Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу;
- Нәрестені тамақтандыруға аранлған қосымша үзілістерді төлеу;
- Кезекті және оқу демалыстарының уақытын төлеу;
- Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
- Жұмыстан босаған кездегі шығу жәрдемақысы.
Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа жалақы бойынша төленеді. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 5. 09. 97 ж. №3 және ҚР Қаржы министрлігінің 16. 09. 97 ж. №17/8340 бұйрықтарымен бекітілген .
Ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақыны есептеудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақы есептеу үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есепткі кезең болып табылады (1 жылдан кем уақыт жасаған қызметкерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін белгіленеді) .
Орташа жалақыны анықтау үшін:
1. Күндік орташа жалақыны (жұмыс істелмейтін және мереке күндерін қоспағанда) ;
2. Орташа сағаттық жалақы пайдаланылады;
Күндік орташа жалақы, еңбеккке ақы төлеу мен демаыс үшін өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс күндерінң сомасына бөлу жолымен анықталады.
Нақты жұмысшының ораташа жалақысының мөлшері күндік орташа жалақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолымен анықталады. Күндік орташа жалақы есепеті кезеңде есептелген жалақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа жалақысынң мөлшері орташа сағаттық жалақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады. Егер:
1. Қызметкердің орташа жалақысы төленсе немесе сақталса (ҚР заңына сәйкес) ;
2. Қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы аласа (жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жалрамсыздық) және басқадай болса орташа жалақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай - ақ төленген сомалар аланып тасталынады.
Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар мен басқа төлемдер есептеу уақыты бойынша ораташа жалақыны есептеген кезде қосады, жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі. 1. Мемелекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе орташа күндік міндеттемелерді орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының немесе құлықтандыруының негізінде жүргізіледі.
2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан апауы керек (16-дан 18 дасқа дейін - аптасына 36 сағат, 15 -тен 16 жасқа дейін - аптасына 24 сағат) . Олар:
а) кесімді ақы алушы жасөспірімдерге кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;
б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.
3. Нәрестені тамақтандыдуға арналған үзіліс. Мұның өзі медицина мекемсі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге берген наықтамамен рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа жалақы бойынша төленеді.
4. Демалыс уақытын төлеу. Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс (күнтізбелік емес) жывлында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен қзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа жалақысы демаылсқа кетер алдындағы 12 күнтізбелік айдың жалақысына орай анықталады (18. 09. 97 ж.
№17/9340 Нұсқаулық) .
Егер бір жылдан кем жұмыс істесе, онда демалысқа кетер алдындағы күнтізбелік айлардың жалақысына орай анықталады. Күндікорташа жалақы есепті кезеңдегі жалақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс, жұмыс күндерінің айлыұ орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады. (1997 жылы - 25, 0; 1998 жылы - 25, 67) .
5. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жармсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Жалақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай - ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде - үздіксіз жұмыс стажф 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Оратша жалақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26. 03. 97ж. №419 қаласы) : • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
- материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;
- тәулік ақынаң орнына жалақыға қосылатын қосымшалар мен үстемелер;
- арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;
- біржолғы көтермелеу төлемдері;
- бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
- оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;
- қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.
«СЕМЕЙ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
2. 1«СЕМЕЙ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ» ЖШС-НЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Семей қаласындағы цемент зауытының тарихы 60 жыл бұрын басталды, оның алғашқы технологиялық желісі 1958 жылдың қараша айында пайдалануға берілді, қалған екеуі 1959 жылдың ақпан-сәуір айларында іске қосылды. 1965 жылы 4 қазанда төртінші айналмалы пеш іске қосылды.
Қазіргі уақытта зауыт қоршаған ортаға теріс әсерден жоғары дәрежеде қорғауды қамтамасыз ететін жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 1 150 000 тонна цемент. 1958 жылдан 2020 жылға дейін цемент өндірісі 59 375 000 тоннаны құрады. Зауыт Жаңа Семей темір жол станциясынан 3. 5 км қашықтықта Семей қаласының батыс бөлігіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Кәсіпорында әлеуметтік инфрақұрылым сақталған. Кәсіпорын қызметкерлерінің балаларына арналған 150 орындық балабақша, денсаулық пункті, спорт залы жұмыс істейді. Қызметкерлер үшін тегін тамақпен қамтамасыз етілген зауыт асханасы тәулік бойы жұмыс істейді. Қызметкерлер саны 1200 адамды құрайды.
Семей цемент зауытының өнімдері қазақстандық нарықта, сондай-ақ РФ Батыс-Сібір федералды округінің нарығында сатылады. Біздің кәсіпорынның цементін Алматы, Астана және Қазақстанның басқа өңірлерінің тұтынушылары жоғары бағалайды, ол құрылыс кезінде қолданылған:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz